Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ


ОҚЫТУ  ҮРДІСІНДЕ  БІРЛЕСКЕН  ІС-ӘРЕКЕТТІҢ  СТУДЕНТТІҢ



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата21.01.2017
өлшемі1,61 Mb.
#2406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ОҚЫТУ  ҮРДІСІНДЕ  БІРЛЕСКЕН  ІС-ӘРЕКЕТТІҢ  СТУДЕНТТІҢ  
ТҰЛҒАЛЫҚ  БЕЛСЕНДІЛІГІН  ДАМЫТУДАҒЫ  МАҢЫЗЫ 
 
Бапаева  М.К. - пс.ғ.к., доцент,  Сыздыкова  М.Б. -магистр 
(Алматы қ.  ҚазмемқызПУ) 
 
Оқытушының  студенттермен  қарым-қатынасы  тапсырмалардың  кез-келген 
тҥрін  шешу  барысында  басқарушылық  әсер  етеді,  оқу  ҥрдісінің  мҥшелері,  яғни 
оқытушы  мен  студент  қатынасқа  тҥсетін  барлық  оқу  ситуациясының  жҥйелі 
ҧйымдастырылуының  заңдылықтарымен  жанамалаланған,  сондықтан  оқу 
ситуациясының қҧрылымын оны қҧраушылардың ӛзара белгілі бір байланысы деп 
қарау қажет. 
Психология  пәнінің  оқытушысына  оқыту  барысындағы  басқарушылық 
әсерлер  затын  анықтап  алу  қажет  және  ӛз  пәні  немесе  ӛзінің  тҧлғасы  арқылы 
дәрісханаға  тікелей  «психологиялық  әсер»  ету  мҥмкіндігі  алданышынан  аулақ 
болу керек. 
Оқу ситуациясы қҧрылымында келесідей қҧрушыларды бӛліп қарастырады: 
а) оқу пәнінің объективті қҧрылымданған мазмҧны. 
Қҧрылымданудың  сипаты  оқушылар  меңгеруі  тиіс  әрекеттер  мен 
операциялардың  бағдарламасын  және  оларда  қалыптасатын  танымдық  іс-әрекет 
тҥрлерін анықтайды: 
б)  оқу  пәндері  мазмҧнын  меңгертетін,  оқу  іс-әрекетінің  жалпыланған 
тәсілдері  мен  меңгерудің  бір  деңгейінен  келесі  деңгейіне  ауысу  ҥрдісін 
ҧйымдастыратын процедуралар; 
в)  оқу  ҥрдісіндегі  тҧлға  дамуының  әлеуметтік  реттелу  тҥрі  ретіндегі 
оқытушының  студенттермен  оқу  іс-әрекеттестігі  мен  студенттердің  ӛзара 
әрекеттестік  жҥйесі.  Бҧл  жҥйенің  ӛзінің  белгілі  бір  мақсаты,  тәсілі, 
әрекеттестігінің қҧралдары мен процедуралары болады. 
с)  меңгеру  ҥрдісінің  жҥру  барысы  бойында  синхронды  және  диахронды 
процедуралардың,  яғни  аталған  айнымалылардың  ӛзара  байланыс  динамикасы, 
олар  оқу  әрекеттестігін  және  оқу  ҥрдісінде  білім  мазмҧнын  меңгеру  ҥрдісін  де 
сәкестендіреді. 
Оқу-тәрбие  ситуациясы  –  оқу  ҥрдісінде  даму  динамикасындағы  барлық 
айнымалылардың  ӛзара  байланысының  белгілі  бір  тҥрі.  Оқытушы  әлеуметтік 
тәрбие  ортасын  ҧйымдастырушы,  оның  оқушылармен  ӛзара  әрекеттестігінің 
реттеушісі  мен  бақылаушысы  болуы  қажет,  яғни  оқытушы,  бҧл  –  ең  алдымен 
біртҧтас  оқу-тәрбие  ситуациясын  оның  барлық  айнымалыларының  бірлігінде 
ҧйымдастырушы  болып  табылады.  Оқу-тәрбие  ситуациясының  негізгі  кезеңі 
барлық  әдістемелік  мәселелер  мен  тапсырмалар  аумағы  анықталатын  оның 
мҥшелерінің тікелей әрекеттестігі мен қарым-қатынас тҥрі. 
Қазіргі 
кездері 
оқытушының 
студенттермен 
заттық-тәжірибелік, 
коммуникативтік  әрекеттестігін  қамтитын  оқуға  қатысушылардың  ӛзара 
әрекеттестігі  мен  бірлескен  іс-әрекетінің  категориясы  ең  аз  зерттелген  аумақ 
болып  қала  беруде.  Әрдайым  ҧғыныла  бермесе  де,  ӛзара  әрекеттестік 
педагогикалық  қарым-қатынастың  кез-келген  тҥрінің  іргетасы  болып  табылады. 
Сондықтан  да  әртҥрлі  әрекеттестіктің  тҧтастай  жҥйесі  ретіндегі  педагогикалық 
қарым-қатынасты  тҥсіну  ҥшін  оқытудың  психологиялық  механизмін  оның 
қатысушыларының  ӛзара  әрекеттестігі  ең  алдымен  «оқытушы-студент» 
жҥйесіндегі әрекеттестігі ретінде ашу қажет. 
Бірлескен  оқу  іс-әрекетін  ҧйымдастыру  тәсілдері  мен  тҥрлері  зерттеу  мен 
ҥйренудегі негізгі қиындық, оқытушының санасы ҥшін тәсілдердің оқыту мақсаты 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
21 
мен  тапсырмалардың  заттық  мазмҧнымен  бҥркемеленуінде.  Оқытушының 
тҧлғалық  ҧстанымы  мен  оның  студенттермен  ынтымақтастық  тәсілдерінің 
психологиялық  ерекшеліктері  тәрізді  оқу  ынтымақтастығының  маңызды 
компоненттері  аз  ҧғынылады.  Соған  сәйкес,  оқытушыларды  педагогикалық 
қарым-қатынасқа  ҥйретудің  алғышарты  –  оқу  ҥрдісін  олардың  ӛзара 
әрекеттестіктің  кӛптеген  тҥрлері  ретінде  теориялық  тҧрғыдан  ҧғынуы  болып 
табылады. 
Бҧдан тӛмендегідей мәселелер туындайды: 

 
оқытушының  студенттермен  «ӛзара  оқу  әрекеттестігі»,  «бірлескен  іс-әрекет» 
ҧғымдарының мазмҧнын нақтылау мәселесі; 

 
оқыту  ҥрдісінде  студенттермен  тҧлғасын  тәрбиелеуде  бірлескен  іс-әрекеттің 
қандай тҥрін ең мақсатты бағытталған тәрбиелеу әдісі болатыны жайлы мәселе. 
Оқытушының  студенттермен  бірлескен  іс-әрекеті  оқыту  ҥрдісін  басқару 
және  ӛзін-ӛзі  басқарудағы  негізгі  кезең  болып  табылады.  Бҧлар  іс-әрекетті 
қалыптастыру  ҥрдісінде  әрекеттермен,  операциялармен,  осы  әрекет  мҥшелерінің 
вербалды  және  вербалды  емес  белгілерімен  алмасу  актілері.  Актілер  іс-әрекет 
мазмҧны  және  оқыту  мҥшелерінің  әрекеттестік  процедураларымен  байланысты 
келеді, оқыту ҥрдісі мҥшелері арасындағы ӛзара әрекеттестік пен қарым-қатынас 
нормалары және тҧлғалық бағыттары, заттық іс-әрекет тәсілдерін ӛзін-ӛзі басқару 
механизмін қҧрастыруға арналған. 
Оқытушының  студенттермен  бірлескен  іс-әрекеті  –  оқу  ситуациясы 
айнымалыларының жҥйесін ҧйымдастырудың қажетті  жолы. Ынтымақтастықсыз 
оқыту  мҥшелерінің  арасында  кез-келген  жаңа  іс-әрекетті  қалыптастыру  мҥмкін 
емес. 
Бірлескен  оқу  іс-әрекетіне  тән  ортақ  ерекшелік  –  меңгерілген  мазмҧн  және 
ӛзіндік  әрекеттестікке  қатысты  тҧлға  ҧстанымын  қайта  қҧру  мен  қайта  жасау, 
яғни оқыту мҥшелері арасындағы әрекеттестік пен қатынастың, қҧнды бағдарлар, 
мағыналық бағдарлардың оқыту мақсаттарын ӛзгерту. Білім алушының тҧлғалық 
ҧстанымын  ӛзгерту  оның  жаңа  іс-әрекеттердің  жаңа  деңгейін  меңгеруіне, 
оқытушы  мен  студенттермен  ӛзара  әрекеттесудің  жаңа  тҥрлеріне  ауысуына 
жағдай  жасайды.  Оқытушы  кәсіби  іс-әрекеттің  мағынасын  алып  жҥруші  ретінде 
жҥретін  оқу  ҥрдісі  мҥшелерінің  ӛзара  әрекеті  мен  қатынасы  оқушы  тҧлғасы 
ҧстанымындағы ӛзгерістерді психологиялық талдаудың мәнін анықтайды. 
Оқытушы  мен  студенттер  арасындағы  әрекеттестіктің  кәсіби-тҧлғалық 
аспектісі  іс-әрекеттің  меңгерілу  ҥрдісін  реттейтін  әрекеттестіктің  заттық-
мазмҧндық  жағымен  тығыз  байланыста.  Соған  орай  оқытушының  мінез-қҧлқы 
мен  тҧлғасының  әлеуметтік  ҧйымдастырылуы  мҥмкін  болатын  арна  қҧрылады. 
Оқу ситуациясы бҧл жағдайда оқу-тәрбие ситуациясына айналады. Яғни тәрбилік 
қызметті  алып  жҥрушілер  оқу  пәніндегі  білімнің  ӛзі  емес,  бірлескен  оқу  іс-
әрекетінің  жҥруі  барысындағы  оқу  әрекеттестігінің  тҧлғалық  компоненті  болып 
табылады. 
Оқытушы  мен  студенттердің  бірлескен  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты  –  оқыту, 
меңгерілетін пәндік іс-әрекет пен ӛзара әрекеттестік актілерінің ӛзін-ӛзі реттеуші 
механизмдерін  қҧру  болып  табылады.  Оның  пәні  -  оқытудың  жалпылама  және 
ҧғынылған  тәсілдері  және  ӛзара  әрекеттестік  пен  қарым-қатынас  нормалары. 
Бірлескен  іс-әрекет  ӛнімі  –  студенттердің  оқытудың  жаңа  мақсаттарын, 
меңгерілген  іс-әрекет  мазмҧнымен  байланысты  мақсаттарды  ӛз  бетімен  ҧсынуы, 
серіктестіктегі тҧлғалық ҧстанымдарын реттеуі. Бірлескен іс-әрекет мақсаттарына 
қол  жеткізу  қҧралы  ретінде  оқытушының  студенттермен  ӛзара  әрекеттестік 
жҥйесі кӛрінеді. Бҧлар оқу тапсырмаларын шешу кезінде студенттердің барынша 
кӛмегімен оқушылардың ӛзіндік белседілігін ҧлғайтудан пәндік және оқу әрекетін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
22 
толығымен  ӛзі  реттеу,  оқытушы  серіктестік  бағытының  пайда  болуына  дейінгі 
белгілі  бір  бірізділікпен  ашыла  тҥседі.  Қазіргі  кезде  ынтымақтастықтың  ҥштен 
алтыға дейінгі тҥрлерін бӛліп кӛрсетеді. Оларды атап ӛтейік: 

 
іс-әрекетке кірісу; 

 
бӛлек әрекет; 

 
еліктеушілік әрекет; 

 
қолдаушылық әрекет; 

 
ӛзін-ӛзі реттегіштік әрекет; 

 
серіктестік. 
Бірлескен іс-әрекет тәсілдері қарым-қатынас кезеңдеріне ҧқсас бірлескен іс-
әрекеттің  бірлігі  ретінде  қарастырылатын  әрекеттестік  кезеңдерімен  кӛрсетіледі. 
Әрекеттесу  кезеңдері  ӛздерінің  атқаратын  қызметі  бойынша  әркелкі  және  іс-
әрекеттің  -  тҥрткі  (мотив),  бағдар,  бақылау  мен  бағалау  сияқты  қызметтік 
қҧрылымына  сәйкес  келеді.  Олар  тҥрлі  актілермен  алмасуды  қамтиды.  Мәселен, 
оқытушы  әрекетті  бастайды  –  студенттер  оны  әрі  қарай  жалғастырады  немесе 
аяқтайды,  оқытушы  оқу  тапсырмасын  ҧсынады  –  студенттер  оны  шешу 
варианттарын  береді  және  т.б.  Мағына  қҧрайтын  және  мақсатты  білдіретін, 
бағдарлаушы  және  жоспарлаушы,  бақылаушы  және  бағалаушы,  т.б.  кезеңдер 
болып бӛлінеді. 
Іс-әрекеттің  әрбір  тҥрі  бірлескен  оқу  іс-әрекетінің  мақсатына  қол 
жеткенінше,  ӛзгеріп  және  жаңарып  отыратын  әрекеттестіктің  қызметтік  ерекше 
кезеңдері жҥйесі ретінде оқу  ҥрдісінде  дамиды. 
 Сонымен    оқытушының  студенттермен    ынтымақтастығы    іштей 
психологиялық  кҥштену  заңдылығы  бар  ҥрдіс  ретінде  анықталады.  Кҥштену 
оқытушы  мен  студент  тҧлғасы  арасындағы  қарама-қайшылықтарды  алға  тарту 
мен  шешу  нәтижесінде  пайда  болады  және  студенттер  ӛрісінде  белсенділіктің 
сандық  ӛсуінде  де, белсенділіктің қайта қҧрылуында, оқытушы  мен  студенттің 
қҧндылық-тҧлғалық ҧстанымының қайта жасалуынан  да  байқалады. Олардың  су 
динамикасына  тән  ортақ  ерекшелік  –  мәселен,  студенттің  жаңа  іс-әрекетке 
кірісуінен  ӛздігінен  басқарылатын  пәндік  әрекетті  қамтамасыз  ететін    оқуды 
толығымен  ӛзі  басқаруын,  ӛзіндік  ҧстанымдар  мен  қатынастарды  реттейтін  оқу 
тапсырмаларын  шешу  барысында  оқытушы  мен  студенттердің  арасындағы 
бірлескен оқу іс-әрекеті бӛлінген фазасына ауысу.Алайда егер оқытуды ӛздігінен 
басқару  оқытудың  жеке  мақсаттарына  қол  жеткізу  қҧралдарынан  (пәндік-
мазмҧнды  білім  мен  әрекеттерді  қалыптастыру)  оқытудың  ӛзіндік  мақсатына 
айналса,  ал  субъекттің  оқыту  ҥрдісі  ӛздігінен  басқарылатынға  айналатын  болса, 
онда    тҧлғаның  жаңадан  ӛзін-ӛзі  басқару  мақсаттарына  ӛтуінде  ынтымақтастық  
тҥрлерінің  динамикасы  мен  олардың  студент  тҧлғасының  психикалық  
дамуындағы  рӛлінің  мағынасы  тҥйінделген.Л.С.Выготский  осы  ҥрдістің  ҥш  
сатылығын  былай  кӛрсеткен  болатын:  ынтымақтастықтың    алғашқы    екі  
түріне    сәйкес    келетін    сыртқы    интерпсихикалық    түрден    ішкі  
интрапсихикалық  құрылымға, содан соң  «іс-әрекеттің  әрбір  жеке  актісінде  
тұлғаның    қатысуын»    білдіретін    психикалық    үрдістер    арасындағы  
рефлексивті    байланыстар,  яғни    байланыстың    жаңа    типі  –  «үшінші  
қызметіне»  қарай  жүреді. 
  Сонымен,  ынтымақтастық  тҥрін  қайта    жасау,  яғни  оқытушы  мен  студент 
тҧлғасының  ҧстанымдарын  ӛзгерту  оқу  субъектісінің  ӛзін-ӛзі  ӛзгертуіне  алып 
келеді.  Ынтымақтастық  тҥрлері  білім  алушы  ӛз  бетімен  оқу  курсын,  оқу 
мақсаттарының  мазмҧнын  анықтай  алатын  басқару  психологиясының  ҥлгісі  
бойынша оқуды басқаруын қамтамасыз етеді. 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
23 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Бадмаев Б.Ц. Психология: как ее изучить и усвоить.— М.,1997.-11-20 с. 
2.
 
Балл Г.А. Теория учебных задач. М.,1990.-102 с. 
3.
 
Бапаева  М.Қ.  Жоғары  мектепте  психологиялық  білім  беру  процесін 
жетілдіру.Алматы, 2006.-176 б. 
4.Хроменко  О.В.  Методика  преподавания  психологии.  –  Ростов  на  Дону 
«Феникс», 2004-225 с. 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Мақалада оқыту ҥрдісінде оқытушы мен студенттің бірлескен іс - әрекетінің 
студенттің тҧлғалық белсенділігін дамытудағы маңызы қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  влияние  совместной  деятельности  преподавателя  
со студентам в процессе обучения на развитие личностной активности студента. 
 
 
 
ПРОФЕССОР Х.Т. ШЕРЬЯЗДАНОВАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫНЫҢ БІРТҰТАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ерментаева А.Р. – пс.ғ.д., профессор  
(Алматы қ., Аманжолов атындағы ШҚМУ) 
 
Соңғы  кездері  кҥрделі  де  динамикалық  сипатта  қоғам  дамуы  тҧлғаның 
кез-келген  іс-әрекетті  нәтижелі,  игілікті  орындауына,  маңызды  шешімдерді 
мақсат-бағдарлы  іздестіруіне,  «шҧғыл»  жағдайды  алдын  ала  аңғаруына, 
психологиялық  қиын  жағдайдан  тиімді  әрі  әлеуметтік  ортада  қҧнды  тәсілмен 
шыға алуына, жаңа мәселелерді және олардың салдарын болжауына мҥмкіндік 
беретін  ерекше  қасиеттер  мен  қабілеттердің,  танымдық  процестердің, 
психикалық жай-кҥйлердің оңтайлы жетілуін алға қояды. Осы арада әлеуметтік 
институттардың  барлық  буындарында  психологиялық  және  педагогикалық  іс-
шараларды  ғылыми  негізде  жҥзеге  асыру  мәселесінің  ӛзекті  екені  кӛрінеді. 
Мҧнда,  психология  және  педагогика  ғылымдарының  қатар  қойылуы  емес, 
олардың  нақты  тҥрде  интегралдануы,  бірігуі  ең  кҥрделі  теориялық  және 
тәжірибелік мәселе болатыны анық шығады. Сондықтан бірқатар отандық және 
шетелдік  зерттеушілер  психология  ғылымдарының  жеке  дамуына  емес,  оның 
педагогикамен  ӛзара  байланысты,  ӛзара  тәуелді,  ӛзара  анықтаушы  тҧрпатына 
екпін тҥсіреді. Осыған орай Қазақстанда педагогикалық психология саласының 
теориялық  және  қолданбалы  бағытта  қатарымен  жетілуіне  психология 
ғылымдарының докторы, профессор Хорлан Тоқтамысқызы Шерьязданова мол 
ҥлес қосуда.  
Қазіргі  психология  ғылымдарының  ӛркендеуінде  Хорлан  Тоқтамысқызы 
ӛзіндік  қолтаңбасы  анық  та  айшықты  орын  алатын  белгілі  ғалым-зерттеуші. 
Оның зерттеу жҧмыстары республикадағы білім беру жҥйесіне, психологиялық 
іс-әрекеттерге  нақты  тҥрде  қатысты.  Нақтыласақ,  Хорлан  Тоқтамысқызының 
барлық  зерттеулері  қай  кезде  болмасын  аса  ӛзекті  болатын  проблемаларға  – 
жоғары педагогикалық білім берудің біртҧтас жҥйесін қҧрып, жетілдіруге және 
дамудың әлеуметтік жағдаятының дәлме-дәл болуына бағытталады.  
Республикалық білім және ғылым саласына қатысты айтқанымызбен, Х.Т. 
Шерьязданованың 
кӛтерген 
ғылыми 
мәселелері, 
жасаған 
ғылыми 
тҧжырымдары, қорытқан ой-пікірлері, теориялық және эмпирикалық деңгейде 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
24 
анықтап,  ашқан  жаңалықтары  бҥкіл  психология,  педагогикалық  психология, 
практикалық психология кеңістіктерінде аса маңызды болып табылады.  
Қазіргі  педагогикалық  психологияның  ғылыми  және  практикалық 
жақтарына  терең  аналитикалық  зерттеу  жҥргізу  арқасында,  Хорлан 
Тоқтамысқызы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мәселелерінің  
жалпы  онтогенетикалық  даму  кезеңдеріне  трансформациялануын,    тҧлғалық 
және  психикалық  дамудағы  маңыздылығын,  осы  орайдағы  проблемалардың 
біздің  республикада  ғана  емес,  жалпы  алыс-жақын  шетелдердегі  болашақ 
педагогтер  мен  психологтерге  кәсіби  білім  беру  жағдайымен  тікелей 
байланысты екендігін кӛрсетеді. Сондықтан Х.Т. Шерьязданова қазіргі жоғары 
мектептегі  теориялық  білім  мен  психологтың,  педагогтың  кҥнделікті 
практикалық іс-әрекетіндегі проблемалардың бір-біріне қабыса бермейтінін ең 
кӛкейтесті  мәселе  ретінде  әрқашан  қойып,  оны  шешудің  жолдарын  тиянақты 
дәлелдеуде.  Оған  қоса,  ғалым  зерттеулерінде  педагогтар  мен  білім  беру 
саласындағы  психологтардың  іс-әрекеттерінде  ҥйлесім,  келісім  жетпей 
жататыны, тіпті олардың іс-әрекетіне орай бір ғана оқыту-тәрбиелеу процесінің 
екі  жаққа  ажырауы,  бӛлшектенуі  ашық  айтылады.  Ол  педагогтарда 
тәрбиеленуші жайлы психологиялық білімнің жеткіліксіз деңгейіне, ал, ағарту 
саласындағы  психологтардың  мінез-қҧлық  проблемаларына  қатысты  ары 
кеткенде  жеке-дара  психокоррекциямен,  әйтпесе  психодиагностикамен 
шектелетініне  нҧсқайды.  Х.Т.Шерьязданова  әлі  кҥнге  дейін  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындарының  тҥлектерінің  дипломды  педагог,  психолог  болуы 
олардың  ата-аналармен,  әріптестермен  ӛзара  әрекеттестік  және  ӛзара  қатынас 
жасау  дағдыларының  жоғары  деңгейіне  кепілдік  бермейтінін,  мамандардың 
отбасылық тәрбиеге оңды ықпал ету тактикасы мен стратегиясын жете меңгере 
алмайтынын ашты.  
Х.Т.Шерьязданованың психологиялық тҧжырымдамалары педагогикалық 
психология  аясында  аса  кҥрделі,  ауқымды  ҥш  бағытта  жҥргізілген 
зерттеулермен анықталады. Атап айтқанда, ғалым еңбектерінде 
біріншіден,  балалардың  психологиялық,  психикалық  даму  ерекшеліктері  
айқындалады; 
екіншіден,  педагогтарды  және  білім  беру  саласының  психологтарын 
кәсіби дайындаудың біртҧтас жҥйесін қҧру міндеті қойылып, шешіледі; 
үшіншіден
психологиялық 
қарым-қатынасты 
жетілдірудің 
психологиялық-педагогикалық амал-тәсілдері жҥйеленіп, қҧрастырылады.   
Бҧл  аталмыш  бағыттарды  ӛзара  байланыстыруда  Х.Т.  Шерьязданова 
қарым-қатынас  психологиясының  проблемаларын  зерттеудің  маңыздылығын 
методологиялық  шеберлікпен  дәлелдейді.  Оның  қарым-қатынасты  ӛзіндік 
ерекше формасы мен  мазмҧны бар психикалық  іс-әрекет ретінде анықтауы да 
коммуникация,  интеракция  және  перцепция  процестерін  терең  тҥсіндіретін 
тҧрғы  болып  табылатыны  сӛзсіз.  Бҧл  тҧрғы  қарым-қатынастың  әртҥрлі 
формалары  мен  тҥрлерінің  генетикалық  сабақтастығын  тағайындауға 
мҥмкіндік береді. Әрі қарым-қатынасты психикалық процестердің қандайын да 
қалыптастырудың  қҧралы,  факторы  ретінде  қарастыруға  негіз  болады. 
Сондықтан  ғалым  онтогенездегі  психикалық  дамуды  қарым-қатынас 
процесінің негізінде ашады. Ол қарым-қатынас психологиясын педагогтар мен 
психологтарды  кәсіби  деңгейде  дайындаудың  базистік  негізі  ретінде 
тҧжырымдап келеді.   
Ғалымның  іргелі  еңбектерінде  баланың  психологиялық  дамуын 
педагогикалық  талапқа  сай  ҧйымдастырудың  шешуші  рӛлі  нақтыланып 
дәйектеледі. Осы орайда Х.Т.Шерьязданова жас ҧрпақтың іс-әрекетке, қарым-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
25 
қатынасқа психологиялық даярлығын  жетілдіруді  педагогтарға, психологтарға 
кәсіби  білім  берудің  басты  бағыты,  кӛрсеткіші  ретінде  анықтайды.  Зерттеуші 
мҧндай  бағытта  білім  беру  саласының  мамандарын  педагогикалық-
психологиялық 
дайындаудың 
концепциялық 
ҥлгісін 
тҧжырымдап, 
технологиялық негіздерін нақты тағайындаған.  
Психологияның  педагогикалық  ғылымдарға  және  педагогиканың 
психологиялық  ғылымдарға  ӛзара  тәуелділікпен  ықпалдасу  тәсілдері  мен 
механизмдеріне 
қатысты 
қорытындылары 
қазіргі 
педагогикалық 
психологиядағы  маңызды  орын  алатын  Хорлан  Тоқтамысқызының  ең  басты 
тҧжырымдамалары 
болып 
табылады. 
Х.Т. 
Шерьязданова 
жасаған 
тҧжырымдамалар  арқасында  психология  және  педагогика  ғылымдарының 
кӛптеген  салаларының    оқыту  мен  тәрбиелеуге,  дамуға  қатысты  мәліметтерін 
ӛзара 
байланыстырып 
қарауға 
мҥмкіндік 
пайда 
болды. 
Оның 
тҧжырымдамалары  студенттердің  теориялық  білімі  мен  практикалық  іс-
әрекетін 
біріктіруге 
кӛмегін 
тигізеді. 
Хорлан 
Тоқтамысқызының 
тҧжырымдамалары балалардың жас ерекшеліктеріне және мамандардың кәсіби 
бағытына  байланысты  білім  берудің  дараланған,  тиімді,  дәлме-дәл  жҥйесін 
қҧруға негіз болады.  Мәселен, ғалымның ҧстанымы  бойынша, мектеп жасына 
дейінгі  баланың  толымды  тҥрде  психикалық  дамуы  олармен  бірге  болатын 
ересектердің  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін  мақсат-бағдарлы  жетілдіруге 
тіреледі.  
Хорлан  Тоқтамысқызы  балалардың  психикалық  дамуы  мен  мінез-
қҧлқындағы  ақауды  қарым-қатынастағы  қиындықпен  анықтап,  осы 
қиындықтарға  әсер  ететін  себептерді  кӛрсетеді.  Басқаша  айтқанда,  ғалым 
барлық  еңбектерінде  балалардың  қарым-қатынас  саласындағы  кемшіліктердің 
– 1) ересектер тарапынан кӛңілдің жеткілікті бӛлінбеуі мен қарым-қатынастағы 
дисгормонияның  орын  алуы;  2)  білімнің  тӛмендігі,  тілдің  нашар  жетілуі;  3) 
баланың кейбір, мысалы, ҧялшақтық сияқты тҧлғалық ерекшеліктері; 4) мінез-
қҧлықтағы  ӛзімшілдік  ниеттің  басым  болуы;  5)  ойын  іс-әрекетінің  тӛмен 
деңгейде дамуы; 6) психикалық дамудың кенже қалуы; 7) ӛз қатарластарымен 
қарым-қатынас  жасау  тәжірибесінің  болмауы  –  психикалық  дамудың 
бҧзылуына  әкелетінін  тҧжырымдайды.  Осылайша  Х.Т.  Шерьязданова 
балалардың қарым-қатынас  саласындағы қиыншылықтарды нақты ажыратып, 
оларға тҧлғалық ерекшеліктер мен ӛзара әрекеттестік, ӛзара қатынас мазмҧны 
бойынша  типтік  жіктеме  жасайды.  Аталмыш  жіктеме  қарым-қатынас 
саласындағы  психологиялық  коррекцияның  тҥрлі  амалдары  мен  жолдарын 
анықтауға мҥмкіндік береді.  
Х.Т.Шерьязданованың 
теориялық-эксперименттік 
зерттеулері 
балалардың  оқуға  деген  психологиялық  даярлығын  және  жалпы  дҥниеге 
кӛзқарасының бастауын олардың әлеуметтік әсерлерге қатысты сезімталдығы, 
коммуникациялық  іс-әрекетіне  қатысты  қабылдау  процесінің  таңдамалылық 
ерекшелігі анықтайтынын бекітеді.   
Жалпы, Хорлан Тоқтамысқызы дәйектеген тҧрғының бірегейлігі мынада: 
оның  еңбектерінде  баланың,  оқушының,  студенттің  психологиялық  жағынан 
тиімді  қарым-қатынас  жасауы  сәйкесінше  педагогтың,  психологтың  кәсіби 
деңгейде ӛзара әрекеттестік пен ӛзара қатынасты меңгеріп, жҥзеге асыруымен 
анықталады. 
Осыған 
байланысты 
Х.Т. 
Шерьязданова 
психология 
ғылымдарында  алғаш  рет  «кәсіби  деңгейдегі  педагогикалық  қарым-қатынас» 
ҧғымын  енгізіп,  негіздейді.  Мҧнда  Хорлан  Тоқтамысқызының  педагогтарды, 
психологтарды  кәсіби  дайындаудың  анықтауыштары  мен  кӛрсеткіштерінің 
ӛзара сабақтастығын, тәуелділігін, біртҧтастығын жҥйелілік тҧрғысынан ашып, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
26 
тҧжырымдауы  да  педагогикалық  психологиядағы  кӛптеген  мәселелерді  жаңа 
форматта зерттеуге мҥмкіндік береді. Мәселен, ғалым педагогтың балалармен 
қарым-қатынас  жасау  мәнерін  психология  ғылымында  белгілі  жіктемелерге 
сәйкес  сипаттайды.  Әйтсе  де,  Хорлан  Тоқтамысқызы  педагог  қарым-
қатынасының  әрбір  мәнерінің  баланың  танымдық,  тҧлғалық  және  жалпы 
психикалық дамуына ықпалын болжамдап, эксперименттік жолмен кӛрсеткен. 
Осыған  байланысты  алғаш  рет  «кәсіби  деңгейдегі  педагогикалық  қарым-
қатынас  мәнері»  термині  анықталып,  психология  ғылымдарының  ҧғымдық 
қоры кеңейді.  
Х.Т.Шерьязданова 
педагогикалық 
психология 
ғылымының 
интеграциялық  сипатына  әрқашан  маңыз  береді.  Оның  педагогикалық 
психология, бала психологиясы ғылымдарының дамуына ҥлес қосқан еңбектері 
оқыту,  тәрбиелеу,  психикалық  даму  мәселелеріне  қатысты  «жалпы 
психология»,  «психологиялық  диагностика»,  «психологиялық  коррекция», 
«әлеуметтік  психология»,  «жас  ерекшелік  психологиясы»,  «дифференциялық 
психология»  және  т.б.  салалардың  ықпалдасуымен  ғана  ерекшеленбейді. 
Сонымен  қатар,  ғалымның  теориялық  және  практикалық  зерттеулері 
психология  және  педагогика  ғылымдарының  білім  беру,  тҧлғаны  дамыту, 
тәрбиелеу  процестеріне  қатысы  бар  барлық  салаларының  ықпалдасуымен 
ерекшеленеді.  
Психологияның  басқа  бірқатар  салаларының  жетілуіне  де  Хорлан 
Тоқтамысқызының 
теориялық 
және 
эксперименттік 
жҧмыстарының 
айтарлықтай  әсері  бар.  Мәселен,  Х.Т.  Шерьязданова  танымал  ғалым  М.И. 
Лисина  сипаттаған  балалардың  қарым-қатынас  формалары  мен  тҥрлерін 
ықшам  да  жедел  зерттеуге  болатын  әрі  қарапайым,  әрі  сенімді,  әрі 
диагностикалық  мазмҧны  терең  жағдаяттарды,  амал-тәсілдерді  қҧрған.  Бҧл 
әдістер психологтер ғана емес, педагогтер де ӛз жҧмыстарында кәсіби деңгейде 
қолдануға  болатындай  қҧрылуымен  ӛзгешеленеді.  Сонымен  қатар,  Хорлан 
Тоқтамысқызы  болашақ  педагогтердің  де  қарым-қатынас  жасау  мәнерін 
диагностаудың  бірегей  әдістерін  қҧрып,  психология  және  педагогика 
ғылымдарының теориясы мен практикасына енгізді. Ол оқыту мен тәрбиелеуде 
кездесетін  қиындықтардың  алдын  алу  ҥшін  әрі  профилактикалық  негіз 
болатын,  әрі  психикалық,  психологиялық  даму  процесіндегі  кемшіліктерді 
жоюға  кӛмек  болатын  полифункциялықпен  ӛзгешеленетін  психологиялық 
коррекция  жҥйесін  ҧсынған  алғашқы  қазақстандық  психолог-ғалым  болып 
табылады.  
Сонымен,  Х.Т.Шерьязданова  зерттеулерінде  дәйектелген  тӛмендегідей 
идеялар,  қағидаттар  холистикалық  (біртҧтас)  маңызбен  оның  ғылыми 
позициясына  орай  іргелі  концепция  және  талапқа  сай  технология  тҥзіп, 
практика жҥзінде іске асырылуымен ерекшеленеді:   

 
педагогикалық  процесс  шын  мәнінде  психологизацияланған  болуы 
қажет;  

 
жоғары  мектепте  педагогикалық  процесті  теориялық  білім  мен 
практикалық  біліктілікті  ҧштастыруды,  келісті  байланыстыруды  қамтамасыз 
ететін  психологиялық  қарым-қатынасқа  негіздеп  қҧру  мен  ҧйымдастыру  қажетті 
шарт; 

 
жоғары  мектепте  психологиялық  теориялар,  ҧғымдар  бойынша 
қолданбалы  маңызы  жоғары  терең  академиялық  білім  практикадан  ҥзіліссіз 
берілуі  тиіс;  психологиялық  білім  педагогтар  мен  психологтардың  ӛзіндік 
дамуын,  олардың  баланың  жан-дҥниесін  қалтқысыз  тануын,  педагогикалық 
практикада дәлме-дәл қолдануын қамтамасыз етуі керек;  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
27 

 
жоғары оқу орындарында кәсіби білім алуды жетілдіру және оқыту мен 
тәрбиелеуде  жеке-дара  тҧрғыны  жҥзеге  асыра  алу  ҥшін  педагогтер  мен 
психологтердің  жоғары  оқу  орнында  зерттеушілік,  ізденушілік  позицияларын 
қалыптастыру қажет; 

 
балалардың  қабылдауынан  бастап,  зейін,  ес,  ойлау  сияқты  танымдық 
процестерінің дамуына дейін педагогтің қарым-қатынас жасау мәнері тікелей әсер 
етеді,  және,  когнитивті  дамуда  педагогтің,  психологтің  қарым-қатынас  жасауы 
кәсіби педагогикалық мәнер деңгейінде болуы тиіс;  

 
болашақ  педагогтар  мен  психологтардың  ӛз  бастарындағы  әлеуметтік-
психологиялық  мәселелерді  шеше  алуы  ҥшін  жоғары  мектепте  психологиялық 
қызмет бағыттарын ҧйымдастыру керек; 

 
білім  беру  саласындағы  кӛптеген  мәселелердің  шешімін  табуға 
педагогтар мен психологтардың бірлескен жҧмысы, ынтымақтастығы ықпал етеді, 
сондықтан,  жоғары  оқу  орнында  аталмыш  мамандардың  ӛзара  әрекеттестігін 
арнайы ҧйымдастыру стратегиясы мен тәжірибесі орнығып, жетілуі тиіс; 

 
болашақ  педагогтар  мен  психологтарға  жоғары  мектепте  терең  кәсіби 
білім беру ҥшін кешенді, синтетикалық курстар ҧйымдастыру қажет; 

 
балалардың  ересектермен  қарым-қатынасы  және  балалардың  ӛзара 
қарым-қатынасы бір-бірімен шарттастықта болады:  ересектермен қарым-қатынас 
балалардың ӛз қатарластарымен қарым-қатынасына проекцияланады; 

 
студенттер  психологиялық  іс-әрекетке  кәсіби  білім  алу  процесінің 
аясында нақты тҥрде тартылуы тиіс;  

 
болашақ мамандарды тек балалармен қарым-қатынас жасауға ғана емес,  
олардың  ӛздерін  ересек  адамдармен,  ең  алдымен,  ата-аналармен  ӛзара 
әрекеттесуге, ӛзара қатынас жасауға жоғары оқу орнында баулу қажет; 

 
ойын – психокоррекцияның психикалық және тҧлғалық даму мәселелерін 
шешетін  ең  қуатты  техникасы,  сондықтан,  болашақ  педагогтар  мен  психологтар 
балалармен  ойнауға,  олармен  бірлескен  ойын  әрекетін  ҧйымдастыруға  ҥйренуі 
тиіс; 

 
жоғары мектепте болашақ педагогтар мен психологтардың кәсіби ӛзіндік 
сана-сезімін  дамытуға  ықпалын  тигізетін  ойындар,  тренингтер,  пікір-таластар 
сияқты оқытудың белсенді формалары кеңінен қолданылуы керек. 
Сонда, 
психология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Х.Т. 
Шерьязданованың қорытып шығарған ғылыми тҧжырымдамалары ӛзара тығыз 
байланысып, біртҧтас, яғни холистикалық сипатпен ерекшеленеді. 
Теориялық қорытылып, эксперименттік жолмен іс-тәжірибеде тексерілген 
Х.Т. 
Шерьязданованың 
психологиялық 
ғылыми 
тҧжырымдамаларын 
педагогикалық практикада негізге алып, жҥзеге асыруға бағыттылығымен, яғни  
практика-бағдарлы сипатымен қҧндылығы жоғары болып келеді. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  психология  мен  педагогика  ҥшін  аса  мәнді 
ғылыми  еңбектері,  тәлімді  педагогикалық  іс-әрекеті,  озық  психологиялық  іс-
тәжірибесі, ӛнегелі ӛзара әрекеттестік пен ӛзара қатынас жасау ерекшеліктері, 
жетекшілік  қызметі,  студенттерге,  әріптестеріне  кӛмегі,  қолдауы  сияқты 
кҥнделікті  ӛмірдегі  барша  әрекеттері  Х.Т.  Шерьязданованың  ғалым  ретіндегі 
гуманистік  психология  тҧрғысына  сәйкес  дҥниетанымын,  педагог  ретіндегі 
ізгіліктілік  ҧстанымын,  тҧлға  ретіндегі  жан-дҥниесінің  рухани-адамгершілік 
байлығын жан-жақты анықтайтыны  айқын. Тіпті,  педагогикалық  психология, 
бала 
психологиясы 
бойынша 
«дамыту», 
«дайындау», 
«жетілдіру», 
«коррекциялау»  сияқты  ҧғымдармен  әрекет  етіп,  ҧзақ  уақыт  тек  позитивті, 
оптимистік  ҧстаныммен  зерттеу  жҥргізуі,  педагогикалық  іс-әрекетті  жҥзеге 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №62009. 
 
28 
асыруы  Хорлан  Тоқтамысқызының  ғалым,  психолог,  педагог,  тҧлға  ретіндегі 
ерекшеліктерін сӛзсіз сипаттап тҧрған жоқ па?  
Танымал ғалым, терең білімді психолог, қҧзіретті педагог, республикалық 
деңгейдегі  ағарту  саласына  қатысты  кӛптеген  игі  істердің  бастамашысы, 
ҧйытқысы  болып  жҥрген  рухы  асқақ,  зиялы  тҧлға  –  Хорлан  Тоқтамысқызы 
Шерияздановадан  докторлық  диссертация  бойынша  зерттеу  барысында 
ғылыми  кеңес  алып,  ҥнемі  ҧстаздық  қолдау,  адами  қамқорлық  кӛріп  келе 
жатқанымды  бағалап,  мақтан  тҧтамын.  Ҧстазымды  келер  мерейтойымен 
қҧттықтап,  әрқашан  тіршілікте,  еңбекте,  ғылымда  биік  жетістіктерге  жетуін, 
мақсаттарының әрдайым орындалуын тілеймін.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  анализируется  холистическая  особенность  психологических 
концепций доктора психологических наук, профессора Х.Т. Шерьяздановой. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Мақалада  психология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Х.Т. 
Шерьязданованың  психологиялық  тҧжырымдамаларының  холистикалық 
ерекшеліктері талданады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет