Образованная страна



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата12.03.2017
өлшемі19,18 Mb.
#8997
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Алия МАКСУТОВА

НОВЫЙ КУРС

Сто восемьдесят друзей 

Электроника

В 2017 году в стране планируется прове-

дение Республиканской олимпиады по 

робототехнике, организуемой по правилам 

Всемирной олимпиады. В связи с этим 

Министерство образования и науки РК 

инициировало работу по дальнейшему 

развитию технической оснащенности 

школ и, в целом, образовательного процес-

са учащихся. В нефтяной столице страны 

инициативу МОН поддержал Атырауский 

государственный университет имени  

Х.Досмухамедова (АГУ). 

С текущего учебного года в десяти школах г. Аты-

рау  вводятся  внеклассные  занятия  по  роботострое-

нию.  Это  курс  «Робототехника»,  являющийся  одним 

из  этапов  специальной  программы  МОН  РК  по  вне-

дрению в общеобразовательных школах элективных 

курсов, учебных программ на выбор школьников по их 

интересам. Основу нового курса составляют электро-

ника, механика, телемеханика, информатика, радио-

техника, программирование, электротехника и физи-

ка.  В  Атырау  оператором  министерской  программы 

выступил АГУ, который приобрел для десяти школ 180 

наборов  «Российского  комплекта  STEM».  Комплект 

роботостроения  является  разработкой  коллектива 

российских  инженеров  SMATRBRICKS,  предназна-

ченной для учебного применения в рамках основной 

школы.

Набор  базируется  на  образовательной  робототех-



нической  платформе  LEGO  MINDSTORMS  Education 

EV3, легко интегрируется в образовательный процесс, 

удобен в использовании и отвечает современным обра-

зовательным стандартам.

На церемонии вручения комплектов робототехники 

и.о. ректора Атырауского госуниверситета им. Х.Досму-

хамедова  Абзал  Талтенов  заявил,  что  эта  новейшая 

технология позволит школьникам решать слож-

нейшие задачи и совершенствовать свои знания. 

Как  сообщили  «Бiлiмдi  ел  –  Образованная 

страна»  в  областном  управлении  образования, 

теперь  все  десять  ведущих  атырауских  школ 

полностью  укомплектованы  180  наборами  для 

курса  «Робототехника».  Учиться  роботострое-

нию на внеклассных занятиях смогут ученики с 

пятого по одиннадцатый классы включительно. 

Кстати,  «Российский  комплект  STEM»  был 

впервые представлен сравнительно недавно – в 

апреле этого года на III Московском международ-

ном салоне образования (ММСО-2016), прошед-

шем на площадке ВДНХ.

Адам ГУРЬЕВ

Источник фото: пресс-служба АГУ

Атырау

МЕЖДУНАРОДНОЕ  

ИССЛЕДОВАНИЕ

В фокусе – 

грамотность

В Карагандинском 

филиале АО «НЦПК 

«Өрлеу» проводится 

большая работа по 

подготовке к между-

народному исследова-

нию – PISA-2018.

На  протяжении  послед-

него полугода я, как тренер 

PISA,  организовала  ряд 

научно-практических  семи-

наров,  целью  которых  яв-

ляется  повышение  профес- 

сиональной  компетентности 

учителей  русского  языка  и 

литературы  в  области  раз-

вития  грамотности  чтения 

учащихся.

В  ходе  семинаров  участ-

ники  рассматривали  такие 

вопросы,  как,  например, 

«Что  такое  внимательное 

чтение?»,  «Как  развивать 

навыки  внимательного  чте-

ния на уроках?». Ведь имен-

но внимательное чтение яв-

ляется  основным  навыком 

грамотности чтения учащих-

ся.

В  рамках  семинаров  ча-



сто проводятся тренинги как 

метод  активного  обучения, 

направленный  на  развитие 

знаний,  умений  и  навыков 

участников  по  развитию 

функциональной  грамотно-

сти  чтения.  Учителя,  к  при-

меру, выяснили для себя та-

кие  понятия,  как  «сложный 

текст», «вопросы по тексту», 

смогли  по  предложенным 

текстам  составить  вопросы 

и тестовые задания.

Педагоги, прошедшие кур- 

сы  повышения  квалифи-

кации  в  ФАО  «НЦПК  «Өр-

леу»  ИПК  ПР  по  Кара-

гандинской  области»  по 

программе  PISA,  проводят 

свои  мастер-классы  по  те-

мам:  «Практика  составле-

ния  заданий  для  развития 

вдумчивого  чтения  на  уро-

ках  русской  литературы», 

«Развитие 

мыслительной 

деятельности  учащихся  по-

средством  стратегий  крити-

ческого мышления» и др.

Также  мы  организуем 

круглые  столы.  Их  цель  – 

рассмотреть 

актуальные 

вопросы  развития  навыков 

функциональной 

грамот-


ности  чтения  учащихся  в 

соответствии с новыми под-

ходами и образовательными 

потребностями  обучающих-

ся. 

По  итогам  рефлексии 



участниками  семинаров  да- 

на  высокая  оценка  меро-

приятиям  на  теоретическом 

и  методическом  уровне. 

Учителя-русоведы  вырази-

ли  пожелание  продолжить 

встречи в рамках подготовки 

к международному исследо-

ванию PISA-2018.

Н.З. АКУЛЬБЕКОВА, 

ст. преподаватель 

кафедры ВиСЛ ФАО 

«НЦПК «Өрлеу» 

ИПК ПР по 

Карагандинской области»,

 тренер PISA


20

№18 (55) 

27 сентября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Әлемдік деңгейде оқытуға

даярлау қарқыны 

Сапалы білім – ел болашағы

ОЙ-ТАЛҚЫ

ТӘЖІРИБЕ

Ағымдағы жылдың бірінші 

қыркүйегінен бастап Қа-

зақстанның барлық мек-

тептерінің бірінші сынып 

оқушылары білім берудің жаңа 

стандартына сәйкес оқуды 

бастайды. 

Жаңартылған білім берудің мазмұнында 

үш тілде оқытуды енгізу, ақпараттық-комму-

никациялық  технологияларды  қолдану,  тіл 

және әдебиетті кіріктірілген пән және айна-

ладағы қоршағанды ғылымға кіріспе ретін-

де оқытуды қарастырады.

Білім  берудің  жаңартылуына  жоспар-

лы  түрде  ауысу  үшін  2016-2019  жылдарға 

арналған  білім  беру  және  ғылымның  даму 

Мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілген,  Бағ- 

дарламаны  іске  асыру  қадамдалған  меха-

низмдері  жасалған.  Түбегейлі  өзгерістерді 

енгізуге  сенімділікті  артатын  12-жылдыққа 

көшу бойынша он бес жылдық даярлау жұ-

мысты назарға алуға болады. Мектепке ұсы-

нылып жатқан осы оқу бағдарламалары Қа-

зақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 

25-сәуіріндегі  №327  қаулысымен  енгізілген 

«Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жал-

пыға міндетті стандарты» негізінде жасалған.

«Тегінде адам баласы адам ба-

ласынан ақыл, білім, ар, мінез 

деген қасиеттерімен озады»,  - деп 

Абай атамыз айтқандай, озық 

ойлы білімдар адамдар заманның, 

қоғамның дамуына, өзгеруіне 

үлесін қосып келеді. 

Осындай  қоғамдық  әлеуметтік  мәдени 

өзгерістер,  дамулар  мектептің  оқыту  про-

цесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту 

белгілі  мөлшерде  адамды  дамытады.  Оқи-

тын  пән  қаншалықты  жаңа,  бағалы  болса 

да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары бол-

сын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін 

туғыза  алмаса,  берген  білім  күткен  нәтиже 

бермейді. Оқушының адам ретінде қалыпта-

суы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа 

технологияның  басты  мақсаттарының  бірі 

– баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, бел-

сенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз 

бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Міне,  біз  бүгін  танысып  отырған  «Білім 

берудегі  Кембридж  тәсілдерінің  теория- 

лық  негіздері»  осы  жоғарыда  айтылған 

ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала – 

 өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім  –  

бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа 

технологиялардан  ерекшелігі  жеті  модуль 

арқылы іске асады.

Тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, 

мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және 

шәкірттеріне  тиімді  жақтарын  қарастырып 

отыруы тиіс.

Осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме 

тиімдісі,  жарыққа  шығарары,  баланың  қы-

зығушылығын  оятары,  білімін  жетілдірері 

қайсы  екен  деп  көп  ойланғаным  рас.  Са-

ралай  келе  әр  сабақта  бір  немесе  бірне-

ше  модульді  бірден  қолдануға  болатынын 

анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан 

ұтқаным көп болды.

Бағдарлама үш деңгейден тұрады:

1. Қызығушылығын ояту – жаңа сабақты 

түсіндіру  кезіндегі  үйрену  процесі.  Бұл 

бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштас- 

тырудан тұрады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл-

дер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай 

тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, бел-

сенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әре-

кеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, 

пікірлесу, пікір таластыру жатады.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл-

дер  арқылы  оқытуда  білім  дайын  күйін-

де  берілмейді,  ол  тек  белсенді  әрекеттер 

арқылы  ғана  игеріледі,  оқушылар  өзара 

тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе әре-

кет жасау, диалог құру. Өзіміз сыни тұрғыдан 

ойлауымыз  керек.  Сабақта  оқушылардың 

тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір 

алмасуы  диалогпен  жүзеге  асты.  Топтық 

әдісті қолданғанда оқушылардың бір-бірімен 

ақылдасуы, оны топтан біреуінің шығып ай-

туы,  ал  болжау  әдісін  қолданғанда  оқушы-

лардың  мәтінде  не  туралы  жазылуы  мүм-

кін  екендігі  туралы  өз  ойларын  да  диалог 

арқылы көрсете білді.

2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту 

процесі.  Бұл  кезеңде  оқушы  жаңа  ақпарат-

пен танысады, тақырып бойынша жұмыс жа-

сайды,тапсырмалар  орындайды.  Сонымен 

қатар,  олар  идеяны  жеткізіп  қана  қоймай, 

шешім  табу  үшін  топқа  сұрақ  қояды  және 

басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір 

оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұ-

нын қысқаша баяндап береді.

3. Ой-толғаныс – сабақты қорытындылау 

кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін 

саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда 

қалай  қолдану  керектігін  үйренеді.  Мыса-

лы,  бұл  жерде  балалар  эссе  жазады.  Өз 

ойларын  қағаз  бетіне  түсіріп,  түйгендерін 

анықтайды.  Бұл  модульдің  нәтижесі  көп. 

Атап  айтар  болсам,  ой-пікірін  ашық,  еркін 

айту,  бір-бірінің  сабақ  барысында  қателік-

терін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, алған 

білімдері естерінде көп уақытқа сақталады, 

сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне та-

лап, өтініш, тілектерін білдіре алады.

Бұл модулдің тағы бір ерекшелігі оқушы-

ларды топтап оқытуы болып тұр. 

Балаларды ұжымдық оқытудың төменде-

гідей пайдасы бар:

1.  Оқушылар  оқу  және  тәрбие  үрдісінде 

ғылымға сусап тұрады. Өз білімдерін мақтан 

тұтып,  досының  білімін  қызғанады.  Намыс 

пен  мақтаныш  тәрбиеленушіні  өзгелерден 

кейін қалмауға міндеттейді.

2.  Оқушылар  кездескенде  үнемі  сөйле-

седі, сонымен естерін және шешендігін да-

мытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз 

естісе  және  оны  құрбыларына  айтса,  онда 

балалардың  естері  дамиды  және  өзін-өзі 

оқыту жүреді.

3.  Ұжымдық  оқытудың  келесі  қоғамдық 

пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-

бірі  сыйлауға  үйренеді,  өзара  дауласады, 

жарысады және құқықтар мен міндеттер ту-

ралы пікір айтысады.

Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың тал-

пынысы артады, әр оқушы өзін жеке  тұлға 

ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талап-

танады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірне-

ше адамның айтқаны есінде тез жатталады.

Модульдің тағы бір сатысы – «Талантты 

және дарынды балаларды оқыту».

Рас,  ізденуші  мұғалім  бала  бойындағы 

туа  біткен  түрлі  қасиеттерді  дәл  байқап, 

оның  сапалық  ерекшеліктеріне  баға  беріп, 

ары  қарай  өз  бетінше  дамыта  түсуіне 

жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл 

үшін,  әрине  ұстаздың  өзі  де  өзгеруі,  яғни 

дәстүрлі  оқытудың  таптаулары  сүрлеуінен 

арылуы  тиіс.  Осылайша,  оқытудың  жа- 

ңа  мазмұнын  жасауға  бетбұрысты  әрбір 

мұғалім  өзінен  бастағаны  жөн.  Мұғалім 

шәкіртке  білім,  білік,  дағды  беріп  қана  қой-

май, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл 

бөліп,  «оқи  алуға  үйрету  керек».  Дарынды 

балаларды оқытуда мына қағидаларды есте 

ұстаған дұрыс:

–  Баланың  бойындағы  құмарлығын,  қы-

зығушылығын  жойып  алмай,  оның  үнемі 

алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, 

сұраныс  пен  мұқтаждарын  ескеру,  шығар-

машылығын жетілдіру.

–  Білімді  өз  бетінше  іздену  арқылы 

алуға қолайлы жағдай жасау.

– Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Осы  қағидаларды  ұштастыратын  болсақ 

қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді. 

Бойындағы  «мені»  оянады.  Басқалардан 

артық тапсырма алу оларды шабыттандыра 

түседі,  бірақ  әрдайым  мұғалім  баланы  қа-

наттандыру үшін бірге ізденісте болуы шарт. 

Түрлі  жарыстарға  қатыстырып,  мақтау  сөз-

дер  айтып  ізденуде  тоқтап  қалмауға  баулу 

керек.  Алға ұмтылған баланы артқа тартпай 

сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп бала 

білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпарат-

ты жинауды осындай дарынды оқушыларға 

берсе,  олардың  да,  өзгенің  де  жиғаны  көп 

болмақ.

Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. 



Бір  сабақ  үстінде  бірнеше  оқушыны  баға-

лау  мұғалім  шеберлігіне  байланысты.  Баға 

алуда  оқушылар  алға  талаптанады,  ізде-

неді.  Кейбір  оқушы  білім  үшін  емес,  баға 

алу  үшін  оқиды.  Сондықтан  бағаны  дұрыс 

қою  және  оның  нақты  болуын  алға  қою  –  

әр  мұғалімнің  есепке  алар  міндеті.  Сабақ 

үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға 

болады. Суммативті баға мен формативті ба- 

ғаны қою әрбір сабақтың негізгі сатысы бо-

луы шарт.

Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан 

өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да 

ғылым  негіздері  бойынша  білімді  меңгерту-

мен  қатар  оқытуды  дараландыруға  жағдай 

жасау  арқылы  оқушылардың  жеке  және 

жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қажет-

тіліктері  мен  қызығуларына  сай  білім  беру-

ге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім 

оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы 

керек. Тапсырамаларды да меңгере алатын-

дай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатын-

дай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген 

нәтижеге қол жеткізеді.  

 

Толқын ҚАЙЫРЖАНОВА,

Шал ақын ауданының 

қазақ орта мектебінің мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Қ.ЖАМАНТАЕВА, 

А.КУЖРАКАЕВА,

АҚ «БАҰО» «Өрлеу» СҚО ПҚ БАИ

 «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушылары,

жаңартылған білім беру бағдарламасының тренерлері

Стандартты оқу жоспарын, оқулықтарды 

құрастыруда  үздік  отандық  және  әлемдік 

тәжірибе ескерілді. Себебі білім беру сала-

сындағы  шетелді  эксперттердің  пайымда-

уынша,  болашақ  инженер,  дәрігер  және 

басқа да мамандар мектептегі алғашқы қа-

дамдарынан қалыптасады. Бастауыш білім 

берудің  жаңа  стандартында  ең  құндысы  – 

бірінші  сыныпты  тәмәмдаған  оқушы  әлем 

таныған білім берудің Европалық біліктілік-

тің  4-ші  деңгейіне  сай  болады.  Сондықтан 

мектеп түлегі  білімін тек өз мемлекетінде 

ғана емес, әлемдік университетінде жалғас- 

тыруға мүмкіндігі болады.

Бастауыш  білім  берудің  аталған  бола-

шағын  ескере  отырып,  «Өрлеу»  Ұлттық 

біліктілікті  арттыру  жүйесінің  сертификат-

талған тренерлері ағымдағы жылдың ақпан 

айынан  бастап  бастауыш  мектептің  пән-

дері  бойынша  курстар  жүргізуде.  Курстың 

ұзақтығына  қарамастан  тығыз  графиктің 

негізінде  тамыздың  ортасына  дейін  респу-

блика  бойынша  бастауыш  мектептің  73 

мыңнан астам пән мұғалімдерін даярлауға 

мүмкіндік жасалды.

Біздің  облысымыз  бойынша  «Өрлеу» 

филиалы  базасында  біліктілікті  арттыру 

жоспарланған  болатын:  545  бастауыш  сы-

нып  мұғалімі,  418  қазақ  тілі  мұғалімі,  76  – 

орыс тілі, 76 – ағылшын тілі, 196 – музыка, 

56 – бейнелеу өнері. Жаңартылған бағдар-

лама  бойынша    50  топта  1367  мұғалім 

(оның ішінде ауыл мектебінен - 965 мұғалім, 

81%-шағын  жинақталған  мектептерінен) 

біліктілігін арттырды.

Курстар  тек  институт  базасында  ғана 

емес,  сонымен  қатар  Ақжар,  Ғ.Мүсірепов 

атындағы,  Қызылжар,  Айыртау,  Уәлихан, 

М.Жұмабаев,  Мамлют,  Есіл,  Тайынша, 

Шал  ақын,  Жамбыл,  Аққайың,  Тимирязев 

аудандарында жүргізілді. Ондағы құрылған 

29 топта барлық санның  58% мұғалімдер 

біліктілігін арттырды.

Мұғалімдерді  оқыту  арнаулы  құрылған 

біліктілікті  арттыру  бағдарламалар    бойын-

ша жүргізіледі. Біліктілікті арттыру жүйесінің 

оқытушылар тарапынан Педагогикалық ше- 

берлік орталығының  «Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» білім беру дербес ұйымы база-

сында мұғалімдерді оқыту үшін 760 тренер 

дайындалды.

Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін 

арттыру институтында 15 тренер өз қызметін 

атқарады.

Оқытудың  қорытындысы  бойынша  курс-

та  сертификациялаумен  жалғасатын  баға-

лау рәсімі жүргізіледі. Республика бойынша 

өлкеміздің  мұғалімдерінің алдыңғы көрсет- 

кіштері тестілеудің жағымды нәтижесін көр-

сетеді – 99,6%. Бұл АҚ «БАҰО Өрлеу» 17 фи-

лиалының арасындағы үздік нәтиже. Ондай 

нәтижеге қол жеткізген оңтайлы ынтымақта-

стығы  жарасқан  оқу  ортасы  және  институт 

қызметкерлер  тарапынан  жасалған  мате-

риалдық  жағдай  (ыңғайлы  дәрісханалар, 

интернет желісімен еркін пайдалана алатын 

оқу  залы)  деп  санауға  болады.  Бүгінгі  күні 

мемлекеттік  тапсырысы  бойынша  қосым-

ша 35 орыс тілі және 97 музыка пәндерінің 

мұғалімдерін даярлауға жоспарланып тұр. 

Жылдағы облыстық тамыз конференция- 

сының  аясында  педагогтер  және  тренер-

лермен бастауыш сынып мұғалімдері үшін 

бағалау жүйесіне  критериалды бағалауды 

енгізу,  ата-аналар  арасындағы  түсіндірме 

жұмыстарды ұйымдастыру  бойынша және 

т. б. сұрақтарды қарастыратын  секциялық 

отырыстар ұйымдастырылады.

Ауқымды  жаңашылдықтың  төңірегінде 

білім  беру  бағдарламаларын  жаңартудың 

басымдықтарымен  таныса  отыра  және 

білім  беру  бағдарламасының  үйлесімділігін 

анықтап,  мұғалімдер қауымының  алдында 

күрделі де қызықты міндеттер бар. «Білімді-

ден не пайда, білгенін көпке айтпаса, үйрет-

кеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» деген 

екен  А.Байтұрсынов.  Сондықтан  біліктілігін 

артқан  педагог  жаңашылдықты  енгізузге 

шығармашылықпен,  зор  қуатпен  енбекте-

неді  деп  үміттенеміз.  Себебі  әлем  таныған 

елде рухани бай және зияткер  тұлғалар ме-

кендеу қажет.



21

№18 (55) 

27 сентября 2016 г.

БІЛІМДІ ЕЛ  ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



ТАҒЫЛЫМ

Мектеп, бала, ата-ана – біртұтас!

Гүлнар ИЗБАМБЕТОВА, 

Атырау қаласы ХББ НЗМ 

жанындағы жатақхана меңгерушісі



«Қашан бір бала ғылым-

білімді махаббатпенен 

көксерлік болса, сонда 

ғана оның аты адам 

болады» деп білген ұлы 

Абай. «Адамның адам-

дығы әуелі ақыл, ғылым-

мен болса, оның табыл-

мақтығына әуелі хауас 

сәлим һәм тән саулық» 

дегенді тілге тиек еткен де 

осы данышпанымыз. 

«Хауас сәлим» деген ой-тұжы-

рымын адамның өзіне тән болған 

дұрыс  қасиеті,  мінез-құлқы  деп 

білсек,  жақсы  адам  атануы  үшін 

оған  қажетті  алты  шартты  жақсы 

тән  саулығы,  жақсы  туыс,  жақсы 

ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақ-

сы ұстаз деп көрсетеді. 

Барлық  оқушылары  табысты 

болуын көздеген Атырау қаласын-

дағы  химия-биология  бағытын-

дағы  Назарбаев  Зияткерлік  мек-

тебі оқушылардың бойында қазіргі 

заманғы әлемде табысты болуға, 

өмірдің  түрлі  жағдаяттарында 

шешім  таба  білетін,  қоршаған 

әлемнің алуан түрлілігі мен өзара 

байланыстарын түсінетін, ұжымда 

жұмыс істей алатын, өз-өзімен үй-

лесімді  өмір  сүре  алатын  дағды-

ларды  қалыптастыру  миссиясын 

басшылыққа  алған.  Сондай-ақ, 

мектеп – бала – ата-ана біртұтас 

болып  біріккенде  ғана  аяғын  нық 

басқан  табысты  оқушының,  әлем 

азаматының  мақсаты  биік,  бола-

шағы жарқын болары сөзсіз.

Патшалық  шақтың  базарын-

да  жүріп,  ұлы  Абай  айтқандай 

«ғылым-білімді 

махаббатпенен 

көксеген»  әрбір  шәкірт  үшін  қа-

жетті  мүмкіншілікті  тең  дәрежеде 

жасап  отырған  Елбасы  мектеп-

терінің  ерекшелігі  –  алыс  аудан-

дардан  келіп  оқып  жатқан  бала-

ларды жатақханамен қамтамасыз 

ету;  олардың  қалыпты  демалы-

сына  жағдайлар  туғыза  отырып, 

шығармашылық  ізденісін  қолдау, 

көшбасшылық  қасиетін,  үлкеннің 

кішіге  деген  қамқорлығын,  оқу-та-

нымдық  қызығушылығын  ояту, 

әлеуметтік ортада өзін-өзі мәдени-

етті ұстауға тәрбиелеу. Ел ертеңі-

не оң нәтижелерімен сүбелі үлесін 

қосады  деп  үміттеніп  отырған 

жас  зияткерлеріміздің  тәрбиесін 

ата-анамен бірлесе, кеңесе, ынты-

мақтаса  отырып  жүргізген  жүйелі 

әрекеттің  табысқа  жетелерін  біл-

ген мектебімізде ата-анамен бай-

ланысқа ерекше көңіл бөлінеді. 

Өткен  оқу  жылында  мек-

тебіміздің  сахна  төрінде  балала-

рымен  қатар  тұрып  өз  өнерлерін 

көрсеткен, спорт алаңында оқушы, 

тәрбиеші,  ата-ана  болып  бір  ко-

мандада тоғысқан, әлеуметтік жо-

балармен айналысуда ізгі істердің 

басында қатар жүрген, мерейлі от-

басының  үлгі-өнегесі  бола  білген 

ата-аналарымыз  алдағы  уақытта 

да  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен 

қол шығарып», жас зиякерлер тәр-

биесіне бірлесе атсалысуда.

Көбіне ата-аналары мен бауыр- 

ларынан  алыс  жүріп,  отбасының 

жан  жылулығын  сағынып  жүретін 

балалар үшін мектебіміздің дирек-

торы  Айтпукешев Айдарбек Төлеп- 

ұлы  ұсынған  «Ауылдан  базар-

лық», «Отбасы мүшелерінің күні», 

«Бір бөлменің балалары» сияқты 

жаңа  жобалар  балалар  көңілінен 

шығуда.

Базарлық  сөзінің  астарын-



да  қаншалықты  мейір-шапағат, 

сыйластық пен құрмет жатыр де-

сеңізші?!  Оқушылар  үшін  бақыт-

ты  балалалықтың  базарында, 

ата-аналарының назарында ауыл 

дәмін  татып,  бір  сәт  еркелікпен 

қара  шаңыраққа  деген  сағы-

ныштарын басып, екінші жағынан 

туған  жер  топырағына  деген 

ыстық  ықластары  мен  сүйіспен-

шіліктері сақталсын деген мақсат-

та  ұсынылған  жоба  ата-аналар 

тарапынан да қолдау тапты.

132  орындық  жатақханамыз- 

дағы  оқушылардың  57-сі  Атырау 

қаласының  Кең  Жылыой  ауда-

нынан  екен.  Жылыойлық  ата- 

аналарымыз  қасиетті  Құрбан  айт 

мейрамы  тұсында  14-қыркүйек 

күні  күллі  жатақхана  оқушылары 

үшін  ақ  дастарқанымызды  ауыл 

базарлығымен толтырды. Оқушы-

лар  туған  жердің  тарихына  шолу 

жасап, ел мерейін тасытып, абы-

ройын асқақтатып жүрген аға-апа-

лары туралы баян етті. Ән-күйден 

шашу  шашқан  әдемі  кеш  барша 

оқушылар  мен  ата-аналардың 

көңілінен шықты.

Өздерінің алғаш әліппені қолға 

алып,  білім  нәрін  жиған  алғашқы 

ұстаздары  мен  ел  қамын  ойлап, 

еңбек  етіп  жүрген  ел  ағалары-

на  деген  ыстық  ықыласы  мен 

ризашылықтарын  Кең  Жылыой 

ауданы  әкімінің  атына  жолдаған 

хаттарында  баян  еткен  жас  зият- 

керлер  Назарбаев  Зияткерлік 

мектебі  қабырғасында  алып  жат- 

қан  үздік  білім-дағдылары  мен 

тәжірибелерін  қазақстандық  және 

әлемдік  жоғары  оқу  орындарын-

да  жалғастыра  отырып,  Тәуел-

сіз  еліміздің  қай  түкпірінде  жүрсе 

де  туған  ел  абыройын  асқақтата 

жүріп,  қоғам  игілігі  үшін  пайдалы 

іске  жұмсайтындықтарын  білдірді 

және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық 

мерейтойымен  құттықтады.  Тәу-

елсіздігіміздің  жемісі  Назарбаев 

Зияткерлік  мектебінің  шәкірттері 

болғанын мақтан ете отырып, Ел-

басының ел болашағы үшін жасап 

отырған білім жолындағы қадамы-

на,  осынау  тағдыр  сыйына  риза-

шылықтарын білдірді. 

Балаларының  шексіз  риза-

шылықтары мен қуанышын көрген 

ата-аналар  әрдайым  оқушылар-

дың  ортасынан  табылып,  қолдау 

көрсетіп отырған мектеп директо-

ры  мен  әкімшілігіне  алғыстарын 

білдірді.

Кешімізге  қатысқан  халық- 

аралық  ұстаздарымыз  балалар-

мен бірге қазақ тілінде ән салып, 

ауыл  базарлығынан  дәм  татты. 

Жылыойлық ата-аналарымыз Кең 

Жылыой тарихы мен белді тұлға-

лары  туралы  жазылған  тамаша 

туындыларды тарту етті.

Балалардың базары таусылма-

сын,  дастарқанымыз  ақтан  арыл-

масын! Қасиетті халқымыздың та-

маша  дәстүрлері  жалғаса  берсін 

деп тілейміз!

Ендігі кезекте ата-аналарымыз 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  ме-

рейтойына арналған спорттық тур-

нирге қатысуға атсалысып жатса, 

әжелеріміз  өсиет-өнеге  мектебіне 

ұласатын «Отбасы мүшелері күні» 

айдарымен  өтетін  тәрбие  шара-

сына қатысуға ниет білдіріп отыр. 

Жас  зияткер  шәкірттеріміздің 

жақсы  адам  атануы  үшін  қажетті 

алты  шарт:  жақсы  тән  саулығы, 

жақсы туыс, жақсы ата, жақсы ана, 

жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаз  –  бір 

арнада  тоғысқандай.  Тәрбиенің 

қайсыбір бағыты болмасын, ыныт-

мақтастықпен бірлесе атқарылған 

іс тәрбиелі ұрпақ болашағына сү-

белі үлесін қосады деп білеміз. 

Тәуелсіздігіміздің  жемісі  –  Ел-

басы  мектебінің  өнегелі  өрендері 

ел болашағы жолында қанаттары 

қатайып, достықтары нығайып, бі- 

лім  мен  ғылымның  биік  белес- 

терін  бағындыра  берсін!  Мәңгілік 

еліміздің  абыройын  асқақтатар 

ұл-қыздары аман болсын! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет