Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

аспандағы    сансыз    жҧлдыздарға    телміріп,    әрқайсымыз    ӛз    жарымызды  

емірене    еске  алушы  едік;  содан  соң  Ғайша  шалқар  ҥнімен,  мҧқым  даланы, 

іргеде ғана  ҥн-тҥнсіз  қалғып  тҧрған    тауды    жаңғырықтыра    ән    бастайтын;  

ол    әнді    қатар-қатар    қара    жерде    жатқан  әйелдер  іліп  әкетіп,  қосыла 

шырқағанда зіл болып басқан ауыр шаршаудан, еңсені езген зҧлмат қайғыдан 

арылып,  бақыттың  бір  сәттік  тәттісін  таусар  едік;  кӛңіліміздің  кӛк  дӛненін 

ерттеп  мініп,  ӛзіміз  де  білмейтін  жҧмаққа  аттанар  едік;  мҧрынға  жаңа 

жыртылған  жердің  дымқылы  келіп,  сағыныштың  —  ер-азаматқа  деген 

аңсаудың астауында бойымыз балқып, себепсіз масаяр едік... Осы кезде қара 

жерді дҥрсілдетіп ауыл жақтап ақ боз ат ағып келе жатар  еді.  Ақ  боз  аттың  

ҥстіндегі  колхоз  бастығы  Нартай  екені  бәрімізге  мәлім.  Тҥн жамылып 



Sauap.org

 

 



23 

 

келіп,  ҥйіне  қашып  кеткен  әйелдер  жоқ  па  дегендей,  тҥгендеп  қайтар  әдеті 



бар. 

Ауыздығын  қарш-қарш  шайнаған  атын  ойнақшытып,  айғай  салды:—  

Жолдас    қатындар,  қазір  мен  аттарыңды  атаймын,  «менмін»  деп  дауыстап 

орындарыңнан атып тҧрыңдар. 

Сҧлап-сҧлап  жатқан  әйелдердің  ешқайсысы  ҥндеген  жоқ.  Ғайша 

жарықтық  батыл  еді  ғой,  оның  сӛзін  естімеген  кісімсіп,  тағы  да  бір  әнді 

әуелете шырқап қоя бергені. 

—  Ау,  Гҥлайым,  Гҥлайым,  Ойламашы  уайым,  Майдандағы  ағайдың 

денсаулығын сҧраймын. 

Біз  қосыла  жӛнелдік.  Нартай  бастық  не  істерін  білмеді.  Бар  қолынан 

келгені  ақ  боз  атымен  тапап  кетердей  омыраулата    тебінді.    Есті    жануар  

есерсоқ    иесінің    бҧл    қылығына    кӛне    қоя  ма,  ән  айтқан  тірі  кісілерден 

тайсақтап, қайта-қайта ала қашады. 

— Ән айтасың, ә!— деп кекетті Ғайшаны. 

— Ән айтамыз. 

— Шаршамаған екенсің, ә? 

— Шаршаған жоқпыз. 

—  Мен сені шаршатармын, қара қаншық. (Ҧят болса да айтайын. Ол кісі 

былапыт  сӛзді  кӛп  араластырмай  сӛйлей  алмаушы  еді  ғой).  Ертең  кеңсеге 

кел,—  деп, атын сауырлап ауылға қарай қҧйын-перен шапқылай жӛнелді. 

—    Қолыңнан  келгенін  аяма.  Кӛп  болса  борананы  жаяу  сҥйретерсің, 

пішту,—  деп, артынан топырақ  шашып  долданды  Ғайша.  Біз  мәз  болып  

кҥлеміз.  Кҥлкіміздің  ертең  кӛмір боларын да білеміз, бірақ кӛзімізден жас 

аққанша кҥлеміз. Бҧл тіпті де кҥлкіден туған жас емес-ті,  басқа...  Қайғыдан  

бастау  алып,  кҥлкіге  айналған  жас  еді...  Тҥннің  бір  уағында тоңазыдым  

ба,    болмаса    қҧлағымды    жаңа    жандана    бастаған    қҧрт-қҧмырсқа  

жыбырлатты  ма  —  оянып  кеттім.  Талығып  барын  ҧйқыға  бой  алдырған 

әйелдер  біреуі  қорылдан,  біреуі  пысылдап  бҥрісіп-бҥрісіп  жатыр.  Ішін 

тартып, ӛксіп барып екінші жамбасына аунап тҥскен Ғайша,  ашылыңқырап  

қалып  еді,  іргесін  қымтап  қайта  жауып  қойдым.  Қолым  денесіне тиіп  

кетті    ме,    «Алла,    алла,    бҧ    кім»,—    деп    басын    қақшаң    еткізіп    жҧлып  

алды.    «Мен,  Алмамын    ғой»,    «Тҥу    зәрем    ҧшып...    Нартай    екен    деп...»  

Басын  бҥркеп  қайтадан  жатып қалды.  Содан  соң  ҧйқым  келеші,  кӛзіме  

ине    тіреп    қойғандай    кірпігім-кірпігіме  айқаспайды.    Ойыма    қай-қайдағы  

тҥседі...  Сонау  қара  кӛк  аспанда  кӛз  қысысып,  жердегі біздерге  елбірей  

қарап    тҧрған    жҧлдыздарды    теріп    алардай    телміремін.    Кейбіреулері    зу 

етіп  ағып  тҥседі.  Әр  аққан  жҧлдыз  —  ӛлген  адам  деуші  еді,  ескі  кӛз  

қариялар...    «Қҧдай  сақтасын,—  деп  кҥрсіндім,—  бетін  ары  қылсын».  Ақан 

әскерге  аттанар  тҥнді  есіме  аламын.  Онда  да  таң  бозына  дейін  кірпік  ілмеп 

едік қой... Темір пешке маздатып от жағып қойып кҥбір-кҥбір сырласқанбыз. 

Арамызда  ел  айта  беретін:—    сҥйіспеншілік,  ғашықтық,—    деген  ыстық  

ынтызарлық,    болмай,    тағдырдың    жазуымен,    ата-ананың    ҧйғаруымен  

оқыстан қосыла  салсақ  та,  кҥн  ӛткен  сайып  ӛзіміз  де  сезіп,  байқамай  


Sauap.org

 

 



24 

 

қалған    жҧқалаң    сезім,  жҧмбақтай    жіп    мәңгі    айрылмастай    ғып,    матап,  



байлай  бастаған.  Ол  мені  есік  кӛрген ересек  әйел  деп  қорламады,  тіпті  

ҥш  қызды  дҥниеге  әкелгей  әке  болған  соң,  қалай 

басынамын  десе  де  кӛнер  едім,  ӛйткені  менің  бҧл  ҥйден  басқа  барар  

жер,  басар  тауым жоқ еді... Қашан шашымнан сҥйреп, шығарып тастағанша 

қолындағы қҧлы, есігіндегі кҥңі боп ӛтуге бекінгенмін. Бірақ Ақаннан ондай 

тәйтік  мінез,  суық  жҥріс  сезілген  емес.  Кейде  қатындар,  қалжың-шыны 

аралас:—    «Алма,  сенің  сиқырың  бар  ғой  деймін.  Кҥйеу-қайның  дуалап  

тастағандай    сенен    шырғалап    шықпайды.    Уыздай    жас    келіншегі    бар  

еркектер бҥйірімізден  тҥрткілеп  тыныш  жҥрмейді.  Ал  ол  болса  бетімізге  

тура  қарап,  кӛз  қысқан емес», - деуші еді. 

Қҧдайдың қарғысына қашанғы ҧшырай берем, мейірімі маған да тҥскені 

шығар. 


Ақанда    жалғыз-ақ    арман    бар    еді.    Алайда    ол    арманын    да  

кҥйеуімсініп    кҥйгелектеніп,  немесе  ақ  ҧрып  кҥйзеліп  айтпай,  соғысқа 

шақырылған  тҥні  ғана  шашымнан  сипап  жатып,  еркелетіп  назбен  білдірді 

ғой. 


—  Алма,—  деді  ақырын  ғапа  сыбырлап,—  мен  болсам  қанды  жорыққа 

аттанамын.  Оралармын,  оралмаспын  —  екеуі  де  сенушілікке  байланысты 

екіталай дҥние. 

—  Ораласың,  Ақаным,  сӛз  жоқ,  ораласың,—  деп  жылап,  мойнынан  

қапсыра    қҧшақтай  алдым,—  Сені  де  жоғалтуым  мҥмкін  емес.  Менде  пе 

қалады сонда? 

—    Ақырын,    балаларды    оятасың,—    деді    алақанымен    жасқа    толы  

жанарымды    сҥртіп,—Жҥдеп  кетіпсің    ғой...  «Қҧдай-ау,  деймін    ішімнен,—  

қҧдай-ау,  Ақмет  ағасынан  айнысашы,  ол  да  шашымнан  сипап,  осы  сӛзді 

айтып  еді  ғой,  ол  да...  ӛлерінде  осы  сӛзді...»  Ӛксігімді  баса  алмай  зар 

еңіредім. 

—  Қой,  жылама,  жаман  ырым  бастап...  ендігі  ҥміт,  ертеңгі  ғҧмырым 

сенің қҧрсағыңда.  

Ӛмірге  қҧлын  келсін,  ат  ҧстар  ҧлым  келсін...  Ӛзгесінің  барлығы  ӛзекті 

жанға тҥк емес. 

Кҥндей кҥркіреген соғыстың шегі болмас дермісің. Келермін, келмеспін 

кіндігімді жалғап, тҥтінімді ӛшірмесең — бҧдан артық бақыттың керегі жоқ. 

...Ақанымның  маған  қалдырған  аманаты,  жым-жырт  ішімде  жатыр.  

Ақырын    ғана    сипап  қоямын.    Дӛңбекшіп    жамбасым    талған    соң,    тҧрып  

кеттім.  Ай  әлі  туа  қоймаған  ӛліара  кез еді,  неде  болса  да  тҥп  жамылып,  

ҥйге  барып  қайтуды  ойладым.  Жалғыз  қарағайдың сайлауына тҥсіп, тоғай 

арасындағы жалғыз аяң соқпақпен ауылға тӛтелей тарттым. Ол кезде есіктің 

сыртынан,  не  ішінен  бекіту  жоқ  еді  ғой.  Ҥйдің  ішіндегі  адамдардан    басқа 

іліп    алар    заты    болмаса    ілгек    салып    қайтеді.    Қараңғыда    сипаланып,  

оттық  іздеп  жҥріп, шелекке аяғым тиіп кетті. «Алмамысың»,—  деді енем. 

«Менмін».  «Шҥйінші,  Ақаннан  хат  келді».  «Айналайын,  апам-ау,  рас  па». 

«Рас,  Алмажан,  рас».  Аттанғалы  келген  алғашқы  хаты...  Май  шамның 


Sauap.org

 

 



25 

 

ӛлеусіреген  жарығында  ҥш  бҧрыштанған  хатты  қолым  дірілдеп,  асығыс 



аштым  да,  дауыстап  оқи  бастадым.  Атам,  қайындарым  мен  қыздарым 

қыбырлап оянып, ҥрпиіп-ҥрпиіп тыңдап отыр. 

Ақанның    хаты:    «Аса    қҧрметті    ҥй-ішім,    бала-шағам!    Алтайдың  

асуындай  Бҧқтырманың тасуындай, кҥннің қызуындай, жҥректің жылуындай 

сағынышты  сәлемімді  жолдаймын.  Мен  аман-саумын.  Майданға  жібермеді, 

Орал деген таудағы кенде жҧмыс істеп жҥрміз. Жағдайымыз  жақсы...  Тамақ  

тоқ,  баспанамыз.жылы  дегендей...  Жҧмысы  да  жеңіл, жанымыз қиналып 

жҥрген жоқ, кезектесіп істейміз. Бар уайым — сендер ғанасыздар. 

Алма,    он    шақты    адамды    асырап-сақтау    саған    қиын    тиіп    жҥрген  

шығар.  Шыда,  жаным, жауып тҧрған оқтың ортасында жҥрген жоқпын ғой, 

дәм  тартса  мен  де  оралармын.  Бізге  осыншалық  мейірімі  неге  тҥскенін 

білмеймін.  Тәңірдің  берген  сыйы  шығар...  Тіпті  жігіттер  жардай    болып  

семіріп    алды...    Аз-мҧз    айлығымыз    бар.    Алғашқысын    сендерге    жолдап 

отырмын.  Елде  қандай  жаңалық  бар?  Майданға  аттанған  ағайын-туғаннан 

хабар бар ма?  

Ақтайлақ  пен  Бағдаттан  хабар  келді  ме?  Сҧраған  жанға  дҧғай-дҧғай 

сәлем айт.  

Балалардың бетінен сҥй. Сәлеммен, Ақаның. 1942 жыл, кӛкек айы». 

Қуанышымыз    қойнымызға    сыймады.    Енем:—    Қҧлыным-ай,    аман-

есен    екен    ғой.    Бәсе,  тҥсімде    ақ    боз    атқа    мініп,    Бҧқтырманың    тасып  

жатқанына    қарамастан,    салып-ҧрып    ӛте  шығып  еді,—  деп  кӛзінің  жасын 

шылауышының ҧшымен сҥртті. 

—  Кемпір-ай,  ертең  қара  серкені  соямын,—  деді  Атам.  Ал  мен...  Ҥнсіз 

отырып қалыппын. 

Қуанған    мен    қорыққан    бірдей    деген    осы-ay...    Жҥз    сом    ақшаны  

атама  бердім.  Ол  кісі қҧнжыңдап қойнына тығып, бата жасап, бетін сипады. 

Таң  қҧлаң  иектене  берген  елең-алаңнан  қҧстай  ҧшып  жалғыз  қарағайға 

қайтып оралдым. 

Қҧрбыларым    пырдай    болып,    тҧяқ    серіппей    ҧйқтап    жатыр    екен.  

Баспалап    келдім    де    ӛз  орныма    жым-жырт    жата    қалдым.    Ешқайсысы  

сезген  жоқ.  Әлгіндей  ҧлы  қуаныштан  соң ҧйқтау  мҥмкін  бе,  ақ  боздана  

бастаған    шығысқа    қарап    телміремін.    Таң    хабаршысы  бозторғай  

шырылдай  бастады.  Кӛкек  шақырып,  бытпылдық  ҥн  қатты  қарағанның 

арасынан.    Шапағынан    асып,    тас-талқан    болған    Бҧқтырманың    ҥні  

қҧлағыма  бҧрынғыдан ары  жағымды  естіледі.  Тоғай  ҥстінде  шҧбатылған  

жеңіл    бу    бар.    Соншалықты   рақат,  соншалықты    әдемі...    «Алла    тағалам  

осы    қуанышымнан    айырмаса    екен.    Маған    кӛп  нәрсенің  керегі  жоқ,  тек 

барымнан айыра кӛрме» — деп жалбарына тіледім. 

...Біздің  ішімізден  іріктеп  соғысқа  жіберіп  те  жатты.  Ондай  жҧлдызы 

оңынан  туғандардың  бақытына    қызыға    да,    қызғана    қарап,    шығарып  

саламыз,—    деп    Ақан    ақсақал    әңгімесін  одан    ары    жалғастырды.—  

Дегенмен  бармай,  тізімге  ілінбей  қалғандарына  іштей тәубалағандар  да  

жоқ емес еді... Ауылдас бес  жігіттің  ішінде  ең  қартаңымыз  —  Қаймақ, 


Sauap.org

 

 



26 

 

жуас  та  біртоға  кісі  ғой.  «Е,  ӛзі  берген  жанды  қҧдай  ӛзі  алады  да.  Неге 



болсын бас шҧлғып кӛнгеннен  басқа  амал  жоқ»,—  деп,  нардың  ҥстінде  

қисайып  саспай  жатар  еді.  Бура  — тәпелтек  кішкене  жігіт.  Ҥнемі  мең-

зең    жҥретін.    Ӛзінің    тым    аласа,    қауқарсыздығынан  жасқана  ма,  жоқ 

болмаса бізге жҧмбақтылау қиялмен басы қатып жҥре ме, тура алдына келіп:  

«Бураш,  хал  қалай?»—  деп,  дауыстағаныңша  байқамас  еді.  Ыржия  кҥліп  

бетіңе қарайтын да, «аман-аман» деп иегін қағып, ӛте шығар еді. Ал  Қожақ 

аусар  мінезді,  ӛзінен  басқаның  барлығы  саңырау  адамдай  даңғырлап 

сӛйлейтін, ашуының алды бар, арты жоқ.  

Маған ҥйір сегі де сол, бір тӛсекте жатамыз, бір қаңылтыр аяқтан тамақ 

ішеміз. 


Аудан орталығы Серовтан әскерге шақырған қағаз келген сайын бҧтына  

жібере  қорқатын  Қҧмырай    ғана...    Әрине,    бәріміз    де    елеңдей,    атымыз  

қашан    аталар    екен    деп,    адамдық  жҥрекпен  сасқалақтап  қаларымыз  рас, 

бірақ  Қҧмырай  қҧсап  қалшылдап  кетпейтінбіз;  ол  аяқ-қолы  дірілдеп, 

аузындағы  шылымын  шайнап-шайнап  жіберетін;  бір  отырып,  бір  тҧрып  есі 

қалмай тықыршитын. 

—    Қҧмеке-ау,    мыңдаған    азамат    соғысып    жҥр    ғой.    Несіне  

сасқалақтайсың,—    дедік    бірде  ауылдасымыз  ҥшін  ҧялып.  Ол  тҧлан  тҧта 

ашуланды. 

—    Батпақ,    қазып    жҥріп    батыр    бола    қалуын.    Кӛрер    едім    к...ді,  

алдыңнан    анталап    неміс  шыға    келсе,    былшылдамаңдар,—    деп    ат  

қҧйрығын    кесісті.    Содан    былай    бӛлек    жататын  болды.  Ішімізден    ең  

алғашқы    болып  ҥйінен    сәлем-сауқат    алған    да    Қҧмырай,    теріс    қарап 

отырып  ашты,  теріс  қарап  отырып  жалғыз  ӛзі  жеді...  Ешқайсымызға  дәм  

татырмады.    Біз  оның  тотиын  қылығына    ӛкпелеген  жоқпыз,  тек  Бура  ғана 

тісін  қайрап,  кіжінетін.  Кішкене  кісінің  мӛңкіп,  тулағаны  қызық  екен, 

титімдей ғана жҧдырығын тҥйіп, тап-тап береді. 

Сонан соң ӛзінен-ӛзі ырсиып кҥледі. Кӛктемнің  алғашқы  шуағы  қалың  

орманда,    қасат    қарлы    Орал    тауларында    себезгілей  бастағанда,    біз    де  

ептеп  сергігендей  болып,  қатқан  денеміз  жылынғандай  еді.  Амал қанша, 

қашан  жер  кепкенше  табаныңа  жабысса  қырғылап  кетіре  алмайтын  cap 

балшыққа  тап  болдық.  Май  айы  туғанша  ылжырап  жатып  алды.  Қыс  бойы 

қоныштың  орнына  шҧлық  ораған    шарқай  бәтеңкені  сҥйрелеп  шыққанбыз. 

Ал  жазғытҧрымғы  лайсаңда  кісі  басы  бір-бір    етік    берді.    Оның    ӛзі    дым  

тартады.  Ҥнемі    кигендіктен  бе,  резинка    етігің    барып  тҧрған  қҧдайдың  

бәлесі  екен,    аяғым    сырқырап,    қақсайтынды    шығарды.  Кептеген  

жҥмысшының  сіңірі  тартылып  қалды.  Қаймақ  табан  аяқ  болып,  дҥзге  әрең 

шығар ғана халі бар, жарты  ай жатты. Қожақ; екеуміз ӛзімізге тиесілі азын-

аулақ  асымызды  бӛлісіп,  әйтеуір,  қарнын  аш  қылған  жоқпыз.  Жасырып 

керегі  не,  тамақ  жағы  ӛте  нашар  еді.  Кҥніне  бір  мезгіл  ыстың  ас  берген  

болады.  Оның  ӛзі  қышымадан  немесе  әр  тҥрлі  шӛп-шаламнан  жасалған  

сулы  сылпың  қойыртпақ  кӛже.  Әсіресе  ондай  қатықсыз  қара  кӛжеге 

ҥйренбеген,  аптасына  бір  рет    ет    жемесе    қас-қабағы    ашылмайтын    қазақ,  


Sauap.org

 

 



27 

 

жігіттері  шетінен  ауырып  тҧрды.  Ҥсіген картоп жеген соң бет-аузың кҥп 



болын ісіп кетеді екен. Ал қолға тиген тиын-сиынға сатып жер ештеңе жоқ, 

ол кезде сҥттің жарты литрі бҧрынғы бағамен жҥз сом. 

Саңырауқҧлақ,  жеуге  де  ҥйрендік.  Алтайда  аяқ  астында  жатқанда, 

байқамай  басып  кетсе  жиіркенетін  кірпияздық  жайына  қалды.  Сӛйтсек, 

саңырауқҧлақ, деген жарықтық, бҥкіл бір халықтың атадан келе жатқан асы 

екен...  Бір  кҥні  сол  жемісті  жеуге  тәуекел  жасап,  аузыма  сала    бергенде  

ішінен  қара  бас  қҧрт  шығып,  жҥрегім  айнып...  қатты  ауырдым.  Ішінде 

ештеңе  қалмаған  асқазаннан  қан  қҧсатын  болдым.  Ішкен  асым  батпай,  

әбден  зықысы кеткен  маған  жаны  ашыды  ма,  Қожақ  Қҧмырайға  барды.  

Ҥйінен  келген  посылкада  ет, қоспа бар екен деп ҧзын қҧлақтан естігенбіз. 

Қҧмеке,    бәріміз    де    бір    Дәулеттің    ҧрпағымыз,    қҧрдасың    қҧсып  

ауырып    жатыр.    Кӛңілін  сҧрамадың  деп  ӛкпелемейміз.  Сорпаламасақ  ӛліп 

қалатын  тҥрі  бар,  қол  басындай  ет  бер,  қаңылтырға  қайнатып  берейік,—  

деген  екен. Ол:—  Тегін  ет  келмеске  кеткен,  сатамын,—деп, екі жҥз сом 

ақша алыпты. 

—  Ол  итті  қарағайдың  арасына  апарып  ӛлтіріп  тастасақ  қайтеді,—  

деп,  Бура  бізге  қарап ыржиды. 

—  Әуелі  тышқан  ӛлтіріп  ал.—  Қҧмырайдың  ӛшін  жҧдырықтай  ғана  

жерлесінен  алғысы келді  ме,  Қожақ,  қатты  ашуланды.—  Атаңның  аузын  

ҧрайын,  аман-есен  елге  оралайың, кӛзіне кӛк шыбын ҥймелетпесем атымды 

басқа қой. 

—  Әуелі сол елге жетіп ал, жарқыным,—  деді Бура суырша аңқиттап.—  

Барған соң ол да қарап жатпас. Ол итті жым-жылас қҧртатын жер — тек қана 

Орал. 


—    Қойыңдар,—    деді  ересегіміз  Қаймақ,—    тҧқымын  қуалап  келе 

жатқан  мінезін  ӛзгертем  деп  пе  едіңдер.  Кім  болып  туды  —  солай  ӛледі. 

Сараңдық қанына біткен қасиет... 

Балталасаң да арыла алмас.  

Мен    әңгімеге    араласқан    жоқпын.    Жҧмыршағымның    басына    тас  

байланып    қалғандай  батады-ай.  Ауық-ауық  қыжылдатып,  аһ  деп  аузымды 

ашсам жалын болып сыртқа шығады.  

Табаным    кҥйіп,    тҥні    бойы    сҧп-суық    жерге    басып    отырамын.  

Талығып    барып,    енді-енді  кӛзім    ілінді-ау    деген    кезде,    «Жҧмысқа  

шығыңдар»,—  деген  десятниктің  айғайы  естіледі.  

Қҧр сҥлдерімді сҥйреп, топырақ қазылған ҥңгірге қарай ілби аяңдаймын. 

Кеспелтектеп  кескен  шпалдарды  кӛлденең  тӛсеп,   жолмен  сҥйретіп  

вагонша  қорапқа саламыз.  Кҥн  батып,  әбден  қас  қарайғанда  ғана  екінші  

кезектегілер  келеді.  Аузыма  дән салмаған қалпы, аш иттей бҧралып жатып 

қаламын.  Ойыма  қай-қайдағы  сумақы  сҧрақтар  келеді.  «Тым  болмағанда 

Отанды қорғап, жаудың да қолынан қаза таппадым-ау. 

Саңырауқҧлақтан  ҧшынып  ӛліпті  дегенді  ел  естісе,  қандай  қасірет.  

Ҥйелменімнің  бетіне шіркеу, сҥйекке таңба емес пе». 



Sauap.org

 

 



28 

 

Барақтың іші қанша суық болғанымен соншалықты қапырық, ауа жетпей 



деміктіреді.  Сыртқа    шығып    қарағай  мен    қайыңның    иісі    аңқыған    таза  

ауамен  кеудені  кере  дем  алып, қайта кіріп келгеніңде, шуаш пен тер иісі 

сасыған  жатар  орнымыздан  тҧншығып  ӛліп  кете  жаздайсың.  Адам    ҥш 

кҥннен    соң    кӛрге    де    ҥйренеді    деген    емес  пе,  бәріне    тӛздік,  бәріне 

кӛндіктік.  Егер  кҥндіз-тҥні  оқ,  бораған  соғыста  жҥріп,  жер  ҥйде    немесе  ақ 

қар,  кӛк  мҧздың ҥстінде    тҥнесек    қайтер    едік.    Олардың    жанында    біздің  

жағдай    жҧмақ,    секілді    деп  жҧбатамын    ӛзімді-ӛзім.    Дегенмен    әлгі,  

«Майданға    алса»,—    деген    тілек    кҥн    ӛткен    сайын  санамызға    сыналай  

кіріп,  кӛз  алдымызда  кӛлеңдей  берді.  Екпіндей  ҧмтылып  ерлік жасайын  

деген    жымсыма    қулық    емес,    әйтеуір,    ауылдағы    ағайынмен    «соғысқа  

кеттік»—деп  қоштасқан  соң,  жаумен  жағаласып  кӛру  де  азаматтық  борыш 

секілді еді. 

Елден    алған    сәлем-сауқаты    таусылып    қалды    ма,    Қҧмырай    соңғы  

кҥндері  қабағынан  қар жауын,  қҧтырған  иттей  кӛрінгенге  соқтығып  ӛз-

ӛзінен  ызаланып  жҥрді.  Кен  орнында  ең оңай деген жҧмыс —  динамит 

қойып  тоң  жердің  ҥстіңгі  қабатын  қопару  болатын.  Бҥл  іске  қауқарсыз  

қарттар  мен  ауру,  әлсіз  жігіттер  жіберілетін.  Десятниктің  тілін  тапты  ма, 

Қҧмырай  тҥйедей  болып,  осы  жанға  жайлы  тыныш  жҧмысқа  орналасып 

алған.  

Кӛрсетілген  тҧсты  динамит  қойып,  бҧрқ  еткізіп  қопарып  тастайды  да, 

темекісін  қҧмарлана  тартып,  қҧмырсқадай  қыбырлаған  біздерге  мҧртынан 

кҥлін  дем  алып  отырады.  Арбайған  ағаштың    тҥбірін    аударуға    шамасы  

жетпей,    тырбаңдаған    Бураға,    тыныш    отырмай,    кесек  топырақ  дәлдеп, 

оның быж-тыж ызаланғанына қарқ болып кҥледі. Кешке бараққа келген соң  

Бура    қалайда    Қҧмырайдың    кӛзін    қҧртудың    амалын    басын    қатырып  

ойлайды  да жатады. 

Кӛктем  шыққанда  кӛңіліміздегі  кірбің  тарқап,  Оралдың  жайқалған 

орман,  әдемі  табиғаты  сірне  болып  қатқан  сезім-тҥйсігімізді  қытықтағандай 

еді.  Аш  жҥрсең  де  —    сергек  жҥргенге  не    жетсін.    Ҥш    айлық    қара  

жҧмыстан    қҧтыла    қоймағанымен,    асқазанымның    ауруы    аздап  басылған  

секілді,  бҧрынғыдай  ішкенді  қайта  қҧстырын,  кҥндіз-тҥні  мазаламайды,  

тек    аш  қҧрсаққа    ас    тҥскенде    ғана    ептеп    қыжылдайды.    Ӛз    басымдағы  

ҥлкен  жаңалық,  ҥйден тҧңғыш  рет  хат  алдым.  Кешігіп  келсе  де,  кӛңілге  

медет,    дәтке    қуат.    Тҥскі    бір    сағаттық  ҥзілісте  қайыңның  арасына  кіріп 

алып кҥбірлеп оқи бастадым. 

Алманың  хаты:  «Ақаным  менің!  Зар  еңіреп,  зар  жҧтып,  кӛзіме  қамшы 

тиген  жетім  ботадай  боздап    жҥргенде    айнымастай    болып    табысқаным  

менің!    Денің-қарның    сау    ма?    Біз  шҥкіршілік,    тағдыр    сыйға    тартқан  

тарыны    теріп    жеп    жҥрміз.    Атам,    апам,    балалар,    ауыл-аймақ  тҥгелдей 

аман-есен. Жағдайымыз жақсы. Тамақ, тоқ, кӛйлек кӛк дегендейін... 

Әскер,    семьясы    болғаннан    соң    колхоздан    не    керек,    соның    бәрін  

алып    тҧрасың...    Ӛзім  қолмен    ғана    жҧмыс    істеймін.    Aяғы    ауыр    деп,  



Sauap.org

 

 



29 

 

аспазшы    тағайындап    қойған.    Ауылдан  соғысқа  кеткен  бірлі-жарым 



азаматтан шетінеу бар. Оларды келесі хатымда айтармын. 

Апам    тҥс    кӛріпті.    Сен    аң    боз    атқа    мініп,    Бҧқтырманың    ағаш  

басына    шығып    тасып  жатқанына    қарамай    ӛте    шығыпсың.    Жарығым,  

есен-аман  келеді  деп  отыр.  Сенің  оңай жҧмысқа  барғаның  қандай  жақсы  

болған.    Хаттың    ішінен    жҥз    сом    ақша    шыққанында  тӛбеміз    кӛкке  

жеткендей    қуандық.    Поселке    салсақ,    қайтеді?    Қҧмырайдың    әйелі, 

жағдайлары  ӛте  нашар  екен  деп  бала-шағасының  аузындағысын  жырып 

жолдап жіберген. 

Ал сен семіріп алдық дейсің... Май шам сӛнуге айналды. Хош-сау бол. 

Сені сағына кҥтуші, Мен және ҥй ішің.  

1942 жыл, мамыр». 

—  Елден  тҧңғыш  рет  арқан  бойы  ҧзап  шықпағандікі  болар,  кӛңілім 

босап жыладым. 

Алманың  сойдақ-сойдақ  жазуы  мен  ҥшін  бҥкіл  Жҧлдыз  аулы  кӛшіп  

келгендей    болып  сезілді,  алғаш  рет  жҥрегім  сазып,  бала-шағамды  ӛлердей 

сағындым. Туған жеріміз Шығыс пен  соғыс  болып  жатқан  Батыстың  екі  

ортасындағы    Орал    тауы    екі    жаққа    кезек    алаңдай  қараған    алып    тҥйе  

секілді.    Біз    сол    алып    қара    нардың    қомына    жармасқан    атымыз    бар, 

атағымыз  жоқ  жҧмыс  әскерлеріміз.  Қимыл-әрекетімізге,  мҧрнымызға  су  

жетпей    істеген  жҧмысымызға  қарап,  қандай  қайсар  жандар,  деп  ойлауға 

болар  еді.  Бірақ  біз  тіпті  де  олай  емеспіз,  дҥниедегі  бар  жақсылық  пен 

жамандықтан  қҧр  алақан  қалған  керең  де  кеспірсіз  жандармыз.    Радио  

тыңдай    алмадық,    газет    оқи    алмадық,    ең    ақыры    саяси    хабардың    ӛзін 

мардымсыз,  тиіп-қашып  ӛткізеді.  Цех  бастығы,  директордың  орынбасары  

деп    аталатын  кісілер    қудай    секілді,    ақырып-бақырып,    ойына    келгенін  

істейді.  Жанымызға  батқаны  да сол  —  не  ӛлім,  не  ӛмір  деп  бҥкіл  әлем  

арпалысып  жатқанда,  жер  астынан  шыққан  жік секілді  тайраңдап,  оқтау  

жҧтқандай  кердеңдеп  жҥргендері.  Жасырып  керегі  не, жҧмысшылардың  

арасында  ауру-сырқау,  ӛлім-жітім  кӛбейді.  Балшықтан  адам  жасай алмай,  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет