Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Sauap.org

 

 



44 

 

кетпедік,    әрқайсымыз    —    ӛз  мҧңымызбен    әуре    едік.    Тҥу    шығыстағы  



біздерді,  тҥу  батыстағы  Надежданы  Оралдың қалың  қарағайлы  орманына  

тӛге  салған  зҧлпаттың  әсері  екі  ҧдай  еді.  Бҧған  дейін  кӛз кӛріп, аяғымыз 

жетпеген  мҥлдем  басқа  ҧлттың  ӛкілдері  бір  шаңырақтың  астында  бірігіп, 

қара  нан,  ҥсіген  картопты  бӛліп  жедік.  Тҥр-тҥсіміз,  тіліміз  бен  дініміз  

бӛлек    демедік,    бір  кісінің  баласындай  маңырап  табыстық.  Отан  соғысы 

біздердің  басымызға  қайғының  қара  бҧлтын    тӛндіріп    қана    қойған    жоқ,  

біздерді  айнымас  ҧлы  достыққа  да  ҥйретті.  Ат  жалын тартып  мінгеннен  

бері    менің    ҧғымымда:    әйел    мен    еркек    жақындасса    тек    қана 

сҥйіспеншілік,    ашыналық    ойдың    желігі    деп    тҥсініп    келген    мен,  

жыныстық,  ғашықтық, қатынастан  да  биік,  киелі  Достық,  барын  алғаш  

рет  сапа  сарабына  салдым.  ӘсіресеНадежданың қолымнан ҧстап тҧрып: 

—  Егер  киім-кешегіңіз  кірлеп  кетсе,  немесе  жыртылса  маған    бере  

салыңыз,   қалай    дегенмен   әйел    затымын    ғой,    жуып,  жамап   берейін,—  

деген қамқор  сӛзі  кӛңілімдегі  кӛк  мҧзымды  еріткен  еді.  Біз  бҧдан  кейін  

де  сан  рет  жолығып, жҧбымыз  жазылмай  жарасып  жҥрдік.  Елдің  ӛсек-

аяң    қаңқу    сӛзін    тыңдамадық.    Ағалы-қарындастай  туыстық  таза  сезіммен 

қиындықты қатар тҧрып қарсы алдық. 

Ай қораланғанда бараққа қайттық. Иван әлі келе қойған жоқ екен, тӛсегі 

бос жатыр. Жҧмысшылар шырт ҧйқыда, тек қана  Қҧмырай ояу, теріс қарап 

дорбасын  ақтарып,  тамақ  жеп    отыр    екен,    маған    алая    қарады    да,  

ҧрлығының    ҥстіне    тҥсіп    қалғанымды  жақтырмағандай,    оны-мҧнысын  

жасыра  қойды.  Аузын  сҥртіп: 

—  Иә,  жігітім,  хақолдың қыздары  қандай  болады  екен.  Ауылдаспыз  

ғой,  маған  да  ауыз  тигізсеңші,—  деді  кҥлген болып. 

—    Әйелің  жіберген  сәлем-сауқаттан  бӛліскендей-ақ  сӛйлейсің-ау. 

Сәресі ішіп отырсың ба, тауық шақырарда тамақ іше ме екен... 

— Енді әркімнің кәсібі әр тҥрлі ғой. Сен ойнас жасайсың, мен оразамды 

ашамын... 

— Анық-қанығын білмей тҧрып оттама! 

— Сонда қалай, мысық, пен тышқан ойнадыңдар ма? 

—    Әй,    қайран    қазағым-ай,    етегіңнің    астындағыны    ғана  

ойлайсыңдар-ау,    қайтейін.—Қажып,    таусылып    айттым.    Надежда    екеу  

арамыздағы    терең    де    мӛлдір    сезімді    оған    таң  атқанша    айтсам    да  

тҥсіндіруім    мҥмкін    еместігіне    кӛзім    жетті    де,    тас    бҥркеніп    жатып 

қалдым.    Кӛзім    іліне    бергені    сол    еді,    бараққа    әлдекімдер    кіргендей  

болды.    Иван    келген  шығар    деп    басымды    кӛтердім.    Ол    емес,    қасына  

ерткен  милиционері  бар,  бастығымыз екен. 

—    Иван    қайда?—    деді    дауыстап.    Таң    алдындағы    оқыс    айғайдан  

жҧмысшылардың  барлығы  да  ӛpe    тҥрегелді.  Әрқайсысы  оз  тӛсектерінде 

кӛздерін тырмалап ашып, ҥрпиісіп отыр. 

— Ол қыдыруға кеткен, қазір келеді,— дедім мен.  

—  Қыдырғанның  кӛкесін  кӛрсетейін  мен  оған.  Мҥмкін,  қашып  кеткен 

шығар. 


Sauap.org

 

 



45 

 

—    Қашатындай    не    кӛрініпті.    Жау    ма    екенмін,—    деген    ҥннен  



барлығымыз  жалт  қарадық.  

Барақтың  есігінде  тӛбесі  маңдайшаны  тіреп  серейген  Иванның  ӛзі  тҧр 

еді. 

— Иә, жаусың?!— деді Шахтинский.— Сен ҧсталдың. 



— Жазығым не? 

—  Жазығың  сол  —  бҥлік  бастадың.  Саясатқа  қарсы  сӛз  айттың.  

Тергейтін  жер  бҧл  емес.  

Оны-мҧныңды тез жина да, алға тҥс. 

— Тҧрған бойым осы. 

— Тіпті жақсы. 

—  Жігіттер,—  деді Иван есіктен шыға беріп.— Жалғыз шешем бар еді, 

хабарлай  салыңдар.  Естеріңде    болсын,    бҧлай    ӛмір    сҥруге    болмайды.  

Нағыз  жаудың  кім  екеніне  ертең-ақ кӛздерің жетеді. 

Менің адал да ақ кӛңіл Иван досым осылайша, жазықсыз қолды болды. 

Қоң етімді кесіп әкеткендей  бір  тҥрлі  кӛңілсіз  жҥрдім.  Ал  Галина  болса:  

«Маған    осы    жігітті    де    қимады  ау»,—  ден  кӛп  жылады.Иван    ҧсталып  

кеткен  соң,  жҥмысшылар  бҧрынғыдан  ары  сақтыққа  кӛшіп  еді.  Қиюы 

келіспейтін    бір    нәрсенің    барын    сезсе    де    іштей    тынын,    тас    керең  

ҥнсіздікке,  кӛнбістікке кӛшкен.  Ортамыздағы  оң  кӛрген  батыл  жігітіміз  

істі    болып,    зым-зия    жоғалған    соң,  суырылып  шығып  шындықты  айтар 

ӛжеттердің  ҥні  ӛшкен.  Сылп-сылп  жҥріс,  сыбыр-  сыбыр  сӛзден    басқа  

қаракетің  жоқ,  артын  баққаннан  басқа  айла  таба  алмай  сарсаңға  тҥстік.  

Майдан  шебінен  де  хабарсызбыз,  тіпті  соңғы  кҥндері  «Жаудың  беті  

жаман    екен,    біздің  әскерлер    шегініп    барады»,—    деген    лақап    тарай  

бастады.    Әрине,    біз    ондай    алып    қашты  сӛзге  сене  қойған  жоқпыз. 

Сенбесек те әркімнің кӛкейінде ҥрей елесі ҧялай бастаған-ды.  

Жалғыз-ақ  міндетіміз  —    топырақ  қазын,  болат  қорытып  жатқан  алып 

заводтарға жӛнелту, әрі  тез,  әрі  мол  жӛнелту.  Осы  ғана  ма  еді?!  Совет  

адамы    болған    соң,    тек    тиісті  жҧмысымызды    істеп    тастап,    уайым-

қайғысыз,  шалқадан  тҥсіп  санасыз  жату  ма?..  Ел басына  туған  қаралы  

кҥннің    ыстық-суығына    ойша    болса    да    ортақтаспай,    Отанға    тӛнген 

қауіпке    қабырғамыз    қайыспай,    кӛртышқанша    ҥңгіп    жер    қаза    берсек,  

азаматтығымызға,  тіпті,    тәңірім-ау,    адамдығымызға    сын    емес    пе.    Неге  

біз,    ӛндірдей-    ӛндірдей    жігіттер    істі  болып,    айдалып    келгендей,    кӛзге  

кӛрінбейтін,    әзірше    белгісіз,    бірақ    іштей    сезіп    жҥрген  қоршаудың  

ортасында,  баяғының  қҧлақ  кескі  қҧлдарындай,  мәңгірген  кҥйде  мәңгі 

тыныштықты  шуақтап  жҥре  беруіміз  керек.  Жау  жағадан  алғанда,  бӛрі  

етектен    алды  дегендей,    осы    жҧмбақты    халіміздің    ар    жағында    қаскӛй  

әрекет    тҧрған    жоқ    па?    Міне  осындай  кҥмән  мен  мазасыздың 

талайымыздың жҥрегімізде жасырын жанып жатқан еді.  

Он  жігіт  арыз  беріп  майданға  сҧрандық.  Онымызды  бірдей  кеңсеге 

шақырып алды да: 



Sauap.org

 

 



46 

 

—Иванның    кебін    киесіңдер,    тыныш    жҥріңдер,    соғысқа    жіберер  



болсақ  сендерден сҧрамаймыз,— деп қатты ескертіп қоя берді. 

Ауылдан  аттанған  бес  жігіттің  ең  кішкенесі  —  Бура  еді  ғой. Бір  

кҥні    ол    зым-зия    жоғалып  кетті.  Іздемеген    жерім  жоқ.  Кӛктен    қҧдай,  

жерден  шҧнай  алғаны  белгісіз. Із-тҥзсіз  ғайып болды. Алғашында қашып 

кеттіге  жорыған  жігіттердің  қаңқу  сӛзіне  сенбедім.  Әне  келеді,  міне  

келедімен  бір  тәуліктей  уақыт  ӛтті,  хабар  жоқ.  Елден  келген  азаматтарға  

бас-кӛз  болып,    олар    да    мені    жан    тартып,    (Қҧмырайдан    басқасы)  

ҥйірсектеп    жҥргендіктен,    бар  жауапкершілік    маған    тҥскен    еді.    Ал  

десятнигіміз    болса,    «Осының    барлығына    сен  кінәлісің»,—  деп,  жан 

алқымнан алды. Ақсақалымыз Қаймақпен ақылдастым. 

—  Қашып  кеттіге  жҥрегім  сенбейді,  аға,—  дедім.—  Ақыл  қосыңыз,  ие 

істейміз? 

Байғҧс бостан-босқа сотталады ғой. 

—  Мен  білсем,  ол  бір  жерде  тығылып  жҥр.  Анда-санда  жоғалып,  

табылатын    әдеті    бала  кезінен  бар  еді.  Баяғыда  Шабанбайда  шӛп  шауып 

жҥргенде  де  осылайша  ҥш  кҥн    қарасынбатырып  қайтып  келген.  Ол  кезде 

бәрі  кешірімді,  заман  тыныш  еді  ғой.  Бастықтардан  бір  кҥнге  сҧранып,  осы 

маңайды ізде,— деді. 

Бастықтар  рҧқсатын  берген  соң,  ертелетіп  тҧрдым  да,  жолға  шықтым. 

Жолға шықтым деп әншейін  айтамын,  Оралдың  тау-тасты  қалың  орманын  

сҥзіп,    әр    бҧта-қарағай,    қуыс-қуысына  ҥңіліп,  мая  ішінен  ине  іздегендей 

аралап  келемін.  Кӛрмеген  жердің  ой    -шҧңқыры  кӛп    дегендей,    бейтаныс  

таудың  жӛн-жосығын  білмей,  нейбетке  қаңғырғаным  болмаса, қай тҧсты 

қарарымнан  хабарым  жоқ.  Қалың  ағаштың  ішіне  кірген  соң,  батыс-

шығысымды  ажырата  алмай  ӛзім  адаса  жаздадым.  Ондай  сәтте  тырмысып 

жақпарлы тасқа шығамын да  оң-солымды  шолып,  қайта  етекке  тҥсемін.  

Осылайша    қҧр    бекерге    сандалумен    кешті  батырдым.  Қас  қарая  әбден 

сҥлдерім  қҧрып,  кҥдерімді  ҥзе  қайтуға  бет  алдым.  Осы  шақта  сонау 

кепештігіне  терек  ӛскен  қож-қож  қара  тастың  тҥбінен  от  жылтырағандай 

болды. 


Салып-ҧрып  жетіп  баруға,  ал  дегенде  жҥрегім  дауаламай,  аңтарыла 

тҧрып  қалдым.  Содан  соң    не    де    болса  деген  тәуекелмен    бір    басып,  екі 

басып,  бейне    бір    арыстанның    апанына  бара    жатқандай,    жақындадым.  

Орман  ішінде  ҧрлық  жасау  қиын  ғой,  әр  бҧта,  қуарған бҧтақ сыртылдап, 

дыбыс беріп, әлемге әйгілеп қояды. Бойымда қорқыныш бар. 

Мысықтабандап  тақалғанымда,  ӛз  кӛзіме  ӛзім  сенбедім,  әлденені  отқа 

кӛміп,  пысылдап  Бурам    отыр.    Қолы,    бет-аузы    кҥйелеш-кҥйелеш,  

ертегідегі   жалмауыз    шалдай,   бҥкшең  қағып, қап-қара домаланған  нәрсені 

қомпаң-қомпаң  асайды.  Жетіп  барсам  шошып  қалып,  ӛзімді    тарпа    бас  

салатындай  кӛрінді,  тіпті  тҧра  қашып,  айрылып  қалуым  мҥмкін.  Не  де 

болса  деп,  дыбыстадым.  Шаланы  кӛлденең  ҧстап  айбат  шекті.  Мені  әлі  

кӛрмеген секілді. 

— Бура, мҧның не, менмін ғой. Ақанмын. Таста қолыңдағы шаланы. 


Sauap.org

 

 



47 

 

— Сеп неғып жҥрсің? — деді кӛзі шоқ, болып жанып. 



— Сені іздеп жҥрмін. 

— Мен немене, қашқын ба екенмін. Ертең ӛзім-ақ оралар едім ғой. 

—  Тасташы қолыңдағы қаруыңды. Әңгімелесейік,—  дедім жақындауға 

ӛлі де сескеніп. Ол шаланы  отқа  тастай  салды  да  жҥрелеп  отыра  кетті.  

Жайнап    жатқан    шоқты    кӛсеп-кӛсеп  жіберіп,  қара  домалақ  тамағын  алып 

шықты. 


—  Кел, Ақан, қарның ашып жҥрген шығар. Картоп жейік,—  деді ыржия 

қарап. Мен сонда ғана әзірде әзірейілдей кӛрінген досымның қасына бардым. 

— Бәтір-ау, мҧның не? Ҧят қой. Картошканы қайдан алдың?  

—  Несі ҧят,—  деді ол картошканың қабығын аршып. Шоқтан шыққан 

картошка  алақанын  кҥйдіріп,  ҥрлеп  суытып,  қалбырақ  қағып  аузына  салды. 

Кҥйгізеді білем, шоқ шайнағандай тілін арпалыстырып, қинала жҧтады. Мен 

оның ашқарақтанған қара ала торы ала жҥзіне  қарап  отырып,  бҧған  дейін  

мҥлдем  кӛрмеген  бӛтен  біреуді  жолықтырғандай,  жат мінезбен жек кӛрдім 

әрі  қабырғам  қайысып  аядым  да.  Оның  жҥзінен  қиындықтан  қашу,  жоқ  

болмаса,  әйтеуір,  жан  сақтайын,  қаратышқандай  қыбырлап  тірі  жҥрейін  

деген  жымсыма    қулықтан    гӛрі,    балалығынан    әлі    арылмаған    аңқау    да  

адал  адамның  бейкҥнә қылығын  аңғардым.  Осы  кішкентай  кезінен  бері  

арылмай  келе  жатқан  шолжаң  мінезі ӛзіне сор болып тиерін біле ме екен 

айналайын Бура. Білмейді ғой. 

Білсе тапа тал тҥсте, кҥйіп тҧрған заманда тәулік бойы жасырынып, отқа 

картошка кӛміп жер ме еді. «Ертең ӛзім-ақ оралар едім ғой»,— деді. Кісінің 

кҥлкісі  келетін  қылық-ау,  амал  не,  кҥлуге  де  уақыт  жоқ.  Енді  мҧның  бҧл 

балалығын кімге, қалай тҥсіндіруге болар... 

—  Кел,  картошка  же,—  дейді  қәперсіз.—  Мына  таудың  арғы  етегінде 

ауыл бар екен. 

Огород толған картошка. Қарным ашқан соң бір тҥбін қазып алдым. 

— Қҧдай-ау, бастықтарға не дейміз? Сотталасың ғой! 

—  Неге?  Мен  қашып  кеткен  жоқпын.  Баяғым  есіме  тҥсіп...  Соттаса  

—  соттай  берсін, қорқарым  жоқ.  Сен  секілді  артымда  қалған  бала-шағам  

бар  ма,  қҧйрық-жалсыз  қу жалғызбын. Елдің қорымын. 

— Ҥміт-тілегің алдыңда емес пе. Елге аман-есен барсақ, ҥйленесің... 

—  Бойы  бір  қарыс  жігітке  қыз  қараушы  ма  еді.  Әйелім  алдына  алып 

әлдилеп отыра ма. 

— Сен де қайдағыны айтады екенсің. Бар мәселе бойда тҧр ма екен. 

—  Еркек  болып  жаратылған  соң  ер  тҧлғалы  болғанға  не  жетсін,—  

деп  кҥрсінді.—  Ал қайтсаң — қайтайық. Бір кҥн жҧмысқа шықпағанға қарап 

қалмас. 


—  Қызықсың-ау,  Бура.  Егер  соғыста  жҥрсең  майдан  шебін  тастап  

кетіп  қалшы,  не  болар екен.  

— Не болады?— деді сол аңқау қалпымен. 

— Атып тастайды. 



Sauap.org

 

 



48 

 

—  Атпақ  тҥгіл,  аспаққа  асса  да  бір  кҥн  жоғалып,  ӛз  еркіммен  қайтып 



барар едім. 

—  Тфу,  саған  айтып  сӛз,  ҧрып  таяқ  ӛтпейді  екен.  Дауасызсың.  Ӛз 

обалың — ӛзіңе. 

— Сен ара тҥспей-ақ, қой. Арым таза, соны ғана білемін. Егер адамның 

жанында  не  жанып  жатқанын  зерттеп,  анықтап  барып  жазаласа,  онда 

Қҧмырай бірінші болып сотталуы керек.  

Амал не... 

—  Амал  не...  Ондай  анықтағыш  қҧрал  ойлап  табылған  жоқ  қой.  

Сондықтан    да  сотталасың,—    дедім    мен    кҥрсініп.    Біз    қалың    ағаштың  

арасынан    барақ    жақты    тҧспалдап  жолға  шықтың.  Жанымда  жҧдырықтай 

ғана болып, бҥлкек-бҥлкек еріп келе жатқан 

Бураның  ертеңгі  тағдырын  ойладым.  «Балалық  жасады»,—  деп  кімге  

айтып,  ҧқтыра аламын.  Ӛмірде  осындай  еркелік  жасап  алып,  ғҧмыр  бойы  

азап  шегетін  адал  адамдар бар. 

Ал  қулығына  қҧрық  бойламайтын  арамзалар  жалғанды  жалпағынан 

басып жҥре береді. 

—  Неге  екенін  білмеймін,  бараққа  барғым  келмейді,—  деді  Бура  

тартыншақтап.— 

Жҥрегім  бір  тҥрлі  дауаламай  келе  жатқаны.  Сотталамын-ау  деген  

қорқыныш    емес,    жо-жоқ  жазадан  қашпаймын.  Басқа...  ӛзім  де  білмейтін 

белгісіз ҥрей бар бойымда. 

— Қой енді... қыңырая берме,— деп қолынан жетеледім. 

—    Қоя  бер,—    деді  ол  дірілдеп,—    Қоя  бер.  Қаша  жӛнеледі  деп 

қауіптенесің бе? Сен іздеп келмесең де ӛзім қайтып барар едім. 

Біз  сыбдыр-сыбдыр  аяңдап  ҥнсіз  келеміз.  Жатын  орынға  жақындай 

бергенде Бура басқа ҧрғандай қалт тҧра қалды. 

— Сен сезесің бе, Ақан, деді ҥні дірілдеп,— Сен мені ӛлімге ертіп келе 

жатқан секілдісің.  

— Былжырамашы. Барған соң кӛрерміз. Бастықтар да адам тҥсінер. 

—  Бірақ  сен  тҥсінбедің-ау  менің  қазіргі  халімді.  Ӛмірімде  бірінші  

рет  ҥрей  биледі  мені.  

Ҥрей! 


Алдыма тҥсті де томпаңдай жӛнелді. 

Бҧл  істің  ақыры  жақсы  аяқталды.  Бастықтар  Бураны  соттаған  жоқ.  

Қаршадай  немені тҥрмеге қамап қарқ болмаспыз деді ме, ҧрсып-ҧрсып, бір 

ай  тегін  жҧмысқа  кесті.  Мені  де  тек    қалдырған    жоқ,    сӛгіс    берді.    Бірақ  

Бура    аман    қҧтылғанына    қуанған    жоқ,    «сотталғаны  жақсы  еді»  деп,  кҥн 

ӛткен  сайын  жҥдеп,  ҧнжырғасы  тҥсе  жҧмбақты  жҥрді.  Ҥлкен  жаңалық 

ашатындай  ләм  деместен  оңаша  отырады  да  қояды.  Әйтеуір,  қалқайып  

тірі  жҥр  дегені болмаса, атам заманда ӛліп қалғандай, бҧл дҥниеде бар-жоғы 

белгісіз. 

Сол  жоғалып,  қайта  табылған  кҥннен  бастап,  жерлесіміз  Бураның  

ӛз-ӛзінен    жансыздана  бастаған    тірі    ӛлік    бейнесі,    оты   сӛніп,    қоламтаға  


Sauap.org

 

 



49 

 

айналған    жанары,    тілі    кесілгендей    ҥн    -тҥнсіз  саяқ  жҥрісі  бәрімізді  таң 



қалдырды. Бҧлайша азаптанғанша соғысқа аттандырар ма еді деп ойладым. 

...Ертеңіне  наубайханаға  барып,  нан  пісіру  жҧмысына  кірістім.  Тілі 

жалаңдаған қып  - қызыл жалынның  ортасына  кірдім  де  кеттім,—  Алма  

кемпір  әңгімесін  одан  әрі  жалғастырды.— 

Ауыл  адамдарының  тайлы-таяғы  қалмай  шӛп  науқанында.  Кӛшеде  

бірлі-    жарым    ойнап  жҥрген    жас    балалар    болмаса,    ересек    адамнан  

ешкімді    кӛре    алмаймын.    Ол    шақта    кәрі  болсын,    жас    болсын    қол  

қусырып  қарап  отырған  немесе  екі  қолын  қалтасына  салып салақтан  бос  

жҥрген  кісі  кӛрінбейтін  еді,  зәуде  кӛрінсе,  кӛзге  шыққан  сҥйелдей  оғаш 

сезілетін  де,  адам  ӛз-ӛзінен  ҧят  отына  ӛртеніп,  кірерге  жердің  тесігін  таба 

алмаушы еді-ау.  

Тамыз  аяқталуға  жаңын  қалса  да  аптаптың  беті  қайтпаған.  Сол  жылы 

жазда  кҥн  аса  ыстық  болып  еді.  Кешелер  ғана  соқалап  жыртып,  тас  қазып 

суарған  егіндік  бас  жарып,  Кҥркіреме  мен    Жаманашының    беткейі  

жайқалып  тҧр.  Қарасаң  кӛз  қуантады,  кӛңіл  сергітеді.  

Сергелдеңге  тҥскен  ел  ҥшін  бҥл  да  болса  ҥлкен  мерей,  жҥдеген  жанға 

медет еді. 

Жарықтық  табиғат  екеш  табиғат  та  бейкҥнә  де  бейбіт  халыққа 

кӛмектескендей мейірімін аяған жоқ. Біз де қу жанымызды аяладық па, таңды 

таңға ҧрып қимылдадық.  

Тамақтың  ортасында  жҥр  деген  аты  болмаса,  ҥп  илеп,  пісіру  де  азабы 

коп жҧмыс екен. 

Таңғы  тауық  шақыра  сҥйретіліп  орнымнан  тҧрамын.  Жалғыз  сиырды 

қақтап  сауамын  да,  бҧзауына    қалдырмай    сығып    алған    сҥтті    пісіремін.  

Содан  соң  қҧстай  ҧшып  наубайханаға асығамын. Кеше тҥнде жасап кеткен 

ашытқы кӛтеріліп, ағаш кҥбіден аузы-мҧрнынан шыға тасып  тҧрады.  Білекті  

тҥріп  жіберіп  қамыр  басамын,  илеуі  әбден  қанған  соң  қалыпқа салып,  

жалындаған    пештің    шаласын    алып,    шоғын    азайтып    қамырды    салып,  

кӛмейіне жҥгіртемін. Аң тер, қара терім шыға сҥмек болып терлеген қалпым 

жалынға  шыдай  алмай  сыртқа    атып   шығар    едім    де,    бетімді    суық    суға  

жуар  едім.  Шырмауың  ашытып,  ертең пісірер нанның қорын әзірлеймін. 

Міне,  осылайша  жанталасып  жҥріп  кҥніне  бір  центнер  нан    пісіремін.  

Пештен    шығаратын    нанның    салмағы    —    50    килограмм    болу    керек,  

міндет солай. 

Айы-кҥнім  жетіп,  аяғым  ауырлағандықтан  ба,  жоқ,  болмаса  әбден  

болдырып  шаршағандықтан    ба,    білмеймін,    ҥнемі    шала    ҧйқы    болып,  

қалжыраған    мен    пешке    нан  салып    қойып,    алуды    ҧмытып    ҧйқтап  

қалыппын.    Не    қара    басқанын    бір    тәңірім    білер,  әйтеуір,    пеш    толған  

нанды  жеуге  жарамсыздай  ғып  кҥйдіріп  алдым.  Колхоз  бастыққа керегі  

де    осы    еді,    қамшы    ҥйіріп,    «қарабет»    деп    қатты    ҧрысты.    Елу  

килограмдай  нанды мойныма қойды. Әйтеуір, жҧмыстан шығарып тастаған 

жоқ. 


Sauap.org

 

 



50 

 

Әлі    есімде:    сонда    тоғытып  пісіріп,  топырлатып  жӛнелтіп  жатқан  



нанның  шетінен  бір  ҥзіп жеуге  жасқанушы  едім.  Қарным  ашып,  кӛзім  

қарайып    қҧлайын    деп    тҧрсам    да,    дәмін    де  татпастан  ҥйге  келіп,  енем 

қарып қойған кҥйік-кҥйік қара қарманы қарбыта асаймын. 

Менің  бҧл  ақ  жҥрек  адалдығыма  ол  кезде,  әрине,  ешкім  сенбеді,  тіпті 

қазір де илана қоюы екіталай. Не десе де имандай шыным осы. Егер істеген 

ісімнен иненің жасуындай болса да мін тапса, зәредей болса да ҧрлығымның 

ҥстінен тҥссе —  ӛзі де шығайын деп тҧрған кӛзді шҧқып  алғанмен  бірдей  

еді.  Бҥгін  бе,  ертең  бе  босанайын  деп  отырған  сәтте,  ҥйдің іргесінен  

тапқан  жҧмысымнан  айрылып  қалуым  оп-оңай.  Ендеше,  тек  жҥрсең  —  

тоқ  жҥресің,  ақ  кӛңілдің  аты  арып,  тоны  тозбайды деп,  бекер  айтпаған  ғой, 

нанның арасында аштан ӛлсем де, сҧғанақтық жасамайын деп ойладым.  

Дәу    пештің    жайнаған    шоғын    сӛндіріп    алған    соң,    шелекке    салып  

қоямын    да,    ҥйге    ала  қайтамын.    Қарағайдың    кесек-кесек    кӛмірі  

самаурынды    тез    қайнататын.    Нанды    пештен  шығарып,    бетін    жауып,  

наубайхананың    қҧлыбын    салып,    аяңдап    ҥйге    келе    жатыр    едім, 

әлдекімнің: 

—  Әй, албасты, тоқта!—  деген даусы саңқ, ете қалды. Қараңғыда оқыс 

ҥннен балам тҥсердей шошынып қолымдағы шелекті тастай бере «кӛтек» деп 

отыра кеттім. 

Дҥрсілдеген жҥрегімді әрең басып, кӛзімді ашсам  —  алдымда Нартай 

тҧр. Аттан тҥсті де шелекті тӛңкеріп, ішіндегі кӛмірін тӛкті. Мен аң-таңмын. 

— Не іздейсіз, аға?— дедім даусым қарлыға. 

—    Албасты,    ҧрлығыңның    ҥстінен    шықтым-ау    деп    едім,    бҥгін  

ҧрламапсың,—    деді    әлі  сенбегендей  жайрай  шашылып  жатқан  кӛмірді 

қамшысымен тҥрткілеп. 

— Неңізді ҧрлап едім? 

—  Мҥләйімсуін.  Сенің  семьяң  ҥлкен.  Он  шақты  боқташақты  не  беріп 

асырап жҥрсің? 

Әрине,  ҥн  жымқырасың.  Кӛмірдің  астына  нан,  тҧз  ҧрлап  салып,  кҥнде 

ҥйіне  тасиды  деген  арыз    бар.    Қане,    қаншасын    алдың,    шыныңды    айт.  

Ҧрыспаймын,  тек  еңбеккҥніңнен  ҧстап қаламын. 

—  Ой,  ағай-ай,  кім  айтып  жҥр  ондай  ӛсекті?  Алла  сақтасын,  Бала-

шағамның    атынан    ант  ішейін,  бір  жапырақ  пан  ҧрласам  қҧдай  тӛбемнен 

ҧрсын,— деп безек қаға қарғандым. 

—  Әй,  бәрібір  сенбеймін.  Сен  албастыдан  шығады,—  деп  аң  боз  

атына  мінді.—  Ертең келесі айдың военсалығын тӛлеңдер. 

— Ойбай-ау, ағатай-ау, екі-ҥш айға бір-ақ тӛлеп едік қой. 

— Ендеше, келесі жылдан қҧтылыңдар. 

— Ағасы-ау, келесі. жылы соғыс бітіп қалса қайтеміз. 

— Онда қайтарып аларсыңдар,— деп, астындағы атын солқылдата кеңк-

кеңк кҥлді.  


Sauap.org

 

 



51 

 

Содан  соң  тебініп  қалды  да,  қара  жерді  дҥрсілдете  шаба  жӛнелді.  



Тасқа    шақыр-шҧқыр  тиген  тағадан  жарқ-жҧрқ  от  шығара  тҥннің  қап-қара 

қойнына сіңіп жоқ болды. 

—  Жоқ  болғыр.  Қараң  ӛшкір.  Ерді  бермедің  деп  ерегісіп  жҥрсің-ау.  

Мә-мә,    мынаны  аласың!—    деп,    соңынан    топырақ    шашып,    қолымды  

шығарып    долдандым.    Қатынның  қолынан    одан    басқа    не    келуші    еді.  

«Ақаным    аман-есен    оралсын.    Аяғымды    жалатармын  айдаһар.    Ақаным  

аман-есен    келсін...»    Ҥйге    жеткенше    ботадай    боздап    жыладым.    Мен 

осылайша,  ешкім  жоқ  оңашада  кӛз  жасымды  ата-енем,  бала-шағама 

кӛрсетпей тӛгіп-тӛгіп алушы  едім.  Жарықтық  жаңбыр  жауса  жер  кӛгереді  

ғой,  ал  кӛз  жасынан  соң  кӛңілің сергіп,  бойың  жеңілдеп  қалады  екен.  

Егер  соғыс  кезінде  аққан  кӛздің  жасын  бір  жерге жинар болса, соз жоқ, 

айдын  шалқар  кӛл  болар  еді...  Иә,  біздерді  соғыс  қартайтқан.  Біз,  әйелдер,  

жҧмыстап  әсте  де  шаршаған  да  қажыған  емеспіз.  Біздерді  уайым-қайғы 

шаршатқан.  Енді  ойлаймын,  әлемдегі  ең  қажырлы,  шыдамы  берік,  жаны  

сірне  тек  қана әйелдер!  Біз  әрқайсымыз  майданда  жҥрген  оп  азаматтың  

ауыртпалығын    тартып,    он  азаматтың  жҧмысын  атқардық.  Рас,  еркек  бол 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет