Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет54/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
ОРЫСТЫҢ СҰЛУЫ
Мен Жуанышбайдың үйінде жүріп жаттым. Ең кемінде, ұрлыққа
жұмасында бір аттанып келетін Сұраған маған «жүр» дей қоймайды, «мен
барайын» дей қоймаймын. Оның аттанып келген сайын маған айтатыны:
«Ұрлықтың малын көрсең де, көрмеген бол, біреу қысып сұраса да айтпа,
тіпті, ұрса да, қамап қойса да білмеймін, дегеннен басқаны білме. Егер
білем десең-ақ, Жуанышбай сені бауыздап тастайды».
Солайша сақтандырғанмен «білесің бе?» деп ешкім сұрамайды да,
ешкімге «білемін» демеймін де.
Сұраған үйінің аз ғана малын күтетін — менмін. Ол, əрине, өте аз
жұмыс. Сондықтан Сұраған бір күні маған:
— Менің мына Хамитым мен қызымды, Жуанышбайдың Айтжан дейтін
кіші қызың жəне осы қалада тұратын жатақтардың балаларын қосып,
мұсылманша тілін сындыр, өзіңе де, балаларға да ермек болсын, — деген.
Мен оны істегем де. Бірақ ол да қиын жұмыс емес. Жан қинап оқытатын
сабақ бар ма, менде?.. «Əліп, би, ти...» дің қанша ауырлығы бар...
Соңғы бірер жылда ұмытып кеткен орыс қаласының тұрмысына мен
тағы да көндіге бастадым... Маған ол тағы да ауылдан қызығырақ сияқтана
бастады. Мені, əсіресе, жастардың вечеринкасы қызықтырады. Қаланың
қай түкпірінде вечеринка жасалса да, мен қалмаймын.
Ол кездегі орыс поселкелерінің жастары, екі партия болады, олар
жанжалсыз жүрмейді, сондағы себебі, — қыздарды қызғану... Бір
«партияның» қимас қызы екінші «партияның» жігітіне көз салса-ақ, аңду
да, жанжал да, төбелес те осыдан тұтанады. Мең əрине ешбір «партияда»
жоқпын, дегенмен мен тұратын көшенің қарсы «партиясының» кей
жігіттері мені де сабап қояды. Мен оны да елең қылмай, ойыннан ойынға
жорта берем.
Бұл күні өз көшеммен келе жатыр ем, алдымнан өзіме мəлім сырнайшы
Миша кездесе кетті.
— Киргизенок! — деді ол мені тоқтатып, — сен көлдің жағасындағы
төрт бөлмелі жаңа қарағай үйді білесің бе?
— Білем: Фелимон Семеновичтің үйі.
— Сол үйдің қызы Катеринаны білемісің?
— Білем, білем! — дедім есіме түсе кетіп.


— Сені сол үйге жұмсасам барасың ба?
— Не үшін?
— Қызға мен қағаз жазып берейін.
— Бармаймын, — дедім мен ерініп.
— Ақша берем, үш сом! — деп Миша қағаз ақша көрсетті.
— Ақшаңның керегі жоқ.
— Енді не?
Үндемедім.
— Aha, — деді ол аз ойланып, — білдім... өкпең бар менде... Сен
əнеугүні Клевканың (Тілеукені орыстар Клевка дейтін) үйінде сырнай
үйрет деп маған жалынып ең ғой?..
— Ия...
— Онда мен саған үйретпеген ем, бұдан былай сырнай үйретейін.
— Онда апарам! — дедім мен.
Мишка Анохин кедей жігіт. Оның кішкене избушкасы Қорғанскийдің
шеткі бір көшесінің орталығында тұрады. Үйінде өзінен басқа жаны —
қартаңдау жалғыз шешесі. Жалғыз сиыр, жалғыз аттан басқа малы жоқ.
Жасы со кезде жиырмадан аз-ақ асқан, орта бойлы, көркем кескінді ол,
бармақ біткеннің сырнайшысы.
Бұл оған менің ғана берер бағам емес, бүкіл жатақтардың, асса — бүкіл
станицаның беретін бағасы. Мишкасыз ешбір вечеринканың сəні келмейді,
əр жерде болып жататын вечеринкаларға жастар оны таласып шақырады.
Қыз ұзатар, келін түсірер сияқты тойлардың бəріне ол шақырылады. Қала
жастарының «партиясында» оның жұмысы жоқ. Ол ешкіммен төбелеспейді
де, жанжалдаспайды да. Жанжалы бар жерге жоламайды, өзі жүрген
жерден жанжал шықса қашып кетеді. Залалы жоқ оған, ешбір «партияның»
адамы соқтықпайды...
Ал, Катерина кім?
Оның əкесі Фелимон Семенович Белоусов бұл станицаның байының
жəне ең мықтысының бірі. Тұқымы өскен ол, жиналыстарда да, жеке
өмірінде де өктем сқйлейді, кейде жұдырық сала сөйлеседі. Біреулердің
айтуынша, оның бір баласы генерал жəне большевиктерге қарсы адамның
бірі. Ол қазір «үлкен» қызметте, Фелимон жатақтардың айтуынша, со
баласын арқа тұтып, станицада тіпті өктем боп алды.


Катерина, Фелимонның ең кіші қызы деседі. Бүкіл станицаның аузында
«ай десе аузы, күн десе көзі бар» қыз осы. Бірақ, неге екенін кім білсін, өзге
қыздардай ол көшеге көп шықпайды, вечеринкаларға көп қатынаспайды.
Жатақтардың айтуынша, бұл қыз Қорған қаласында «кемназия» деген
оқуды бітіріп, одан əрі оқуға кеткелі жүргенде, патша түсу салдарынан,
баратын оқуы жабылып қапты, содан былтырдан бері үйінде.
Орыстың қызына біреудің күн бұрын құда түспейтіні белгілі, дегенмен,
жатақтардың айтуынша, Стаптың (Пресногорьковка) бір шонжары құда
болған екен күйеу жігіт, патша түсу əлегімен əскерге алынып, қазір
алыстағы бір қалада ақтың əпесері (офицер) болатын оқуда дейді...
Станица жігіттері мен қыздарының айтуынша, Катерина ол күйеуін
емес, сырнайшы Мишаны сүйеді, соны əке-шешесі біледі де, жолықтырмау
мақсатымен үйінен шығармайды...
Жұрт мақтаған кісіні көруге кім құмартпайды?.. Катеринаны көруге
құмартқаныммен, үйіне батып бара алмай, қойғам, өйткені, жатақтардың
айтуынша, Фелимон аты «қазақты» жек көреді, маңайына барса «пошел к
черту, орда!..» деп қуып шығады...
Көрмеген қызғылыққа құмарта түсу — адамның əдеті... Мен де
Катеринаны көруге құмарта түсем... Бірақ сəті келмейді...
Бір күні оның да сəті келе қалды... Сұраған үйінің жұмсауымен, өгізге
жеккен арбамен көлден бөшкемен су алып келе жатсам, мен жүрген көшені
бойлап, үстінде белін бүрген тоны, басында гүлді кəріс шəлісі, аяғында
қара пимасы бар, сұңғақ бойлы, қыпша белді талдырмаш денелі бір əйел
қарсы келеді...
Мұндай сəнді қынамал тон киетін адамды Қорғанскийде жөнді
көрмегендіктен, мен оған көзімді алыстан тігіп келем..
Мезгіл — салқын күз. Жер алдақашан тобарсып қалған. Ара-тұра жауған
қар, күн райының жылылығынан күн сайын еріп кетіп, қара қатқақтау боп
тұрған. Күннің сондай райын бірер күннен бері ширап, түнде түскен боз
қырау ашық жерде ғана күн түске тармаса еріп, көлеңке жерде ағарып
жатқан... Желдің лебі шымырлай, суыта түскен... Бүгін таңертең
қапалақтаған қар, мен көлден су алып қайтқанда қалыңдай жауып,
миллиондаған кіршіксіз ақ жұлдыздарын қоюлата аспаннан сеуіп тұрған...
Маған қарсы жүрген əйел, осы қапалақтаған қардың ішімен келді... Міне
ол жақындап та қалды... Енді ол маған адам емес, ертегілерде ғана
кездесетін сиқырлы (волшебная) қыз сияқтанып кетті: қапалақтай жауған
қардың қалың жұлдыздары, оның алдына құрған сиқырлы шымылдықтай
желпінеді... Соған сүңгіп келе жатқан қыздың салқын ауаға қызарған беті,
— қызыл роза гүліндей құлпырады... салқын бетке үймелей қонған қардың


жұлдыздары, бояуын шайғысы келмегендей сырғанап төмен жылжиды,
олардың орнын жаңа жұлдыздар басады... тек қана, қайқая біткен ұзын
сары кірпіктің үстіне қонған жұлдыздар тоқырап, ұшатын көбелектей желге
желпінеді... Кірпіктердің арасынан қараған үлкен көгілдір көздер, кіршіксіз
көк кəукер, тасындай мөлдірейді... Кішкене ауыздың жұқа еріндері қып-
қызыл шоқтай жайнайды...
О, тамаша, мұндай да көрікті келбет бітеді екен-ау адамға!..
Мен тұра қап таңданғанша, қыз өтіп кетті... Енді сыртынан қарап
тұрмын: пысық басқан тіп-тік табаны кішкене аяқ... Бүрмелі бел тоннан
мықындылау көрінгенмен, денесінің талдырмаштығына қылдырықтай
қыпша белі куə боп тұр... Кеуде тұсы кесек те емес, қушық та емес, лашын
төсі сияқты, бəлкім ғана дөңестеу, кеңдеу біткен...
Жасаған-ау, мұндай да сұлу дене болады екен ғой!..
Бұл кім?.. Осы ма Катерина?.. Осы болу керек!..
Көлденең келген баладан сұрастырсам, — Катерина Белоусова осы
екен!.. О, жасаған, мұны құшқан жігітте де арман бар ма екен?..
Енді, міне, сырнайшы Миша, сол сұлуға хат апар деп отыр маған... Мен
оның жұмсауына барар ма, бармас па ем, егер, кескінін өңім емес түсімде
ғана көргендей Катерина болмаса!.. Сырнай жəй сылтауым, Катеринаны
анықтап бір көру, маған сырнай үйренуге құмартудан əлдеқайда артық...
Мишаның жұмсауына мен сондықтан ризаластым...
Миша мені арқаға қақты да, жақын үйдің біреуіне кіріп шайдың
қағазына қарындашпен бірдемелерді жазып берді.
— Үйінде кісі болса, — деді Миша, — босағада тұрып көзіңді қыс та
шығып кет, артыңнан ол да ере шығар, оңаша болса, қолма-қол апарып бер,
хат береді, қайтып кел.
— Жақсы.
Қарағай үйдің маңайы биік күртік қар екен. Қар үстінде бір топ ақ қаз
жатыр. Қаздарды шулатып қақпаға, одан ағаш үйдің сенегіне кіре
бергенімде, құлағыма əйелдің күмістей сыңғырлаған тəтті əні шалына
қалды. Одан əрі аттасам, əйелдің əдемі əніне бөгет жасайтындай көріп, сол
арада қалшиып қаттым да қалдым. Тəтті əн құлақты қытықтап, тұла
бойымды шымырлатып барады.
Бұл — орыс халқының атақты «Златые горы» аталатын сұлу əні. Сөзін
шалағай білгенмен ол, əнді үйреніп ап, «лəйла-лəйла» мен тынымсыз айтып
жүретінмін жəне өлердей сүйетінмін. Мына қыздың айтуы, былай да аса
көркем, аса тəтті əнді тіпті дəмдендіріп жіберіп, мен елтідім де қалдым...


Сол кезде қайдан келгенін білмеймін, артымда бірдеме күрілдегенге
қарасам, төрт көз, сары мойнақ, алпамсадай қара ит келе жатыр, асығып
үйге кіріп кеттім...
Үйден көзіме алғаш шалынған: аршыған жұмыртқадай аппақ бетті,
кіршіксіз ашық аспандай көк көзді, қайқылау ұзын сары кірпікті, иығынан
төмен түсіре жайған толқынды сары шашты, əдемі қыр мұрынды,
қаймыжықтай жұқа ерінді, төстек кеуделі, кең иықты, тар мықынды, сұңғақ
бойлы Катерина, терезе алдында түрегеп, кесте шегіп əн айтып тұр, үстінде
белін бүргең етегі жалаңаш, аяғының тақымынан жоғары шыққан, ұзын
жеңді қызғылт көйлек, алдында кестелі ақ кенеп алжапқыш...
Қыз əнін доғармастан, жұмысын тоқтатпастан, «бұл кім? Қайдан?»
дегендей маған қадала қарай қалды. Оның көзі жүрегіме отын бүркіп,
бойымды жалындатып барады. Мен үндемей пешке сүйеніп қаттым да
қалдым.
— Неге келдің? — деді Катерина аздан кейін.
— Мишадан! — деп қойнымдағы қағазды суыра бергенде, «жарамайды»
дегендей Катерина ернін тістеп, қабағын шытты. Со кезде жоғарғы
наполаттан
85 
аюдай күркіреген бір дауыс:
— Бұл кім? —деді.
«Қағазды пештің тақтайына қыстыр да, өзің тез шық!» деген қыздың
ойын ымынан байқап, соны істей бергенімде:
— Шық! — деп ақырды əлгі зор дауыс. Қарасам, наполаттан өзім
танитын қаба буырыл сақалды, семіз зор денелі Фелимон шал түсіп
келеді... Шыға жөнелдім. Жүгіре басып қақпадан шықтым. Төрт көз ит
етегімнен алып тартып еді, еңгезердей Фелимон қуып келе жатқандай сезім
пайда боп, оны да елегем жоқ...
Катеринаның Мишаны сүйетіндігіне менің көзім, олардың арасына
жеңгетай боп жүріп, еркін жетті. Бірақ Миша қызын сұрап əкесіне кісі сала
алмайды, қыз əкесінен асып тием дей алмайды, сондықтан екеуі де əуре-
сарсаң.
Үйдің төбе жағына жату үшін орнатқан тақтай.
Бір күні Мишадан Катеринаға хат апарып беріп, үйге келе жатыр ем,
жолда Жуанышбай кездесті.
— Біздікіне жүр, бала! — деді ол.
Бармаймын дей алмадым, — қорқам. Қатарласып еріп келем, қасқырша
қарап, көзі өңменімнен өтіп барады!.. Үйіне кірдік.


— Сен бала, — деді ол, — Миша мен Катеринаның арасына сөз тасиды
дейді ғой?
— Жоқ, ағатай!
— Былшылдама! Білем. Кімді алдайсың? Алдасаң жағыңды ұсатам.
Одан да шыныңды айт!
Жуанышбай қадалып қоймаған соң шынымды айтып қойдым... Сол күні
— күн жексенбі еді. Қаланың ортасындағы кішірек ағаш шіркеуде намаз
жүріп жатыр. Катерина мен Мишаның бүгін табысатын жері — осы шіркеу.
Сол жəйді менен сұрап білген Жуанышбай:
— Енді бара бер, бала, — деді маған зілді кескінмен қарап, — бірақ
менімен сөйлестім деп ешкімге тісіңнен шығарма!
Бұл зілден секем алып, Миша мен Катеринаны сақтандырмақ боп
шіркеуге барсам, олар сонда екен. Өгіздей өкіріп, шіркеудің төрінде поп
тұр, жұрт жел соққан қамыстай жапырылып жығылып жатыр. Солардың
арасындағы Миша мен Катерина бір-біріне көз астымен жымиып қояды.
Оларды сақтандырайын десем, қайдан келгенін білмеймін, қасымда
Жуанышбай тұр. Оның көгілдір үлкен көзі, жымыңдасқан жастарды тесіп
барады... Шіркеуден жұрт тарай бастағанда, маған ере шыққан
Жуанышбай:
— Бізге қарсы жақтың бүгінгі вечеринкасы қайда болатынын білдің бе?
— деді маған.
— Білдім, — деп мен жөнін айттым да, — жай сұрадыңыз ба? — дедім.
— Онда не ақың бар! — деп Жуанышбай маған ақырып тастады.
Сол кезде шіркеуден ұбақ-шұбақ шығып жатқандардың ішінен Миша
мен Катерина да көрінді. Бірақ екеуі бөліне, араларын алшақтай шықты.
Жуанышбай көпшілікке тасалана қарап тұрғанда, олар бір-біріне
күлімсірей басын изеді де, əрқайсысы өз үй жағына беттеді.
— Жүр, бала! — деді сол кезде Жуанышбай маған, өзі үйіне беттей
беріп. Қасына ерген менімен аз уақыт тым-тырыс қатарласып жүргеннен
кейін:
— Бар үйіңе! — деді ол. Сұраған үйін маңайлап келгенде, — Миша
жаққа жолаушы болма, егер жоласаң сирағыңды қырқам...
Екеуміз айырылдық. Мишаға əлдене қауіп барын ішім сезді, бірақ не
қауіп екенін ойлаймын да шамалай алмаймын...
Мен асымды ішіп, іңірде тысқа шықсам, күн желдетіп, борандау боп тұр
екен қаз-қатар салынған үйлерінің елесі ғана бұлдырап əрең көрінеді...


Сол кезде қаланың жел жақ басынан, əлдеқайдан құлағыма қаңқылдаған
қаздың дауысындай сырнайдың үні сап ете түсті. Қараңғы аспанның,
биігіне қалықтап шығып, жоғарыдан төмен төгілгендей болған сырнайдың
ашық үні, қалғыған қаланы өзінің сиқырлы құшағына алғандай болды.
Сырнайдың тілін басқан саусақ та, көрігін созған құлаш та бұрынғысынан
бүгін 
əлдеқайда 
екпінді 
сияқты. 
Сырнайшының 
шат 
сезімін
қошеметтегендей, желді желпіген бір ашық дауыс:
«Моя милка в том краю, да
Пойду попроведаю» —
деп əнін сырнайға қосады, енді біреу соларға бөгет дүниені жолдан
үркіте қуғандай, күшті деммен ысқырады.... Шіркін, орыс жастарының осы
бір əн-күйі тасыған кезі көркем-ау!..
Жуанышбай «үйіңнен шықпа!» дегенмен, мынадай сырнайлы, əнді
кеште, мен үйімде қалайша тиыш жатпақпын!..
Қараңғы түнде əн-күйге толған көше жаққа желіккен көңіл мені
жетектей жөнелді, боранды түнге мен сүңгіп кете бардым...
Вечеринкаға бозбалалар жалдаған үй шымнан қаланған, сəкісіз избушка
болатын. Жұрт жиналды. Ортада сырнайын қаңқылдатып Миша отыр. Қыз-
бозбала опыр-топыр билеп жатыр. Биге араласпай, жіңішке саусақты ақ
білегін Мишаның иығына сүйеп, көзін анда-санда Мишаға төңкере,
еркелей қарап Катерина тұр. Биге шақырған бозбалаға ол ермейді.
— Менің де билегім келді, — деп Миша сырнайды басқа біреуге
ұстатып, Катеринаны шақырып еді, ол бас тартпады, екеуі билей жөнелді.
Мишаның билеуін көруім осы еді. Оның аяқтары зырылдауықтай
үйріліп, денесі үйрек ілетін лашындай төңкеріледі. Катерина да лашынға
ілдірмейтін үйректей жүз жалтарып, мың үйіріледі. Өзге жұрт, сол кезде,
билеуін доғарып, Миша мен Катеринаға көздерін көміп, күлімдеді де
тұрды...
Осы кезде артында бір топ бозбала бар, көзі топты біздей түйреп, үйге
Жуанышбай кіріп келді де, Мишаға жұдырықты жаудыра бастады...
Басталды, төбелес!.. Үй іші апыр-топыр!.. Айғай-ұйғай!
Есік шалқасынан қалды. Шам сөнді. Терезе қирады. Қараңғыда біреу
ырсылдайды, біреу ойбайлайды, біреу жылайды. Солардың ішінде
Жуанышбайдың:
— Өлтір! — деген өткір даусы құлақта қағылған темірдей
шыңылдайды...
Төбелесушілер жөңкіліп далаға шығысты. Екі-үш рет тарс-тұрс мылтық


атылды. Əлдекімдер бас сауғалап тырым-тырағай қашып барады.
Əлдекімді біреулер жығып сап сабап жатыр.
— Жібер енді, босат! — деді біреу бір кезде, — өліп кетер!
— Өлсін!..
Сабалған адам қылғынғандай қырылдады.
— Өлтірме, босат! — деді екі-үш дауыс.
Айырды ма, əлде өзі босатты ма, шоғыр топ сөгіле кейін шегінгенде,
біреу қардың үстінде сұлап қала берді.
— Миша! — деді біреулер.
— Өлді ол! — десті əркімдер...
— Жібер! — деп жұлқынған біреуді бірнеше кісі ұстап тұр. Үңіліп
қарасам, Жуанышбай!.. Ентіге демін зорға алады...
— Жібер! — дейді топтан тағы біреу.
Оған қарасам, Антошкенің бүкір Жəшкесі. Ол өзін жібер деп тұрған жоқ,
Жуанышбайды жібер деп тұр екен.
— Кеңірдегі қолыма ілігіп еді, — дейді Жуанышбай бұлқына, ызалана
түсіп, — өлтіретін ем, неге айырдыңдар!..
Сұлап жатқан ыңырсыды да, тынысын кеңіткісі келгендей өз жағасын
өзі керіп айырды. Со кезде оның да маңына əлденеше адам үйріліп қалды,
Жуанышбай мен Жəшкені де əлдекімдер итермелеп алып кетті.
Артынан білсек, Жəшке мен Жуанышбай Мишаны осы жолы өлтіруге
келген екен сондағы айыбы — Катеринаның Мишаны сүюі... Оған қызатын
себептері, — Катеринаны алмақ болған офицер Жəшке Лопахиннің
апасынан туған жиені екен.
Бірақ бандылардың жұмсаған жұдырығы мен атқан мылтықтары
сүйіскен екі жүрекке бөгет бола алған жоқ.
Кешікпей, Миша мен Катерина бір түнде жоғалып шықты.
— Алып қашты!.. Қапы қалдық! — деп өкіністі олардың жаулары.
Артынан естісек, олар большевиктер билеп тұрған жаққа шығып кетіпті...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет