дейміз. Сондықтан норма, емле, орфография, оның принциптері деген мәселелер
жазу-сызудың
жетілген кезімен қатар шығып, бүгінде маңызын жоғары
арттырып отыр.
Дегенмен тілімізден
айналу//айлану, ажым//әжім, күнә// күна,
күнәкар//күнақар сияқты метатеза, эпентеза құбылыстарына түскен әдеби
варианттардың
жарыса қолданылып, күрделі атаулардың бірге, бөлек
тұлғалануының алуан түрлілігі көптеген жылдар бойы сақталып, тіпті кейде
маңызды мәселеге айнала қоймауын көреміз. Бұл орфографиядағы дәстүрлілік
принципімен байланысты сияқты. Тілдік таңба қарым-қатынастың бірнеше
жолдарына түсіп, денотативтік және сигнификативтік жиілікке (денотативная
частотность) ұшыраса, таңбаның тұрақтылығы артады. Мысалы,
кіна
сигнификативін 1988 жылғы орфографиялық сөздік деп осы формамен беруді
қадағаласа да,
тілді тұтынушы кінә, кінәнің, кінәге формасымен таңбалауды
“тастамайтыны” тіліміздегі жазу-сызудың жетілуінің бастапқы кезеңдеріндегі
дәстүрлілікке байланысты. Сол сияқты
қолғап денотативін жазу-сызуда бірден
осы формада, яғни морфема жөніндегі дауыссыздардың ассимиляцияға
ұшыраған, біріккен формасында көрінуі, осы үлгідегі басқа тіркестердің жазуда
бөлек таңбалануына кедергі болмады
(киіз қап, кесе қап, аяқ қап, уық қап). Тек
орфографиялық сөздіктің соңғы басылымында
ғана бұларды универб
тұрпатымен беру ұсынылды.
Сонымен, жазу-сызудың зерттеу нысанымызға қатысы тұрғысынан
келгенде форма мен мазмұнның маңызы ерекше екенін байқаймыз. Жазудың
тұрпат межесі жазудың мазмұн межесін дәл ашып көрсете алмаса, тілдің комму-
никативтік қызметі әлсіреп, адамдардың ойлау қабілеті тоқырауға ұшырайды.
Тұрпат межесі таңбаның мазмұн межесін қашан да дәл бейнелеп,
қанағаттандырып отыру керек. Бұл – әсіресе
морфемалардың бөлек, бірге
таңбалануына байланысты. Ал морфемалардың бөлек, бірге таңбалануы
ұғымдық деңгейден көрініс беретіндіктен, бұны орфография көлемінде шешіле
қоятын шарттылық деп түсіну өзін жоққа шығарды. Мысалы, емлеміз
қалыптасуының алғашқы кезендерінде “бір зат не ұғымның атауы” болған, “бір
деммен айтылатын” КС-дердің бәрін біріктіру жөн деп саналынды. Бірақ
Достарыңызбен бөлісу: