Қойшыбай Б. Құрал Н. Жақсыбек Ә. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға бастауыш сыныпта математикалық білімдерді қалыптастыру әдістемесі»


Мүмкіндігі шектеулі балаларға сандарды салыстыруды үйретуге көмектесетін әдістер



бет12/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#144566
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
2.3 Мүмкіндігі шектеулі балаларға сандарды салыстыруды үйретуге көмектесетін әдістер

Балаларға таза парақ алып, бір қатарға 5 қызыл түсті таяқшаны тізбектеп орналастыру ұсынылады.


/////
Және астыңғы қатарға 3 көк түсті таяқшаны тізбектеп орналастырады.
/////
///
Содан соң балаларға жоғарғы қатардағы таяқшалар саны астыңғы таяқшаға қарағанда көбірек екені түсіндіріледі. Балаға осылай таяқшаларды бірінің астына бірін қойып көрсету арқылы 5 таяқшаның 3 таяқшадан артық екенін ұғындыру оңайырақ болады.
Балаларғы салыстыруға қолданылатын беліглерді үйрену үшін келесідей көрнекілік қолданылады.



Балаларға салыстыруды толығырақ меңгерту үшін төмендегідей көрнекіліктер пайдалануға болады:


    1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға өлшем бірліктерін ұғындыруға көмектесетін әдістер




Атаулары

Өлшем бірліктері

Тақырыпты үйретуге арналған әдістер

Ұзындық өлшем бірліктері

мм, см, дм, м, км

Оқушыларға ұзындық ұғымын меңгерту кезінде құрастырғыш текшелер мен ойыншықтарды пайдалануға болады. Балаларға әр ойыншықтың ұзындығы әртүрлі екені айтылып, оларға бұны түсіндіру үшін әр ойыншықтың ұзындығына сай құрастырғаш текшелерді тізіп қою ұсынылады. Одан кейін әр ойыншыққа сәйкес қойылған құрастырғыш текшені санап шығады. Соңында олар бұл нәтижелерді салыстырады. Осылайша, оқушыларда ұзындық ұғымын қалыптастыруға болады.

Сынып шкафтарының,тақтаның, ойын алаңының жабдықтарының және т.б. ұзындығын аяқпен өлшеу арқылы көрсетуге болады.

Уақыт

сек, мин, сағ, тәулік, ай, жыл, ғасыр

Уақытты түсіндіру үшін кішкентай құм сағатын немесе таймерді пайдалануға болады.
60 секунд бір минутты құрайтынын түсіндіру керек. Балаларға секундтар мен минуттар арасындағы сәйкестіктерді үйрету арқылы 60-қа дейін санауға мүмкіндік беруге болады.
Содан кейін 60 минут бір сағатқа тең екендігі түсіндіріледі. Балаларға әр минуттың жалпы уақытқа қалай қосылатынын көрнекі түрде көрсету үшін үлкен, түрлі-түсті беттері бар үлкен сағаттарды пайдаланылады.




Масса

г, кг, ц, т

Масса ұғымын түсіндіруде салмақты өлшеуге арналған таразыларды қолданып, балаға ауыр және жеңіл деген ұғымды түсіндіруге болады.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет