Қолданылуы тұрақталған
күрделі сөз атауы осы типтегі сөздерге лайық деп
ойлаймыз:
біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, күрделі сөз. Егер тіркесті түбір
десек,
осы қатардың бір ыңғай, үйлесімін бұзатын сияқтымыз, бұл – бір,
екіншіден, мұндағы түбір атауы сөздердің түбір және туынды болып бөлінуіндегі
түбір терминімен ассоциация болып, екіұштылық тудыруы мүмкін, үшіншіден,
бөлек жазылатын бұл кұрама сөздер тек түбірлерден тұрмайды. Ал тіркескен сөз
десек, әсіресе күрделі тіркескен сөз десек, синтаксистік сөз тіркесі терминдерінен
айырмашылығы болмай қалар еді. Проф. М.Балақаевтың түйдекті
тіркестер
термині де құрама сөз деген ұғымға сәйкес келмей ме дейміз: біріккен сөз, қос
сөз, қысқарған сөз, түйдекті тіркестер. Түйдекті
сөз деп тағы ауыстыруға
болмайды: фразеологияда тұрақты тіркесті түйін тіркес, түйінді тіркес деп
бөледі.
Сонымен,
біз осы дәлелдерді келтіре отырып, бөлек жазылатын құрама
Достарыңызбен бөлісу: