Тілдің зерттелетін ауқьмы тереңдеп, оның микроқалтарыстарына дейін сөз
болып жатқан бүгінгі орыс тіл білімінің өзінде
орфографияның бұл өзекті
мәселесі әлі қүнге дейін шешімін таба қойған жоқ. 60-80 жылдардың арасында
бұл салада бірнеше іргелі зерттеулер жүргізіліп, еңбектер жарық көрді (69).
Алайда осы зерттеулердегі пікірлерді саралау барысында байқағанымыз -
кұрама сөздердің орфографиясы туралы пікір, ғылыми ұстанымдар әлі де болса
бір жерден танылып, бір арнаға сая қоймайтыны.
Орыс орфографиясында сөздердің бір-бірінен ажыратыла таңбалануы
XVII ғасырдың аяғына қарай ғана түпкілікті шешілді, дейді А.Н.Гвоздев (70.
104). Олай болтын, "сөзді қабаттастырып айту арқылы сөз жасау – жаңа сөз
туғызудың ең ескі және бірден бір тәсілі” (71. 157) болуы да сондықтан. Және
осы тұста КС-дердің жасалу жолы да айқын көрініп тұр.
КС пайда болу процесін көрсеткеңде орыс тіл білімінде мынадай схема-
қайшы ұсынылады. КС сөйлемдегі алатын орнынан келіп шығады – КС-дердің
табиғатын түсіндіру үшін оны синтаксистік сөз тіркестерінен оқшау алып ажы-
ратып қарау керек (72). Және осы схема арқылы КС болмасын айқындап береді:
ең алдымен, КС пайда болу үшін оның сыңарлары
зат немесе құбылысты
тусіндіру мақсатында, сөйлемде қатар келуі керек. Екіншіден, олар анықтауыш
-анықталғыш, толықтауыш-толықталғыш, пысықтауыш- пысықталғыш
қатынаста тұруы тиіс. Үшіншіден, олар деректі және дерексіз заттың, мөлшер,
мезгіл, көлем, сын, сан
атауларының қажетін тұрақты, қайталап айтқанда,
"тұрақты контекс” (73. 200) құрап, өтеп тұруы қажет. Осы тұрақтылық негізінде
“үлкен және кіші деңгейде “қолтықтасқан ” сөз тіркестері” (74.144) тіл тезінде
өнделіп, мүжіліп кеміп, өзгереді. Сөйтеді де, ол ұғымымызда бар бір ғана зат, я
құбылысқа атау болып қалыптасады. “Сөйлемнен тыс, тек соған керекті
құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да,
тілдің номинативті
кұралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды,
процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді” (75. 3).
Енді ол – белгілі бір денотатқа атау
болғаннан кейін сыңарлары
арасындағы синтаксистік байланыс (анықтайтын–анықталатын, толықтайтын –
толықталатын, пысықтайтын – пысықталатын) әлсірей бастайды. Сөйлемнен сөз
тіркесі, сөз тіркесінен КС, одан БС, БС-ден сөз, сөзден түбір, түбірден морфема,
морфемадан дыбыс пайда болу ретімен енді синтаксистік байланыс орнына
мағыналық байланыс орнайды. Жоғарыдағы авторлардың КС-ді синтаксистік сөз
тіркесінен ажыратып алу керек, оларды « салыстыру дегеннің өзі артық дегендері
– КС сыңарлары арасында ешқандай синтаксистік қатынас қалмауы керек деген
сөз.
Орыс тіліндегі БС-дің өзіндік ерекшеліктеріне келетін болсақ,
әдебиеттерде ең бірінші ауызға алынатыны – БС- дің о, е, и ұластырғыш
дауыстылармен келуі (76); екінші, табыс септігіндегі зат есім мен есімшенің
бірігуі арқылы
(серусодержащий) және зат есім мен сын есімнің кері бай-
ланыста бірігуі арқылы (
металлоорганический, резусположителъный,