ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тақырыптың басты идеясын жаз: 
Сақ  және  сармат  тайпалары  өзара  мәдени-этникалық 
жақын, туыстас тайпалар болған.  
Сақ 
 
 
 
исседон 
Дай «дах» 
сармат  
хаомаварга 
аргиппей 
тигрохауда  
аримаспы  
 
215 
 

қамтуға 
болады. 
Теориясы: 
«Жинақтау» 
(Қорытынды 
шығар, 
анықтама  бер, 
мазмұнды 
жүйеле, 
кестені,  тірек 
сызбаны, 
сөзжұмбақты 
толтыр 
немесе  өзің 
құрастыр, 
тағы с.с. басқа 
түрдегі 
тапсырмалар 
оқушының 
жоғарыдағы 
«тақырыптың 
басты 
идеясын» 
жазған 
жауабына 
қойылады) 
Сөзжұмбақты шеш: «өнер» 
1.
 
Орталық Қазақстанды мекенденген тайпа? 
2.
 
Теңіздің арғы жағындағы сақтар? 
3.
 
 
«Персеполь» «Бехистун» жазуларында тур 
тайпаларының ортақ атауы? 
4.
 
Каспийдің солтүстік-батысын мекендеген тайпа? 
5.
 
Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпасы? 
6.
 
Исседондардың солтүстік-батысында мекендеген 
көршілері? 
 
и  с 
С  е  д  о  н   
п  а  р  а  д 
А  р  А  й  я 
 
с  а 
Қ  а   
с  а  р  м  а 
Т   
 
А  р  и  м  а  с  п  ы 
а 
Р  г  и  п  п  е  й 
Оқулықпен  жұмыс  (5  минут):  төмендегі  «Қолдану»  және  оқушының 
тақырып  мазмұнына  «Баға  беруі»  тәсілдеріне  сәйкес,  яғни  рефлексия 
жасауға,  эссе  жазуға  арналған,  практика  жүзінде  бекіту  тапсырмалары 
орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады. 
Практикасы: 
«Қолдану» 
(оқулықпен 
жұмыс 
жүргізу 
барысында 
тек 
қарапайым 
тапсырмалар 
мен бекіту жүргізіледі. 
Дайын 
формулалар 
арқылы 
есептер 
шығару орындалады) 
Сәйкестендіру тесті: 

Бесоба 
А аргиппей 

Шілікті 
Б аримаспы 

Бесшатыр 
В сармат 

Берел 
Г 

Есік 
д тигрохауда 

Аралтөбе 
е апасиак 

Байгетөбе 
 

Мұртты обалар 
Жисседон 
 
Бабіш молда 
з савромат 
 
(1-
б, 2-д, 3-а, 4-е, 5-ә, 6-з, 7-в, 8-г, 9-ж.) 
Практикасы:  «Баға  беру» 
(
Сен  қалай  ойлайсың?  Не 
Сен қалай ойлайсың
Ерте  темір  дәуірі  тайпаларының  Еуразия 
216 
 

істер 
едің? 
деген 
тапсырмалар 
оқушыға 
жоғарыда  алған  білімін 
(теория  бойынша)  және 
біліктілігін  (практикасы 
бойынша) 
өмірдегі 
жағдаяттарды 
шешуге 
бағытталып қойылады 
халықтары мәдениетіне әсері қандай болды? 
Сақ, сармат тайпалары Еуропа, Азия жеріндегі 
елдермен  тығыз  қарым-қатынаста  болды,  оған 
дәлел  –  сақ,  сармат  қорымдарынан  табылған 
түрлі  әшекей  бұйымдар,  шыны  ыдыстар  т.б. 
заттар. 
ІІІ  кезең  (кері  байланыс  –  бағалау  кезеңі):  жеке  жұмыс.  Жоғарыда 
меңгерген  мазмұнды  үш  деңгейге  іріктеп  (әр  деңгейдің  білімділік, 
біліктілік,  яғни  құзыреттілік  деңгейін  анықтайтын  тапсырмалар)  оларды 
біртіндеп  орындату  арқылы  балл  жинату  барысында  оқушының 
құзіреттілік  деңгейін  анықтап,  әділ  бағалау  жүзеге  асырылады.  Бұл 
тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 
минутында  орындайды  +  3  минут  қорытынды  жасалады.  Қалған 
тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. 
 
І деңгей (5 балл) 
Теориясы: 
«Білу» 
(тақырып 
мазмұны 
бойынша  Кім? 
Не?  Қандай? 
Қалай?  Нені? 
Қашан? 
Не 
істеді?  сияқты 
сұрақтарға 
жауап  беретін 
толық 
ақпараттар 
іріктелініп  ІІ 
кезеңдегіге 
қарағанда 
керісінше 
қойылады)  
1-
тап:Сұрақтарға жауап бер. 
1
.Сарматтардың  басқа  елдермен  байланыста  болғанын  не 
дәлелдейді?  Ж.Қорымдардан  табылған  әшекей  заттар
шыны ыдыстар тағы басқа жәдігерлер сарматтардың басқа 
өркениеттермен байланыс орнатқанын көрсетеді. 
2
.Сақ  қоғамында  қанша  әлеуметтік  топ  болды?  Ж.  Сақ 
қоғамында  негізгі  үш  әлеуметтік  топ  болды-абыздар
көсемдер  мен  жауынгерлер  және  қауымның  еркін 
мүшелері. 
3
.Сақтар  туралы  негізгі  дерек  көздері  қай  елдерде 
табылды?  Ж.  Сақтар  туралы  құнды  деректер  ежелгі  грек
рим, парсы жазбаларында кездеседі. 
4
.Сақ  қоғамында  ерлер  мен  бірге  әйелдер  де  жауынгер 
болғанын  не  дәлелдейді?  Ж.  Ерлер  мен  қатар  әйелдер  де 
қаруымен жерленген.  
Практикасы: 
«ҚОЛДАНУ»  
(ІІ кезеңдегіге 
қарапайым 
тапсырмалар 
үлгісіндегі 
тапсырмалар 
орындалады) 
5-
Топтастыр
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сақ 
қорымдары 
Есік 
Шілікті 
Бесшатыр 
Берел 
Аралтөбе 
Тарбағатай 
217 
 

 
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл) 
Теориясы: 
«Түсіну» 
(
неге? 
Неліктен? 
Себебі? Не 
үшін? 
сұрақтары 
оқушының 
жоғарыда 
берген 
жауаптарына 
оларды 
тереңдету 
үшін 
қойылады) 
1
.Жаяу  Мұсаның  түрмеге  отыру  себебі  неде?  Ж:  Себебі, 
Жаяу Мұса өзінің өнерімен әлеуметтік әділетсіздікке қарсы 
әрекеттер жасайды. Осы мәселе оның әйгілі «Ақ сиса» атты 
әнінде  айқын  көрініс  табады.  Осыған  байланысты  Жаяу 
Мұсаға патша саясатына наразы адам деген айып тағылып, 
Тобылға жер аударылды. 
2.
Не үшін Нұрмағамбет Баймырзаұлын Балуан Шолақ деп 
атап кеткен? 
Ж. Себебі, алып күш иесі және қолының саусақтары үсіп 
қалған екен.  
3.
Ақжігіт  Қорамсаұлын  не  себепті  халық  Ақан  сері  деп 
атаған?  Ж.  Қазақтың  дәстүрлі  сал-серілік  әдет-ғұрпын 
барынша сән-салтанатпен ұстаған Ақжігіт жүйрік ат,қыран 
бүркіт,  құмай  тазы  баптап,аңшылық  дәстүрді  кәсіп  еткені 
үшін,халық оны қадірлеп «Ақан сері»деген ат берген. 
4. 
Ықыластың «Жарым патша»деген күйін не үшін жазған? 
Ж.  Ықылас  «Жарым  патша»  күйін  тәкаппар,  менменсіген 
байларды кекетіп шығарған. 
Теориясы: 
«Талдау» 
(1.
Салыстыр, 
2.Айырмашыл
ығы неде? 
3.Ұқсастығы 
неде? 
4.Тақырыпты
ң басты 
идеясын жаз 
деген 
тапсырмалар 
болу керек. 
Немесе 1-3 
тапсырмалар 
ды Венн 
диаграммасы 
арқылы 
қамтуға 
болады. 
Сематикалық карта:+белгісін қою арқылы белгіле. 
 
ескерткіш 
атаулары 
Аргип 
пей 
Арима 
спы 
Тигро 
хауда 
Сар 
мат 
Иссе 
дон 
«Бесоба» 

 
 
 
 
«Бесшатыр» 
 
 
 
 
 
«Шілікті» 
 
 

 
 
«Берел» 
 
 
 

 
«Аралтөбе» 
 

 
 
 
«Есік» 

 
 
 
 
«Бәйгетөбе» 
 

 
 
 
«Боралдай» 
 
 
 
 

«Сынтас» 
 
 

 
 
Практикасы: 
«ҚОЛДАНУ»  
(ІІ кезеңдегіге 
қарапайым 
тапсырмалар 
Өз біліміңді тексер: «ия» немесе «жоқ» деп белгілеу 
арқылы.  
1.
 
Гректер сақтарды «скиф» деп атаған. ия жоқ 
1 1 
2.
 
Исседондар Жетісуды мекендеген. 
218 
 

үлгісіндегі 
тапсырмалар 
орындалады) 
Петропавлда,  Көкшетауда  көрмеде  жұртқа  таныстырылды 
2 2 
3. Сақтарда үш әлеуметтік топ болды 3 3 
4. Шілікті қорымы Батыс Қазақстанда табылды. 
4
 
 4 
5. «Алтын адам»Есік қорымында табылды. 
5 5 
6. Сақтарда мүлік теңсіздігі болған жоқ 
6. Сарматтар Скифияны жаулап алды. 6............6 
 
 
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл) 
Теориясы:  «Жинақтау» 
(Қорытынды  шығаруға 
бағытталған:  мазмұнды 
жүйеле,  анықтама  бер, 
кесте,  сызба,  ребус 
шеш.  Деген  сөздер 
тапсырма 
шартында 
болу керек) 
1.
 
Сақ, 
сармат 
тайпалары 
басқа 
өркениеттермен  тығыз  байланыс  орнатқан,  өз 
басқарушысы, әскері, діні, байлары мен кедейлері 
бар әскери-демократиялық мемлекеттер болған. 
2. Ерте темір дәуіріндегі Қазақ жерін мекендеген 
тайпалар  мол  мұра  қалдырды.  Оған  дәлел  – 
Есіктен  табылған  «алтын  адам»,  Шығыс 
Қазақстандағы «патша қорғандары». 
Практикасы:  «Баға беру»  (Сен 
қалай  ойлайсың?  Не  істер 
едің? 
деген 
сияқты 
тапсырмалар 
өмірдегі 
жағдаяттарды 
шешуге 
бағытталып қойылады. 
Сен қалай ойлайсың? 
Сарматтардың  сақтармен  байланысы 
болды ма? 
Сарматтардың  шығыс  тобының  тарихы 
Орталық  Азия  мен  Хорезм,  Сырдария 
бойы сақтарымен байланысты болды. 
 
Ақтөбе  облысы  Қарғалы  ауданы  Ш.  Қалдаяқов  ауылындағы  В.И.Пацаев 
атындағы  орта  мектептің  20  жылдан  бері  ұстаздық  етіп  келе  жатқан 
Тәңірбергенова  Айжан  Жаймұратқызы  «Үш  өлшемдік  оқыту»
 
технологиясын 
биология  сабақтарында  тиімді  қолданып  келеді.  Оқушылары  өзінің  шамасы 
жетерлік, өзі меңгере алатын тапсырманы орындап, өзін-өзі бағалай отырып, өз 
жұмысына  өзі  қорытынды  шығарады.  Оқушының  оқу  процесінде  өздігінен 
білім  жинап,  белсенді  түрде  өз  бетінше  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік 
беріледі. Бақылау жұмыстарында оқушы өзіндік жұмыстарды орындау арқылы 
білімін дұрыс бағалайды. Үш өлшемдік технологияның тиімділігі: оқу үрдісінің 
негізгі  жетістіктерімен  олардың  арасындағы  байланыстарды  жүзеге  асыру; 
оқушыларға  деңгейлік  тапсырмаларды  беруде  оның  мүмкіндігін  ескеру; 
қабылдауы мен сұранысына жауап беруде сыйластықпен қарау; оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамытуға  түрткі  болу  және  дамыту,  өз  бетінше 
жұмысқа дағдыландыру, оқушының жеке қабілетін анықтауға мүмкіндік беру. 
Мұғалім  бұл  технологияны,  белгілі  бір  тарауды  аяқтағаннан  кейін,  әсіресе 
қорытынды сабақтарға, бақылау жұмыстарына қолдану тиімді деп санайды.  
Зулкашева  Айзада  Дуйсенбайқызы  Атырау  облыстық  дарынды  балаларға 
арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының биология пәнінің 1-
219 
 

санатты  мұғалімі.  Технологияны  қолдануда  оқушылары  да,  мұғалім  өзі  де 
көптеген  жетістіктерге  жеткен.  Биология  пәні  бойынша  жыл  сайын 
оқушылардың  білім  сапасы  100  %-ды  көрсетіп  жүр.  Оқушылары  облыстық, 
республикалық және халықаралық байқаулардан орын алып жүр. 2011-2012 оқу 
жылында  шәкірті  «Жайық  өзенінің  төменгі  ағысындағы  бекіре 
тұқымдастарының  таралуы  мен  тұрақтандыру  жолдары»  тақырыбы  бойынша 
облыстық ғылыми жоба жарыстарына қатысып – ІІІ орынды, «Жоғары сапалы 
ауыз  су  –  денсаулық  кепілі»  тақырыбы  бойынша  –  І  орынды,  «Құрманғазы 
ауданының ауа бассейнінің қазіргі жағдайы» тақырыбы бойынша ІІІ орындарды 
иеленді.  Оқушысы  республикалық  ғылыми  жоба  бойынша  ІІІ  орынмен 
марапатталды. 2014-2015 оқу жылы шәкірті «Атырау облысы бойынша асқазан-
ішек жолдарының үдемелі ойық жара ауруларының негізгі себептері және оның 
алдын алу жолдары» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми жоба жарысынан 
ІІІ орынды иеленді. Халықаралық ғылыми жоба жарысынан Елеубаева Мадина 
мен  Амангелдиева  Нұрайна  «Ғарыш  кеңістігіндегі  ғарыш  қалдықтары,  ғарыш 
транспорттарының  Жер  атмосферасына  әсері  және  оны  шешу  жолдары» 
тақырыбы бойынша ІІ орынға ие болды. 2011 жылы «Дарындылық мәселесіне 
жаңаша көзқарас» жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 
қатысып,  «Оқушылардың  дарындылығы  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру  жолдары»  тақырыбындағы  баяндамасы  дарынды  балаларға  арналған 
білім  беру  ұйымдарының  іс-тәжірибесі  жинағына  енді.  «Қанайналым  жүйесі 
және  жүрек  қызметі»  тақырыбында,  «Электронды  тест  тапсырмалары»  атты 
Front  Page  бағдарламасы  бойынша  8  сыныптарға  арналған  электронды 
оқулықтары және биология пәні бойынша флипчарттар жинағын құрастырып, 
сабақтарында  тиімді  пайдаланып  жүр.  «Биология  және  салауаттылық  негізі» 
ғылыми-педагогикалық  журналдың  2012  жылдың  2  санында  «Танымдық 
тапсырмалар»  атты  еңбегі  жарық  көрді.  2013-2014  оқу  жылында  «Өрлеу» 
біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы  акционерлік  қоғамы  «Білім  беруде 
рухани  тәрбиенің  маңыздылығы:  ізденістер  мен  тәжірибелер,  жаңа  бағыттар» 
облыстық  ғылыми-практикалық  конференциясына  қатысып,  «Өзін-өзі  тану 
арқылы  адамгершілік-рухани  құндылықтардың  жаңаруы»  тақырыбындағы 
баяндамасы  жинағына  енді.  2014-2015  оқу  жылында  «Өсімдіктер 
физиологиясы»  тақырыбы  бойынша  элективті  курсқа  арналған  авторлық 
бағдарламасы  жарыққа  шықты.  Биылғы  оқу  жылында  «Үздік  авторлық 
бағдарлама» облыстық байқауға қатысып, І орынды иемденді. «Жыл мұғалімі-
2015»  облыстық  байқауында  «Жаңашыл  мұғалім»  номинациясымен 
марапатталды.  Сабақта  жаңа  технология  бойынша  әдістемелік  жүйенің  басты 
компоненті  –  дамыта  оқыту.  Негізгі  мақсат  –  жан-жақты  дамыған  тұлға 
қалыптастыру. Бұл үшін мұғалім жаңашыл, шығармашыл болуы керек. Айзада 
Дуйсенбайқызы  оқушыны  пәнге  қызықтырумен  қатар,  саналы,  салмақты 
ойлауға,  өз  ойын  қорытуға,  өз  бетінше  ізденуге  тәрбиелейтін  Ж.  Қараев  пен 
Ж. Кобдикованың  оқытудың  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі»  педагогикалық 
технологиясының  әдіс-тәсілдерін  биология  сабақтарында  қолдану  тиімді  деп 
санайды.  Бұл  технология  оқушылардың  әр  түрлі  іс-әрекет  түрлерінде  өзін-өзі 
220 
 

байқау  мүмкіндігі  арқылы  болашақ  қызмет  аясын  саналы  түрде  таңдап  алуы 
үшін жақсы мүмкіндіктер туғызады деп есептейді.  
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №14 орта мектебінің биология пәнінің 
жоғары  санатты  мұғалімі  Макратова  Динара  Манарбекқызының  іс-
тәжірибесінен.  Қазіргі  таңда  еліміздің  мектептерінде  дүниежүзілік 
тәжірибелерде  өзін  ақтаған  оқыту  технологияларымен  қатар,  қазақстандық 
педагог-ғалымдардың да технологиялары белсенді түрде қолданып жүр. Соның 
ішінде профессор Ж.А. Қараевтың «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» 
педагогикалық  технологиясын  Динара  Манарбекқызы  өзінің  іс-тәжірибесінде 
қолданып  жүр.  ҮӘЖ  педагогикалық  технологиясы  бойынша  сабақты  өту 
барысы  төмендегідей  болуы  шарт.  I  кезеңнің  (5  –  7  минут)  мақсаттары: 
а) Ұйымдастыру  (үй  жұмыстары  тексеріледі);  б)  алдыңғы  өткен  тақырып 
бойынша  берілген  деңгейлік  тапсырмаларды  аяқтау  дәрежесін  тексеру  (алған 
ұпайлар  саны  қосылып,  журналға  тиісті  бағасы  қойылады);  в)  «Көпір» 
тапсырмалары тексеріледі. Бұлар – өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа 
негіз  болатын  тапсырмалар.  II  кезең  (20  –  25  минут).  а)  Өз  бетімен  жаңа 
тақырыпты  менгеру  (5  –  7  минут).  Оқушыға  зерттеушілік  әдістін  алгоритмі 
бойынша  іріктелген  сұрақтарға  жауап  беру  ұсынылады;  б)  жұмыс  нәтижесін 
мұғаліммен бірігіп талқылау (5 – 7 минут). Негізгі мақсат – ой туғызу, оқушыға 
өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру; в) алған жаңа теориялық 
білімді практика жүзінде пысықтау, жаттығулар орындау, мысал есептер шешу. 
(8 – 
10 минут). (Жаңа тақырып бойынша баға қойылмайды, ол үшін төмендегі 
үшінші  кезең  ұйымдастырылады.  Мұндай  әрекет  технологияның  басты 
ерекшелігі болып табылады). III кезең (кері байланыс) – технология бойынша 
нәтижеге  бағытталған  бөлім.  (12  минут  +  3  минут  қорытынды  шығаруға 
арналады). Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: 1) деңгейлік тапсырмаларды орындау 
барысында  II  кезеңде  алған  білімдерін  дәлелдеп,  қабілетіне  қарай  тереңдету, 
оқу  жетістіктерін  12  -  ұпайлық  рейтинг  жүйесі  бойынша  әділ  бағалау  болып 
табылады.  2)  Оқушыларға  үш  деңгейлік  тапсырмалар  ұсынылады  Мұғалім  өз 
тәжірибесі  арқылы  үлгерімі  нашар  оқушылардың  өзі  ең  болмағанда 
«оқушылық»  деңгейіне  сәйкес  білімді  толық  меңгеретініне  көз  жеткізді. 
Оқушының даму бағдары анықталып, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, 
өзін-өзі  жетілдіріп,  өзін-өзі  тәрбиелеуші  тұлға  қалыптасады.  3)  Саралап-
деңгейлеп  оқыта  отырып,  оқушылардың  орындаған  тапсырмалары  арқылы 
олардың  оқудағы  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Мұғалім  оқу  материалының  оқушы  үшін  қай  жері  қиындық  туғызғанын 
анықтап,  қосымша  тапсырмалар  арқылы  білім  деңгейін  арттыруға  жағдай 
жасайды.  4)  Олимпиадаға,  ғылыми  жобаға  қатысатын оқушыларды  анықтауға 
мүмкіндік туғызады. 5. Журналда баға қоры толық болады.  
Мысабаева  Ұлмекен  Дайрабайқызы  –  Қызылорда  қаласы  №10  орта 
мектебінің биология пәні мұғалімі, еңбек өтілі 20 жыл. «Оқытудың үшөлшемді 
әдістемелік жүйесі» технологиясымен 2008 жылдан бері жұмыс істеуде.
 
Балаға 
білім  деңгейіне  байланысты  үш  деңгейлік  тапсырма  беру  арқылы  білімдері 
бағаланады.  Бірінші  деңгейді  орындамай,  екінщі  деңгейге  көшпейді, 
221 
 

оқушылардың  білімі  толық  бағаланады.  Оқушылардың  білім  сапасына  әсер 
етіп,  білім  алуына  толықтай  септігін  тигізді.  Оқушылардың  білім  сапасы 
көтерілді. Әр оқушы өз деңгейі бойынша жұмыс жасай біледі. «Оқытудың үш 
өлшемді  әдістемелік  жүйесі»  технологиясының  жұмыс  жасау  барысында 
оқушылардың білімін тексеруде көп пайдасы бар. Әр оқушының білім деңгейі 
анықталып,  олардың  тақырыпты  меңгеруіне  деңгейлік  тапсырмалардың  әсері 
зор.  Бұл  технологиямен  жұмыс  жасау  мұғалімге  өте  ұнайды, 
шығармашылық шабыт береді.  
Караевтың  «Деңгейлеп  оқыту»  технологиясын  Ақтөбе  қаласындағы 
Ақтөбе  облыстық  мамандандырылған  физика-математикалық  мектеп 
интернатының физика пәні мұғалімі Костанова Айымгул Шеркешбайқызы 2010 
жылдан  бастап  қолданып  келеді.  Мұғалім  аталған  технология  бойынша
 
оқушыларға деңгейлеп тапсырма беру арқылы білімін бағалауға және біліктілік 
деңгейін  байқауға  үйретеді.  Сонымен  қатар,  оқушының  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыруға,  білім  алуға  деген  саналы  көзқарастарын, 
танымдық,  ізденімпаздық  қабілеттерін  қалыптастыруға,  өз  бетінше  жұмыс 
жасауға  үйретеді.  Нәтижесінде  оқушылардың  ақыл-ой,  еңбек,  адамгершілік, 
ұйымшылдық,  эстетикалық  тәрбиесі  қалыптасып  отырады.  Ақыл-ой  тәрбиесі 
оқушылардың ғылыми жүйесін дамытады. Осының негізінде олардың ғылыми 
көзқарасы,  зерттеушілік  қабілеті,  танымдық  іс-әрекеті  қалыптасады,  бақылау, 
жазып алу, өзін-өзі дамыту дағдыларын игереді.  
Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Мыңбаев  ауылындағы  орта  мектеп, 
мектепке  дейінгі  шағын  орталығының  физика  пәнін  оқытатын  Сағатбекова 
Әсем  Ошанбайқызы  –  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  зор  мүмкіндіктерін 
2015  жылдан  бастап  қолданып  келе  жатқан  ұстаздардың  бірі.  Әсем 
Ошанбайқызы  бұл  технологиясының  тиімділігіне  іс  жүзінде  көз  жеткізді: 
Мұғалім жедел ойлаушы шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушы, нақты 
бағыт-бағдар  беруші  болып  табылады.  Мұғалім  оқушылардың  бойында 
көшбасшылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық 
белсенділіктің  жоғары  сатысына  шығаруды  және  ізденуді,  білуге  үйретіп, 
қалыптастырды.  Бұл  технология  арқылы  оқушылардың  құзыреттілігін  дұрыс 
дамытып, оны іс-тәжірибеде пайдалануын, қолданылуын үйретті.  
Осы  технологияны  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Алматы  облысы 
Жамбыл  ауданы  Үмбетәлі  Кәрібаев  атындағы  орта  мектептің  шет  тілі  пәні 
мұғалімі  Қосжанова  Гүлнар  Шарипбайқызы.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін 
оқытуда  оқытудың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйесі»  технологиясын 
қолданады.  Бұл  технологияда  әуелі  күнтізбе  жоспары  құрылады.  Ол  үшін 
дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын 
«Модуль»  деп  қарастырып,  оның  құрылымы  анықталады,  әр  модульдің 
соңында үш сабақ ерекше болады: қорытынды өзіндік жұмыс сабағы; қатемен 
жұмыс  сабағы;  бақылау  жұмыс  сабағы.  ҮӘЖ  пед.технологиясында  деңгейлік 
тапсырмалар орындалады, оқушылар өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады, 
балдықжүйемен  бағаланады.  Нәтижесінде  оқушылардың  оқуға  деген 
қызығушылығы артты, білім сапасы артады. Өзін-өзі бағалауға, жұппен жұмыс 
222 
 

істеуге,  тиянақтылыққа  тәрбиеленеді  Өз  бетінше  ізденіп  жұмыс  істеуге,  ойын 
толық жазуын, өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді. ҮӘЖ пед технологиясы 
бойынша  нақты  білімі  бағаланады,  ашық  журнал  арқылы  әділ  бағаланады, 
жұмыс дәптерлер де оқушылар мен мұғалімдерге жұмыс жасаған тиімді, әрбір 
оқушының  үш  деңгейлік  тапсырмаларды  біртіндеп  орындауына  жағдай  жасау 
арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамытуға болады.  
Осы  технологияны  сабақта  қолданып  жүрген  Талдықорған  қаласы  №24 
мектептің  шет  тілі  пәні  мұғалімі  Сансызбай  Жарқын  Сансызбайұлы  «Үш 
өлшемді  әдістемелік  жүйе»  педагогикалық  технологиясының  тиімділігі: 
оқушылардың  өздігінен  білім  алуына,өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі  тәрбиелеуге 
жан-жақты  мәдениетті  шығармашыл,  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыруда 
маңызы зор екенін айтады. Үш кезең бойынша берілген тапсырмалар бойынша 
өз бетімен жұмыс жасауға, жақсы ұпай жинауға, жинақылыққа, шапшаңдыққа, 
білімділікке  ұмтылдырады.  Әр  оқушы  барлық  пәнен  екіліксіз  оқуға  кепілдік 
алды.  Оқушының бір  бағытта болса да,  қабілеті  ашылды. Дарынды бала жан-
жақты  оқуға  мүмкіншілік  алды.  Балл  жинау  арқылы  оқуға  деген 
қызығушылығы  артты.  Білім  дайын  күйінде  ұсынылмайды,  бала  тыңдаушы, 
мұғалім-информатор емес, керсінше бала – зерттеуші, ізденуші, мұғалім оқушы 
іс-әрекетін  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші.  Сабақтың  алғашқы  ізденіс 
кезеңінде  жаңа  ақпарат  жайлы  не  білетіндіктерін  ортаға  салып,  мәселені  өз 
беттерінше  шешуге  талпынады.  Әр  оқушының  өзінің  деңгейіне  дейін,  дамуға 
қол  жеткізе  алады.  «Жақсы»  не  «жаман»  ұғымының  болмауы  балаларды 
танымдылық  әрекеттерге  ұмтылдырады,  құштарлығын  арттырады.  УӘЖ 
технолгияларын  оқыту  әдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс  жасауына  ықпал 
етеді.  УӘЖ  технологиясы  бойынша  үш  деңгейдегі  тапсырмалардың  нәтижесі 
болуы  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы  жаңаша  қарым-қатынас  арқасында 
ғана өз жемісін береді.  
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №13 гимназияның қазақ тілі пәнінің 
мұғалімі Айтжанова Шынар Қуатбайқызы «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік 
жүйесі» педагогикалық технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап мектептің 
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес 
қосып  келеді.  Профессор  Ж.Қараевтың  «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік 
жүйесі»  педагогикалық  технологиясы  жаңаша  өзгерген  мақсатпен 
оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-әрекеттерін  меңгертуді  талап  етеді. 
Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне  аса  назар  аударады.  Аталған  технология  бойынша  күнтізбелік 
жоспарды  жасау  барысында  ең  алдымен  барлық  тақырыпты  модульге  бөлу 
керек.  Модуль  дегеніміз  не?  Модуль  –  бұл  үлкен,  ауқымды  тақырып  немесе 
бірнеше параграфтан тұратын тарау. Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау 
(немесе  модуль)  үш  қорытынды  сабақпен  аяқталады:  1.  Деңгейлік 
тапсырмалардан  тұратын  тақырыптық  өзіндік  жұмыс;  2.  Қатемен  жұмыс 
(Коррекциялық); 3. Деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы. Бұл 
технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір 
сағат  өзіндік  жұмысқа  және  бір  сағат  қатемен  жұмысқа  бөліну  керек.  Бұл  екі 
223 
 

сағатты  бағдарлама  бойынша  берілген  жалпы  сағат  көлемінен  мазмұны  бір-
біріне  жақын  тақырыптарды  біріктіру  арқылы  шығаруға  болатынын  айтады. 
Нәтижесінде  бұл  әдіс  оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне,  сөйлеу 
шеберлігінің  артуына,  оқушының  өз  бетімен  жұмыс  жасауына  үлкен  ықпал 
етеді.  Осы  технологияны  оқу  үрдісіне  енгізу  барысында  білім  сапасының  да 
айтарлықтай  артқаны байқалды.  Өткен  оқу  жылының  қорытындысы бойынша 
мектебімізде  1  тоқсан  аяғында  оқу  сапасы  70%  болса,жыл  соңында  95%-ға 
жетті.  Деңгейлеп  оқыту  барысында  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеті 
жақсарып,өз  эмоциясын  өзі  басқара  білетіні,қабылдауының  күшеюі,зейінінің 
тұрақтылығы,ойлауы дамитыны анық байқалған.  
Ақтау  қаласы  №11  мамандандырылған  физика-математикалық  мектепте 
физика  пәнін  оқытатын  мұғалім  Абылгазиева  Саруа  Кабдуловна  интерактивті 
оқыту  технологиясымен  2008  жылдан  бастап  қолдануда.  Бұл  технология 
оқушыларды  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  дамыта  оқыту 
арқылы,  өз  бетімен  іздендіруге  жағдай  жасайды.  Нәтижесінде  оқушылардың 
жаңа  білім  меңгеруге  деген  ынтасы  артты.  Осыдан  білім  одан  әрі  бекіді, 
оқушылардың  үлгерімдері  жақсарып,  білім  сапасы  артты.  Пәндік 
олимпиадаларға,  ғылыми  жобалар  байқауына  қатысып,  жүлделі  орындарға 
ие болды.  
Ақтөбе  облысы,  Шалқар  қаласы  №6  Шалқар  орта  мектебінің  бастауыш 
сынып  мұғалімі  Еришова  Асемгүл  Сарсенғалиқызы  өз  сабақтарында 
қолданатын  үшөлшемдік  әдістемелік  жүйесі  технологиясы  туралы  былайша 
сипаттайды:  I  кезеңде  көпір  тапсырмалары  беріледі,  жаңа  тақырыпқа  кіріспе 
ретіндегі  өткен  тақырып  бойынша  тапсырмалар  алынады.  Мұғалім  жүйелі 
түрде  өткенді  пысықтауға  арналған  тапсырмаларды  орындауды  талап  етіп 
отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге 
мәжбүр  болады,  нәтижесінде  әрбір  оқушының  белсенділігі  мен 
жауапкершілігінің  артатындығын  айтады.  Осы  технологияны  қолданудың 
нәтижесінде  мұғалім  жаңа  тақырыпты  дайын  түрде  бермей,  оқушылардың 
өздеріне  күш  салып,  қаншалықты  меңгергендігін  қадағалайды.  Ол  тек 
көмектеседі, қосымша фактілер береді, демек мұғалім оқушылардың танымдық 
қызметін  тек  басқарады,  бағыт-бағдар  береді.  Оқу  жетістіктерін  12  ұпайлық 
жүйесі  бойынша  әділ  бағалау  болып  табылады.  Оқушыларға  үш  деңгейлік 
тапсырмалар  беріледі.  Сабақ  барысында  әр  деңгей  тапсырмасының 
дұрыстығын  тексергеннен  кейін  ,  тақтада  ілініп  тұрған  «Ашық  журналға»  + 
белгісін  оқушылардың  өздеріне  қойғызып  отырады.  Оның  ерекшелігі,  әрбір 
тарау  немесе  модуль  үш  қорытынды  сабақпен  аяқталады:  өзіндік  жұмыс, 
коррекциялық  жұмыс,  бақылау  жұмысы.  Оқушының  қабілетіне  қарай  білім 
алуын,  оны  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын 
жаңартылған технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасау керектігін айтады.  
Ақтөбе  қаласы  №37  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі  Абуова 
Карлыға Коғабайқызы деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында ұнайтыны – 
сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. 
Мұғалім бұл технологияны 2012 жылдан бері қолдануда. Мұғалім оқушының өз 
224 
 

бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  аса  назар  аударады.  Бұл  технологияда 
болашақта оқыту мен тәрбиелеуді, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып, 
дамытуды,  ғылыми  жетістіктер  мен  педагогикалық  тәжірибелерді  жаңартуға, 
мұғалімдерді  ақпараттық  қамтамасыз  етуді,  біліктілігін  үздіксіз  көтеруді 
қажет етеді.  
Атырау  қаласының  №9  Ш.Уәлиханов  атындағы  орта  мектептің  шет  тілі 
пәнінің  мұғалімі  Масабаева  Айнұр  Серікқызы  ағылшын  тілі  сабағында  3 
өлшемді  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып,оқушылардың  деңгейлік 
тапсырмаларды орындау арқылы ағылшын тілінің білімі жақсарғанын айтады. 
Нәтижесінде  оқушылардың  білім  деңгейі  артқан,  деңгейлік  тапсырмаларды 
орындай отырып оқушылар жоғары баға алуға ұмтылады. Мұғалім үш өлшемді 
технологияны  қолдануда  оқушылардың  ойлау  дағдысы  қалыптасып,  еркін 
сөйлеу, өз ойын жеткізу қабілеті жақсарды деп мәлімдейді.  
Қарағанды қаласы №92 гимназияның жоғары санатты, тәжірибелі мұғалімі 
Жексенбина  Нұргүл  Бахарамқызы  5-7  сыныптардың  информатика 
сабақтарында  деңгейлеп  оқыту  технологиясын  қолданады.  Деңгейлік-саралап 
оқыту  технологиясы  –  оқушының  туа  біткен  ақыл-ой  қабілетінің  жеке  даму 
жан-жақтылығына  негізделген  білім  беру  жүйесі.  Бұл  технологияда  бірінші 
орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар 
аударады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана 
отырып,  білім  алуына  жағдай  жасайды.  Әртүрлі  деңгейдегі  балаларға  бірдей 
зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін 
оқушы  деңгейден  шығармашылық  деңгейге  жетелеу  оқушылардың  өз 
бетінше,ізденуіне  жол  ашады,  шығармашылық  жұмыстарға  баулиды,  қиялын, 
ойын ұштайды.  
Оқушының білімді меңгеру сатысы: 1. Шығармашылық; 2. Эвристикалық; 
3. Алгоритмдік; 4. Оқушылық деңгей. Оқушылардың шығармашылық қызметін 
дамыту үшін: Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер, логикалық есептер). 
Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясының  басты  мақсаты  –  сынып 
оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмайды. Бұл 
әдістің  тиімділігі  оқушы  жаңа  тақырыптан  алған  білімін  бекітіп,  практикада 
қолдана  білуге  жаттығады,  жеке  баға  үшін  оқып  жүруден  құтқарады,  түсініп 
оқуға ұмтылады, бір сабақтың үстінде берілген материалдарды толық қамтуға 
мүмкіндік  туады,  өз  бетімен  шешім  қабылдауға  дағдыланады.  Деңгейлік 
тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылығыда арта 
түседі.  Атап  айтсақ,  информатика  пәні  бойынша  оқушылардың  түрлі 
сайыстарға,  ғылыми  конференцияларға  және  де  олимпиадаларға  қатысып, 
жүлделі орындарды иеленіп, жетістіктерге жеткізіп отырды. Д. Пойа айтқандай, 
«Егер  мұғалім  өз  пәніне  шын  ықыласымен  берілсе,  онда  бүкіл  сыныпта  бұл 
пәнге ынтасымен берілетін болады. Расында да, пәнді сүю және оны терең білу-
мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген 
қызығушылығын  өз  оқушыларының  бойына  сіңіре  білу  қажет.  Жалпы 
технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген 
оқу-танымдық  қызығушылығын  арттыруға,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  білім 
225 
 

алуына  көп  әсерін  тигізеді.  Ұсынысы:  Заман  талабына  сай  білімді,  білікті, 
шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.  
Қостанай  облысы,  Әулиекөл  ауданы  №2  Аманқарағай  орта  мектебінің 
Кужахметова  Анар  Қасымжомартқызы  физика  пәнін  деңгейлеп  оқыту 
технологиясын 
пайдалана 
отырып 
оқытады. 
Деңгейлеп 
оқыту 
технологиясының  мақсаты  білім  алушының  жеке  басының  дара  және  дербес 
ерекшеліктерін 
ескеріп, 
өз 
бетінше 
ізденуін 
арттыра 
отырып, 
шығармашылығын  қалыптастыру  болып  табылады.  Кужахметова  Анар 
Касимжумартовна  осы  технологияны  қолдана  отырып,  нәтижесінде 
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты, сапасы I тоқсанда 46,2 %-
ды  құраса,  III  тоқсанда  60,8%-ды  құрады.  Оқыту  технологияларын  сауатты 
қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатынын 
мұғалім іс-жүзінде дәлелдеуде.  
Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, № 2 орта мектебінің бастауыш сынып 
мұғалімі  Сәрсембина  Зинагүл  Евентайқызы  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйе 
(ҮӘЖ)»  технологиясының  жоғары  сұранысқа  ие  екенін  түсіндіреді.  Отандық 
педагогикалық  технологиялардың  ішінен  жоғары  суранысқа  ие  болып  жүрген 
технологиялардың  бірі  педагогика  ғылымының  докторы  Ж.  Караевтың 
оқытудың  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясын  деңгейлік 
бағдарлама  бойынша  ІІ  (негізгі)  деңгей  курсынан  өтіп,  өз  сабақтарында 
қолданып жүргенін айтады. ҮӘЖ технологиясы негізінде тақырыпты меңгеру 
екі бөлімнен түрады. Бірінші синектикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші 
кезеңде  ұйымдастыру  жұмыстары  жүргізіледі,  үй  жүмысы  тексеріледі,  жаңа 
тақырыпқа көшу үшін проблемалық ситуация анықталады. Екінші кезең жаңа 
тақырып  бойынша  анықталған  проблеманы  шешуге  арналады.  Бұл  кезеңде 
оқушылар  топтық  жұмыс  барысында  түрлі  интербелсенді  әдістер  арқылы 
тақырыпты  өздігінен  меңгереді.  Бұл  әдіс  қадамдарының  орындалу  реті 
Б. Блумның  «Толық  меңгерту  теориясындағы»  аралық  мақсаттардың  ретімен 
сәйкес келеді. Бірақ, мұнда олардың реті ауыстырылады: білу, түсіну, қолдану, 
жинақтау,  қолдану,  баға  беру.  Негізінде  алдымен  мақсаттар  тізбегіндегі 
алғашқы  төрт  қадам  арқылы  тақырыптың  теориялық  бөлімін  меңгерту,  содан 
кейін  оны  практикада  бекіту  көзделеді.  Тақырыпты  меңгерудің  нәтижеге 
бағытталған  бөлімінде  кері  байланыс  жүзеге  асырылады.  Бұл  кезеңде 
меңгерілген білім және біліктілік тапсырмалары олардың күрделілік дәрежесіне 
сәйкес  үш  деңгейге  іріктелініп  қайтадан  орындалады.  Дұрыс  орындалған 
тапсырмалар,  олардың  күрделілік  критерийіне  сәйкес  бағалану  қажет,  яғни 
тапсырманың  сапасы  өлшенеді.  Үш  деңгейлік  тапсырмаларды  біртіндеп 
орындау барысында балл жиналады. Сол арқылы критериалды бағалау жүйесі 
енгізіледі.  Оқушының  оқу  жетістігі  оның  алған  тек  білім  сапасымен  ғана 
өлшенеді.  Әр  деңгейдің  нәтижесіне  сәйкес,  оқушының  білім,  біліктілігі  және 
оларды  күнделікті  өмірде  кездесетін  проблемалық  жағдаяттарды  шешуде 
қолдана білу құзіреттілік немесе функционалдық сауаттылық деңгейі өлшенеді. 
Оқытудың  «Үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі»  педагогикалық  технологиясын 
қолдану  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
226 
 

жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  жүзеге 
асырудағы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады: нәтижеге бағытталған 
бәсекеге қабілетті сапалы білім алуға; тұлғаның функционалдық сауаттылығын 
дамытуға  жағдай  жасалады;  білім  беру  жүйесінің  дамуын  болжауға  және 
қадағалауға  қолайлы  жағдай  туады;  білім  беру  жүйесінің  сапасын  әділ 
бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады.  
Астана  қаласы  Райымбек  батыр  атындағы  №50  «Қазғарыш»  мектеп-
лицейінің  математика  пәнінің  мұғалімі  Асқарбекова  Балымкүл  Дайрашқызы 
үшөлшемді  әдістемелік  жүйесін  ең  тиімді  жүйе  деп  сендіреді.  Ж.  Қараевтың 
үшөлшемді әдістемелік жүйесі нақты пәндерді оқыту үшін ең тиімді жүйе. Осы 
жүйе  арқылы  әрбір  сабақта  тапсырмаларды  1-ші,  2-ші,  3-ші  деңгей  бойынша 
дайындауға болады. Оқушы тапсырманы 1-ден бастап орындайды. Әр сабақта, 
әрбір тақырыпты өткенде өзінің деңгейінің қандай екенін өзі анықтап отыруына 
мүмкіндігі бар.  Бала  осы  деңгейлік  тапсырмаларды орындау  арқылы  өзіне  өзі 
баға  қойып,  білімін  өзі  бағалап  отырады.  Себебі,  1-ші  деңгей  «3»-тік  баға 
деңгейінде,  2-ші  деңгей  «4»-тік  баға  деңгейінде,  3-ші  деңгей  «5»-тік  баға 
деңгейінде  жасалады.  Әрбір  тапсырманың  соңына  бір  шығармашылық 
тапсырма  қосылады.  Үш  деңгейді  де  орындап  шыққан  бала  шығармашылық 
тапсырманы, яғни олимпиада да кездесетін есепті шығара алады. Ж. Қараевтың 
технологиясын  сабақта  қолданғалы  сыныптарда  білім  сапасы  едәуір  артты. 
Оқушылар  еркін  еш  қадалағалауды  қажет  етпей-ақ  өз  деңгейін  көрсету 
мақсатында  тапсырмаларды  аса  қызығушылықпен  орындайды.  11-сынып 
түлектері  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуде  98,5  –  100  %  арасында  білім  сапасын 
көрсетті.  Қорытындылай  келе,  Балымкүл  Дайрашқызының  мынадай  пікірін 
ұсынады:  Ойшылдардың  сөзімен  айтсақ,  «Шәкірт  –  нығарлай  беретін  ыдыс 
емес,  керісінше,  тұтандыруды  қажет  ететін  шырақ».  Олай  болса,  мектеп  – 
конвейер  емес,  керісінше,  кең  түрде  ойлай  алатын  жеке  адамды 
қалыптастыратын орта. Сол себепті, мектепте білім беру ісіндегі басты міндет - 
оқушылардың  жеке  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту  және  оларды 
шынайы  өмірдегі  дара  тұлға,  көшбасшы  етіп  әзірлеу.  Сондықтан,  сабақ  түрі 
жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңа технологиямен жаңарып отырса, жас 
жеткіншектерге  оның  әсері  мен  ықпалы  ерекше  болатынында  сөз  жоқ.  Егер 
әрбір күні сабағыңызға жаңаша өзгеріс енгізіп, өткізіп отырсаңыз, біріншіден, 
баланың сіздің сабағыңызға деген қызығушылығы артады, екіншіден, өзіңіздің 
шеберлігіңізді шыңдайсыз.  
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №11 орта мектебінің математика пәні 
мұғалімі  Архабаева  Жұпар  Көпбайқызы  2005  жылдан  бастап  «Модульдік 
оқыту» технологиясын қолдану бойынша насихаттау жұмысын жүргізіп келеді. 
Модульдік 
оқыту 
технологиясы 
оқу 
процесінде 
оқушылардың 
шығармашылығын  дамытуға,  білімді  өздігінен  меңгеруге  қолайлы  жағдай 
туғызады.  Модульдік  оқыту  технологиясының  бір  ерекшелігі  –  оқушылардың 
танымдық  қызметін  арттырады.  Тағы  бір  ерекшелігі  –  дарынды  балалармен 
тұрақты  және  жүйелі  жұмыс  істеу  мүмкіндік  береді.  Оқу  модулі  қайта 
жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  үш  құрылымды  бөліктен  тұрады:  кіріспе, 
227 
 

сөйлесу  бөлімі,  қорытынды  бөлім.  Модульдік  оқытудың  мүмкіншіліктері:  әр 
оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім  алуына  жағдай  жасауға, 
өздігінен білімді меңгеруге мүмкіндік береді: әр түрлі категориядағы балаларға, 
олармен жүйелі түрде жұмыс істеуге, әр оқушыны назардан тыс қалдырмауға 
мүмкіндік  береді;  тапсырмалардың  күрделене  түсу  жүйесімен  берілуін 
қамтамасыз етеді; бірде-бір оқушы бейтарап қалмайды, қойылған проблеманы 
шешуге  әрбір  оқушы  өз  үлесін  қосады;  тақырыпты  толық  және  терең  оқуға; 
өздігінен  ізденуге;  жүйелі  білім  алуға;  ойды  дамытуға;  оқушылардың  сабаққа 
деген 
қызығушылығын 
арттыруға; 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын  арттыруға;  оқушыларды  шығармашылық  жұмыстарға 
бағыттауға мүмкіндік береді.  
Батыс  Қазақстан  облысы  Ақтөбе  қаласы  №32  мектеп-гимназиясының 
математика  пәнінің  мұғалімі  Ермағанбетова  Әлия  Ағантайқызы  «Модульдік 
оқыту технологиясын» келесідей сипаттайды. Модульдік оқытудың өзегі – оқу 
модулі.  Модульдік  оқыту  –  бұл  тіл  үйренушінің  өздігінен  жұмыс  істей  алу 
мүмкіндігі.  
Бұл  технологияның  мақсаты:  1)  тіл  үйренушінің  өзін-өзі  дамытуына 
қолайлы жағдайлар туғызу; өздігінен білім ала білуі, өзін-өзі басқара алуы; 2) 
өзін-өзі  анықтай  алуы;  3)  өзін-өзі  реттей  білуі;  4)  өзіне-өзі  сенімді  болуға 
тәрбиелеу; 5) өзіне-өзі баға бере білуі.  
М.М.  Жанпейісованың  модульдік  интерактивтік  оқыту  технологиясының 
тиімділігі: тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамыту; танымдық процестерді 
дамыту;  оқуға  қызығушылық  таныту;  белсенді  сөздік  қорын,  ауызша  және 
жазбаша  тілін  дамыту;  «Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  процесін  жандандыратын, 
сапасын  арттыратын  әдістің  бір  түрі  осындай  технологиялық  оқу  құралдары. 
Сонымен, қорыта айтқанда, қазіргі қоғам талабына сай, оқыту процесін тиімді 
ұйымдастыру  үшін  жаңа  технологияларды  қолдану  керектігі  сөзсіз. 
Оқытушының  әдістеме  түрлерін  әр  сабақтың  қоятын  мақсатына  сай 
шеберлікпен тиімді қолдануы оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілге 
қабілетін,  өзіндік  ізденістерін  дамытуға  ықпал  етеді.  Жаңа  технологияларды 
қолдану  барысында  оқушылардың  пәнге  деген  ынтасы,  белсенділігі  артып, 
білім сапасы жоғарлайды. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау 
қабілеттері дамиды.  
Қостанай  облысы  Жітіқара  қаласы  №9  орта  мектебінің  физика  пәнінің 
мұғалімі  Алиева  Күнжамал  Сәуленқызы  өз  тәжірибесінде  модульдік  оқыту 
технологиясын  қолданады.  Педагогикалық  үрдістің  тиімділігінің  артуына 
мүміндік  беретін  білім  беру  мен  тәрбие  бірлігін  сақтай  отырып,  оқушыға 
берілетін  білімнің  үйлесімділігімен  қатар,  әрбір  жеке  тұлғаның  ерекшелігін 
ескере  отырып  білімділігіне  сәйкес  бағдар  беру,  танымдық  ізденімпаздығын 
дамытудағы  оқытудың  прогрессивтік  қадамының  бірі  –  модульдік  оқыту. 
«Модуль»  сөзі  оқытудың  мазмұны  мен  технологиясын  білдіреді.  Ал 
«технология»  -  гректің  «шеберлік»  деген  сөзі.  Технологияны  қолданудағы 
мақсаты:  модульдік  оқыту  технологиясы  ұстаздың  интелектуалдық,  кәсіптік 
адамгершілік,  рухани  келбетінің  қалыптасуына  әсер  етеді,  өзін-өзі  дамытып, 
228 
 

оқу  тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыра  білуге  көмек  көрсетеді.  Модульдік 
оқыту  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өздігінен  жұмыс  істей  алу 
мүмкіндігі,  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін 
қамтамасыз  етеді.  Ал  «модуль»  дегеніміз  –  белгіленген  деңгейіне  жету  үшін 
сұрыпталған,  дидактикалық  өңделген  білім,  білік,  дағдының  белгілі 
мазмұнының  бірлігі  және  оның  әдістемелік  нұсқауы  немесе  аяқталған  оқу 
болып  табылатын  модульдік  бағдарламаның  негізгі  құралы.  Оқу  модулі 
ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін 
оқытушының  берген  нұсқауларынан  және  оқушы  іс-әрекетінің  мақсатты 
бағдарламасынан  тұрады.  Модульдік  оқыту  білім  мазмұны,  білімді  игеру 
қарқыны, өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері 
бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  әдіс  оқушыны 
ізденімпаздыққа,  отансүйгіштікке,  өздігінен  білімін  жетілдіруге  баулып, 
шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Бұл  технология,  біріншіден,  дамыта 
оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ,  оқушылардың 
ойлау,  елестету  мен  есте  сақтау  қабілетінің,  ынасының,  белсенділігінің,  білім 
сапасының  дамуына  көмектеседі.  Оқушы  білімін  бақылаудың  формалары 
ретінде  тестілік  тапсырмалар,  бақылау  жұмыстары,  сынақ,  зертханалық 
жұмыстар  немесе  эксперименттік  есептер  оқу  пәнінің  ерекшелігіне  орай,  оқу 
модулінің қорытынды бөлімінде беріледі. Модульдік оқыту – технологиясының 
жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға 
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет