«Дербес пікір» әдісі арқылы оқушылардың өзіндік ой қорыту дағдыларын қалыптастырып алған соң оқушыларға эссе құрылымын үйретіп, соған орай жазуды тапсырамын. Эссе құрылымын сақтауды үйренген оқушы эссені талапқа сай жаза біледі. Эссенің барлық бөлімдерін сақтай отырып жазылған эссе жүйелі шығады.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Көлік және жол белгілері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жол белгілері
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме жазу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:
Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме жазады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды ажыратып, сюжетті суреттерді талдап әңгіме жазады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды тұжырымдап, өздері салған суреттер негізінде әңгіме жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
Негізгі ойды тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы анықтайды.
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: оқушылар ақпарат мазмұнын анықтайды, болжам жасайды.
Пәнге қатысты термин сөздер: бағдаршам, жол белгілері, транспорт, жаяу жүргіншілер жолы
Диалог құрауға\ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Менің ойымша бағдаршам.....
Қорыта айтқанда, жол белгілері...
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Бағдаршам бізге не үшін қажет?
-Қандай жол белгілерін білеміз?
Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың басты шарты қандай?
Жаяу жүргіншілер жолымен жүргенде қандай ереже сақтау керек?
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар
|
Мәтіндер арқылы өз өміріне деген жауапкершілікті қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта және ғаламтор
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Жол сақшылары қызметіне дыбыстық жүйені, үндестік заңын сақтап, орфоэпиялық нормаға сай сипаттама жазып келген болатын.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
10 минут
|
«Жолаушыға тілек» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Үш оқушы шығып, тақтаға жолаушыларға айтатын тілек жазады.
Топқа біріктіру.
1-топ-Жолың болсын
2-топ-Сәт сапар
3-топ-Ақ жол
Балалар, біз бүгін қандай тақырып туралы сөз қозғаймыз.
Ж. Ширату жаттығуы
Балалар, қандай жол белгілерін көріп отырсыңдар? Осы жол белгілері туралы не білеміз?
Дескриптор: Жол белгілері туралы өз ойларын айта алады.
Тақырыптан ауытқымайды.
Жол белгілеріне сипаттама жасайды.
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
|
Интербел-сенді тақта
|
Сабақ ортасы
27 минут
|
Жазылым алдында
1-тапсырма. «Зуылдақ» белсенді әдісі
«Жолдос көмекке асығады» мультфильмін (https://www.youtube.com/watch?v=Mtd 8rA6gq4o) көрсетіп, сұрақтар қоямын. Тірек сөздерді теріп жазуды ұсынамын.
Сараланған сұрақтар:
1. Жолаушы қауіпсіздігі дегенді қалай түсінеміз?
2. Сапарға шығу үшін қауіпсіздік ережелерін білу қаншалықты қажет деп ойлайсың?
3. Қауіпсіздік белдігі мен балалар орындығының қандай пайдасы бар?
4. Жолдос тағы қандай пайдалы кеңестер берді?
Жол белгілері. Жаңа ережелер. Жол қауіпсіздігі. Ескерту белгілері. Басымдылық белгілері. Тыйым салу белгілері. Қызмет көрсету белгілері. Қосымша тақтайшалар.
Дескрипторлар:
-Тірек сөздерді теріп жазады;
-Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;
Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек
Жазылым кезінде
2-тапсырма «Суреттер сөйлейді» белсенді әдісі
Ж Оқушылар сурет бойынша сюжетті әңгіме жазады.
Тж Топтағы ең үздік әңгімені анықтайды.
Сараланған тапсырмалар:
1-топ тапсырмасы- Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме жазыңдар.
2-топ тапсырмасы- Әр түрлі суреттер негізінде әңгіме жазыңдар.
3-топ тапсырмасы- Өздерің салған суреттер негізінде әңгіме жазыңдар
Дескрипторлар:
- Әңгімеге ат қояды;
- Әңгіменің негізгі ойын анықтайды.
- Суреттерді талдап, әңгіме жазады.
Бағалау : Критерийлер арқылы бағалау
Жазылымнан кейін
3-тапсырма: «Автор орындығы» белсенді әдісі
Жж Топтағы ең үздік әңгімені орындыққа отырып оқу
Дескриптор:
1. Дауыс ырғағын сақтап оқиды.
Кері байланыс: өзара бағалау
|
Интербел-сенді тақта (https://www.youtube.com/watch?v=Mtd 8rA6gq
Сюжетті
суреттер
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия
«Конверттер» әдісі арқылы беріледі
Маған ұнады...
Маған ұнамады ....
Мен ойландым...
Келесіде мен қалаймын ...
Үй жұмысы: «Жол белгілері» туралы ізденіп оқып келу бойынша сурет салып келу.
|
Таратпа материал
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы саралау жүргіздім.
1-топ тапсырмасы- Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме жазады.
2-топ тапсырмасы- Әр түрлі суреттер негізінде әңгіме жазады.
3-топ тапсырмасы- Өздерің салған суреттер негізінде әңгіме жазады
|
Бас бармақ
Екі жұлдыз бір тілек
Критерий арқылы:
а) өзара бағалау
|
Өзін-өзі тану
Қауіпсіздік ережесі сақталады.
Интербелсенді тақта және ғаламтор
Мәтіндер арқылы өз өміріне деген жауапкершілікті қалыптастыру
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|