ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

 
Кері байланыс парағы 
 
Бүгінгі 
сабақта
н  алған 
әсерлері
н 
білдіред
і 
Бағалау.  4,5 
минут 
Қорытынды бағалар айтылып, журналға қойылады. 
 
Үйге 
тапсырма 
1 минут 
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын 
басқа  халықтардың  әдет-ғұрыптарымен  салыстырып, 
қосымша материалдар жинақтау 
Оқушыл
ар 
күнделі
ктеріне 
жазады 
 
Степногорск  қаласындағы  №  9  орта  мектебінің  І  санатты,  ІІІ  деңгейде 
сертификатталған  «География»  пәні  мұғалімі  Кайыпназарова  Гүлзат 
Мадияровнаның  білім  алушыларды  пәнге  қызықтыру  арқылы,  табиғаттың 
күрделі  де  сан-қилы  құбылыстары  мен  заңдылықтарын  ұғындырып,  сапалы 
білім  беру  үшін  заманауи  педагогикалық  технологияларды  ұтымды  қолдану 
мұғалімнен  үлкен  шеберлікті  талап  етеді,  сонымен  қатар  жаңа  технологияны 
сабақта  пайдалану,  оқушының  шығармашылық,  интеллектуалдық  қабілетінің 
дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал 
252 
 

етеді деп тұжырымдайды.  
Төменде  берілген  сабақ  7  модуль  бойынша  құрастырылған  сабағы  қала 
мұғалімдерінің  арасында  өткізілген  қалалық  «АКТ-ны  қолдана  өткізілген 
заманауи  география  сабағы»  конкурсында  ІІ  орынға  ие  болған  (2015  жыл), 
қалалық білім бөлімінің дипломымен марапатталған.  
8-
сынып. Тақырыбы: Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама.  
Сабақтың мақсаты: Солтүстік Мұзды мұхиты алабына жататын және ішкі 
тұйық  алаптарға  жататын  өзендердің  ерекшеліктері  жайлы  мәлімет  жинақтап, 
физикалық,  кескін  картамен  жұмыс  жасай  білу  дағдыларын  қалыптастыру. 
Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы туралы білімдерін жүйелеу (8-кесте).  
Міндеттер:  1.  Оқушылардың  үй  тапсырмасын  түрлі-түсті  қағаздарға 
жазылған сұрақтар арқылы сұрай отырып, сол түсті телпек кигізу арқылы топқа 
бөле қызығушылығын ояту.  
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.  
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, 
сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.  
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.  
5.  Оқушыны  сыни  ойлауға,  ұғым  түсініктерді  зерделеуге,  мағлұматтар 
жинақтауға ынталандыру.  
 
8-
кесте – 7 модуль бойынша құрастырылған «География» сабағының жоспары  
 
Күтілетін 
нәтиже 
Атласты,  физикалық  карталарды  пайдалана  отырып  ірі 
өзендерге  сипаттама  бере  біледі.  Алаптар  бойынша  ірі 
өзендерді  кескін  картаға  нақты  түсіру  дағдылары 
қалыптасады. 
Мұғалім 
үшін 
оқу нәтижелері 
1.  Оқушылардың  бірін-бірі  оқытуы  арқылы  аталған 
тақырыпты меңгеріп шығу 
2.  Мұғалім  оқушылардың  өздігінен  білім  алуына 
бағыттап отыру 
3.  Оқушылардың  өзін  және  сыныптастарын  бағалау 
мүмкіндіктерін жасау 
Сабақта 
туындаған 
негізгі идеялар 
1. Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену 
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа 
ойлау  дағдысын,  пәнге  деген  қызығушылығын 
қалыптастыруға ықпал жасау  
3.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  проблемалық 
сұрақтарды шешуге итермелеу. 
Мұғалімдер 
үшін 
оқу 
нәтижелері 
1.  Оқушылар  жаңа  тақырыптың  мақсатын  өздері 
анықтауына жағдай тудыру 
2.  Оқушылардың  бірін-бірі  оқытуы  арқылы  аталған 
тақырыпты меңгеріп шығу 
3.  Мұғалім  оқушылардың  өздігінен  білім  алуына 
бағыттап отыру 
253 
 

4.  Оқушылардың  өзін  және  сыныптастарын  бағалау 
мүмкіндіктерін жасау  
Күтілетін 
нәтиже 
Топтық  жұмыстар  негізінде  географиялық  нысандарды 
анықтауы,  өзендердің  маңызын  түсінуі,  деңгейлік 
тапсырмалар  арқылы  тақырыптық  жаңа  терминдерді 
тиімді пайдалануға деген түсініктерінің қалыптасуы  
 
Тапсырмалар 
Электрондық 
оқулық 
беттерінен 
жүктелген  дерек 
көздер  
Деңгейлік тапсырмалар 
1) өзендер мен көлдерді бөлек бағандарға орналастыру 
2)Сөйлемдерді толықтыру  
3) Кескін картаға ірі өзендерді түсіру 
Түрлі күрделіліктегі электрондық оқулықтан тапсырмалар 
– 2, 5, 8, 9, 10, 11-
ші тапсырмалар орындалады  
 
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) 
Мұғалімінің іс-әрекеті 
Оқушының іс­әрекеті 
Түрлі 
түсті 
қағаздар 
түсімен  телпектер  беру 
арқылы  4  топқа  бөлу, 
кемеше-житондар 
беру 
арқылы 
формативті 
бағалау 
Оқушылар ортаға шығып түрлі түсті қағаздарды 
алады,  олардағы  жазылған  сұрақтарға  жауап 
бере сол түстей телпек киеді және дұрыс жауап 
үшін  кеме-житондарын  алып  формативті 
бағаланады,  соң  телпек  түстері  арқылы  4  топ 
құрайды. 
 
Ой  шақыру  әдісі  ақ, 
қызыл,  сары,  көк  түсті 
қағаздарға 
сұрақтар 
жазылып,  оқушылар  өз 
қалауымен  түсті  таңдай 
тұрып  сұрақтарға  жауап 
береді  
3 мин 
Оқушылар 
өздігінше 
жаңа 
тақырыптың 
мақсатын анықтайды 
«Қазақстанның ірі 
өзендері» слайд-
презентация көрсетіледі, 
тақырыпқа қысқаша 
түсінік беріледі 
Презентациядағы  көрген  өзендерін  оқулықтағы 
суреттермен  салыстыра  отырып  зерттейді, 
алдынан  білетін  білімдерімен  байланыстырады, 
талқылайды,  бір-біріне  сұрақ  қоя  отырып 
түсінеді. 
Оқушылар түсті қағаздарға жазылған сұрақтарға 
жауап  береді.  Оқушылар  өткен  сабақ 
тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап бере 
отырып, жаңа тақырып айлы ой қозғайды.  
Негізгі бөлім 
«Сырдария өзені» 
бейнеролигі көрсетіледі 
Бейнероликтегі  көріністерге  байланысты  сұрақ-
жауап түрінде жұмыс атқарады 
Мағынаны тану (20 мин) 
254 
 

«Алты  телпек»  әдісі  арқылы 
мәтінді  оқушыларға  бөліп  беру 
және  талдау  жасауларына  ықпал 
ету. 
Топтар 
бойынша 
деңгейлік 
тапсырмалар 
1)  өзендердің  және  көлдердің 
аттарын бағанға бөліп жазу; 
2) сөйлемдерді толықтыру; 
3)  алаптар  бойынша  ірі  өзендерді 
кескін картаға түсіру. 
Әр  топ  жеке,  жұппен  және 
топпен орындайды.  
Әр топ жеке қорғайды  
 
Оқиды,  ойлайды,  әр  топ  өз  міндеттері 
аясында  ойларын  ортаға  салып  пікір 
алмасады,  ойларын  қорытады,  постерге 
түсіріп, қорғайды. 
Еліміз  аумағындағы  өзендер  мен  көл 
аттарын  бөлек  бағана  етіп  жазу, 
сөйлемдерді  толықтырып  жазу,  ірі 
өзендерді кескін картаға түсіру, қорғау. 
Қорғау  кезінде  айтылған  мәліметтерді 
орындарында 
отырған 
оқушылар 
дәптерлеріне түртіп алады.  
Ой қорыту(5 мин) 
Электрондық  оқулық  бойынша 
интербелсенді 
тақтада 
тақырыптық 
тапсырмалар 
беріледі. 
Әр  оқушы  өз  қалауымен  интербелсенді 
тақтадан  тапсырманы  таңдап  алады, 
орындайды. 
Тапсырманы  орындау  кезінде  айтылған 
мәліметтерді  орындарында  отырған 
оқушылар дәптерлеріне түртіп алады 
 
Бағалау (2мин ) 
Бақылайды, бағалайды  Алдарына берілген топтық бағалау парақшасы 
бойынша,өздерін және сыныптастарын бағалайды 
Оқушы 
ның  
аты-
жөні 
Топта 
сөйлеп, 
идея 
айтқанды 
бағала 
Белсенділігін 
бағала 
Мұғалімің 
бағалауы 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 

 
 
 
 
 
Оқушылардың алған 
әсерлері 
Жазба түрінде оқушылар сабақ туралы, ондан алған 
әсерлері туралы жазып, кері байланыс парағын 
толтырады 
 
Үйге тапсырма (2 мин ) 
Үй тапсырмасын оқушыларға 
беру  
 
Күнделікке жазады 
Кері байланыс(3 мин) 
 
255 
 

Мұғалім түсіндіреді 
Кері байланыс парағын толтырады 
Кері байланыс парағы. Оқушының  
аты-жөні____________________ 
 
Сабақта 
не ұнады, 
немесе 
жақсы 
болды? 
Не 
ұнама 
ды, 
немесе 
жаман 
болды? 
Сабақта 
нені 
өзгерткің 
келеді, 
сенің 
қалауың? 
 
 
 
 
 
 
«Ақ телпек» - алап бойынша бір ірі өзенге сипаттама бере отырып, өзеннің 
статистикалық деректеріне көп мән беруі керек. СТАТИСТИКАЛЫҚ.  
«Сары  телпек»  -  алап  бойынша  ірі  өзенге  сипаттама  бере  отырып,  оның 
тіршілікке пайдалы жақтарын баса көрсетуі керек. СӘТТІЛІК.  
«Көк  телпек»  -  алап  бойынша  ірі  өзенге  сипаттама  бере  отырып,  өзен 
суының  біз  үшін  не  қажеті  бар,  не  үшін  пайдалануымызға  болады,  ол  өзен 
болмаса не болар еді? деген сұрақтарға жауап беру керек. АНАЛИТИКАЛЫҚ.  
«Қызыл  телпек»  -  алап  бойынша  ірі  өзенге  сипаттама  бере  отырып,  бұл 
өзен  болмағанда  не  болушы  еді?  Табиғат,  жануар,  өсімдік  дүниесі  қандай 
өзгеріске ұшырар еді?- деген сұрақтарға жауап беру керек. СЕЗІМТАЛ.  
Оқушылардың  жаңа  тақырыпты  өз  бетімен  меңгеруі  процесіндегі 
пайдаланылған сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының бірі – «Алты телпек» 
стратегиясы. Әрбір топ-бастарындағы киіп отырған телпек түсіне байланысты 
өздерінің  орындайтын  міндеттері  болады.  Мәтінді  меңгергенде  топ  сол 
міндеттерге мән беруі керек және жұмысын қорғағанда оны дәлелдер келтіріп 
түсіндіруі қажет. (Жоғарыда әр телпектің міндеті жеке көрсетілген).  
Есіл, Каспий, Теңгіз, Нұра, Іле, Шағалалытеңіз, Ертіс, Марқакөл, Жайық, 
Балқаш, Сырдария, Арал, Сасықкөл, Зайсан, Жем, Сағыз, Бурабай, Жасылкөл, 
Қорғалжың,  Тобыл,  Шу,  Ойыл,  Қаратал,  Лепсі,  Алакөл,  Есіккөлі,  Үлкен 
Алматыкөлі, Ор, Жаңадария.  
Бұл  тапсырмада оқушыларға  жоғарыда  көрсетілген  өзендер  мен  көлдерді 
бөлек бағандарға қатесіз бөліп тізуі қажет. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты 
байланыстыра  отырып,  оқушылардың  есте  сақтау,  номенклатура  жаттау 
қабілеттерін нығайтады.  
1.
 
Қазақстан өзендері ... алабына және ... алаптарға жататын өзендер.  
2.
 
 
Еліміз аумағында ірілі-ұсақты ... өзен бар.  
3.
 
Қазақстан аумағында ұзындығы ... км-ден асатын ... өзен бар.  
4.
 
 
Олар: ..., ..., ..., ..., ..., ..., ... өзендері.  
5.
 
Ертіс  өзені  ...  мемлекеті  аумағында  ...  өзеніне  қосылып  барып  ... 
мұхитына құяды.  
6.
 
 
Ертіс өзенінің бойында ..., ..., ... ірі СЭС орналасқан.  
256 
 

7.
 
 
Жайық өзені ... тауынан басталып, ... теңізіне құяды.  
8.
 
Сырдария  өзені  ...  тауларынан  бастауын  алады,  еліміз  аумағындағы 
ұзындығы ... км.  
«Сөйлемдерді  толықтыр»  тапсырмасы  да  жаңа  тақырыпты  бекітуге 
бағытталған. Бұл тапсырманың мақсаты еліміз аумағындағы өзендердің негізгі 
және статистикалық анықтамаларын жаттап, есте сақтауларына ықпал ету және 
күнделікті өмірде қажет болғанда пайдалана білуге дағдыландыру.  
«Бағалау  парағында»  топ  басшысына  сабақтың  бас  кезінде  таратылып 
берілген  парақтарды  сабақ  барысында  толтырып  отырып,  соңында  оқып 
шығады.  Бұл  әдіс  оқушыларды  өзін-өзі,  сыныптастарын  әділ  бағалауға 
дағдыландырады.  Өз  іс-әрекетіне  сын  көзбен  қарауға,  кейінгі  сабақтарда 
белсенділік  көрсету  қажет  екендігін  оқушы  өздігінен  түсінеді.  Оқушылардың 
бағалауы,  сабақ  барысында  мұғалімнің  формативті  бағалауы  жиынтықталып, 
суммативті баға қорытындалады.  
 
9-
кесте – Рефлексия парағы  
 
Сабақта  не  ұнады, 
немесе жақсы болды? 
Не  ұнамады,  немесе 
жаман болды? 
Сабақта  нені  өзгерткің 
келеді,сенің қалауың? 
 
 
 
 
Оқушылардың  сабақ  жөніндегі  ой-пікірлерін  толық  түсініп,  оны  келешек 
сабақтарға  пайдалану  мақсатында  жүргіздім.  Оқушылар  өз  ойларын, 
ұсыныстарын  толық  ашып  жазған,  осы  рефлексия  парақтарындағы 
оқушылардың  ұсыныс-пікірлерін  болашақтағы  сабақтарды  жоспарлау  кезінде 
міндетті түрде ескеріледі.  
Степногорск қаласындағы М. Горький атындағы №2 орта мектебінің өзін-
өзі  тану  пәнінің  мұғалімі  Омарова  Сағдат  Бекенқызы  оқушылардың  өздігінен 
білім  алу  қабілеттерін  жетілдіруге,  ең  бастысы  бұл  жүйе  жастардың 
құзіреттілігін  бағалаудағы  ЭЫДҰ  ұзақ  мерзімді  стратегиясын  қамти  отырып, 
оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалайтын  халықаралық  бағдарламасын 
меңгере алу үшін осы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу 
қажет екендігін айтады.  
Ақтөбе  облысы,  Байғанин  ауданы,  Қорашы  ауылының  Қарабұлақ  орта 
мектебінде  биология  пәнінен  сабақ  беріп  жүрген  жас  ұстаз  Ермұқанова  Анар 
Маратқызы  өз  сабақтарында  сындарлы  оқыту  технологиясын  тиімді 
пайдаланып жүр. Сындарлы оқыту оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін 
дамытуға,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде  тиімді  қолдана  білуге 
негізделген.  Бұл  технологияда  қарастырылған  жеті  модуль  идеялары  сабақта 
өзара  тығыз  байланыста  болады.  Мұғалім  кез-келген  сабақты  жоспарламас 
бұрын  «Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу»  модулін 
ескерген тиімді деп санайды. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары 
балалар  мен  жеткіншектердің  дамуындағы  биологиялық  фактордың  рөлін 
айрықша  көрсеткен.  Педагогика  ғылымы  жас  ерекшеліктерін  анықтаудағы 
257 
 

баланың  дамуын  үнемі  қозғалыс  үрдісі  ретінде  қарастыра  отырып,  бұл 
қозғалыстан  сан  жағынан  жинақталу,  сапа  жағынан  елеулі  өзгерістер 
болатынын алға тартады.  
Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-
жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданған:  
1) 
төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);  
2)  негізгі  мектеп  шағындағы  жеткіншектік  кезең  (12  жастан  15  жасқа 
дейін);  
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).  
Жоғарыда  аталған  кезеңдерді  ескере  отырып,  сонымен  қатар  әр  пән 
мұғалімі  мектеп  психологымен  сынып  оқушыларына  топтық,  жұптық 
тапсырмалар дайындауда балалардың темпераментін анықтап алудың маңызды 
зор. Себебі баланың еркін жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсетуде жұбының, 
серіктестерінің  рөлі  зор  болады.  «Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес 
оқыту  және  оқу»  модульін  өз  сабақтар  топтамасына  кіріктірген  кезіндегі  алға 
қойылатын  мақсат:  оқушылардың  танымдық  даму  бағытын  анықтау,  ортамен 
байланысын нығайтып, білімді бойына сіңірту, зияткерлік қабілеттерін дамыту. 
Сындарлы  оқыту  технологиясын  қолданудың  нәтижелілігі:  оқушылардың 
танымы артады; ортамен өзара байланысы нығайып, білім алуға құштарланады; 
оқуға  ынтасы,  өзіне  деген  сенімділігі  артады;  өзін-өзі  бағалау  арқылы  өз 
еркімен зияткерлік қабілетін дамытады. Жас ұстаз жас ерекшеліктеріне сәйкес 
оқыту  және  оқу  модулін  өз  сабақтарына  қалай  кіріктіргенін  американдық 
психолог  Кохлбергтің  «өнегелі  даму»  теориясымен  сәйкестендіре  отырып 
баяндайды.  І  деңгей  –Нормативтікке  дейінгі  моральдік  пайымдау. 
«Тілалғыштық және жазалау» деп аталатын 1-кезеңі сабақтың кіріспе бөлімімен 
байланысты.  Оқушылары  тілалғыш,  айтқаныңды  ынтамен  орындайтыны, 
шынайы  сөйлейтінін  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру  кезінде 
түрлі  тренингтер  ұйымдастыру  барысында  ортамен  өзара  байланыста  мінез-
құлықты  зерделейтін  бихевиористикалық  бағыты  жүзеге  асады.  Осының 
нәтижесінде оқушылар өздерін танып біледі, бірін - бірі тәрбиелейді. Одан әрі 
бүгінгі  білімді  меңгеруге  оқушының  ынтасы  артады.  2-кезең.  Тұлғалық 
ерекшелену және өзара әрекеттесу. «Өнегелілік дамудың осы кезеңінде балалар 
дара  көзқарастарды  ескереді,  қылықтар  туралы  жеке  қажеттіліктерге 
қаншалықты  сәйкес  келетініне  қарай  ой  білдіреді»  деп  көрсеткендей, 
сыныптағы озат оқушылардың бәрі бірдей талантты емес немесе А деңгейіндегі 
оқушылардың  барлығының  метатанымы  бірдей  болмайды,  олардың  ішінен 
тұлғалық  ерекшелену  байқалады.  Мұғалім  өз  тәжірибесінен  мысал  келтіреді: 
тұлғалық  ерекшеленудің  дәлелі  жаңа  тақырыпты  таныстыру  барысында 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  танымын  кеңейту  үшін  жас 
ерекшеліктеріне сай таңдап алынған тапсырмада «Қай маман иесінің қолында 
бактериялар  көп»  деп  проблемалық  сұрақ  қойылды.  Мұғалім  оқушылардың 
алдарына  етікші,  касссир,  аула  тазалаушы,  пионист,  мүсінші  маман  иелері 
жазылған кеспе қағазды ретімен орналастыруды сұрады. Оқушылар өз ойларын 
ортаға  салып,  топта  қызу  талқылау  жүрді,  яғни  «зерттеушілік  әңгіме»  өтті. 
258 
 

Мұғалім  бірінші  топтан  неге  бұлай  орналастырғанын  сұрағанында  В 
деңгейіндегі оқушы «бұрын ақша қолдың кірі» деген сөзі тез жұмсалып кетеді, 
қолда тұрмайды деп түсінген болсам, осы микроағзалар тарауынан білім алуда 
өз  ойымды  екінші  жағынан  өзгертіп,  «ақша  бір  адам  қолынан  екінші  адам 
қолына  өтеді,  есепші  сол  айналымнан  келген  ақшаны  қолымен  санайды,  әр 
адам  қолында  бірнеше  миллион  бактерия  бар,  ол  бактериялар  әрине  ақшаға 
жабысады, осылайша есепші бактерияның өз қолына жұқтырылғанын білмейді 
де. Бірақ ақша туралы айтылған екі ой да дұрыс деп ойлаймын» - деп өз пікірін 
айтқанда,  өзге  оқушылар  бірінші  орынға  аула  тазалаушыны  қойғанын,  өз 
ойларының  қате  екенін  айтқан.  II  деңгей  –  Дәстүрлі  моральдік  пайымдау.  3-
кезең.  «Тұлғааралық  қатынастар».  Бұл  сатыда  даму  әлеуметтік  тұрғыдан 
күтілетін  нәтиже  мен  рөлдерге  қол  жеткізуге  шоғырланады  делінген.  Жаңа 
сабақты  игеру  бойынша  6-сыныптың  «Вирустық  аурулар»  тақырыбында 
өткізілген  сабағында,  материал  оқулықта  аз  қамтылғандықтан,  оқушыларға 
жасына сай игере алатындай кеспе қағаздарға мәліметтер жазып, өз беттерімен 
игеруге  тапсырма  бердім.  Мазмұнымен  танысып  болған  соң  мұғалім  «үшеуі 
қонақта, біреуі үйде» әдісін пайдаланды. Оқушылар бар ынтасымен бір-біріне 
өз білгендерін түсіндіре білгенін мұғалім сабақтың қолдану кезеңіндегі жұптық 
тапсырмадан  байқады.  Бірінші  жұп  «Ес  картасы»  бойынша  жұмыс  жасаған  А 
деңгейіндегі  және  В  деңгейіндегі  оқушылар  тапсырманы  сыны  тұрғыдан 
ойлауының  тереңдігін  көрсетіп,  жоғары  деңгейде  орындады.  Және  де  бұл 
тапсырмада  А  деңгейіндегі  оқушы  талантылығын  дәлелдеп,  тапсырманың 
орындалу тәртібін сақтап, яғни география пәнімен байланыстырып, жер шарын 
салу және шартты белгілермен белгілеуді ұсынды. Екінші жұпта бір оқушы А 
деңгейіндегі  темпераменті  сангвиник  бала–  қозғалғыш,  көптеген  қызық 
әңгімелерді  айтуды  ұнататын  оқушы  және  жұбы  флегматик  типіне  жататын, 
баяу,  істі  ойланып,  төзімділікпен  орындайтын,  жинақылықты,  қалыпты 
жағдайды ұнататын оқушы, бірақ бұл да А деңгейіне жатады. Бұл жұптың осы 
ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім рөлдік ойын – «тұмаудың алдын алу» 
тапсырмасын  бергенінде,  флегматик  типті  дәрігер  мен  қозғалғыш  типін 
көрсететін  сангвиник  науқас  рөлінде  ойнап,  тақырып  мазмұнын  кіріктіріп, 
әдемі диалогқа түсті. Сынып оқушыларына олардың диалогқа түскен әңгімелері 
ұнағанын  айтып, олардың  жұмыстарын  «от  шашу»  арқылы бағалады.  Үшінші 
жұпта холерик өкілі тездігімен көзге түсетін А деңгейіндегі оқушы болса, оның 
жұбы – меланхолик, психикалық процесстер өте баяу жүреді, ұзақ және қатты 
күш  түсірсе,  олар  жұмыс  істей  алмайды  деп  мектеп  психологы  сипаттаған  С 
деңгейіндегі  оқушы  болды.  Бұл  жұпқа  шығармашылық  жұмыс  тапсырылды. 
Тапсырманы сәтті орындап, екі оқушы да 4 жолды өлең ұйқасын жазды. Мұнда 
С  деңгейіндегі  оқушының  дарындылығын  дамытуға  А  деңгейіндегі  талантты 
оқушының  ықпал  етуі  арқылы  да  жүзеге  асыруға  болатындығы  байқалды. 
Төртінші  жұпта  екеуі  де  баяу,  жинақылықты,  қалыпты  жағдайды  ұнататын  – 
флегматик  типіне  жататын,  оқушыларға  жалпы  қорытынды  тапсырма 
орындауды  бердім.  Бақылау  жүргізгенімде,  екеуі  де  оқу  озаты  болып  жүрген 
оқушылардың бірі ғана көшбасшылық танытып, тапсырманы жүргізіп отырды. 
259 
 

Бұл жерде бір оқушыдан талантты және жинақылықты талап ететін көшбасшы 
қасиеті байқалды. Төрт жұпта өз тапсырмаларын шебер ұйымдастырып, жақсы 
баяндай  білді.  Мұғалім  оқушылардың  тапсырмаларды  жоғары  деңгейде 
орындағанына  қарап,  жұптық  жұмыста  темперамент  типтерін  ескере  отырып, 
жасына сай материал дайындау арқылы оқу үдерісін жақсартуға болады деген 
ой  түйіндейді.  Білімді  бірлесіп  игеруге,  оқушылар  уақытпен  жұмыс  жасай 
білуге  дағдыланады.  4-кезең  –Әлеуметтік  тәртіпті  қолдану.  Өнегелі  дамудың 
бұл  сатысында,  мысалы  «Ойлаудың  үш  бұрышы»  әдісін  қолдана  отырып, 
топтық  тапсыра  беруде  С  деңгейіндегі  оқушының  өзі  жұмысқа  тартылады. 
Оның  жұмыс  жасауын  А  деңгейіндегі  оқушы  бақылап  отырады.  Себебі, 
уақытты  үнемді  пайдалана  білетін  топ  мүшелері  төменгі  деңгей  сұрақтарын 
құрастыруды С деңгейіндегі оқушыға тапсырады. Оқушылардың бұл іс-әрекеті 
дәстүрлі  моральдық  пайымдаудың  осы  бірінші  кезеңіндегі  конформизм 
ұғымына  сәйкес  келеді.  Себебі  «конформизм»  ұғымы  топтық  қысыммен 
қадағаланып отыратын топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке 
адамды  сол  нормалардан  таймауға  мәжбүрлейді.  III  деңгей  –  Нормативтіктен 
кейінгі  моральді  пайымдау.  5-кезең  –  Әлеуметтік  шарт  және  жеке  құқықтар. 
Бұл кезеңді сабақтың рефлексия бөлімімен байланыстырып, оған дәлел ретінде 
А,  В,  С  деңгейіндегі  оқушылардың  жазған  пікірлері,  яғни  ойларынан 
алшақтықты көреміз. А, В деңгейіндегі оқушылардың ойы болашаққа болжам, 
екінші  В  және  А  деңгейіндегі  оқушылар  өз  білгенін  жүзеге  асыруды  алдағы 
уақытқа  жоспарласа,  үшінші  С  деңгейіндегі  оқушылар  өз  пайымдауымен 
бүгінгі  алған  білімін  ғана  білдіреді.  6-кезең  –  Кохлберг  бойынша  моральдік 
пайымдаудың  соңғы  деңгейі  әмбебап  этикалық  қағидаттарға  және  абстрактілі 
пайымдауға  негізделеді.  Бұл  кезеңде  «адамдар,  егер  олар  қағидалармен  және 
заңдармен келіспесе де, әділдіктің үйреншікті болған қағидаттарына сүйенеді» 
делінген.  Сабақтарда  пайдаланған  әдіс-тәсілдерге  сай  бағалаудың  түрлерін 
қолдануда  сыныптың  АВС  оқушыларының  сабаққа  қаншалықты  қатысқаны 
көрінеді.  Сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылған  бағалау  оқушылар  үшін  де 
қызықты  болып,  алға  ұмтылушылық  байқалды.  Осы  «жас  ерекшеліктеріне 
сәйкес оқыту және оқу» модулін сабақтарға кіріктіру жастарына сай қосымша 
материалдарды  қамтуда,  сұрақтарды  қоюда  балалардың  оқу  және 
проблемаларды  шешу  қабілеті,  яғни  танымдық  дамуы  артады,  гуманистік 
психологияның  негізін  қалаушы  Маслоу  мен  Роджерстің  еңбектерінде 
көрсетілген танымдық дамуының нәтижесінде – адамның өсуі болатынын, адам 
зейінінің дамуының негізін салушылар Хаген мен Хейлдің селективті зейіннің 
дамуы  жүретіндігін  байқадым.  Мұғалім  бұл  қабілеттерді  одан  әрі  дамыта 
жұмыс жүргізгенде, оқушының болашағы жарқын болатынына сенімді. Себебі, 
оқушылар  білімдерін  өмірмен  байланыстыра  отырып,  еркін,  жарқын  тұлға 
қалыптасатынына көз жеткізіп отыр.  
Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Мыңбаев  ауылындағы  орта  мектеп 
мектепке  дейінгі  шағын  орталығының  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  Айдаболова 
Раушан  Ұбайдоллақызы.  Оқушы  мен  мұғалім  арасында  достық  пен 
ынтымақтастық  қарым-қатынас  қалыптасатынын  айтады.  Олар  7  модуль 
260 
 

бойынша  жұмыс  жасау  барысында  көшбасшылық,  конструктивті  әдіс-
тәсілдерді,  топпен  жұмыс  істеуді,  нақты  ситуацияларды  анықтауды,  АКТ-ні 
пайдалану  арқылы  презентациялар,  жобалар  жасап  бейімделеді,  бір-біріне 
көмек  көрсетуді  меңгереді  деп  пайымдайды.  Нәтижесінде  оқушылар 
ситуациялық  тапсырмалар,  топтық  және  жұптық  жұмыстар  арқылы  шешу 
жолдарын  үйренді,  АКТ-ні  пайдалана  алады,  тақырып  бойынша  жобалар, 
презентацияларды  жасайды,  мұғалімнің  курстан  алған  білімдерін  сабақта 
пайдалану барысында оқушылар бойында диалогтік оқыту, көшбасщылық және 
басқару,  жасерекшеліктеріне  сай  тапсырмаларды  орындау,  дарынды  және 
талантты  оқушыларды  анықтау,өзін-өзі  бағалау  және  түрлі  тапсырмалар 
орындай  алатын  болды.  Осы  технология  бойынша  оқушы  білімін  бағалау 
стандарт жасалып дұрыс жолға қойылса деген ұсынысын білдірген.  
Жоғары  санатты  мұғалім  Борханова  Мейрамгүл  Айтбайқызы  Қарағанды 
облысы,  Қарғалы  ауданы,  Жарлы  ауылының  Нүркен  Әбдіров  атындағы  №10 
орта  мектебінде  20  жылдан  бері  биология  пәнінен  сабақ  беріп  келе  жатқан 
тәжірибелі  ұстаз.  Қазіргі  білім  беру  саласында  әр  түрлі  өзгерістердің  енуіне 
байланысты,  талап  та  өзгеруде.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  Мейрамгүл 
Айтбайқызын да оқушылардың білім деңгейін қалай арттырсам, қалай оқытсам 
деген мәселелер толғандырады. Осыған байланысты ол сындарлы оқытудағы 7 
модульді  ықпалдастыра  оқыту  оқушылардың  білімін  көтерулің  бірден-бір 
тиімді  жолы  және  бұл  әдіс-тәсілдерді  биология  пәнінің  мақсатына  сай  келеді 
деп  еспетейді.  Мұғалім  бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  сабақ  кезінде 
орындалатын  сарамандық,  зертханалық  сабақтар,  топсеруен,  үйірме 
жұмыстарын  орындау  барысында  осы  технологияның  әдіс-тәсілдердін  тиімді 
пайдалануға болатынын түсінді. Сабақ кезінде оқушылар топтық, жұптық және 
жеке  жұмыстар  арқылы  бірін-бірін  оқыту  және  бағалау  арқылы  алған 
білімдерін  практикамен  ұштастыра  отырып,  өздігінен  бақылау  жүргізу, 
қарапайым  тәжірибе  жасау,  эксперимент  қою  сияқты  жұмыстарды  меңгерді 
және  іздену  арқылы  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  жасап  үйренді,  сыни 
ойланып,  жан-жақты  дамиды,  топта  белсенділік  көрсету  арқылы  пәнге  деген 
қызығушылықтары 
оянып, 
шығармашылыққа 
және 
ұйымшылдыққа 
тәрбиеленеді.  Әрбір  өткізген  сабақтарыма  сын  тұрғысынан  қарап  кеткен 
кемшіліктерге  талдау  жасалынады.  әрбір  өткізген  сабақтан  кейін  «Бүгінгі 
сабағым  қалай  өтті?,  мақсатыма  жеттім  бе?  Оқушыларға  қалай  әсер  етті? 
Зерттеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  тапсырмалардың 
тиімділігі калай болды? Оқушыларға ынтымақтастық орта ұйымдастыра алдым 
ба  деген»  деген  сұрақтар  қою  арқылы  өткізген  сабақтарымызға  рефлексия 
жасауға  болады.  Қазіргі  таңда  әр  оқушының  ойы,  өзіндік  көзқарасы  мұғалім 
үшін  өте  құнды  екеніне  көз  жеткізіп  отыр.  Мұғалімнің  ұсынысы:  Әрбір 
оқушыны өз ойын қысылмай айтуға және оқыту үшін бағалау арқылы олардың 
білімін  шынайы  бағалауға  қол  жеткізуге  болады.  Инновациялық  процестерді 
тиімді  пайдаланып,  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруды  өзіміздің  негізгі 
ұстанымызға айналдыруымыз керек.  
Қостанай  облысы,  Жітіқара  қаласындағы  №2  орта  мектебінің  батауыш 
261 
 

сынып мұғалімі Жиенбаева Назира Алдиярқызы төмендегі модульдер сабақтың 
табысты өтуіне мүмкіндік беретінін атап көрсеткен: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа 
тәсілдер. Әр оқушының сабаққа белсенді қатысуына жағдай жасауға мүмкіндік 
туғызады. Сабақ формасының өзгеруі оқушылардың сабаққа деген көзқарасын 
өзгертіп,  қызығушылығын  арттырды.  Білім  оқушыларға  дайын  күйінде 
берілмейді,  тек  белсенді  әрекеттер  арқылы  игеріледі,  оқушылар  өзара  қарым-
қатынаста  болып,  бір-бірімен  диалогқа  түседі.  2.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға 
үйрету.  Диалог  –  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытудың  басты  жолы.  Сыни 
тұрғыдан  ойлауға  үйрету  –  оқушылардың  өз  пікірі  мен  ойын  жүйелі,  толық 
жеткізу,  терең  ойлау,  өзгелердің  пікірі  мен  көзқарасын  қабылдау,  өмірдегі  өз 
құндылықтарын танып-білу дағдыларын арттыру. 3.   Оқыту  үшін  бағалау  және 
оқуды бағалау. Топтық, өзіндік критериалды бағалау нәтижесінде оқушыларда 
өзінің  және  өзгенің  жұмысына  сыни  көзқарас  қалыптасады.  Оқушылар  сын 
көзбен  қарауға  талпынып,  өздерінің  кемшіліктерін  көріп,  түзетуге  тырысады. 
Оқушылар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін оның өлшемдерін де 
білуі  қажет,  олар  бағалау  процесінің  маңыздылығын  түсініп,  әділ  бағалауға 
тырысады. Өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. Мен өз 
ойымды толық жеткізе алдым ба?, жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер 
келтіре  алдым  ба?,  мен  жаңа  тақырыпты  қандай  деңгейді  меңгердім  және 
қалай?  қаншалықты  белсенділік  таныттым?,  өзгелердің  пікірін  тыңдай  алдым 
ба?  неге  үй  тапсырмасын  орындауда  салғырттық  таныттым?  Осының 
нәтижесінде  бала  жауапкершілікті  сезінеді,  өз  білімін  жетілдіру  қажеттігін 
түсінеді,  талдау  жасауды,  өз  білімін  басқалармен  салыстыруды,  білім  алу 
барысында  шешімдерді  қабылдай  білуді  үйренеді,  дағдыланады.  Оқыту  үшін 
бағалау  арқылы  оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын,  қызығушылықтарын 
арттыуға  болады.  4.  Оқыту  мен  оқуда  АКТ  пайдалану.  Қазіргі  ақпараттық 
техниканың  дамуына  байланысты  сабақтарды  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  пайдалану  өте  тиімді  болып  саналады.  5.  Оқушылардың 
көшбасшы  болуына  да  АКТ  мүмкіндік  береді.  Өйткені  оқушы  үйінде 
ақпараттарды өзі іздестіре отырып, өздігінен меңгереді де оны сыныптастарына 
көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. 
6.  Оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сәйкес  оқыту  және  оқу  модулі  «Талантты 
және  дарынды  балаларды  оқыту  және  оқыту»  мен  «Оқудағы  жаңа  тәсілдер» 
модулімен  тығыз  байлынысты.  Осы  модульде  оқушылардың  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты және түрлі жастағы 
балаларда  байқалатын  метасана  деңгейі,  балалардың  жас  шамасына 
бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар 
мүмкіндігіне  сай  берілген.  Іс-тәжірибе  жүргізу  барысында  тапсырмалардың 
оқушылардың  физиологиялық,  психологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  болуы 
өте маңызды, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән 
берілу керек. Әр бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды. Оқушылардың 
жас  ерекшеліктерін  ескеру  олардың  өз  қабілеттіктерін  көрсете  алуына  жағдай 
жасайды.  7.  Білім  берудегі  басқару  және  көшбасшылық  –  білім  берудің  кез 
келген  жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің  сырттан  енгізілуі  мүмкін 
262 
 

емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі 
өзгерістерден  бастау  алуы  керек  деген  тұжырымға  саяды.  Білім  беру  сияқты 
көшбасшылық  та  адамның  тұрақты  дамуына  әкелетін  негізгі  қабілеті  болып 
табылады.  Оқу  үдерісіне  осы  модульді  енгізу  нәтижесінде  сабақ  жандана 
түседі. Сабақтың алдына қойған барлық мақсаттар мұғалімнің оқыту процесін 
дұрыс басқаруымен заманауи, жеке тұлғаға бағытталған оқушылардың белсенді 
жұмысының  формасына  ие  болады.  Модульдің  дидактикалық  бағыты  —
мұғалімнің  балалар  ұжымын  құрып,  олардың  мақсаты  мен  міндетін  дұрыс 
белгілеуді  үйретіп,  балаларды  өздігінен  жұмыс  жүргізуге,  әр  баланың  дамуы 
мен ерекшелігін есепке алу, психологиясын сезе білу, оған әсер етудің тиімді 
тәсілдерін  іріктеуі  арқылы  іске  асыру  қажет.  «Мұғалім  бағыттаушы,  бала 
өздігінен  білім  алушы  қызметтерін  атқарған  кезде  заман  талабына  сай  тұлға 
қалыптасады»  деген  идеяға  сүйеніп.  Бағдарлама  модульдерін  терең  меңгере 
отырып,  сабақ  құрылымын  жаңаша  жоспарлау  педогогикалық  іс-тәжірибені 
дамытуға  көмектескенін.  Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту  модуін 
пайдалану нәтижесінде дарынды және талантты оқушыларды анықтап, олардың 
жетістіктерге  жетуіне  мүмкіндік  туғанын  оқушылары  аудандық  пән 
олимпиадасы,  V  Аймақтық  ғылыми-практикалық  конференциясында  жүлделі 
орындарды  иеленген).  Бағдарламаның  жеті  модулін  сабақтарында 
ықпалдастыра  отырып,  тиімді  пайдалану  арқасында  оқушылардың  сабаққа 
қызығушылығы  артып,  білім  сапасы  айтарлықтай  жақсарғанын  айтады. 
Нәтижесінде,  оқушылар  өз  беттерінше  ізденеді,  бір-бірін,  өздерінің  жұмыс 
нәтижесін,  жетістігін  көре  алады,  зерттеушілік,  шығармашылық  жұмыспен 
шұғылдана  алады,  пәнге,  сабаққа  қызығушылығы  артып,  мақсатқа,  табысқа 
жетуге  ұмтылады,  топпен  жұмыс  жасауға  төселді,  диалогқа  түседі,  топтық 
жұмысқа  өз  үлесін  қосуға  тырысады.  Осы  нәтижелерді  көріп,  мақсатқа 
жеткеннен  кейін  ол  осы  еңбегі  арқылы  жан-жақты  дамыған,  қалай  оқу 
керектігін түсінетін және өзін-өзі реттей алатын тұлғаның қалыптасуына ықпал 
ете  алдым  деп  есептейді.  Сонымен  қатар  деңгейлік  бағдарламалардың  жеті 
модулін  іс-тәжірибесінде  қолдану  арқылы  өзін  де  кәсіби  тұрғыда  өскенін, 
қазіргі  таңда  бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған  қазақ  тілі  пәнінен 
қосымша дидактикалық жинақ құрастырып жатқанын айтады.  
Қостанай  қаласының  №9  орта  мектебінің  20  жылдық  еңбек  өтілі  бар 
бастауыш  сынып  мұғалімі  Досанова  Гүлмира  Нұгұманқызы  ұлттық 
құндылықтарды  бойына  сіңірген,  мәдени  мұраларды  жадында  өшпестей  етіп 
сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді 
өз  сабақтарында  тиімді  пайдаланып  жүргенін  айтады.  Осы  технологияны 
қолданудағы қол жеткізген нәтижелері: Оқушының пәнге деген қызығуы артты; 
Оқушының  шығармашылық  қабілеті  дамыды;  ізденушілік  қабілеті  артады; 
жауапкершілігі  жоғарлайды;  Ақпаратты  бағдарлау  біліктілігі  қалыптасады; 
Сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеті  артады  деп  атап  көрсеткен.  Бұл  технологияны 
қолдану бойынша ұсыныстары: 1) Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, 
бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы қалыптасуына 
бағыттау  2)  Оқу  тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен 
263 
 

қайталауды  емес  құрдастардың  белсенді  қатысып,  ақпараттарды  өңдеуі  және 
қорытуын талап ету. 3) Оқыту дара тұлғаға бағытталу қажеттігіне қол жеткізу. 
4) 
Топтық жұмысты барлық пәндерді оқытуда қолдану.  
Осы  технологияны  өз  сабағында  тиімді  қолданып  жүрген  Рудный 
қаласындағы №2 Қашар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алтынбаева 
Жанар Елжанқызы бұл 7 модуль бойынша оқыту дегеніміз: 1. Білім беру мен 
білім  алудағы  жаңа  тәсілдер. 2.  Сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету.  3.  Білім  беру 
үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау.  4.  Білім  беруде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану.  5.  Талантты  және  дарынды 
балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және 
оқыту. 7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық арқылы жүзеге асады деп 
пайымдайды.  Осы  технологияны  қолдану  нәтижесі:  Сабақтарында  СТО 
әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс 
барысында  баланың  белсенділігін,  сабаққа  қатысуын  бақылауға  болады. 
Өйткені  бірін-бірі  оқыту  арқылы  ойлау  қабілеттері  дамиды.  Әр  оқушының 
жауабы  тындалуы  қажет,  әр  топ  мәселе  бойынша  өз  ойларын  ортаға  салуы 
маңызды.  Ой  шақыру  кезеңінің  басты  міндеті  –  алдағы  жұмыстарға 
оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  дайындау.  Қай  тәсіл  болса  да,  ол 
тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  ашуға  бағытталады.  Сабақтарында  түрлі 
суреттер, ұлы адамдың сөзімен, ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана 
отырып,  сабаққа  деген  қызығушылықтарын  арттырғанын.  Іс-әрекетті  ой 
елегінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойған міндеттерді 
шешуге ынталанды, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, 
оқулықтағы  мәтіндерге  сүйенеді.  Сабақта  берілген  тақырыпты  алдымен  жеке, 
содан  кейін  жұпта,  ұжымда  талқылатып  жұмыс  жасайды.  Бұл  жағдайда  әрбір 
оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. 
Әр  топқа  берілген  тақырыпты  жеке  оқып,  содан  кейін  өзге  топқа  реттік 
нөмірлер  бойынша  топталып,  өз  тақырыптарын  түсіндіреді.  Бұл  есте  сақтау, 
негізге  алу,  түсіндіруді  арттырады,  яғни  жаңа  ақпараттарымен 
бөліседі.Тақырыпты  қаншалықты  түсінгендерін  флипчартқа  түсіру  арқылы 
жеткізеді.  Рефлексия  кезеңінде  оқушылар  алған  жаңа  ақпараттарды,  жаңа 
білімді  реттейді,  өз  пікірлерін  дәлелдеп  айтады.  Манағы  флипчартқа 
түсіргендерін топпен қорғайды. 7 модулді қолдана отырып, өзінің де көптеген 
қызықты идеяларын жүзеге асыру жөнінде белсенділігі арта түскенін байқаған.  
Қостанай  қаласындағы  С.  Мәуленов  атындағы  гимназияның  тарих  пәні 
мұғалімі  Бейсенова  Сандуғаш  Аяпбергенқызы  тарих  пәні  мұғалімі  ретінде 
ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей 
етіп  сақтаған  құзіретті  жеке  тұлға  қалыптастыруда  оқытудағы  жаңа  тәсіл  7 
модулді  өз  сабақтарында  пайдаланып  жүргенін  айтады.  Бұл  тәсілдің  басқа 
технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Саралай келе әр 
сабақта бір немесе бірнеше модульді  бірден  қолдануға  болатынын  анықтаған. 
1. 
Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. 2. Оқыту үрдісі 
кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға 
қабылдауға  дайын  оқушы  болуы  тиіс.  3.  Балалардың  оқуға  деген  ынтасын 
264 
 

күшейту  керек  4.  Өз  дербестігін,  белсенділігін  дамыту  қажет.  5.  Оқу,  дамыту 
жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде 
айқындау  керектігін  айтады.  Сонымен  қатар  топтық  жұмыс  арқылы 
оқушыларды  диалогқа  түсіру  үшін  мұғалім  ашық  және  жабық  сұрақтар  ретін 
оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін ескеру қажет. Оқушылар 
жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті 
әртүрлі  оқушылар,  бір-бірімен  жұмыс  жасағанда,  әрқайсысы  өз  пікірлерін 
айтады,  яғни  жауапкершілікті  сезінеді.  Топтық  жұмыста  оқушылар  өзін-өзі, 
бірін-бірі  бағалау,  немесе  топаралық  бағалау  жүзеге  асады.  Топтық  жұмысты 
ұйымдастыру 
арқылы  оқушылардың 
белсенділігі, 
шығармашылығы 
артады.Топтық  жұмысты  жүзеге  асыру,  оқушылардың  сыни  ойлауын 
дамытуға,мүмкіндік береді. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай 
тапсырма  бергенде  ғана,  оқушы  ойланады.  Сыныпта  мұғалім  оқушылармен 
интерактивті  тілдесу  арқылы  тиімді  әңгіме  үлгісін  жасай  алатын,  оқыту  үшін 
зерттеуге  және  өзара  ынтымақтастыққа  ықпал  ететін  жағдай  жасауға  міндетті 
деп атап көрсеткен.  
Қостанай облысы, Арқалық қаласының Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта 
мектебінің  тарих  пәні  мұғалімі  Бикенова  Шынар  Хамитқызы  ең  алдымен 
деңгейлік  бағдарлама  негізіндегі  7  модуль,  соның  ішінде  сын  тұрғысынан 
ойлау,  блум  таксаономиясы,  диалогтық  оқыту,  АКТ  күнделікті  сабақта  әр 
элементтерін  қолданатынын.  Нәтижесінде  технологияларды  үнемі  қолдану, 
оқушылардың қазіргі заман талабына сай еркін ойын жеткізе білуге, өз алдына 
білімді  игеруге  үйренеді,  үйренгенін  тәжірибеде  қолдана  алатындай  деңгейге 
жеткізеді.  Ұсынысы:  Оқушы  өз  ойын  еркін  жеткізе  білуі  үшін  жағымды 
психологиялық ахуал орнауы тиіс. Қате айтылған пікірді, ойды жайлап, дұрыс 
бағыттай  білу  үшін  де  мұғалімнің  өзі  жан-жақты,  өз  пәнін  жетік  меңгере 
білуі қажет.  
Қостанай  облысы,  Амангелді  ауданындағы  Амангелді  орта  мектебінің 
жоғары  санатты  мұғалімі  Абдикова  Кәмшат  Шөптібайқызына  биология 
сабақтарында  жеті  модульді  пайдаланып  жүргеніне  көп  уақыт  болған  жоқ. 
Мұғалімге  7  модуль  бағдарламасының  оқушылармен  ашық  түрде  ой  бөлісіп, 
әріптестерімен  әдіс-тәсілдерді  алмасуда  және  ең  тиімді  әдістерді  жинақтап 
оқытуда  және  оқудағы  қиыншылықтарды  жоюға  мүмкіндік  тудыратындығы 
ерекше ұнайды. Сонымен қатар, мұғалім топтық жұмыста жұмыс істеуді, әрбір 
әріптестің,  әрбір  оқушының  пікірін  сыйлау  білу  керектігін,  әркімнің  пікірі 
құнды екендігін, өз пікірін жеткізе білуді, сабақта бойынша бұл әдіс-тәсілдерді 
қалай  жүргізу  керектігін  ұғынады.  Осы  бағдарламаны  меңгеру  барысында 
Кәмшат  Шөптібайқызы  әр  сабағын  жаңаша  түрлендіріп  құруға,  оқушының 
қажеттіліктері  мен  ата-ананың  сенімінен  шығуды,  мектепте  білім  сапасының 
жоғары деңгейде үйретудің тиімді тәсілдердің пайдалана отырып, білім берудің 
жаңа тәсілдерін меңгерді. Мұғалімнің даму жұмысына жаңа тәсілдерді өткізу, 
бағалау,  талқылау,  қолдану  жатады.  Осы  технологияны  қолданудың 
нәтижесінде дарындылықты қалай анықтауға болатынын, оқушыны қалай әділ, 
шынайы  бағалауға,  сыни  тұрғыдан  ойлауына  қалай  бағыт  беруге  болатын 
265 
 

үйреніп,  оны  күнделікті  топ  арасындағы  жұмыстарда  тиімді  қолдануда. 
«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деген қағиданы 
бетке  ұстай  отырып,  мұғалім  өз  кәсібіне  деген  жаңаша  көзқарасты 
қалыптастырды. Бұл өз кезегінде мектептегі тәжірибе кезінде коучин, сессиялар 
өткізу  арқылы  мектеп  ұжымын  дамытуға,  әр  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін 
жоғарлатуға  және  оқыту  мен  оқудағы  әдіс-тәсілдерін  жаңартуға  септігін 
тигізері сөзсіз.  
Қостанай  облысы,  Амангелді  жалпы  білім  беретін  орта  мектебінің 
биология  пәні  мұғалімі  Абдикова  Кәмшат  Шөптібайқызы  биология 
сабақтарында  7  модуль  технологиясын  тиімді  пайдаланып  жүр.  Бұл 
технологияны  қолдану  барысында  мұғалім  оқушыларымен  ашық  түрде  ой 
бөлісіп, әріптестерімен әдіс – тәсілдерді алмасуға мүмкіндік туғызды және ең 
тиімді  әдістерді  жинақтап  оқыту  мен  оқудағы  қиыншылақтарды  жоюға 
мүмкіндік  тудыратындығы  маған  қатты  ұнады.  Курс  барысында  мұғалімнің 
тоқып-түйгені:  топтық  жұмыста  жұмыс  істеуді,  әрбір  әріптестін,  әрбір 
оқушының  пікірін  сыйлау  білу  керектігін,  әркімнің  пікірі  құнды  екендігін,  өз 
пікірімді  жеткізе  білуді,  сабақта  7  модуль  бойынша  әдіс-тәсілдерді  қалай 
жүргізу  керектігін ұғынды.  Бағдарламаның  негізгі  мазмұны жеке жеті модуль 
аясында  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдерді  зерделеуді  үйретуде.  Мұғалімнің 
пікірінше,  бұл  курстың  пайдасы  мол,  мәселен,  құбылмалы  осынау  өмірде 
оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету, яғни олардың оқу үдерісін түсінуі, 
нені  оқу  керектігін  түсінуі,  оқу  үдерісін  қалай  құрылымдау  керек  екендігі 
туралы ұғым қалыптасады және оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруін 
үйрететін  және  оқу  үдерісін  дұрыс  ұйымдастыра  алатын  педагог  мамандар 
дайындалып  шығады.  Осы  бағдарламаны  меңгеру  барысында  мұғалім  әр 
сабағын жаңаша түрлендіріп құруға, оқушының қажеттіліктері мен ата-ананың 
сенімінен шығу, мектепте білім сапасының жоғары деңгейде үйретудің тиімді 
тәсілдердің  пайдалана  отырып,  білім  берудің  жаңа  тәсілдерін  меңгерді.  Осы 
бағдарламамен  жұмыс  істеу  нәтижесінде  Кәмшат  Шөптібайқызы 
дарындылықты  қалай  анықтауға  болатынын,  оқушыны  қалай  әділ,  шынайы 
бағалауға, сыни тұрғыдан ойлауына қалай бағыт беруге болатын үйреніп, оны 
оқу процесінде топ арасындағы жұмыстарда жиі қолдануда. Елімізде қоғамдық 
өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан 
демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге 
қабілетті  тұлғаны  қалыптастыруға  жол  ашуда.  Мұғалім  оқушылардың  өз 
бетімен  білім  алуын  қамтамасыз  ете  отырып,  олардың  өзін-өзі  реттеу 
дағдыларын қалыптастыруға бағыттауы қажет. Осы жайттарды ескере отырып, 
жеті модуль аясында мұғалім өзі де көп нәрсені үйрене отырып, шәкірттеріне 
де жеке оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеуді үйретуде.  
Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы №9 орта мектебінің информатика 
пәнінің  жоғары  санатты  мұғалімі  Орынбасарова  Бикен  Ізтілеуқызы  –  жаңа 
технологияларды  өз  практикасына  енгізіп,  оны  жемісін  көріп  жүрген 
тәжірибелі  ұстаз.  Сындарлы  оқыту  теориясы  бойынша  7  модульді  оқу  мен 
оқытуда тиімді қолдану. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – бақылау, тәжірибе, 
266 
 

толғану  және  ой  жүгірту  нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ұғыну,  бағалау, 
талдау  және  жинақтауда  қолданылатын  әдіс.  Дарынды  және  талантты 
балаларды оқыту-балаларға барынша жоғары жетістіктерге жету үшін қолайлы 
орта  жасалатын  тәсіл.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  мен 
оқу  туралы  ең  маңызды  ақпаратты  оқытудың  танымдық  теориясы  арқылы 
анықтауға негізделеді. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау әдістерді және 
мүмкіндіктерді  іске  асыруда  жақсарту  мүмкіндіктерін  бағыттайтын  әрекет. 
Диалогтік оқыту – балалардың өзара қарым-қатынаста оқудың маңыздылығын 
дәлелдеп шығатын модуль. Оқыту мен оқудағы АКТ-на пайдалану – теориялық 
және  тәжірибелік  білімдердің  біртұтастығын  дұрыс  қолдануда  оқу  үдерісін 
жақсартуға  жағдай  жасайтын  әдіс.  Бикен  Ізтілеуқызының  инновациялық 
технологияны  қолданудағы  жетістіктері:  «Оқыту  мен  оқудағы  білім  мен 
дағдылардың тең дәрежедегі маңызы, ортақ әдіс-озық тәжірибе, ұстаз келбеті» 
мақаласы –Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, 2014жыл; ««Рефлекстік 
шығу»  оқушының  қызметін  түсіну  тәсілі  іспетті»,  облыстық  семинар,  2014 
жыл,  желтоқсан.  «ИКТ-компетентность  педагогических  работников  на  основе 
внедрения системы электронного обучения в организациях образования», 2014 
жыл, тамыз; «Әр түрлі ықпалдағы көзқараспен білім беру кеңістігін және жеке 
тұлғаны дамыту», халықаралық конференция, 2015 жыл, қаңтар. Қорыта келе, 
Бикен  Ізтілеуқызы  «Сындарлы  оқыту  теориясын  меңгеру  арқылы  әрбір 
оқушының  жеке  даралығына  қатысты  жағдаяттарды  шешу  үшін 
ынтымақтастық оқу ортасын құрылады, өзара қарым-қатынас жасалады. Әрбір 
оқушының  топтық  жұмыстарға,  өзіндік  жұмыстарға  жағдай  жасай  отырып, 
жеке  жүргізілетін  зерттеулерге  оқушылардың  ата-аналардың,  мұғалімдерді 
қатыстыру  арқылы  барынша  ауқымды  мағлұмат  алуды  көздейді. 
Ынтымақтастық  орта  құру,  оны  басқару  және  нақты  жоспарлау  барысында 
әрбір оқушының мүмкіншіліктерін барынша жетілдіруді көздейтін, оны тиімді 
қолдануға бағытталған әдіс» деп есептейді.  
Қызылорда облысы. 7 модульдік технологияның оқыту үшін бағалау және 
оқуды бағалау тәсілін сабағында қолданып жүрген Қызылорда қаласының №4 
облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының шет тілі пәнінің 
мұғалімі  Баймаханова  Сара  Ділдахметқызы  бiлiм  беру  cалаcында  әлемдiк 
жоғары  деңгейде  жоғары  жетicтiкке  қол  жеткiзiп  жүрген  көптеген  танымал 
оқыту әдicтемелерiнiң бiрi оқу үшін бағалау модулі екенін айтады. Оқушының 
ынтасын  арттыруда  бағалаудың  маңыздылығы  неде?  Осы  сұраққа  жауап 
іздеуде көптеген әдебиеттер мен журналдарды оқып, ғалымдардың зерттеулерін 
жан-жақты саралап, маңыздылығының ерекше екеніне көз жеткізген. Бағалау - 
оқытудың  құрамдас  бөлігі  және  қорытындылау  сатысы  болып  табылады. 
Бағалау - оқушының білім деңгейінің сапасын, дәрежесін анықтау. Оқушының 
алдымен өзіне деген көзқарасының қалыптасуына, білім деңгейінің өсуіне жол 
ашады.  Бағалауды  оқушының  оқу  -  таным  әрекетінде  қарастыратын  болсақ, 
оқыту  процесінің  міндеттерін  оқушылардың  қандай  дәрежеде  меңгергенін, 
дайындық деңгейін мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін 
анықтай  алатынын  айтады.  Жұптық,топтық  жұмыстарды  қолдана  отырып, 
267 
 

формативті және критерий арқылы бағалау кез келген мұғалім үшін де, оқушы 
үшін  де  тиімді.  Ceбeбi,  ағылшын  тілі  caбaғынa  дeгeн  қызығушылығы  мeн 
ынтacын  apттыpу  үшiн  бағалау  критерийлерін  пaйдaлaнa  отыpып,  топтық 
жұмыcпeн  тaпcыpмaны  оpындaу,  жұппeн,деңгейлік  тапсырма,  жеке  жұмыc 
icтeту  epeкшe  қызықтыpaтыны  бeлгiлi  болды.  Және  де  бір  себебі,  формативті 
бағалау  суммативті  бағалаумен  салыстырғанда  оқушы  мен  мұғалім  арасында 
кері  байланысты  жылдам  қамтамасыз  етеді.  Сабақ  барысында  оқушылар  бір- 
бірінің  жұмыстарын  бағалау  арқылы  өз  ойларын  ашық  айтуы  байқалған.  Бұл 
модуль  идеялары  өзін  ғана  емес  оқушыларды  да  қызықтырған,  яғни  сабақ 
үдерісінде  оқушылар  тақырыпты  түсінгенін  немесе  түсінбеген  жерлерін 
байқауға  болады.  Алғашқыда  оқушылар  дәстүрлі  сабақтағыдай  бағаланғанын 
қалады.  Cондықтaн  өзі  ағылшын  тілі  пәнiнeн  бaғдapлaмaдaн  тыc  мaтepиaлды 
игepудeгi  көзқapacын  кeңeйтeтiн  тaпcыpмaлap  apқылы  мaқcaтын  жүзeгe 
acыpған. 
Күтілетін 
нәтиже 
оқушы 
тыңғылықты 
дайындалуға 
үйренетінін айтады.  
Қызылорда  қаласындағы  №4  мектеп-интернаттың  химия  пәні  мұғалімі 
Құлтанова  Жанар  Жәнібекқызы  7  модуль  технологиясы  туралы  өзінің  іс-
тәжірибесімен  бөліседі.  Мүғалім  өмірлік  іс-тәжірибеге  оқытуды  ғылыми 
ізденістермен  ұштастыру  арқылы  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуге  болатынына 
сенімді.  Химияны  оқытуға  зерттеу  әдістерін  енгізу  оқу  әрекетінің 
мотивациясын  күшейтуге  оң  әсерін  тигізеді.  Оқушылардың  жаратылыстану 
бағытындағы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуі  нәтижесінде  алынған  ғылыми 
білімнің  кіріктіріліп  енгізілуі  оқу  үдерісінің  сапасын  жақсартып,  оқушылар 
білімінің  нәтижелілігін  арттырған.  Оқу  үдерісінде  оқушылардың  өзін-өзі 
дамытуына  бағытталған  шығармашылық,  зерттеу  және  ұжымдық  жұмыс 
мәселелеріне үлкен мән беріледі. Бұл технологияны қолдану нәтижелілігі: оқу 
жұмысының мотивациясы күшейіп, білім алу көрсеткіші жоғарылады, балалар 
білім алу жұмысында өз бетімен әрекет ету дағдысы қалыптасты.  
Ерманова  Сымбат  Нұрғалиқызы  Қармақшы  ауданында  №  121  орта 
мектепте  биология  пәнінен  сабақ  береді.  Ол  өз

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет