ОСӨЖ Тақырыбы:
Болымсыздық мағынаның етістікте берілу жолдары Жалғаулықты, демеулік шылаулар.
Мақсаты: Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясының етістікте берілу тәсілдерін, шылаулардың түрлерін, емлесін меңгерту.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, жаттығу жұмыстары
Тақырып бойынша тапсырмалар: Осы тақырыптар бойынша студенттердің меңгерген теориялық білімдерін жаттығу жұмыстарын орындау барысында пайдаға асыруға, талдауға, қорытындылауға дағдыландыру.
Бақылау сұрақтары:
Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясының мағынасы қандай?
Етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясының көрсеткіштері қандай?
Етістікте болымсыздық категориясынсық қолданылады ма?
Шылау қандай сөз табы?
Шылаулардың қандай белгілері оны қосымшаға ұқсатады?
Шылаулар неше түрлі?
Жалғаулық шылау деген не?
Жалғаулық шылаулардың мағынасына қарай түрлері?
Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын шылауларға мысал келтіріңіз
Сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларға мысал келтіріңіз
Демеулік шылаулар деген не?
Демеулік шылаулардың басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қасым.Б. «Қазақ тілінің сөзжасамы».Оқу құралы. 2019ж.
2.Салқынбай А.Б. Қазақ тілі Сөздік құрам.Сөзжасам: Оқу құралы.
3.Салқынбай А.Б. «Қазақ тілінің сөзжасам сөздігі» 1,2,3-бөлім
4.Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж. «Қазақ тілі» (Негізгі стандарттан жоғары) Оқулық.Алматы, 2015ж.
5.Әлкебаева.Д. «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» Оқулық. 2017ж.
№15 СӨЖ Тақырыбы: Қосарланған етістіктердің үстеуге қатысы Есеп беру түрі: жазба жұмысын тапсыру.
ОСӨЖ Тақырыбы:
Модаль сөздер
Мақсаты: Модаль сөздердің семантикалық ерекшеліктері (адамның әр түрлі көңіл-күйін және айтушының ойға қатысын, көзқарасын білдіру) мен грамматикалық сипатын меңгеру.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, жаттығу жұмыстары
Тақырып бойынша тапсырмалар: Көркем шығармада модаль сөздердің қолданылу ерекшелігін көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |