В.И. Пацаев атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Молдашева Салтанат Бауетдинқызы педагогикалық технологияның
бір түрі дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыру алға қойылады. Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі
сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей, олардың жетілуі дамуы үшін
қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Ол үшін баланың
жауабы мұқият тыңдалып, дұрыс мақталып, қатесін ептеп түзету керек. Сын
тұрғысынан дамыту сынақ емес, ой-өрісті шыңдау. Нәтижесінде оқушыларға
ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға мүмкіндік береді, әртүрлі идеяларды,
пікірлерді қабылдайды, белсенді іс-әрекетті қолданып, бір-бірінің жауабына
жасалған оқушылардың сынын дәлелді, дәйекті болуын талап етеді. Сын
286
тұрғысынан ойлауды бағалап, сенімділікпен жұмыс жасайды, пікірлерді
тыңдайды, құрметтейді, өз пікірін ашық білдіруін талап етеді.
Осы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бабаниязова Асемгүл
Сансызбайқызы дамыта оқытудың мақсаттары: оқушы субъекті, яғни, ол өзін-
өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады, мұғалім мен оқушының
арасында «субъектаралық» қатынас болуы керек деп сипаттайды. Дамыта
оқытудың басты ұстанымдары (принциптері): -сабақтың құрылымын
проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы; -оқушылардың ойлау қызметін
белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз,
абстрактылық, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен ой амалдарын
қолдана отырып сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту ұстанымы; -пәнді
оқытуда индивидуалдық және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы; -
оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық,
сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет
түрлерін қалыптастыру ұстанымы; -оқытудың тарихилылығы ұстанымы;
оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы. Осы ұстанымдар негізінде
пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері, құралдар және оқытудың негізгі формалары,
сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы, оқушыларының ізденімдік
қабілетін дамытуға арналған басқа да жұмыс түрлері анықталған. Нәтижесінде
оқушы өзін-өзі дамытады, жетілдіреді, тәрбиелейді; баланың қабілетін,
дарынын дамытуға ықпал етіледі; білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала –
тыңдаушы, мұғалім – информатор емес, керісінше бала – зерттеуші, ізденуші,
жаңалық ашушы, мұғалім – оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші
болатынын айтады.
Ақтөбе қаласы №14 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдина
Жанат Шайыбекқызы дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс
істейді. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы.
баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының
өзінің, «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге
болмайтынын айтады. Дамыта оқыту жетекші роль атқаратын, ол балаға
жанама түрде әсер ететін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың
оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы
жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді деп атап көрсетеді.
Осы технология бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастырған
Ақтөбе қаласы №51 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Мүсірепова Айгүл
Қарабайқызы әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы
ойындар, шығармашылық тапсырмалар колданған. Атап айтсқанда, «Әріптерді
сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер»
дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды.
«Не артық?» ойны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады.
Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін
жазғызған. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр.
«Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған
дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша
287
сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады.
Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер,
шарада, метаграммалар, филворд, т.б. Математика сабағында логикалық
есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданады. Сонымен қатар оқушылар
математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар
шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен
пайдаланатытын айтады.
Ақтөбе қаласы №55 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Таниева Бибігүл Серікқызы әр пән мұғалімі өз іс – тәжірибесінде
дамыта оқыту технологиясын басшылыққа алу; дамыта оқыту технологиясы
негізінде құрастырылған сабақтарды өткізу арқылы іс – тәжірибе алмасуды
жетілдіру; дамыта оқыту технологиясын үй тапсырмасын берген уақытта тиімді
пайдалану; сабақ түсіндіру барысында мұғалім оқулықта берілген тақырыптан
тыс материалдарды кеңінен қолдану туралы ұсынысын білдірген.
Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Еркінова
Гүлназ Қасымқызы дамыта оқыту технологиясын өз сабақтарында қолданып
келеді. Бұл технология барлық педагогикалық технолгиялалардың жиынтығы
болғандықтан пайдасы, нәтижелігі өте жоғары екенін айтады. Оны қолдану
нәтижесінде бірнеше оқушылар түрлі танымдық сайыстар мен олимиадалардан
жүлделі оралғанын айтады. Осы технологияларды тиімді қолдану үшін
ұстаздарға әдістемелік көмектер берілсе, жағдайлар жасалса деген
ұсынысын білдірген.
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Түрікпенбаева Алтынгүл Тегінбайқызының іс-тәжірибесінен. Тәлім-тәрбие
беру процесінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту болып табылады.
Бірақ, тұлғаны дамыту туралы ізденушілік әр адамның өз қолында, оны
сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру
мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту – ол оның
толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде
қарастырылады. Сондықтан мектептің алдына қойған мақсаты баланың табиғи
күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау
болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін,
ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалық ойлауды,
пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойы мен
пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы
түрде сипаттар болсақ, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері мен атқарар
істері ұшан-теңіз: мұғалім тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді,
көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оқушы мұғалімге кедергі келтірмей, тып-
тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ
барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен
таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады,
әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғамда,
ғылымда әлдеқайда шешілген, бірақ ол үшін жаңа идея болып табылатын
288
проблеманы шешуге кіріседі. Дамыта оқыту идеясы алғашқылардың бірі
болып, 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың
басшылығымен жасалды. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі
ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады: оқу мазмұнындағы
өзгешеліктер; мақсаттағы айырмашылықтар; дидактикалық принциптердегі
өзгешеліктер; әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер; оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері; мұғалім мен
оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас. Л.В. Занковтың жүйесіне сәйкес,
мектептің негізгі мақсаты – баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпы даму деп
оқушының байқампаздығын, ойлауын дамыту және оның практикалық іс-
әрекеттерді меңгеруі, сондай-ақ, ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы
алынады. Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір
принциптердің мәнін ашайық. Жоғары күрделілікте оқыту принципі. Бұл
қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар
екеніне көз жеткізеді. Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде
баланың миындағы клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар
(нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиелей түсетіндігін,
сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру
керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар
құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп, бара-бара
жойылатындығына көз жеткізуге болады. Ғылымда белгілі себептермен аңдар
арасында қалып қойған балалардың қайта адам қалпына келе алмауының басты
себебі де осында болуы мүмкін. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары баланың
ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: биология
сабағында заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттерін ғана емес,
сонымен бірге олардың ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгеру
оқушылардың дүниетанымын тереңдетеді. Мысалы, мұғалім жыл мезгілдері
немесе фотосинтез туралы тақырыпты меңгеруде, жаз бойы жасыл болып
жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем
түсіп қалатындығы неге байланысты екендігіне тоқталады. Сөйтіп, қоршаған
ортада жүріп жатқан құбылыстардың заңдылықтарға тәуелді екендігіне
оқушылардың
көздерін
жеткізіп,
өздігінен
қорытынды
жасауға
дағдыландырады.
Ақтөбе қаласы , №2 орта мектебінің география пәні мұғалімі Каренова
Ботакөз Серікқызы дамыта оқыту технологиясының мүмкіндіктерін 2014
жылдан бастап қолданып келе жатқан ұстаздардың бірі. Дамыта оқыту
технологиясын қолдану арқылы оқушының пәнді оқып-үйренудегі теориялық
ойлауы дамиды және оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік
жолмен емес, керісінше, арнайы ұйымдастырылған баланың жан-жақты
теориялық іс-әрекеті арқылы көрінеді екенін айтады. Ботакөз Серікқызының
сабақтарында оқушының география пәніне деген қызығуышылығы артқан, оқу
үлгерімі жақсарған. Оқушылары көптеген ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі
орындарға ие болды. Сондықтан да мұғалім дамыта оқыту технологиясын
биология сабақтарында қолдану тиімді деп санайды.
289
Алға ауданы Бестамақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Өтегенова
Гүлзада Гумарқызы дамыта оқыту технологиясын 1998 жылдан бастап
қолдануда. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту процесінде
оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық
қабілеттерін белсендіру және оқушылардың танымдық қызығулары мен оқуға
деген ынтасын дамытқан. Оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекетінде жете
ұғынуға талпындыру бойынша қызығушылықты ояту сатысында бұрынғы
білетін білімі мен жаңа білімді байланыстыру «Топтау», «Түртіп алу»,
«Ойлану», «Болжау» әдістері арқылы оқушыларына пәнін оқытқан. Оқушының
өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттері қалыптасады.
1) Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы. 2) Оқуға деген қабілетінің
артуы. 3) Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру
жолдарын түсіне білу ниеті. 4) Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын
көзбен қарау және оқушының өз ойының дербестігі. Технологияны қолданудың
нәтижелілігі: Оқу процесінде алған мәліметтерді пайдаланады: ойланады, алған
білімін іштей дайындайды, ойша салыстыра отыруға бейімделеді. Оқушы
сабақта алған мәліметтерді өздігінен қорытуға ұмтылады: өз ойларын дамытуға
ұмтылады, өз ойларын дамытады, өз бетінше бағалайды. Алған білімін
салыстыра отырып, бағалауға тырысады (талқылау арқылы бағалап үйренеді).
Осы технологияны қолдана отырып, мұғалімдер сыныптағы жұмыстарын
жоспарлап, өз сабақтары мен орта мерзімді жоспарларының сапасын
жақсартуға ұмтылады.
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның жоғары санатты, 20 жылдық еңбек өтілі
бар, биология пәнінің мұғалімі Айбасова Даметкен Елеуқызының іс-
тәжірибесінен. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың
негізгі факторына олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес,
сонымен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой
жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға
қою керектігі жатады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Біріншіден, дамыта оқытуда білім даяр
күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың
алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып,
мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп, олар осы мәселе туралы өз
білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген
қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Екіншіден, дамыта
оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып, өзінің
санасының жетілгенін байқап, білімге деген құлшыныстары одан сайын арта
түседі. Әр оқушы өзінің деңгейіне дейін дамуына қол жеткізе алады. «Жақсы
оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы балаларды танымдық
әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден, оқушының
жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің іс-әрекеті. Сол себепті, дамыта
оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайын арттыру,
мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын алға қояды. Төртіншіден, дамыта
290
оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша
қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі
жүйедегі әміршілдік стилі бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы»,
мұғалімнің тасасындағы «объект» емес. Ол – өз пікірін ашық айта алатын, ойын
дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренген тұлға. Жаңа сападағы оқытуды түсінуге
қиын етіп жүргізу, теориялық білімнің жетекшілік рөлі оқушыға кері әсер етеді.
Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу,
оқушының ізденуі оқу процесін жандандырады. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі –
дамудың қауіпті жауы болып есептелінеді, мұнда оқу процесін оқушы
сезінбейді, ол өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Жаңа
технологияны қолдану нәтижесінде оқушы материал қайткенде есімде жақсы
қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен
өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді. Оқытудың жаңа
технологиясы барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істейді.
Оқушыларды қабілетіне қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен
ынтымақтастықта дамиды.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп
интернатының информатика пәнінің мұғалімі Ахрап Бақытгүл Берікқызы жас
ұстаз, педагогикалық дамыта оқыту технологиясын меңгеріп, өз сабақтарында
тиімді қолдануда. Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші
субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай
жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.
Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б. Бірақ, тұлға
дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз
қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден
туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын
дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы
ретінде қарастырылады. Мұғалімнің ұсынысы: мектеп мақсаты баланың табиғи
күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау
болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру үрдісін,
ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Ақтөбе облысы, №15 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Рахметова Мариямкүл Кожбанқызы сындарлы оқыту технологиясын өзінің іс-
тәжірибесінде қолданып келеді. Бұл технологияны оқытудың міндеттері:
педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы
білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды
өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға
көмектесу; әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі
инновациялық үдерістерге қолдау көрсету; мұғалімдерді оқушылардың
бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға;
түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір
291
сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді
азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін
ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен
қамтамасыз ету. Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім
берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсетілді. Мұғалімдерді
оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдылары
қалыптастырылды; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі
заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін
оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық
дайындықпен қамтамасыз етілді.
Алматы облысы Қапшағай ауданының Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр
атындағы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Мариям
Бахтиярқызы сабақта қолданып жүрген дамыта оқытуда оқушының ойлау,
ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге
келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік
берілетіндігін айтады. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға
дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі
өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында
лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже бергендігін атап көрсетті.
Қапшағай қаласындағы Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жұмалиева Сауле Жарылқасымқызы осы
технологияны қолдануда. Баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей
жағдайға түсуі керек. «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде анықтай,қорытындылай алу дағдысы» деп білетін дамыта
оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты
назарда ұстайды. Осы технологияны қолдануда оқушы алдына оқу мақсаттарын
қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын
жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы,
бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның
дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға
мүмкіндік беріледі. Оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз
септігін тигізгенін айтады. Дамыта оқыту технологиясы нәтижесінде оқу
міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан
тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы беретінін анықтаған.
Атырау облысы Атырау қаласының №36 мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі Туспаева Маруся Шамшаровна бұл жүйе дәстүрлі оқытудан
төмендегі
ерекшеліктерімен,
өзгешіліктерімен
айқындалады.
Оқу
мазмұнындағы өзгешеліктер; - Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер; - Оқытуды
өзгеше ұйымдастыру; мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-
қатынасы. Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы,
ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа
292
өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланатынын айтады. Дамыта
оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта
жетелейді. Мысалы: «А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін,
дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не
айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.
Құрманғазы облысы Еңбекші жалпы орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Ергалиева Алтын Шайхимовна дамыта оқытуда баланың ізденушілік-
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала
өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз
екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда
әрекет жасайды деп сипаттайды. Сонымен қатар дамыта оқытудың түпкі
мақсаты - әр пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға
үнемі нысана тірек болып отырады. Дамыта оқытудың түпкі мақсатының бірі
оқушыларды әртүрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару. Дамыта
оқытудағы ең басты нәрсе оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына
енгізу екенін айтады. Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялату, әрбір
оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру, оқушымен ұнамды қарым-
қатынас жасау. Оқытудың бағдарламалық, проблемалық, ақпараттық түрлеріне
негіздеп, күнделікті сабақты тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту
қажеттігі туралы айтады.
Осы мектептің 20 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты бастауыш
сынып мұғалімі Өтеуғалиева Сауле Марданқызы бұл технологияны қолдануда
оқушының ойлау белсенділігі артады, өз ойын жеткізе және қорытынды пікір
айта алады, сөздік қоры артып, сөйлеу тілі дамиды, шығармашылық қабілеті
шыңдалады, өзіндік ой-пікірі қалыптасатынын байқаған. Дамыта оқыту жеке
тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан
дүниесін, тілін, ерік-қайраты, мінезін, дарынын дамытуға бағытталуы тиіс
екенін айтады.
Қарағанды облысы. Дамыта оқыта отырып оқушылардың құзыреттілігін
дамытуды алдына мақсат етіп алған Қарағанды қаласының №101 мектеп-
лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Ақмарал Қайроллақызы. Ол
бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары негізгі
талаптарға сәйкес болуы керек: оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін
сезінуіне жағдай туғызу; оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту,
күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру; жеке бас дамытуға бағытталған
әдіс-тәсілдерді қолдану; өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға
мүмкіндіктер туғызуды атап көрсетеді. Аталған талаптардың бәріне жауап бере
алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдағанын айтады.
Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып,
саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту
технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков,
В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В. Давыдов
«Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде
жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың
293
ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол
үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып,
білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың
типологиясы: Оқу міндетін қою сабағы, модельдеу сабағы, түсінікті нақтылау
сабағы, нақтылау сабағы, бағалау сабағы болып табылады. Аталған сабақ
түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын оқушының
түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп
отырғанын айтады. Оқушы құзыреттіліктеріне мүмкіндік беру саласы:
Проблеманы шешу ақпараттық Коммуникативтік түрлі жағдайларда
проблеманы анықтауға, шешім қабылдауға Өз әрекетіне мақсат қоюға өзін-өзі
бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға қойылған міндетке сәйкес
әдістерін таңдауға сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім
қабылдауға ақпараттардаы өзбетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге,
тасымалдауға коммуникациялық технологияларды қолдануға ақпаратты өңдеп,
қолдануға қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация түрлерін
қолдануға тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға әдептілік
нормаларына сәйкес пікір білдіруге басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі
көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге
мүмкіндік беретініне көз жеткізген. Соның нәтижесінде оқу мәтінін қою
сабағында: І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне
көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың
ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді. ІІ.
Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін
ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері
тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде
оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы
мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады. ІІІ. Оқу
міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан
тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
Осы технологияны сабағында қолданып жүрген Қарағанды қаласындағы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шурабаева Нұргүл Нұржанқызы
дамыта оқыту технологиясын дәстүрлі оқыту технологиясымен салыстыра
оқытуды қалданатынын айтады. Сонымен қатар дәстүрлі оқытудан бірте-бірте
дамыта оқытуға көшуді, дамыта оқытуды одан әрі арттыруды ұсынады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дәлелдеудің
негізгі факторы олардың білімі мен дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың
маңызды психикалық қызметтерін ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі болып
саналады.
Қарағанды қаласының №92 гимназияның шет тілі пәні мұғалімі Туғамбек
Әмина Төлеутайқызы бұл технологиямен оқыту барысында жаңа
технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін
294
дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау
қабілеттері дамиды деп айтады. Дамыта оқыту нәтижесінде оқушының ойлау,
ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге
келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен
ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.
Абай ауданы П. Корниенко атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Зейтова Анар Амантайқызы бұл оқыту түрі оқушылардың ой-өрісін
жетілдіріп, оларды жеке адам ретінде қалыптастырумен оқушының сана-сезімін
тәрбиелеп, оның білімге деген құштарлығын, өздігінен оқып үйрену
белсенділігін, еңбексүйгіштігін, орныдалатын жұмысқа деген жауапкершілігін
арттыру мен қиындықтарды жеңе білуге баулумен ұйымдастырыла
жүргізілетінін айтады. Өз тәжірибесінде «Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту» атты тақырып бойынша жұмыс істейтінін, бұрын да
қолданып жүрген жұмыс түрлеріне қоса курста алған сын тұрғысынан ойлау
технологиясының элементтерін сабақта пайдалану нәтижесінде Шағын Ғылыми
Академия ұйымдастырған байқауларда ғылыми жобаларды қорғау барысында
облыс көлемінде жүлделі орынға және сертификаттарға ие болғанын айтады.
Қостанай облысы Арқалық қаласының М. Әуезов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Қожынбаева Алмагүл Темірханқызы дамыта оқыту
технологиясы бастауыш сыныптар үшін аса қалайлы технологияның бірі екенін
айтады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы,
бығылаушы емес, танымдақ іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісін көзін ашысы
шығармашылығын дамытады. Бала өз ойын еркін айтуға дамытады, мүмкіндік
беретінін айтады. Сонымен қатар оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған
зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер еңгізуге ықпалын тигізді. Оқыту
барысында баланың ақыл-ойын, танымдық үрдістерін дамытып қоймай,
баланың әр түрлі әрекеттін субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді
алдыңғы қатарға шығарды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жеке
қассиеттерін әрі қарай дамытуға қалайлы жағдайлар туғызады.
Осы технологияны өз сабағында қолданып жүрген Қостанай қаласының
№ 5 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шалтенова Күлтай
Гаппазовна бұл технологияда оқушылар шапшаң әрі түсініп оқулары керек Бұл
технология арқылы оқушыларды тез оқумен бірге тез жазуға да үйретеді.
Шығарма жазғанда оқушыларға көп көмегін тигізеді. Оқушылар оқу жылы
аяқталғанда дұрыс,түсініп оқып,сауатты жазып шығатынына көз жеткізген.
Нәтижесінде осы технологияны қолдана отырып,2013-2014 оқу жылында
облыстық «Қостанай дарыны» өткізген «Ең үздік авторлық» жұмысында 2 орын
алғанын айтады. Коммунативті дағдыларды дамыту мақсатында, қосымша
сабақ беру шеңберінде актерлік шеберлік арқылы оқушылардың эмоциясы мен
тілін дамыту туралы ұсынысын білдіреді.
Осы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Ұлжан Исаевна дамыта
оқу технологиясы мәтінмен жұмыс істей білу; - қажетті жылдамдықпен үнсіз
295
оқи алу және оқыған мәтіннің мазмұнын жоғары деңгейде түсіне білу; -
оқығаны туралы өз тәжірибесін жазбаша түрде көрсете білу; - белгілі бір
тақырып бойынша өз ойын шығармашылықты жеткізе білу екенін айтады.
Технологияның нәтижелілігі: оқушы өз бетінше оқылған уақытты қадағалайды;
оқушылардың өз бетінше уақыт бойынша іштей жылдам оқуының деңгейі
артады; мәтін мазмұынының тереңдігін сұраққа жауап беру арқылы анықтайды;
мәтін бойынша оқушы бір-біріне жауап беруге үйренеді; белгілі тақырыптың
мазмұнына сай мини шығарма жаза білетінін байқаған. Дамыта оқыту
технологиясын бастауыш сынып оқушыларына қолдану жылдам оқуы мен
мәтін мазмұнын толық түсінуіне мүмкіндік береді.
Осы технологияны сабағында қолданып жүрген Қостанай облысы,
Жетіқара қаласының №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тұрмұрзинова Алмагуль Бердешовна дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік
сияқты бағалы сапаны қалыптастыратынын айтады Рефлексия – өзінің
психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге
бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.
Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз
бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім
ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі
екендігін айтады. Нәтижесінде дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы бала
мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз
жемісін береді деген идеяның дұрыстығына көз жеткізген. Сол себепті дәстүрлі
жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, бала – «орындаушы»,
«оқытушының тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын
дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субьект. Нәтижесінде
оқушылар өз бетінше қосымша ізденіп, шығармашылық қабілеттері арттырды,
ғылыми жоба сайыстарына қатысты. Осы технология бойынша: дамыта
оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға
ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері
мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму
аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды екенін айтқан. Л.В.
Занков жүйесі. Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу; теориялық білімнің жетекші рөлі.
Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
оқушының ізденуі; мұғалімнің өзінің түсіндіруі; дамудың қауіпті жауы; оқу
процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп
сезінеді. Материал қайткенде есінде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің
дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға
жауап береді; барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу
керек екенін айтқан. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа
балалармен ынтымақта дамиды.
Осы технологияны өз сабағында тиімді қолданып жүрген Жетіқара қаласы
№2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Артикова Коммуна Заядиновна
296
дамыта оқыту технологиясы оқушылардың ойлана білу қабілеттерін дамытады,
олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау
қабілеттерін арттырады.Ізденушілік,зерттеушілік, қабілеттері артып, талдау
арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, өз ой-пікірін айтуға
мүмкіндік береді деп атап көрсеткен. Сонымен қатар бастауыш сынып
оқушыларын оқытуда дамыта оқыту технологиясының маңызы зор. Дамыта
оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда
ұсталады. Дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу
әрекеті арқылы қол жеткізеді. Оның негізгі көрсеткіштері: оқушылары облыс
көлемінде өткен «Қазақстанның индустриялды-инновациялық табысты
дамуының кепілі- болашақ ұрпақтың зияткерлік әулеті» атты оқушылардың II-
IІI-
аймақтық
аймақтық
ғылыми
практикалық
конференциясына,
Қайырымдылық акция мақсатында облыс көлемінде өткен «Ауру балаға
көмектес!» суретшілер сайысына, «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық
ойынна, 2015 жылы «Қазақстанның индустриалды- инновациялық табысты
дамуының кепілі- болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуеті» Тобыл Еслямғалиұлы
Даулетбаев атындағы IV Аймақтық ғылыми- практикалық оқушылар
конференциясына,
«ZIAT»
Ғылыми-әдістемелік
орталығымен
ұйымдастырылған Республикалық «Зерде» атты оқушылардың ғылыми
жұмыстар сайысында жүлделі орындарға ие болғанын айтады. Дамыта оқыту
технологиясын қолдану барысында 2013 жылы – «Киіз үй мәдениеті» атты
таңдау курсы бойынша авторлық оқу-әдістемелік кешенін құрастырғанын
айтады. Нәтижесінде дамыта оқыту технологиясы оқушылардың ізденгіштік-
зерттеушілік іс-әрекетін арттырады.қушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы
зор деп біледі.
Жетіқара қаласындағы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бисембаева Асия Масалимовна Дамыта оқыту технологиясы баланың табиғи
қасиеттері мен күштерінің ашылуына бағытталады. Бір оқушының тіл байлығы,
ойын қызықты да жүйелі бере білуі, екіншісінің математикаға қызығушылығы
байқалса, келесі біреуі өнерге құштар, айналадағы дүниенің, табиғаттың
жұмбақ күштерін білуге ұмтылатындары да бар. Барлық оқушының жан-жақты
дамуына жағдай жасалғанда білімді, өнерлі жеке тұлға дамуын табады деп
пайымдайды. 4 сыныпты аяқтап отырған оқушыларынның дамуын бағыттай
отырып, төмендегідей нәтижелерді байқағанын: «Ақбота» республикалық
интеллектуалдық ойынына, қазақ тілі, математика пәндерінен аудандық
олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болғанын айтады.
Осы технологияны қолданып жүрген Қостанай қаласы №8 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Аманбаева Гүлназ Қайыржанқызы сабақ мұндай
жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 1. Оқу
мақсаттарының қойылуы. 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл – үшеуі дамыта оқытудың
Д.Б. Элконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымдары. Оқушы
алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ
297
үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде
әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар
барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің
нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін
қорытындылауға үйренеді деп сипаттайды. Нәтижесінде дамыта оқыту
технологиясының қолданылуы: 1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты
мәнін терең ашуға көмектеседі; 2. оқушылардың барлығын сабаққа
қатыстыруға мүмкіндік туады; 3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға
болады; 4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар; 5. оқушыларды
ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді; 6. оқушылардың
қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі
артады; 7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға,
өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. Сонымен қатар дамыта оқыту
арқылы сабаққа дайындық барысында оқушылар оқиды, жазады, топпен жұмыс
жасайды, өз іс-әрекеттерін жинақтап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары
білімді ұрпақ тәрбиеленеді. Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын,
есте сақтау қабілетін, мінезін, шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Сондықтан дамыта оқыту ең алдымен, оқушылардың санасын, ойлау қабілетін
дамытуды көздейді.
Арқалық қаласының М. Әуезов атындағы №5 орта мектептің тарих пәні
мұғалімі Айманова Кульшан Искендировна дамыта оқытуды ұйымдастыру,
балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Оқушы
алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты
шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ
процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде
әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың
ойларын жетілдірудің маңызы зор. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей,
дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын
құрметтей білуге үйренеді.
Арқалық қаласы М. Әуезов атындағы №5 орта мектептің орыс тілі пәнінің
мұғалімі Сейдалина Ұлтуған Байжігітқызы дамыта оқытудың дәстүрлі
оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында
дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс тәсілінде деп сипаттайтын дамыта оқыту технологиясының
нәтижелерін: 1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі; 2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады; 4. оқушылардың көбін
бағалауға мүмкіндік бар; 5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс
істеуге үйретеді; 6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі,
ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады; 7. жеке тұлғалық сипатын
298
дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін
қалыптастырады деп атап көрсетеді.
Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Ж.Нұрсеитов атындағы №233
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдрахманова Зауре
Абдысадыққызы осы технология бойынша мұғалім дамыта оқыту
технологиясын барлық пәндерді оқыту барысында қолдана алады. Оқушының
өзі қалаған бағытында дамуына жағдай жасауға болатынын айтады. Сабақта
қолданып жүрген дамыта оқыту технологиясы бала бойына өркендік,
мақсаткерлік, ар-намыс, сенім, мақтаныш, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік қасиеттер дамытуға, баланы оқыта отырып, жалпы
дамытуға бағытталғанын айтады. Сонымен қатар Дамыта оқыту жеке тұлғаның
барлық сапаларын сәйкестікке дамытуға бағытталған. Дамыта оқыту дәстүрлі
оқытуға балама жүйе.Дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор екенін
байқаған. Осы технология бойынша оқыту дамудың алдында жүруі керек деген
ұсынысын білдірген.
Қармақшы ауданының №85 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Жиенмұратова Асылгүл Алданқызы дамыта оқыту технологиясын қолданған
кезде оқушылардың өзіндік жұмысын жүргізуіне оң ықпалын тигізеді.
Оқушылардың ой өрісін шыңдауға, өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік
беретінін айтады.
Қармақшы ауданы Қуандария ауылының №186 орта мектебінің мүғалімі
Егізбаева Жазира Уәлиханқызы өзінің іс-тәжірибесімен былайша бөліседі:
Дамыта оқытуды баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұстайды. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып
оның білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей құрамдас
бөліктерден тұратын болады: оқу мақсаттарының нақты қойылуы; Оны
шешудің жолын бірге қарастыру; шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл үшеуі-
дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі
компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі
берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана
болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын білуге үйреніп, әр
оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту
технологиясын қолдану барысында баланың бойындағы дарындылықты
дамытуды қалыптастыру дағдыға айналды. Сөздік қоры дамыды. Оқушының
сезіміне әсер етіп, логикалық ойлау қабілеті артты. Жалпы оқушының жан-
дүниесін дамыды. Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес,
оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған
міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы
өз іс-тәжірибесінде қолдану.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бөкенбаева Тәнзира Ахметқызы білім беру
жүйесін қайта құру бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Соған орай білім
299
берудің жаңа технологияларын (сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, ойын
арқылы оқыту, дамыта оқыту) мақсатқа сай қолданғанын айтады. Оқытудың
жаңа технологиясының негізгі мақсаты – жеке адамның жоғары дәрежеде жан-
жақты дамуы үшін негізін жасау. Барлық оқушылардың дамуы үшін Л.В.
Занков жасаған жүйенің ерекшелігі - балаларды жақсы, нашар оқушыға бөлмеу.
Осыған байланысты мысалы сабақта оқушыларға бір сюжетті суретті көрсетіп
әңгіме жүргізеді. Суретте не көріп тұрмыз? Сұраққа бірден жауап ала
алмауымыз мүмкін, себебі көп нәрсенің суреті тұр. Қайсысын бірінші айту
керек? Міне, осы жерде көмекке келетінін. Алақандарыңды бір-біріне
жақындатсаңдар ортасында кішкентай саңылау қалады. Бұл саңылау сендердің
бейнекамераларың. Осы бейнекамераларың арқылы суреттегі бір зат қана
көрінетіндей етіңдер де, енді қараңдар. Оқушылар не көргендерін жарыса айта
бастайды. бұл атауларды тақтаға жазып, оларды дөңгелете сызатынын. Содан
соң балалармен бір логикалық схема жүргізетінін айтады. Біз қай дөңгелекті
бір- бірімен байланыстыра аламыз? - деп сұрақ қояды. Бала екеуін таңдайды.
неліктен ол екеуін таңдадың? Мысалы: Балалар әлі ешкім байқамаған сөздерді
байланыстыруға немесе ешкім байқамаған суретті байқауға тырысады. Бұл
ойынды әрі қарай жалғастырып кете отырып, ойынға қатыса алмай қалған
баланы тартуға болады. - Ал, енді бір сәтке көздеріңді жұмып, елестетіңдер.
Сендер де осы сюжеттің ішіне кіріп кеттіңдер делік: - Айналаңда не боп жатыр?
Нені сезіп тұрсың? - Мен таза ауа сезіп тұрмын. Балықтың жүзгенін көрдім. -
Жапырақтар сыбырлайды. - Шомылғым келіп кетті ғой! Балалар қиялданады,
сондықтан олардың жауаптары қызық, әр түрлі, тіпті күтпеген жауап та болуы
мүмкін. Себебі, дөңгелектерді сызықтармен байланыстырғанымыз бекер болған
жоқ. «Өрмекші өрмегінде» әрбір дөңгелек пен әрбір сызық балалардың
шығармашылық қиялына түрткі болады. Сабақ материалдарын жеделдете түсу.
Оқушылардың білім деңгейі мүмкіндік беріп тұрса, бір мақсатты көздейтін
жаттығу, әңгімелерді соза бермей, оларды топтастырып, қалған уақытта
оқушының ой-өрісінің дамуына әсер ететін түрлі тапсырмаларды
ойластыратынын. Әдебиет сабақтарында шығарма мәтіндерді оқып, түсініп
қана қоймай оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне
көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға бағыт беріп отыраатынын айтады.
Мысалы: «Екі дос» әңгімесінде «Батырдың досын құтқару үшін жау ортасына
келгені дұрыс па?» деген проблемалық сұрақ төңірегінде балалар өз пікірін,
ойларын білдіруге, дәлелдеуге тырысады. Дүниетану сабағында Қазақстанның
өсімдіктері мен жануарлары тарауын өткенде шөл өсімдіктері мен сулы жердің
өсімдіктерін салыстыра отырып, неліктен сулы жердің өсімдіктері биік және
жапырақтары жалпақ, ал шөлді жердің өсімдіктері аласа, тікенекті келетін
себебін өздері анықтауға, өткен сабақтарды естеріне түсіріп, өсімдік жапырағы
буландырғыш қызметін атқаратындығын, ал шөлді жердің өсімдіктері судың
тапшылығына бейімделіп, жапырақтары суды үнемдейді, - деген қорытындыны
өздері жасайды. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: Сын
тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу; ұқсас құбылыстар арқылы
300
арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе
білу қабілеті қалыптасады. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Ойындық іс-
әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына
сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін
аша түсуді көздейді. Дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқытуда баланың
ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол
үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге
жеткіліксіз екенін сезініп, одан әрі білімін толықтыруға әрекеттенеді.
Нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін
жұмыста оқушылардың: өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу; ұқсас
құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу,
пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Атырау қаласының Абай атындағы жалпы қазақ орта мектебінің қазақ
әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы дамыта оқытудың
дәстүрлі оқытудан ерекшелігі: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында,
дамытудың негізгі түрлері, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу
белсенділігінің түрінде, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.
Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жағы
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы
арқылы
жаңа
тақырыпты
саналы
түрде
меңгеру
дағдыларын
қалыптастыратынын айтады. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға
баулып, олардың белсенділігі мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра
түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын айтады.
Павлодар облысы Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 орта
мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімдері Шаханова Майда
Кайниденовна мен Кенжебаева Светлана Кузаировна осы технология бойынша
оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.
Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады.
Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала
жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде
жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз,
таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі
түрткілері пайда болады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол
жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы,
балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады;
оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті
дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя
отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды, дамыта оқыту
жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-
301
қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді деп атап көрсетті.
Осы технологияны сабағында жүйелі қолданып жүрген Май ауданы
Жылтыр жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Заирова Гүлжан Сайлаубаевна дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой
әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта
оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар
технология деп сипаттайды. Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1.
Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
2.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5.
Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігі артады;
7.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Осы технология бойынша ұсыныстары: Дамыта оқыту оқушылардың
ізденгіштік - зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар: - оқушының
алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек; - іс-әрекеттің
бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша
талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою; - осы
міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге
болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет
ол үшін екі шартты орындау керек. 1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы
болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек. 2) Ол оқушылар жүргізіліп
жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету
керек. Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет диалог, пікірлесу, пікір таласы.
Павлодар қаласы №25 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Айтказина Самал Оспанқызы дамыта оқыту, біріншіден, білім алушының жеке
қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына
мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге
дағдыланады,
төртіншіден,
әр
білім
алушы
өз
деңгейімен
бағаланатынын айтады.
Павлодар қаласы К. Бекхожина атындағы №12 орта мектептің музыка
пәнінің мұғалімі Рахметова Динара Сағымбайқызы дамыта оқыту сабақтағы
ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім
бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту
ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушылардың өнерге деген құштарлығы артып, сахна мәдениетін игеруге
302
бейімделеді. Еркіндікке. өздерін әдемі ұстай білуге үйренеді. Шығармашылық
қабілеттері дамып, ән айтуға деген сүйіспеншілігі арта түседі деп атап
көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |