КҮНДЕСТІК
Жуанағаштың, жайлауы «Тоқтаның қайраң көлі» деген жерде. Беті
қамыссыз жалтыр, аумағы ат шаптырарлық кең, теріскей жағы саздау
тайыз, күнгей жағы жарқабақтана біткен құмқайрақ, бұл көлді Жəңгісі
Самайдың жеті-сегіз ауылы жағалай отырады. Көлдің қай беткейін алсаң,
малдың кең өрісі жəне жоңышқасы мен жусаны аралас шығатын, ащылы-
тұщылы қалың от.
1917 жылдың жазында, Жуанағашқа еріп, жайлауға мен де шықтым.
Кəсібім, əрине, баяғы — бала оқыту.
— Сені бір кісі шақырады, — деді бір күні маған, Досмағамбеттің
Далабай асырап алған інісі, менің құрдасым Əлмақан кеп.
— Кім?
— Шəліңкенің Қанапиясының баласы.
— Қайда ол? — дедім қуаныштан жүрегім тулай соққан мен.
— Кіші ағам үйінде.
Кіші ағасы — Итікей. Балаларды тараттым да, Баймағамбетке жөнелдім
мен. Басына целиндр қалпақ, үстіне барқыт жағалы пальто, аяғына шебелет
киген ол, Итікей үйінің алдында Досмағамбетпен кеңесіп, əлденеге екеуі
күлісіп тұр екен. Амандықтан кейін:
— Доса, — деді Баймағамбет, Досмағамбетке, — күн ыстықтау екен
көлге барып суға түсіп келеміз бе, əлде?
— Мен ерініп тұрмын, — деді Досмағамбет, — қымызды көбірек ішіп
жіберсем керек, қарным сыздап жүре алмай тұрмын. Ет. піскенше аздап
қалғып алсам ба деймін. Сəпкең екеуің қыдырып келіңдер, ет піскенше!
— Сөйтсек сөйтейік — деп Баймағамбет пальтосын шешіп
Досмағамбетке берді де, екеуміз қолтықтасып көлге қарай кеттік. Қыс
ортасынан бері хабарласпауына мен өкпе айтып ем:
— Оның, жөн ғой, бірақ... — деп бастап, Баймағамбет, неге хат. жазбаған
себебін айтты.
— Шынында, мен сені аяймын, — деді ол, — өз жағдайын біраз айтып
ап, — ауыр халіңе жаным ашиды, бірақ қолымнан келері жоқ...
Саяси хал туралы бірінші мəліметті мен содан алдым. Оның, айтуынша:
патша түскенмен, өкімет билігі капиталистер мен помещиктердің қолында
екен. «Капиталист», «помещик» деген сөздерді мен алғаш содан есітіп,
мағынасына содан түсіндім. «Большевик», «меньшевик» деген сөздермен
де мені алғаш сол таныстырды. Қазақ оқығандары «Алашорда» атты өкімет
құру ниетінде жүргенін де маған сол айтты. Патшаны кім түсіргенін, одан
кейін не халдер болып жатқанын мен енді ғана түсіне бастадым...
Баймағамбет маған «Туғаныма» деген өлеңін оқып берді: 1917 жылы, 8
мартта жазған екен.
«Туғаным, шағың жетті қарап жатпас,
Бетіңе қарсы келіп ешкім қақпас
Жігерің құм боп мұқап жүруші едің,
Қаймықпай аяғыңды енді нық бас!» —
деп басталатын бес шумақты бұл өлеңде Баймағамбет февраль
революциясын халықтың шын бостандығы деп түсініп, халықтың
серпілуіне ұраншылық пікір айтқан екен.
Февраль революциясына алғаш солай қарағанмен, кейін Баймағамбет
біраз суынып қалған сияқты. Мен оған Шəймерденнің «хұррият» туралы
пікірін айтып ем:
— Рас та болмаса, не қылсын сол сөз! — деді Баймағамбет тұнжырап, —
патша түскенмен, елдегі патшасымақтардың тағында отырғаны рас.
Жалпы саяси халды ол ауырлатып айтты.
— Іс мұнымен тынбауы мүмкін — деді ол. — Соғыстан қайтқан
солдаттардың сөзіне қарағанда, саяси хал бұдан өзгере ме деп ойлаймын.
Мемлекет ішінде байлар мен кедейлер т.абының өзара соғысы бола ма деп
жорамалдаймын.
— Маған, не істеу керек? — деген сұрауыма, Баймағамбеттен көңіл
толарлық жауап ала алмадым.
Мұндай сұрауды берген себебім: шамамды байқасам, бұдан əрі бала
оқыта алатын жəйім жоқ; қалай оқытам? Тілі қазақша не түркіше кітаптың
қарасын ғана жүргізгенім болмаса, мағынасына түсінбеймін, жазуға
шалағаймын, ғылымнан хабарым жоқ. Сондықтан енді «бала молда» боп
жүруде ешбір мағына жоқ сияқты, олай болу құр əурешілік сияқты, босқа
əурешіліктен кетіп, қолдан келетін бір іске жармасу қажет сияқты. Ол,
əрине, — не оқуға кету, не қара жұмысқа түсу...
Оқу жəйін ақылдасқанда:
— Оны күзге қарай ойланбасаң, қазір реті жоқ қой, — деді Баймағамбет.
— Бірер ай бола тұр осы ауылда. Өзара хабарласып тұрайық. Күзге қарай
оқудың реті кеп қалуы мүмкін. Мүмкін, бірге кетерміз...
Баймағамбет екеуміз осыған келіскен болдық.
«Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, тұрмыстың талқысы
мені Баймағамбетке берген уəдемді орындауға жеткізбеді.
Жуанағашта Сəмеке дейтін ауқатты адам болған. Мен бұл ауылға келер
күздің алдында Сəмеке əліп, артында жесір əйелі Ымшан, момын інісі
Жақа, алжыған шешесі Жармыш қалған. Бір қыздан басқа баласы болмаған.
Баймағамбет кеткеннен кейін ораза айы басталды да, туысқандары
Сəмекеге хатым
80
оқытуға жиналды.
Керей атаулыдан елде хатым оқитын жалғыз ғана адам табылды, ол —
баяғыда, Жаманшұбарда кішкене молдадан менімен бірге оқитын соқыр
бала — Рымбайдың Исақметі. Құранды кішкене молдадан мен бар кезде
оқып жаттап алған Исақмет, менен кейін көршілес Жамантымақ деген
елдегі мұсылманша мол оқуы бар Кəрібай хажы деген кісіден оқыпты да
«қари» деген ат алыпты.
Жаманшұбарда Сəмекенің құдасы Молдақмет бары бізге мəлім. Хатым
оқытуға талаптанғандар, Молдақметке «Қариды алып біздің ауылға келсін,
хатым оқытайық» деп хабар айтады. Молдақмет «саба артып, аза байлап»
деген сияқты жол-жорасын қоса, қасына қариды, Ботжан молданы жəне
біраз кісілерді ертіп, ораза айы орталана Жуанағашқа келіп қалды.
Маған өзгенің емес, Исақметтің келгені қуаныш болды, себебі, өзгеге
«қари» болғанмен, ол маған «қари» емес, маған ол күні кеше өзім жетектеп
жүретін соқыр бала... оның əкесі Рымбай да, менің əкем Мұқандай,
«қойдан қоңыр, қозыдан жуас» жəне бар өмірін жұмыспен өткізген еңбекті
адам... Сабақты Исақмет екеуміз бірге оқығамыз... Кішкене молданың
дүресін екеуміз бірге жегеміз... Оның үйі болғанмен, көзі жоқ... Менің
көзім болғанмен, үйім жоқ... Сондықтан менен үш-төрт жас үлкен
болғанмен, екеуміз сырлас, мұңдаспыз да, жан аяспас доспыз да...
Сондай доспен төрт-бес жыл айрылып тұрып, енді көрсем жəне ел
қадірлейтін жағдайда көрсем, оған мен қалайша қуанбаспын!.. Дəрежесі
өскенмен оның баяғы бауырмал, аяғыш, жұқа мінезі əлі де со қалпында
екен. Менімен солай сөйлескен оны байқап көрсем, көзім болғанмен, одан
əлдеқайда артта қалып қойған сияқтымын. Ең алдымен ол білім жағынан
менен əлдеқайда озып кеткен сияқты. Соз түріне қарасам, Кəрібай хажыдан
ол «құранды» тəжуиттің хүкімімен əндетіп дұрыс оқуды үйренуі былай
тұрсын, бұрын білмейтін араб тілін де жап-жақсы үйреніп апты. Сонымен
қатар, жағрафия, химия, физика, есеп сияқты дүниялық ғылымдардан хабар
алыпты жəне алған хабары қадимша емес, жəдидше. Мысалы: «Екі жерде
екі — төрт, үш жерде екі — алты...» деген сияқты көбейту -амалдарына
жəдид оқуын қолданып цифр орнына əріптерді: «Бабту, бажуаң бадғу,
баһиаң баулабоң базиадон...» деген сияқты сөздерді айтқанда, аузы-аузына
жұқпайды, «сегіз жерде сегіз нешеу? Жеті жерде тоғыз нешеу? Бес жерде
жеті нешеу?» деген сұрауларыңа, кірпік қаққанша жауап береді... Соларына
қарап отырсам, білім жағынан, мен оның тобығынан да келмейтін
сияқтымын!..
Менің оқи алмағаныма ол қатты өкінішін білдірді.
— Бірақ, — деді ол Кəрібай хажының үйіне келетін газеттердің
хабарына қарағанда, «Алаш-орда» атты қазақ өкіметі құрылғалы жатқан
көрінеді ғой. Өкіметті құрушы азаматтар қазақ тіліңде мектеп ашамыз
дейтін көрінеді. Алды кей жерде ашылып та жатыр білем, өйткені біздің
ауылдан Молдағазы, Түбектегі Сибаннан Қақметтің Хамиті, Уақтан
Жоламанның Іскейі мен Қанапияның Баймағамбеті, Нұралыдан Жақыптың,
Баймұраты, тағы біраз жігіттер Омбы жағына, мұғалімдер даярлайтын екі
айлық оқуға жүргелі жатыр деп естідім. Сен одан кеш қалдың. Қыстыгүні
де сондай оқу ашылады деген сөз бар, мүмкін, соған барарсың.
«Оқусыз адам бола алмайсың» деген сөзді біраз үгіттеген қари:
— Əрі жанашыр жақыныңмын, əрі қандас туысыңмын, əрі жасы үлкен
ағаңмын, сондықтан саған ұрсатын да ретім бар, — деп ап, — өлең
шығарады дейді сені, — деп кейіді Исақмет маған, — не ақың бар өлеңде?..
Жəне айтысқа жаның құмар көрінеді. Балықбайда айтысам деп пəлеге
қапсың да, өзіңді сабарманға кеп қуып жіберіпті. Сол пəлеңді осында да
бастапсың. Жаңгісіні де өшіктіріп апсың өзіңе!.. Сабап қуып жібереміз деп
те айтады дейді кейбіреулері... Нең бар еді өйтетін? «Кəріп жолы қайсы»
деп неге тиыш жүрмейсің?.. Кімің бар болысатын?.. Кім көрінгеннен таяқ
жегеннің несі сəн?..
Хатым күндерінде қари мені қасына алып отыратын болды. Хатым
кешке, «тарауых» аталатын намазда оқылады. «Отыз параға» бөлінетін
«құранның» қари сыдырға оқып «таруых» сайын бесеуін бітіріп тастайды.
Жаңылмасам, «тарауық» жиырма бес намаз болу керек. «Хатымды»
араластыра оқығанда, жиырма бес намаз, шамасы төрт, бес сағатқа
созылады. Намаз біткеннен кейін «тасбих» аталатын дұғалығы оқылады.
Мақтанғаным емес, «сүббухан əзіл мүлки уəл малакут» деп өлеңдете
басталатын бұл «тасбихты» əндете айтқанда, тыңдаушымды əн айтқаннан
кем ұйытпайтын едім... Сондықтан жұрт «тасбихты» өзгеге емес, маған
оқыттырады...
Сондай бір - «рахатқа» қарық боп жүрген кезімде, ойда жоқ жанжал
шырқымды бұзды да кетті. Оған себеп мынау болды: ислам дінінің
шариғатында, «хатым» уақытында ғана болмаса, өзге намазда, егер дені cay
молда болмаса, денесінде кемшілігі бар молда имам болуға тиісті емес.
Ендеше күн сайын «хатымнан» басқа оқылатын бес намазда қаридан басқа
біреу имам болуы қажет. Бірақ, кім?
Жəңгісі руындағы қадырлы молда да, имам да Шұғайып. Бірақ оған
намазға имам болуды, қаридың қасында келген Бəтжан молда қиғысы
келмейді.
Осы
жөнде
қырғи-қабақ
қарасып
жүрген
олардың
жанжалдасуыңа мен себеп бола кеттім. «Ауыл итінің құйрығы жуан»
дегендей, Шұғайып молда, Бəтжан молдаға имамдықты билете қоймаған
соң, оңаша бір шыққанда:
— Бала, сен Шұғайып молдаға өлең шығарыпсың, рас па, сол? — деп
сұрады Бəтжан молда.
Өлең шығаруым рас еді. Өткен қыса Мұхаммедиямен арамызда тұтанған
айтыс үстінде, «Шұғайып та оған тілектес» деп Досмағамбет мені
желіктірген де, «оны да бір түйреп от» деп, «материал» берген. Сондағысы
— Шұғайып молданың ағасы Бүбимен араздасып, бір қойын ұрлап сойып,
мешітіне тығып қоюы, оны Бүбидің тауып алуы... Осы жəйді Бəтжанға
айтқанда, ол қуанып кетті де:
— Көзін бадырайтып тұрып, айтсаң қайтеді, осы өлеңді!.. — деді.
Мен қашқалақтап көнбедім. Мені көндіре алмаған Бəтжан бір іңірде
қымыз ішіп қызыңқырап отырып, Шұғайыппен ілінісіп қалды да, мешітке
ұрлықтың етін тыққанын бетіне салық қылды... Сол арада екі молда
жұдырық салысып төбелесіп қалды.
«Кімнен шықты бұл сөз?» деп тексергенде, менен шыққаны мəлім
болды. Содан кейін бүкіл Жəңгісі боп, Жуанағашқа «мына бүліктен құтыл»
деген талап қойды. Ақыры сол жаздың ортасында маған Жуанағаштағы
молдалықты доғаруға тура келді. Бірақ қайда барам?
Баратын жалғыз жерім — апам Ұлтуғанның үйі. Маған жылы
ұшырайтын жалғыз үй сол ғана. Бірақ ол үй бұл жазда ауылында жоқ, қар
еріп жатқанда, орыстың жырағырақ жердегі бір байының егінін салысуға
үй-ішімен көшіп кеткен.
Молдалықтан босаған маған:
— Сен бала, — деді Сансызбай молда, — бір жазша біздің үйге дəмдес
боп шөп шабуға жалдансаң қайтеді?
Дос санайтын адамдарыма ақылдаса кеп, мен осыған көндім. Ақыма ол
сиырдың бір тайыншасын бермек боп, кешегі күні ауылдың «молдасы»,
бүгін үстіне шөпшінің жамаулы кенеп көйлек-дамбалың аяғына сіріден
тіккен шəркесін киіп, иығына шалғысын салып шөпке жөнелді!..
Аз үйлі, шағын ауқатты Жуанағаш ауылының адамдары шөпті бірлесіп
шабады екен. Солардың бəрінің басы қосылғанда, шалғыға түсетіндердің
саны — оннан астам кісі. Қол шалғыға түсетін жастардың өзара бірін бірі
қуа шауып ойнауы — бүкіл пішенші атаулының дағдысы. Сол ойын бізде
де басталды. Мақсат — алдында шалғымен шөп шауып бара жатқан
адамды тықпалай қуып жолынан тайдыру...
Осы ойында, байқаймын, бір жігіт менімен ойнамайтын шындайтын
сияқты. Ол — Қанапия Омар баласы. Жасы сол кезде жиырманы орталаған,
ол əлі үйленбеген жігіт, Мінезі күлдіргі, бойын таза ұстайтын ол, жұмыстан
бос кезінде ептеп бозбалашылық та құрады. Сол жігітпен ел жайлауға жаңа
шыққан кезде жанжалдасып қалдым. Себебін толығырақ баяндайын.
Тоқтаның қайраң көлінің басына Жəңгісінің ауылдары жағалай
қонғаннан
кейін
қыстың
қысымшылығынан
құтылып
жадыраған
жастардың ойын-сауығы басталды. Біздің елде (кейін білсем қазақ
руларының көбінде солай екен) жастардың «хан жақсы ма?» аталатын
ойыны болады. Ойынның тəртібінде
81
жиналған жастар орталарынан
жасамыстау, үйленген бір жігітті «хан», сөзшеңдеу, пысықша бір
келіншекті «ханша» жəне бір жігітті «уəзір» сайлайды.
Ойын далада болсың үйде болсың «хан» ойынға жиналған қыз-
бозбаланы бір-бірден аралас отырғызады. Келіншектер оңаша отырады.
Жастарды солай орналастырғаннан кейін «хан» уəзірін жұмсайды да,
дөңгелене отырған жастардың ішінең бір шетінен бастап қыздың қасына
отырған жігітті хұзырына (əміріне) шақыртып алдырады. Жігітке екі
жағында отырған қыз ере келеді.
Келген жігітке берілетін бұйрық: əуелі ханды мақтап үш ауыз, ханшаны
мақтап үш ауыз, уəзірді мақтап үш ауыз өлең айтады. Содан кейін
қасындағы екі қызды белінен құшақтай көтеріп тұрып, екеуін де мақтап үш
ауыздан өлең айтады. Қыздарды жерге түсіргеннен кейін ылғи жанды
заттардың атын қосып үш ауыз, жансыз заттардың атын қосып үш ауыз
өлең айтады, одан кейін үш ауыз өтірік өлең айтады, ең аяғында үш ауыз
«кер өлең» айтады, яғни соңғы бір ауыз өлеңді соңғы жолынан бастап кейін
қарай айтып шығу. Мысалы:
«Базардан алып келген шай тостаған,
Тар жерде қиын екен əн тастаған
Шешеңнен сені тапқан айналайын,
Бəйгеден келген кердей ойқастаған»,—
деген өлеңді керісінше айтса:
«Бəйгеден келген кердей ойқастаған,
Шешеңнен сені тапқан айналайын,
Тар жерде қиын екен əн тастаған,
Базардан алып келген шай тостаған», —
болып шығады. Сонда ханның бұйрығымен жігіттің барлық айтып
шығатын өлеңі — жиырма төрт ауыз. Солардың, бəрін орындап болғаннан
кейін хан жігіттен «көршілеріңе ризасың ба?» деп сұрайды. Жігіт ризамын
десе, хан уəзірге «ендеше екі жағыңдағы қыздың да аузынан сүй» деп əмір
етеді. Қыздардың ол əмірді орындамауға хақы жоқ.
Егер жігіт «риза емеспін» десе, хан одан қандай қыздың қасына
отырғысы келгенін сұрайды. Таңдайтын қызы бар жігіт ханға жауабын қара
сөзбен емес, өлеңмен қайтарып, неге таңдайтындығын дəлелдеуге тиісті.
Сонда ғана хан жігітке таңдаған қызының қасына отыруға ұлықсат етеді,
таңдауын өлеңмен дəлелдей алмаса, бұрынғы орнында қалып қояды.
Хан бұл ойынға қатынасқан жігіттердің бəрін де кезекпен шақырып,
бірінші жігітке берген бұйрығын береді. Бірақ шарт: бір жігіт айтқан өлеңді
екінші жігіт қайталамайды, əр жігіт тыңнан өлең табуға тиісті. Тыңнан
өлең таба алмаған жігітке қолданатын екі жаза бар: бірі — өлеңнің орнына,
ақша, немесе орамал, айна, тарақ, кисет сияқты зат төлейді, оны төлей алса,
қасында отырған екі қыздың біреуінің аузынан ғана сүйеді; бірі — егер
өлең орнына ақша не зат төлей алмаса «алты қатынның абақтысына»
жібереді, яғни қыздардың арасынан шығарып, келіншектердің арасына
отырғызады. «Жігітпін» деген адамға, бұл екеуі де қорлық. Сондықтан «хан
жақсы ма» ойынына араласуда дəмесі бар жігіт, шамасы келсе, күн бұрын
тырбанып шама-шарқынша өлең шығарып жаттайды да, оған шамасы
келмесе, мүмкіндігі бар жігіт ақша даярлайды, мүмкіндігі жоқтар «алты
қатынның абақтысына» түскісі келмесе, қыздың арасына отырмайды.
Ойынның, «хан жақсы ма?» аталатын себебі, — ойын тарардың
алдында, ойынға қатынасқандардың ішінен біреуі шығып, көпшіліктен:
«Қалай, хан жақсы ма? Ойынды жақсы басқара алды ма?» деп сұрайды.
Егер хан беделсіздеу біреуден сайланса, əдетте жастар оны «саттым,
алдым» - қып, сықаққа айналдырады. «Саттым, алдым» дейтіні: сұрау
қойған жігіт — «саттым» дейді жұртқа. Жұрт ішінен біреу: «Несін
саттың?» дейді. Мысалы: «көзін саттым» дейді сұраушы. «Алдым» дейді
топтан біреу. «Неге алдың?» десе, «алған» кісі жаман бірдемені атап,
«соған қарауыл қылуға алдым» дейді... Сол тəртіппен сықақтағысы келген
жастар «ханның» денесіндегі көп мүшелерін «сатып алады» да, бəрін де
сықақтайтын жаман бірдемеге жұмсамақ болады...
«Ханды» көпшілік жамандаңқырап жіберсе, сықақтың аяғы «түйе бас»
пен, яғни басынан жұдырықпен «кел тұқыл» не «кертартпа». алумен
аяқталады, оның түрі ойын болғанмен, мазмұны «ханды» сабау; «Хан»
беделді жігіт болса, жастар бұлай сықақтай алмай, «хан жақсы ма?» деген
сұрауға «жақсы» дей береді.
Ескі Римнің «Сатурнали» аталатын ойынына ұқсас бұл «хан жақсы
маға» тоқтап отырған себебім: жоғарыда аталған Омардың Қанапиясы мен
менің арамдағы кикілжің осы «хан жақсы мадан?» тұтанды.
Тоқтаның, қайран көлінің жағасында басталған сауық кештердің,
біреуінде, қызға қадала қарауға үйрене бастаған менің көзім жасы өзіммен
мөлшерлес бір қызға түсе қалды. Қазір ұлдарын үйлендіріп, қыздарын
ұзатып... дегендей, «қасабалы қатын» абыройлы бəйбіше болған ол қыз, сол
кезде үріп ауызға салатын тəтті жемістей мөлдіреген əрі сымбатты, əрі
кескінді өте көркем қыз еді. Жəне өзі хат біледі!.. Осы қызға кейде өлең,
кейде өлеңге бергісіз қара сезбен хаттарды жүргізе бастаған кезімде, «иə»
дей қоймағанмен менің жалбарынған сөздерім жүрегіне жеткендей
болғанын, сəті түсіп оңашалау бір жолыққанда, қыз сөзімен емес, көзімен
ғана аңғартқандай болған кезде, Қанапиясы бар болғыр арамызға тікендей
қадала кетті.
Мінезі тіктеу, өрлеу Қанапия, бір күні «сол қызбен қалайсың сен?» деп
сыр тартқан болды да, мен бұлтақтап жөнімді айта қоймаған соң:
— Сенен қолқам бар, — деді тура тартып.
— Айт, — дедім мен не қолқалайтынын іштей жорамалдап, «өлмей
қимаспын оны саған» деп бекініп, Қанапия қыздың атын атады да:
— Илансаң ғашықпен соған, сен əлі баласың ғой, мендей болғанша
ондай қыздың нешеуіне кездеспеспін дейсің, маған осыны қи! — деді.
Қайталап айтқанда, өлмей қиғым келмеген мен:
— О не дегенің, ағай? Басы бос қыз емес пе? Бұрып алмайсың ба? —
деп сырғытпалатып ем, сүліктей қадалған Қанапия:
— Қойсайшы, ол қулықты білем, ол қыз сені жақсы көреді, сен күдеріңді
үздірмей, маған бұрылмайды. Орында осы өтінішімді. Содан кейін
қалағаныңды ал! — деп отырып алды. Ақыры менің көнбейтінімді көрген
соң:
— Мұның арты жаманға соғады, байқа, бала! — деп ол қорқытпақ
болды. Екеуміз жанжалдасып айрылдық. Соның артынан сауық кеші бола
қалды. «Ханды», «ханшаны», «уəзірді» сайладық. Менің қуанышым —
«ханша» мені сүйіктіме жөнелтпек боп жүрген, мінезі ер, сөзуар,
жастардың əсіресе қыздардың арасында беделді, жасы сол кезде отызға
таялып қалған бір кербездеу əйел болды.
Жастар орналаса бастаған кезде, реті кеп қалды ма, кимелеп барып
отырды ма, Қанапия менің сүйіктімнің қасына отырып қапты. Ішім удай
ашып кетті. Бірақ Қанапия менің сүйіктімнің, қасына ұзақ отыра алмады.
Ханның алдына менен бұрын шақырылған ол не бұйрықпен өлеңді айтып
шыға алмады, не айта алмаған өлеңдерінің төлеуін бере алмады, сондықтан
«алты қатынның абақтысына» жіберілгенмен, хан оны келген орнына
қайтармады, сүйіктімнің жаны бос қалды. Ендігі қорқынышым: «басқа бір
жігіт отырып қоймаса не қылсын!»
Тілегім қабыл болғандай, ханның алдына Қанапиядан кейін шақырылған
бірнеше жігіт те сүйіктімнің қасына отырарлық өлең таба алмады... Бір
кезде мен шақырылдым!..
— Ал, баста! — деді хан, — маған бұйрығын беріп боп, əуелі ханды
мақтайтын өлеңді айт.
«Ассалаумағалайкем, тақсыр «ханым»,
Алдыңда қол қусырып бас ұрғаным.
Ойнат деп қыз, жігітті əділдікпен
Жұмсайтын уəзіріңе тапсыр, ханым.
«Хандар» жоқ бұл маңайда саған қатар,
Əділ «хан» баққан жұртқа болма қатал.
Болады дегеннен соң мен де келдім, —
«Ойыңда қыздың аузы алып сатар».
«Тақсыр-ау, сатар болсаң, жастауын сат,
Күлім көз, ақ бет, қиғаш қастауын сат.
Болмасын кекірейген тəкаппар қыз,
Икемге көнгіш, жібі бостауын сат!»
— Дұрыс, — деді «хан» күліп, — енді «ханшаға» арнаған өлеңіңді айт!
«Саған да сəлем берем, тақсыр «ханша»
Ордаңда мөлдірейсің сары балша.
Бұрар деп «хан» иемді тура жолға,
«Ханша-еке», сенің отыр халқың барша.
Деген бар, еркектер бас, əйел мойын
Бұл жиын сағандағы ортақ ойын,
Тұсында əділ «хан» деп «ханшасының»
Көтерсін қыз-бозбала ойнап бойын.
Барлық қыз «ханше-еке» тартсын саған,
Əділет күтіп бəрі бақсын саған.
Қоспасаң қыз, жігіттің, теңін тауып,
Обалың көздің жасын артсын саған».
— Бұдан артық не десін! — деді хан ханшаға күлімсірей қарап қойып,
— енді уəзір туралы!
«Ассалаумағалайкем, уəзір тақсыр,
Сөзіңді тыңдауға біз əзір, тақсыр.
Қамшыңды жөнсіз қатты сілтеймін деп
Біреулер боп жүрмесің жазым, тақсыр.
«Аулақ бол «бармақ басты, көз қыстыдан»
Дей көрме «жұртты жөнсіз ығыстырам».
Ұлық болсақ, кішік бол деген сөз бар,
Тырқиып тез құлайды нығызсыған.
Əділ бол, параға сен қызды сатпа,
Біреудің сүйіктісін бұрма жатқа,
Сүйіссе, екі ғашық теріс айнал,
Көзіңді тесе қарап оған бақпа!»
— Жарадың, — деді «хан» қарқылдап күліп, — енді қызға арнап айт!
Уəзір мені хан алдына шақырғанда, жалпы тəртіп бойынша, қасымда
отырған екі қызды ала келгем. Аса бой жеткен қызды ауылда «енем үйінің
сиырындай» дейді. Сол айтқандай, менің қасымдағы екі қыз да жиырманың
ішіне мол кірген, менен əлдеқайда үлкен қыздар жəне екі қыздың бірі бойы
аласалау болғанмен, былшиған семіз, бір жігітке оның өзін жеке көтеру де
бірталай жүк; екінші қыздың денесі таразылау болғанмен, бойы қапсағай
биік— менің басым оның иығынан ғана келеді... Мықты болсаң, осы екі
қызды көтеріп тұрып, мақтап алты ауыз өлең айтып көр!... Бірақ тəртіптің
аты — тəртіп. «Хан» бұйырса көтермеуге не шара!.. Менің халымды
«ханша» жеңілдетті.
«Қалмады баста бөрік белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай, —
дегендей сүйіктіме қауыштырам деп талай қимасымды алған бұл əйел
«саспа» дегендей, «көңіліңді табам» дегендей, көзін көптен тасалап маған
бірер қысып қойды да, менің өтінішіммен қыздарды мақтайтын алты ауыз
өлеңнің үш ауызын ғана айтуға жəне қыздарды көтеріп тұрмай-ақ айтуға
ұлықсат əперді.
Тамыққа кінəлі ғып бізді айдаса,
Біздей-біздей жігіттен жүзді айдаса.
Жұмаққа бармадым деп кейімес ем,
Алдымнан біраз сұлу қызды айдаса.
«Атыңмен «мұнда кел» деп шақырғандай,
«Қыз» деген əдемі еді атың қандай!
Шіркін-ай, күн болар ма біздей жанға,
Лебізіңнен алуан шекер татырғандай!..
Қыз-қалқа қызыл гүлсің жаңа ашылған,
Қонам деп мен көбелек аласұрған,
Гүліңнен бал тергізсең болар ем мен,
Бақытты жігіт, мəңгі бағы ашылған!..»
— Дұрыс, — деді «хан» енді, ылғи жанды махлұқтардың атын қосып үш
ауыз «жанды өлең» айт!
«Ұшады аспанды өрлеп бір топ тарғақ,
Ірімшік құрт сұрайды қарға зарлап
Ішіне тірі қоян байлап қойып,
Түсірдің жайған торға бүркітті алдап.
Түйеден көрген емен малда жалқау,
Өгізді дер еді жұрт момын, аңқау,
Ерлік қып қарнын жарып тастамай ма,
Тап беріп жеймін десе қасқыр қорқау?
Түлкіні «қу» дегенмен иттен қу ма?
«Қу болса, келсін оған жолығуға!..
Арқырап үйірдей боп жылқы жимай
Ат сорлы қам көңіл боп торығуда».
— Енді, ылғи жансыз махлұқтардың атын қосып үш ауыз «жансыз өлең»
айт! — деді «хан» қарқылдап күліп ап.
«Есік тұр маған «кəне, кіре ғой» деп
Тиегі тұр «кəнекей іле ғой» деп,
Төрге жайып төсеген кілем, көрпе
Шақырып тұр, «бері қарай жүре ғой!» деп.
Жастық жатыр «шынтақтап жата ғой!» деп
Домбыра тұр «қисай да тарта ғой!» деп.
Өлең кеп тұр ауызға «домбыраға
Қосыл да, кəне, мені айта ғой!» — деп.
Қымыз тұр «əн салсаң, мен қандырам» деп,
Асулы ет тұр «аузыңды май қылам» деп,
Түн төніп тұр, «кездессең, ғашығыңмен,
Сүйгізіп тілден лəззəт алдырам» деп.
— Енді өтірік өлеңді! — деді «хан».
«Өрмекші айдалада құрған ауға,
Ұстадым құлын қамап бие-бауда,
Арқауын үзіп оның кете алмады
Бие мен айғыр да ап омырауға.
Астыма балық мініп бардым тойға
Қызығып оған біткен сұлу бойға
Саудалап келген шақта байдың улы
Бермедім бір жүз жылқы, бір мың қойға.
Жанды да көрген емен қойдан ерді!..
Адасқан бір қой шарлап бүкіл жерді,
Қамаған қасқырларды теуіп жығып,
Дақ туспей денесіне аман келді».
— Бұның да қисыны келді, — деді «хан» күліп, — енді «көр» өлеңді...
«Дақ түспей денесіне аман келді
Қамаған қасқырларды теуіп жығып,
Адасқан бір қой шарлап бүкіл жерді
Жанды да көрген емен қойдай ерді...
— Болады! — деді ханша,— апар — деді ол уəзірге қарап, отырғыз,
қалаған жеріне!
Хан.
— Əлі айтылмаған үш ауыз өлеңі бар, — деп келе жатыр еді:
— Жоқты айтпа! — деді ханша, бұндай қисынды өлеңді қайсысы айтты
жігіттердің? Көбінің айтқаны:
«Базардан алып келген ала құнан,
Қыздардың жел соғады балағынан», —
деген сияқты балдыр-батпақ. Осы айтқаны жетеді:
— Бар,— деді уəзірге, — апар, анау Еркежанның қасына!..
Ойын тарап ауылға келе жатқанда, Қанапия мен екеуміз өзгеден
оңашалана беріп ек:
— Білдім, — деді Қанапия маған, зілді дауыспен.
— Нені білдің?
— Жеңгесінің аузын алып қойған екенсің ғой, сен қыздың?
— Қайдағы қыз? Қайдағы жеңге? — деп мен жалтақтаған болып ем:
— «Айтып қылған ұрлықтың, айыбы жоқ» депті, — деді Қанапия
дауысын зілдендіре түсіп. — Із-өкшеңе түсем, сен баланың! Ерегіскен
екенсің менімен, əуселеңді көріп алайын сенің!..
Осылай өшігіп жүргенде, бірақ жақсы-жаман болсам да, ауылының
молдасы болғандықтан оңашада тілі батқандықтан, қолы батпай жүргенде,
тілегі тура кеп, екеуміз пішен басында кездесе қалдық...
Мақтанғаным емес, — жас кезімде мен күрескіштеу едім жəне бала
шағымнан күрестім де, өзім теңдінің бірен-сараны ғана болмаса, көбінен
жығыла қоймадым. Асып кеткен күшім болмағанмен, қағу, шалу сияқты
тəсіл қолданып, кейде өзімнен күші артықтарды да түсіріп кетіп жүрдім.
Қанапия менен əрине, қарулырақ. Бірақ онда қара күш бар да, тəсіл жоқ.
Сондықтан ауылда жүргенде, ойнап алыса қалсақ, мен оны жығып
кететінмін.
Шөп шабу, əрине, — күресу емес. Онда кімнің қаруы мол болса жəне кім
шапшаң болса сол дендейді. Жасынан жұмыс қып сіңірі жуандап алған
Қанапия, шөп шабысқанда менен қарулы да, шапшаң да болып шықты.
Сондай басымдығын көрген оның шалғы сілтесе-ақ қуатыны — менмін...
Белорақпен шөп шабудың қиындығың сол кəсіпті істеп көрген кісі ғана
білуге тиісті.
Қиын болмағанда ше!.. Пішенші дегендер - жұмысқа құлқын-сəріден
тұрады да, қас қарая тоқтайды. Осы екі арада олардың бойы,
сусындағаннан басқа уақытта еңкеңдеп шалғы сілтеуден бір босамайды.
Сол жылы шөп мезгілінде күннің көзі шыжып, ысып кетті. Қайнаған
ыстықта, үнемі шалғы сілтеумен жан-терге түсіп жүрген кісі үстіне киім
кие ала ма? Əсіресе, көйлекті?.. Малшынған терге жабысқан көйлек
арпалыса қимылдаған денені еркіне жібере ме?.. Жəне, ондай терге
малшынған көйлек қатты қимылда қаншаға шыдайды?.. Шыдамайды ол.
Ілезде ыдырап кетеді. Соны білген Сансызбай молда мені пішенге
жөнелткелі жатқанда:
— Осыны, — деген ескі кенеп көйлек пен дамбалды қолыма ұстатып, —
пішенге жеткізесің. Жеткізбесең, жалаңаш өлсең де, басқа берер көйлегім
жоқ. Көйлек шыдау үшің оны жауын-шашында ғана ки де, ыстық күндері
шешіп таста. Күзге қарай күн салқындағанда киесін.
Сансызбайдың сөзін елемей-ақ қояр ем (азар болса ұнатпаса, жұмыстан
шығарып жібереді ғой) — егер терге малшынбасам!.. Күннің ыстығы ма,
əлде бұрын мұндай ауыр жұмысты істемегенім бе шалғы сілтеуге
кіріскеннен бастап, іңірде жұмысты доғарғанға дейін терге ағылам да
жүрем... Термен денеге жабысқан көйлек қимылдауға бөгет болуымен
қатар, кірлі денені саздандырып, удай ашытады. Сондықтан жұмыс кезінде,
оны амалсыз шешіп тастаймын. Өзгелерінің көбі де сөйтеді.
Қара қоңырланып күнге күйген дененің бұлайша жалаңаш қимылдауы
ешнəрсе етпес еді, егер жаныңды азаптайтын пəле болмаса!.. Ол пəле —
сары маса!.. Сары масаның жаз айларында біздің жақта қаншалық қалың
болатындығы, осы шығарманың өткен бір тарауында сипатталған. Сол
масалар мен шөп шапқан жылдық жазында, маған өткен жылдардан
əлдеқайда қалыңдап кеткен сияқтанды!.. Күн ұзын үстіңде бұлттай көшіп
жүретін олар, көйлегін шешкен денеге жапырлай қона қалады!.. Шаққаны
қандай ащы ол кəпірлердің!.. Біреуі шақса жанық шығып кете жаздайды...
Əлденеше мыңы жабылып шаққанда, мықты болсаң шыдап көр!..
Расымды айтайын, пішеншілердің ішінде шыдамсыздауы — менмін.
Өзгелерінің жыл сайын пішен кезінде шаққан масаға еттері өліп кеткен бе,
əлде көн-тақа боп қалған терілеріне масаның тұмсығы өтпей ме, олар дəл
мендей байбалам сап денелерін сипақтай қоймайды...
Масаның күндізгі азабы сондай болса, түндегі азабына не берерсің!..
Күндізгі жұмыстан қалжырап іңірде шөптен жасаған қосқа келсең, дүние
жүзіндегі барлық маса сені қуып келгендей, тағы да тұмандай торлай
қояды! Бірінің ызыңы зорға естілетін олардың мыңдаған тобы қосыла
əндетсе, төңірегіңді шуға айналдырып жібереді. Күндіз қимылмен
аңғармайсың ба немене, олардың түнгі шағуы күндізгіден əлдеқайда ащы
сияқтанады...
Масаның жауы — түтін. Ол бықсыған жерден маса қашады. Соны біле
тұра, пішеншілер іңір асынан басқа уақытқа от жақпайды, өрттен қорқады,
əсіресе, ұйқы уақытында... Түннің масасы күндізгіден артығырақ
талағанмен, қалжыраған дене, тырналаған сені ұйқыға еріксіз əкетеді... Таң
қараңғысында сені, тұла бойыңды мыңдап шағып жатқан масалар емес,
осы қосты бастап шыққан Жақа оятады. Мінезі момын ол жұмысқа аса
тыңғылықты. Бір қостың пішеншілерін өргізіп жусататын — сол. Өзі де
күн ұзын шалғыдан босамайтын оның, қай кезде ұйықтайтынын білмейсің.
Өзге пішеншілер іңір асын ішіп ұйқыға жатқанда, ол темір төсін жерге
қадайды да, балғасын қолына ап, шалғы шыңдауға отырады. Қараңғыда
шалғының жүзін қалай тауып шыңдауына қайран қаласың. Таң
қараңғысында өзге пішеншілерді оятатын ол барлық шалғыны да түн бойы
шыңдап, қылпылдатып қояды...
Адам көнбейтін қиындық жоқ. Мен масаның да азабына көндіге
бастадым... Сансызбайдікі сараң үй боп шықты: ірімшік пен құрттан басқа
шайнаманы, үйінде қымызы бола тұра, айраннан басқа сусынды маған
жібермейді ол. Қостағы пішеншілердің жұмысы бірге болғанмен асы басқа.
Өйтпеуге
болмайды
да:
мысалы,
Шəймерденнің,
Далабайдың,
Əлмақанның, Мұсаның, Жақаның үйінен ет, сары май, нан, қымыз, қаймақ
сияқты тəтті тамақтар кеп жатады, бірақ шағын боп келеді, оларды көптің
ортасына салса кімге жетеді?..
Пішеншілердің ішінде аштауы да мен болдым. Менің өлеңдер жинағыма
кіріп жүрген, «Жалшының зары» деген өлең дəл осы кезде жазылған еді....
«Жұтқан жұтамайды» дегендей, мен аштыққа да көндіктім...Алғашқы
күндері солқылдағанмен жұмысқа да көндігіп, қатарымнан қалыспайтын
болдым. Енді мен Қанапияның, қууы да қорқыта қойған жоқ...
Бұл қудалауынан да ешнəрсе шығара алмаған Қанапия, менімен біржола
өштесті. Оның арты төбелеске соқты жəне бір рет емес, əлденеше ретке...
Бір күні ол мені өлтіріп тастай жаздады: күндізгі бір демалыста
сусындай отырып, екеуміз əлденеден ілігістік. Мұндайда бұрын тарпа
басталатын Қанапия, бұл жолы өйте қойған жоқ, себебі алыса кетсек
екеуміз тең түсетінбіз. Сондықтан ба, əлде менің сөзім батып ыза кернеді
ме, қасында жатқан қазықпен шекемнен қалай салып жібергенін білмей
қалдым. Қайдан білем, егер талып жығылсам!.. Есімді кешке бір-ақ
жинаппын. Қазық тиген оң жақ шекемнен қан бұрқ ете түсіп, көзім алайып
қылжия кеткен мені, ұзақ уақыт қалпыма келтіре алмаған пішеншілер,
бірауыздан «миы ойылып кетті мұның, бұл енді өледі» деп жорыпты. Содан
кейін пікір екіге жарылыпты:
— Бəрібір өлді. Мұның көзін жоймасақ, пəлесіне қаламыз. Пəлеге
ұрынбау үшін мұны қашып кетіп еді дейік те, көлдің қопасына тыға
салайық, — дейді Қанапия жəне оны жақтайтындар...
— Шыдайық, мүмкін тірілер, — депті екінші жағы.
Менің есімді жиюым ұзаңқырағанда, Қанапия жағы «енді күтетін
ештеңе жоқ» деп қопаға тыға салуға түрегеліскен екен екінші жағы «елсіз-
күнсіз біреу емес, артында елі бар, ертең Жаманшұбар іргеңді түріп шауып
алады» деп бермепті... Менің есім осы жанжалдың үстінде кіріпті.
Шекем ісіп кеткен мен екі-үш күндей жұмысқа жарамадым. Сол күндері
маған жаны ашиды-ау дегендер:
— Жанжалдаспа десе болмадыңдар, арты мынаған соқты. Енді,
аманыңда жөніңді тап, — десті.
ҰРЫЛАР
Мен жөн таптым. Барғаным — жездем Болатбайдың үйі. Оның үйі
Березин аталатын қазналық участокті жалдап ап, соған егін салып жүретін
Лəуен (Леон Иванович Есин) деген орыс байының қасында екен. Бұрын
төрт-бес десятина егін себетін Лəуен биыл егіс көлемін бір жүзге əрең
жеткізіпті. Болатбайдың айтуынша: «Заман əлде қайтіп кетеді деп Лəуен
аса қауіпті».
— Неден қауіптенеді? — деген сұрауға:
— Большевик дегендер шығып жатқан көрінеді ғой, — деп жауап береді
Болатбай, — бай атаулыға өш көрінеді ғой ол. «Қазір өкіметтің басында
Керенский деген отыр» дейді бұл бай, «Керенский байларды жақтайды»
дейді, «большевиктерге жол бермей отыр ол» дейді, «Большевиктер өкімет
басына отырамыз деп таласып жатыр» дейді, «егер билік большевикке
көшсе, байларға күн көрсетпейді, онда мен Қытайға қашам» дейді. Қаша
қалатын күн болса, өзі артынып-тартынып даяр отыр. Жылда күздігүні,
алдағы жылдың егініне пар жəне залок айыртады екен биыл оны істеген
жоқ.
Байдың піскен егінін орысуға мен де қатынастым. Бұл жұмыс пішен
шабудан əлдеқайда жеңіл: егінді оратын — лобогрейка, соғатын —
молотилка. Менің міндетім — молотилкаға айырмен егін тастау... Оған
қажи қоятын жайым жоқ сияқты. Бұл тұрмыс ұнады да: тамақ тоқ, көйлек
кек одан артық не керек...
— Бұйырса биыл осында қыстаймыз, — деп жүрген Болатбай егін
жиналып болған кезде, — көшеміз елге, — деген сөзді қоңырсытты.
Əкесінің:
— Неге, балам-ау, жайлы еді ғой бұл ара? — деген сұрауына:
— Байдың өзі де көшуге бекінді, — деп жауап берді Болатбай.
— Неге?
«Петербордагы Керенский өкіметі құлап, билікті большевиктер
алыпты», — деп отыр Лəуен. Содан зəре-құт жоқ өзінде.
— «Петербор» деген алыс жер емес пе? Несіне қорқады? — деген
əкесінің сұрауына:
— Петерборды алған соң, бұл араны да алмай қоймайды деп отыр бай,
— деген жауап берді Болатбай.
— Қалай алады?..
— Жұмыскерлер мен кедей-батырақтардың сойылын соғатын көрінеді
ғой большевиктер. «Елдің көпшілігі солар» дейді бай. Болшевиктер оларға
«байдың мал-мүлкін, жерін сендерге бөліп береміз» дейтін көрінеді. Олар
бұл сөзге желігіп жүрген көрінеді. Көпшілік желіксе, кім тоқтата алады
оны. Білгіш бай соның бəрін жобалап отыр да, есі барда Қытайға тайғалы
отыр...
— Бай қашты деп, біз неге қашамыз? Отыра берейік осында. Қуып
жатқан кісі жоқ,— деп Нұралының қозғалғысы келмеп еді, Болатбай:
— Неменеге отырамыз, əке? Байдың жұртын күзетіп пе? Мал-мүлкінен
ол мұнда түк те тастамай алып кететін көрінеді... Қора-қопсысын өртеп
кетеді деген де сөз бар...
— Астапыралда, ол несі? — деп шошып кетті Нұралы,—өз мүлкін өзі
күйдіргені несі?! Бұл өтірік сөз болар... Дұшпаны шығарған болар!..
— Егер көшетін болса, оны істейді, əке, — деді Болатбай, — жобасына
қараймын, қаны большевиктерге қараюлы. Оны айтқанда сілтідей тұнады.
«Егер көшетін болсам, əкете алмайтын дүниемді кедей-батырақтарға
қалдырып қор қылғанша, желінен өрт қойып күйдірем де кетем» дегенді,
маған аузы-мұрны қисаймай Лəуеннің өзі айтты...
— Апырай, — деді Нұралы жағасын ұстап, — мүртеттің де мүртеті екен
ғой мынау!.. Қайда барса да оңбас бұл!.. Ендеше, кетсек кетейік...
Ақыры қар жапалақтап жауып жатқан кезде, Болатбайдың үйі еліне
көшті. Əкесі Болатбайға:
— Бұл балаға кім тиер дейсің тастап кет осында, байдың қолында
жұмысын істеп тұра берсін — деп еді, Болатбай оған солқылдаңқырап та
еді, апам Ұлтуған:
— Іздеп келгені біз болсақ, қаңғыртып қалай тастап кетеміз? Пəледен
өздерің қашып, мұны қалдырмақсыңдар ма? — деп дау шығарды.
Қайынатасы мен күйеуін апам жеңді...
Көшіміздің жолы біріне бірі жалғаса өскен қалың ағаштардың, арасымен
жүрді.
— Кіші Сілеунайда
82
болар ма екен үлкен Сілеунайда болар ма екен
екеуінің бірінің жағасында Аңдамас балалары отыру керек, — деп келе
жатты Болатбай,— жолшыбай бүгін кешке сонда қонармыз.
— Кім ол «Аңдамас балалары?» — деген менің сұрауыма:
— Өзіміздің Сибан, — деп жауап берді Болатбай, — Есеней ауылында
Қазақтың Аңдамасы деген болған Қазақ деген кісіні көрдік өзіміз, бертінде
қартайып алжып өлді. Қазақтан екеу болатын: Аңдамас, Тышқамбай.
Торсан үйінің құртын қайнатқаннан басқаны білмейтін, иіс-алмас ынжық
адам да. Аңдамас Торсанның ұрысының біреуі болды: жүзіктің көзінен
өткен пысық адам еді. Ол да орта жасап бертінде өлді. Аңдамастан бала
қалған жоқ. Тышқамбайда екі бала бар: үлкені — Сұраған, кішісі —
Тілеуке. Олар Тышқамбай баласымыз демейді, Аңдамас баласымыз дейді.
Біздің іздеп келе жатқанымыз — солар. Сұрағанның қатыны өліп қазір
бойдақ жүр. Тілеукені былтыр үйлендірген. Қолдарында Қалаулы деген
шешесі бар, Аңдамастың əйелі.
— Олардың, əкелерінің атын Қазақ деп неге қойды екен? — деген
сұрауға:
— Бертінде Сибан боп жүргенмен, арғы түбі кірме болу керек солардың,
— деді Болатбай. — Үлкендердің, айтуынша, Қазақтың əкесі (атын
ұмыттым) Ноғайлы деген жұрт болса керек. Өз елінен ауып келген
Ноғайлы Есенейдің əкесі — Естеместің қолына кеп тұрыпты да, Естемес
қатын əперіп балалы болған соң, атын Қазақ қойыпты.
— Түсінікті.
Жолшыбай жолыққан біреудің айтуынша, Аңдамас балаларының үйі
үлкен Сілеунайдың жағасында екен. Болатбайдың айтуынша, ол көл, —
біздің нақ жолымызда.
Біздің жақта қызық бір көлдер болады: оның жарлана біткен айнала
жағасына қалың ағаш өседі, арнасы дөңгелектеу, шүңіректеу бітеді, ішіне,
биіктігі адамның бойынан асатын найза томар шығады, томарлардың
арасына біткен асы мия кейбір аралсымақтарға қайың талы аралас тоғай
пайда болады. Сілеунай дəл осындай көл екен. Аңдамас балаларының кигіз
үйі көл жағасындағы қалың ағаштың ішіне тігіліпті.
Екі-үш арбалы жүгі бар біздің көш, қалың ағаштың арасындағы қоңыр
кигізді жалғыз үйдің қасына күн батар кезде кеп тоқтағанда, кескіндері бір-
біріне ұқсас, бірақ бірінен бірі бойшаңдау, бірінің мұрты қалың,
екіншісінің, мұрты қырбық, орысша əдемі киінген, денелері сымбатты,
кескіндері келбетті екі жігіт үйден жүгіріп шыға келді.
— Үлкені — Сұраған, кішісі — Тілеуке,— деп сыбырлап қалды маған
Болатбай.
— Ассалаумалайкем! — деп қосарлана сəлем берген екі жігіт, əуелі
Нұралыға, одан кейін Болатбайға қол берді.
— Түсіңіздер! — деді олар амандықтан кейін — хош келдіңіздер!
Қара дауылдау боп тұрған күзден тоңазып қалғанымызды арбадан түсе
білдік.
Үйге кірсек ортада ағаштардың түбірін тастаған от маздап тұр екен.
Үйдегілерге амандасқаннан кейін отты жағалай төсеген кигізге отыра
қалыстық. Сұраған мен Тілеукеден басқа бұл үйдегі жандар: жасы сол
кезде жетпістерге тақалған қарт шешелері, — Қалаулы, Тілеукенің əйелі,
Сұрағанның өлген əйелінен қалған ондар шамасындағы Хамит атты ұл,
жеті-сегіздегі қыз. Қожағұл атты жəне бір шал отыр екен ол осы үйдің
ағайыны боп шықты.
Үйге кіре көңіл тоғая бастады, өйткені шаңырақта асылған көп сүр ет
тұр жəне жылқының еті, семіз ет... Сұрағанның, қарт шешесі менің əке-
шешемді біледі екен. Жөн сұрасып алғаннан кейін ол мені «алда жетімегім-
ай, жігіт боп қалған екенсің», — деп есіркеп қояды.
— Қожеке, малға бар, тоқты алып кел, өзіміздің тума қойдан, — деді
Сұраған біз жайланғаннан кейін — Нұрекеңе бір малдың басын жегізбесе
болмас.
— Атай көрме, шырағым, — деді Нұралы, — анау, шаңырақта тұрған ет,
құдайға шүкір, бізге қанағат!.. Малдың қанын ішеміз бе?
— Жо-қ, Нұреке, мал соймай болмайды, — деп Сұраған Қожағұлды
ертіп далаға шықты да, қойға аттандырды.
Болатбаймен бірге мен де ере шықтым.
— «Сыпайы сырын жасырмайды» деп, — деді Сұраған Болатбайға, —
Нұрекең прəдарлау кісі ғой, орыстан ұрланған мəстектің етін ол кісінің
иманды аузына тигізгенім күнə болар, қасқыр да жеп кететін бір тоқты,
одан да несі жесін.
Қожағұл тоқтыны əкелді, сойды. Ертеңінде ол үй «тағы да қоныңдар»
деп жабысқанмен Болатбай ілгері жылжитындығын айтты. Кеңес арасында:
— Мына Қорғанский қаласының бойдақ жылқысын бағып отыр ек, —
деді Сұраған, — подретін алғанымыз болмаса, Тілеуке мен менің мал
бағуға қырымыз жоқ қой, жалдаған біреу жақында шығып кетіп, жалқыны
Қыдырманың Абдырахманы жалғыз бағып қиын болып жүр. Түнгі күзетке
жұмсамаспыз, күндіз жылқыға көз болу үшін Мұқанның мына баласын
қалдырып кет, ұнатса қыста біздің, қолда тұрар, өзің білесің, біз кісі
жатырқамаймыз, ұнатпаса қысқа қарай апарып салармын.
Ұлтуған бұл ұсынысты ұнатпаған қабақ білдірді. Ол менімен
Болатбайды оңаша шығарып алып:
— Осылар ұры дейтін, баланы бұзар, қалдырмайық, — деді.
— Ұрысы ұры көрінеді, — деді Болатбай, — бірақ Сұрағанмен бұл
туралы сөйлестім. «Көрмейтін ағайын емеспін Сибанның баласысың,
балдызымды бұзық жолға жұмсап, түбінде ренжісіп жүрмейік адал еңбек
істетіп, адал ақысын берсең ғана қалдырам, əйтпесе қалдырмаймын»,
дедім. «Алла сақтасын, өз күнəм де жетер, біреудің жетім баласын күнəға
батырып не бопты маған. Айтқаныңды бұлжытпай орындаймын» деп уəде
берді.
— Уəдесін орындаса! — деді Ұлтуған күрсініп.
— Орындайды, — деді Болатбай, — шайтан азғырып, бұзық жолға түсіп
жүргені болмаса, жігітшілігінде кемшілік бар ма, мұның!.. Бір жігіт
осындай-ақ болар. Ақылды тентек қой, орындар айтқанын.
— Осындай екі-дайлы, жерге неге қалдырамыз, сонда? Осындағы
жұмыс ауылда да табылмай ма? — деп Ұлтуған əлі де қипақтап еді.
— Қайдан табылады? — деді Болатбай кейіп, мұны енді молдалыққа
ешкім алмайды. Ауыл байларының легенін төгіп, жұмысын қып,
босағасында жатып сарқытын ішкені қалай? Мынадай таза орында тұрғаны
қалай? Бұл үй жақын арада қалаға көшіп барады. Орыс қаласы тəртіпті
болады. Орыс тілін үйренсе де қанша олжа бұған. Жəне Сұрағанмен
сөйлестім: «қыс та бізде тұрсын, аз ғана малымызды жайласын. Бос
уақытында орысша оқысын» деді.
«Сұраған айтты» деген соңғы сөз жаныма жағып кеткендіктен, əрі
Болатбайдың құтылғысы кеп отырғанын көргендіктен:
— Ендеше, баланың өзі білсін — деп маған қараған апама:
— Мен білсе-м, қаламын! — дедім мен ауылға барып не бітірем.
Ұрлығында не ақым бар, жылқысын бағып, киім кешек тауып алам, əрі
биыл қыс орысша оқимын.
Көзінің жасын мөлтілдете төгіп жіберген апам, үстін сілкіне түрегелді
де:
— Қалсын, ендеше, — деді.
Болатбай үйі жүріп кетті, мен Сұрағандікінде қалып қойдым. Кешікпей
қар жауа бастады. Сұраған үйін ол арадан көшіріп «Шиде-сот»
83
аталатын
қалың ағаштың, ішіне қондырды. Қалаға ол ағаш Сілеунайдан да алыс.
Сөздеріне қарасам, қар қалыңдап, жаумай бұл арадан қысқы мекендеріне
бара қояр түрлері жоқ.
Менің міндетім — күндіз жылқы арасанда жүру, жылқыны егінге
жібермеу, Жегенім—майлы қуырдақ пен ақ қалаш, ішкенім—қымыз
(орыстың бағын билерін Сұраған үйі ұрлап сауады), киім жылы...
Сұраған мен Тілеукенің меншікті малы — екі-үш бұзаулы сиыр мен он
шақты қой, ешкі ғана. Малдары сондай шағын бола тұра, ол екеуі —
əрқайсысы бір қыздың қалыңмалына тұрарлық екі күрең ат ұстайды, екеуі
де семізден жараған оқтаудай жұп-жұмыр. Аттар көбіне кермеде байлауда
тұрады, жегендері сұлы...
Жылқы бағуға міндетті бола тұра, Сұраған да, Тілеуке де бұрау басын
сындырмайды, мың жылқылы мырзадай шіреніп кербезденіп сылана
береді. «Ұры» деген сөз құлағымды шалғандықтан мен оларды
сырттарынан бақылаймын, ешқайда ошаң етіп аттана қоймайды. Ол үйге
өздері сияқты кербез біреулер келеді: ойнайтындары — карта, ішетіндері —
арақ!..
Ет үзілмейді, «Орыстан сұрап алдым», «сатып алдым» деп Тілеуке бес-
алты күнде бір семіз тайды құлатады. Ара-тұра Сұраған мен Тілеуке
жоғалып кетеді. Мен олардың жөндерін сұрамаймын да, олар айтпайды
да...
Ноябрь аяқтала қар қалыңдап кетті де, баққан жылқыларын Аңдамас
балалары иелеріне үлестіріп, Қорғанский қаласына көшіп келіп ағаш үйге
кірді.
Қазіргі Преснов аталатын аудандағы (Солтүстік Қазақстан облысы)
Усерднно аталатын казак-орыс станциясын қазақтар «Қорғанский» дейтін
себебі — станицаның шығыс жағында «Қорған» аталатын биік оба бар. Оба
мен станицаның арасында үлкен жалтыр көл.
Қартаң орыстардың айтуынша, бұл станица 1819 жылы кеп орнаған
екен. Көршілес казак-орыс станицаларының орыстары «Сары кіндік»
(желто-пуп) атаған бұл станицаның халқы Воронеж губерниясынан көшіп
кепті. Линияға тақала қоныстанған бұл крестьян поселкесіне, патша
өкіметі 1840 жылы «казак-орыс станицасы» деген ат берді де
«крестьяндарын» «казакқа» айналдырып, ұзын шашын қырықтырады,
шекелеріне чуб қойғызады. Содан кейін олар «казак-орыс» боп кете
барады...
Сұраған үйі кеп қыстаған Қорғанский осы. Түскен пəтері — Комаров
Шодыр (Федор) дейтін соқыр шалдың ас үйі. Қалада тұқымы көп бұл
Шодыр, шаруасы шағындығына қарамай, станицада бірнеше жыл атаман
болған.
Сұрағандікі Шодырдың ағаш үйіне кірген күні, қалада бұрын отырған
біреу қонаққа шақырды. Мен де ере бардым. Екі бөлмелі кең ағаш үйде он
шақты қазақ жігіттері отыр екен бəрі де орысша таза киінген, шаш қойған,
сақалдарын қырған, мұрттарын ширатқан... Орталарында тапал Дөңгелек
стол, оның үстінде сасықтау исі мүңкіген самогон, жігіттердің қолында
карта — «жиырма бір» ойнап отыр.
Сұраған да кірісе кетті. Шет жағалап отырып байқаймын: шегір көз,
сары мұрт, ақ сұр, əдемі жігіт өкпелерінен көрі еркін сияқты. Бəрі соған:
«атаман айтты, бітті», — деп пір тұтқандай ұйып отыр. Оның қасында белі
құныстау, сол сияқты біреу отыр; екеуінің айырмасы, құныста мұрт қана
жоқ.
Баста мен екеуін де «орыс шығар» деп жорыған едім. отыра келе
аңғардым: мұрттысы — қазақ, аты — Жуанышбай, сол үйдің иесі, ал
құнысы орыс, аты — Жəшке.
Жуанышбайдың дастарқаны «кең» екен. Бармақ қазы шыққан тайдың
қазы, қартасын араластыра асқан табан астау семіз етті жігіттердің
ортасына əкеп тарта берді... Уыстай асаған етті жігіттер стакандап сімірген
самагонмен жылжытты...
Ертеңіне бір үй, бүрсігүні бір үй...деген сияқты күнде шақырысқа
ұшырадық. Қонаққа барушылардың составы өзгере қоймады; баяғы
жігіттер!.. Олардың күтімі бір қалыптан аумайды; мол, семіз жылқы еті,
самагон!..
Аз күнде мен «мырзалармен» танысып болдым. Олар — Құтырлаған
қаласындағы Ізтеле балалары, Қабан қаласындағы Мықтыбай балалары,
Казанский қаласындағы Кашаубай балалары, тағы сондай əр қалада
отыратын жатақтар. Бұлардың бəрі де ұрылар жəне жеке ұрылар емес,
ұйымдасып алғандар.
Жатақтардың бір жүйелері осылар болса, енді бір жүйелері:
Құтырлағанда отыратын Копабай, Аубакір, Оразалы; Қорғанскийде
отыратын Метірей, Дүйсен сияқты адал кəсібімен ғана күн көретіндер екен.
Олардың тұрмыс күйлері өте нашар — күндерін əрең көріп, тамақтарын
əрең асырап отырады. Ұрлық етін олар аштан өлсе татпайды. Мысалы, сол
қаладағы тағы бір Сұраған, ұры Жуанышбайдың туған нағашысы екен.
Орысша да, қазақша да оқуы жоқ, діншілдікпен байланысы жоқ, өмір бойы
малшылықта келе жатқан бұл Сұраған, «қазаны арам, жегені ұрлық еті» деп
жиенінің үйінен ас ішпейді екен кейде жиені аяған боп, ұрлықтан келген
малдың етінен беріп жіберсе, не малдан деп тірі мал берсе, алмай ұрсып
қайтарып жібереді екен. Содан кейін «өлмесең жаның шықсын» деп,
Жуанышбай оған көз қырын салмайды екен қатынаспайды екен.
Бұл станицада ұрлық қылатын қазақтың ғана кейбір жатақтары емес.
Олардың орыс серіктері де бар. Мысалы, Жуанышбайдың тамыры — бүкір
Жəшке. Ол бастаған бір топ қазақ-орыс жігіттері қазақ ұрыларымен олжаға
ортақ екен бəрінің бастығы Жуанышбай, оны қазақ ұрылары «Атеке» дейді.
Онысы «атаман» деген сөзі, орыс ұрылары «атаманды» «батька» деседі
екен.
Жүре келе мен Жуанышбайдың тарихымен де таныстым: Қорғанскийге
оның əкесі Оразалы жігіт күнінде кеп орыстың байына жалданады да, осы
қалада үйленеді, əйелінің аты — Тиыштық.
Оразалы Антошке (Антон Лопахин) деген бай орыстың қолында тұрған
екен. Өсекші жұрттың айтуынша, Тиыштық осы Антошкамен көңілдес
болады да, Жуанышбай содан туады. Осы расқа да келетін сияқты, өйткені
жоғарыда атаған бүкір Жəшке Антошкенің баласы, Жуанышбаймен ол
екеуінің кескіні айырғысыз. Оразалы қазақ кескінді қара торы кісі болған.
Жасынан бау кеспе ұры боп өскен Жуанышбай 1909 жылы ұрлықтас
орыс жігітінің біреуін пышақпен жарып өлтіреді де, бес жылға сотталып,
Ит жеккенге айдалады, содан жаза уақытын өтеп қайтады. Бірақ жазаға
тартылу Жуанышбайдың құлқын түзей алмайды. Қорғанскийге келе,
ұрыларды ол төңірегіне қайта жинайды да, ұрлықты тағы да сапыра
бастайды.
Қазақ-орыстың ұрыларымен ауыз біріктірген Жуанышбай жасырын
ұрлықты қойып, ашық бандитизм жолына түседі. Əр жылдың күзінде, олар
«Ца-око»
84
аталатын одан əрі Ұзын шашты джион аталатын крестьян
поселкелеріне кісілер жіберіп: «бізге алым берсеңдер, жылқыларыңа
тимейміз, əйтпесе құрытамыз» деген шарт қояды. Алым берген
поселкелердің жылқыларына олар расында тимейді, алым бермесе,
расында, құрытады.
Мен дəмдес болған қыста жатақтардың ұйымдасып алған ұрыларының
саны — 25 шақты жігіт. Бəрінің астарында бір-бір жел жетпес жүйрік
киімдері — жылы, ықшам, қалталарында бір-бір наган, маузер,
қойындарында шолақ винтовка.
Ұрылар топтанып, сайланып шығып, алыс қалалардан барып, жылқыны
үйірлеп айдап қайтады екен оларды Қорғанскийдің атаманы қорғап,
артынан іздеп келген иелерін не өлтіріп, не сабатып, не теңдік бермей
қайтарады екен. Ұрлық жылқыларына сол станицаның писарі Иван
Захарович Кусов документ жасап беріп. Ұрылар ол жылқыларды базарларға
апарып қымсынбай сата береді екен.
Жуанышбай батыл да, өжет те, қайратты да. Сондықтан одан өзгелері
қасқырдан үріккен қойдан ығысады. Ол ұрғысы келгенін далада, көшеде
түгіл, өзінің үйіне кіріп те сабайды.
|