Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

қайтейін...)—Егер  ерді  бермесек,  бастық    ҥстімізден    қҧрық    тҥсірмейтін  

сыңайы  бар.  Военсалық  тӛлеңдер  деп  қиғылық салды. 

— Салықтың орнына мені алып кетсе де бермеймін,— деп кесіп айтты. 

— Сен екеумізді неғылсын, не істейміз?— деп енем қыржыңдады. 

— Қара ешкіні ҧстап беріңдер. 

— Келесі айда не тӛлейміз, ата-ау. 

—  Одан  арғысын  кӛре  жатармыз.  Қҧдай  бай  емес  пе,  бір  есебін 

табармыз. 

—  Адырам  қал,—  деп  енем  шыға  жӛнелді.  Атам  кҥрк-кҥрк  жӛтеліп 

жатып  қалды.  Мен  қара  ешкінің  лағын  жетім  қалдырып,  колхоз  кеңсесінің 

босағасына байлап кеттім. 


Sauap.org

 

 



37 

 

Қиянқылығым  ҧстады  ма,  мҥйізіне  «военсалық»  деп  қағазға  жазып,  



байлап  қойдым  да, оразамды ашпастан пішенде жҥрген әйелдерге тарттым. 

Қол  тартпамен  шӛп  шабу  маған  ӛте  қиын  болды.  Қиын  болатын  себебі  

—    ішім    ҥлкейіп  қалған.  Бҧл  жҧмыстан  босат  деп  ӛтініш  айтып,  Нартайға 

баруға  арландым.  Әсіресе  анау  ор  дауынан    кейін    бізді    атарға    оғы    жоқ.  

Әбден    ӛшігіп    алған.    Қажыған    елге    би    болып    қалған  азын-аулақ  

азаматтардың    әспенсіп,    ойына    келгенін    істеп    баққанын    несіне  

жасырайын, кӛзімізбен  кӛрдік  қой.  Әрине,  бӛрі  бір  қалыптан  шыққандай  

қазымыр    емес   те   шығар,  бірақ  елуден  асып,  әскер  жасына  ілінбей  қалған 

еркектерді соғыс әжептәуір еркелетті... 

Майданнан  жаралы  азаматтар  оралып,  жанымыз  қалды  ғой.  Оқ  пен 

оттың ортасына тҥсіп, бейкҥнә  ӛлімді  кӛрген  олар  бейшара  елге  ізгілік,  

жақсылық  ала  келді  де,  кӛксақал әпербақандарды тақтан тҥсіріп, орнын ала 

бастағанда ғана «Уһ» деп бел жаздық,. 

Мен ҥшін отқа кҥйетін Ғайша, оған баяғыдағы «қатын  тӛбелестен» соң 

Сақыш  қосылған.Екеулеп    жҥріп    наубайханаға    ауыстырды,    мен    дегенде  

тӛбе  шашы  тік   тҧратын  бастықты кӛндіріпті.  Артынан  естідім,  әсіресе  

Сақыштың  сіңірген  еңбегі...  Байғҧс  жылап  отырып айтты ғой. Жарықтық, 

екі кезі танадай сҧлу әйел еді-ау! Жанынан жалғыз еркек тоқтамай, сҧқтанып 

қарамай  ӛте  алмайтын.  Колхоз  бастығының  ол  дегенде  есі  жоқ,  соңы  нан 

итше сҥмеңдеп  бір  елі  қалмаушы  еді.  Ӛз  әйелін  ӛзінен  бҧрын  қартайтып  

қағынып    жҥргенінде  Қҧдай    тілеуін    берді.    Жҧлдыздың    мҧңын    қыз-

келіншектері  саудырап  бос  қалды.  Осы ауылда Нартайдан аумайтын ҧқсас 

балалар толып жҥр. Оның бәрін жіпке тізіп қайтейін. 

Тірі    жҥрсін.    Олардың    әкесі    —    Соғыс!    Басқа    ешкім    де    емес...  

Сақыштың:  «Алма,  мен  сен ҥшін алғаш рет арымды саттым, тіпті сен қатын 

ҥшін де емес, анау ішіңдегі сәбиің ҥшін. Ӛзіме  қҧдай  бермеген  соң,  сенің  

балаңды  аман  алып  қалғым  келді».  Солқылдап  бетін басып ҧзақ жылады. 

Мен  оны  уата  алмадым.  Сонда  ғана  баяғыда  Жаманашының  басында  егін  

суғарып   жҥріп,    бір    литр    сҥт   ҥшін   бекер    тілдегенімді    тҥсініп,   аяғына  

жығылдым.    Ол  мені  кеудемнен  кӛтеріп,  тҧрғызып  алды.  Бетін  суық  сумен 

жуды да, қайтадан жайпап, екі жанары от болып жанып қоя берді. 

—    Бастық    Нартай    болмақ,    тҥгіл,    қҧдіретті    қҧдайдың    қойнына  

барсам  да  мені  қҧрсақ кӛтермейсің  деп  талақ  тастар  еді.  Ендігі  тілек  —  

сенің  балаларыңа  кӛмектесу.  Он  байға тисең де!— сен бақыттысың, Алма! 

Бақыттысың! Дҥниеде сендей әйел жоқ! 

—    Рақмет,    қҧрбым.    Ӛлсем    де    жақсылығыңды    ҧмытпаспын.—  

Бетінен  сҥйіп,  мойнынан қҧшақтадым. 

—    Ал    енді    масаға    таланбай    ҥйге    қайтайық,—    деп,    етегін    сілкіп  

орнынан    тҧрды.    Оның  сҥмбілдей    сҧңғақ    денесі,    тайқылау    біткен    ақ  

маңдай,    аққудікіндей    ҧзын    мойын,    жҧмыр  иегі    —    бар  барлығы 

жарасымын  тауып,  тал  бойына  тарыдай  мін  тҥсірмей  тҧр.  Оны  жаңа 

кӛргендей  аузымды  ашып  аңырайып  қалыппын.  Ӛзімнен  кіші  болса  да  



Sauap.org

 

 



38 

 

замандас  қҧрбымдай  жақсы  кӛріп,  әрі  аядым,  әрі  қызықтым  да.  Табиғат 



пендесін осыншалық сҧлу ғып жаратады да, сорлы ғып қоятыны несі екен? 

— Ҥй, не болды саған, жҥр, қайталық. 

— Қандай керімсің, Сақыш. Кӛрмеде кӛрсетер әйел сендей-ақ болсын. 

—    Сылаңдаған  сҧлулық  тҥлкіде  де  бар.  Бірақ  кеп  жортқан  тҥлкі 

қҧйрығынан  айрылады,—деп,  басын  шалқақ  ҧстап,  қаздаңдай  басып  менің 

алдыма тҥсе берді.  

Бозталдың    бойындағы    жалғыз    аяқ    жолмен    аяңдап    келеміз.    Кҥн  

батып,    ағаш    арасы    ала  кӛлеңкелене    бастаған    бейуақ    шақ.    Шілденің  

шіліңгір  ыстығының  беті  қайтып,  қоңыр салқын тҥн қаймақши бастаған. 

Маңайды  маужыраған  тыныштық,  меңдеп,  жаныңды  жай  таптырар  

жҧмбақты    сезім    билейді.    Кҥні    бойы    арпалыстан    сал    болып    шаршап  

тартқан  денең    азаптың    арқанын    бытырлатып    ҥзіп,    жол    шетіндегі    иісі  

аңқып  жатқан  шабылған шалғынға  ҧзынынан  сҧлап  қҧлай  кеткісі  келеді.  

Әлгіден  бері  ҥнсіз  аяңдаған  Сақышты  да осы мені меңдеген дел-сал хал 

жеңдеді  ме:—  Әй,  Алма,—  деді  тоқтап.—  Асыққанда  қайда  барамыз,  аздап 

дем  алайық.—    Бҧдан  соң  менің  келісімімді  кҥтпестен  шӛп  дестенің  ҥстіне 

жата кетті. Мен де оның жанына қисайдым. Ешкім кӛріп тҧрған жоқ қой, қол-

аяғыңды  жазып,  еркін  жатсаңшы,  албасты-ау,—  деп,  мені  кҥшпен  итеріп 

шалқайтты.  Содан  кейін  менің  томпайып  қалған  ішімді  ақырын  ғана  сипап, 

қҧлағын    тӛсеп    тың    тыңдады,—    Сен    —    анасың,    Алма.    Бҧдан    артық  

арманның    керегі    не.  Сенің    қҧрсағыңда,    қҧдай    біледі    деп    айтайын,  

титімдей    ғана    Ақан    жатыр.    Сӛз    жоқ,    ҧл  жатыр.  Егер  қарсы  болмасаң, 

кіндігін мен кесейін. 

— Әуелі аман-есен босанайында. 

— Неше кҥн қалды? 

— Ӛз есебімше ҥш айдай уақыт бар. 

—    Алыс    емес    екен    ғой.    Ертеңнен   бастап    нан    пісіруші    боласың.  

Бірақ    ол    жҧмыс    та    жеңіл  емес-ау.    Әйтеуір,    ауыл    іші,    ҥйіңе    жақын.  

Тамағың  да  аш  болмас.  Мен  саған  бір  сыр айтайын  ба,  Алма,—  деді  

қайтадан  шалқайып,  сонау  енді-енді  кӛріне  бастаған  әлсіз жҧлдыздарға  

қарап.    Қолындағы    шӛпті    тістелеп,    әлденені    есіне    тҥсірді    ме,    мен: 

«Бастасаңшы енді»,— дегенше ҥндеген жоқ. 

— Сен кӛңіліңе алмайсың ба? 

— Жоқ, не деп алайын кӛңіліме. 

—    Жасырақ    кезімде,    ол    кісінің    жігіт,    менің    қыз    кезімізде...  

арамызда  тым  тереңдемеген  

жақындық, сырластық болып еді.  

— Оның кім? 

—  Ол екеуміз сан рет кездестік, ӛмірлік жолды бірге жҥріп ӛтеміз деп 

уәде  беретін.  Бір-бірімізді  қҧлай  сҥйіп,  шын  ғашық,  жандардай  қиналып  та 

жҥрдік. Ол жуас, мен шолжаңдап ӛскен тентек едім. Жолыққан сәттерімізде 

ол  тӛмен  қарап,  тілі  кесілгендей  ҥндемей  тҧрар  еді,  ал,  мен  ӛзім  қҧшақтап, 

бетінен де алғаш рет ӛзім сҥйгенмін. 


Sauap.org

 

 



39 

 

—    Атын  айтпайсың  ба?—    Сақыш  менің  сҧрағымды  тыңдамағандай, 



әңгімесін жалғастыра берді. 

—  Оның  бҧйраланған  кӛмірдей қара  шашы, бидай  ӛңі,  қыр  мҧрны,  

кҥлімсіреп  қарайтын кішілеу, бірақ  отты  жанары,  ойшыл  да  бір  беткей 

мінезі...    бҥгінгідей  кӛз    алдымда.    Амал  не,    тағдыр    бізді    қоспады,  

әрқайсымыз    жеке-жеке    қайыққа    мініп,    ӛмір    ағысымен    кеттік.  Қосыла 

алмағанымызға  ӛкінген  жоқпыз.  Адамды  бақытсыз  ету  оңай  ғой,  ал  оны 

бақытты ету  екінің  бірінің  қолынан  келетін  ерлік  емес.  Ағасы  ӛлген  соң,  

соңғы  рет  менімен жолықты да сенің мәңгілік жарың болды... 

Неге    екенін    ӛзім    де    білмеймін,    Сақыштың    толқын,    ҧялыңқырап  

айтқан    әңгімесін  соншалықты    жайбарақат,    салқын    қандылықпен  

тыңдадым.  Тіпті  бойымда  қызғаныштың титімдей де оты тҧтанған жоқ. Не 

деп  қызғанар  едім...  Қалай  ғана?..  Ақан  Алтайдың  ару  қызын  қиып  тастап, 

маған    —    екі  байды  жҧтқан  маған  жар  болғанын  мақтан  етіп,  жар  салу  да 

жараспас  еді.  «Жҥгірген  алмайды,  бҧйырған  алады»—  деп,  қазақ  бекер 

айтпаған ғой. 

Ал  егер  адалынан  ақтарылған  Сақышты  жазғырар  ма  едім.  Жоқ.  Біз 

дҥниеде  кімді  таңдап,  кімді  ардақтарымызды,  кімнің  бағы  мен  сорына 

жаратылғанымызды  әсте  де  білмейміз.  Біздің  білеріміз    —    нәтижесі  ғана. 

Арманға  жету  дегеніміз    —    әбден  болары  болып,  бояуы  сіңген  ісіңнің 

қорытындысын жинақтау, сол арқылы ақылға келу,  ӛткеніңді еске алу, тҥйін 

тҥю  емес  пе.  Ақанға  қосылған  кҥннің  ӛзінде  бақытты  боларына  кімнің  

кӛзі  жетіпті.  Оны Сақыштың  ӛзі  де  мойындап  жатыр  ғой.  Ендеше,  Ақан  

мың    қызға    сӛз    айтып,    айлы    тҥнде  аймаласа  да  оның  маңдайына  атын 

атамай  «Жуас  қайным»  деп  жҥрген    туған  жеңгесі  мен  жазылған    екенмін.  

Дегенмен    жҧмыр    басты,    ет    жҥректі    пендемін    ғой,    «Ақан    маған 

ҥйленгеніне  ӛкінбей  ме  екен»,—  деген  ой  анда-санда  мазалай  беретін.  

Сол  бір жылтыңдаған  ойдың  ҥнін  ӛшіретін  жалғыз-ақ  нәрсе  бар,  ол  —  

қҧрсағымдағы    жылбысқа  нәресте.    Жарық,    әлемге    аман-есен    әкелу    ғана  

емес,  ҧл  ғып  әкелу  —  тек  сонда  ғана армансызбын. 

—  Сен  жылап  жатқаннан  саумысың,—  деді  Сақыш  маған  қарай  аунап 

тҥсіп. 

— Жоқ,— дедім мен нығыз дауыстап. 



Ол сенбеді ме, кӛзімді сипады:— Сендей тасқайнат әйел, әй, енді қайтып 

жаратылмас-ау. 

— Сендей ақ, кӛңіл, адал әйел де туа қоймас,— деп, бетінен сҥйдім. 

Қараңғылық басқан. Зуылдап ҧшқан тҥн қоңызы мен бақаның даусынан 

ӛзге ҥн жоқ. 

Толайым  тіршілік  шалдығып  барып  бой  алдырып  жатқандай  момақан. 

Тоғай  арасындағы  сиыр    соқпақпен    ілбіп    басып,    ауылға    қайттық.  

Әрқайсымыз    ӛз    арманымызды,    ӛз  мҧңымызды  арқалап  келеміз.  Мҥмкін, 

екеуміздің ойымызда жалғыз-ақ адам шығар. 


Sauap.org

 

 



40 

 

—  Әттең,  соғысқа  да  алмайды-ау,—  деп  кҥрсінді  Сақыш.—  Бірақ  



ешкі    тулап    ыңыршағын  шаға  ма.  Осы  қу  бас  болып  қалғаным  —  қалған 

шығар. 


Мен оны жҧбата алмадым. Иә, жарықтың, ол да ӛтті дҥниеден. 

Ертеңінде  наубайханаға  барып,  нан  пісіру  жҧмысыма  кірістім.  Қып-

қызыл тілі жалаңдаған жалынның ортасына кірдім де кеттім. 

...Жаздың  ортасына  таман  майданға  алынған  азаматтардың  ор  нын 

басуға  жҥздеген  қыз-келіншектер  келді.  Улап-шулап,  сол  кезеңнің  бар 

қайғысын, қалған-қҧтқан қуанышын ала келді,  айналайын  әйелдер...—  деп,  

Ақан    шал    әңгімесін    одан    әрі    жалғастырды.    Орынбай  қолындағы  

ожауымен  кесеге  қымыз  ҥстеп  қҧйды.—  Еркектер  енді  екі  есе  жҧмыс  

істеу керек,  ӛйткені  әйел  заты  нәзік,  жар  болуға  жаратылған  жан  ғой,  

қара  кҥш  қажет  ететін жҧмысқа  ал  дегенде  тӛзе  алмайды.  Бҧрынғыдай  

емес,  орман  арасында,  ҥлкен  ӛмірден кесіліп  қалғандай  болып  жататын  

жҥдеу    де   кӛңілсіз   бараққа   жан   біткендей   қым-қуыт  қызыққа   айналып, 

жайнап,    жасарып  шыға  келген.  Жаздың    жайма-шуақ    кҥні    еңбектің    де 

екпінін  кҥшейте  тҥскен-ді.  Жҧмысшылардың  кӛбі  сасық,  барақтан  қашып  

ағаш    тҥбіне,  ашық  аспан  астына  тҥнейтін.  Әсіресе  тҥн  баласында  Орал 

таулары  шоқтықтанып,  жҥндес  жақпар    тастары    айбармен    ҥңірейе  

қарауытатын.  Шың  басына  дейін  ерінбей  ере  ескен қарағай, қайың мен 

терек  біртіндеп  сирексіп,  тамыры  мықтылары  ғана  сонау  ҧшпа  тастың 

жарығын  сыналап  есіп  шынарға  айналған  —  шыңның  басына  қадаған  

жалау  секілді, етектеп  қарағанда  әдемі  кӛрінетін.  Жыл  қҧсындай  қиқулап  

келген    қыз-келіншек    пен  азаматтар  арасында  адамдық  жақындасулар, 

сыбырлап  басталып  сыбызғылана  жарасқан  сырластықтар    шешек    атты.  

Қазір  ойлаймын  —  ҧлттар,  халықтар  арасындағы  нағыз  берік достықты  

нығайтқан  соғыс,  ауыр  шақтағы  тағдырластың,  қара  нанды  қақ  жарып  

жеген дәмдестік, бір аяқтан ас ішіп, бір шҧңқырда қатар жатқан бір бҥтіндік. 

Жау —  біреу болған соң  мақсат  та,  арман  мен  ҥміт  те,  сезім  мен  сенім  

де  бірегейленіп,  кімнің  қаны  қандай, жаны  мен  тҥр-тҥсі  қандай  деген  

сықылды    әурешілдік    әрекеттер    мен    бӛлінушіліктің  арасындағы    уланған  

жіпті    қиды    да    жамырата    қосып    жіберді.    Әлі    есімде:    біз    алғаш    рет 

барғанымызда  кейбір  ҧлт  ӛкілдері  жер  бетінде  қазақ  деген  халық  барын  

білмейтінін жасырмай  айтып еді. Мен  Свердловскіден  келген  Иван  атты 

орыспен    достастым.  Менен  гӛрі    ересектеу    еңгезердей    денелі,    кӛк    кӛз,  

сары  шаш  жігіт  еді.  Соғысқа  кіре  салып жараланады  да,  ептеп  жазылған  

соң    «трудармияға»    жібереді.    Алғаш    келгенде,  ауруханадағы    ерекше  

кҥтімнің  әсері  ме,  аппақ  сазандай  толықша  жігіт  еді,  ;жҧмысқа тҥскен 

бір-екі айдың ішінде аруаққа айналып шыға келді. Ӛзі біртоға, жолдастарына 

адал, қолы  ашық  аңқылдаған  ақ  кӛңіл.  Ол  қазақша  білмейді  де,  ал  менің  

нан  сҧрап  жерлік орысшам  бар  еді,  осы  Иванмен  сӛйлесе-сӛйлесе  келе  

ептеп  жаттыға  бастадым.  Ол  әлі ҥйленбеген,  елінде  жалғыз  шешесі  бар  

екен,  сол  кісіні   қайта-қайта  есіне  алып,  аяп отырушы еді. Украина мен 

Белоруссиядан  келген  қыз-келіншектердің  бірін  ала  қайтамын  ғой  деп 


Sauap.org

 

 



41 

 

әзілдеп  қоятын.  Институттың  ҥшінші  курсынан  әскерге  алынған  Иванның 



біздерге  қарағанда  кӛшілгері  сауаты  бар,  кӛзі  ашық,  кӛкірегі  ояу.  Әсіресе 

саяси сауаты мол, қазіргі майдан жайынан хабардар. 

Бір  кҥні  ол  кешке  барақтағы  барлық  жҧмысшыларды  жинап  алып 

соғыстың  барысы,  совет  жауынгерлерінің    жан    қиярлық    ерлігі    жайлы  

әңгіме    ӛткізді.    Бҧл    кен    басшыларының  руқсатынан    тыс,    ӛзіміз  

ҧйымдастырған  саяси  хабар  кеші  еді.  Әңгіме  арнасын  тауып,  тҧс- тҧстан  

сҧрақтар  жаудырып,  қанағаттанарлықтай  жауап  алып  енді  қыза  берген  

кезде бастығымыз Шахтинский келді де, бидайдай .қуырып ҧрысты. 

— Біздің келісімсіз жиналыс ӛткізуге кім право берді? Қане, тараңдар! 

— Ӛз ықтиярымызбен... 

— Не радио жоқ, не газет жоқ... 

— Ӛздерің неге анда-санда айтып тҧрмайсыңдар. 

— Біз тҥрмеде жҥрген жоқпыз... Ӛлдік қой әбден... 

— Малды да бҧлай бақпас... 

Міне,    осы    секілді    сӛздер    жан-жақтан    жаңбырша    жауып,  

Шахтинскийдің  аузын аштырмады. Ол бір қызарып, бір сазарып тҧрды да:—

Жарайды. Олай болса— ӛткізіңдер. 

Бірақ  ақырғы  рет.  Ерігіп  жҥрсеңдер  жҧмыс  кҥнін  бір  сағатқа  тағы 

ҧзартамын,— деді. 

Кӛзілдірігін    сҥртіп    киіп,    кетуге    ыңғайланғанда,    Иван:—    Тоқтай  

тҧрыңыз,—  деді  жолын кесіп. 

—  Сіздердің  бҧл  карьердегі  іс-әрекеттеріңіз  маған  мҥлдем  тҥсініксіз.  

Мыңдаған  жҧмысшыны  орман  арасындағы  аңдай  қамап  ҧстап,  қараңғы 

жҧмсап, тағдырмен ойнауға болмайды. 

— Сен кім едің бізді тергейтін? 

— Мен — соғыста жараланған жауынгермін. Қазір — жҧмысшымын. 

—  Ендеше,  жарқыным,  ӛз  жҧмысыңды  біл.  Тіл  безегенше,  нормаңды 

орында. 


Қарапайым халықтың басын қатырма. Бҧл — еңбек армиясы!  

—  Еңбек армиясы да, негізгі армияның бір бӛлігі. Оқ жауған майданда 

да  оң-  солымызды  танытып,    газет    оқытатын,    ойын    қоятын,    хабар  

жҥргізетін.    Ал    сіздер    қораға    қамаған    қой  секілді  қараңғыда 

ҧстағыларыңыз келеді,— деп, шімірікпей бастырмалатты. 

Риза болып қалдың. 

—  Жоғары  жақтың  рҧқсатынсыз  жиын  ӛткізуге  қақың  жоқ.  Мҧның  

ақыры    жікшілдікке  апарып    соғады.    Әлде    ӛкіметке    қарсы    топ    қҧрып  

жҥрген    шығарсың...    Тексереміз.    Аяқсыз  қалдырмаймыз.    Тілің    тым-тым  

ҧзын    екен...    Ӛзің    партияда    бармысың?—    деп,    қарсы  шабуылға  кӛшіп, 

Иваннан қоғамға жат мінездер іздей бастағанда, бағанадан едіреңдесіп, жҧбы  

жазылмай  тҧрған  жҧмысшылар  алыстап  тарап,  біртіндеп  шетіней  берді.  

Байқап тҧрмын,  алғашқы  болып  атып  шығып  кеткен  Қҧмырай  еді...  Мен  

Иванның    қасында  тҧрғанмын,  Шахтинский  қойнына  қол  жҥгіртіп  менің  де 

аты-жӛнімді, қайда, не істейтінімді тәптіштеп жазып алды. 


Sauap.org

 

 



42 

 

— Партияда ӛзіңіз барсыз ба, соған кҥмәнім бар.— Иван тайынар емес. 



—  Он  жылдың  стажым  бар,  қҧрметтім.  Сен  ыштаншаң  жҥргенде 

ӛткенбіз. 

— Бекер-ақ болған екен,— деді Иван мысқылдай. 

— Не бекер болған? 

— Сіздің байқаусызда партбилет алып, бастың болғаныңыз. 

—  Қысқарт!—  Шахтинский  шиқандай  қызарып  ашуланды.—  Я  вам  

покажу  где  раки зимует!—  Шҧғыл бҧрылып, шапшаң басып шығып кетті. 

Айналама қарасам, он шақты ғана жігіт қалыппыз. 

—    Ӛзіне  де  сол  керек.  Қатырдың.  Міне,  жігіт,—    деді  барақтың 

босағасына сҥйеніп тҧрған ақ кӛйлекті, кӛгілдір кӛзді қыз. Осы ӛзін қуаттаған 

жалғыз  ауыз  сӛз  Иванды  арқаландырып  жіберді  ме,  қыздың  бетінен  шӛп 

еткізіп сҥйді де: 

— Қыдыруға қалайсыз? Қолыңыз тие ме?— деп, бірден ҧсыныс жасады.  

— Сол ҥшін есік кҥзетіп тҧрған жоқпын ба,— деп, қыз сыңғырлай кҥлді. 

—  Ендеше,  жҥріңіз.  Жаныңызда  қҧрбыңыз  бар  ма?  Ақан  досымды 

жападан-жалғыз тастап кете алмаймын. 

— Сіздікі қызық екен. Әдетте қыздар осылай қылымсушы еді... 

—  Қазір менсінбей менменсіп тҧрар, жоқ болмаса қыз қылымсып, жігіт 

жағымсып тҧраруақыт па. 

—  Оныңыз  рас  қой,  бірақ  уақыт  солай  деп,  тауыққа  да  айналып  

кеткен  жоқпыз.  Әйел намысын ешқандай жау, ешқандай қару-жарақ, аштық 

пен  жоқтық  жеңе  алған  емес.  Ауыр  уақытты  желеу  етіп,  басына 

сӛйлегеніңізді қайтып алыңыз. Әйтпесе мен сізбен қыдыруға шықпаймын. 

—  Кешіріңіз,  асығыс  айтылған  оғаш  пікірімді  ӛзіме  қайтарыңыз,—  

деді  Иван  қыз жығылғандығын ҧяла мойындап. 

Біз  ҥшеуміз  тҥн  жамылып  сыртқа  шықтық.  Қыз  ӛз  жатын  орындарына 

жҥгіре басып кетті де, қҧрбысын ертіп, қайта оралды. 

— Ыңғайсыз болды-ау, мен кетейін,— деп кҥңкілдедім. 

— Жеп қояды деймісің. Дем алып, қыдырып қайтайың. 

—  Мен  сен  секілді  сҥр  бойдақ  емеспін,  әйелім,  ҥш  қызым  бар, 

тӛртіншісін кҥтіп жҥрмін. 

—    Қызық    екенсің,—    деп    кҥліп    арқамнан    қақты    Иван.—    Саған  

ҥйлен    деп    ҥгіттеп    тҧрған  жоқпын.  Адам.ретінде  әңгімелесіп,  сырласуға 

болады ғой. 

—  Қазақтар  танымайтын  қызбен  «әншейін»  қыдыруға  ҥйренбеген.  

Ойнаймын    деп    от  бассам,  жанасам  деп  жаныма  жарық  шам  тҥсіріп  алсам 

қайтемін. 

— Ой, сені де жігіт дейді-ау.  

—  Міне,  біз  келдік,—  деді  жадырай  кҥлген  бірінші  қыз  жақындай  

бере.—  Танысып қойыңыздар, менің досым — Надежда. 

—  Әуелі  оз  есіміңізді  айтпайсыз  ба?—  деді  Иван  қолын  ҧсынып.—  

Менің  атым  —  Иван, мына жігіт — Ақан деген қазақ. 

— Мен — Галинамын. 


Sauap.org

 

 



43 

 

— Осымен қысқаша таныстық аяқталды. Енді не істейміз? 



Иванның сӛзі тҥйеден тҥскендей оғаш естілді ме, қыздар ыңғайсыздана 

отырысып қалған. Аңырын  басып,  орманға  қарай  беттедік.  Барақтан  ҧзап  

кетуді  қаламаған  қыздар,  жҥз қадамдай  жҥрген соң тартыншақтай бастады. 

Шілденің  тҥні  жылы.  Ай  толып,  он  бесінен  асқан  әдемі  шағы  еді.  Айдың 

сәулесі  ағаш  арасынан  шҧбарлана,  сыналан  сәуле  шашады.  Иван    мендей  

емес  еті  тірі,  пысық  жігіт  қой,  Галинаны  ыңғайлап,  бӛліп  алып  кетті.  

Біз біразға  дейін  не  айтарымызды  білмей  ҥнсіз  тҧрып  қалып  едік.  Мен  

орысша шорқақтығымнан  жасқанып  жаң  аша  алмадым.  Тегі,  қыз  әңгімені  

мен  айтар  деп  кҥткен болуға керек, ол да алғашқы сӛзді бастай қоймады. 

Тіпті ыңғайсыз-ақ, болды. Кӛкейімде «бекер-ақ  келдім»  деген  ӛкініш  бар.  

Ғҧмырымда    бірінші    рет    жат    жҧрттық,    қызбен    қатар  тҧрмын.    Тҥсім  

секілді.    Оның    ажарын    ала    кӛлеңке    орман    арасында    анықтап    байқай 

алмадым.  Ол  қолындағы  жапырақты  жҧлмалап,  тӛмен  қарап  тҧра  берді. 

Ӛзімді-ӛзім жек кӛрдім,  ынжықтығымды  туған  ауылымнан  кӛрдім.  Қорада  

байлаулы    ӛскен    бҧзау    секілді  жуастығым  тілімді  байлады.  Дірілдеп, 

сескенгендеймін  бе-ay...  Бар  қолымнан  келгені,  бар  білетін  орысша  сӛзімді 

қолдандым. 

— Как вас зовут?— дедім. 

— Я же вам сказала: Надежда,— деп, қыз кҥлді. Кірерге жердің тесігін 

таппадым. 

Алайда  осы  оспадарлықтың  ӛзі  де  екеу  арадағы  қамалды  бҧзғандай  

еді.    Шоқырақтап  біраз  жӛн  сҧрасқан  болдың.  Надежда  Украинадан, 

эвакуациямен келген екен. Ол сыртта жҥргенде ҥйлеріне бомба тҥсіп, ӛзінен 

басқа тірі жан қалмай қаза тауыпты. Екі кӛзінен жас парлап, болған уақиғаны 

айтып  бергенде,  сай-сҥйегім  сырқырап,  жанарымнан  жас  қалай  шыққанын  

байқамай    қалдым.    Қабырғам    қайысып    аядым.    Оның    жанында    біздікі 

еріккеннің  ермегі  екен-ау  деген  ой  келді.  Қарғадай  Қыздың  он  екіде  бір  

гҥлі    ашылмай  жатып,    осыншалық    қасіретке    ҧшырағаны,    менің    ӛмірге  

деген  бҧған  дейінгі  салқындау кӛзқарасымды  қатайтқан еді. Шыбық тимей 

шыңқ  етер  жігерсіздіктен  арылып,  қайғы  мен  қиындыққа  мойымайтын 

беріктікті ҥйреткен. 

—    Мен    енді    қайтып    туған    жерім    Львовқа    бармаймын,—    деді  

Надежда    кӛзінің    жасын  сҥртіп.—    Осы    Орал    тауының    шығысына    —  

Сібірге  аттанамын.  Соғыс  аяқталса  болды, бақытымды сол суық та тыныш 

қалың тайганың арасынан іздеймін. 

— Неге? Кісі ӛз аулынан, ӛз елінен қаша ма екен? 

— Ӛйткені соңғы ғасырда жау тек қана біз жақтан шабуыл жасай береді. 

— Қызық екен,— дедім мен.— Жау тиді екен деп жан  сауғалап кетуге 

болмайды ғой. 

— Ондай патриоттық, сезім менде жоқ дейсіз бе? Жазығым не? 

— Қайдам. Бірақ енді жау шаппас. Шапса да батыстан емес... 

Ала  кӛлеңке  орман  арасында  тҥннің  жарымына  дейін  әңгімелесіп  

тҧрдық.    Біздің  арамызда    бӛтен    ой    болған    жоқ,    сезімнің    жетегінде    де  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет