196
Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемдік оқыту»
технологиясы
Ж.А. Караевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық
технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми–тәжірбиеден,
сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді
әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат –
мотив – іс-әрекет – рефлексия – теориялық білім. Ж. Қараевтың деңгейлік
оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар
дайындауға болады. Жалпы сабақ жоспарын кейінгі кезде мұғалімдер көбіне
Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бойынша дайындайды.
Ол оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін өздігінен танып, іздену іс-
әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы
тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Ж.А. Караевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық
технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми тәжірбиеден,
сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді
әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат –
мотив – іс-әрекет – рефлексия – теориялық білім. Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту
жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар
дайындауға болады. Жалпы сабақ жоспарын кейінгі кезде мұғалімдер көбіне
Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бойынша дайындайды.
Ол оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін өздігінен танып, іздену іс-
әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы
тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясының
дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру
деңгейлерінің талаптарын ұсынамыз:
1-
деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:
–
жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелер т.б.
–
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап,
пысықтауға арналған сұрақтар;
–
тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты
болуы керек. Жаратылыстану пәндерінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты
игеру соңында орындалатын ұқсас тапсырмалар құру арқылы жүзеге
асырылады және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама,
заңдарын бекітуге арналады.
2-
деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына
негізделеді:
–
өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп,
тереңдете пайдалануды қажет етеді. Жаратылыстануда мұндай іс-әрекетке
келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген есептер, тапсырмалар, сұрақтар,
тәжірибелер т.с.с.
–
оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда
197
біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы
болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
3-
деңгей: тапсырмалары – эвристикалық танымдық іздену түрінде
орындалатын тапсырмалар:
–
танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау
барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым
білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.)
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін
жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы
тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен
есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды
шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;
–
өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен
шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға
берілетін тапсырмалар.
4-
деңгей: шығармашылық деңгей: оқушылардың жинаған өмірлік
тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой
еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының
икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген: теореманы
дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару,
олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен тақырыпқа реферат,
баяндамалар дайындау [8].
Төменде осы әдіске негізделіп дайындаған Жамбыл облысы Шу ауданы М.
Мақатаев атындағы тірек мектептің (ресурстық орталық) дайындаған сабақ
жоспарларын ұсынамыз (4-кесте).
«Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.
География пәнінің мұғалімі З.А. Манасбаева.
4-
кесте – «Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша сабақ жоспары
І кезең
Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі
тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын
жаппай тексеру жүргізеді). «КӨПІР» тапсырмаларын келесі сұрақтарға жауап беру арқылы
тексеру:
1.Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда неше қала және кент бар?
Ж: 23 қала мен 12 кент.
2. Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі қанша қала бар? Атаңдар.
Ж: 2 қала. Олар: Көкшетау, Степногорск.
198
ІІ кезең
Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өздігінен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі қадамдар бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау»
тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толықтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-
қадам: теория
бойынша «Білу»
үшін тақырып
мазмұнынан
Кім? Не?
Кімнің? Кімге?
Кімді? Кімде?
Кімнен?
Кіммен?
Қандай? Қай?
Қашан? Не
істеді? сияқты
сұрақтарға
жауап беретін
толық ақпарат
іріктелінуі
керек.
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
1. Астана (778 мың адам) – республика астанасы – Қазақстанның
географиялық орталығында, ірі көлік магистралдарының тоғысқан
жерінде орналасқан.
2.1950
жылдары қала еліміздің солтүстігіндегі тың және тыңайған
жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін
жылдам көркейіп, өсе бастады.
3. Астана – республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени
орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару,сонымен
қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін
алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып
келеді.
4.Қала маңызды әуе жолдарының, теміржол магистралдары мен
мемлекеттік маңызы бар автокөлік жолдарының қиылысында орналасқан
ірі көлік торабы болып табылады.
5. Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас
ассамблеясының 152-ші сессиясында ЭКСПО Халықаралық көрмесі 2017
жылы Еуразия жүрегі Астана қаласында өтетіндігі мәлім болды.
Сессияға қатысушы мемлекеттердің 103 дауысын жинаған Қазақстан
халқы үшін үлкен мәртебе. Бұл «Болашақтың энергиясы» тақырыбын
көтеретін жауапкершілігі мол көрме тек Астананың ғана емес, тұтас
Қазақстанның да дамуына қосымша серпін береді.
6.Халқының санының өсуі, негізінен, облысаралық көші-қон арқылы
жүзеге асырылады.
7.Қысқаша тарихи анықтама: 1830 ж. – Ақмола бекінісі. 1862 ж. –
Ақмола қаласы. 1961-1992 жж. – Целиноград. 1992 ж. – Ақмола қаласы.
1997
ж. Ақмола қаласы – ҚР астанасы. 1998 ж.- «Астана» атауы берілді.
1999
ж. ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медаль мен
«Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.
8. Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы
орналасқан (141 мың адам).1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен
Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен
құрал-жабдықтары тиелген эшалон келді. Ол механика зауытына келіп
орналасты да, бірден әскери-қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
9.1960-
1970 жж. Ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп
кәсіпорындары іске қосылды.
10.Радиозауыт, оттегімен демалатын аппаратура шығаратын зауыт,
Васильков кен – байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады.
11.Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан,
онда Қазақстанның әсем қалаларының – Павлодар орын тепкен (334 мың
адам). Біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең қолайлы жерді – Ертіс
өзенінің жағалауын таңдап ала білген.
12. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс, алтын,
күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен
ғасырдың өзінде шетелдік іскер топтардың назарын аударған болатын.
Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.
199
Мысал. 1955 жылы тұңғыш машина жасау зауытының (қазір трактор
зауыты) құрылысы басталды. 1968 ж. оның конвейерінен алғашқы
трактор шығарылса, ал 1969 ж. мыңыншы машина жасалып шықты.
Зауыттың қуаты одан кейінгі уақытта жылына 55 мың дана шығаруға
дейін жетті.
13. Қуатты құрылыс материалдары өнеркәсібін құру тек қалада емес,
бүкіл экономиканы қайта құруда шешуші рөл атқарды: Ермак МАЭС –
нің, ферроқорытпа, алюминий және трактор зауыттарының құрылыстары
басталды.
14.Павлодар – ірі мәдени және ғылыми орталық: онда екі университет,
Ресей ЖОО-ның филиалдары, екі театр (Қазақ музыкалық драма және
Орыс драма театрлары), көркемөнер және көне тарихи-өлкетану
мұражайы және т.б. бар.
15.
Қостанай қаласы (219 мың адам). Бұл Солтүстік Қазақстанның ірі
өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаланың іргесі 1897 ж. қаланды.Ол
кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл
шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар – тері илейтін
зауыт, бу диірмендері жұмыс істеді.
16. Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов - Сарыбай) және
асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің нәтижесінде теміржолдар
салынып, қала жылдам дами бастайды. Соңғы жылдары тамақ және
жеңіл өнеркәсіп дамыды, ет консервілеу комбинаты, кондитер
фабрикасы, мауыты (машинамен түтілген) шұға кәсіпорны, аяқ киім
және тігін фабрикалары жұмыс істейді.
17. Петропавлды (205 мың адам) «Республиканың солтүстік қақпасы»
деп орынды атайды. Ол 1752 ж. салынған, Петропавл атауын 1807 ж.
алған. Қаланың транзиттік ЭГЖ өте қолайлы.Оның Транссібір және
Трансқазақстан теміржолдарының қиылысында орналасуы қаланың
сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.
18. Петропавл қазіргі кезде маңызды өндірістік мәдени орталық әрі ірі
көлік торабы. Қалада мұнай -газ өнеркәсібі, отын-энергетика, көлік және
сонымен қатар агроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері, ауыл
шаруашылық құралдарына қосалқы бөлшек) құрал-жабдық шығаруға
маманданған машина жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар.
19.Солтүстік экономикалық ауданда қалалар көп, ірілері 2 қала:
Республикамыздың астанасы – Астана қаласы мен аймақтың ірі өндірісті
қаласы – Павлодар. Қалалардың мамандану құрылымы әр түрлі:
металлургия (қара және түсті), машина жасау; мұнай өңдеу және ауыл
шаруашылығы шикізатын өңдеу.
2-
қадам:
теорияны
«
Түсіну» үшін
Неге? Неліктен?
Себебі? Не
үшін? Дәлелде.
Түсіндір.
сұрақтары
оқушының
жоғарыда
берген
жауаптарына
қойылады
Себебін анықтаңдар.
1.Неліктен Астана жылдам көркейіп, өсе бастады?
Ж: Астана мәртебесін алғаннан кейін жылдам көркейіп, өсе бастады.
2.Не себебті Астана ірі көлік торабы болып табылады?
Ж: Қала маңызды әуе жолдарының, теміржол магистральдары мен
мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында
орналасқандықтан.
3. Неліктен ЭКСПО Халықаралық көрмесі 2017 жылы Еуразия жүрегі
Астана қаласында өтетіндігі мәлім болды?
Ж:себебі, Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас
ассамблеясының 152 – сессиясында сессияға қатысушы мемлекеттердің
103
дауысын жинаған.
4.Не себебті экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы
200
(мақсаты
оқушылардың
білімін
тереңдету)
орналасқан, онда Қазақстанның әсем қаласы – Павлодар орын тепкен?
Ж: Себебі, біздің ата-бабаларымыз қала үшін ең қолайлы жерді – Ертіс
өзенінің жағалауын таңдап ала білген.
5.Не үшін өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын
аударған болатын?
Ж: Себебі,Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс,
алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры .
6.Не себебті өткен ғасырдың ортасынан бастап қала жылдам дами
бастады?
Ж: Себебі темір (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен
орындарын игерудің нәтижесінде теміржолдар салынып, жылдам дами
бастады.
7. Не үшін Петропавл қаласының транзиттік ЭГЖ өте қолайлы?
Ж: Себебі, оның Транссібір және Трансқазақстан теміржолдарының
қиылысында орналасуы.
3-
қадам:
теорияны
«
Талдау» үшін
1. Салыстыр,
2.Айырмашылы
ғы неде?
3.Ұқсастығы
неде?
4.Тақырыптың
басты идеясын
жаз деген
тапсырмалар
болу керек.
Немесе 1-3
тапсырмаларды
Венн
диаграммасы
арқылы қамтуға
болады
Қостанай Петропавл
Көкшетау Павлодар
Тақырыптың басты идеясын жаз.
Ұқсастығы: Солтүстік Қазақстан қалалары.
Ерекшеліктері:
1. Астана – ел орда. Ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталық.
2.Петропавл қазіргі кезде маңызды өндірістік, мәдени орталық әрі ірі
көлік торабы.
темір (Соколов-Сарыбай) және
асбест (Жітіқара) кен орындары.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды,
ет консервілеу комбинаты, кондитер
фабрикасы, мауыты (машинамен
түтілген) шұға кәсіпорны, аяқ киім
және тігін фабрикалары жұмыс
істейді.
Ірі өнеркәсіп және мәдени орталық .
«Республиканың солтүстік қақпасы»
мұнай – газ өнеркәсібі, отын –
энергетика, көлік, агро-өнеркәсіп
кешендері үшін (трактор тіркемелері,
ауыл шаруашылық құралдарына
қосалқы бөлшек) құрал – жабдық
шығаруға маманданған машина жасау
кәсіпорындары мен ет комбинаты бар.
Маңызды өндірістік, мәдени орталық
әрі ірі көлік торабы.
Астана – ел орда. Ірі өндірістік,
ғылыми және мәдени орталық. Ауыл
шаруашылығы машиналарын
шығару,сонымен қатар тамақ және
жеңіл өнеркәсіптері
Ермак МАЭС –і, ферроқорытпа,
алюминий және трактор
зауыттары, құрылыс
материалдары өнеркәсібі.
Ірі мәдени және ғылыми орталық.
оттегімен демалатын аппаратура
зауыты және радиозауыт,
Васильков кен-байыту комбинаты
т.б. жұмыс істейді.
201
3. Қостанай - ірі өнеркәсіп және мәдени орталық.
4.
Көкшетау- Васильков кен – байыту комбинаты.
5. Павлодар - ірі мәдени және ғылыми орталық.
4-
қадам:
теорияны
«Жинақтау»
үшін
Қорытынды
шығар,
анықтама бер,
мазмұнды
жүйеле, кестені,
сызбаны,
сөзжұмбақты
толтыр немесе
өзің құрастыр
тағы с.с. басқа
түрдегі
тапсырмалар
оқушының
жоғарыдағы
«тақырыптың
басты идеясын»
жазған
жауабына
қойылады.
Картаға Солтүстік Қазақстан қалаларын түсір.
Қаланың
пайда
болған
уақыты.
Даму тарихы
Астана.
1830
ж. –
Ақмола
бекінісі.
1862 ж. – Ақмола қаласы. 1950 жылдары қала еліміздің
солтүстігіндегі тың және тыңайған жерлерді игеру
орталығы болды. 1961-1992 жж. – Целиноград. 1992 ж. –
Ақмола қаласы. 1997 ж. Ақмола қаласы – ҚР астанасы.
1998
ж.- «Астана» атауы берілді. 1999 ж.ЮНЕСКО-ның
шешімімен Астана қаласына медаль мен «Бейбітшілік
қаласы» атағы берілді.
Көкшетау.
1941
жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс
машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен
құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада істеп
тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден
әскери-қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
1960-
1970 жж. Ескі, қайта жабдықталған және жаңа
өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды.
Петропавл.
1752
ж.
салынған.
Петропавл атауын 1807 ж. алған. Қаланың транзиттік
ЭГЖ өте қолайлы.Оның Транссібір және Трансқазақстан
теміржолдарының қиылысында орналасуы қаланың сауда
орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.
Қостанай.
Қаланың
1897
ж.
іргесі
қаланды.
Ол кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін.
Жергілікті ауыл шаруашылық шикізатының негізінде ұсақ
кәсіпорындар – тері илейтін зауыт, бу диірмендері жұмыс
істеді.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов -
Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің
нәтижесінде теміржолдар салынып, қала жылдам дами
бастайды.
Павлодар.
Біздің ата-
бабалар
ымыз қала
үшін ең
қолайлы
жерді –
Ертіс
өзенінің
жағалауын
таңдап ала
білген.
1938
жылы Павлодар облыс орталығы болған. 1950
жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами
бастады. Мысал. 1955 жылы тұңғыш өнеркәсіп
кәсіпорынның – машина жасау зауытының (қазір трактор
зауыты) құрылысы басталды. 1968 ж. оның конвейерінен
алғашқы трактор шығарылса, ал 1969 ж. мыңыншы
машина жасалып шықты. Зауыттың қуаты одан кейінгі
уақытта жылына 55 мың дана шығаруға дейін жетті.
Оқулықпен жұмыс. (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына
«Баға беру» тәсілдеріне сәйкес, рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде
бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.
202
5-
қадам.
Практика
жүзінде
«Қолдану»
(оқулықпен
жұмыс жүргізу
барысында тек
қарапайым
тапсырмаларме
н бекіту
жүргізіледі).
Дайын
формулалар
арқылы есептер
шығару
орындалады.
6-
қадам:
практика
жүзінде «Баға
беру» (Сен
қалай
ойлайсың? Не
істер едің?)
деген тапсырма.
Қалай ойлайсың?
Павлодар қаласын өнеркәсіпті қала ретінде тану дұрыс па? Ойыңды
дәлелде.
Ж:
_______________________________________________________________
ІІІ кезең
Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау. ІІІ кезең (кері байланыс-бағалау кезеңі):
Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік,
біліктілік, яғни құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл
тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында
орындайды 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді.
Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып
журналына қойылады, мониторингке тіркеледі
І деңгей (5 балл)
1-
қадам: теория
бойынша
«Білу» үшін
тақырып
мазмұнына Кім?
Не? Кімнің?
Кімге? Кімді?
Кімде? Кімнен?
Кіммен?
Қандай? Қай?
Қашан? Не
істеді? Сияқты
сұрақтарға
жауап беретін
толық ақпарат
іріктелінуі
керек.
Тест (дұрыс жауаптың астын сыз)
1-
тапсырма:
1.«Республиканың солтүстік қақпасы» аталатын қала:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
2. Жергілікті темір кені (Соколов-Сарыбай) және асбест (Жітіқара) кен
орындарын игеруге байланысты дамыған қала:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
2-
тапсырма:
3.Солтүстік Қазақстанның әкімшілік орталығы:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
4.Ақмола облысының орталық қаласы:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
3-
тапсырма:
5. Маңында «Бурабай» курорты орналасқан қала:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
6.Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағы берілген
жыл:
а)1830; ә)1961; б)1992; в)1997; г )1999.
203
4-
тапсырма:
7. Солтүстік Қазақстандағы халқы ең көп қала:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
8. Транссібір және Трансқазақстан теміржолдарының қиылысында
орналасқан қала:
а) Көкшетау; ә) Петропавл; б) Павлодар; в) Астана; г) Қостанай.
2-
қадам:
практика
жүзінде
«Қолдану»
(оқулықпен
жұмыс. ІІ
кезеңнің 5-
қадамындағы
қарапайым
тапсырмалар
үлгісіндегі
тапсырмалар
орындалады )
5-
тапсырма: Астана қаласының қысқаша тарихи анықтамасын жаз:
Астана
1830ж – Ақмола бекінісі.
1862ж - Ақмола қаласы.
1961 –
1992жж – Целиноград.
1992ж – Ақмола қаласы.
1997 –
Ақмола қаласы – ҚР астанасы.
1998ж - «Астана» атауы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |