да қолымызға қару алып, Отан қорғауға жіберуді ӛтінген талап-тілегімізді
аса мҧқият тыңдады.
Біз кен орнына жеңіспен оралдық. Сол кездегі бастықтарымызды
тҥгелдей орнынан алды.
Шахтинский қой терісін жамылған пиғылы жат адам екені анықталып,
сотқа тартылды да, оның орнына директор болын Карпов тағайындалды.
Бараққа радио орнатылды, әр кҥн сайын саяси хабар жҥргізіліп, майдан,
тыл ӛмірінен толық мәлімет алып отырдық.
Қазақтың «Кӛп қорқытады, терең батырады» дейтін сӛзі тегінде рас
екен. Соғыс басталғаннан бермен арқамызға ерттеп мініп алған шолақ
тӛрелер жалғыз-ақ кҥннің ішінде сайда саны, қҧмда іздері қалмай
кӛзімізден қҧрыды, кӛңілімізден ӛшті. Сӛйтсек,
жат пиғылды жандардың жҧмысшылардың ӛкіметке қарсы жаппай
наразылығын туғызбақ қастандық әрекеттері екен-ау. Бірақ біздер
сенімімізді жоғалтқан жоқпыз, сағымызды сындыра алмады. Иә, рухы
мықтылар ғана жеңеді. Сондықтан да шындықтың бетіне тура қарай аламыз.
Іріткі салмақ болған арам ниеттің кҥл-талқанын шығардық та, жан
тазалығымызды арашалап алып қалдық. Тегінде, адамның ниеті бҧзылмасын
де, егер адамның ниеті бҥлінсе, онда оған қарсы ешбір қару да, ҥгіт-насихат
та тӛтеп бере алмақ емес. «Трудармияның» солдаттары ең әуелі Отан,
туған жер алдындағы борышын шыдамдылығымен, қайсарлығымен,
қаншалықты тозаң отына ӛртеніп жҥрсе де, ақиқатқа сеніп, жақсылықтан
кҥдерін ҥзбеуімен дараланады. Әрине, бар кінәні «уақыт талабы, заман
солай» деген сӛздерге сілтеп, ӛз-ӛзімізді алдарқаттың. Дегенмен тҥптің
тҥбінде, яғни бейбітшілік орнап, қой ҥстіне бозторғай жҧмыртқалар мезгіл
Sauap.org
66
келгенде, сол уақыт пенОтан алдында есеп беретін кҥн болмай ма... Иә, сол
шақта кімді кім жеңгені айдан-анық, кҥннен жарың болар, бірақ кімді-кім
сатқанын тайға таңба басқандай таба аламыз ба.Нағыз шындықты
білетіндер шейіт болып, олардың кҥні ертең куә боларын алдын ала
сезген соң ӛліміне себепкер болған Анаулардың аты-жӛнін айта аламыз ба.
Бізге жеңісті кӛксегенде сен тимесең мен тимен деп, тып-тыныш ғҧмыр
кешу ҥшін емес, адамдардың ақ-қарасын ажыратып, сатқындарды ақиқаттың
сотына тарту ҥшін кӛксеген шығармыз.
Шҥкір, ондай атты кҥн туды. Шҥкір, біртіндеп Ондайлардан
арамызды аршып та жатырмыз. Жауға қызмет етіп, жау жеңілген соң
бет-пердесін сыпырып тастап, баяғыша баянды ӛмір сҥрмек болғандарды
іздеп тауып та жатырмыз... Әттең, тауысып бітпегенімізге, қайсысы екенін
әлі де таба алмағанымызға ӛкінемін де... Кімдер олар?
Қандай қызметте жҥр? Жаман айтпай жақсы жоқ, Отанымызға қауіп
бҧлты тӛнсе тағы да кімдер бір бармағын ішіне бҥгіп жҥрген? Ең қиыны
осы еді. Мәңгілік майдан аяқталған жоқ дейтініміз де содан-ау.
Рас, ел басына кҥн туғанда ербитіп басын қайта кӛтерген ежелгі
жаулардың орман арасына паналап, екі жыл бойы жҧмысшыларға
жасаған қысастығынан осылайша қҧтылдық. Іштен шалмаққа әрекет еткен
ескіліктің сарқыншақтары сол шақта кең-байтақ еліміздің қай-қайсы
тҥкпірлерінде де бар еді ғой. Таптың мҥддені тҥсінбей, саяси сауаты
жетілмесе де, пенделік пасық та сасық қулық-сҧмдықтардың ауылда да
ойран салып, ойына келгенін істеп баққанын артынан естіп білдік қой.
Әсіресе заманның тыныш, азаматтардың бар кезінде бҧғып жҥрген
жабылардың, ит жоқта шошқа ҥреді қораданың керін жасап, атқа мінгені
— жуас жҧртты жҧдырықпен, айқаймен басқарар шолақ тӛреліктің
бағынып жҥргені, мерейінің тасығаны-тын. Қҧрғақшылықты ауыр
жылдары қҧрт-қҧмырсқа, бақа-шаянның қаптап кететіні секілді, соғыс
жылдары одан қашқан, бҧдан қашқан — жамандықпен кӛзін ашқан
ашқарақтардың асығы алшысынан тҥсті. 1943 жылдан бастап жау қашып,
совет әскерлерінің жер жаңғырта уралаған даусы естілгенде оқтай шолақ
тӛре, әпербақандардың да жҥні жығылып, кеме келген кезде толқын жағаға
лақтырып тастаған салындыдай қайраңдай бастаған.
Осындай жаппай шабуыл тҧсында, Ҧлы жеңістің нышандары
сезіліп, сенім мен жігер ҧштасқан ҧмтылысты шақта коммунистік
партияның қатарына ӛтуге ӛтініш бердім.
Майданға сҧранған тілегім қанағаттандырылмағанмен, мҧнда да
мықты жігіттер керек деп, бронмен мҥлдем қалдырған соң, қазіргі
жҧмысымды адал атқаруға білек сыбана кірістім. Кӛктем туа партия
қатарына қабылданып, десятник болып тағайындалдым. Бірақ асқазанымның
ауруы оңалмай-ақ қойды. Кҥн ӛткен сайын жҥдеп, ішкен тамағымды іле-
шала қҧсып тастаймын. Елден кӛптен бері хабар алмай жҥр едім.
Тҥнде кезегім бітіп, шаршап келіп ҧйқтап кеттім. Тҥсіме алғаш рет
Ақтайлақ мен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, ӛткел бермей шанағынан
Sauap.org
67
асып-тасыған Бҧқтырмадан ӛтіп барады. Осы кезде асау толқын
айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бҥктеп апарып, жалмап жҧтып
қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап соңдарынан жҥгіремін,
дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Шошына ояндым.
Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жҥрегім сезіп еді.
— Белімді тас қылып байладым да, сиыр саууға шықтым. Жӛргекте
іңгәлаған жалғыз ҧлым жатты,— деп, Алма кемпір әңгімесін бҧдан ары
жалғастырды.
— Алғаш босанған кҥні жӛргекте қҧндақтаулы жатқан баланың бетіне
қарауға да мҧршам келмеп еді. Сиыр сауып келген соң қыңқылдап,
қозғалақтаған нәрестені алғаш рет қолыма алдым. Мен шошынып қалар
деді ме екен, баланың жалпақтанып туғанын жасырып айтпапты. Ӛз
кӛзіме ӛзім сенбедім: денесі, беті сап-сары... Сол сарғыш тҥс қырқынан
шыққанша тарқамай қойып еді. Кӛршіміз Анна деген орыс кемпірі
емдеп-домдап әрең кетірді. Баланың сарғайып туғанын біреулер —
оттың жалыны ӛтіп кеткен дейді, ал Аннаның топшылауынша —
шырмауықты кӛп қайнатқандікі, у шӛптің иісі сіңіп кеткен кӛрінеді. Не
керек, әйтеуір, тірідей дҥниеге келгеніне қуандым. Қҧлыным аумаған әкесі:
қыр мҧрын, жіңішкелеу кӛзі — бәрі-бәрі Ақанның аузынан тҥсе
қалғандай-ау. Ӛзі тынышты, әбден қарны ашқанда болмаса, мҧрны
пысылдап ҧйықтай береді. Емшек сҥтіне де жарымай жетілді ғой.
Туғанына жеті кҥн ӛтпей жатып-ақ, оны ҥйге тастап, жҧмысқа қайта
шықтым. Енем Аннаның ақылымен ешкінің сҥтіне мак қосып қайнатып
береді, тойын алған нәресте мен наубайханадан келгенше масайын ҧйықтай
беруші еді.
Тағы да қыс тҥсін, сақылдаған сары аяз келді. Сол жылы қар
қалың жауып еді. Ел адам танымастай болып жҥдеген, әсіресе біздің
ҥйге ауырлау тиді. Кісі саны кӛп, он шақты жанбыз, тек қана картошкаға
қараған кҥн. Шеттей балалар ертеден кешке дейін жей-жей одан да шықты.
Жалғыз сиырдың сҥті Баламер мен ӛлсе де қара шай ішпейтін
қарттарымыздан артылмайды. Тӛркінімнен келген бӛртпе шәлімді белге
байлап, Ақанның етігін алып, қол шана сҥйреп сол ауылға бет тҥзедім.
Ондағы ойым, бӛртпе шәлі мен етікке айырбастап жарты қап болса да
бидай сатып алу. Баламерді тырбаңдатып жалаңаш қойныма тастап
жібердім, жалаңаш денеге жабысқан бала тоңбайды деп, естігенім бар
еді.
Кҥн суық. Жер шалғай. Жаяу-жалпылы салпақтап келемін. Орта жолға
жеткенде артымнан шана жеккен шал қуып жетті. Қуана алдын кес-
кестедім. «Ала кетіңіз»,— деп ӛлердегі сӛзімді айтып жалбарындым. Без
бҥйрек кісі екен «жҥгім ауыр»— деп зу етіп ӛте шыққаны.
Қойнымдағы ҧлымның ӛлі-тірісін анда-санда тексеріп қоямын да,
қысқы жолмен безектеймін-ай. Жаурадым. Қарным ашты, бірақ аялдаған
жоқпын. Сонадайдан Қҧндыз аулының тҥтінін кӛргенде, алдымнан астау-
Sauap.org
68
астау жал-жая алып, қҧшағын жая қарсы алатындай кӛзімнен жас шыға
қуандым. Қуанбасқа шарам да жоқ еді.
Бҧл ауылда Кҥләнда атты қайын сіңлім тҧратын. Бос Қол шанамды
сҥйреп, солай қарай беттедім. Бӛтен кісі екенімді сезген иттер шықты
алдымнан абалап. Қолымдағы таяқпен жасқан, қорқа-қорқа межелі ҥйге де
жеттім-ау. Кҥләнданың ӛзі де жаңа босанған, будақ-будақ суық ала кіріп
барғанымда баласын бӛлеп отыр екен, алғашында тҧмшалана оранған
мені танымады.
— Аманбысың, Кҥләнда,— дегенде ғана барып: «Ойбай-ау,
тәтембісің»,— деп ҧшып тҥрегелді. Ал дегенде сҧрағаны:— Тәтем-ау,
жас босанды, ҧл тапты деп естіп едім, ол қайда?
— Ол міне,— деп, тіршілік белгісін танытып, жалаңаш қойнымда
тырбаңдап жатқан Баламерді, қоянның кӛжегіндей суырып алдым.
Етженді денем бҧлтиып тҧрғанын байқамаса керек, кӛзі бақырайып ӛз
баласын тастай ҧмтылып бас салды.
— Қҧдай-ау, мҧныңыз не? Тірі ме ӛзі?— Қолымнан жҧлып алып,
тынысын тыңдап, бетінен сҥйді.
— Омырауың суың шығар, мен емізейін. Айналайын-ай, қҧйып
қойған ағатайым ғой,
— Ӛңірін ашып жіберіп, емшегін берді. Әбден қарны ашқан қызыл
шақа бала сорпылдатын сора бастады,— Апам мен Атам сау ма? Ақан
ағамнан, Бағдаттан хат бар ма? Ақтайлақтың қҧрбан болғанын естігенмін.
Барайын-ақ, дедім, дәл сол кезде босанып қалдым ғой.
— Бауы берік болсын. Тҧңғыш балаң ғой. Атын кім қойдыңдар?—
деп бесіктегі сәбиге ҥңілдім.
— Клара. Тынышсыздау. Алғашқым болған соң ба, бабын білмей кӛп
әурелендім.
— Ал ерте кҥнді кеш қылмай, бҧйымтайымды айта отырайын. Тамақ
іздеп шықтым.
Бір айдан бері картошкеге қарап қалдық. Ҧн жоқ.— Беліме орай
байлаған бӛртпе шәлімді шештім.— Ақанның етігі мен мынау тӛркінімнен
келген жалғыз жасау — шәліні алып, астық беретін адам табыла ма?
— Апыр-ай, тәтем-ай, ең бір қимас заттарыңды алып шыққан
екенсің, шындап ашыққансыңдар-ау. Мен кӛршілерге.жҥгіріп барып
келейін, біреу болмаса біреу келісер, сен балаларға қарай тҧр,— деп, асыға
тонын киді де, ҥйден лып етіп шыға жӛнелді.
Мҧса деген молда шалды, ертіп, қайта кірді. Мен оны бірден таныдым.
Бағана шанасына отырғызбай кеткен қақбас осы кісі еді. Ол етік пен
бӛртпе шәліні бит қарағандай ҧзақ, ҧстап, мҧқият тексерді. Ыңыранып,
ойланып, басып шайқап, бҧлдана тіл қатты.
— Жарты қап рошқа келісем. Одан артыққа бағаласаң, басқа алушы
ізде,— деді, қолына жағымсыз зат жҧғып қалғандай жиіркене тастай беріп.
Жыным келді-ақ, ит терісін басына қаптап, ҥйден қуып шығайын деп
Sauap.org
69
ойладым да, қайта айныдым. Расында, осы шәниген шалдан айрылып
қалармын деген қауіп жеңді.
— Жарайды, ақсақал, сіздің айтқаныңыз болсын.— Ол шәлі мен етікті
қолтығына қысып, тез шыға жӛнелді. Жарты қап рошты баласы әкеліп
тастады.
— Қайран, асыл заттар-ай!— деп Кҥләнда қатты ӛкінді.— Ол молда
енді әлгі заттарды ҥш қап бидайға да сатпайды. Етікті сықырлатып ӛзі
киеді, шәліні жаңадан алған жас тоқалының басына тартады. Жҧтшылық
жылы ит пен молда семіреді деген сол. Осы ауылға қара қағаз келген
сайын қақшиып тӛрде отырады, қақбас.
— Оның жазығы жаназа шығарғаны ма,— дедім мен.
— Тыныштық кезінде бірсәрі, соғыста шейіт болғандарға бағыштаған
қҧранды тегін оқуға да болады ғой.
— Тегіннің атасын теңге теуіп ӛлтірген. Шайыңды тездетіп қайнат, мен
қайтайын.
— Қайтқаны несі, қҧдай-ау, кеш болды ғой.
— Ертең ерте жҧмысқа шығуым керек. Онсыз да қҧлағалы тҧрған
тауға қой жайғым келмейді.
— Жалғыз ҧлды ӛлтіріп аласың ғой, тәте. Қонып, ертең аттансаң
қайтеді.
— Жоқ, Кҥләнда, қазір жҥремін. Тәңірімнің маңдайға жазғанынан
қашып қҧтыламын ба.
Ӛлер бала болса — қҧс тӛсекте жатса да ӛліп қалады.
Кҥн ҧясына қонып, апақ-сапақ, мезгіл тҥскен шақта, ҥстінде жарты
қап астығы бар қол шананы сҥйреп, Баламерді қойныма тығып қайтадан
жолға шықтым. Қайын сіңлім мені жылап-еңіреп ауыл шетіндегі қабаққа
дейін ҧзатып салды. «Атам мен апама бер»,— деп, аузындағысын жырғандай
болып, бір аяқ ҥн, бір асым ет берді.
Тӛңіректі қараңғылық жайлап, жҧлдыздар самсай бастады. Алтайдың
шыңылтыр аязы бетті шымшылап, аузы-мҧрныңнан бу болып
будақтайды. Қҧлаққа ҧрған танадай тыныштық, барлық, әлем елікке
айналып, қардан жасалған аппақ, кебінді жамылын жатқандай. Ақша
қарды басқан табаным мен қол шананың бір қалыпты сықыры тҥн
ішінде алысқа талып естіледі. Қарсыдан соққан ызғырық, жел бар еді,
жанарымды жалап, кӛзімнен жас сорғалайды. Нәресте мені жылытып,
мен нәрестені жылытып жылжып келемін. Бетімнің аяздан домбыққаны
болмаса, ене бойым жаураған жоқ, тынбай қозғалған соң, денемнің бала
жатқан тҧсы ептеп жібіген. Анда-санда омырауымды далдалай ашып,
Баламердің ӛлі-тірісін тексеріп, ауа кіргізіп қоямын. Кейде тҧра қалып
емшегімді аузына саламын. Ыңыранып ай туды. Соқыраңдап келе
жатқан кезіңде жарықтық, ай да елегізген жаныңа сеп екен. Аппақ, қарға
нҧры саулап, жылт-жылт етеді.
Сол жақ бҥйірде жағалауын тоғай кӛмкерген Бҧқтырма жатыр. Ӛзеннің
ӛне бойын қуалап, шудадай шҧбатылған ақ ҧлпа тҧман бар. Кҥндіз бері
Sauap.org
70
қарай келгенімде ӛткен тҧсқа жақындадым. Қырсыққанда мҧздың бетінен
қызыл су жҥріп, енді-енді ғана қаймақшып қата бастаған екен, амалым
таусылып тҧрып қалдым. Ӛзенді қуалай ӛткел іздедім, қызыл судың аңыры
болмады. Енді не істеу керек? Аяғымдағы пимамен кешін ӛте шығуға
тәуекел жасағым келді. Болмайды. Ай сәулесі тҥскен ӛзен беті айнадай
жарқырайды.
Кӛңілі хош, киімі жылы, тамағы тоқ тҥлкі тымақ, қасқыр ішік киін
еріккен адам болса, тҥнгі табиғаттың анау сылқым кӛрінісін қызықтап
«қандай керемет» деп, таңдай қаға тамсанары рас... Менің тҥрім болса
мынау — қҧлыны акқан жылқыдай олай шауып, бҧлай шауып, арғы жағаға
ӛте алмай діңкем қҧрып жҥр. Қҧр бекерге тҧра беру — ҥсіп ӛлумен тең.
Тәуекелге бел байладым. Аяғымдағы табандаған пимамды ішіндегі
байпағымен қоса шешіп тастадым да, «Бисмилла, су иесі Сҥлеймен, жар
бола гӛр»,— деп, қызыл суды тобықтан кеше тайғанақтап жалаң аяқ ӛте
шықтым. Қҧдай сақтады ғой, әйтпесе су астындағы жалтыраған мҧздан
табаным тайып, жалпамнан тҥссем не болар едім...
Баламерімнің кӛз жасы шығар алып қалған, басқа кім дейсің?.. Ӛте
шықтым да, аяғымдағы қар мен суды шапанымның етегімен сҥртіп жіберіп,
жан дәрмен кие қойдым.
Башпайларым тоқылдап қатып қалған секілді дызылдай бастады.
Әлгіден бері ҥнсіз жатқан бала қыбырлап, жылады. Қойныма қолымды
тығып, емшегімді аузына салдым.
Қҧлыным-ай, омырауымды бҥлкідетіп, сҥтсіз болса да емеді... тіршілікті
таусағаны ғой...
Қҧлыным-ай, сорпылдатып сорғанда менің де бойыма ӛзім де
білмейтін тың кҥш бітіп, қайратыма қайта міндім. Қол шананың бас
жібін мойныма іліп алдым да, қос қолдап баламды қҧшақтап жҥгірдім...
Жын ҧрғандай, айлы да аязды тҥннің астында елбеңдеп келемін. Ауылға
әлі де екі-ҥш шақырым жер бар.
Қойнымда бала, қолымда шана, қол шанада — жарты қап астық,
кӛзімде жас, кӛңілімде — ӛмірге деген іңкәрлік... безектеймін... Иә,
Баламердің бақыты шығар мені ажалдан алып қалған. Солқылдап
тынышы кетті ме, ол тағы да қыңқылдап жылады. Жҥрісімді баяулатып,
ентігімді бастым. Неге екенін ӛзім де білмеймін, әлде баланы уатқаным
шығар, әлде әлемнен әділдік іздеп, тҥңғыш рет кӛңілім кӛбең тартып,
жалғызсырадым ба,— тамағымды кенеп, таңдайымды тіліммен сулап ән
бастадым. Ән бастағанда да қайырмасын қайталай беремін. Сонда аязды
тҥнді ай астында қол шана сҥйретіп, қойнына баласын тығып келе жатқан
әйелдің айтқан әні мынау еді:
Ахау, Гҥлдерайым,
Кҥн мен Айым,
Дариға-ай, Арманым кӛп
Неғылайын...
Sauap.org
71
...Дариға-ай, арманым кӛп неғылайын деп, мҧң мен налаға, қайғы мен
қасіретке, ӛкініші мен аһ ҧрған уайымы мол ӛмірдің қысқы жолы
таусылып, туған ҥйдің ауласына келіп кірдім. Атам мен Енем:
«Жарығым-ай, тірімісің»,— деп, кҧшақтарын жая қарсы алды.
Сондағы Атам жарықтықтың аузына тҥскені «азаматым- ай» деген
сӛз кҥні бҥгінге дейін қҧлағымда.
Қысқы жол мҧнымен де таусылған жоқ еді. Ертеңінде тҧлып болып
ісініп кеткен аяғымның ауырғанына қарамастан, елең-алаңнан жҧмысқа
шықтым.
Енем де қарап отырмайды. Майдандағы жауынгерлерге деп, кӛйлек
тігеді, шҧлық тоқиды, кендір сыдырып, арқан еседі. Әйтеуір, баланың
басы бар, колхоз тапсырған ҧсақ-тҥйек шаруаны тез бітіріп тастайды.. Ол
ҥшін еңбеккҥнді кейде жазады, кейде жазбайды.
Әсіресе жанға батқаны «трудобойда» жҥрген Ақан ҥшін салған
«военсалық» болды.
Биылғы жылдыкін тӛлемеп едік, тіпті, беріп қҧтыла қоятын елу
сомымыз да жоқ-ты. Бір кҥні едіреңдеп ауыл сәбеттігінен хатшысы
келді. Тӛрт емшегіне қарап отырған жалғыз сиырды аламыз деп тізімдей
бастаған соң, амал жоқ, бҧл ҥйдегі ең ақырғы байлықты ортаға салдық.
Баяғыда атам Черново деген ауылдағы орыс байынан екі жылқы беріп
алған дәу сары самаурынды ауыл сәбеттің ӛзіне сатып, әскери салықтың
бір жылынан тағы да азаттандық-ау зорға дегенде.
Ол уайым емес, бар уайымым — жалғыз ҧлды тірідей әкесіне кӛрсету.
Басқа балалардың қашан туып, қалай баққаным да есімде жоқ. Бейне бір ӛз
қыздарым емес, ӛзгеден асырап алған секілді, белгісіз де бейбіт ӛсті. Кҥні
бҥгінге дейін шеше болып мекіреніп, «айналайын» деп, беттерінен сҥйген
емеспін. Әйтеуір, қырқынан шықса болды, ары қарай
Енемнің баулуымен бауырында жетілетін. Қартайғанына қарамастан еті
тірі, пысық адам ғой, бала бағудың азабын ешқашан кӛрсеткен емес. Ал
ҥлкен кісінің тәрбиесінде ӛскен шағалардың біртоға, ақылды болып
ӛсеріне қазақтардың кӛзі баяғыда жеткен. Рас, Баламердің де
ауыртпалығын тҥсірген жоқ. Оқта-текте, жҧмыстан шаршап келгенімде,
мауқымды басайын деп, алдыма алып, аймалай бастасам: «Тәйт әрі,
бала кӛрмеп пе ең»,— деп қолымнан жҧлып алар еді.
Енемнің ӛз тағдыры да талай-талай сҥргіннен ӛткен қияметке толы
екенін кейініректе естіп білдім. Ол кісінің тегі ауқатты адамдар болған
кӛрінеді. Алтайдың кҥнгей бетін жайлаған қалың Абақ Керей руынан.
Атақты байдың оң жақтағы қызы болып, ҥлде мен бҥлдеге оранын
отырғанында атамыз алып қашыпты. Содан екі ел арасында ҥлкен дау
туады. «Сілкіп салар сырмағы, шек деп қайырар лағы жоқ тақыр кедейге
қызымызды бере алмаймыз»,— деп, жҥз шақты жігітпен келіп қайтадан
алып кетіпті. Енеміз ез ҥйінің оң босағасында отырып босанады. Соның
Sauap.org
72
ӛзінде ар-намыс кӛрмей, сол жақтың бір жігітіне ҧзатқалы жатқанында,
баласын алдына алып, Алтай асып атамызға қашып кетіпті.
Тӛркінінің бетін содан қайтып кӛрмей кеткен екен. Екі-ҥш жылдай
мезгіл ӛткен соң, әке-шешесі: «Қыздың кәрі қиын болушы еді, ӛкпеге қисақ,
та, ӛлімге қия алмадық, кешсін»,—деп, тҥйеге теңдеп жасауын беріп
жіберіпті. Сонда арғы беттен қойнына тығып келген бала Ақмет екен...
Содан бері қанша жыл ӛтті, қанша су ақты. Енді міне, қара шаңырақтың ару
анасы болып отыр.
Мен туасы бала жанды адам емеспін. Балаларыма қолым тиген
шақтарым да болды. Бірақ ҧрсып, соғудан ӛлген, жасқаншақ болып ӛскен
баланы кӛргенім жоқ.
Қызың, бір кҥні Ата-енем қҧрман айтқа кеткен болатын. Бесікте
қолындағы қойдың асығымен былдырлап ойнап жатқан Баламерді шешіп
алдым да, шӛпілдетіп сҥйіп, әлдилеп отырғанмын.
Әлди-әлди абайым,
Атқа тоқым жабайын,
Сенің апаң қыдырмаш.
Қайдан іздеп табайын,— деп әндетемін-ай.
Кӛңілімдегі әсте де кетпей жҥретін уайым кӛлеңкесі, санамды
сартал етіп сарғайтқан сағыныш, белгісіз бір аңсау, ҥзілмес ҥмітпен
іздеу сынды жҥректі шабақтар сезімдер бойыма тарап, денем
қорғасындай еріп, кӛзімнен ашу-ызасыз, қуаныш-қайғысыз әдемі жас
шықты. Ондайлық мҧнтаздай мҧңлы жас кісінің жанын жарылқайды
екен. Осындай ӛң мен тҥс арасындағы іңір сәттің қоңыр жай самалын таусап,
Достарыңызбен бөлісу: |