Қойшыбай Б. Құрал Н. Жақсыбек Ә. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға бастауыш сыныпта математикалық білімдерді қалыптастыру әдістемесі»


Мүмкіндігі шектеулі балаларға көбейту және бөлу амалдарын үйрету әдістері



бет13/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#144566
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
2.5 Мүмкіндігі шектеулі балаларға көбейту және бөлу амалдарын үйрету әдістері.

Оқушыларға көбейту амалдарының негізгі идеясын түсіндіру үшін мына ақпаратты жеткізу керек:


n m көбейтіндісі дегеніміз n+n+...+n тең сан: n m = n + n +...+ n (m-рет қостық). Мысалы 4 2 = 4 + 4 = 8, 3 4 = 3 + 3 + 3 + 3 = 12
Бұл ақпаратты түсіндіру кезінде көрнекілік құралдарды қолдану ұсынылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көбейту амалдарын үйрету кезінде бір әдіспен ғана шектелуге болмайды. Әр баланың қабылдауы әртүрлі екендігін ескере отырып, оларға онға дейінгі сандарды көбейтудің төмендегідей әртүрлі кестелерін ұсынуға болады:





1 санын көбейту кестесін оқыту кезінде 0 мен 1 сандарының қасиетін қолдана отырып түсіндіру.
Кез-келген санды 1 ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
1*1=2. 1*7=7
1*2=2. 1*8=8
1*3=3. 1*9=9
Кез-келген санды 0 ге көбейткенде 0 санының өзі шығатындығын,0 санының жоқ пен теңестірілетінін еске түсіру керек.
2*0=0. 5*0=0
3*0=0. 6*0=0
4*0=0. 7*0=0
9 санын оқыту кезінде ұсақ маториканы дамытуға арналған “тоғыздық”әдісі арқылы балалармен жұмыс жасауға болады. Ғылыми түсінікте бұл әдісті менталды арифметикада қолданылады.
9*2=18
9*3=27
9*4=36
Мәселен , 9*3 амалын орындау кезінде саусақтарымызды пайдалана отырып мынадай әрекеттерді орындауға болады.


Балаларға 10 саусағын ашу ұсынылады.
1 – қадам

Бала 3 санына көбейтіп тұрғандықтан сол жақтан бастап санағандағы қолының 3-ші саусағын бүгеді.


2 – қадам
Бүгілген саусықтың сол жағындағы саусақтар санын ондық ретінде оң жағындағы саусақтар санын бірлік ретінде түсінеді. Алайда балаға күрделі болмас үшін алдымен мұғалім оны визуалды түрде балаға көрсету керек.
3 – қадам

Бала осы реттелікте орындау арқылы көбейту амалының мәнін алады.


4 – қадам




Көбейту кестесін үйренгеннен кейін балаларға бөлу амалын толыққанды үйрете аламыз. Бөлу амалын үйретудегі ұтымды әдістер төменде қарастырылды . 5 санына көбейту амалдары қандай оңай болса, бес санына бөлу де соншалықты оңай үйретуге болады.

Алдымен тақтаға ондық сандардың тізбегі төмендегідей реттілікпен жазылады:


10 : 5 =
20 : 5 =


30 : 5 =
40 : 5 =
50 : 5 =
60 : 5 =
70 : 5 =
80 : 5 =
90 : 5 =
Балаларға 0 санын жазбаша сызып алып тастау көрсетіледі.
3 : 5 =

Содан кейін бөлінгіштің қалған санын 2-ге көбейту көрсетіледі.


3 : 5 =
3 2 = 6
Осылайша бала 30 санын 5-ке бөлгенде 6 саны шығатынын түсінеді.
Бұл әдісті балаға визуалды түрде түсіндіру баланың қабылдауын жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет