ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
Проблемалық оқыту технологиясы  
 
Қазіргі  заманғы  білім  берудің  басты  мақсаты  –  мамандарды  әлемді 
шығармашылық  тұрғыдан  өзгертудің  әдістемесімен  қаруландыру.  Осы 
тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы 
ретінде  проблемалық  оқыту  жүйесі  ұсынылуы  заңды  құбылыс.  Проблемалық 
оқытудың күшті жақтары:  

оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;  
318 
 


оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;  

берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;  

оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді.  
Проблемалық  оқытудың  артықшылығы:  зейіннің  дамуына  мүмкінщілік 
жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді 
дамытады,  жауаптылық,  сыншылдық,  өзін  сынау,  бастамашылдық  және  өзіне 
баға  беру  әрекетін  дамытады.  Бұдан  басқа  проблемалық  оқыту  білімнің 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді.  Екіншіден,  мұнда  Б.  Зейгарник  ашқан, 
психологияда белгілі  аяқталмаған  әрекет  эффектісі  жұмыс  істейді.  Оның  мәні 
мынада,  басталған  әрекеттер,  бірақ  аяқталмағаны  есте  жақсы  қалады: 
«әрекеттердің басы мен күтілетін нәтиже арасында өзекті байланыс сақталады, 
сондықтан бізді аяқталмағаны ойландырады, аяғына дейін істелмегені есімізде 
сақталады» [15].  
Проблемалық  оқытуға  негізделген  зерттеу-іздендіру  бағытындағы 
тапсырмалардың  ерекшелігін  төмендегі  салыстырмалы  кесте  арқылы 
дәлелдеуге болады (10-кесте) [55].  
 
10-
кесте – Зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігі  
 
Дәстүрлі оқытуда 
Проблемалық оқытуда 
Тапсырмаларда  проблема  қою  міндет 
емес 
Проблеманы шешу міндетү 
Тапсырмалар оса бағытта беріліп, олар 
дербес  ізденіс,  зерттеушілік  еңбекті 
талап етеді. 
Жауабы 
оқулықтарда, 
мұғалім 
түсінігінде бар 
Дайын  жауабы  жоқ.  Проблемалық 
ситуацияны  шешуді  қажет  ететін 
тапсырмалар 
Оқушы-обьект 
Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға. 
Орындаушы,  жауап  беруші,  дайынды 
қайталап айтушы 
Білімді  өз  ізденісімен  алушы  және 
зерттеуші. 
«Жаңалық»  ашу,  жаңа  өнім  жасау 
міндетті емес 
Жеке  тұлғаны  дамытуға,  ғылыми  – 
ізденіске  жетелейтін  шығармашылық 
бағыттағы тапсырмалар. 
 
 
 
Проблемалық  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  түрлері:  іскерлік  ойындар, 
баяндамалар  мен  ақпараттық  хабарлар,  кері  байланысты  дәрістер,  дәріс  – 
диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық –танымдық оқу және 
тағы  басқалар.  Сонымен  проблемалық  оқыту  оқушының танымдық  көкжиегін 
кеңейтеді,  шығармашылық  белсенділігін  арттырады,  білім  игеру  қарқынын 
тездетеді, тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, 
оқуға  деген  ынта-ықыласын  оятады.  Ерекшелігі  мұғалім  білімді  дайын  түрде 
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді 
және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі 
319 
 

ең  маңызды  мәселе  –  жаңа  білім  жаттау  немесе  есте  сақтау  үшін  емес, 
проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі.  
Проблемалық оқыту әдістерінің ерекшелігі:  
-
 
алдын ала белгіленбеген, кенеттен;  
-
 
проблемалық мазмұндау;  
-
 
зерттеушілік-лабораториялық жұмыс;  
-
 
мәселені проблемалық тапсырма және шешу;  
-
 
проблемалық жағдай (ойын түрінде).  
Проблемалық  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  –  оқушының  білетіні  мен 
білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті 
шешуге  дайын  тәсіл  болмағандықтан,  проблемалы  жағдаят  пайда  болады, 
осыған  орай,  оқушының  ізденушілік  әрекеті  мен  ынтасы  күшейе  түседі. 
Сонымен,  ойлауға  үйрету  дегеніміз  диалектикалық  қарама-қайшылықты  көре 
білуге,  сол  арқылы  нақты  шындықты  тануға  үйрету  деген  сөз.  Қарама  – 
қайшылық ой - дамуының қозғаушы күші. Проблемалық оқыту оқытушы үшін 
әр  түрлі  деңгейдегі  қиындықтар  тудыруы  мүмкін,  қандай  және  қанша  іс  –
әрекеттерді қою және проблеманы шешуді ол өзі жүзеге асыруына тәуелді [16].  
Маңғыстау  облыстық  дарынды  балаларға  арналған  қазақ-түрік 
мамандандырылған  мектеп-лицей-интернатының  математика  пәнінің  мұғалімі 
Озған  Свеилана  Тұрашқызы  тәжірибесінде  «Проблемалық  оқыту 
технологиясын»  үнемі  қолданып  отырады.  Проблемалық  оқыту  технологиясы 
мұғалім  басшылығында  өтетін  оқушылардың  оқу  міндеттерін  шешуге 
орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу 
ізденістері  барысында  оқушыларда  жаңа  білім,  ептілік  және  дағдылар 
қалыптасып,  қабілеттері,  танымдық  белсенділігі,  қызығуы,  ой-өрісі, 
шығармашыл  ойы  және  басқа  да  тұлғалық  маңызды  сапалары  дамиды  (Т.В. 
Кудрявцев,  А.М.  Матюшкин,  М.И.  Махмудов  және  т.б.).  Жалпы  түрінде 
проблемалық  оқыту  технологиясы  сипаты  келесідей:  оқытушы  білімді  дайын 
күйінде  ұсынбай,  оқушылар  алдына  міндет  (проблема)  қояды,  оған 
қызықтырады  және  оның  шешу  әдіс-тәсілдерін  табуға  ынталандырады.  Ал 
оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін 
табудың  жолдары  мен  әдістерін  зерттейді,  яғни  болжам  жасайды,  оның 
шынайылығын  тексеру  тәсілдерін  белгілейді  әрі  талқылайды,  дәйектейді, 
нәтижелерін  талдайды,  пікір  жүргізеді,  дәлелдейді.  Проблемалық  оқыту  - 
оқытушы  білімді  дайын  күйінде  ұсынбай,  оқушылар  алдына  проблема  қою 
арқылы  баланы  оқыта  отырып  жалпы  амыту:  сезімін,  түйсігін,  қабылдауын; 
ынтасын,  зейінін,  еске  сақтауын,  ұғынуын;  ойлау,  қиялдау,  болжау  қабілетін; 
ерік  қайратын,  оқу,  іс-әрекетін;  дағды,  машықтарын;  жауапкершілігін, 
дербестігін, өздігінен ізденісін дамытады.  
Қызылорда  қаласындағы  №4  облыстық  дарынды  балаларға  арналған 
мектеп-интернатының  математика  пәнінің  мұғалімі  Мамақатова  Жанат 
Сәдуақасқызы  білім  сапасын  арттыру  мақсатында  «Іс-әрекеттегі  зерттеу» 
жүргізуді  іске  асыруда.  Оқытушылар  үшін  іс-әрекеттегі  зерттеу  практикалық 
тәжірибені  пайдалана  отырып,  одан  әрі  өсу  және  оқуды  жалғастыру  тәсілі 
320 
 

болып  табылады.  Сонымен,  іс-әрекетті  зерттеу  бұл-  әрекеттер  мен  олардың 
салдарын  жүйелі  түрде  зерттеумен  қоса,  оқыту  мен  оқуды  жетілдіру 
мақсатында  іс-әрекетті  орындау  үдерісі.  Зерттеудің  мақсаты  оқушылардың 
сабаққа  деген  ынтасын,  ойлау  деңгейін,  сөйлеу  дағдыларын,  АКТ-мен  жұмыс 
істеу дағдыларын анықтау. Бір қатар сабақтар аяқталған соң талдау жүргізіледі. 
Бақылау нәтижесі бойынша оқушылардың үлгірімінде өзгергерістер байқалады. 
А деңгейіндегі оқушылардың тапсырмаға деген ынтасы өте жақсы, кез келген 
уақытта  өзіне  сенімді  сезінеді.  Әр  кез  алдыңғы  орында,  шапшаң  жылдам 
қозғалады, диалогті оқытуда топтағы достарымен жақсы тіл табысады. Тобын 
алға алып шығуға талпыныс жасап отырады, жинақы, сабырлық сақтай отырып, 
қарсылас топтарын да тыңдайды, балалармен өз ойымен бөлісіп қана қоймай, 
достарының  сабаққа  қатынасуына  да  мүмкіндік  бере  отырып,  топпен 
ынтымақта  жұмыс  істей  біледі.  Өзін  топ  басшысы  ретінде  сезінеді.  Тіл 
қолдануда  өте  шебер.  В  деңгейіндегі  оқушылар  салмақты.  Атқаратын 
жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.  
 
Шаталовтың тірек-сызба технологиясы.  
 
Педагогикалық  әдістемелік  процестерде  В.Ф.  Шаталов  әдісі  деген  атпен 
енген  тірек-сызба  белгілерін  (сигналдарын)  сабақта  қолдану  мұғалімдердің 
көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.  
1.
 
Технологияның  мақсаты  –  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, 
біліктерін,  дағдыларын  қалыптастырып,  берілген  сұрақтың  жауабын  тезірек 
табу мүмкіншілігін туғызады [17].  
2.
 
Демек,  оқушылардың  оқу  барысындағы  қабілеттерін  белсендендіру 
құралдарының  бірі  сабақ  барысында  тірек-сызбаларды  қолдану  [18].  В.Ф. 
Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:  
Бірінші  ерекшелігі  –  нақты  дәл  есептелген  оқу  процесін  құра  білу.  В.Ф. 
Шаталов  бұл  құрылымды  былай  түсіндірді  «Тірек  сигналдар  дегеніміз  – 
ойынның  элементі,  уақыт  үнемділігі  және  бала  психологиясын  қызықты 
құбылысқа  бағыттау.  Бірақ  ең  басты  мақсат – берілген  тақырыпты  логикалық 
байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы» Екінші 
ерекшелігі  –  уақыт  үнемділігі.  Мысалы,  белгілі  бір  тақырыпты  түсіндіру 
барысында  бірнеше  тақырыпты  жинақтап,  ықшамдап  бір-екі  тірек  сигналына 
сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.  
Тірек сызба белгілері сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады.  
Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.  
1.
 
Тірек-сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.  
2.
 
Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.  
3.
 
Сызбанұсқаға 
оқушылармен 
бірге 
талдау 
жүргізіп 
отыру. 
Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.  
4.
 
Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген 
өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.  
321 
 

5.
 
Оқушының топпен және екі-екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.  
Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:  

 
жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;  

 
оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;  

 
  
мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;  

 
  
мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;  

 
  
оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;  

 
  
сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;  

 
  
оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;  

 
  
қиын  мәтіннен  керек  жердің  негізгісін  тауып  алуға,  өз  бетімен  жұмыс 
жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;  

 
  
теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;  

 
  
дағдыны сақтауды қалыптастырады;  

 
  
оза оқуға мүмкіндік береді [17].  
Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға 
бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының 
негізгі  мақсаты  –  «Егер  есіңе  сақтау  үшін  үйренсең  ұмытасың,  ал  егер  түсіну 
үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.  
Ендеше  қоғам  талабына  сай  білім  беру  үшін  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  әр  түрлі  оқыту  әдістерімен  сабақтастыра  жүйелеп,  заманауи 
тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.  
Тірек-сызбаларды 
пайдалану 
оқушылардың 
қызығушылықтарын 
арттырып,  болжам  жасатып,  мақсат  қойып,  толық  мазмұндық  ақпарат  алуға 
жағдай  жасайды.  Тірек-сызбалар  –  сабақ  үрдісін  ұтымды  ұйымдастыруға 
көмектеседі,  тақырып  бойынша  танымы  кеңейеді,  топпен  және  жеке  жұмыс 
жасауға мүмкіндік береді.  
Тірек-сызбалар  –  кестелер,  сызбанұсқалар,  диаграммалар,  модульдер, 
блоктар,  суреттер  арқылы  іске  асырылады.  Тірек-сызбалар  оқушы  қиялын 
дамыту  мен  өзін-өзі  талдау,  қызығушылығын  ояту,  шығармашылығын 
дамытудың негізі.  
Тірек-сызбаларды  пайдалану  мұғалім  үшін  тиімді,  тақтаға  бормен  жазып 
жатудың  қажеттігі  азаяды,  барлық  сабақ  барысы  оқушының  көз  алдында 
тұрады,  оқу  мазмұнын  қысқаша  баяндап  шығу  арқылы,  көптеген  оқушыны 
бағалау  мүмкіндігі  туады.  Тірек-сызбалар  білім  берудің  үш  мақсаты  –  оқыту, 
тәрбиелеу  және  дамытуды  орындау  кезінде  мынадай  дидактикалық 
қызметтерді:  үйрету,  бағыттау,  тексеру  жүзеге  асырады.  Материалды  ең 
алғашқы  кіріспе  сабақта  қысқаша  –  тезистік  дәріс  түрінде  бергеннің  өзінде, 
сөйлесу  бөлімінде  көптеген  ойын  түрлері  арқылы  материалды  7  ретке  дейін 
қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп 
ізденіп  тырысуына,  әр  деңгейлік  тапсырманы  орындау  барысында 
шығармашылық  дағдысы  қалыптасуына,  оқушыларды  ұжымшылдыққа,  тіл 
коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін 
тигізеді.  Жеке  жұмыс,  жұптық  жұмыс,  топтық  жұмыстар  жүргізу  кезінде  бір 
ғана  сабақтың  үстінде  дарынды  оқушымен  де,  орташа  оқушымен  де,  нашар 
322 
 

оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады.  Сонымен қатар оқушылар  әр 
сабақта  бағаланып,  қорытынды  бөлімде  олардың  алдыңғы  сабақтарда  алған 
бағаларын  жақсартуына  мүмкіндік  туады.  Ең  бастысы  ‒  оқушы  дәстүрлі 
сабақтағыдай  45  минут  бойы  бір  орында  тапжылмай  отыру,  жалығу,  шаршау 
деген  сияқты  жағымсыз  жақтарды  басынан  кешірмейді.  Сабақ  барысында 
оқушының  сабаққа  деген  белсенділігі  артып,  қызығушылығы  оянады.  Оқушы 
өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. 
Оқушыларға  сапалы  білім  беру,  оқу  бағдарламасындағы  білімді  қамту  мен 
кеңейту  жүйесін  жүзеге  асырудың  тиімді  жолы  –  тірек-сызбаларды 
пайдалану қажет.  
Тірек-сызбаларын  қолданғанда  жұмыс  уақыты  үнемделеді.  Үнемделген 
уақыт  жаттығулар  орындауға,  қиын  тапсырмаларды  орындауға  жаттығуға, 
өткен  тақырып  көлемінде  оқушылар  білімін  тексеруге  қолданылады.  Тірек-
сызбаларын  жаңа  материалды  түсіндіруде,  оны  бекітуде,  сыныптан-сыныпқа 
көшу,  қорытынды  бақылауына  әзірленуде,  бірыңғай  ұлттық  тестілеуге 
әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. 
Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу 
еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. 
Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру – жетістік көзі.  
В.И.  Шаталов  жүйесінің  жетістігі  –  тақырыпты  бірнеше  мәрте  қайталай 
отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін 
нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.  
Қазіргі мектептің міндеті – оқушыларға дайын білімді жеткізу ғана емес, 
оларды  өздігінен  білім  алу  әдістеріне  баулу.  Тірек-сызбалар  оқушыға  пәннің 
әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына 
мүмкіндік береді.  
Тірек-сызбаларды  қолдану  теориялық  материал  мен  аудиториялық 
жұмыстың  уақытын  қысқартады,  баяу  оқып  үйренетін  оқушыларды  жалпы 
қарқыннан  қалмауға  мүмкіндік  береді.  Тірек-сызбалар  сыныпта  және  үйде 
оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін өз бетімен жұмысын анықтайтын 
тестілермен, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ жүйелерімен қоса жүреді.  
Тірек-сызбаларды  қолданып  оқыту  барысында  оқушы  тақырыпты  жақсы 
терең  меңгереді,  мұғаліммен  бірігіп  талдайды,  материалды  жақсы 
есте сақтайды.  
Тірек-сызбаларды  пайдаланған  уақытта  өткен  тақырыпқа  нақты  жауап 
беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар 
тірек-сызбалар  бойынша  тақырыптың  мәнін  ашып  жүйелі  түрде  әңгімелеп, 
тақырыпты  толық  меңгергенін  дәлелдейді.  Оқушылар  топпен  және  жұппен 
жұмыс  жасауға  дағдыланады,  тақырыпты  жүйелі  меңгереді.  Оқушының 
қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.  
Сабақтың  қай  түрі  болмасын  тірек-сызбаларын  қолдану  тиімді.  Жаңа 
сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-
сызбаларды  пайдаланғанда  оқушы  тақырыпты  жақсы  терең  меңгереді, 
мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды [18].  
323 
 

Ақтөбе  облысы  Алға  қаласындағы  №3  орта  мектебінің  физика  пәні 
мұғалімі  Асылисаева  Күнзада  Болатханқызы  «Шаталовтың  тірек  сызбалары, 
конспектілері»  технологиясын  өзінің  тәжірибесінде  қоланады.  Тірек  сигнал  - 
мағыналы  ой-тұжырымдардың  түйіндемесін  алмастыратын  ассоциациялық 
символ.  Тірек  сигнал  арқылы,  ертеде  түсінген  таныс  ақпаратты  жадыда 
қалпына келтіру, тез еске түсіру жүзеге асады. Тірек конспект, сызбалар-тірек 
сигналдардың  өзара  байланысқан,  көрнекі  тірек  сигналдар  жүйесі.  Келесі 
мәселелерді шешеді:  
1)  оқушылардың  ойлау  белсенділігін  арттырады  пәнді  меңгеру 
мотивациясын арттырады;  
2) ақпаратты қабылдау қабілеттілігін арттырады, бұрын алған білімдерімен 
байланыстырады;  
3) үлкен ойды-тақырыпты тұтас қабылдау мүмкіндігін алады;  
4) оқу пәніне оқушылардың қызуғышылығын арттырады.  
Технологияның артықшылығы: біріншіден оқыту процесінде блок арқылы, 
модульмен  сабақты  құрылымдау;  екіншіден  сабақ  мақсатына  жетуді 
мотивациялау;  үшіншіден  мұғалім  көмегімен  сабақта  оқушының  жеке  және 
шығармашылық жұмысы басым болады. Физикалық теорияны үйренуде, оның 
мағынасың  терең  түсіндіріп  пайдалану  жолдарын  іздестіруде,  оқушыларға 
жаттығу  ретінде  өз  күштерімен  есеп  шығартудың  мәні  ерекше  көрсетілген. 
Физика  есептерін  шығару  күрделі  мәселе.  Осындай  жағдайда  оқушылармен 
алдын  ала  талданып,белгілі  тақырыпқа  берілген  есептердің  шығару  қысқа 
жолдары  көрсетілген  тірек  конспектілердің  көмегі  үлкен.  Әсіресе  ҰБТ-ге 
дайындық  барысында.Физика  есептерін  шығаруға  дағдыланып,үйренсе, 
теориялық  біліктерін  практикамен  ұштастыратын  болады.  Тірек-конспектімен 
жұмыс  барысында  есту,  көру  жады  жұмыс  істесе,  сызбадағы  ақпаратты 
қалпына келтіру барысында қозғалыс-моторлық жады іске қосылады. Мысалы 
толқындар түрін қарастырғанда оқушыларды топқа бөліп, қума және көлденең 
толқындарды  қозғалыспен  бейнелеп  көрсетуге  болады.  Үлгерімі  төмен 
оқушыларға  пайдасы  көп.  Топтық  жұмыста  тірек  конспект  арқылы  оқушыға 
жауап беруге де, бір-бірін тексеруге де ыңғайлы. Тірек конспектілер көмегімен 
есептер  көптеп  шығарулары  керек.  Оқушылар  есепті  қызығып  шығаруы  үшін 
оның мазмұны тартымды, әрқашан өмірге жақын болғаны жөн.  
Ақтөбе  қаласындағы  №30  казақ  орта  мектебінің  физика  пәні  мұғалімі 
Зурбаева  Майя  Битановна
 
өзінің  10  жыл  тәжірибесінде  В.Ф.  Шаталовтың 
технологиясын  өз  сабақтарында  қолданып  келеді.  В.Ф.  Шаталов 
технологиясының ерекшелігі: Біріншісі ол – нақты дәл есептелген оқу процесін 
құра білу. В.Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары 
дегеніміз  –  ойынның  элементі,  уақыт  үнемділігі  және  бала  психологиясын 
қызықты  құбылысқа  бағыттау.  Бірақ  ең  басты  мақсат  –  берілген  тақырыпты 
логикалық  байланыстар  негізінде  оқушының  түсінуі  мен  ұзақ  уақыт  есте 
сақтауы» Екіншісі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру 
барысында  бірнеше  тақырыпты  жинақтап,  ықшамдап  бір-екі  тірек  сигналына 
сыйдыруға  болады.  Шаталовтың  тірек  сызбалар  технологиясы  арқылы 
324 
 

оқушының: берік білім негізі қаланады; сөйлеу қабілеті дамиды; тұжырымдап, 
топшылау  дағдылары  қалыптасады;  танымдық  процесі  нығаяды;  қарым  – 
қатынас қажеттілігі қанағаттандырылады; пәнге деген қызығушылығы артады; 
шығармашылығы  шыңдалады.  Нәтижесінде  мұғалімнің  де,  оқушының  да 
жасампаздығы  артып,  жаңашылдыққа  бет  бұрады.  Тірек  сызбаның 
артықшылықтары: оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; оқушы 
оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; оқушы таңдап 
алған  танымдылық-білімдік  түсініктерін  бір-бірімен  байланыстырып, 
қарапайым  жүйе  жасауды  үйренеді;  оқушы  оқулықпен  және  қосымша 
әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; оқушы өзінің танымдық деңгейін 
біледі.  Өзін-өзі  бағалауды  үйренеді.  Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  өзінің 
нәтижесін  береді.  Шаталовтың  тірек  сызбалар  технологиясы  арқылы  мұғалім: 
оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады; мағыналық, 
логикалық  белгілерді  нақты,  қысқа  түсіндіреді,  баға  қоры  молаяды,  оқушы 
білімі әділ бағаланады.  
 
 
Денсаулық сақтау технологиясы  
 
Білім  берудің  денсаулық  сақтау  технологиялары  –  бұл  көпшілік 
педагогтерге  етене  таныс  жұмыстың  психо-педагогикалық  әдістері  мен 
тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, 
сондай-ақ  педагогтың  үнемі  өзін-өзі  жетілдіруге  ұмтылысы.  Біз  қолданылып 
отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау 
міндетін  шешуді  жүзеге  асырған  жағдайда  ғана  оқыту  мен  білім  беру  үдерісі 
денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз.  
Сауықтыру  педагогикасы  үшін  негізге  алынатын  артықшылар 
төмендегідей:  
1. Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді норма.  
2.  Сауықтыру  –  емдеу-профилактикалық  өлшемдердің  жиынтығы  емес, 
керісінде балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму формасы.  
3. Индивидуалды-дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру-
дамыту жұмыстарының негізгі құралы.  
Оқытудағы  білім  беру  денсаулық  сақтау  технологиясының  мақсаты  –
оқушыға  мектеп  қабарығасында  өз  денсаулығын  сақтауға  мүмкіндік  жасау, 
оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен 
дағдыны  қалыптастыру.  Білім  берудің  денсаулық  сақтау  технологиясын 
ерекшелейтін  көрсеткіш  –  оқушылардың  жағдайын  үнемі  экспресс-
диагностикадан  өткізу  және  оқушылардың  денсаулық  жағдайлары  туралы 
сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ағзаның динамикалы дамуының 
негізгі параметрлерін тексеру.  
Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол 
жеткізу үшін төмендегідей құралдар тобы қолданылады:  
1.
 
Қозғалыс бағыты құралдары;  
325 
 

2.
 
Табиғаттың сауықтыру күші;  
3.
 
Гигиеналық факторлар.  
Аталған құралдарды кешенді түрде қолдану сауықтыру педагогикасының 
міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Қозғалыс  бағыты  құралдарына  оқытудың  білім  беру  денсаулық  сақтау 
технологияларының  міндеттерін  жүзеге  асыруға  бағытталған  қозғалыс 
әрекеттері 
жатады. 
Бұл 
– 
қозғалыс; 
физикалық 
жаттығулар; 
физмәдениминуттар  мен  жылжымалы  үзілістер;  эмоционалды  разрядтар  мен 
«бір  минуттық  тыныштық»;  гимнастика  (сауықтыру  гимнастикасы,  саусақ, 
корригирлік және сергектік үшін салқын тиюмен байланысты ауруларға қарсы 
профилактика үшін тыныс алу гимнастикасы); емдік денешынықтыру; баланың 
қозғалыс  белсенділігі  үшін  арнайы  ұйымдастырылған  жылжымалы  ойындар 
(сауықтыру  денешынықтыру  сабақтары,  қозғалыс  дағдысына  нешізделген 
заманауи даму); массаж; өзіндік массаж; психогимнастика; тренингтер және т.б.  
Табиғаттың  сауықтыру  күшін пайдалану  оқытудың білім беру  денсаулық 
сақтау  технологиясының  мақсатына  қол  жеткізуге  айтарлықтай  септігін 
тигізеді. Таза ауада сабақ жүргізу оқыту үдерісі кезінде жүретін биологиялық 
процестердің  белсенділігін  қамтамасыз  етебі,  ағзаның  жұмыс  істеу  қабілетін 
көтереді, шаршау үдерісін төмендетеді және т.б.  
Денсаулықты  нығайтумен  және  ағзаның  бейім  қасиеттерін  дамытуды 
бағыттаумен  байланысты  оқытудағы  білім  беру  денсаулық  сақтау 
технологиясының  мақсатына  жетудің  гигиеналық  құралдарына  жататындар: 
санитарлық-эпидемиялық  ережелер  мен  нормалармен  бекітілген  санитарлық-
гигиеналық  талаптарды  орындау;  жеке  және  қоғамдық  гигиена  (дененің 
тазалығы, сабақ өтетін орын мен ауаның тазалығы және т.б.); бөлмені желдету 
және  сулап  тазарту;  жалпы  күн  режимін,  қозғалыс  белсенділігінің  режимін, 
тамақтану және ұйықтау режимін сақтау; балаларды қол жуудың, жөтелу және 
түшкіру кезінде қол орамалды пайдаланудың және т.б. қарапайым дағдыларына 
баулу;  балаларға  салауатты  өмір сүру  салтының  (СӨС)  қарапайым  тәсілдерін, 
кесіп  алу,  күю,  тістеу  және  жаралану  жағдайларында  алғашқы  медициналық 
көмек көрсетудің қарапайым дағдыларына үйрету; инфекциялардан сақтандыру 
мақсатында  оқушыларды  егудің  тәртібін  ұйымдастыру;  қатты  шаршаудың 
алдын алу үшін оқу жүктемесінің шамасын шектеу.  
Сабақтарды  өткізу  барысында  гигиеналық  талаптарды  сақтамау  оқытуда 
білім берудің денсаулық сақтау технологиясының оң тиімділігін төмендетеді.  
Жоғарыда  аталған  құралдарды  қолдануда  қойылатын  ең  басты 
талаптардың  бірі  профилактикалық  әдістерді;  функционалды  музыканы
жоғары  және  төменгі  қозғалыс  белсенділігін  кезектестіре  отырып,  сабақта 
аудиоматериалдарды  пайдалану,  сауықтыру  шараларын;  кең  көлемдегі 
сауықтыру шараларын, спорттық-сауықтыру мерекелері түрінде өткізу; табиғат 
аясына,  экскурцияға  шығу,  салауатты  өмір  салтын  ұстану  мақсатында 
отбасымен  жұмыста,  ата-аналар  жиналасының  ұйымдастырылған  теориялық 
және  практикалық  жүйесінде,  инновациялық  білім  беру  мекемелерінде 
педагогикалық ұжымды оқыту түрінде педагогикалық ұжыммен бірге жұмыста 
326 
 

жүйелі әрі кешенді түрде түрде қолдану болып табылады.  
Біздің  заманауи  мектептің  өз  міндеттері  бар,  оларды  орындай  отырып, 
денсаулық  сақтау  және  нығайту  жөнінде  ұмытпаған  дұрыс.  Және  әр  педагог 
қызметкер  бала  денсаулығына  зиянды  әсерін  тигізетін  мектеп  және  оқушы 
өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың 
сәтті  болу  жолын  қарастырып,  өзгертіп  отыруы  керек.  Педагогикалық 
факторлардың  ішінде  анағұрлым  маңызды  болып  табылатыны  педагогикалық 
әсердің күйзелісті әдісі. Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге 
байланысты  күйзелісті  сезінеді:  сабақ  үстінде  және  сабақтан  тыс  уақыттың 
шектелуі,  жауаптарына,  мінез-құлықтарына  және  т.б.  мұғалімдердің 
қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына 
және  т.б.  көңлі  толмауы.  Қайда  барса  да  еститіні  айқай,  ескерту,  мін  тағу, 
психологиялық  қысым.  Бұл  қалыпты  жағдайдай  болды,  ал  ересек  адамдар 
бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма 
деген  қорқыныш,  қобалжу,  орынсыздығын  айыптау  –  күйзеліс  көзі  болып 
табылады.  Мұғалімі  салмақты,  мейірімді,  өзара  түсіністік  ахуалы  орнаған 
класқа  қарағанда,  педагогы  қатаң,  мейірімсіз  болған  кластарда  балалардың 
ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5 - 2 есеге көп. Күйзеліс факторы, 
физиологтардың  пікірінше,  белгілі  бір  қызмет  уақытының  шектелуі.  Біздің 
дәстүрлі  мектептерімізде  жетістік,  білім  сапасы,  сауаттылық  сандық 
көрсеткіштермен ауыстырылып отыр. Бұл сондай-ақ жазу жылдамдығы мен оқу 
жылдамдығына  да  қатысты,  оларды  жылдамдату  жас  ерекшелік  физиология 
институты зерттеулерінің мәліметтері бойынша олардың психофизиологиялық 
құрылымын бұзады. Қорытындысында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру 
институтының  курс  шараларында  барлық  педагог  қауымға  салауатты  өмір 
салты  ұстанушы  ортаны  дамыту,  денсаулық  сақтаудың  алдын  алу  жөніндегі 
мәселелері және орындау, шешу жолдарынан дәріс беріледі [19].  
Әлімбаев Данияр Алпысұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет