28
№18 (55)
27 сентября 2016 г.
БІЛІМДІ ЕЛ ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
КЕЛЕЛІ КЕҢЕС
КОНФЕРЕНЦИЯ
Құқықтық семинардан
күтер нәтиже көп
«Өз балаңа
үлгі бол!»
Үстіміздегі жылдың 14-қыркүйек
күні Қазалы аудандық оқушылар
үйінің акт залында білім саласы
бойынша мектеп, балабақша бас-
шыларымен есепшілер, бастауыш
кәсіподақ ұйымы төрағалары,
сонымен қатар іс-жүргізушілерге
«Жаңа еңбекақы төлеу жүйесі және
еңбек заңнамаларын қолдану» тақы-
рыбында құқықтық семинар-кеңес
болып өтті.
Семинар-кеңеске Қазақстандық салалық Бі-
лім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
төраға орынбасары, Білім және ғылым министр-
лігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңес мүшесі
В.Ф. Беженаровпен облыстық салалық кәсіподақ
ұйымының төрайымы Р.М. Байназарова қатысып,
семинар кеңестің маңыздылығына тоқталды.
Құқықтық семинарда сөз алған В.Ф. Бежена-
ров жаңа Еңбек кодексін пайдалану, жаңа еңбек-
ақы төлеу жүйесінің республика бойынша жү-
зеге асырылуы жөнінде баяндамасын жасады.
Құқықтық семинарды жүргізіп отырған Р.Байна-
зарова әрі қарай семинарға қатысушыларға бел-
сенділік танытып, сұрақ-жауапқа көшуді ұсынды.
Семинарға қатысушы мекеме басшылары көкей-
інде жүрген сұрақтарын қойды.
М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің ди-
ректоры Е.Өтепбергенов «Қазіргі уақытта үстеме
жұмыстарға төленетін өтемақыларды төлеу жүй-
есінің жүзеге асырылуы» жайында сұраса, кешкі
мектеп директоры Ж.Қартқожақ «Бала күтіміне
байланысты демалысқа кеткен мұғалімдердің ор-
нына сабақ берген мұғалімдерге еңбек ақы төлеу
тәртібін» сұрақ етіп қойды. Сонымен бірге, баста-
уыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Олжакеш:
«Кезекті еңбек демалысы кезінде біліктілігін арт-
тыру оқуларында болған мұғалімдерге іс-сапар
шығындарын төлеу» жөнінде сұраса, бастауыш
кәсіподақ төрайымы Г.Жумаева: «Мектеп мейір-
кештерінің залалсыздандыру ертіндісін дайын-
дағаны үшін 30% пайыздық үстеме ақы төлеуге
бола ма?» – деген сияқты қойылған сұрақтарға
нақты жауаптар ала алды.
Семинар қорытындысында бастауыш сы-
нып мұғалімдеріне бүгінгі таңда қойылып
жатқан талаптарға сәйкес олардың оқу жүкте-
месін 14 сағатқа түсіруді мәселе етіп, Үкімет
алдында көтеруді орталық кәсіподақ басшыла-
рына өтініш жасады.
Құқықтық семинар-кеңесте сөз алған ау-
дандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова
семинарға қатысқан 120 мекеме басшысы,
кәсіподақ төрағалары, есепшілік қызметкер-
лерінің атынан рахмет айтып, күнделікті прак-
тикалық жұмысқа алған кеңестердің кең пайда-
сын тигізетінін айтты.
Раман ӘБІЛҚАСЫМ,
Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
Қызылорда облысы
Інжу ХАСАНОВА,
Ақшұқыр мектеп-лицейі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Маңғыстау облысы
Бүгінгі қоғамдағы басты
мәселенің бірі – бала тәр-
биесі. Бұл мәселе мектеп
пен отбасының берік
байланысын қажет ететіні
белгілі.
Осы орайда, 10-қыркүйекте Қа-
зақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің, «Нұр Отан»
партиясының, Отбасылық Тәр-
биелеу Институтының ұйымда-
стыруымен «Өз балаңа үлгі бол!»
тақырыбындағы
Республикалық
ата-аналар конференциясы Ақшұ-
қыр мектеп-лицейінде де болып
өтті. Аталмыш шараның басты мақ-
саты – ата-ана, мектеп, мұғалім-
дер, психологтардың арасындағы
байланыстарды нығайта отырып,
болашақ азаматтарды тәрбиелеу
мәселесіне көбірек көңіл бөлу,
сондай-ақ, жаңарған білім мазмұ-
ны бойынша білім алуды бастаған
1-сынып оқушыларының ата-ана-
ларына психологиялық көмек көр-
сету.
Білім ордасындағы конферен-
цияға «Дарын» облыстық қосымша
білім беру орталығы директоры-
ның орынбасары Несібелі Қуато-
ва, Түпқараған аудандық білім үй-
лестіру орталығының директоры
Бақтыгүл Ерменова, «Нұр Отан»
Ақшұқыр бастауыш партия ұйы-
мының төрағасы Күләш Қасымова,
мектеп директоры Қаламқас Тілеу-
баева қатысты.
Конференция барысында Қа-
зақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі Е.К. Сағадиевтың,
Отбасылық тәрбиелеу институ-
тының хаттары оқылды. Мектеп
психологы Ақерке Дуйсембаева
1-сынып оқушыларының ата-ана-
ларына психологиялық кеңестер
беріп, тренингтер өткізді. Мақсат
– мектеп табалдырығын аттаған
бүлдіршіндерді жаңа ортаға бейім-
деу жолында ата-ананың өз рөлін
түсінуі. Шара барысында ата-ана-
лар да өздеріне қажетті мәлімет-
тер алғандығын, болашақта бала
тәрбиесіне байланысты мектеп-
те өтілетін шараларға әкелердің
қатысуы маңызды екендігіне көз
жеткізгендігін айтып, өз ойларымен
бөлісті. Бала тәрбиесіне қатысты
игі бастамалар жалғасын таба бер-
сін!
ӨНЕГЕ
Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз
Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз ел болға-
нымызды алғашқы рет қуанышпен естірт-
кен ұстаздарымыздың бірі – география пәні
мұғалімі Сәуле Әбуқызы болатын. Ол дүние-
жүзілік картада жаңа, егемен ел, Тәуелсіз
мемлекет – Қазақстан Республикасының
пайда болғанын, оның шекарасы, рәмізі,
Президенті, мемлекеттік тілі, астанасы,
ұлттық валютасы бар екенін бізге ерекше
қуанышты сезіммен жеткізген еді. Сәуле
Әбуқызының елімізде 100-ден астам ұлт
өкілдері тұратындығын, Қазақстан жерінің
кең-байтақ екенін, өз тарихында еш ха-
лықтың жеріне шабуыл жасамаған мемле-
кетіміздің бейбіт бағытта дамуды көздеп
отырғанын және Қазақстан жерінде Мен-
делеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы
табылғаны туралы, сол мол байлықтың
еліміздің игілігіне жаратылатынын асқан
патриоттық сезіммен айтқаны әлі күнге жа-
дымызда сақталып қалды. Шәкірттеріне
берген сабақтары өмірмен тығыз байланы-
сты болғандықтан да құнды, әрбір сабағын
қызықты етіп өткізетін.«Ұстаздық ету –
өзінің уақытын аямау, өзгенің бақы-
тын аялау», – деп француздың ұлы ой-
шыл-философы Ж.Руссо айтқандай, ұстаз
ғана бала жүрегіне жол тауып, артынан
ұмтылмайтын із қалдырады. Сәуле Әбу-
қызы өз отбасы бола тұрып, шәкірттерін
бірнеше мәрте Мәскеу қаласына, со-
нымен қатар Орел, Брянск қалаларына
саяхатқа апарып келді. Соның арқасында
қаншама ел көріп, жер көріп, өзімізге жаңа-
лықтар ашқан болатынбыз. Мұғалімнің
бүкіл мақтанышы шәкірттерінің, өзі ұшыр-
ған түлектерінің өсіп-өнуінде. Он жеті
жыл география пәнінен сабақ берген бір
ғана Уәлиханов ауданы Ақтүйесай орта
(бұрынғы Карл Маркс атындағы) мек-
тебінде ұстаздардың бүгінгі күні 48 %-ы –
сол кісінің оқытқан оқушылары. Соның ішін-
де, мектеп директоры, мектеп директоры-
ның орынбасарлары. Оның ізбасарлары,
нақты профильдік мамандықтары «гео-
графия пәнінің мұғалімі» Ақтүйесай орта
мектебінде, №2 Кішкенекөл, Өндіріс, Омбы
қаласының мектебінде қызмет атқарады.
Бүгінгі күні осы шәкірттері алған білімдерінің
арқасында өз алдына жеткен жетістік-
терімен, олимпиада, байқауларға қатысқан
оқушыларымен елімізге лайықты қызмет
етуде. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі
40 жылдан асып жығылатын ұлағатты ұстаз
өзінің бай тәжірибесімен бүгінгі күні де ұрпақ
пен жас маман тәрбиелеуде.
Солтүстік Қазақстан облысының білім сала-
сындағы бақылау департаменті ашылған күн-
нен бас маман ретінде қызмет атқарып, зейнет-
керлікте болса да, облысымыздың көптеген
мектептерінде қызмет бабымен жүргенде,
шәкірттерін ұмытпай, сарапшы ретінде комис-
сияға енгізіп, әлі де бізді үйретуде. Достыққа
мықты, туысты да, шәкіртін де сыйлай, құрмет-
тей білетін, сонымен қатар әзіл-қалжыңы да
жарасқан жан. Жан-дүниесі терең, жан-жақты,
өте сабырлы, салмақты, атына заты сай тұлға.
Жүрген жерін нұрландырып, ерекше сезім-
дерге бөлейді. Ұстазымыздың бойындағы тек
қана жақсы қасиеттерінің басым болғанына
қызығасың да, оған ұқсауға тырысасың, одан
бір демеу алып отырасың. Қашанда қарапай-
ым, көпшіл және көптің арасында өте сыйлы.
Бір көрген адамды өзіне баурап алады. Орта-
да қандай да бір тақырып қозғалса, ол өзінің
білімімен қатар біліктілігін, адамгершілігін
көрсетіп, үлкен-кішімен жарасымды тіл табы-
са кетеді. Байыппен сөйлеп, әңгімеге дұрыс
бағыт-бағдар береді. Әрқашан біреуге көмек
қажет болса, аянбай, қажеттілігін тауып, қамта-
масыз етеді. Әкесі де, марқұм Әбу Әбішев -–
ҚР оқу ісінің үздігі, Уәлиханов ауданының
Құрметті азаматы. Өте беделді, елдің қамын
ойлайтын, шыншыл, әділ, жасқанбай тура
сөйлейтін, баршаға танымал, сыйлы азамат
еді. Мұндай кісіден туған қыз басқаша болуы
мүмкін емес. Сәуле Әбуқызының бойынан
шешесінің мейірім-шапағатын, әкесінің ақыл-
дылығын, кеңпейілдігін көріп жатсақ, оның
өзі де балаларының бойына осындай ада-
ми қасиеттерді сіңіре білген, өнегелі тәрбие
берген асыл ана, ардақты әже. Әрі қарай
ұрпақтан ұрпаққа осылай жалғаса беретіні
сөзсіз. Зейнетке шықса да, әлі де сол баяғы
қарқынмен еңбек етуде, әлі де ұстазымыздың
ақыл-кеңесіне, көмегіне бәріміз мұқтажбыз. Әлі
де бай тәжірибесімен бөлісіп, облыс көлемін-
дегі атқарып жүрген жұмысы зор. Отан үшін,
мемлекеттік тілдің дамуы үшін қосқан үлесі де
ұшан-теңіз. Қасымызда осындай үлгілі, мақтан
тұтарлық тұлғалар көбейе берсе, еліміз өр-
кендеп, ынтымақ-бірлігі жарасқан, алдыңғы
қатардан табылатын елге айналатынымыз-
ға шүбә жоқ.
Бір топ шәкірттерінің атынан
Салтанат ЖЕТИБАЕВА,
Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ОМ
Солтүстік Қазақстан облысы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәде-
ни-рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мек-
тепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Егемен еліміздің
ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, халқын сүйетін парасатты
азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан екенін баршамыз
мойындаймыз. Арамызда жүрген ұстазымызды, біз секілді шәкірт-
тері бағалай білсе, әлі де олардан терең білім ала берсек, нұр үстіне,
нұр емес пе! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді
дана халқымыз. Сондықтан болар, ұстазым, «Қазақстан Республи-
касы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері
Сәуле Әбуқызы КЕРЕЕВА жайлы шәкірттік лебізімді білдірерде көп
толғандым.
29
№18 (55)
27 сентября 2016 г.
БІЛІМДІ ЕЛ ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА
bilimdi_el@mail.ru
Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz
ҰСЫНЫС, ОЙ-ПІКІР
Кәсіптік білім тарихы
тереңде жатыр
Бұрынғы және қазіргі Қа-
зақстан жерінің географиялық
картасына қарасаңыз, біздің
облысымыздағы Қазалы қала-
сы Жібек жолының бойында,
Сырдария өзенінің жағасында
Орынбор–Ташкент теміржолы-
ның қасында орналасқан.
Әр ұлттың өкілдері шоғыр-
ланған Қазалы уезінде ха-
лық ағарту саласы ертеден-ақ
қолға алынса керек. Тарихқа
үңіле қарар болсақ, қазақ
жері орыс бодандығына ұшы-
раған соң, кең байтақ өлкені
экономикалық, идеологиялық
жағынан меңгеру мәселесін
патша үкіметі күн тәртібіне қой-
ған.
Отарланған халықтарды орыс-
таңдырудың шешуші кілті, ара-
лас мектеп, немесе әртүрлі
кәсіптік оқу орындары болуы
керек деп түйген.
Патшаның отаршыл әкім-
дері қазақ даласында бой
көтерген мұғалімдер семи-
нариясы мен орыс-түземдік
мектеп дейтін аралас мек-
тептің ашудың бәрінде мисси-
онерлік-ағартушылық мақсат-
ты ұстап отырған. Бастауыш
орыс-қазақ мектептері алғаш
рет 1960-1964 жылдары Қаза-
лыда, Перовскиде (Ақмешіт)
ашылды.
Патша өкіметінің негізгі мақ-
саты ислам дінін терең қабыл-
даған қазақтарды орыс жазуы
негізінде оқытылатын мектеп-
тер арқылы ассимилициялау
болды.
Бірақ қазақтар мектепте
оқығаннан зиян шеккен жоқ.
Сауаттарын ашты, кәсіпке үй-
ренді, сауда-саттық жолдарын
меңгерді. Өңірде қыздар, ұл-
дар мектебі де бөлектеп ашы-
ла бастады. Мысалы, 1861
жылы Арал аймағындағы Рай-
ым бекетінде қыздар мектебі
ашылып, онда 17 орыс, 6 қазақ
қызды білім алса, 1963 жылы қа-
зақ балаларын оқытуға ашыл-
ған мектеп ашылды.
Алғашқыда патша өкіл-
дерінің теріс пиғылымен ашыл-
ған мектептерде оқыған қазақ
қыздары мен ұлдары зиян шек-
кен жоқ. Олар орыс тілін үйре-
не жүріп, балық аулау, шағын
кеме, қайықтарды құрастыру,
жөндеу, слесарлық жұмыстар-
дың қыр-сырын үйренді. Кей-
ін келе оқу, сауаттану арқылы
олардың саяси сауаттылығы,
өмірге, қоғамға көзқарастары
өзгере бастады. Сөйтіп, біздің
мекенде де алғашқы жұмысшы
тобының өкілдері, саяси-сауат-
ты пролетариаттар пайда бола
бастады.
1963 жылдың аяғында Қа-
залыда бірінші Қырғыз (қазақ)
мектебі ашылып, онда әртүрлі
пәндермен қатар кәсіби ма-
мандықтар оқыту элементі
басталды. Осы мектепте 1864
жылдан бастап Ыбырай Ал-
тынсаринмен Орынбор шека-
ралық комиссия мектебінде
бірге оқыған қазақ жігіті Мо-
мын Байдосов деген мұғалім
келіп, қазақ балаларын оқыт-
ты. Бұл мектептің алғашқы
түлектерінің бірі Қазалы уезін-
де туып өскен азамат Серәлі
Бекшораұлы – суретші әрі қо-
ғам қайраткері дәрежесіне
дейін көтерліп, көркем сурет
өнеріне белсене араласады.
Міне, осындай сол кезеңдерде
оқыған елге, халыққа пайда-
сын тигізген азаматтар біздің
бұрынғы өткен бабаларымыз
екені даусыз.
Осы кезеңде орыс оқымыс-
тыларымен қатар Ыбырай Ал-
тынсарин, Шоқан Уалиханов,
Абай Құнанбаев, т. б. қазақ бі-
лімдарлары, зиялы қауым өкіл-
дері де өсіп-жетілді.
Ағартушы Ыбырай Алтынса-
риннің білімге, сауаттылыққа
шақырған үні кең байтақ қазақ
жеріне, оның халқына естілді
ме екен деген сұраққа, әрине,
естілді деп жауап беруіміз ке-
рек сияқты.
Торғайда, Қостанайда, Орын-
борда жүрсе-дағы алыстағы
Қазалы уезіне өзімен бірге
оқыған, қызметтес болған Ел-
мұхаммед Байжановты, Момын
Байдосов сынды ағартушы-
ларды жіберуі, оның үнінің жет-
кеніне дәлел емес пе?
Тағы бір тарихи деректерге
жүгінсек: 1881 жылы 4 қазанда
Ыбырай Алтынсарин Ресейдің
шығыстанушысы, профессор
Н.И. Ильминскиге, 1883 жылы
4-ақпанда
және
4-сәуірде
Округтік инспектор В.В. Ката-
ринскиге хаттар жазып, Торғай
өңірінде қолөнер училищесін
ашуға ұсыныс жасаған. Оған
қосымша училище ашылар
болса, ағаш ұсталары үшін
құрал-жабдықтар, құрал-сай-
мандар қажеттілігін айтып,
училище орналасатын үйді қа-
зақ байларының қаражатымен
сатылып алынатынын да ха-
барлаған. Осындай тынымсыз
тіршіліктерің арқасында 1883
жылы 15-қарашада Торғай
өңірінде ең алғашқы қолөнер
училищесі ашылады. Бұл факт
қажетті құжаттарымен дәлел-
денген. Міне, арнаулы ең ал-
ғашқы кәсіптік-техникалық бі-
лім беру ошағы ағартушы – пе-
дагог Ы.Алтынсариннің қажы-
мас еңбегінің арқасында осы-
лай ашылған екен.
Осындай дүмпудің арқасын-
да болар, 1988 жылы Ыбырай
Алтынсариннің қайтыс бола-
рынан бір жыл бұрын Қазалыда
қалалық екі сыныптық училище
ашылып, онда жалпы сауат-
тандырумен қатар зергерлік,
ағаш бұйымдарын жасау, қыш
құмырлар құю т. б. қолөнер ма-
мандықтарына үйрету класста-
ры ашылады. Ал 1894 жылы
Қазалы қаласында жергілікті
ұлт балаларына арналған екі
жылдық орыс-түзем училищесі
ашылған. Мұнда да қол өнер
цехтары, сыныптары қосымша
ашылып, әр ұлттың балалары
кәсіпке, өнерге үйренген. Осы
мектепте 1915-1918 жылдары
аралығында Қазақстан мен
Орта Азиядағы ең алғашқы
комсомол ұйымын ұйымдасты-
рушы, Шығыстың жарық жұл-
дызы атанған жерлесіміз Ғани
Мұратбаев оқыған. Міне сол
баяғы іргесі қаланғанына бү-
гіндері 122 жыл толған, қазіргі
№16 аралас орта мектеп осы
кезге дейін оннан астам ұлт-
тың балалары оқитын мектеп,
үлкен достықтықтын ұясындай
болып жылдан-жылға көркей-
іп, білім сапасы артып келе
жатқан тарихи білім ордасы.
Иә, зерттеп, зерделей біл-
сек, баяғы өткен ұлы ағар-
тушының ықпалымен бой кө-
терген оқу орындары әр жерде
(қалаларда, аудандарда) кез-
десуі мүмкін.
Бірақ іздемесек, білгенімізді
жазып, кейінгі ұрпақтарға жет-
кізбесек тарихтың бірте-бірте
өше беретіні хақ.
“Ыбырай Алтынсарин Қа-
зақстанда халық ағарту сала-
сының ең алғашқы шырақшы-
сы” деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев
босқа айтпаса керек.
Тағы бір сөзінде Елбасы:
“Ұлы тұлғаларын білмейінше,
бірде-бір дәуірді дұрыстап
тану мүмкін емес. Адам та-
рихының айнасынан біз тарих
көшінің жүрісін ғана аңдап
қоймаймыз, оның рухын, ты-
нысын сезінеміз. Сондықтан
халқы мен елінің алдындағы
өздерінің перзенттік парызын
айқын да анық түсінген, қандай
да қиын-қыстау жағдайда оны
адал орындаудан жалтармаған
адамдар қай дәуірде өмір сүр-
се де, дәйім жұртының аза-
маты болып қала бермек. Та-
рихтың қай кезеңінде болсын,
олар өз ұлтының бетке ұстар
мақтанышы болып келген», –
дейді.
Сондай оқымысты тұлға-
лардың бірі және бірегейі ағар-
тушы, ғалым, педагог, кәсіптік
білім беру жүйесінің негізін
салушы, ең алғаш қазақ жерін-
де кәсіптік қолөнер учили-
щесін ашып, ұйымдастырушы
Ыбырай Алтынсаринның биыл
туғанына 175 жыл толмақшы.
Ал қазақ жеріндегі ең алғаш
қолөнер училищесінің ашылға-
нына 133 жыл толады.
Елбасы айтқандай, ағарту
саласының шырақшысы Ыбы-
рай Алтынсаринның 175 жыл-
дығын қалай қарсы аламыз,
қалай атап өтеміз, қалай ол
кісінің есімін мәңгілік есімізді
қалдырамыз?! Кім қалай ой-
лайды?
Біздің жауабымыз, айтар
ойымыз да, пікір-ұсынымыз
да ҚР Білім және ғылым ми-
нистірлігі арқылы Ыбырай Ал-
тынсаринның туғанына 175
жыл толуына орай 20-қазан
күнін кәсіптік-техникалық білім
жүйесінің құрылған күні деп
атауды жоғарғы үкімет орында-
рына жеткізу. Ол үшін осылай
аталуына Қазақстандағы бар-
лық кәсіптік білім оқу орында-
ры тілдерінің, ардагер ұстазда-
рының ұсыныстарын жинақтау,
өкілетті орындарға тапсыру
деп білеміз.
Қазірдің өзінде Қостанай,
Торғай, Жезқазған өңірлерінде
осы туралы ұсыныс-пікірлерді
ақпарат беттерінен оқып қалып
жүрміз.
Біз де ойланайық, әріптес-
тер!
Темірбек ИСМАЙЛОВ,
Қазалы аудандық аграрлы-техникалық коледжінің
директоры, ҚР білім беру саласының үздігі
Сексенәлі РАХАНОВ,
ҚР білім саласының құрметті
қызметкері, Қызылорда облысының
құрметті қайраткері,
ардагер ұстаз
Кеңестер Одағы жоғарғы Кеңесінің 1940 жылғы 2-қазандағы «Мемлекет-
тік еңбек резервтері» туралы жарлығына байланысты (И.В. Сталин қол
қойған) одақ ыдырағанға дейін 2-қазан кәсіптік-техникалық білім оқу
орындары қызметкерлерінің күні деп аталып келді. Бүгінде үлкен дәрежеде
аталып өтпесе де, 2-қазан күнін мереке күніміз деп ұмытпай келеміз. Бірақ
бұл қашанға дейін жалғаспақ? Қазақстандық төл мерекеміз етіп, атаулы
күнімізді белгілейтін күн жеткен жоқ па? Тарихқа үңіліп көрейікші.