Орфографиясы


Құрама сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудың



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

1.3. Құрама сөздерді бөлек, бірге тұлғалаудың
теориялық негіздері
Адамзат сөйлеу тілінің пайда болғанына қырық мың жыл болса, жазу тілі
алғаш бұдан алты мың жылдай бұрын шыққан (45. 325).
Бодуэн де Куртенэ терминімен айтқанда бұл “жазу-көру” (писанно-
зрительный) тілі абстракті ойлаудың пайда болуымен тығыз астасып жатыр. Осы
абстрактіліктің шарықтау шегіңде, б.э.д. VIII-VI мыңжылдықта қолданылған
пиктографиялық жазудың шыққан мерзімі – ең алғашқы сурет өнерінде әр түрлі
суреттерді бейнелеу қызметінен бірдеме жайында хабарлау қызметіне ауысу
кезеңінен бастау алып, ол бейнелеуші кескіндеме таңбалар б.э.д. ІV
мыңжылдықтарда, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан құл иеленуші
құрылысқа өтер кезде идеограммалық жазуға, қазірде логограмма (logos, грекше
сөз деген мағьшада) деп аталып жүрген, мағыналық белгісін ғана көрсететін
символдық қызметі басым таңбаларға ауыса бастайды. Мұнда сөйлеудің
мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері – сөздерді, сөздердің синтаксистік
орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонологиялық жағын да ажыратып
беру пайда бола бастады.
Сөйтіп, б.э.д. II мыңжылдықта енді адамзат графика, идеограммалардың
жүйесінен бірте-бірте құтылып, фонемограммалар жүйесіне, сөйтіп, өздерінің
салған кескіндемелерін түсініп, талдап қарауға көшті. Жазудың онтогенездік
даму тарихындағы маңызды бір бетбұрыс та осы болып табылады. “Тілдің
мазмұн межесін бөлшектеп бейнелеуден енді тұрпат межесін бөлшектеп,
кескіндеу” (45. 327), расында да, ұлы жетістік еді. Сөйтіп, тілдің жазба формасы
немесе жазба тіл (46. 12) өзінің тарихи дамуында бейнелеуші таңбасынан
шартты, одан кейін тіптен уәжін жоғалтқан шарттылыққа ауысты (47. 241). Жазу
адамдардың белгілі бір уақыт пен кеңістік алшақтығында тұрып, белгілі бір
мазмұн мен мағына беріп (48. 7), қарым-қатынас жасай беру қажеттілігінен
туындап, кейін өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін құралға айналды.
Әрине, жазу – қарым-қатынастың ауызша сөйлеуден кейінгі құралы. Ол
сөз саптаудағы барлық мүмкіндіктерді ол бсре алмайтыны өз алдына, өте
қарапайым деген тілдік қолданыстарды көрсете алмайды (49. 123).
Дегенмен жазудың саналы қоғамдағы қызмет ауқымының кеңейіп,
коммуникативтік қызметті бүгіндей өз қолына алып бара жатқаны соншалық,
енді ол өзіне тұрақты құрылымы мен жүйесі бар таңба ретінде қарауды
қажетсінетін қарым-қатынас құралына айналып отыр. Белгілі қашықтықта
тұрып қатынас жасаудың хат, жолдаухат, сәлемхат жолдары бүгінде
компьютерленген, автоматтандырылған интернет, пейджерлік жүйесімен іске
асырылады. Белгілі жазба дүниелерді тез, сапалы оқудың автоматтандырылған
әдістері пайда бола бастады. Тіпті компьютер өзінің жадындағы материалдарды
стильдік жөндеу, саралау сияқты бірқатар жұмыстарды алдын-ала енгізілген


бағдарлама арқылы атқара беруі – жазба тілдің жүйелі кұбылыс ретінде
қалыптасып үлгергенінің жемісі. “Жазу тілдік бірліктерді жеткізудің тұрпат
межесін емес, мазмұн межесін көрсететін” (45. 327), соны айғақтайтын жүйелі
таңбаға айналып отыр. Сондықтан жазу қажет деген мазмұнға жетілген нормасы
бар форма болып қалануы тиіс дейміз.
Тілші ғалым Т. А. Амирова жазба тіл мен ауызша тілге былай деп
сипаттама береді: “ (l) в плане выражения: (а) субстанцией совершенно разной
природы; (б) формой во многих отношениях различной и, по-видимому, обра-
зующей вполне специфические системы; (в) парадигматическими и
синтагматическими отношениями, во многом сходными и во многом
различными; (2) в плане содержания: (а) субстанцией одной и той же природы,
но не совпадающей в разных участках своего спектра; (б) формой, во многих
отношениях сходной но не совпадающей и, по-видимому, так же образующей
вполне специфические системы; (в) парадигматическими и синтагматическими
отношениями, во многом сходными, но в ряде существенных черт отличными”
(46. 36.).
Сондықтан ғалым жазба тіл жүйесінің құрылысы дыбыстау мен
таңбалаудан бастап, таңбалау және оны дыбыстаумен, әрі тіл тұтынушыларға
ортақ норманың қалыптасуымен аяқталатынын айтады (46. 117). Бұл сөзді дұрыс
жазу және дұрыс айту нормаларының жиынтығына бастайды. Орыс лингвисі
Л.В.Щерба бір сөзді әркім әр түрлі жазуына болады, өйткені беретіні бір мағына,
бірақ та біз оларды тұрақты бір формасы арқылы ғана танып отыруымыз керек
(50. 49) деген екен. Жазудың эволюциялық даму тарихы идеограмма типтері
фразограмма, логограммадан басталып, фонограмма типтері фонемограмма мен
силлабограммаға өтуінің өзінде тілдің белгілі бір қағидалы нормасы бар форма
іздеуі жатқанын көреміз. Фонологиялық жазуға дейінгі кезеңге С.М.Кузьмина
былай деп сипаттама берген: “оно расматривалось как средство передачи
произношения, описывались отношения между буквами и кратчайшими
единицами звучащей речи –звуками” (51. 7-8).
Сөйтіп, келе-келе жетілген жазу теориясы екі бөлікке: дұрыс жазу мен
тыныс белгілерді дұрыс қолдануға бөлінді. Пунктуация жазудың жетілген
кезінде пайда болды (52. 308).
Пиктографиялық жазу әр тілде сөйлейтін халықтар мен ұлыстардың
бәріне ортақ тіл болғаны белгілі. Осы жазудан бізге математикалық таңбалар:
цифрлар, қосу, алу, көбейту, бөлу, теңдік, үлкен-кішілікті білдіретін таңбалар,
сондай- ақ, лексикалық, морфологиялық бірліктерді ажыратып, біріктіріп, дефис
арқылы беру, сонымен қатар, нүкте, үтір сияқты пунктуациялық белгілер жетіп
отыр. Л.B. Щерба бұларда жартылай дыбыстық, жартылай иероглифтік мағына
бар дейді (53. 194).
Сонымен бірге идеограммалық немесе логограммалық жазудан бізге
сөздердің, яғни логограммалардың тіркесіп қолданылуы жеткен сияқты.
Мысалы, қытай тілінде “от” дегенді білдіретін та деген логограмма “әйел” деген


мағынадағы айқындауышпен тіркескенде “ана, шеше” дегенді, “екі ауыз” деген
мағынадағы айқындаушымен тіркескенде “ұрсысу” дегенді білдіреді (54. 31-32).
Сонда қазіргі қытай тіліндегі көп буынды сөздер бір буынды сөздердің
бірігуінен шығады. Ол бірігу процесінің дамуы кіріккен түбірлерге, одан негізі
ажырағысыз түбірлерге және аффикстерге апарғанын тіл тарихы көрсетіп отыр.
Сондықтан сөздердің бірге тұлғалануының негізі логограммалық жазу типінде,
яғни тілдің ұғымдык сипатында жатқаны байқалады. Мысалы,“туу” деген
мағынаны құс және жұмыртқа, “жеу” мағынасын нан және ауыз, “жауын”
мағынасын жұлдыз және су, “қарау” мағынасын көз және садақ, “ашулы” деген
мағынаны көз және ит логограммаларын қатар қою арқылы түсіндірген.
Сондықтан, біздің пайымдауымызша, бүгінгі тілімізде нақты атаулардан гөрі
дерексіз атаулардың аффиксация және бірігу немесе аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы басымырақ.
Орфографияның иероглиф немесе символдық принципінің жазба тілдің
ақпаратты беруші мен қабылдаушы арақатынасын жақындастырудағы ролі
күшті. Ол дыбысталуы бірдей мағыналары басқа сөздерді жазуда ажырату үшін
қолданылады. Мысалы, хал сөзін қал атауымен шатастырмау үшін <х>, <қ>
әріптерімен белгілейді. Айжарық жалқы атауын ай жарық предикаттық
қатынастағы құрылымнан ажырату үшін, біріншісін бас әріппен және
сыңарларын бірге таңбалайды. Сөйтіп, сөздерді бірге, бөлек таңбалауда
символдық принцип араласатынын көреміз. Ал символдың таңбалар жүйесімен
тікелей қатынасы бар екені белгілі. Ендеше жазу-сызуға таңба теориясы
тұрғысынан келу орынды болмақ.
Жалпы, таңба ұғымының ауқымы кең. Ол – әдебиет, тіл, астрономия,
архитектура, математика, экономика салаларында еркін қолданылады. Бұған
ағылшын ғалымының мына сөзі дәлел: “наука и знаки–неотделимы друг от
друга, поскольку наука дает в распоряжение людей все более надежные знаки и
представляет свои результаты в форме знаковых систем. Человеческая
цивилизация невозможна без знаков и знаковых систем, человеческий разум
неотделим от функцирования знаков –а возможно, и вообще интеллект следует
отождестовить именно сфункционированием знаков” (55. 38).
Тіл таңба болған соң, оның таңбалаушы және таңбаланушы екіжағы
болады. Теориялық әдебиеттерде бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Тіл өзінің
қызметін ауызша және жазба формада атқаратыны белгілі. Біздіңше, таңбаның
ассиметриялы екі жағы тілдің тек ауызша формасына ғана қатысты айтылып
жүр. Мұнда мазмұн межесінің бірлігі – семема да, тұрпат межесінің бірлігі –
лексема. Ал лексеманы одан ары бөлшектесек, фонема - тілдің ауызша форма-
сының тұрпат межесі де, дыбыс – мазмұн межесінің бірлігі. Мұнда алғашқысы
белгілі бір ақиқат, ұғымды берсе, сонысы сол құбылыс, зат туралы ұғымды
атайды, яғни тілге таңба салады: тіл парадигмасындағы фонемалар тізбегі
арқылы лексема ұйымдасады. Ауызша тіл тілдің өмір сүруінің бір формасы
болса, жазба тіл (бүгінде коммуникативтік қызметі қарқындау үстіндегі тіл)


екінші формасы ретінде таңбалар жүйесі болып қаралуы керек. Жазуға таңбалар
жүйесі ретінде қарау көп мәселенің басын ашатын сияқты.
Осы тұрғыдан зерттеуіміздің нысанасы құрама сөздердің бірге, бөлек
таңбалануындағы тірек-таяныш таңбаның жоғарыда аталған асссимметриялы екі
жағы болуға тиіс деген тоқтамға келеміз. “Дыбысталған сөзді арнайы таңбалар
жүйесімен хатқа түсірудің” (56. 240) негізін Н.Уәлиұлы дыбыс-фонема-графема-
әріп қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. “Инвариант-вариант теориясы
тұрғысынан ауызша тілдің ең шағын дыбыстық тұлғасы фонема-инвариант, ал
оның сөздегі репрезентантары – тілдік дыбыстар – варианттар болып табылса,
жазба тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең шағын тұлғасы – графема-
инвариант, ал оның репрезентант варианттары әріптер болып табылады. Ауызша
тілдің дыбыс кұрылымыңдағы мағынаға әсер ететін ең кішкене тұлға – фонема
және осы тұлғаның (единицаның) субстанциясы (материализациялануы), яғни
сөз дыбыстары түрінде өмір сүруі, фонемалардың жазба тілде суб-
станциялануы, яғни таңбалануы (графема), ол таңбалардың билатериалдық
сипатта болуы (мазмұн жағынан фонеманы білдіруі, тұрпат жағынан белгілі бір
символ (сурет) түрінде болуы) ауызша тіл мен жазба тілдің байланысып
анағұрлым тереңде, атап айтқанда, құрылымдық элементтердің деңгейінде
екендігін байқатады” (5. 14, 15).
Сонымен, жазба тілдің таңбалық сипаты, біздіңше, былай болып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет