5
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Ой-толғаныс кезеңі оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену
жолын, сызба кесте жасау мақсатында басқалардың әр түрлі сызба кестесін біліп үйренеді. Бұл
үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі
шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Сыни тұрғыдан ойлауда әр түрлі кубизм, ой шақыру, Джиксо, ВЕНН диаграммасы,еркін жазу,
кластер, семантикалық карта, мені түсін стратегияларын мектептегі тәжірибеде 7 «г» сыныпта
Қазақстан тарихынан қолдандым [4].
Ой толғаныс стратегиясында оқушыларға топ бойынша тапсырманы топ ішінде талдап
ортақ пікірді сыныпта талдайды.
1. Моңғол шапқыншылығының қала мәдениетінің дамуына тигізген зардабы
2. Моңғол шапқыншылығының отырықшылық мәдениетке тигізген зардаптары
3. Моңғол шапқыншылығының қазақ халқына тигізген зардабы
Мұғалім оқушыларды сыртай бақылау, бағыт бағдар беру арқылы алған білімдерін
тексереді. «Мен түсін» стратегиясы арқылы оқушылар өздері тақырыпқа байланысты әңгіме
құрастырады. Әр топқа әр түрлі тапсырма берем. Бір топ келесі топқа тапсырмаларын оқиды.
Шарт бойынша тақырыпқа қатысы жоқ мәлметтерді табу арқылы топ оқушылары фишкалар
арқылы ұпай алады. Оқушының ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру үшін «Отанды қорғаудың өнегесі Қайырхан ба, жоқ әлде Шыңғысхан
ба?» тақырыпта ой толғау жазуға және М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқуға
үйге қосымша тапсырма бердім.
Жаңа тақырып бойынша «Кім алғыр» стратегиясында жұппен жұмыс жасау негізінде
еркін әңгімелесу тәсілін қолдандым. Жұппен талданған ой-пікірлерін топта ортаға салып
әңгімелесуде олар тез, өз бетімен әңгімеге араласу дағдыларын, өздерінің қызығушылығын,
белсенділігін таныта алатындарын көрсете білді. Түріктердің рухани мәдениеті тақырып
бойынша Блум таксономиясын былай қолдандым :
1. Суретте. Түрік қағанаты және тайпалары жайлы айт?
2. Түсіндір. Түрік және соғды жазуының ерекшелігі неде?
3. Пайымда. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата» «Оғызнама» қандай мағына білдіреді.
4. Зертте. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата», «Оғызнама» мазмұнының қалай
түсінесіңдер?
5. Талда. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата», «Оғызнама» негізігі идеясын анықта.
6. Бағала. Түрік және руна, соғды жазуының «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата»
«Оғызнама» маңызы, мәні
Тапсырманы орындау барысында оқушылар болжамдар ұсынып, талқылайды. Оқушылар
бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану нәтижесінде, оқушы бойында мынадай
қасиеттер қалыптасады:
1. Балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, қажеттілік пен маңыздылықты
түсінеді, ой өрісі ғана емес, рухани жағынан дамиды;
2. Өз бетінше біліктілігі мен ізденімпаздығы;
3. Оқуға деген қабілетінің артуы;
4. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне
білу ниеті;
5. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау;
Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарына нұсқаулар береді. Оқулықпен жұмыста
оқушылардың өзіндік жұмыстарына бақылау жасап, бағыт- бағдар жасадым.Оқушылар
585
төмендегі тәсілдерді қолданады:
• Ақпаратты баяндау
• Зейін белсенділігін көтеру
• Деректерді салыстыру, сәйкестендіру, өзектісін бөліп алу,қорытындылау [2]. Сыни
тұрғыдан ойлау әдісі бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық,
зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз
жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалана отырып, балалардың
ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін
арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір стратегиялар оқушылардың ойлауына
және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды
сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Мұғалімнің инновациялық мәдениеті оқушылардың сабақ үстіндегі белсенді іс-әрекетін
ұйымдастырудан көрінеді. Яғни мұғалім үшін: нақты нәтижеге бағытталған мақсат, міндеттер
жүйесін жасайды, оқушыларды танымдық іс әрекетке жұмылдырады, сараптау жұмысын
жасайды, қойылған мақсатқа сай нәтижеге жетуге оқушы әрекетін ынталандыру, көңіл-күй
қалыптастыру жасайды. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым- қатынас орнайды.
Cын тұрғысынан ойлау
технологиясын
Қ
азаҚстан
тарих
пәнінде
Қолдану
оҚушының
өзіндік
дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігі артады, бірлесіп жұмыс жасауға
үйренеді, оқу сапасын арттыра түседі. Әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасы
мен жауапкершілігін арттырады. Қазіргі кезде ұстазға қойылатын басты талап - сапалы білім
беру, және дарынды оқушыларды анықтау. Сондықтан әрбір мұғалім педагогикалық жаңа
технологияны ұтымды пайдалана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны
қалыптастырамыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. Алматы, 2009.
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші(негізгі) деңгей. 2012.
3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары. Алматы: Рауан, 1991.
4. Садықов Т.С., Жолдасбаев С. Қазақстан тарихы 7- сынып. Алматы, 2007.
5. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013.
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА БАЛАЛАРДЫҢ
ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Орманова М. А.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша
педагог қызметкерлердің Біліктілігін арттыру институты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Елімізде білім беру жүйесін жетілдірудің түрлері мен әдістері ішінде мұғалімнің баланың
танымдық қабілетін дамытатын ең маңызды бағыты–дарынды және талантты балаларды ерте
анықтау, оқыту және креативті ойлау қабілеттерін дамыту. Мақаланың ғылыми жаңалығы–
«Сыр қойнауы» бағдарламасын ұсынуы. Жоба аясында оқушылар Кім? Қашан? Қайдан?
Қалай? Не үшін? сұрақтарына өзі тұрған жердің флорасын, фаунасын, тарихын, мәдениетін,
инновациялық объектілерін, салт-дәстүрлерін, көше атауларының шығу тарихын зерттеуден
586
5
таба алады.
Бала өзіне таныстан беймәлім қүпия тарихты білуге, жеңілден күрделіге қарай
түсінуге ұмтылады.
Аннотация
Среди форм и методик развития системы образования в стране самым основным
направлением развития когнитивных способностей детей является раннее определение,
обучение и развитие креативного мышления талантливых и одаренных детей. Научное
новшество статьи – рекомендация программы «Сыр қойнауы». На основе проекта ученики,
исследуя флору, фауну, историю, культуру, инновационный объект, обычаи, историю названий
улиц родной земли, находят ответы на вопросы Кто? Когда? Откуда? Как? За что? Дети
стремятся знанию
безвестны
х тайн чем знакомых себе истроии, пониманию от легкого к
сложному.
Abstract
Among the forms and methods of the education system in the country the most basic direction of
development of cognitive abilities of children is early detection training and development of creative
thinking of talented and gifted children. The scientific innovation of the article - the recommendation
of the “Syrқoynauy.”
On the basis of the project students, exploring the flora, fauna, history, culture, innovation
object, customs, history of the street names of his native land find the answers to the questions Who?
When? Where? How? For what? Children seek knowledge of the unknown secrets than who you
ourselves stories, understanding from easy to difficult.
Білім беру жүйесі–қай ғасырда, қай кезеңде болмасын қызығы мен қиындығы мол күрделі
сала. Сондықтан да еліміздің өркендей өсіп, қадамын қарышты басуы үшін ең бірінші білім,
ғылым керек. Тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин «Жақсы мұғалім–мектептің жүрегі»– деп
атап көрсеткендей,білім мен ғылымның іргетасы мектептегі мұғалімнің ұстанымына, оның
көзқарасына, қабылдаған шешімі және іс-әрекеттерінің негізінде дамиды. Елімізде білім беру
жүйесін жетілдірудің түрлері мен әдістері ішінде мұғалімнің баланың танымдық қабілетін
дамытатын ең маңызды бағыты–дарынды және талантты балаларды ерте анықтау, оқытужәне
креативті ойлау қабілеттерін дамыту.
Қазіргі таңда кең тараған Сындарлы оқыту теориясына негізделген Кембридж тәсілінің
теориялық негіздеріне сүйенсек, Эйр: «Талантты және дарынды балаларды оқыту тәсілдері бар
мектептер білім беру бағдарламасын өзгерту жолымен мектепте барлық балалар үшін кеңейту
және акселерация моделін пайдалана алады» деген. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
арқылы оқушылардың таным деңгейін арттыруда түрлі ізденістердің маңызы айтарлықтай.
Педагогикалық басылымдар, оның ішінде «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік
журналы тренерлер мен сертификаттанған мұғалімдер үшін маңызды басымдыққа ие. Ізденіс
барысында осы басылымдағы «Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы
НЗМ «Ғаламдық келешек» пәнінің мұғалімі американдық Лорен Монтгомеридің «Дарынды
балаларды оқытудың онжылдық практикалық тәжірибесі» мақаласында түйіндеген сабақтары
талантты және дарынды балаларды оқытумен айналысатын әрбір ұстазға келелі ой салмақ.
Танымдық сабаққа зер салсақ:
1.Ынтаны көтермелеу. Оқыту үдерісін мақтауға ерекше мән берген кезде оқушылардың
тапсырмаларды орындау қабілеттеріне деген сенімдері артады.
2.Олардың назарын ұстаңыз.Оқушылардың таңқаларлық сұрақтар қоюының шектеулі
уақытта шешімін табуы үшін сауалнамалардың тиімділігі. Оқушының діәптерлеріне жазған
сұрақтарын тез жинау арқылы жауап беру немесе қажетті дереккөздерді ұсынуы.
587
3.Сараланған және сәйкес сабақтарды жоспарлау. Сыныпта «проблемалық»
оқушылар іс жүзінде ақылды болып келеді, сол себепті олар сыныпта шешетін мәселелер
болмайтындықтан тез зерігеді деген Сигле пікірін басшылыққа ала, ғылым мен оқушылардың
жеке өмірлерінен алынған мысалдарды пайдалану арқылы академиялық зерттеу жүргізудегі
тәжірибесін баяндайды.
4.Ата-аналарға олардың өз балаларын қалай қолдай алатындықтарын көрсету.
Мүмкіндігінше, ата-аналар өздерінің балаларын ынталандырып отырулары және олардың
қызығушылықтарын қолдаулары тиіс (Сильвермэн). Ата-аналар балаларынан тым көп
нәрсе күтіп, талапетсе, нәтижесінде балаларының өзін-өзі бағалауына және басымдықтарын
қалыпты айқындау икемділіктеріне кері әсерін тигізеді.
5.Оларға босаңсу қажет екеніндігін естеріне салыңыз. Студенттердің алаңдаушылық
симптомдарын байқаған кезде стресс көздерін жою үшін баланың қоршаған ортасын өзгерту
қажет (Альвино).
6.Оларға сабырлы болу керек екендігін естеріне салыңыз. Сыныпта қолайлы
климатты қалыптастыруда бірін-бірі көтермелеуі және әрқайсысының жетістіктеріне өзінің
жеке жетістіктері секілді көңіл қоюлары маңызды.
7.Табысты оқытуды бөлісу. Жыл сайын курстық жұмыстарына сыни көзқараспен барып,
өткен жылғы әрекеттері мен тәсілдерін қайта қарауы. Әріптестерімен дарынды студенттерді
қолдау қажеттілігін талқылауы.
Лорен Монтгомеридің «Дарынды студенттер арнайы бағдарламадан тыс аздап ерекше
назар аударуға ие болады», тұжырымына сай, сыныптан тыс жұмыстарда балалардың
дарындылығын дамытуда оқушылардың туған аймағы туралы білімдерін байытатын және
олардың азаматтық ұғымы мен дағдыларын қалыптастыратын зерттеу жұмыстарының негізгі
көзі өзінің туған отбасының, туған аулының, мектебінің, аудан, облысы, республикасының
тарихын тану болып табылады.
Тәуелсіздігімен әлемге танылған Қазақ елінің әрбір түлегі қай елге қадам басқанда да
өз елінің кешегісі мен бүгінін, кемел келешегін жеткізуші, дәнекер болмақ. Сондықтан т
уған
өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге,
оқушы бойында елжандылық сезімді арттыруға бағытталған
–
«Сыр қойнауы» бағдарламасын
ұсынамыз.
«Дарындылық дамудың қозғалтқышы-сабақтан кейін оқушыда қалатын және кейін
ол өзіне қоюды бастайтын сұрақтар. Дарындылықты дамыту үшін ойлануға ынталандыратын,
зерттеуге ынталандыратын, жоғарырақ деңгейлі ойын дамытуға себепші болатын сұрақтар
қажет».
Жоба аясында сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар арқылы оқушылар Кім?
Қашан? Қайдан? Қалай? Не үшін? сұрақтарына өзі тұрған жердің флорасын, фаунасын,
тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, салт-дәстүрлерін, көше атауларының шығу
тарихын зерттеуден таба алады.
Зерттеу
– оның эмоционалдық, интеллектуалдық, күш-жігері мен адамгершілік қасиеттері
қалыптасуының және оқушының өзін қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортасымен өзара
қарым-қатынасы, өзара іс-қимыл жасауы арқылы тұлға болуының кешенді құралы. “Ел болам
десең, бесігіңді түзе”–деп, М.Әуезов айтқандай, бүгінде балаға ата-ананың уақыт бөлуі кемшін
тұста мектеп қана тәрбие жұмысымен айналысқанда ұтыларымыз көп. Компьютерлік даму
заманында елімізде нашақорлық пен түрлі бағыттағы діни ұйымдарар асындағы балаларға
кері әсерін беретін факторлардың дамуын тежейтін бірден-бір орталық, бұл –мектеп. Бала
өзіне таныстан беймәлім құпия тарихты білуге, жеңілден күрделіге қарай түсінуге ұмтылады.
588
5
“СЫР қойнауы” БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
• Балалардың бойына елжандылықты, рухани–өнегелілікті, азаматтықты, рухани
құндылықты, төзімділікті сіңіру.
• «Мен» бейнесін қалыптастыру.
• Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысын ата-аналардың қатысу құқығына ие
болуды жүзеге асыру арқылы олардың педагогтармен ынтымақтастығын дамыту
жүйесін қалыптастыру.
• Тәрбиенің жаңашыл технологияларын қолдану негізінде балалар мен жастардың
зерттеушілік және өзін-өзі таныту қабілеттерін арттыру.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
Тәрбие түрлері: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;
Рухани-адамгершілік тәрбиесі; Отбасы тәрбиесі; Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту
қажеттілігін қалыптастыру; Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру; Экологиялық тәрбие; Эстетикалық тәрбие; Дене
тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру; Еңбек және экономикалық тәрбие; Кәсіби-
шығармашылық тәрбие; Интеллектуальді мәдениетті дамыту.
№
Тәрбие түрлерінің бағыттары
Үлгі шаралар
1
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және
полимәдениеттік тәрбие
Туған жер тарихын білу–парыз
Жер атауларына үңілсек
Ата салтым–ардақтым
Татулық–мызғымас байлық
Отаншылдық және заң
Қоршаған орта және біз
Даламыздың даңқты дарабоздары»–әдеби-кеш
«Ұлы дала астаналары» –интеллектуальды ойын
Туған жер тарихын таны–экспедициялық жорығы;
2
Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Даналық ұлағаты халықта
Жан мен тән тазалығы
Тәрбие негізі–отбасы
Өз мектебім–мақтаным
Ата-ананың ақысы
Қарты бар үй–қазыналы үй
3
Отбасы тәрбиесі
Қарттарым– асыл қазынам» естелiктер
жинақтаудың этножорығы
«Ата-ана –асқар тау, ағар бұлағым» –ата-аналармен
жұмыс
Отбасы айнасы–көрме
Біздің отбасының құндылығы–ойын-сабақ.
4
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту
қажеттілігін қалыптастыру
«Поэзия–өмірді сүю бастауы» – интеллектуальды ойын
Менің есімімнің тарихы
Мәдени орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті
589
№
Тәрбие түрлерінің бағыттары
Үлгі шаралар
«Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»-
мектеп оқушыларының ғылыми жоба қорғау жарысы
5
Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін
қалыптастыру
Туған жерімнің мәдени ескерткіштері сыр шертеді
Мен және космос кеңістігі
Өлке бойындағы ежелгі қалалар мен тарихи орындар –
мектеп оқушыларының ғылыми жоба қорғау жарысы
6
Коммуникативті
мәдениетті
қалыптастыру
Дастархан басында отыру мәдениеті
Туған аулымның жұлдызды сәттері
Мектеп Президентін сайлау
Сырдың тарихи тұлғалары» тақырыбында сыныптан тыс
жұмыстар бойынша сынып жетекшілерінің шеберлік
сыныбы
7
Экологиялық тәрбие
Табиғат білгірлері байқауы
Жергілікті жер фаунасы мен флорасы
Экология және балалар–пресс-конференция
Жасыл желек» аллеясын жасау
8
Эстетикалық тәрбие
Сырдың елі–жырдың елі
Өнер әлемінің жұлдыздары
Талант тал бесіктен басталады
Ата салтын ардақтайық
Сырдың елі –жырдың елі
Шебердің қолы ортақ
Өнерліге өріс кең
9
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын
қалыптастыру
ЖҚТБ-ғасыр дерті
Темекі шегу–болашағыңды улау
«Жоқ, рахмет» моделі
«Егер, үйге бақытсыздық келсе...»
Тазалық –ұзақ өмір сүрудің бастауы
Адам денсаулығы және зиянды әдеттер
Темекі шегу–денсаулықты құрту
Менің идеалым–тренинг
1
Еңбек және экономикалық тәрбие
Ата-бабадан жалғасқан кәсіп
Бәсекелестік қоғам да өмір сүру-экономика
әліппесі
1
Кәсіби-шығармашылық тәрбие
Менің анамның мамандығы
Әке кәсібі-мақтаным
Экономика әліппесі.
Сан мамандықтар сыр шертеді
1
Интеллектуальді мәдениетті дамыту
Аулымның айтқыштары
Халық даналығы
Үш тұғыр-ақыл-ой кені
590
5
Бағдарламамен жұмыс жүргізу барысында пайдаланылатын негізгі әдістер: тәрбие
сағаттары, кездесулер, семинарлар, пресс-конференциялар, лекциялар, дөңгелек үстел,
акциялар, ток-шоулар, тақырыптық кештер, турнирлар, жоба қорғау жарыстары, галереяға
саяхаттар, іскерлік ойындар, сауалнама, тесттер, т.б.
Күтілетін нәтижелер:
• Балалар мен оқушы жастардың бойында «Мен» бейнесін, сана-сезімді, төзімділікті,
салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру;
• Білім беру мен тәрбие процестерін жүзеге асыруда ата-аналар мен оқушылардың,
педагогтардың үштік одағын (бала, ата-ана, мұғалім) қарастыратын тәрбие жүйесінің
жаңа түрін дамыту;
• Оқушы жастар мен балалар арасында зиянды заттар мен есірткі пайдалануды
болдырмау;
• Зерттеу, қарым-қатынас принциптерін жүзеге асыру;
• Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірибелерін тарату.
Үздіксіз білім беру жүйесінде жүргізілген тәрбие жұмысының өміршеңдігі сынып
жетекшісінің кәсіби білігі оқушының өмірлік құзыреттілігін қалыптастыру және оны дамыту
игілігінен көрінеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Эйр Д. Орта мектепте талантты және дарынды оқушыларға сабақ беру. 2002.
2. Матвеев Л.П. (1991). «Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі» республикалық
ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналы, №2, 2013.
3. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің
біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық
деңгей. Астана, 2011.
4. Лорен Монтгомери «Дарынды балаларды оқытудың он жылдық практикалық
тәжірибесі»-республикалық ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог»
журналы, №2, 2013.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Оспанов Е. Т., Дильманов Б. К.
Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда филиалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: функционалдық сауаттылық, инновация, формативті бағалау, кері
байланыс, оқу мақсаты, табыс критерийлері.
Ключевые слова: функциональная грамотность, инновация, формативное оценивание,
обратная связь, цели обучения, критерий успеха.
Keywords: functional literacy, innovation6 formative assessment, feedback, success criteria.
Аңдатпа
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы білім беру жүйесіне тарату
барысында мұғалімдердің кездесіп жатқан қиындықтарының бірі бағалау мәселесі. Авторлар
осы мақалада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда формативті бағалаудың тиімділігі
мен маңыздылығына тоқтала отырып, мұғалімдерге кері байланыс жасау мен сабақтың оқу
591
мақсаты мен табыс критерийлерін қалай тиімді анықтауға болатыны жайында өз кеңестерін
ұсынуға тырысты.
Аннотация
В процессе внедрения и распространения опыта Назарбаев интеллектуальных школ в
систему среднего образования, учителя часто сталкиваются с проблемой оценивания учащихся.
Авторы этой статьи предлагают несколько советов по эффективному применению обратной
связи при оценивании учебных достижении учащихся. Авторы также отмечают важность
формативного оценивания в учебном процессе и предлагают пути эффективного определения
учебных целей и критерий успеха.
Abstract
In the process of implementation and dissemination of experience of the Nazarbayev Intellectual
Schools in secondary education, teachers are often faced with the problem of student assessment. The
authors of this article offer some tips on the effective use of feedback while evaluating students’
achievements. The authors also note the importance of formative assessment in the learning process
and offer some effective ways of determining the learning goals and success criteria.
Қазіргі таңда ғылым мен техника қарқындап дамыған қоғамда білім саласына да
үздіксіз өзгерістер мен жаңалықтар керек-ақ. Ал бұл қажеттілік мұғалімдер қауымына үлкен
ізденіс пен заманауи жүк артып отыр. Халқымыздың ұлтжанды ақыны Ахмет Байтұрсынов
айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Осы
орайда, мұғалімдер қауымының әрқашан тынымсыз ізденісте болып, жаңалықтармен жанын
сусындатып отыруы керек екендігіне тоқталғым келеді. Әйтсе де, еліміздің білім саласында
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен іргені теңестіруі тек мұғалім ізденісімен шектелмесе
керек-ті. Келешек иелері болып табылатын бүгінгі ұрпақтың білімді де зияткер, ізденімпаз және
бәсекеге қабілетті болуы еліміздегі әрбір азаматтың назарында болып, алаңдата білуі керек.
Білімге деген көзқарас дұрыс болмай, білім жүйесі сын көтермес дәрежеде төмендесе еліміз
жедел өрлеп, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе алмайды. Елбасымыз білім саласын
дамыту жайлы былай деген болатын: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін –білім». (Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы. 2011ж.). Осы мақсатта білім беру
саласына заманауи басқару формасын енгізу, инновациялық білім беру бағдарламалары мен
ғылыми жобаларды іске асыру мақсатында қажетті академиялық еркіндік пен дербестікті
дамыту үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрылды. Ұйымның
басты міндеті – орта білім беру саласындағы озық халықаралық тәжірибе негізінде білім беру
бағдарламаларын әзірлеу және бейімдеу болып табылады. («Педагогикалық диалог» журналы,
№1, 2013).
Бүгінде еліміз бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін жалпы
білім беру жүйесіне тарату жұмысы жүргізілуде. Мақсат - жаһандану кезеңінде ақпараттық
кеңестікте жұмыс жасай алатын, функционалдық сауаттылығы жоғары, өз білімін өмірде
қолдана алатын оқушыны дайындайтын мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру болып
отыр. Биылғы оқу жылында еліміздің 30-пилоттық мектебі осы бағытта жұмыстарын бастап
та кетті. Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері пилоттық мектептерге курстан
кейінгі қолдау көрсету мақсатында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Пән
мұғалімдерімен сұхбаттасу барысында және сабақтарды бақылау кезінде біршама қиындықтар
мен кедергілер анықталды. Соларды ішіндегі ең бастысы – оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалау мәселесі.
592
Достарыңызбен бөлісу: |