Ол адамның мақсаттарынан және сол мақсатқа жету тәсілдерінен тұрады.
Құндылықтардың позитивтілігі, біршама тұрақтылығы тұлғалық қасиеттерді сипаттайды.
Құндылықтар концепциясы Фрейд, Фромм, Адлер, Хорни, Эриксон сынды ғалымдардың психологиялық теорияларында кеңінен қарастырылады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар
Өзін-өзі анықтау - «Мен» концепциясы негізінде өмірдегі өз орнын табу мен өзіндік құндылықтар мәнін айқындаудан көрінетін болса,
Кәсіби өзін-өзі анықтау - тұлғаның кәсіби бағдары негізінде кәсіби қалыптасудың мән-мағынасын түсіну арқылы кәсіби әлемдегі құндылықтар мәнін айқындау.
Кәсіби өзін-өзі анықтау - таңдалған, игерілетін және орындалатын еңбек қызметінде тұлғалық мәнін іздеу және табу, сондай-ақ өзін-өзі анықтау процесінде мағынаны табу.
Кәсіби өзін-өзі анықтау процесі - адамның өзін-өзі тануы, өзіндік қабілеттері мен құндылықты бағдарлары, таңдаған мамандық талаптарына өзіндік ерекшеліктерінің сәйкестік дәрежесін түсіну, кәсіби іс-әрекетте кәсіптік даярлық пен кәсіпті меңгеру процесінде өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалау
Е. А. Климов бойынша кәсіби өзін-өзі анықталудың екі деңгейі:
1) гностикалық - кәсіби сана-сезімнің қайта құрылуы;
2) практикалық - адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты өзгеруі.
Кәсіби өзін-өзі анықтау
тек мамандық таңдау актісі ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл өмір сүру жолында кәсіпқойлықты дамытудың динамикалық рәсімі.
Кәсіби өзін-өзі анықтау феномені
Индивидтің мамандық әлеміне таңдау қатынасы.
Кәсіби қызмет саласын саналы іріктеу
Бүкіл кәсіби өмір сүру барысындағы кәсіби болмысын үнемі рефлексациялау, кәсіпте өзін-өзі бекіту
Кәсіби өзін-өзі айқындауын өзектендіру
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жетілуі