Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

талшық, ҥйелменіне азық етіп келген Райс шабындығының жанынан ӛтті. Бҧл 

бір тал, қайыңы аралас ӛскен масаты жер еді.  Қандай  қҧрғақшылық  жылда  

да  кҥреңсесі  кҥлтеленіп,  кҥнге  кҥймей  ал  жасылданып жататын  саздау.  

Шоқ  шіліктің  тҥбінен  жылып  тҧма  қайнап  шығатын  да,  шабындықты  


Sauap.org

 

 



 

ӛз-ӛзінен  суландырып,  кенезесін  әсте  де  кептірмейтін.  Райс  тумасындағы  



шабындыққа қызығып,  кӛз  алартқандар  кӛп  болды.  Әсіресе,  Қҧмырайдың  

ит    жыны    келетін.    Ит    жыны  келетін    себебі:    былайғы    жҧрт    сандалып  

пішендік  таба  алмай  жҥргенде  Ақан  жайқалған кҥреңсесін кертіп шауып, 

керіскедей  мая  тҧрғызатын.  «Отан  соғысының  мҥгедегімін,  Райс  тҧмасын  

маған    беріңдер»,—    деп,    арызданбаған    мекемесі    қалмаған.    Амал    не,  

Ақанның  ата-бабасынан  бері  ауысып  келе  жатқан  шабындығын  тартып 

әпермеді. 

Жауыңның іргеде болғаны, бір есептен, дҧрыс па деп те ойлайтын Ақан 

ақсақал. Ерегестен  бе екен,  жоқ  немесе,  іштей  бәсекелесетіндіктен бе екен,  

зәредей де  кемшілік жібермеуге  тырысып,  шаруасын  дӛңгелетіп  ҧстайтын,  

әрі  тың,  әрі  сақ,  жҥретін  ӛзімен салыстырғанда,  әлдеқайда  салақ,  есік  

алдында  ыбырсып  жатқан  сиырдың  жапасын кҥрекпен  іліп  алып  тастауға  

мойны  жар  бермейтін  еріншек  Қҧмырайдың  аяғы ақсақ демесең,  аюдай  

денсаулығының    тым    болмағанда,    жартысын    бермеген    қҧдайды 

ғайбаттаушы    еді.  Ҧрттап  қалған  қара  суға  дейін  қайтадан  қҧсып  тӛсек 

тартып жатса да, ҥй тірлігін жҧтатып кӛрген жоқ. 

Алғаш  қара  жҧмысқа  шыдай  алмай  қатты  ауырғанда,  бҧған  ӛкімет  

отыз  сом  пенсия ағайындап  еді.  Сол  отыз  соммен  бес  қыз,  бір  ҧлын  

асырап,    сақтады.  Басыңа    тартсаң  етегіңе,  етегіне  тартсаң  басына  жетпес 

болымсыз дҥниені боз ӛкпе балаларына тең  бӛліп, басқалардың ҧл-қыздары 

алдында  ҧялтпай  шешіндіріп,  киіндіруінің  ӛзі  асқан  ерлік  еді.  Сырқатының  

беті  бері  қараған  соң,  отыз  соммен  мҥлдем  қоштасты  да,  осы  ауылдың 

малшыларына    газет-журнал    тасу    жҧмысына    тҧрды.    Міне,    содан    бері  

ширек  ғасырдай уақыт ӛткен екен, жасы асып, еңбек демалысына шықса да 

аттан тҥспей келеді. Баяғыдай емес, дәулеті бар, шҥкіршілік, неге екенін ӛзі  

де  білмейді,  аттан  тақымы  айрылса  болды  ауырып  қалады.  «Ақшаны 

қапшықтап жинап, Меккеге барайын деп пе едің, қойсаңшы бҧл жҧмысты»—

дегендерге:    —   «Мен   айлық   ҥшін   жҥрген   жоқпын,  денсаулығыма   бола  

почта тасимын»,—  деп жауап беретін. Басқа-басқа, мазасыз кӛршісінің дәл 

осы сӛзіне Қҧмырай жалғанда  сенбейтін.  Ішіп  алған  кҥні:—  Дҥние  қуған  

жалмауыз,  аш  кӛз,—  деп  талай  рет балағаттады  да.  Амалы  қайсы,  Отан  

соғысының  мҥгедегіне  қол  жҧмсап,  тіл  тигізуге болмайды. 

Жауды    жалғыз    ӛзі    жеңгендей    кеудесіне    нан    пісіп,    ӛз-ӛзінен  

бҧлданып,  ӛз-ӛзінен  кергіп, боғын  боталы  тҥйеге  балап  жҥрер  Қҧмырай  

жалғыз    Ақанды    ғана    емес,    осы    Жҧлдыз  аулының    тамамын    ер    қашты  

қылушы  еді.  Жалғыз  ҧлынан  айрылған  аналар,  ерінен айрылған  жесірлер  

мол    әкесінен    айрылған    жетімдер    қаншама    дейсіз    жер    бетінде,    бірақ 

солардың  қай-қайсысы  да  Қҧмырай  қҧсап  ел  ҥстіне  әңгір  таяқ  ойната  

берсе  не  болар  еді,—  деп  ойлайтын  Ақан.—  Онда  ақыр  заман  орнар  

еді...  Отанды  қорғауға  кімдер қатыспады,  әркім  ӛз  әлінше  ҥлес  қосты.  

Аяғынан  айрылмағанның  барлығы  —  ақымақ, қоян жҥрек қорқақ па екен, 

тәңірім-ау. Бҥкіл іш қҧрылысым  мен рухымнан айрылған мен де жҥрмін ғой 

ешкімнің қазанын сындырмай-ақ. 


Sauap.org

 

 



10 

 

—    Осының  барлығы,  кеше  кештегі  уақиғаның  кесірі.  Кісінің  баяғыда 



ҧйықтап  қалған,  қай    -қайдағысын    есіне    тҥсіріп    не    керек    еді,—    деп  

кҥбірледі    Ақан.—    Мені    неге    шақырмады  екен,  ырысын  ішіп    кетем  бе. 

Президиумға  шығармай-ақ  қойсын,  даңғарадай  клубтың  бір  бҧрышында 

отырсам жетер еді ғой. 

Менің  кінәм  не  сонда.  Бар  жазығым  қолыма  мылтық  орнына  кҥрек  

ҧстағаным  ба.  Біле-білсе  кҥрек те  —  қару ғой. Осы  ғой  жанға бататыны. 

Әйтпесе  батыр атағын  бермеді  деп жҥрген  мен  жоқ.  Дегенмен  бармай  

қалғаным    да    ақыл    болды-ау.    Қҧмырай-ақ    таяғын  тоқылдатып    тӛрде  

отырсын.  «Мен  қуып  барамын,  неміс  тырағайлап  қашып  барады»,—деп  

басталар  әлеулайымын  сол  бӛспей  айтсын.  Бірақ  «мен»  деген  сӛзді  «Біз  

қуып барамыз»,— деп неге айтпайды, ит-ау. 

Кҥн  едәуір  кӛтеріліп  қалған.  Ӛзін  тоқтататын  ешқандай  кҥш  жоқ  

екенін    сезе    ме,  соншалықты    кербез    де    кірпияз    жайбарақат    мінезбен  

қызара  бӛртіп,  кӛк  тәңірісіне еркелейді.  Суық,  сай  деп  аталатын  аңғарды  

ӛрлен    барып,    Тҥйетастың    иығына  кӛтерілгенде    ғана    дҥниенің    маздап,  

жанып  тҧрғанын  байқады.  Жап-жасыл  шапан жамылған аймақта ессіздеу, 

бірақ  жарасымды  қуаныш  бар  еді.  Енді  қайтып  кҥз  туып,  қыс  тҥспейтіндей  

мәз-мейрам,—    сәбилік    аңқаулық    пен    тазалықтың    шуағына    жапырағын  

жая  талпынады.    Табиғат    атаулының    ҧзатылатын    қыздай    сылануы,  

кӛктемде    аса    сҧлу    болып  кӛрінгенімен,  кҥні  ертең-ақ  кӛп-кӛп  жылаулар 

мен  сыңсулар  кҥтіп  тҧрғанын  қайдан  білсін  жарықтық.    Тау-тас,    орман-

тоғайды  қойып,  ақыл-есі  бар  адамдардың ӛзі  бір  кҥнгі тоқтыққа  мәз  емес  

пе.    Азаптың    да    шегі    болар    екен-ау    ден,    айналайын    бейбіт    кҥннің 

қызуына жылынбай ма... 

Тҥйетастың    иығына    шыққанында    алдынан    Кӛбеннің    кӛлі    кӛрінді.  

Сырлы  аяққа тҧндырылған  судай,  дӛңгеленіп  жатқан  кӛлге  Тҥйетастың  

алқымын  тесіп  шыққан  бастау бҧлақ барып қҧятын.  Шілденің  ми қайнатар 

ыстығында  ҧрттап қалсаң  тісіңді  зыр  еткізер суық  суы  жыл  ӛткен  сайын  

сарқылып,    азайып    барады.    Қоры    азайған    Кӛбен    кӛлінің    шеті 

сортаңданып,  кейбір  жерін  қалың  шым  басқан.  Баяғыда  Ақанның  бала 

кезінде  кӛл  жиегі  сор  батпақты  келетін  де,  тай  ҥйрететін.  Қанша 

қыршаңқыланғанымен жануарлар батпаққа батып мӛңки алмай дымы қҧрып, 

ҥстіндегі қара домалақ қазақтың ырқына кӛнуші еді... 

Одан  бері  де  жарты  ғасыр  уақыт  ӛтті  емес пе. Ойлап  қараса су да  

адам  секілді,  жылдар жылжыған сайын суалады екен-ау...  

Кӛлдің  ар  жағында  ағаштан  қалай  болса  солай  қиюластыра  салған  

дара    ҥй    бар.    Ҥйді  жапсарластыра    ҧп-ҧзын    қылып    қой    қора    салған.  

Баспанаға    қарағанда    әлдеқайда    әдемі  салынған    қорадан    жас    тӛлдің  

маңырағаны  естіледі.  Қой  тӛлдету  аяқталып  қалған  кез, сақыманшылар 

ауылға    оралып,  бар  ауыртпалық  шопанға  тҥскен.  Бҧл  қыстақты  қатарынан 

бірнеше  жыл  бойына  Орынбай  деген  жас  жігіт  мекендеп  келеді.  Мал  

десе    ішкен    асын  жерге    қоятын-ақ    жігіт,    амал    не,    жолы    болмай    жҥр.  



Sauap.org

 

 



11 

 

Тҥйетастың  кейкеңінен  бері  қарай қҧлдыраған салт аттыны кӛрген соң, екі 



қолын артына ҧстан, қалт тҧрып тосып алды. 

Иығынан  зіл  батпан  болып басқан  жҧмыстан  ба екен,  жоқ  болмаса 

ҧзын    бойы    ӛз-ӛзінен  еңкіш    тарта    бастады    ма,    сырт    кӛзге    бҥкірейіп  

кӛрінеді.    Ҧстара    дҥзі    тимеген,    ҧстара  дҥзін  тигізуге  қолы  тимеген  бет-

аузын қайратты қалың қара сақал басқан. 

— Иә, Орынбай, мал-жан аман ба?— деді Ақан ат ҥстінен. 

— Шҥкіршілік, аға. Бҥгін қоржынсыз шығыпсыз ғой. 

— Почтасыз бір аралайын дегенім де... 

— Ендеше, бҥгін қонақсыз. Аттан тҥсіп, тамақ ауыз тиіңіз. 

—  Әуре  болмай-ақ  қойыңдар.  Жастығын  есіне  тҥсіріп,  ерігіп  жҥрген 

шалды қайтесіңдер. 

— Бҥгін ауылда ҥлкен той деп еді, сізді шақырмаған ба? 

— Шақырмады. 

—  Қызық, екен,—  деді таңданған Орынбай,—  Сізсіз ӛткен тойдың сән-

салтанаты болушы ма еді. 

—    Пейіліңе    рақмет,—    деді    Ақан    ӛңі    кҥреңітіп.    Жҥрегін    әлдекім  

шабақтап    қалғандай  болды.    Шалдың    жҥзі    ала    қҧйынданып    кеткенін  

кӛрген  Орынбай:—  қымыз  ішіңіз,—  деп қҧрақ ҧшты.  

—    Ендеше,    ақты    аттап    кету    жарамас,—    деп    созалаңдап    тҥсті.  

Шағыр    қасқаны    ҥйдің  бҧрышына  жетелеп  апарып  байлаған  жігіт:  «Әй, 

Кҥміс, атаң келді, дастарқаныңды жай»,—деп дауыстады. 

Аядай    бӛлменің    іші    қапырық    ыстық    екен.    Тамақ    әзірлеу    ҥшін  

бҧрыштағы  темір  пешке лаулатып  от  жағады.  Бәрі  де  амалдың  жоқтығы.  

Орынбай  есікті  бір  теуіп  шалқасынан ашып  тастады.  «Тентектігі  әлі  де  

қалмаған-ау,—    деп    ойлады,—    Ауылды    ала    тайдай  бҥлдіріп  жҥретін 

Орынбайдан соқталдай азамат шығады деп кім болжаған». 

Кҥміс қымыз қҧйып берді де:— Мен қозыларды байқап келейін,— деп, 

тысқа шығып кетті. 

—  Биыл  жҥзінен  қанша  алдың?—  деді  қымызды  сораптай  ішкен  Ақан 

аузын сҥртіп. 

— Жҥз он бестен. 

—  Ой,  онда  сенің  алдыңа  тҥсер  ешкім  жоқ.  Ең  мықтымын  дегені  жҥз 

оннан ғана 

— Бәрібір солар озады, мен қаламын. 

— Неге?— деп сҧрады Ақан. 

— Ӛйткені олардың еркек қойы бар. 

— О заман да бҧ заман еркек қой қоздаушы ма еді. 

—  Ебін  тапса  қоздайды,  аға.  Тізімге  «еркек  қой»  деп  тіркеген  елу  

шақты  жасырын саулықтары бар. Соның тӛлін бӛліп жаза салады. 

— Ол қулықты совхоз білмей ме екен. 

— Біледі ғой, білгендіктен де еркек қойды «туғызады». 

—    Әй,  балам-ай,—    деп  кҥрсінді  Ақан,—    Сенің    жолың  да  менікі 

секілді ауыр болайын деп тҧр екен. 


Sauap.org

 

 



12 

 

— Сіздің ӛмір жолыңыз қалай болып еді, аға?..  



—  Сен  сҧрама,  мен  айтпайын.  Ол  —  ҧзақ  жыр,  бір  тап,  айтып  тауыса 

алмаймын. 

Осы сӛзден кейін Ақан айқара ашық есіктен таудың кез жасындай болып 

мӛлдіреп жатқан кӛлге  қарады.  Қиястай  ҧшып  келіп,  кӛлге  қонған  қос  

сары    ала    қаз    айдынға    толқыннан  әжім  сала,  мамырлай  жҥзе  жӛнеледі. 

Кҥресінде  жатқан  ала  мойнақ  ит  маңғаздана  қарады  да,  керги  керіліп  

ҥйдің  сыртын айналып кетті. Қой қора жақтан жас тӛлдің маңыраған даусы 

еміс-еміс естіліп қалады. 

Кӛлді  қаумалай  қоршаған  тастақты  жоталардың  бауырында  шашып  

тастаған    асықтай  бытырай    жайылған    қойлар,    сол    тас    кенедей    жабыса  

жайылған  отардың  сақшысындай, жақпар тастың ҥстінде қайқы мҥйіз қара 

серке  тҥр  секиіп.  Арада  орнаған  сәл-пәл  ҥнсіздікті  Орынбайдың:—Аға,  

дегенмен  сол  әңгімені  тыңдағым  келеді.  Бала  жастан  сӛзге  әуес, қҧлағым 

тҥрік екенін ӛзіңіз білесіз. Бір малдың басын мҥжіп, қымыз ішіп, дем алыңыз 

осы ҥйде. Жеңіс кҥнін ӛзімізше тойлайық. 

Ақ  кӛңіл  жігіттің  ақтарыла  айтқан  ақылы  Ақанды  толқытпай  қойған 

жоқ. 

—  Алма  шешең  менің  қайда  қаңғып  кеткенімді  де  білмейді.  Ҥйде 



жалғыз қалған. 

Елегізеді ғой. 

—    Ой,    оның    жарасы    жеңіл.    Кҥмісті    жібереміз.    Ол    тәтемнің  

қасында,  ал  мен  сіздің жаныңызда тҥнейміз. 

— Жарайды ондай болса,— деп келісімін берді.— Сен шаруаңды реттей 

бер.  Мен  Кӛбен  тауының  ой-қырын  аралап,  кҥн  екіндіге  таянғанда 

оралармын. 

Ақанды  қолтықтап  алып,  аттандырып  тҧрған  Орынбай:—    Уәде  қҧдай 

сӛзі, аға, тосамын,— деді тісі ақсия кҥліп. 

— Тос. Тек, Кҥмісті тәтеңе жіберуді ҧмытпа. 

— Қазір-ақ ат ерттеп беремін.  

Кӛбеннің    қалың    терісін    бетке    алып,    астындағы    биесін    сипай  

қамшылап    бара    жатқан  шалдың  сыртынан,  кӛзден  тасаланғанша  қарап 

қалды. 


Соңғы  екі-ҥш  кҥнде  басының  қан  тасуы  бәсеңсіп,  кіріп-шығуға  жарап 

қалған  Алма  кемпір  осы    ҥйде    басқа    сенер    ешкім    жоқ    болған    соң,    ҥй  

ішінің    таусылып    бітпес    шаруасына  кіріскен.  Кенже  қызы  облыс 

орталығына кеткен кҥннен бері ыбырсыңқырап қалған ыдыс-аяқты жуып, әр 

затты тиісті орнына қойды. Белін  мықтап таңып алып, ас бӛлмесінің еденін 

шайып  шықты.   Біраздан  бері  жиналып,  шоландағы  мескейде  мӛлдіреп  

тҧрған    сҥттің  бетіндегі    кілегейін    қалқып    алып    пісіруге    отқа    қойды.  

Кішкентай    ағаш    шелекке    жинаған  қаймақты  толқыта  пісіп,  май  алуға 

кіріскен.  Қабырғада  ілулі  тҧрған  тӛртбҧрыш  радиодан  жеңіс    кҥніне    орай  

саңқылдап    хабар    беріп    жатыр.    Ҥстіне    кӛпшік    тӛселген    орындыққа 

жайғасып, сыңар қолдай іркіт піскен Алма шалының ертелетіп аттанып кету 


Sauap.org

 

 



13 

 

себебін  біле  алмай,  жҥрегін  әлдеқандай  уайым  қабыздап,  кӛзінің  жасын 



жаулығының ҧшымен сҥртті.  

Аптасына бір рет телефонмен хабарын білдіріп тҧратын жалғыз ҧлы да, 

міне,  бесінші  кҥн  жым-жырт.  Кеше  кӛңіл  сҧрап  келіп  кеткен  ҥлкен  қызын 

елеңдеп кҥтеді. «Қайтсін, оның да бала-шағасы,  мал-жаны  бар»,—  деп ӛз-

ӛзін  жҧбатты. Сырттан  кӛршісі  Қҧмырайдың  саңқ етіп, әйеліне айқайлап 

әмір  бергені    естілді.  «Кӛзімнің  қарашығындай  жалғыз  ҧлымның  от  жаққан 

жерін  кере  алмай ӛлемін-ау»,—    деген  кӛкейдегі  арманы жыл  артынан  жыл 

келіп,  қартайған  сайын  сай-сҥйегін  сырқыратады.  Жер  аяғы  алыс,  поезд 

жҥрмейді бҥл жаққа, ал  самолетпен ҧшып баруға  денсаулығы  жарамайды,  

амалдың    жоқтығынан    ғана    шыдап  жҥретін.  Ҧлының  да  әке-    шешесінің 

алдында жазығы жоқ еді. Қызметі солай. Ӛзі оқыды, ӛзі  жетті,  бҧларға  да,  

ағайын-туғанына  да  арқа  сҥйеп,  бір  сом  ақша  сҧрап  кӛрген  жоқ.  

«Қҧдайдың  бергеніне  шҥкір,  әлдекімдердің  балалары  қҧсап,  тапқан-

таянғанын, тіпті әкесінің  пенсиясына  жармасып,  араққа  салынып,  ақымақ  

болып  кетсе  де  шыдар  едік қой»,—  деп  тәуба  жасайтын.  Жылына  ҥш-

тӛрт  рет  келіп  қайтатын  ҧлына  дән  риза.  Елді аузына  қаратқан  атақты  

болмаса  да,  ӛз  кәсібі  —  ӛзінде,  ата-ана  алдында  қарызы  жоқ, қолынан 

келгенін  аяп  қалған  кҥні  бар  ма.  Соңғы  келгенінде  Алманы  қҧшақтап 

отырып: 

—«Тәте,    барған    сайын    қартайып    барасыңдар.    Елге    қайтып,  

жандарыңда    болам-ау    деймін.  Келінің    де    қарсы    емес»,—    деп    еді.  

«Тӛрімізден  кӛріміз  жақын  қалғанда  қасымызда болғаның  жақсы,  әрине.  

Бірақ,    балам,    ел-    жҧрт    не    дейді.    Ақанның    ҧлын    жҧмыстан  шығарып, 

Алматыдан  соңынан  ит  салып,  қуып  жіберіпті  деп,  етегін  ашып  кҥлсе 

қайтеміз. Әзірше шыдай тҧрайық». 

Енді    міне,    іркіт    шелекті    піскілеп    отырған    ана    тағы    да    ҧлын  

сағынып,  сол  ақылды  бекер айтқанына  ӛкініп,  кӛзінің  жасын  кӛлдетеді-

ай.    «Апа,    тәуірсіз    бе?»—    деп    кҥніне    бір    рет  кіріп,  шығатын  кӛрші 

келіншек те тебе кӛрсетпеді. Тегі, ауыл тҥгелдей жеңіс тойы қамында жҥрген  

секілді.    Жалғыздыққа    дҥниеде    бір    адам    тӛзімді    болса    —    осы    Алма  

кемпір  еді.  

Себебін  кім    білсін,  дәл  бҥгінгідей  елеңдеп,  адамдарды  іздеп  кӛрген 

емес.  Ойдан  тозған,  әбден  қажыған  санасында  әлсіз  елес  бар.  Ол  елес    —  

бҧған  дейінгі  ғҧмыр  жасында  бастан  кешкен  ҥлкенді-кішілі  оқиғалар  елесі, 

бҧған дейін тағдыр арбасына тиеген қуанышы мен қайғысы  жақсылық  пен  

жамандықтың    мәңгілік    шайқасынан    туған    жаңғырық;  жоқшылықтан 

тоқшылыққа  дейінгі  ауыр  да  азапты  сапары.  Қызық:  кӛрмегенді  кӛріп,  кӛк 

қҧлақты  киіп  жҥріп,  алға,  анадай  тҧстан  бҧлаңдап  қол  бҧлғаған  бақытқа 

ӛкпең ӛшіп, ӛзегің талғанша  ҧмтыласың;  енді  жеттім-ау,  қызығын  кӛрейін,  

деген  шағыңда  не  жан тапсырасың, не болмаса қартайып, алжып қаласың. 

Неге? Қазір бҧл шаңырақта барлығы бар:  есік  алдындағы  гаражда  қызыл  

машина  тҧр  қаңтарылып,  қолы  тигенде  ғана  Кенже қызы  жҥргізеді; тӛрт-

бес  бӛлмелі    ҥй    болса  мынау,  жҥгіріп    ойнар  шыр  еткенге    зар    болып 


Sauap.org

 

 



14 

 

қаңыраған;  мал  болса  анау,  иіріп  қайырып  игілігін  кӛрер  кісі  таба  алмай  



қора  толып тҧрғаны;  ақша  дегенің  қағаз  болып  қалды.  Ал  баяғыда  ше?  

Шалы    қатты    ауырғанда  Ӛскеменге    барар  қаражат  таппай  жалғыз  сиырын 

сатып  еді.  Ортаншы  қызы  почтада  жҥріп  мойнына    отыз    сом    ақша  

мінгізгенде,    бҥкіл    ауылды    аралап,    бір    сомдап    жиып,    әрең  қҧтылмады  

ма...  Дҥние-боқтың  осыншалық  жҥйке  тоздырар  алдамшылығын  базары 

тарқаған  жасында  ғана  біліп  отыр.  Ендігі  тілеу  —  ӛрістеп  кеткен  бала-

шағасының,  шау тартып  қалған  шалының  амандығы.  «А,  қҧдай  солардың  

алдын¬да    ал,    жалғыз    ҧлымнан  топырақ  бҧйырта  кӛр»,—  дегеннен  басқа 

арманы арнасы кеуіп, сарқылып біткен. 

Кілегей  суып  қалған  ба,  кӛпіршіген  кӛбікке  айналып  кӛпке  дейін  май 

тҥсе  қоймады.  Орнынан  піспекті  таяна  тҧрып,  тӛргі  бӛлмедегі  ілулі  тҧрған 

ҧлының суретіне барды. Шаңын сҥртін, бетінен сҥйді. Кҥн сайынғы бес уақ 

намаз секілді қаза жібермейтін әдеті еді бҧл.  

Осы кезде сыңсып есік ашылғандай болды. Іле-шала: 

— Амансыз ба, апа?— деген әдемі де майда дауыс естілді. 

— Шҥкір, танымай қалдым ғой. 

—  Ой,  апа-ай  қартаяйын  дегенсіз  бе?  Мен  —  Кҥміспін  ғой,—  деп 

қҧшақтай алды. 

—  Ой,  айналайын-ай!—    маңдайынан  сҥйді.—    Кӛз  қҧрғыр  кӛрмей 

барады. Тойға келдің бе,  

Орынбай сау ма? Су мҧрындарың мектепте шығар. 

—  Жалғызсыратпайын  деп  сізге  келдім..  Ақан  атамыз  біздің  ҥйде, 

Орынбай екеуі бастаңғы жасап жатыр. 

— Қҧлқын сәріден ҥйінен безініп, ол шалға не кӛрінді. 

—    Оларды  қайтесіз,  апа, онан да  біз де бастаңғы  жасалық,—   деп қол 

дорбасынан  қойдың  асықты    жілігін,    белдеме    қабырғасы    мен    жамбасын  

шығара  бастады,—  Ағама  арнап  мал сойып едік. Басын соларға қалдырып, 

жамбасын сізге алып келдім. Сыбаға. 

— Рақмет, жаным. Шай қоя ғой. 

— Газға ма. 

— Гәзі қҧрысын, самаурынға. Жып-жылымшы қылып, шайнектің шайын 

ішіп отырамыз ба.  

Келгенің    қандай    жақсы    болды,    Кҥмісжан.    Не    істерімді    білмей,  

қҧсадан    жарылып    кете  жаздап    отыр  едім.  Әлгі    Ақан    да    жӛнін    айтпай  

аттана  жӛнеліп,  ӛзі  де  бір  қыңыр,  қырсық шал. Менен басқа қандай әйел 

қырың жылдан аса жолдас болар еді. 

Баладан    ары    бақтым    ғой.    Ӛзі    де    кірпияз,    бір    беткей,    кісіні    коп  

жақтыра  бермейтін  кінәз неме. 

Әңгімелейтін,  шер  тарқатып  сергітетін  адам  таппай  жалғызсыраған  

Алма    кемпір  кҥлімсірей  жайраңдап  ойда  жоқта  Кҥміс  кіріп  келгенде,  ӛз 

келінін кӛргендей қатты қуанып еді. Қимылы да ширап, дабырлай сӛйлеп мәз 

болды да қалды. Таңертеңнен әуре болған іркіт  шелекті  Кҥміс  дҥрсілдете  

толғап    ары-бері    пісіп    еді,    домаланған    сап-сары    майға  айналды.  Алма 


Sauap.org

 

 



15 

 

шешей  дастарқан  жайып,  Алматыдан  баласы  жіберген  ҥнді  шайын,  тәтті-



дәмділерінің    аузын    шешті.    Екеуі    қатарласа    отырып,    буы    бҧрқыраған  

самаурынды  орталарына    алғанда    ақшам    жамырап,    ӛрістен    мал    қайта  

бастаған.    Сиырды    Кҥміс    сауып  келді.    Тырылдап    мотор    от    алып,  

ауылдың  шамы  жанған.  Бҥгін  жҧлдыздықтар  әсіресе кӛңілді, абыр-сабыр. 

Клуб маңайы ығы-жығы ел, барын киіп, барын тағынған азаматтар. 

Ауданнан  келер  ӛкілді  кҥтіп,  дайындығымыздан  мін  тауып  қала  ма 

деп қауіптенген  атқа мінерлер  тықыршып  жҥр.  Бірін-бірі  қуалап,  мылтық  

атысып    ойнап    жҥгірген    балалардың  қуанышында  шек  жоқ.  Сыбасын, 

сынықсып  сыңғырлаған  кҥлін  қыздар,  шайқақтай  аяңдап  қоразданған 

жігіттер жиналды. Аңсаңдай басқан Қҧмырай да ҥйінен шығып, клубқа қарай 

қҧлдаған. 

Алма мен Кҥміс, Ақан мен Орынбай жеңістің отыз жылдығын ӛздерінше 

тойлады. 

—  Е, Кҥмісай, біз не кӛрмедік,— деді кҥрсініп,—  Осы жеңіс деген сӛзді 

есту  ҥшін  желкеміз  ҥзілгенше  жҧмыс  істедік  емес  пе.  Мҧрнымыздан  қан 

ағып,  зорыққанша  таңды-таңға  ҧрып  қимылдадық.  Бәрінен  де  маған  қиын 

болған... 

—  Айтыңызшы,  тәте,—  деп  ӛтінді  Кҥміс,—  біз  кӛп  нәрсенің  анық-

танығына қанық, емеспіз.  

Сізге осы пенсия иеге бермеді? 

—    Алмадым  ғой.  Ҧлым  мен  шалымның  арқасында,  қҧдайға  шҥкір, 

жетеді  дҥние.  Отыз  сом  ҥшін    арыз    жазып,    шал-кемпірлерді    кҥәләндіріп  

жҥрем  бе,  тәйірі. Еңбегіміз  сатулы  емес.  

Халық  ҥшін  деді,  Отан  ҥшін  деді,  қашан  қара  жер  қойнына  алғанша 

қарекеттендік. Иә,  оның  барлығы  да  кӛрген  тҥс,  аққан  судай.  Адамды  

қартайтатын  уақыт  емес,  уақиға ғой.  Алғаш  Ақанды  әскерге  шақырғанда,  

жалғыз  ҧлыма  екі  қабатпын,  екі-ҥш  айлығында іште қалды... 

 

* * * 



Қойды қоралап, тӛлдерді қамап келіп, етті алдарына алғанда, әбден қас 

қарайып,  керосин  шамды  жаққан.  Шағын  бӛлмені  ала  кӛлеңке  жарығымен 

жҧқалаң  сәулелендірген  шамның  шаңырағы  қаншалықты  тазарта 

жуылғанымен  қырындай  жанған  білте  бір  бҥйірін  әп-сәтте  қарайтып  

тастады.  Орынбай  ет  желініп  болған.  соң  қҧрт  қосқан  ақ  сорпа  әкелді.  

Тамақ  ішіп  отырса  да  сыңар  езулеп  сорып,  аузынан  тастамайтын  темекісін 

шамның  мҧржасына  тҧтатып    алды    да,    қҧшырлана    сорды.    Шал    малдас  

қҧрып    тӛрде    отырған,    енді    әбден  тыңқиып    тойғанын    білдіргендей,  

дастарқаннан    кейін    ысырыла    бір    жамбастап    жатып,  насыбайын  атты. 

Тыныштық — екі еркектің ҥлкен әңгіме алдындағы момақан тыныштығы. 

— Ал, аға, қымыз ішіп тоғымызды басайық,— деді Орынбай. 

—    Әуелі  қолымды  жуып,  далаға  шығып  келейін,—    ден,  бармағының 

басындағы шымшып ҧстаған  насыбайын  қҧшырлана  иіскеді  де  аяғы  ҧйып  

қалған  ба,  кирелеңдей  орнынан кӛтерілді. 



Sauap.org

 

 



16 

 

Кӛбен тауының салба-салба самырсындарының арасынан елік әупілдеді. 



Шошайып жеке дара қарауытқан шоқының ҧшар басын қаң жарып ай шығып 

келеді екен. Осы қалпында қҧздың  зәулім  басына  кҥмістен  қақтап  табаң  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет