сабақтарында 7 модуль
технологиясының диалог, сыни тұрғыдан ойлау, бағалау, АКТ стратегияларын
көбірек пайдаланады. Сабақ барысында диалог арқылы оқытудың тиімділігі –
оқушы өз ойын еркін жеткізе алады, жоғары деңгейде ойлануға машықтанады.
Мұғалім диалог арқылы оқыту дарынды және талантты балаларды анықтауға да
зор маңызы бар екенін оқушыларының жетістіктері арқылы байқап отыр.
Нәтижесінде оқушы өз ойын ашық айтып, сыни ойлауды, өз ойын ашық
айтуды, бірін-бірі бағалауды үйренді. Топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстарда
ынтымақтастық атмосфераны үнемі тудырып отырады. Сабақтарда барлық жеті
модулді кіріктіруге тырысады. Үнемі диалог, бағалау, көшбасшылық, сын
тұрғысынан ойлау модульдерін пайдаланады. Диолог әдісі оқушыларды
тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады. Білімге
құштарлықты дамытады, зерттеуге ынталандырады. Бір-бірінің идеяларын
құрметтеуіне, бағалауына ықпал етеді. Сабақ барысында фармативті бағалауды
қолданады. Сабақ соңында кері байланысты үнемі орнатады, рефлекция
268
жазуға жаттықтырады.
Қызылорда қаласы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-
интернатының география пәні мұғалімі Амантаев Асхат Нарықбайұлы өзінің іс-
тәжірибесінде 7 модуль технологиясын қолданады. 7 модульді технологияның
мақсаты коучингтегідей жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді,
ақпаратты баланың өзіне игерту. Асхат Нарықбайұлы осы мақсатты ұстана
отырып, оқушыларды сыни тұрғыда ойлануға, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға,
АКТ мүмкіндіктерін қолдануға, дарынды балалардың қабілеттерін ашуға,
топпен жұмыс жасауға, диалогке түсу кезінде жауапкершілік сезімін
қалыптастыруға дағдыландырды. Нәтижесінде ол оқушылардың еркін, өзіндік
дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары
дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға үйретеді. Оқушылардың топта жұмыс
жасау дағдыларын қалыптастырып, топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,
қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зерттеудің
нысаны – топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыру,
шығармашылық
ойлауын
дамыту,
сабаққа
деген
қызығушылығын арттыру.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №8 жалпы білім беру орта
мектебінің химия пәні мұғалімі Уәлиева Гүлшат Жанболатқызының 7 модульді
қолданғанына көп болмаса да, Гүлщат Жанболатқызы бұл технологияның
берері мол деп есептейді. Мұғалім сабақтарында 7 модульді қолдана отырып
сабақ жүргізеді. Қазіргі уақытта сыни тұрғыда ойлау, оқуды бағалау, оқу үшін
бағалау, АКТ, яғни осы жеті модуль арқылы сапа мен үлгерімді көтерудің
тиімді жолдарын қарастыру үстінде. Технологияның нәтижелілігі: химия пәні
бойынша оқушылардың білім сапасы едәуір көтерілді. Мұғалім технологияның
жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы болашақта өз ісінің жоғарғы нәтижесіне
қол жеткізуді мақсат етеді және оқу процесінде 7 модуль технологиясын
қолданудың әдістемелік, техникалық жағдайларын жасау өз жемісін береді
деген сенімде.
7 модульдік технологияны сабақта қолданып жүрген Павлодар облысы
Май ауданы Қазан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нажмиденова
Жанар Камалиденқызы осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп
өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты
инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу
керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін
ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта
ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін
жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір
нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Оқыту мен оқытудағы
жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол
ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту
топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, «миға шабуыл» логикалық сұрақ-жауап әдістері
арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша
жеке, жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып
269
отыратынын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау
белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Бұл
модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген
қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі,
сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың
тиімділігі арта түсетіндігін айтады. Оқытудың нәтижесінде оқушылар, сыни
тұрғыда ойлануға, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға, АКТ мүмкіндіктерін қолдануға,
дарынды балалардың қабілеттерін ашуға, топпен жұмыс жасауға, диалогке түсу
кезінде жауапкершілік сезімін қалыптастыруға дағдыланғанын. Бірлескен топ
жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып,
алынған ақпаратты топ болып түсініп, талдап салыстырып болжамдар жасай
отырып ортақ шешімге келеді. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік
дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары
дамыған болып қалыптасады. Оқытудың нәтижесінде оқушылары
жаратылыстану пәнінен халықаралық «Адам және табиғат» ойын сайысынан;
Республикалық «Зерек» атты оқушылардың ғылыми жұмыстарының
сайысынан жүлделі орындарға ие болғанын атап көрсетті. 7 модульді оқыту
технологиясына байланысты дидактикалық құралдар жарияланса дұрыс
болатын еді деген ұсынысын білдіреді.
Павлодар қаласының Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Аушаихова Әсем Тасболатқызы жеті модульде қарастырылған
идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты
өзара байланыста болады. Жеті модульдің ішінде «Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер» атты модуліне жеке тоқталады: Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан
оқытуды түсіну осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен
әлеуметтік өзіндік байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып
табылады. «Диалог негізінде оқыту», метасана немесе «Қалай оқу керектігін
үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік –
сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды бөлігі болып
табылатынын айтады. Оқыту – жекелеген құбылыс пен дағды емес, ол
оқушылардың оқуға деген қабілетін ашуға мүмкіндік беретін педагогикалық
тетіктердің біртұтас кешені екенін. Нәтижесінде оқушылары Облыстық
халықаралық «Кекнгуру» математик сайысынан, жаратылыстану пәнінен
халықаралық «Адам және табиғат» ойын сайысынан жеңімпаз атанғанын
атап көрсетті.
Май ауданы Қазан орта мектебінің шет тілі пәнінің мұғалімі Какежанова
Диана Ерболатқызы 7 мoдульді ықпaлтaстырып, сaбaқтa мұғaлім ұтымды
пaйдaлaнa білсe, oқушының пәнгe дeгeн қызығушылығы aртып,
шығaрмaшылықпeн жұмыс істеуге үйрeнeтіндігі, сoнымeн біргe oқушы мeн
мұғaлім aрaсындa ынтымaқтaстық oрнaп, сaбaқтың тиімділігі aртa түсeтіндігі
бaйқaлaды. Қaзіргі білім жүйeсінің eрeкшілігі – тeк біліммeн қaрулaндырып
қaнa қoймaй, өздігінeн білім aлуды дaмытa oтырып, үздіксіз өз бeтіншe
өрлeуінe қaжeттілік тудыру. Кeмбридж oқу бaғдaрлaмaсының мaқсaты – жaлпы
270
білім бeрeтін мeктeптeрі пeдaгoгтeрінің біліктілігін aрттыру жәнe Кeмбридж
унивeрситeті тәсілінің тeoриялық нeгіздeрін үйрeну. Бaсты міндeті –
мұғaлімдeрдің пeдaгoгикaлық тәжірибeсін жeтілдіру мeн бaғaлaй білугe
көмeктeсу, сындaрлы oйлaуғa бaғыттaу. Біліктілікті aрттыру бaғдaрлaмaсының
негізгі мaзмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олaр оқыту бaрысындa
aрaлaс түрде ұсынылaды: 1. Oқыту мeн oқудaғы жaңa тәсілдeр. 2. Сыни
тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту. 3. Oқыту үшін бaғaлaу жәнe oқуды бaғaлaу. 4. Oқыту
мeн oқудa aқпaрaттық-кoммуникaциялық тeхнoлoгиялaрды (AКТ) пaйдaлaну.
5.
Тaлaнтты жәнe дaрынды бaлaлaрды oқыту. 6. Oқушылaрдың жaс
eрeкшeліктeрінe сәйкeс oқыту жәнe oқу. 7. Oқытудaғы бaсқaру жәнe
көшбaсшылық. Бұл әдіс сонымен қaтaр топ болып ынтымaқтaстықпен бірігіп
жұмыс жaсaуғa, ойын еркін ортaғa сaлуғa, бірінен- бірі үйренуге септігін
тигізеді. Яғни, топтық жұмыс aрқылы оқушылaр aрaсындa әлеуметтік өзaрa
қaрым-қaтынaсты, тиімді aрaлaсу, проблемaлaрды шешу және топ ішінде
шығaрмaны жaн-жaқты тaлдaуғa көмектеседі. Топтық жұмыстың
aртықшылығы: оқушылaр өзaрa достық қaтынaстa болaды; бір-бірінен сұрaй
отырып білімдерін жетілдіреді өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін
дәлелдеп үйренеді; менен сұрaп қaлaды-aу деп қорықпaйды, топ болып жaуaп
береді; оқушылaрдың мектепке деген көзқaрaсы өзгереді. Уaқыттaры қызықты
әрі тиімді өтеді. топтық жұмыстa бос отырaтын оқушы болмaйды. Білімді жeкe
тұлғaғa бaғыттaу aрқылы өзін-өзі тaнығaн, aқыл-oйын жaн-жaқты дaмытқaн
өзіндік «Мeндік» пікірі қaлыптaсқaн oқушы тәрбиeлeу мұғaлімдeр aлдынa тың
міндeттeр жүктeйтіндігін айтады. Оқытудың нәтижесінде оқушылaрыдың
сaбaққa деген қызығушылықтaры aртты, білім сaпaсы 9,1%-ғa өсті, пән
олимпиaдaларынaн және түрлі мaрaфондaрғa қaтысып, жүлделі орындaрғa ие
болды, соның ішінде хaлықaрaлық « British Bulldog» интеллектуaлдық конкурсы
жүлдегерлері; Қaзaқстaндық интернет олимпиaдaсындa «Aудaндық ең үздік
нәтиже» номинaциясы иегерлері aтaнды. 7 модульді оқыту технологиясының
тиімділігі осы тәжірибе бaрысындa бaйқaлып, оқушылaрдың оқуғa деген
қызығушылығы мен қaтaр шығaрмaшылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы
өзінің деңгейіне, білім дәрежесіне бaйлaнысты тaпсырмaлaр орындaй отырып,
әлсіздер білім aлуғa ұмтылa түседі, көшбaсшылaрдың өзіне тән деген
сенімділіктері aртa түсті. Нәтижесінде, жaн-жaқты шығaрмaшылық іс-әрекеті
бaр тұлғa қaлыптaсaды. Осы арқылы оқушыларда және мұғалімде оң өзгерістер
байқалады: - үнсіз оқушы мен мінсіз оқушылардың өзара байланысы нығаяды; -
ұғыну, түсіну, талдау, дәлелдеу, бағалау дәрежелері қалыптасады; - топтасып,
жұптасып жұмыс жасау кезінде ынтымақтастық атмосферасы орнайды; - әр топ
мүшесі ойын толық, жүйелі, нақты айта біледі; - сабаққа деген қызығушылығы
артады. сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білім
деңгейлерінің қандай деңгейде екені, белгілі бір мәселеге байланысты сұрақтар
қойып, білімдерін жүйелеп, өз түсінгенін өзгертуге, басқаның пікірімен
санасуға толықтай мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына
күмәнмен қарап, сыни тұрғыдан ойлай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік,
жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу
271
мүмкіндігін ұлғайтады.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының тарих пәні мұғалімі Исина
Орынбасар Ташмұхамбетовна жеті модуль оқушылардың бойында өз бетімен
білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді
диалог жүргізе алатын, қазірігі заманда табысты өмір сүруге дайын,
технологияларда құзырлылық таныттатын белсенді азамат, болашақ маман
ретінде қалыптасуға, оқу үдерсін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен
қамтамасыз ету. Оқушыларды тиімді түрдей жүйелі бағалауға үйрету. Жеті
модуль оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан
тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Жеті
модуль оқушылардын оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде
көрсетіп, өз пікір көз қарыстарын нактылап айтады деп пайымдайды. Жеті
модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекеленген
стратегиялар мен тәсілдер сабақтарда өзара байланыста болады.Осы жаңа
технологияны қолданғанда оқушыларда сенімділік, өз ойын ашық айтуға, өзін
басқа қырынан бағалай білуге,топта, жұпта жұмыс істеуге оқушылар
дағыдалады. Жеті модульді қолданғанда,төмен оқитын оқушыларға сенімділік
пайда болып, оқу сапасы артқанын айтады. Жеті модульдің барлығында
қарыстырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға
болатына қарамастан (Диалог арқылы оқыту). Диалог негізінде оқыту мен оқу
оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы
диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына
көмектесетін тәсіл дейді.
Павлодар қаласының №25 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Смағұлова Қымбат Ерболатқызы 7 модуль бойынша сабақтарды қызықты етіп
өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты
инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу
керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін
ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта
ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін
жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір
нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері
мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 7 модулді
қолдана отырып, өзінің де көптеген қызықты идеяларын жүзеге асыру жөнінде
белсенділігі арта түскендігін айтады. Балаларды ынталандыру мақсатында
формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте
оқушылардың бір- біріне қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын Топ
басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайтынын айтады.
Павлодар облысы, Лебяжин ауданындағы Жамбыл орта мектебінің қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Исағұлова Гүлнара Өмірзаққызы. Оқу модулі қайта
жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу
бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр
түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар
тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Негізінен 7-12
272
сағаттан тұратын оқу модулі тиімді. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат
санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі.
Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде
оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен
таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына
есептелген оқу материалын қысқаша /10-20 минут ішінде/сызба, кесте және
т.б.белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық
процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен
оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі
әрбір оқушының әр сабақта үш деңгейде берілген оқу материалын тыңдау,
жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Сонымен қатар,
осы бөлімде ойынның белсенді және ойын формаларын кеңінен қолданылады.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Оқушылардың білімін
бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары,
сынақ, шығарма және диктантты қолдануға болады.Осы бөлімде барлық
оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар берілетінін
айтады. Нәтижесінде бұл технологияны қолдану – оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын, белсенділігін арттырды. Оқушылар оқу процесінде
ойынға қатысып, неғұрлым аз шаршайды, көбінесе жағымды эмоциялар
алып,қанағаттанады. Оқушылар топта, жұпта жұмыс істеуге, бір-бірін
тыңдауға, бір-бірін оқытуға, бағалауға үйренді. Сабақ барысында оқытудың
белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу
материалына бірнеше мәрте -13-тен 24 ретке дейін – қайта оралып, жұмыс
істеуіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде әр оқушы өзінің қалай және немен
шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені
оқушыларды алдын-ала сабақ ережелерімен немесе оның құрылымымен
таныстырады. Мұндай тәсіл оқушы тұлғасын дамытуға жағымды әсер тигізеді.
Осы технологияны қолдану - дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс
істеу мүмкіндігі болып табылады. Бұл технологияда мұғалім қызметі негізінен
мынандай әрекеттерден тұрады: 1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2.
Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша
жасалынған жалпы үлгімен таныстыру. 3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша
баяндауы /сызбаллар, кестелер жәе т.б/ 4. Өзара сөйлесу негізінде
оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет
нәтижесін әр сабақта бағалап отыру. 5. Жалпы тақырыпқа,тарауға 4-7 рет қайта
оралу негізінде оқу материалын оқып -үйрену. 6. Тұтас тақырып бойынша
тестілеу. 7. Тақырып бойынша тұтас немесе «релелік» сынақ /диктант, бақылау
жұмысы және т.б/ жүргізу. Мұндағы оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат
санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге -
2-
3 сағаты беріледі, ал қалған уақыт /3-17 сағатқа дейін/ сөйлесу бөліміне
қалдырылады.
Павлодар облысы Екібастұз қаласының №26 мектеп- гимназияның қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Қалиева Анаргүл Сатыпалдықызы Үшінші деңгей
бағдарламасы бойынша сабақта жеті модульді қолданатынын, нәтижесінде
273
қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың білім сапасы көтерілді, топта өз
пікірін ашық айта білуге, шығармашылық қабілеті дамыды. Әр пән мұғалімі өз
сабағында жеті модульді жүйелі пайдаланаса, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы артады.
Сындарлы оқыту технологиясы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарабұлақ орта мектебінің жас ұстазы
Ермұқанова Анар Маратқызы сындарлы оқыту технологиясын оқу процесінде
үш жылдан бері қолданып келеді. Сындарлы оқыту оқушылардың пәнді терең
түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді
қолдана білуге негізделген. Бұл технологияда қарастырылған жеті модуль
идеялары сабақта өзара тығыз байланыста болады. Мұғалім кез-келген сабақты
жоспарламас бұрын «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және
оқу» модулін ескеру керектігін ескертеді. Қазіргі педагогика және психология
ғылымдарының зерттеулері негізінде анықталған жасөспірімдердің өсіп-жетілу
кезеңін ескере отырып, әр пән мұғалімі мектеп психологымен балалардың
темпераментін анықтап алуы өте маңызды рөль атқарады. Себебі баланың еркін
жұмыс жасап, сыныптастарымен топтық, жұптық тапсырмалар дайындауда,
бір-біріне қолдау көрсетуде жұбының, серіктестерінің рөлі үлкен. Бұл модульді
Анар Маратқызының өз сабақтар топтамасына кіріктіргенде алдына қойылатын
мақсаты: танымдық даму бағытын анықтау, ортамен байланысын нығайтып,
білімді бойына сіңірту, зияткерлік қабілеттерін дамыту. Күтілетін нәтижесі:
оқушылардың танымы артады; ортамен өзара байланысы нығайып, білім алуға
құштарланады; оқуға ынтасы, өзіне деген сенімділігі артады; өзін-өзі бағалау
арқылы өз еркімен зияткерлік қабілетін дамытады. Әрі қарай мұғалім жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін өз сабақтарына қалай
кіріктіргенін американдық психолог Кохлбергтің «өнегелі даму» теориясымен
сәйкестендіре отырып баяндайды. І деңгей –нормативтікке дейінгі моральдік
пайымдау. «Тілалғыштық және жазалау» деп аталатын 1-кезеңі сабақтың
кіріспе бөлімімен байланысты. Оқушылары тілалғыш, айтқаныңды ынтамен
орындайтыны,
шынайы
сөйлейтініні
ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру кезінде түрлі тренингтер ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Осының нәтижесінде оқушылар өздерін танып біледі, бірін-бірі тәрбиелейді.
Одан әрі бүгінгі білімді меңгеруге оқушының ынтасы артады. 2-кезең.
«Тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу». Өнегелілік дамудың осы
кезеңінде балалар дара көзқарастарды ескеріледі, мінез-құлықтары қаншалықты
сәйкес келетініне байланысты, сыныптағы озат оқушылардың бәрі бірдей
талантты емес немесе А деңгейіндегі оқушылардың барлығының метатанымы
бірдей болмайды, олардың ішінен тұлғалық ерекшелену байқалады. II деңгей.
Дәстүрлі моральдік пайымдау. 3-кезең. «Тұлға аралық қатынастар». Бұл сатыда
даму әлеуметтік тұрғыдан күтілетін нәтиже мен рөлдерге қол жеткізуге
шоғырланады. 4-кезең. «Әлеуметтік тәртіпті қолдану». Мысалы «Ойлаудың үш
бұрышы» әдісін қолдана отырып, топтық тапсыра беруде С деңгейіндегі
274
оқушының өзі жұмысқа тартылады. Оның жұмыс жасауын А деңгейіндегі
оқушы бақылап отырады. Себебі, уақытты үнемді пайдалана білетін топ
мүшелері төменгі деңгей сұрақтарын құрастыруды С деңгейіндегі оқушыға
тапсырады. Оқушылардың бұл іс-әрекеті дәстүрлі моральдық пайымдаудың
осы бірінші кезеңіндегі конформизм ұғымына сәйкес келеді. Себебі,
«конформизм» ұғымы топтық қысыммен қадағаланып отыратын топ
мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалардан
таймауға мәжбүрлейді. III деңгей. «Нормативтіктен кейінгі моральді
пайымдау». 5-кезең. «Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар». Бұл кезеңді
сабақтың рефлексия бөлімімен байланыстыруға болады, оған дәлел ретінде А,
В, С деңгейіндегі оқушылардың жазған пікірлері, яғни ойларынан алшақтықты
көреміз. А, В деңгейіндегі оқушылардың ойы болашаққа болжам, екінші В
және А деңгейіндегі оқушылар өз білгенін жүзеге асыруды алдағы уақытқа
жоспарласа, үшінші С деңгейіндегі оқушылар өз пайымдауымен бүгінгі алған
білімін ғана білдіреді. 6 – кезең. Кохлберг бойынша моральдік пайымдаудың
соңғы деңгейі әмбебап этикалық қағидаттарға және абстрактілі пайымдауға
негізделеді. Бұл кезеңде адамдар, егер олар қағидалармен және заңдармен
келіспесе де, әділдіктің үйреншікті болған қағидаларына сүйенеді. Сабақтарда
пайдаланған әдіс-тәсілдерге сай бағалаудың түрлерін қолдануда сыныптың
АВС оқушыларының сабаққа қаншалықты қатысқаны көрінеді. Сабақтың әр
кезеңінде қолданылған бағалау оқушылар үшін де қызықты болып, алға
ұмтылушылық байқалады. Осы «жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»
модулін сабақтарға кіріктіру кезінде оқушылардың жастарына сай қосымша
материалдарды қамтуда, сұрақтарды қоюда олардың оқу және проблемаларды
шешу қабілеті, яғни танымдық дамуы артады. Гуманистік психологияның
негізін қалаушы Маслоу мен Роджерстің еңбектерінде көрсетілгендей,
танымдық дамуының нәтижесінде адамның өсуі болатынын, адам зейінінің
дамуының негізін салушылар Хаген мен Хейл көрсеткендей селективті зейіннің
дамуы жүретіндігін байқадым. Анар Маратқызы оқушылардың бұл қабілеттерін
одан әрі дамыта жұмыс жүргізсе, олардың болашағы жарқын болатынына
сенімдімі. Себебі оқушылар білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, еркін,
жарқын тұлға қалыптасарына көз жеткізіп отыр. «Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін қолдануда мұғалімнің жеткен
жетістіктері: ортамен өзара байланыс орнап, бихевиористикалық бағытты
жүзеге асырды; жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру арқылы
оқушылардың танымдық дамуы артты; оларды шығармашылық жұмыс жасай
білуге жетелейді; оқуға ынтасы, өзіне деген сенімділігі артты; жауапкершілікті
сезіне білді; тұлғаның өзін-өзі тануы жүзеге асырылды; өзіндік рефлексия
жасауға дағдыланды.
Ақтөбе қаласының №32 мектеп-гимназияның шет тілі пәнінің мұғалімі
Көмекбаева Лира Бисенбиевна сындарлы оқыту теориясына негізделген жеті
модуль тұрғысынан оқыту мен оқудың теориялық негіздері бойынша терең
түсінік қалыптастырады және құзырлылыққа жол ашады. Сындарлы оқыту
технологиясы оқушылардың ойлауын дамыту әрі олардың бұрынғы алған
275
білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен,
оқулықтан және құрбы-құрдастарынан әлеуметтік байланыс жасау арқылы
белсенді түрде білім жинақтау арқылы алған білімдерімен астастырыла жүзеге
асады деген тұжырымдамаға негізделген. Оқушыларға, ортаға және ресурстарға
лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп
отыруға, ынталандыруға, білімді игертуге, түзету, және оқытуды бағалау
сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық,
тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуге үлкен мүмкіншілік алғанын.
Нәтижесінде оқушылар құрбы-құрдастарымен әлеметтік байланыс жасау
арқылы білім жинақтай алды. Әрбір оқушымен болатын кері байланыс
сабақтың табыстылығын анықтауда үлкен көмек болды. Тәжірибені зерттеу
және жетілдіру, жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілі мұғалімнің өсу
жолына, ізденуіне тиімді әрекеттер арқылы бағытталуға, оқушының
мүмкіншіліктерін білуге, оқытудың жаңа тәсілдерін бірлесіп әзірлеу үшін
маңызды тәсіл ретінде кәсіби өсуге көмектесті. Орта мерзім және қысқа мерзім
жоспарларында жеті модульді кіріктіру өз оқу үдерісіне оң ықпал етті.
Оқушылар
қадағалау
жолымен
алынған
деректерді
негізге
алуға,проблемаларды анықтауға олардың шешу жолдарын тиімді іздеуге,
дәлелдерді сын тұрғысынан талдауға, бағалауға үйренді. Сандық технологияны
қолдануда жоғары құзыреттілікке жетті. Қалыптастырушы бағалау оқушыларға
нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Рефлексивтік оқытудың дағдылары қалыптасты. Оқушылар білім алуда белгілі
бір құзыреттілікке қол жеткізді. Күнделікті қоршаған шынайы өмір тұрғысынан
нақты пікір қалыптастыра алды және білімдерін реттеуге үйренді деп
атап көрсетеді.
Қарғалы ауданы №2 Бадамша орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Қалдыбекова Әлия Сайпенқызы осы технологияны қолдану нәтижесінде
тапсырманы орындау жоспарын құру дағдысын қалыптастырады; өзінің білім
деңгейіне сәйкес тапсырмаларды таңдай алады; проблемаға қатысты шешім
қабылдай алады; берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады; қарама-
қарсы көзқарастады талдай алады; құбылыстарды салыстырып, олардың ортақ
және жеке ерекшеліктерін анықтай алады; проблемалық сұрақтарды талдай
алады; проблемаға қатысты шығармашылық көзқарасын білдіре алады;
Жекеленген пәндерді сапалы оқытуда деңгейлі курс бағдарламасы негізіндегі
тиімді әдістерді қолдану арқылы сапалы оқыту жүйесін қалыптастыруда;
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, сыни ойлауын, өзін-өзі реттеуін, үздіксіз
өзін-өзі жетілдіруін дамыту арқылы үздіксіз білім алуына инновациялық әдіс-
тәсілдерді, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануда; Жеке
тұлғаның сапалы білім алуына жетекшілік ету сыни ойлауын, өзін-өзі реттеуін
жетілдіруде маңызды екенін айтады.
Байғанин ауданы Баршақұм ауылының тәжірибелі ұстазы Қартабаева
Нұрсұлу Сайлаубайқызы сындарлы оқыту технологиясын 2013 жылдан бері
қолданып келеді.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі
тұлға – мұғалім. Американдық ғалым Хеттидің айтуынша, орта білім беру
276
жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім
беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең
тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету – Кембридж бағдарламасының негізгі
идеясы болып табылады. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушының қалай
оқу керектігін үйреніп, еркін, өзіндік пікірін жеткізе білетін, ынталы, сенімді,
сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасуын қамтиды.
Екі жарым мың жыл бұрын Қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен:
«маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме
жасатсаң – үйренемін!». Нұрсұлу Сайлаубайқызының да осы тәсілдерді
қолдануда қызығушылығы жоғары, мақсаты айқын, өздігінше қорытынды
жасап, өзгенің пікіріне баға бере алады. Олай болса, мұғалімнің әдістемелік
ізденісінің, қолданатын әдіс-тәсілдерінің сабақ беретін аудиторияға әсер етпей
қоймасы анық. Әр оқушы мінсіз оқушы болуға талпынады. Мұғалімнің осы
әдіс-тәсілдерді қолдану барысында биология пәні бойынша оқушылардың
пайыздық сапа көрсеткіші жоғарылады, екі оқушысы Халықаралық «Зерек»
интелектуальдық марафонында ІІІ орын иеленсе, Нұрсұлу Сайлаубайқызының
өзі «Заманауи жаңа сабақ үлгілері» облыстық байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі
дипломмен марапатталған. Аудандық пәндік олимпиадада екі оқушысы ІІ және
ІІІ орын иеленді. ҰБТ нәтижесі бойынша да оқушылары таңдау пәнінен жоғары
көрсеткіштер көрсетіп жүр. Мұғалімнің ұстанымы – ізденіс, еңбекті серік
қылып, алдағы асуларды бағындыру. Нұрсұлу Сайлаубайқызы
7 модулы
технологиясында қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген
стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болғандықтан, әлі де болса
қазақ тілінде әдістемелік құралдар көптеп шығарылса, семинарлар жиі
ұйымдастырылып тұрса деген ұсынысын білдіреді.
Ақтөбе қаласының №36 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Ноғаева Захира Төребаеқызы сындарлы оқыту теориясы мұғалім оқушыларға
қажетті мәліметтерді, өзіндік іздене алатындай және болашақ өмірде
қолданатындай етіп, сабақты жоспарлау арқылы оқушылардың алған білімдерін
өздері жүйелей алуға бағыттайды. Сындарлы оқыту теориясын қолдану
нәтижесінде алдымен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы жақындай
түседі, оқушылардың тек пәндік ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, олардың
ұйымдастырушылық, ән айту, спортпен айналысу сияқты біршама қосымша
қызығушылықтарын байқайды. Сабақтарын жоспарлау кезінде оқушылармен
бірге, осы ерекшеліктерді де ескеріп, қолданып отырады. Қазіргі кезде
оқушыларға жаңа игерген материалды түсініп қоюдың өзі жеткіліксіз. Себебі,
математикалық кез келген ұғымды, жаңа тақырыпты түсіндіргенде бірден
өмірмен байланысын немесе практикадағы қолданысын айту қажет. Сондықтан
оқушыларды кез келген математикалық терминмен немесе ұғыммен
таныстырғанда, анықтамасы мен негізгі қасиеттерінен бөлек, қосымша
тарихын, өмірде қолдану салаларын қарастырып мысалдар келтіріп кету керек.
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар
277
ұлттық гимназияның мұғалімі Жұмағалиева Салтанат Асылғайынқызының іс-
тәжірибесіне назар аударсақ: «Сындарлы оқыту теориясы» бағдарламасы 7
модульге негізделген. Сабақтың мақсаты « SMART» критерийлеріне сай
анықталады. Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарлар – сапалы
білім негізі. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының
үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін
үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым
танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық
оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты -
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс
жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл
бағдарлама жеті модульге сараланған. 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оның бірі – диалог. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара
сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің
өзіндік ой - пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
«Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра
алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай
көмектесуге болатынын көрсетеді. Сындарлы оқыту технологиясы оқушының
сындарлы ойлауына, білімді өз бетімен алуына көмектеседі. Мұғалім
оқушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға бөліп, 7 модульді
ықпалдастыра отырып өткізеді. Алған білімдерін кез келген жағдайда,
сыныптан тыс жерде пайдалана алады.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылының
Достарыңызбен бөлісу: |