Нүркен Әбдіров
атындағы №10 орта мектебінің биология пәнінен сабақ беретін тәжірибелі ұстаз
Жиенқұлов Қымбат Құдайбергенұлының іс-тәжірибесінде көзі жеткендей,
сындарлы оқытудағы жеті модульді ықпалдастыра оқыту – оқушылардың
білімін көтерулің бірден-бір тиімді жолы және бұл әдіс-тәсілдер биология
пәнінің мақсатына тұспа-тұс келеді. Мақсатты жүзеге асыруда сабақ кезінде
орындалатын сарамандық, зертханалық сабақтар, топсеруен, үйірме
жұмыстарын орындау барысында осы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға
болады. Сабақ кезінде топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы бірін-бірін
оқыту, бірін-бірі бағалау арқылы алған білімдерін практикамен ұштастыра
отырып, өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе жасау, эксперимент
қою сияқты жұмыстарды меңгереді және іздену арқылы қосымша
әдебиеттермен жұмыс жасап үйренеді, сыни ойланып, жан-жақты дамиды,
топта белсенділік көрсету арқылы пәнге деген қызығушылықтары оянып,
шығармашылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиеленеді. Мұғалім әрбір өткізген
сабақтарына сын тұрғысынан қарап, жіберген кемшіліктеріне талдау жасайды.
әрбір өткізген сабақтан кейін «Бүгінгі сабағым қалай өтті?, мақсатыма жеттім
бе? Оқушыларға қалай әсер етті?. Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық
278
қабілеттерін дамытуда тапсырмалардың тиімділігі калай болды? Оқушыларға
ынтымақтастық орта ұйымдастыра алдым ба?» деген сұрақтар арқылы өткізген
сабақтарына рефлексия жасап отырады. Қазіргі таңда әр оқушының ойы,
өзіндік көзқарасы мұғалім үшін өте құнды екеніне көзі жеткізген. Сондай-ақ
әрбір оқушыға өз ойын қысылмай айтуға және оқыту үшін бағалау арқылы
оқушылардың білімін шынайы бағалауға қол жеткізуге болатыны жөнінде
ой бөліседі.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №121 орта мектептің тарих пәнінің
мұғалімі Байказакова Орынгүл Телкараевна. Сындарлы оқытудың мақсаты-
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс
жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл теория
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдерімен астастыра
жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқыту теориясында
оқушылар өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сыни тұрғыдан сапалы
шешім қабылдауға үйренді, оқушылар ашық сұраққа өмірден мысал келтіре
отырып, салыстыра алады деп сипаттайды. Сындарлы оқыту теориясының
тәсілдерін тарих сабағында әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар
қызығушылығы арттыруда маңызы зор. Қазіргі оқушылар оқулықпен шектеліп
қалмай АКТ материалдарын пайдалану, сол сабаққа байланысты көп нәрсені
ұқтыруға, тәжірибелік жұмыстарды көбірек жүргізуге мүмкіндік береді. 7
модульді пайдалана отырып оқушылардың сабаққа қызығушылығы
артқандығы, өз ойын еркін айтуы, топтық, жұмысқа дағдыланғандығын
байқаған. Білім сапасын көтеруде, оқу әдісін жандандыру мақсатында болып
отырған қазіргі кезеңде өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттыруға,
шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. 7 модульді
ықпалдастыра отырып, қысқа мерзімді жоспар жасайды. Әр сыныпқа жас
ерекшеліктеріне қарай жаңа әдіс тәсілдерді қолданады. Әр қорытындылау
мақсатында оқушыларға эссе тапсырады. Эссе өзіндік критерийлер арқылы
бағаланады. Сонымен қатар сабақ барысында блум таксономиясын үнемі
қолданады. Осы әдістерді үзбей пайдалану арқылы келешекте өткізіліп жатқан
жұмыстың құндылығы оқу-тәрбие үрдісінде оң ықпал жасап оқушылардың
тарих пәніне қызығушылығы арта түседі, яғни тұлғаның білім деңгейі
көтерілетініне көз жеткізген.
Жалағаш қаласының
Т. Жүргенов атындағы № 123 орта мектептің мұғалімі
Дошимова Күләш Ұзаққызы сындарлы оқытуға негізделген сабақтарында
оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойлануға, білімдерін
толықтырып және алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйретеді. Мұғалім
сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың
көшбасшылығын дамыту мақсатында химия сабақтарының топтамасын өткізді.
Нәтижелілігі: оқушылар өз ойын еркін айтуға, қарсы пікір айтуға үйренді.
Топтаса және бірлесе жұмыс жасау, бірін бірі тыңдау дағдыларын меңгеріп,
үйренді.
Бейсенова Шахизат Аманжолқызы Қызылорда қаласындағы №4 облыстық
дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 5-11 сыныптары физика пәні
279
мұғалімі. Сындарлы оқыту теориясына негізделген білім алудың мақсаты –
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан
тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Осы
теорияны ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып,
сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға
ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай талаптар
оқушылардың оқыған тақырыбы бойынша алған білімдерін өз деңгейінде
көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай,
өзіндік ой пікірін, көз қарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін кеңейтуге
негізделіп құрылуы қажет. Ал оның өзі мұғалімдерге мына басымдықтарды
міндеттеп отыр: жеке оқушының сабақ тақырыбын қабылдау ерекшелігін
зерттеуді; оқушылардың білім алудағы түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту
мақсатында жұмыстар жүргізуді; кейбір оқушылар үшін тақырыпты оған
ыңғайлы, оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгертуді. Міне, сондықтан әрбір
мұғалімнің өзіндік ұстанымы болуы қажет. Мұғалім ұстанымы дегеніміз оның
көзқарасы, белгілі бір шешімдер қабылдай білуі, сыныптағы іс-әрекеттерді
түсінуі. Сабақ барысында оқушылардың бағалауды қалай қабылдайтындығына
назар көбірек аударылады. Оқушы жауаптарының Блум таксономиясындағы
ойлау деңгейлеріне сай келуіне тоқталып, жинақтау дағдысын меңгеруде сәл
қиыншылықтар байқалғандығына тоқталады. Тәлім алушы топтық
тапсырмаларларда
атқарылған
жұмыстарды
алдын-ала
белгіленген
критерийлері бойынша бағалау жақсы өткендігіне тоқталады. Бұл тапсырманы
жеңіл орындау себебі қарсы топтардың жұмысын, берілген бағалау
парағындағы критерийлер арқылы оңай бағаланатындықтары және неліктен
солай бағалағандықтары туралы түсініктеме бере отырып, балдарын қойып
өтеді. Бағалаудың оқушыларды ынталандыруға, қызықтыруға, бір-бірінің
жұмысын талдай білуге көп ықпалы болатындығын түсінеді. Блум
таксономиясының 6 ойлау деңгейі бойынша оқушылар үшін дайындалған
тапсырмаларға сәйкес олардың бірін – бірі, өзіне – өзі, топтарды өзара бағалауы
үшін арнайы бағалау парақтары қолданылды. Бұл бағалау парақтарында
бағалаудың критерийлері жазылып отырды. Оқушылар осы топтық, жұптық
жұмыс кезінде формативті бағалауды орындаған кездерінде алдын ала
дайындалған критерийлерді оқи отырып, бағалады, бір – біріне деген сыни
көзқараспен қарап отырды, бір – бірінің пікірлері мен санаса білді, сынға оң
көзқараспен қарады. Сабақ соңында кері байланыс жасайды, яғни
оқушылардың ойын білу үшін сабақ бойынша пікірлерін жаздыртып алды. Осы
пікірлерді талдай отырып, келесі сабақта нені көрсету қажеттігін (оқушыларға
ұнаған тұстарын) және нені қысқарту қажеттігін (ұнамаған тұстарын) анықтап,
оқушы пікірімен санасады.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы №1 жалпы білім
беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Балғалиева Айгүл Қуанқызы,
еңбек өтілі 15 жыл. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы
280
түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыруын талап ете отырып, қарастырады. Биология сабақтарында
қолданудың нәтижелілігі өмендегідей: оқушылары 2013 оқу жылында
жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында география
пәні бойынша аудан және облыстан І орын, 2014 оқу жылында биология
бойынша мұғалімдерге арналған І республикалық қашықтық олимпиадасына
қатысып, қала/аудан бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті. 2013 жылы география
бойынша мұғалімдерге арналған І республикалық қашықтық олимпиадасына
қатысып, облыс бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Оқыту туралы сындарлы
түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастырылуын талап етеді . Айгүл Қуанқызы әлемдік тұжырым мен
заманауи көзқарастартуралы ойын қорыта отырып, мұғалім өзгеруі керек, ал
оқу мен оқытудың жеті модулін ұштастыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу
көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №37 гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі Солтанаева Ардақ Сабырханқызы ынтымақтастық
оқу пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия деп есептейді. Cындарлы
оқыту теориясының оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері модулі бойынша
ынтымақтастық оқу технологиясы - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал
бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге
бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Барлық жағдайларда адамдар топтарға
бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің
қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың
жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті
бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің
ынтымақтастығы
арқылы
ымыраға,
пәтуаға
жетуге
негізделген.
Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды
шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп
жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды
табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар
бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты
игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен
байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды
орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың
белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3.
Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 4. Оқу
оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.
Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып,
мәнін ұғады. Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі
көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды
281
және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ
эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің
ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге
немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды.
Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік
алады. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде
барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін. Сабақ аяқталған соң
оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін
түрткі жасау керек. Жоспарланған жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін
белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс
құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып, қолжетімділікті
қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту
үшін қолданылады.
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші
субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай
жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында.
Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б.
Мақсаты: бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім,
дербестік,
адамгершілік,
еңбексүйгіштік,
белсенділік
сияқты
т.б.
қасиеттерді сіңіру.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда.
Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі
мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы
ізденушілігі әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға
болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар.
Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік
жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектептің мақсаты
баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы
жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру
үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру
қажет [11].
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын
қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс-тәсілдерінде,
оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің
282
әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу
үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы,
бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен
шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар
проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.
«Дамыта оқыту» технологиясын қолданушы әрбір мұғалім сабақтың
құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Бағдарлау-мотивациялық кезең - оқу
міндеттерін қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тапсырамасын тексеру
барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді.
Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан
түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен
сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа тақырыпты
игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы өзектілендіріледі. 1. Оқушылардың
барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдың ала оқушылардың
есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сұрақтар мен
тапсырмалар даярлайды. 2. Оқу міндеттерін айқындау. Оқушыларға мазмұндық
жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың
өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың
жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайды дағы, жаңа тақырыпты
танып-білу мотивациясын қалайды. Негізінде осы екі құрылым арқылы 1-
кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ
қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады? Өйткені,
оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шындығында, бұл сұрақ өткеннен
туындап тұрады. Ал мұғалім өткен және әлі өтіліп бітпеген оқу материалын
шебер байланыстырып, сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық
жағдаят туғызады. Проблемалық жағдаяттар туғызу – сабақтың ең күрделі де
маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқын өтілуіне үлкен
мән бере қарау керек. Өйткені, басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда
жатыр. Жаңа тақырыптың сәтті меңгерілуі осы түйінделген проблемалык
жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты.
Мәселен, оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен
тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу
сәтін мүғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек.
Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен немесе кез
болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мундай ерекше
сәтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің ішкі заңдылықтарын тауып
ала білуі керек және мұғалім сол сәтте өзінің сезімпаздығын қоса жұмсауы
керек. Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған
себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен
283
түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. ізденімпаздық қабілеттерін оятып,
іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады [12].
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
Бұлақтыкөл орта мектебінің физика
пәнін оқытатын мұғалім Нұрмағанбетова Ботакөз Сқаққызы 2008 жылдан бері
дамыта оқыту технологиясын қолданып келеді. Дамыта оқыту технологиясы –
күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр
оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту
барысында соған лайық жағдай жасалады. Оқушының тұлғасын дамыту, ол
оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде
қарастырады. Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы
арасындағы ерекше қарым-қатынас. Бұл оқыту технологиясы баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқытуда
баланың ізденушілік-ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол
үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені
шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның
білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Осы технологияны сабақта қолданып жүрген Байғанин ауданы Қопа орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қобжанова Үміт Сесенқызы ең алдымен,
шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы
жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады деп біледі. осы
технологияларды қолдану барысында оқушылардың білім сапасы артып,
сыныптың сапасы 100% болғанын, олимпиадаларан (аудандық, облыстық)
жүлделі орын алғанын айтады. Нәтижесінде технологияларды мұғалім дұрыс
талдай білуі керек. Аталған технологияларды тиімды қолдана білу қажет
екенін айтады.
Ақтөбе қаласының №34 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сағынтаева Калия Сағынтайқызының сабақта қолданатын дамыта оқыту
технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы оның көздеген
мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында,
мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, т.б. дамыта оқыту
жүйесінде біріншіден – білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу
әрекеті арқылы қол жеткізеді. Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы күрделі
мәселелерді шеше отырып, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр
оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізеді. Үшіншіден –
оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Төртіншіден
–
дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы
жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Дамыта оқыту
технологиясын қолданғанда әр түрлі проблемалар туындайды. Сондықтан да
проблемалық оқытуды жүргізу бірнеше кезеңдерден тұрады: 1. Проблеманы
қабылдауға дайындық (күнделікті өмірде игерілген білімдерін еске түсіру,
білімді өзектендіру); 2. Проблемалық жағдаятты құру (бұл өте күрделі және
жауапты кезең, проблеманы шешуге оқушының күші жететіндей болуы керек);
3.
Проблеманы тұжырымдау (туындаған проблеманың жағдаяты негізінде
танымдық есеп немесе тапсырма түрінде тұжырымдау); 4. Проблеманы шешу
284
үдерісі. Бұл бірнеше сатыдан тұрады: - болжам айту; - әр болжамды тексеру
мақстаында оны шешудің жоспарын жасау; - болжамды растау немесе жоққа
шығару; 5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу (практика жүзінде дәлелдеу
ұтымды). Оқу үдерісін ұйымдастырушы рөлін атқаруда мұғалім жетекші және
серік ретінде болуы керек, бірақ білім көзі болу кері әсер етеді. Оқушы шеше
алатындай түсінікті нақты тапсырмалар берілуі керек деп пайымдайды. Дамыта
оқыту технологиясы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты
терең білім беру арқылы меңгерген білім, білік дағдыларын тексеруге
мүмкіндік мол. Оқушыларды белсенді танымдық қызметке жетелеу. Жаңалыққа
бетпе-бет келу. Шешімнің жарқ етуі. Шығармашылық акт. Шешімнің
дұрыстығын дәлелдеу. Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі оқушының өз
ізденіс нәтижесі. Оқушының өзіне деген сенімінің артуы. Оқушылардың ой-
өрісінің кеңеюі, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің артуы, логикалық
ойлауларының дамуында бұл технологияның маңыздылығы айтылады.
Осы технологияны өз сабағында қолданып жүрген Ақтөбе қаласының №13
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айнагүл Иманбайқызы
дамыта оқыту технология барысында оқушының өзін өзі өзгертуші субьект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай
жасалатынын атап көрсеткен. Оқушыларды даму деңгейіне байланысты жоғары
орта төмен деңгейлерге бөліп жекелей деңгейлік тапсырмалар дайындайтынын
айтады. Мысалы ана тілі пәнінде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»
тақырыбына 1. Міндетті деңгей. Жақсы жаман қылықтар 5 дұшпан 5 жақсы істі
ата. 2. Алгоритмдік деңгей. Өз бойындағы жақсы жаман қылықтарды ата.
3.
Эвристикалық деңгей Жақсы жаман істер туралы мақал-мәтел жинастыру.
4.
Шығармашылық деңгей. Абай туралы материалдар жинастыру. Бұл
принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп
түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар,
зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды
жасауға дағдыландыру қажет.
Ақтөбе қаласының бастауыш сынып мұғалімі Наурызбаева Мереке
Бекмұрзақызы өзі қолданып жүрген дамыта оқыту технологиясы туралы
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес келеді деп есептейді. Бастауыш мектептің негізгі
мақсаты - баланы жалпы дамыту қажет. Ал жалпы даму деп байқампаздығын,
ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай
–
ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады деп сипаттайды. Сабақта
осы технологияны қолдануда проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
әдістері арқылы оқушының өз пікірін жеткізе білуіне, тұжырым жасай білуіне,
логикалық ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізгендігін айтады. Оқушының
қабілетін ашып, жан-жақты дамытатындықтан бұл технологияны пайдалау
әсіресе бастауыш класта тиімді екенін атап көрсеткен.
Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің шет тілі пәнінің мұғалімі
Ильтаева Гүлмира Қайырбекқызы дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке
тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып,
адамгершілік-танымдық қасиеттерін дамыту деп есептейді. Бұл оқыту
285
барысында мұғалім ұстанымы: дос, көп нәрсені білетін, терең білімді ақылшы
болу екендігін айтады. Нәтижесінде дамыта оқыту арқылы сабаққа дайындық
барысында оқушылар оқиды, жазады, топпен жұмыс жасайды, өз іс-әрекетін
сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиеленеді.
Әйтеке би ауданының Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Сұлтанова Әсем Атабайқызы дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой
әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек деп есептейді. Дамыта
оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-
қатынас. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады деп сипаттайды. Нәтижесінде оқушылардың өзін-
өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция қалыптасатыны байқалған.
Ақтөбе қаласының №15 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сартаева
Гүлзада Сапарғалиқызы дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар
проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да
ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланатындығын
айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың
тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау
үлкен нәтиже беретінін байқаған. Дамыта оқыту техногиясын сабақта
қолданған тиімді, оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылық
қызығушылығын оятуға, жай тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысуға және
іздену арқылы өмірмен байланыстыра отырып, өз көзқарастарын айта
білуге үйретеді.
Ақтөбе қаласының №30 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина
Динара Ысқаққызы дамыта оқыту технологиясын күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе деп есептейді. Оның нәтижесінде оқушылар өзін-өзі
өзгертуші дәрежесіне көтеріліп, соған жетуге жағдай жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында дамытушылардың негізгі факторы оқушы тұлғасын дамыту болып
табылады. Дамыта оқыту технологиясын өз сабақтарында пайдаланған кезде
оқушылар сөйлеуге дағдыланды. Өз ойларын ашық білдіруге, қосымша
материалдар ізденуге дағдыланды. Оқушылардың логикалық қабілетін
дамытуға, бір -бірімен байланыс жасауға жақсы екенін айтады.
Қарғалы ауданы Достарыңызбен бөлісу: |