Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет86/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ƏБІЛХАЙЫР ДОСОВ
Бір күні оқитын үйдің кең, есігінің босағасына «Бəрін, де митингіге
барыңдар!» деген үлкен жарнама ілініп қапты.
Митинг мектебіміздің қасындағы алаңда өтті. Алаң орталығына
тақтайдан биік мінбер жасалған екен. Соны айнала тұра қалған қалын,
жұрттың көзінше, өзіміз танитын уез басқарушыларының ішінде, мінберге:
балуан, зор денелі, негрге жақын қара енді, кескіні ұсқынды, əскерше тас-
түйін болып киінген қазақ жігіті көтерілді.
— Бұл кім? — деп күбірлескен жұртқа:
— Əбілхайыр Досов! —деп жауап берді, білетін біреу.
— Ə, осы екен ғой, ол! —десті əркімдер.
Олай дейтіні: «Колчак өкіметі қуылғаннан кейін, Омбыда құрылған
Сібірлік ревкомда, Орталық Россиялық Партия Комитетінің сібірлік
бюросында жауапты қызмет атқаратын Əбілхайыр Досов дейтін қазақ бар,
революцияға қарсыларға, қанаушы таптың адамдарына мейрімсіз,
мейлінше қаһар адам» деген сөз тарап кеткен.
Митинг ашылғаннан кейін бірінші болып Əбілхайыр Досов сөйледі.
Оның даусы денесінің зорлығына сəйкес емес, орташа, қоңырлау, өткір
екен. Сөз — пандық Польшаның жас Совет өкіметіне шабуыл жасауы
туралы, оған тойтара соққы беру туралы болды. Қызу сөздердің артынан,
майданға тіленушілердің театр үйіне бүгін жəне ертең келіп жазылуы
айтылды. Осы жайда, белгілі жазушы Əбдірахман Айсарин екеуіміз
ақылдастық та, ертеңіне ер төмен театр үйіне бардық.
Регистрацияға кіріп жатқан адамдардың саны бірталай екен. Стол
қасында тізім жасап отырғандардың ішінде Əбілхайыр да отыр. Кезек
күтсек көп тұрып қалатын болғансың пысық мінезді Əбдірахман,
сығылысқан жұртты кимеленкіреп барып:
— Бізді де жазыңыз! — деді Əбілхайырға.
— «Бізің» кім? —деді Əбілхайыр.
— Анау жігіт екеуміз! — деп Əбдірахман иегімен мені нұсқады.
Маған қараған Əбілхайыр басқа сөз айтпай, көп адамның шуынан
оңашаланғысы келгендей, бізге «бері жүрін,- дер!» — дегенді ымдап, кең
залдың түкпіріне алып кетті де, əуелі кім екенімізді сұрап ап:
— Сендер майданға бармайсыңдар! — деді, кесіп айтқан сөзбен.


— Неге? — дедік Əбдірахман екеуміз қосарлана.
— Бұндағы майданға да кісі керек.
Одан əрі сөйлесуге, басқа біреулер кимелеп кеткен соң:
— Кешке пəтеріме келіңдер, сонда сөйлесейік,— деп Əбілхайыр бізге
адрес берді де, басқа істерімен айналысып кетті.
Берген адреспен кешке мен ғана бардым. Мінезі тіктеу Əбдірахман,
күндіз көбірек сөйлеспеуге өкпелеген қалпын көрсетіп бармай қалды.
Сол кезде қалалық милиция начальнигі болып, Зікірия Мухеев деген
адам қызмет атқаратын. Қызылжар уезінде туған, ержете Омбы
пристанында жүкші болған, 1917 жылдан бастап совдеп ісіне араласқан,
Колчак директориясы кезінде абақтыға алынып, 1919 жылдың басындағы
Омбы жұмысшыларының, көтерілісінде қашып шыққан, зор денелі көзі
алақандай, бұл ақ бұжыр, кескінді жігіт те байларға, оларды
қолдаушыларға мейлінше қатал да. Əбілхайыр Досов соның, пəтеріне
түскен екен.
Мен ол күнгі кешті сол пəтерде өткіздім. Мені жақсы білетін Зікірия, не
қылған адам екенімді баяндап бергеннен кейін, Əбілхайыр менімен ашық
сөйлесіп, туысқан адамдардай бауырына тартты. Əңгіме үстінде байқасам,
Əбілхайыр Зікірия сияқты жуан жұдырықтың адамы емес, сана-сезімнің
адамы. Мектептік оқуы шағындығын кейін білген ол, маған Зікірия үйінде
бірінші жолыққанда, аса зор білімді марксист сияқтанып көрінді.
Революцияның, советтік құрылыстың не екендігі туралы, мен одан бұрын
басқа адамнан естімеген бірталай жаңалықтар білдім. Ол маған неліктен
майданға барма деуінің де мəнін түсіндірді.
— Қазір,— деді ол,— Совет өкіметіне адал көңілмен іс атқаратын,
оқыған қазақ қызметкері өте аз.
Бұл жайды кептеген дəлелмен кең түрде баяндаған ол, менің өлең жаза
бастауыма да ерекше көңіл бөліп, өзінің де ептеп өлең шығаратынын айта
кеп, қазақ ақындарынан кімнен үлгі алуда, алдыма Сəкен Сейфуллинді
тартты.
Сол арада мен Əбілхайырдың өз өмірбаянымен де қысқаша танысып
қалдым. Бұрынғы Көкшетау уезінің «Қотыр - көз» болысында, жарлы
семьяда 1899 жылы туған ол, жеті-сегіз жасынан, бай «ағайындары»
Сатыбай мен Дəуітке жалданып, қозылары мен қойларын бағады. Он екі
жасында əкесі Ысқақ оны қоныстас Қотыркөл станицасының бай қазақ-
орыстары; Комарный, Мельников, Хомуло дегендерге кезек-кезек
жалдайды. Осы жалшылқтың үстінде, Əбілхайырға болашақ бақытының
жұлдызы көрінгендей болып, бай Хомулоның Николай есімді учитель
баласы, жалшы қара баланы жақсы көреді де, қолы тиген шақта орысша


сабақ үйретеді. Қарындашпен сурет салуға баулиды. Ересек жəне зерек
бала, жұмыс арасында оқып жүріп, екі жылда орыстың бастауыш төрт
класының білімін алады. 1914 жылы Николай Хомуло Əбілхайырды, сол
маңайдағы ең үлкен станица — Шортанға (Щучье) апарады да, «Ортадан
жоғары» аталатын орыс школының бесінші класына орналастырады. Келер
жылы қызметі Омбыға ауысқан Хомуло Əбілхайырды бірге алып кетіп,
«Қалалық» аталатын школдың алтыншы класына түсіреді. Осы жылдан, он
алты жастағы Əбілхайырдың революцияға араласуы басталады.
— Ең алдымен,— дейді Əбілхайыр.— Омбы семинариясын 1910 жылы
бітірген Николай Хомулоның өзі жасырын қызметте жүрген большевик
екен.
Бірақ, Хомуло Əбілхайырды Омбыда революциялық іске баулып
үлгірмей патша үкіметінің абақтысына түсіп қалады. Омбы семинариясын
бітіргелі жүрген Сəкенмен Əбілхайыр осы кезде танысады.
— Ол кезде,— дейді Əбілхайыр,— Омбыда оқитын қазақ жастарының
«Бірлік» атты ұйымы бар екен, басқарушысы Сəкен екен. Ұйым «Бірлік»
есімді қолжазба журнал шығарады екен; мен осы журналды суретпен
əдемілеу ісіне, қолдан көбейтісу ісіне араластым да, Сəкен арқылы
біртіндей, Омбыда жасырын қызмет атқаратын большевиктермен танысып,
революциялық үгіт-насихат істерімен шұғылдандым.
Осындай азын-аулақ даярлығы бар Əбілхайыр, февраль революциясы
күндерінде Омбыдағы губерниялық совдепті ұйымдастыруға белсене
араласады да, совдеп оны Көкшетауға уездік совдепте қызмет атқаруға
жұмсайды. Ондағы совдепті басқарып отырған белгілі революционер —
Сабыр Шəриповке жəрдемдескен Əбілхайыр, Көкшетау байларының
тілінде «Қаһарлы қара бала» атанады. Совдеп құлаған шақта, Əбілхайыр
Сібірдегі белгілі партизан Полиенконың қосынына кіріп, Колчактың
титығына жетіп, ақыры оны құртып тынады. Сібірде советтік ревком
құрылғанда, Əбілхайыр əуелі Көкшетауда қызмет атқарып, кешікпей
Омбыдағы сібірлік ревкомға шақырылады. Онда партиялық, советтік
істерге араласумен қатар, «Кедей сөзі» аталатын газетте редактор болады,
мақалалар, өлеңдер жазады...
Əбілхайырмен жақсы танысып алғаннан кейін, мен онымен өмір бойы
дос болып кеттім. 1937 жылғы жеке адамды дəріптеу қаталдығының
құрбаны болған қадірлі лениншіл Досовтың 1920 жылы қызылдарға
жолыққаннан кейінгі қызметтерін де аздап шолған жөн.
Ең алдымен оның бейнесін— 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде
«Біздің ұлан» деген атпен жарияланған қысқаша өлеңінде Сəкен
Сейфуллин толық жəне əдемі берген. Өлеңде жалшы баланың, оның
жалшы əке-шешесінің қанаушы таптан көрген қорлығы сипаттала кеп,
екінші жартысында былай делінеді:


«Ол ержетті, күндер өтті,
Бостандық та келіп жетті,
Қызыл күн!
Жарлы табы еркін алып,
Жер күңірентіп ұран салып,
Шықты үн.
Қара бала құстай түлеп,
Жеткеннен соң мұндай тілек,
Шаттанды.
Дəл өзіндей «қаралар» мен,
Жалшы «жұрын» балалармен
Аттанды.
Қатар түзеп, оғын сайлап,
Наган, бомба белге байлап,
Асынды.
Ол оқ атты жалпы байға,
Ол оқ атты бай «құдайға»
Тасынды.
Ол күресті сұм ұлтшылмен,
Ол күресті отаршылмен
Тіресті.
Ылғи сұмға қарсы тұрған
Батты оларға бетке ұрған.
Ызғары.
Күндіз-түні тынбай істе
Қара опайке бешпент үсте


Былғары.
Сөз сөйлейді Сырдай тасып,
Төсін керіп, алшаң басып,
«Құдайша!»
Солай өсіп біздің батыр,
Аттап басып келе жатыр,
Солайша!...
Міне, осындай біздің ұлан!
Мейлі аяқтан шақсын жылан,
Сұм жылан.
Алшан, басып ол «құдайша»
Бармақ алға осылайша
Ер Ұлан!»
Меніңше, бұл өлеңде Əбілхайырдың большевиктік портрет! əдемі
көрінген.
Əбілхайыр атқарған қызметтер жайын анкеталық түрде айтқанда, 1917 -
18 жылдарын Көкшетаудың уездік, Ақмоланың губерниялық совдептерін
ұйымдастырушылардың қызметін белсене атқарушылардың біреуі; Колчак
үкіметі көзінде қызыл партизан; 1919—20 жылдары, алғаш революцияға
қарсылармен күресетін Төтенше Комиссияның, Көкшетаудағы бюросында
председатель, одан кейін, Бүкіл Россиялық Орталық Партия Комитетінін,
сібірлік бюросында мұсылмандар секциясының меңгерушісі; 1920—22
жылдары Орынборда құрылған Қазақ автономиялы республикасында
Орталық Атқару Комитетінің жауапты секретары жəне Қазақстан соғыс
комиссариатында соғыс советінің мүшесі; 1922—25 жылдар Семей
губерниялық Атқару комитетінің председателі; 1926 жылы Түркістан
ревкомының председателі 1926—27 жылдар қазақ республикасының
Москвадағы өкілі; 1927—30 жылдары Бүкілодақтық Орталық Атқару
Комитетінің президиум мүшесі жəне жауапты секретарының бірі; 1930—33
жылдары Бүкілодақтық Коммунист партиясының Орталық Комитетінде
жауапты ұйымдастырушы; 1933—34 жылдары Семей облыстық партия
комитетінін, екінші секретары; 1934—35 жылдары Ақтөбе облыстық
партия комитетінің бірінші секретары; 1935—37 жылдары Оңтүстік
Қазақстан облыстық партия комитетінің, бірінші секретары; 1920—37
жылдары Қазақстан Атқару комитетінін, үздіксіз мүшесі (депутаты),


Қазақстан Орталық партия комитетінің мүшесі; бірнеше сайлауда
Бүкілодақтық Атқару комитетінін, мүшесі (депутаты).
Бұл анкеталық мəліметтерден көретініміз: Социалистік Ұлы Октябрь
революциясына алғашқы күндерінде-ақ үн қосқан Əбілхайыр Досов, өмірі
таусылғанша, социалистік құрылыстың алдыңғы қатарында жүріп, үнемі
басқарушылық қызмет атқарды. Осы қызметтерінде, оның коммуниста
партия жолынан ауа жайылған күні болған емес. Соның бір куəсі.
Əбілхайырдың, менде сақталған бір хаты. Бұл хатты мен Əбілхайырдан
1928 жылы, Ленинград университетінде оқып жүрген шағымда алдым.
Əбілхайырдың ой-санасы қандайлығын көрсететін, орысша жазылған бұл
хатты қазақша дəлме-дəл өзім аударып, түгел жариялауды мақұл көрдім.
«Саған хат жазуға əлдеқашан жиналғаныммен, сəті ешбір түспей-ақ
қойды. Бұным — ерінгендігімнен немесе төре болып кеткендігімнен емес,
кейде уақыт болмай қалады, ал, кейде, хат жазуға отырсам, əлдекімдер
келеді де бөліп жібереді. Москвада қазір «қазақ» дегендерден қорған
соқсаң да, «құдайға шүкір» жетерлік; қазақ еместер де жеткілікті. Кім екені
есімде жоқ, үлкен жазушылардың біреуі «таныстың, көп болуы
бақытсыздық» депті. Расында да солай. Іспен шұғылданып жатқан
шағыңда келеді де бөгет жасайды. Мəн-жай осылай.
«Ал, өзін, қалай тұрып жатырсың, Сəбит! Оқуың қалай! Шынында да
сен жақсы істедің: жұмыс үстінде біраз тіршілік тəжірибесіне молықтың
да, енді соны, біліммен бекітуге кірістің. Бұның қызғана қарайтын іс.
Хасенмен де (Нұрмұхамметов С. М.) кей кезде кеңесіп қоям. Ол қазір ілгері
оқу - оқымаудың ойында жүр. (Хасен ол жылы Москвадағы Тимирязев
Академиясының агрономиялық факультетін бітіріп, енді аспирантурасына
түсу ниетінде жүрген. С. М.) Ол əкімшілік жұмыстарына араласса, қағаз
басты боп кетем бе деп қорқады. Мен оған оқи түсуді айтып жүрмін. Басы
бар болғыр ол, Шорманның (Ыбраев Тимирязевті бітірген агроном, 1927
жылы өлді. С. М.) айтуынша, бойы екі-ақ қарыс əйел алған, сонысы П.
қаласына (Петропавл С. М.) қарай тартатын көрінеді.
«Мен өзім де қазір алдыма оқу мəселесін қойып жүрмін. Біздің біліммен
қызмет атқару қиын екенін білесің. Маған да қазір оқудың керектігі ауа мен
судай. Біз тек тəжірибемен ғана қызмет атқарып келеміз, ал өмір өзгеріп,
шиеленісіп, қиындап барады. Біздің құрылыс, бойымыздағы біліммен
əлдеқайдағы артықты тілейді, Қазір бəрін де өзің біліп, өзің кең, зерттей
алуын, керек. Тек қана тəжірибе аз. Міне, туысым, сенін, əлсіздігің осы
арада. Сондықтан да, соңғы екі жылда мен шын ынтамен оқып, өз бетіммен
білімімді толықтыру үстіндемін. Байқап қарасам, бұл да бос жұмыс емес
екен. Еп, басты мəселе: нені жəне кімді оқу көрінеді. Жазушы да көп,
оқитын адамдар да «құдайға шүкір» көп, барлығын оқып тауыса алмайсың.
Қазіргі келген ойым: бері салғанда үш-төрт жыл оқу (мектепте С. М.)
керек. Бұл жөнде ойым үлкен - ақ, сəті қалай түсерін білмеймін. Қазір
анықтау үстіндемін. Жақын арада есіктерді (басқарушы орындардың С. М.)


қағып, тағдырымды шешіп алуға тырысам. (Жоғарғы партия школына
түспек болып еді, қызметтен босана алмады. С. М.)
«Өзім туралы саған бір айтарым осылар. Ешкіммен хат жазыспауыма
міне екі жылдан асып барады. Сен білесін,, Сəбит біз жікшілдік күрестің
сорақы дəуірін басымыздан өткеріп келеміз. Жұрт (жікшілдер С. М.) барып
тұрған ұятсыздық түрде, қара басынын, қамын көпшілік ісіне бөгет қып
келеді. Бұл ботқаның да барып тұрған жаманы. Осы жайда сырласқанымыз
есіңде ме? Содан кейін бəрінен де (жікшілдерден С. М.) қол үзіп, аш
отырсам да тыныш отырайын деген ойға бекіндім. Қазақшылықтың бұл
кір-қоңы, сайып келгенде, жүректі айнытатын халге жеткізді.
«Өткен күз Москваға бүкіл қазақтың өсекшісі Байділдин (Əбдірахман С.
М.) келді де, менімен зорлағандай əңгімелесіп кетті. Мен оған кер - жерлер
жайында ол-пұл айттым. Ол құйыршық .барып тұрған ұятсыздықпен,
ластықпен, мен айтқан сөздерді бұрмалап барған (Қызылордаға С. М.)
Соның есегі мен оттауының арқасында, кей жолдастар менен «солай
дегенің рас па?» деп сұрайды. Бұл өтіріктен менің зəрем ұшты. Соңғы кезде
өсекпен ғана шұғылданатын саяси сайқалдар көріне бастағанын байқайсың
ба, Сəбит? Шайтаныма керек пе, олар? Қызылордадан наркомдар,
наркомсымақтар келіп, кетіп жатады. Мен олардан бойымды аулақ салуға,
сөйлеспеуге бекіндім. Егер сөйлесе бастаса, «есегін, де, өзің де əрі кет!»
дейтін болдым. Менің 'Қазіргі тіршілігім осындай.
«Қызылорданың газеттерін оқып тұрам. Адалын айтқанда, өте
қанағаттанып оқимын. Олардан алған əсерім: Исаев (Ораз, сол кездегі
Халық Комиссарлар Советінің председателі С. М.) жəне оны қолдаушылар
жікшілдіктен біржола безген. Маған, əсіресе, Құрамысовтың (Ізмұқан, сол
кезде Қазақстан кəсіпшілер одағының председателі С. М.) сөзі ұнады.
«Тəңірім, бере гөр!» деп тіледім. Бұрын мен оларды Меңдешев жігімен
байланыстырып, сенбей жүруші едім, онымның үстірт екенін енді білдім.
Міне, бар айтарым осылар. Сен бұл хаттың баруына қайран қаларсың,
үндемей қалған адамның бірден ұзын жолдама жіберуі қалай дерсің. Екі
жылдан артық ешкімге хат жазбауымды, сенің өкпелеп жүруіңді еске алып,
осылай көсілуді мақұл көрдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет