Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

қара жер қақ айрылды... Одан соң дҥние шыр кӛбелек айналып жҥре берді... 

Содан соң... білмеймін.  

Есімді  жинағанымда:  тӛргі  ҥйдің  іргесіне  таман  салынған  тӛсекте  

жатыр  екенмін.  Апам,  

Сақыш,    Ғайша    отыр    жанымда.    Сақыш    қолындағы    орамалымен  

маңдайымнан  шып-шып шыққан терді дәместем сҥртіп қояды. 

—  Арыстай  ҧл  таптың,  Алма!—  деді  кҥліп.  Еңкейіп  келіп  бетімнен 

сҥйді. 

— Кіндігін мен кестім. Ҥлгердім-ау, әйтеуір. 



— Бауы берік болсын,— деді Ғайша. 

—  Ақанымның  арманы  орындалды,  қҧдайға  шҥкір,  ат  ҧстар  келді  

дҥниеге!—    деді    апам  шылаушынның  ҧшымен  кӛз  жасын  сҥртіп.  Атам  ақ 

ешкінің  лағын  жетім  қалдырып  сойып  тастаған  екен,  обал-ақ  болды,  бірақ 

лағы жетіліп қалған еді. 

Міне,  айналайын,  жалғыз  ҧлды  дҥниеге  келтірдім.  Қуанышымда  шек  

жоқ.  Қҧлыным-ай, картошканың ҥстінде туып еді, осы қадірсіздеу тамақты 

кҥні  бҥгінге  дейін  жақсы  кӛретіні  содан-ау.    Ауылға    келсе    болды,    әуелі  

сҧрары,  картошка;  ол  келе  жатыр  деген  хабарды естісек, тай қазанда асып 

қоямыз,  қызық,  әйтеуір,  жеңсік  асына  айналып  кетті.  Жыл  бойы  жертӛлеге 

бҥлдірмей сақтап қоямыз. 

Жер  бетіндегі  ананың,  меніңше,  жалғыз  ғана  арманы  бар,  ол  —  ҧл  

табу!    Әсіресе    қанды  майданда,  кҥн-тҥн  сайын  жҥздеген  азаматтың  басы 

оққа  ҧшып  жатқанда  ӛмірге  Ҧл  әкелу,  әрине,    ҧлан-асыр    той    —    ҧлы  

қуаныш  еді.  Қалжаға  аң  ешкінің  сорпасы  бҧйырып,  тула бойым  жіпсіп,  

бҧлаудай  болып  терлеп  жатырмын.  Дҥниеде  ӛзіңмен  бірге  қуана  білетін 

адамың    болғаны    қандай    жақсы.    Таң    қҧлан    жеткенше    әңгіме-дҥкен  

қҧрып,    қасымнан  қарыс  кетпей  отырған  қҧрбыларым  —    Сақыш  пен 

Ғайшадан озар қымбат әйелдер жоқ еді мен ҥшін. Әрқайсысының ӛз ҥйі, ӛз 


Sauap.org

 

 



59 

 

мҧңы  бола  тҧрса  да  менің  сәулелі  тҥніме  ортақтасып,  емен-жарқын  



шыраймен    қызыға    қарайды.    Сонда    ӛздері    еншілемеген,    тағдыр    талақ 

қылған  әйелдердің,  менің  бақытыма  зәредей  де  қызғаныш  жасамай, 

жайраңдап қызмет қыла  қҧрақ  ҧшқан  қҧрбыларымның  жҥзінен  адал  да  аң  

ниет  нҧрды  кӛріп,  шыншыл кӛңілмен кезіме қуана жас алдым.  

—  Ҧлымның атын Баламер қоямыз,—  деді бір ауыздан. Мен келістім. 

Олар тек кҥн шыға ғана тарады. 

Айналайын,  Кҥмісжан,  осынша  жетпіске  жақындаған  ӛмірімде  менің  

бір  нәрсеге  кӛзім жетті. Адамның тағдыры ауа райы секілді екен. Жаңа ғана 

шайдай ашық тҧрған аспаның әп-сәтте  қара  қҧрықтанып,  бҧлт  басып  шыға  

келеді.  Бірыңғай  бақыттың  да,  бірыңғай қайғының да болғанын кӛргенім 

жоқ. Сол секілді қара басымның қуанышы қандай оқыс келсе,  соншалықты  

келте  қайырылды.  Қос  қҧрбым  Сақыш  пен  Ғайша  біздің  ҥйден  шыға 

бере,    Жақияр    ақсақал    кірді.    Ол    кісі    ең    әуелі:    «Баланың    бауы    берік  

болсын»,—    деп    жас  нәрестені  қҧттықтады.  Содан  соң  тор  алдына  малдас 

қҧрып, жайғаса отырды да, маңына 

Атам мен Енемді шақырды. 

—  Оңыс  болайын  десе  быламыққа  да  тіс  сынады,—  деп,  тамағын  

кеней    оспақтап  бастады,—    Ӛз-ӛздеріңе    берік    болыңдар.    Пайғамбардың  

жасындағы,    ақыл    тоқтатқан  адамсыңдар.    Еңбек    аулындағы    Сандуғаш  

атты  қыздарың  суға  кетіп,  жас  ӛмірі  қыршын кеткен екен... 

Енем дауыс сала жылап қоя берді. Атам сол міз бақпаған қалпында: 

— Сҥйегі табылған ба екен?— деп сҧрады. 

— Табылыпты. Бҧқтырмадан арбамен шӛп алып ӛтем деп жҥріп, иірімге 

тҥсіп кетіпті. 

—    Қазаныма    ас  салып    беріп  отырғандай    балаларымды    кӛпсіне  

беруші еді,  айналдырған он  кҥнде  екеуінен  бір-ақ айырылдым-ау,—  деп  

Атам  басын  ҧстап, қабырғасы  сӛгіле  жер шҧқып отырып қалды. Содан  соң 

қолына  таяна  әрең  дегенде  орнынан  тҧрды.—    Бәйбіше,  болар  іс  болды. 

Қызың  енді  қайтып  келмейді.  Арулап  кӛміп  қайтайық,  сыңси  бермей,  жол 

қамына кіріс. 

Менің  қалжама  сойылған  ешкінің  етіп  арқалап,  Атам  мен  Енем  Еңбек 

аулына аттанды. 

Амал  жоқ,  жылай-жылай    орнымнан  тҧрдым.  Белімді  тас  қылып 

байладым да, сиыр саууға шықтым. Жӛргекте іңгәлап жалғыз ҧлым жатты.  

...Бураны  бҧлайша  азаптағанша  соғысқа  аттандырар  ма  еді,  деп 

ойлаймын,—  Алдындағы қымыздан  бірер  ҧрттап  тамағын  жібіткен  Ақан  

шал  әңгімесін  одан  ары  сабақтады,—Ағайын-туғаннан ада, жалғыз басты 

жігіттің  пе  білген  ойы  бар,  неге  ғана  осыншалық  тҧйық  кҥйге  тҥсті,  оның 

себебін ол ашып айтпайды, ал біз тан басып таба алмадың. 

Әлденеше  рет оңашада сыр тарттым, амал не «әншейін», дегеннен басқа 

жарытып  жауап  бермеді.  Аяң    астынан    ҧшына    жабысқан    ауру  іспетті,  

әлдеқайда    алысқа    қарап,    екі    тізесін  қҧшақтай  бҥрісіп,  меңірейеді  де 

отырады. 


Sauap.org

 

 



60 

 

Қазан    айы    —    Орал    тауында    салқын,    ағаш    жапырақтары    саулап  



тҥсіп,  дымқылдана бастады.  Ауық-ауық  жаңбыр  жауып,  ауа  сыз  тартып,  

жер  қойбатпақтанып  кетті.  Бір  топ жігіт  қарағай  кесіп,  қҧрылыс  ағашын  

дайындап    жҥр.    Мен    сол    баяғы    рельс    тӛсеп,    вагон  жылжыту 

жҧмысындамын. Жағдайымыз қалпынша, пәлендей ӛзгеріс бола қойған жоқ. 

Майданнан ҧзын қҧлақтан ғана хабар естиміз. 

Дәрі  кӛміп,  жер  қопаруда  жҥрген  Қҧмырай  әдетінше  саяқ,  жҧқпалы  

індетіміз    бардай-ақ  ешқайсымызға  жоламайды...  Оны  мҥлдем  ҧмытқандай 

біз де жантарта қойған жоқпыз. 

Ақшам  жамыраған  шақ  еді.  Сонау  бір  тҧсқа  дәрі  қойып,  қайтып  

келген  Қҧмырай  Бура екеуміздің жанымызға жайғасты. 

— Иә, жігіттер, амансыңдар ма?— деді ойда жоқта ерлік жасап. 

— Кӛріп отырсың ғой,— дедім мен қитығып. 

—  Осы,  сенің  мен  дегенде  қозатын  жының  бар  ма. Әй, бала, хал  

қалай?—    деп  Бураның  арқасынан  салып  қалды.—    Бҥгіннен  бастап  жер 

қопару жҧмысын саған беремін. Шаршапжҥрсің ғой. 

— Рас па?— Бура қуана сҧрады. 

— Рас. Жалықтым. 

Осы  кезде  десятник  айғай  салды.—  Қҧмырай,  кӛмген  дәрің  атылмай 

қалды. Бар, тексер.  

—    Сен  тексеріп  келші,—    деді  Бураға.—    Менің  аяғым  ауырып  отыр. 

Неге екенін білмеймін, соңғы кҥндері қақсап жанымды шығарады. 

Орнынан    лып    етіп    тҧрған    Бура    ҧзай    берді    де:—    Әй,    Қҧмыке,  

осыдан  бастап  сенің жҧмысыңды мен атқаратын болайын. Уәде ме. 

— Уәде,— деді Қҧмырай тізесін уқалап. 

Қҧстай    ҧшып    жҥгірген    Бура    дәрі    кӛмілген    тҧсқа    енді    жете  

бергенінде...    жете    бергенінде  қҧлақ  тҧндырар  қатты  жаңғырық  естілді  де, 

қара  жердің  кҥлі  кӛкке  ҧшты.  Қопарылған  тас,  топырақпен  кҥйкентайдай 

Бура  да  қоса  аспанға  атылып  еді...  Тҧра  ҧмтылдық.  Ішек-қарны  ақтарыла 

жарылған жерде бір аяқ, бір қолы жоқ Бураның сҥйегі ғана жатыр еді... 

Сабанға  орап  теректің  тҥбіне  жерледік.  Сонда  ғана  мен  оның  неше  

кҥннен    бері    ӛлімін  сезіп,    сезіктеніп    жҥргенін    білдім.    Сонда    ғана    мен  

оның  жҧмыстан  емес,  ӛлімнен қашқанын,  артынан  бекер  іздеп  барғаныма  

ӛкіндім,    жоқ    дегенде    жауын    жастана    шейіт  болмағаны  жҥрегімді 

мҧздатты. Қайтейін, ажал айтып келе ме. 

Осы оқиғадан соң еріншек деп тапқан жігіттерге қосып, Қҧмырайды да 

соғысқа алды. 

Осы оқиғадан соң, дҥниеде мен ҥшін Қҧмырайдан сҧмдық жау жоқ еді. 

Қарашаның    басын  ала  алғашқы  қар  жауды.  Орман-тоғай,  тау-тас, 

жердің беті  —  барлығы аппақ ҧлпа қар жамылып, соншалықты әдемі тҥрге 

бӛленіп, қысқы киімін киді. Биыл қар ерте тҥсті. Бірақ қара суығы аз, жанға 

жайлы. Қарбалас қимылдаған еңбек әскері, жылдың басындағыдай,  тағы  да  

нәумездіктерін    білдіре    бастаған.    Ашып    айтпаса    да    боран    соғар 

алдындағы  қарғалардай  топ-топ  болып  кҥңкілдесіп,  бір  ҥлкен  тәуекелге  


Sauap.org

 

 



61 

 

дайындалыс  байқалады,  Қар  тҥсе  қарнымыз  ашқан  соң,  кӛршілес  жатқан 



деревнядағы  иесі  әлдеқашан,  тіпті,  сентябрь  айында  қазып  алған  бақшаға 

барып,  жер  астында  жасырынып  байқалмайқалған  картошканы  кҥрекпен 

қопарып  іздей  бастадық.  Жердің  беті  ғана  ептеп  тоңданғаны  болмаса,  ар 

жағындағы қара топырағы қопсып шыға келеді. Едәуір жерді кӛртышқандай 

тҥрткілеп, итпен тіміскілегенде ғана бірлі-жарым картошка кҥрегіңе ілінеді-

ау.  


Кейбіреулері    айғайлап    қуып,    маңайын    бастырмайды,    ал    кейбір  

иманын    жоғалтпаған  қожайындар  қашаға  сҥйеніп,  жағына  пышақ 

жанығандай азып-тозған біздерге жаны аши қарап тҧрар еді. Орыстың қауға 

сақал  шалы  шақырып  шай  берді.  Дорбамызға  азын-аулақ  картошка  салып 

жып-жылы сӛздер айтты. 

Бір  кҥні  осы  кәніккен  жігіттерді  милиция  ҧстады.  Еңгезердей  неме  

екен,    қолымыздағы  дорбамызды    тартып    алды.    Байдың    асын    байғҧс  

қызғанады  деп,  қорқытып-ҥркітіп,  ауыр-ауыр  балағат  сӛздермен  тілдеп,  

Қаймақтық    жағынан    ҧрып    ҧшырып    жіберген    соң,    мен  шыдап    тҧра  

алмадым.  Енді  маған  ҧмтыла  берген  кезінде  жағасынан  ҧстап,  шалып  

алып  ҧрдым.    Ол    жамбасында    салақтаған    тапаншасына    жармасты:—  

Скоты!  Бандиты!  Убью!—деп, оқтана  бастағанда,  қолындағы  қаруын  бір  

теуіп  ҧшырдым    да,    одан  бҧрын    ҧмтылып  барып,    ағаш    арасына    қарай  

шырқата    лақтырып    жібердім.    Айбаты    тапаншасында    екен,  сасқалақтап  

солай  қарай  жҥгіргенде  біз  қашып  қҧтылдық.  Осы  оқиғаны  бағанадан  

бері бағып  тҧрған  қауға  сақал  шал,  ҥш-тӛрт  әйел  ләм  деп  аузын  ашқан  

жоқ.    Болар    іс    болды,  ҥлкен  дауға  қалғанымызды  да  білдік.  Ертеңіне  әлгі 

милиционер  кӛрген  адамдарды  куәға  тартып,  бараққа  іздеп  келді.  Біз: 

«Ештеңе  білмейміз,  олай  қарай  аяғымызды  аттап  басқан  жоқпыз»,—  деп 

танып шыға келдік. Енді ҥш жігіттің тағдыры куәлерге барын тірелді. 

Олар  «рас,  осылар  болатын»  десе,  «қош,  туған  жер»—  деп,  сҧп-

суық  мылтықтың тҥрткілеуімен  итжеккенге  айдалып  кете  бермекпіз.  Мен  

соншалықты  бір  мҧңды  да мҥсәпір жанармен қауға сақал шалға қарадым. 

Ол  «саспа»  дегендей  кӛзін  қысып,  басын  изегендей    болды.    Осы    кезде  

маған    тағы    бір    ой    келді    де:—    Егер    шынымызды    айтсақ,  майданға 

жібересіңдер ме?— дедім. 

— Жібереміз,— деді бастықтың орынбасары. 

— Ендеше, милицияны сабағанымыз рас. 

— Осы, осы азамат менің пистолетімді тартып алған. 

—  Ӛтірік  айтады,—  деді  қауға  сақал  шал,—  Біз  оларды  тҥсімізде  

де  кӛрген  жоқпыз.— 

Әйелдер де бір ауыздан қостады.  

Бар  әңгіме  осымен  тамамдалды.  Милиционер  жігіт:  «Сен  шалдың  

сақалын    кҥзермін»,—деп  боқтап,  кҥш  кӛрсете  сӛйлеп  аттанып  кетті. 

«Картошка»  мәселесін  қайтып  қайталаған  жоқпыз.    Соғысқа    бару    ҥшін  

жасаған    бҥл    әрекетім    нәтижесіз    аяқталған    соң,    маңдайға  жазылған 



Sauap.org

 

 



62 

 

жҧмысымды  атқарып  жҥре  бердім.  Мен  сонда  қазақтардың  «кӛресіңді 



кӛрмей кӛрге кірмейсің» деген сӛзіне алғаш рет қҧдайдай сендім... 

Иә,  біз  не  жемедік,  зардабын  кейін  бейбітшілік  орнап,  мамырстан  

заман    қайта    туғанда  тарттық  қой.  Ҥсіген  картошканы  жей  берген  соң, 

асқазанымыз ауырып, ішіміз бҧзылды. 

Ӛлмес ҥшін не істемейді кісі, бәріне кенесің, бәріне кӛндігесің. 

Пенденің  басына  қиыншылық  іс  тҥскенде,  бойындағы  барлық  қадір-

қасиеттері  біртіндеп сӛніп,  жынын  алған  бақсыдай,  ӛз-ӛзінен  жҥдеп  жҥні  

жығылары    бар.    Әншейін    уақытта  аяқтыға    жол,    ауыздыға    соз    бермей  

жҥретін  ауылдың  аусар  мінезді  жігіттері  бҧл  кҥнде тасуы  қайтқан  тау  

ӛзеніндей    жылып    ағатын    —    жуас,    арқасын    желқом    қажаған    атандай 

кӛмпіс,  кӛкіректегі  шер,  кӛңілдегі  сырын  айтарға  адам  таппай  қҧсаланған 

мәңгҥрт  болып  қалған.    Елде    жҥргенде    осы    менің    қҧрдасым    Қожақтан  

қалжың    бас,    бҥлдіргі    ешкім    жоқ  секілді  еді,  қазір  ӛз  денесін  ӛзі  әрең 

кӛтерген кӛтерем. Ал Қаймақ ағамыз әлдеқашан аш аруаққа айналып қалған. 

Ішіміздегі  «сорналығы  бар»  Қҧмырай  еді,  одан  да  айрылдық.  Бірақ  

қаншалықты  тағдырдан  таяқ  жеп,  екі  жастың  біріне  келмей  жатып  азып-

тозсақ    та,  ӛмірге    ӛкпелеп,    замананы    ғайбаттауға    болмайтын    еді...  

Қаншалықты    қайғы    жҧтып,    қан  қҧсып  қиналсақ  та  жалпы  ортақ  тәртіпті  

бҧзып,  соғысты  пайдаланып  қалар  сойқандыққа,  сотталып    кетер  

сатқындыққа  барғанымыз  жоқ.  Торғай  екеш  торғайда  да  ашу  бар  ғой, 

бауыздалар  алдында  ешкі  де  бір  бақырып  еледі  деп,  ер-тоқымымызды  

бауырға    алып  мӛңкісек,    қалың    орманның    ара-арасын    паналай    қаша  

жӛнелсек,    тҥн    жамылып    ҧрлыққа  тҥссек,  кҥндіз-тҥні  мылтығын 

шошаңдатып  тҧрған  ешкім  жоқ  еді.  Біз  ондай  Отанды  сатар  оспадарлыққа  

барған    жоқпыз.    Сол    бір    қиын-қыстау    заманда    ар    тазалығына    сызат 

тҥсірмеудің  ӛзі  асқан  ерлік  сынды  еді.  Ешкім  ақыл  айтып,  ҥгіт-насихат  

жҥргізбей-ақ,   әр  жҥмысшының   ӛз   ожданы   «ақылшы»   болған    кездердің  

кейінгілерге    ӛнеге    етер    осындай-осындай    мықтылықтары    есіме    тҥскен  

сайын,  бҥгінгі  ток,  кҥлкі  мезгілдің  мерез қылықтарын  кӛрген  сайын  сай-

сҥйегім  сырқырайды.  Неге?  Ӛзім  де  әдібін  сӛгіп  тҥсіне алмаспын.  Соғыс  

жылындағы  әр  адамның  бойына  оқу-тоқусыз-ақ,  қҧт  болып  қонған  ақ 

кӛңіл,  адал  да  аңқау  мінездің  замана  тҥлеп,  қоғам  қоңданған  сайып 

қоламталанып, білікті білімділіктен  туған  «сауатты»  сезімнің  қҧлы  болып  

бара  жатқан  жоқ  па  деген  ҧры  ой ҧялайды.  Иә,  ол  шақта,  әйтеуір,  бір  

нәрсеге  сенетін  едік,  тіпті  балаша  қуанып,  балаша алдана  алар  едік.  Егер  

қазіргі    бейбіт    те    берекелі    заманы    —    айдын    шалқар    Бҧқтырма    су 

қоймасы  десек,  біздер  жасаған  ересен  ерлік  пен  есіл  еңбек  сол  теңіздің 

қордаландырған  мӛлдір    бҧлақ,    едік    ау.    Ал    бҧлақтың    басы    әрқашанда  

таза  басталмақ;  ал  біз  байытқан теңіздің астында не барын қайдан білейік. 

Рас, қайықшылар жағаға шығып, ақшағаладай кемелер  жҥзе  бастады.  Сол  

әдемі    кемеге    міне    алмағанымызға    ӛкінбейміз    де,    бәлкім,  жағада  тҧрып 

қызықтауға  жаратылған  жандар  шығармыз.  Кейде  ойлаймын,  соғыс  кезінде 

«трудармияда»    болған    адамдар    бал    арасының    ішіндегі    қызығын  


Sauap.org

 

 



63 

 

ешқашанда  кӛрмейтін «еңбеккер» араға тым ҧқсаймыз-ау, байғҧс «еңбеккер» 



ара  ең  соңғысы  ӛліп  бара  жатып,  ең    соңғы    балды    ана-араның    аузына  

тосады  екен.  Сондықтан  да  бҥкіл  ҧяның  ӛмірін жалғастырады. 

—Лағып  кеттім  білем.  Негізгі  әңгіменің  арнасына  қайта  оралайын,—  

деп, алақанындағы насыбайдың  қалдығын  қағып тастады.—  Дегенмен  біз  

де    екі  аяқты,  жҧмыр    басты    пенде  едік    қой,  ал    дегенде    кӛп    дҥниенің  

парқын    ажырата    алмадық.  Соңғы    он    жылдағы    бейбіт  ӛмір,    берекелі  

тірлікке  ҥйреніп,  арқа-басы  кеңіген  жҧрттың  жалғыз-ақ  кҥнде  апай-топай 

болуы  талайымызды-ақ  мәңгіртіп  тастаған.  Оқу-тоқуы  аз,  дҥниенің  тӛрт  

бҧрышында  не болып, не қойып жатқанынан бейхабар қыр қазақтары ҥшін 

«ата  жау»  деген  сӛздің  мәнін  танып,    тҥсінудің    ӛзі    ауырлау    тиген    еді.  

Сонау    жоңғар    шапқыншылығынан    бергі    уақытта  «жау    шапты»    деген  

аттан  сал  ҧранды  естіп  отырғандары  осы.  Ол  шақта  дҧшпандары іргеден 

бас  салып  еді...  Ал  «Қызыл»,  «ақ»    болып  атойласқан  жылдар  бҧдан  гӛрі 

жеңілдеу  ме,  қалай  еді?  Әйтеуір,  айтыссаң  да,  атыссаң  да  ӛз  ағайының,  ӛз 

жҧртың болатын. Сонау қҧлақ  естіп,  кӛз  кӛрмеген  батыстан  шыққан  жау  

бҧлар  ҥшін  —  қазақтар  ҥшін  «ата  жау» санала  ма,  жоқ,  па?  Тіпті,  осы  

сҧрақтың  ӛзін  Қҧмырай  сан рет  қойын,  қҧлақ  етімізді  жеп еді-ау.  «Идей,  

мақсат  пен  мҧрат,  басқарып  отырған  ҥкіметіміз  біреу  болғанда,  жау  да 

ортақ    емес    пе.    Орыс    ағайындар    да    сан    рет    қазақ    жерін    қорғап  

қалған»,—  деп  шама-шарқым  жеткенінше  тҥсіндіріп-ақ  бақтым,  амал  не,  

«әй,  қайдам»  деп  басын  шайқай береді. Ал Қаймақ шал мен аусар Қожақ, 

жуас Бура ҥнсіз тыңдап, басын шҧлғи береді. 

Оларда  неге  болсын  дау-дамайсыз  келісу  бар,  пәлесінен  аулақ,  осы 

кҥйімізден айрылып қалармыз»,— деп, кӛндігу бар. 

—  Иә,  кӛкейдегі  кӛп-кӛп  сҧрақтарды    соғыстың  ӛзі-ақ  ҧқтырып  берді 

ғой. Сондықтан да тек немістерді кінәлап келеміз. 

Жоқшылыққа  қазақтардан  тӛзімді  жҧрт  болмай  шықты.  Ондай  аш  

қҧрсақ,    кҥйдің  зардабын  талай-талай  тартқан  елдің  азаматтары  ҥйренбеген 

асын  жей  алмай  бір  ашынса,  ҥй  ішін  сағынып  екі  ашықты.  Алғашында 

ауыздарына нәр салмай-ақ апталап жҥре беретін. 

—  Қышымадан жасалған кӛже, бір тілім нан біздер ҥшін ҥлкен байлық. 

Баяғыда бҧдан да зорын  кӛргеміз,—-  дейді  Қаймақ  ақсақал  алдындағы  бір  

аяқ    жап-жасыл    суды    сапырып  отырып.—    Қайғысыз  қара    суға  семірген 

заман  қош-қошын  айтқан.  Қанағат  керек,  жігіттер,  қанағат.    Таудың    бегін  

қазын  жегенде  де  ӛлмегенбіз.  Ӛкімет  аман  болса  бҧлайша ашықтырып  

қоймас.    Барлың    мақсат    тойып    тамақ    жеу    ме    екен.    Соғымға    ҥйірлеп  

жылқы, қора-қора қой сойған атақты байлар да ӛткен бҧл дҥниеден. Жоқтан 

ӛзгеге тарылмаңдар. 

Қҧдайдан Гитлердің ӛлімін тілеңдер... 

—    Жаудың  жеңіліп,  Гитлердің  ӛлгенін  кӛру  ҥшін  де  аштан  ӛлмеуіміз 

керек қой,—  деп сӛз жҥгіртті аусар Қожақ. 

Ӛл, тіріл еңбек ет, ӛл, тіріл тамағыңды асыра. Су ішкіліг ің таусылмаса 

балталаса да ӛлмей сол кӛксеген кҥніңе жетесің. 


Sauap.org

 

 



64 

 

—  Кеше станция маңына бір вагон картошка тӛгіп кетіпті, кҥзетшісімен 



келістім,  бір  дорба  беретін  болды,—  дедім  мен  жолдастарымның  сары 

уайымын азайтқым келіп. 

— Ой, ол ҧрлық қой,— деді Қожақ. 

— Ҧрлық болғанмен, игілікті ҧрлық,— дедім мен.  

Ҥйден  хат  келді.  Кӛптен  бері  хабар-ошар  ала  алмай,  уайымдап  жҥр  

едім,  тӛбем  кӛкке жеткендей  қуанышқа  кенелдім.  Хат  болғанда  қандай  

десеңізші,  жанымды  жайлау, кӛңілімді кӛктем еткен сҥйіншілі, мың жылға 

бір-ақ  жетерліктей  нҧрға  бӛлеп,  жарқыраған  қҧдіретті,  бой  тҧмардай 

мәңгілікке  сақтар  қасиетті.  Жанарымнан  жас  саулап,  қайта-қайта  кӛз 

жҥгіртемін,  тіпті,  ӛзіме-ӛзім  сенбей  ауылдас  жігіттерге  оқыттым.  Олар  да 

ойран-асыр  қуанып,  қҧттықтап  жатыр.  «Бәсе,—    деймін  ішімнен,—    бәсе, 

менің  де  атар  таңым,  ат  ҧстар  ҧлым  болу  керек  қой.  Не  жазыппын 

жаратқанға». «...Аса қҧрметті асылым! Алыста жҥрген ерім  менің.  Сҥйінші,  

ҧлды  болдың!  Аман-есен  босандым.  Дҥниеге  қҧлын  келді.  Атын Балемер  

қойдық.  Ҧзағынан  сҥйіндірсін,  артың  қуанбайық,  арты  қайырлы  болсын,  

тәубе-тәубе!  Жағдайымыз  жақсы.  Ауыл-аймақ  аман.  Апам  мен  Атам, 

балалардың дені-қарны сау. 

Қайнағам  мен  қайнымнан  жалғыз-ақ  хат  келген,  әдірісі  анық  емес,  

ауысып  отырады екен... 

Соғыстағы  кейбір  жігіттерден  қара  қағаз  келді.  Атын  атап  жҥрегіңді 

ауыртпай-ақ қояйын. Ӛзім қазір наубайханада нан пісіріп жҥрмін. Жҧмысым 

жеңіл. Біздің жақта кҥн жылы. 

Шӛпті  жеткізіп,  картошканы  қазып  алғанбыз.  Қайғы  жоқ,  тамақ  тоқ 

деген секілді... 

Жалғыз-ақ, арман —  сендердің аман-есен оралуларың. Бізді уайымдама. 

Денсаулығыңды  кҥт.  Босанған  кҥні  шаршап  барып  кезім  ілінін  кетіпті. 

Тҥсіме сен кірдің. Бҧлақтың басында жҥзің аппақ қудай болып, бетіңді жуып 

отыр екенсің деймін. Соншалықты жҥдеусің, Ақан, бір  жерің  ауыра  ма?  Әр  

жазған  хатыңда:  «Барлығы  керемет,  барлығы  тамаша»,—  деп мақтайсың... 

«Арқада  қыс  жақсы  болса  арқар  ауып несі  бар» демекші, тәңірім-ау,  мынау 

қан  сасыған  заманда  «тамаша»  ӛмір  болушы  ма  еді.  Ал  Қҧмырайдың  әйелі 

«итқорлығын кӛрсетеді екен» деп зар еңірейді,- Жасырмай шыныңды айт. 

Шҥкіршілік,    соғыста    жҥрсең    қайтер    едім.    Ақаным    менің,  

кҥмістелген    ер-тоқымың  сақтаулы.    Атқа    ер    салын,    Баламерді    алдыңа  

алып,  мені  ертіп  ӛзіміздің  ен-жайлау 

Кӛкжотаға шығар кҥн де туар. Шыдайық.  

Жағдайыңды жасырмай айтып, толық етіп хат жаз. 

Кӛріскенше кҥн жақсы болсын, ерім. 

Сәлеммен, Алмаң». 

«Кӛріскенше  кҥн  жақсы  болсын»,—  деп  ішімнен  қайталадым.  1943  

жылдың,  яғни  жаңа жылдың басында жҥздеген жҧмысшы аудан орталығына 

жаяу-жалпылы сапар шектік. 



Sauap.org

 

 



65 

 

Қысқы орман ішінде қар кешіп ширыға шҧбырған халықты тоқтатар кҥш 



жоқ  еді.  Директор,    цех    бастығы,    десятниктің    жолымызды    кес-кестеп,  

ақырып-бақырғанына аялдап, сӛздерін тыңдаған адам болмады. Жҧмысты бір 

кісідей  бірігіп  бастадық  та,  кҥннің  суығы,  жолдың  қиындығы,  ауданның 

алыстығына қарамай соза тартып келеміз. Сандаған ҧлт ӛкілдерінен қҧралған 

жҧмысшыларда  жалғыз  ғана  тілек  бар.  Жағдайымызды  тҥсіндіру,  майданға  

алуын  ӛтіну.  Бҧл  қайнаған  қан,  жҧлқынған  жҥректен  шыққан  адал  да  

батыл тілек.  Ары  қарай  шыдау  мҥмкіндігі  біткен  соң,  әупірімдеп  бастап  

кеткен  орыс ағайындарына ердік те, бір  жеңнен қол, бір жағадан бас шығара 

дегендей  білек  сыбана  беттедік.  Былтыр  жазда  менің  досым  Иван  қозғау 

салған,  ҧятымыз  бен  ар-ҧжданымызды  оятқан    бастаманың    сӛніп    барып,  

қайтадан  қар  бетінде  тҧтануы  еді.  Не  болса  да  кӛріп алмаққа аттандық. 

Ауданға  жетіп,    райком  мен  райвоенкоматтың  алдына  топталдық. 

Жҧбымыз  жазылмастан  қҧшақтасып    тҧрған    біздерді    таратпаққа    әрекет  

жасап  безектеген  директорымыз 

Шахтинскийде зәре жоқ, амалы қайсы, бҧл қарекеті ӛте кеш еді, ештеңе 

ӛндіре алмады. 

Есік  алдына  аудан  басшылары мен  әскери  комиссариат  шықты. Ҧзын  

бойлы,  кӛзілдірікті орыс  жігіті  жағдайымыздың  нашар  екенін,  сондықтан  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет