қиналған шақта, осыншалық сорақылыққа жол беру, әрине, әркімді де
ойландырады. Арыз-арманымызды айтар жер таба алмай іштей мҥжілеміз.
Біз майданды кӛкседік. Амал не, мені тағы да бронмен алып қалды.
Қҧмырайдың зәресін зәр тҥбіне жібере бір топ жігіттерді соғысқа
жіберді. Қҧмырай екеуміз кӛп болды амандаспаймыз. Бҧл ескі кекті қуу, жоқ
болмаса жеке бастың бақастығынан қоздаған дҥрдараздық емес еді; бҧл,
жалпы мінездің ӛзгешелігі, рухымыздың бір қазанда қайнаса да
қабыспайтын қарама-қайшылығы тудырған бітіспес майдан сықылды еді.
Қолымызға қару алып, атыспағанымыз болмаса бір-бірімізге ӛзгеше
дҧшпанбыз, ӛлердей жатпыз. Егер тағдырды жалғыз ғана шана десек,
сӛз жоқ, сол шананы екеуміз екі жаққа сҥйреп жҥрміз. Ағайындық та,
ауылдастық та, барақтастық та дәнекер бола алмас ӛгейлік пен ӛшпенді
суықтық кҥн ӛткен сайын қабына тҥсті. Неге?
Sauap.org
30
Ӛзім де білмеймін, кӛре қалсам болды ӛне бойымнан жылан
жорғалап ӛткендей тітіркенемін.
Қайта елде жҥргенде еркін араласа беруші едік.
Елде жҥргенде демекші, соғыс басталмас бҧрын Жҧлдыз аулы
Октябрь тойын ерекше ӛткізгені әлі есімде. Ат жарыстырып, балуандарды
кҥрестірді. Бас балуанға осы Қҧмырай шыққан. Екі иығына екі кісі
мінгендей, еңгезердей жігіт беліне белбеу байлап, мықынын таяна ортада
тҧрды. Оның сҧсынан қорықты ма, мҧқым елдің ішінен суырылып
ешкім шыға қоймады. Маған оның кӛпшілікке менсінбей қарап, мен-менсіген
тҥрі ҧнамады.
Шыдай алмадым. «Жығылсам жер кӛтерер»— деген тәуекелмен
ортаға атып шығып, алақаныма тҥкіріп ҧстаса кеттім. Тӛрешілер мені
әрең тоқтатты. Сӛйтсем, белбеу байлауым керек екен. Қҧмырай әлі
шіреніп тҧр. Әсіресе саған не керек дегендей, мырс етіп мысқылдай
кҥлгені жанға батты. Белдесіп, бір-бірімізді толғай ырғап, кҥшімізді сынап
кӛрдік. Ол менің қҧлағыма:— «Жамбасың сынып қалса қайтесің, қҧрдас»,—
деп сыбырлап ҥлгерді. Қаумалай қоршаған халық дҥрліге жақындап, кҥрес
шеңберін тарылтып жіберді. Біз аңдысып, ал дегенде әдіс қолдана қойған
жоқпыз. «Қҧмекең қоймайды, талай рет палуанға тҥскен нар емес пе»,
«Ақан да осал емес, таутекенің асығындай шымыр әрі шапшаң»,— деген
сӛздерді еміс-еміс естіп қаламыз. «Болсаңдаршы, қҧдалар қҧсап
қҧшақтасып жҥремісіңдер»,— деген сӛз естілгенде, қарсыласым ежелгі
тәсіліне салып, «ауп» деп мені ӛзіне жақындата жҧлқа тартып, оң
жамбасқа сала бергенде, осы сәтті табандап аңдыған мен сарт еткізіп іштен
шалдым да, ӛзім шалқалай аударғанда, ол гҥрс етіп астыма тҥсіп қалғаны...
Әбден ызам келсе керек ет қызумен: «Кҥш менікі, сор сенікі»,— деп
басынан аттап кетіппін. Жҧрт шу ете қалды.
Қҧмырайдың ағайын-туғандары ауырсына жатып қалған жігітті жерден
тік кӛтеріп әкетіп, улы айғайға, бітіспес дауға басты. «Азаматымызды
қорлап, басынан аттады, сҥйегімізге таңба болды, ру намысына тиді,
тҧрысатын жерін айтсын»,— деп кіжінді. Біздің, Ҧзақ деп аталар рудың да
жігіттері мен атайын, сен тҧр, ӛңкей бір жынды сҥрейлер еді, білек тҥріп
сыбанып олар шықты. Әйтеуір, не керек, бҧл дау-дамай, жанжал кҥні бойы
басылмады.
Тіпті, екі жақтың бал сыраға қызып алған бас кӛтерер-ау деген
азаматтары колхоздың аяқ артар кӛлігін ҧстап мініп, айылын мықтап тартып
жекпе-жекке сақадай сайлана бастады.
Тымақтарының бауын байлап, сойыл, айыр, шоқпар секілді қаруларын
әзірледі. Сонымен екі жақ Кҥркіременің жазығында кездесетін болып
уағдаласты. Аяң астында туған дауды бітістіре алмаған колхоз басшылары
ауданға ат шаптырып, сот пен милиция шақыртты.
Сӛйтіп, әрең басып еді-ау...
Sauap.org
31
Міне, ол екеуміздің арамыздағы беріш болып қатқан бақастың осылай
басталған. Қашан аяқталады, оны ӛзім де білмеймін. Тегі, ӛлсек те кӛрімізде
тыныш жатпаспыз...
Әрқайсымыз «менікі жӛн» деп жӛнеле береміз де бҧл дҥниеден...
Сырттан келген жауды жеңуге болар, ал арамыздағы ше... олардың кімдер
екенін білмейміз ғой. Сырттай қарағанда бәріміз бірдейміз, бетегеден биік,
жусаннан аласамыз. Ешкімнің маңдайына ақ, қарасы жазылып тумайды. Осы
Орал тауында еңбек әскерінде жҥрген адамдардың ӛзін ажыратып, жақсы,
жаманға іріктеп болу мҥмкін бе?.. Қҧмырай да, мен де бармын.
Мақсатымыз жалғыз деп мақтанғанмен, пиғылымыз басқа ғой. Оны
пайымдап, зерттеп берер уақыт жоқ. Қазір, тіпті, содан бері отыз жыл
асса да, шып мәнінде, қоғамға кім керегін айқындадық па, сыртқы
әрекеті ҧқсас адамдардың астарын ашып әдібін cӛгe салдық па... Жауды
атып тастайсың, біздегілерді ше?.. Мҥмкін, олар жаудан да қауіпті шығар.
Алманың ішіндегі қҧрт секілді, білдірмей шірітер. Алайда алманы — адам
десек, қайсысының ішінде қҧрт барын қалай табамыз. Базардағы саудагер
секілді сыртымызды жылтырата сҥртіп қоямыз...
Оралдың жазы керемет екен, Алтайдан бір де кем емес, жаныңды
жайсаңға бастайды.
Жап-жасыл болып тамылжыған дҥние: қасқая қарап тҧрар қарағай,
ақ балтыр, кӛк кӛйлекті қайың, теңге жапырақты терек, жайқала ӛскен тау
шалғыны. Егер ӛмірдегі қайғы-мҧңды ҧмытып, табиғатты ғана тамашалап
кетсең, мәңгі жалықтырмас жан-жарың әлемнің қойнына кіресің де, ӛзіңнің
жер басып жҥрген жҧмыр басты пенде екенің, арман - мақсатың,
келешектен кҥтер ҥміт-бақытың, жақсылық аңсап дҥрсілдеп соққан
жҥрегің бар адам екенің есіңе тҥседі. Осылайша, орман-тоғай, тау-тасты
кезіп, анау сор боп келген соғыстан, сор маңдай қылған ауыр жҧмыстан
безіп, бейбіт те берекелі ӛмірді сағынасың.
Жалғанда тҥскі ҥзілістен келте, кӛзді ашып-жҧмғанша жай оғындай
шапшаңдықпен зу етіп ете шығар не бар екен... Айналаңа қарап, тамашаға
енді-енді тамсана бергеніңде жҧмысқа шақырар қаңылтыр темір қағылады.
Кеппеген жас ағаштан жасалған жас шпал мен иығыңды езіп жіберер
темір жолды кӛтеріп, ҥңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің
артыңнан тырмыса вагон итеріп басқалар ереді... Арпалысқан адамдар,
жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жҥмысшылар. Таусылып
бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар
орман арасында қҧмырсқаша қҧжынайды. Бәрі де майдан ҥшін! Бәрі де
жеңіс ҥшін! Әттең, сол кездегі «трудармияны» киноға тҥсіріп алса ғой,
ӛкінішке орай, газеттенбіз деген бірде-бір журналистің тӛбесін кӛрген
емеспіз.
Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтардың орнын
басуға жҥздеген қыз-келіншектер келді. Улап-шулап, сол кезеңнің бар
қайғысын, қалған-қҧтқан қуанышын ала келді, айналайын әйелдер... «Енді
еркектерге екі есе жҧмыс істеу керек шығар?»— деп, ойладым. «...Алла
Sauap.org
32
тағалам осы қуаныштан айырмаса екен. Маған кӛп нәрсенің керегі жоқ, тек
барымды ала кӛрме»,— деп, жасаған иеме жалбарына тіледім,— Алма
кемпір әжімді жҥзін қарсы алдындағы қарғадай ғана келіншектен алмастан
әңгімесін жалғастырды.— Ол кезде тура сенің жасыңда едім ғой,
Кҥмісжан. Иә, сенің жасыңдағы толықсыған шағым еді. Тотыдайын
таранып, сҧңқардайын сыланбасам да, шайқап ішіп, шалқалақтап басатын
отыздан асқан от мезгіл еді ғой. Қайтейін, қарағым, қайтейін, тағдырдың
тепкісіне тҥсіп, дертесіне жегілдік. Сонда да жеңдік! Әрине, бақыт қҧсы
біздің шаңыраққа кеш қонды, кеш қонса да біржола қонса екен деген
арман және бар. «Бала-шағасы жетті, шаңырақ кӛтеріп, қарқарадай ҥй
болды. Осынша мал ҧстап, дҥние жинайтындай не бастарына кҥн туды. О
дҥниеге арқалап ала кетем деп жҥр ме». Бҧндай қаңқу сӛзді кҥнде
естиміз. Ал ертең шал екеуміз екі жерде қиқайып қалайықшы, қай
ағайын арулап қояр екен. Жан -жақтан балаларымыз жиналғанша, оң
жаққа салып, аруағымызды кҥзетер кіміміз бар.
«Ӛлсең де кӛрің кең болсын» деген бҧрынғылар, жаман айтпай — жақсы
жоқ, қайтпайтын жолға тҥсер болсақ, ҧл-қыздарымызға
ауыртпалығымызды салмайың, жас кезімізде тойып тамақ жемеп едік,
тым болмағанда асымыз аста-тӛк болсын деген оймен жинаймыз малды.
Әрине, алдымызға салып айдап кетпейміз, артымызда қалады,
кҥншіл ағайынның ӛзіне бҧйырады. «Ӛлгеннен соңғы бақыттың керегі
не»,— деуші еді шал. Ой таразысына салсам, бақыт жарық дҥниемен
қоштасқаннан соң да қажет екен. Ӛзің ҥшін емес, ҧрпағыңның ҧялмауы
ҥшін...
Бірді айтып, бірге кете берді-ау, қарағым. Ақанның соғыста емес,
«трудобойда» жҥргенін естіген ел сан-саққа жҥгіртті. Кейбіреулер: «Бағың
бар екен, Алма, Ақаның жақсы жерге орналасыпты»,— ден, шын
ниетімен қуанса, қайсыбірі: «Тасының ӛрге домалауын қарашы. Біздің
байымыз жауып тҧрған оқтың астында жаумен алысып жатса, пәленшенің
кҥйеуі курортта жҥp»,— деп, қызғаныш білдірді. Әсіресе кҥйеуінен қара
қағаз алған қаралы әйелдердің бетіне қарай алмаймыз, байларын біз
ӛлтіргендей-ақ, амандасайын десең теріс айналып, ернін шығарар еді..
Кҥн ӛткен сайын сҥйкіміміз кетіп, қай-қай жердегі ең киын жҧмысқа
салатын. «Ей... трудовойдың қатыны хал қалай, байың жардай болып семіріп
алыпты деп естідім.. Сол жақтан уыздай жас қызға ҥйленіп, біржола қалып
қойса қайтесің»,— деп, сайқымазақ қылатынды шығарды.. Бар айтар
жауабым: «Тірі жҥрсе болды». «Тірі жҥрсе болды»— бҧл менің
жҥрегімді жарып шыққан адал да ақ тілегім еді. Байын байлап ҧстаған
әйелді кӛргенім жоқ, Ақанның бас бостандығы ӛзінде, талақ тастаса да
ӛкінбес едім, кейбіреулер қҧсап қарғап-сілемес едім. Имандай шыным
осы. Қызық...
Осыдан бес жыл бҧрын Ақан пенсияға шығатын болып, райсәбезге
барған екен:
Sauap.org
33
— Ата, ҥйленбеген сіз бе, паспортыңызда белгі жоқ,— деп қағаз
бермепті. Содан мені қызыл машинаға салып алып, ауданға апарды.
Алғаш рет некеге тҧрғызып, ерлі-зайыпты деген кінешке бергені.
Қартайғанда қайта ҥйленіп, некелескен ел-жҧрттан ҧят екен. Балаларым той
жасаңдар деп мазақтап, кӛрші-қолаң қыңқылдап қоймаған соң, амал не,
бір малымызды сойып, ырымын жасадық...
Кеше ғана ӛзіміз еккен егін жайқалып ӛсіп қалды. Енді бізді сол егінді
арық, қазып, суару жҧмысына салды. Кҥркіреме бҧлағының ар жағындағы
диірменнен бастап қиялай қазған арығымыздың орны сайрап әлі жатыр.
Ҥш әйел қайла-кҥрегімізді арқалап таң бозынан тҧрып, солай қарай
аяңдаймыз. Белуардан су кешіп, қиядан саулап су жырып кеткен жерді шым,
таспен бітеп әуре болып жҥргеніміз. Ҥйден ала шыққан талқанымызды
қайнамаған дара суға шылап, жҥрек жалғаймыз да, тағы да қара жерді
қазғылаймыз. Диірмендегі егістікке арық жҥргізу жҧмысын аяқтаған соң,
бізді Жаман ашыдағы арпаны суаруға салды. Бҧрынғымыз мҧның жанында
ойыншық екен, қып-қызыл тасты сҥймендеп жылдар бойы соқа тісі тимеген
беріш тӛбенің бауырын қақ, тіліп, арық қазғанда, алғаш рет қатты
шаршағанымды сездім. Кҥн ыстық. Сусын жоқ. Ішім ҥлкейіп қалған.
Колхоз бастығы қас қылғандай жаныма сырлас қҧрбым Ғайшаны да
қоспай, кҥйеулерінен қара қағаз алған Сақыш пен Бәтішке теліген. Олар
менімен қырғи қабақ, арық біреу болса да бӛлек жҥреді.
Звенобойымыз Сақыш мені қайдағы бір қағынған жерге, шақылдаған
кӛк тасқа салады.
Екеуі ӛзіне тиесілі жерді бітіреді де, талдың кӛлеңкесінде дем
алып, кейде рақаттанып мызғып алады. Қатты қимылдайын, олардан
қалмайын-ақ деп тырмысамын, амал не, Ақанның аманатын дҥниеге
әкелмей тҥсіріп аламын ба деп қорқамын. Ӛзіме бӛліп берген жерді ломдап,
қайлалап қазып бітіріп, қатындардың қасына келсем, олар ҥшеумізге
тиесілі ҥш литр сҥтті бӛліп алып, бір-бірінің басын тарап жайбарақат
отыр. Ҥндемеуші едім, қарсы келіп, салғыласпаушы едім, дәл осы жолы ақ
сайтаным ойнады.
— Ау, маған тиесілі сҥт қайда?— дедім қалш-қалш етіп.
— Байы тірі қатын сҥт ішуші ме еді,— деп, сылқ-сылқ кҥледі.
— Албастылардай, кҥйеулеріңнің ӛлімін менен кӛріп болмадыңдар ғой.
Бір ҥйдегі он жан адам жалғыз сиырдың тӛрт емшегіне қарап ақсыз отыр,
оның ӛзі де арты бітеліп, қысыр қалған. Тым болмағанда ӛлмелі кемпір-
шал, шикі ӛкпе балаларымды аясаңдар етті.
—Қанша тасқайнат, мықты болсам да шыдай алмай дауыстап
жылап жібердім,— Қҧдай зауалдарыңды берсін!
— Сілкінбе!— деді Сақыш орнынан атып тҧрып.— Қаралы ҥйге қарғыс
жҥрмейді. Ӛзіңнен бес жас кіші байыңа мақтанамысың. Сенің де сырың
белгілі. Бай қҧтаймайтын қанды етек қаншық! Жалғыз летір сҥт ҥшін
бидайдай қуырғаны несі.
Sauap.org
34
— Ей, Сақыш, тіліңді тарта сӛйле, білдің бе! Сенің де сырың
мәлім. Азаматыңның топырағы суымай жатып, шыжбыңдап жҥрсің. Қу
жатыр болған бедеулігіңді менен кӛресің бе? Қалай звенобой болғаның
да алақанымда. Басыңа тартқаның қара емес, қызыл орамал, тым
болмағанда аруақтан ҧялсаңшы!
— Не дедің?— Кҥректі ала ҧмтылды. Мен де қарап қалған
жоқпын. Сҥйменді кӛлденең ҧстап қорғана бердім.— Қан қылайын!
Қолыңда ӛлейін...
— Жақындап кӛр!— Неге екенін ӛзіміз де білмейміз, екеуміз де
қолымыздағы қаруды тастай беріп шашымызға жабыстық. Нағыз қатын
тӛбелес басталды. Бәтіш: «Бірің ӛліп, бірің қал»,— деді де, ҥш летір сҥт
қҧйылған торсықты арқалап, ауылға тайып тҧрды. Мен Сақыштан гӛрі
қарулы екенмін, шалқайта қҧлатып кеудесіне мініп алдым да, етегін тҥріп
тастап, май қҧйрығын армансыз шапалақтадым-ай, ӛсек айтқан бҥкіл ауыл
әйелдеріндегі кегімді Сақыштан алдым. Астымда жатқан ол тыпырлап:—
Албасты-ау, ӛлтіремісің, қоя бер енді,— деді. жҧмсарып қалған секілді,
даусы ӛзімсініп шықты.
Екеуміз қатар отырып алдық та, батысқа жҥз беріп, ағыл-тегіл
жыладық-ай... Бір-бірімізден кешірім сҧрап, бетімізден сҥйдік. Ақшам
жамырап, қас қарайғанша мҧңдастық, сырластық, қайтып қарсы сӛз
айтыспастай болып табыстық. Кӛйлегінің етегін кӛтеріп қараған Сақыш:
— Албасты-ай, аямай-ақ ҧрған екенсің, қарашы алақаның тиген жер
қып-қызыл болып қалыпты. Удай ашиды,— деді кҥліп.
Ел орынға отыра арып-ашып ауылға жеттік. Сақышты ҥйге апарып, шай
бердім. Міне, осы оқиғадан соң айнымастай достастық, қайда жҧмсаса да
жҧбымыз жазылмай бірге жҥретін болдық.
Шілде туып, колхоз жаппай шӛп шабуға кірісті. 1942 жылдың жазы әрі
ыстық, әрі берекелі болды. Елдің жағдайы бір қалыпша. Майданға
аттанған елу шақты азаматтың тең жартысынан қаралы қағаз келді.
Қаралы қағаз келді деп, қара жамылып, жылап-сықтап жатып алған
ешкім жоқ, ҥш кҥн жоқтап, тӛртінші кҥні жҧмысқа шығады.
Жесірлермен кӛрісе-кӛрісе кӛзіміз қанталап кетті. Әр әйел ӛз мҧңын айтып
жоқтайды демекші, ӛзгенің қайғысы жаныма қанша батқанымен, іштей
Ақанның есен-сау оралуын тілеймін. Ӛйткені басқалар тҧңғыш қосағынан
айрылса, мен байғҧс ҥшіншісін жоғалтып аламын ба деп зәрем
қалмайды. Соғысқа бармай, Оралда жер қазып жҥрсе, тәңірімнің кӛз
жасымды кӛргені, рақымы тҥсіп аяғаны шығар деп ойлаймын. Қайын
сіңлілерімнің ҥлкені Сандуғаш ойда да, Қарлығаш жонда жҧмыста. Ботай
мен Қатай да колхоздың жҧмысынан қалмай, қҧйрықтарын ӛгіз ойып жҥрген.
Қалғандары әлі жас, ауылда апасының қасында еді.
Бір кҥні мені колхоз бастығы Нартай шақырды. Не болып қалды
дегендей, қҧстай ҧшып кеңсеге жеттім. Ол шақта бастық, немесе кеңес
хатшысы іздеді десе, зәре-қҧтымыз қалмай қорқушы едік. Әр ҥйге келер
қара қағазды, ең алдымен кеңсеге шақырып, басқарма мҥшелері мен кеңес
Sauap.org
35
қызметкерлері тапсыратын... Жҥрегім тарсылдап, аузымнан шыға жаздап
есігін аштым. Нартайдың жалғыз отырғанын кӛрген соң ғана, ес-ақылымды
жинай бастадым.
— Ӛңің айдаһар қуғандай ғой, келін,— деп, әңгімесін бастады.
— Тыныштық па, аға?
— Тыныштық. Сенің ҥйіңе келер зауал жоқ әзір. Ақан трудобойда
ғой... Байонкоматқа айтып, соғысқа жібертпеген мен едім...
— Оныңызға рақмет, аға,— дедім сӛзіне сенбесем де.
— Жақсылығымның ӛтеуін алайын деп отырған жоқпын, шырақ.
Бірақ судың да сҧрауы бар деген... Ақанның кҥмістеген ері бар еді, ӛзі
келгенше міне тҧрайын, маған бер,— деді қоңыр дауыспен майдалап сӛйлеп.
— Бере алмаймын, аға. Мен келіскенмен, ата-енем ат-тонын ала қашады.
Ақаннан қалған жалғыз аманат қой, орынсыз қолқа салмаңыз.
— Ӛкпелесем қайтесің,— деп оспақтады.
— Қайтеміз, Кӛнеміз де.., — Адамның жаны, қасқалдақтың қанын
сҧрап отырған жоқпын ғой, келінжан...
— Біз ҥшін Ақанның ері одан да қымбат.
— Босқа қаңсып жатқанша ат арқасын иіскесін.
— Босқа қаңсып қалған ер ғана ма екен, аға.
— Ӛзіміз де еркек терін иіскемей жҥрміз деші.— Қарқылдап
кҥлді.— Маған сенің осы ӛткір мінезің ҧнайды.
— Қҧдайдың жаратқаны да.
— Дайындап қойыңдар, кісі жібертем,— деп кесіп айтты да, әңгіме
осымен бітті дегендей орнынан тҧрды.
— Бере алмаймыз дедім ғой сізге. Несіне емексисіз!— Даусым қатты
шығып кетті.
— ЬІм... солай де... Ендеше, басқаша сӛйлесерміз. Айтпақшы, Ақан
кеткелі әскери салық тӛлемепсіңдер-ау осы... Есіме тҥскені қандай жақсы
болды...
— Әскери салықты әскерге адамы алынбаған семья ғана тӛлемеуші ме
еді?
— Дҧрыс айтасың, келінжан. Тегінде, сенің кҥйеуің соғыста жҥрген
жоқ, Орал деген жердегі курортта... Ендеше, таңертеңнен бастап
военсалық тӛлеңдер.— Менен бҧрын шығып кетті де, кеңседе жалғыз ӛзім
қалдым. «Ақанды әскер боласың деп алып кетпеді ме, салықты неге
тӛлейміз»— міне, осы сауалдың жауабын таба алмай, ойым онға, санам
санға бӛлініп ҥйге оралдым.
Балаларымды жинап алып, жайқалып ӛсіп келе жатқан картоптың
арамшӛбін жҧлып, тҥптеп жҥрген Енемді кӛргенде, бағанадан бері
кӛкірегімді қысып, алқымыма кептеліп келген ӛксік кӛзімнен бҧршақ-
бҧршақ жас болып ағылды.
— Не болды, келінжан? Ҧлымнан жаманат естідің бе?!— деп, Енем
мені қҧшақтап ойбай салды.
Sauap.org
36
— Жоқ,— дедім ӛксігімді баса алмай.— Тыныштық. Нартай
Ақанның ер-тоқымын сҧрайды.
— Ту, зәремді ҧшырдың-ау,— деп картоптың сабағын жапыра
отыра кетті.— Қҧдай-ай, соған да кісі ботадай боздап жылай ма екен.
шалмен ақылдасайық, жҥр ҥйге. Әй, балалар, сендер жҧмыстарыңды
жалғастыра беріңдер. Бҧл — қыста жейтін азықтарың. Атам намаз оқып отыр
екен, бҧзған жоқпыз. Ол кісі намазға ҧйығанда дәл жанынан бомба жарылып,
қҧлағының тҥбінен мылтық атылып жатса да тапжылмайтын діндар адам
еді ғой жарықтық. Кезінде кедейлігіне қарамай Әбдікерім болыстың сӛз
ҧстаған биі, ел дауын жалғыз-ақ ауыз сезбен шеше салатын шешен болыпты
ден естігенмін.
Мен келін болып тҥскенде әбден қартайған шағы және таң атқанша басы
жастыққа тимей жӛтелетін дімкас ауру еді. Атама еліктей ме, бес уақ
намазын енем де қаза қылмайтын.
Ол кісінікі сәл ӛтіріктеу де секілді еді, жайнамазына жығылып, алақанын
жайып отырып-ақ: «Ешкіні қамадыңдар ма», «Су әкелдіңдер ме», «Шай
қойдыңдар ма»,— деп ӛз шаруасын қоса бітіре беретін. Әй, апам-ай,
«қҧдайдан қайт» деп шалы қанша рет ҧрысса да, осы әдетін қоймай-ақ
қойғаны. «Егер бары рас болса, анау пәшистің неге сазайын
тартқызбайды, адамның қанын судай ағызып қоя ма солай».— Енемнің
Алла Тағалаға деген сенімі соғыс басталғалы бері азая бастағанын
сезетінмін. Енді, міне, ол жарықтық жоқ екенін біле тҧра, отырсақ та,
тҧрсақ та аузымыздан тастамаймыз. Қайдам, қарағым, жоғына кімнің кӛзі
жетіпті.
Атам ҥш ҧмтылып барып орнынан әрең тҧрды. Кеудесі сыр-сыр
етеді, шаршап қалған секілді.
— Шал, ау, шал. Нартай Ақанның кҥмістелген ер-тоқымын сҧратыпты.
Береміз бе?
— Атасының басы,— деді Атам ентігін әлі де баса алмай.— Ақметтен
қалған кезді Нартайдың сасық бутына салайын ба. Оттаған екен.
Енеңді...— Маған жалт қарады да одан арғысын айтпай қоя қойды.
— Ата,— дедім мен иіле тӛмен қарап (Қанша арып-шаршап қиындық
кӛріп жҥрсем де ол кісінің жҥзіне тура қарамаған инабатты келіні едім ғой, Достарыңызбен бөлісу: |