Қадір түні оқылатын дұғалар
Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) : "Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын" деп сұрағанда, Алла елшісі: " Уа Аллам! Сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, менің күнәларымды кешіре гөр", - деп дұға етуге кеңес берген.
Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан барша мұсылманның амандығын, өзара достық пен бауырмашылдықтың артуын, Ислам әлемінің біртұтастығы мен күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.
Қадір түні қай уақытқа дейін жалғасады
Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.
Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал.
Қадыр түнінде не істеу керек?
Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн. Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - қадыр түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.
Қадір түнінде не істемеу керек?
Зиян нәрселерден аулақ болған жөн.
Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге болмайды. Мысалы, ішімдік ішуге болмайды.
Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.
Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн.
Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.
Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.
Қасиетті түнді көңіл көтеру орындарында емес, үйде немесе мешітте өткізген абзал. Ішімдік ішуге, адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, жанжалдасуға, дауласуға тыйым салынады. Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кешін ұйымдастыруға болмайды. Ал теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдердің орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |