"терминжасауда -лық жұрнағының қызметі ерекше. Ол терминдік мәнге
икемделіп тұрған таза қазақы сөздерге де еркін жалғанып, терминжасаудың
өнімді бір түріне айналды” дей отырып, бұл жұрнақтың терминжасауға
қатысының біркелкі болмағанын айтады (36. 143). Біз де осы негізде –лық
қосымшалы БС-дер
алғашында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық
терминдерді құраса (
ауызбірлік, ауылшаруашылық, батысгерманиялық,
бесжылдық; бүкіләлемдік, бүкілқазақстандық, бүкілодақтық, бүкілресейлік,
бүкілхалыктық, дүниежандылық, дүниежүзілік, екітілділік, жалпақшешейлік,
жалпыеуропалық, жалпыхалықтық,
жартыжылдық, жатжұрттық,
жетіжылдық, жүзжылдық, кө
птілділік, қосазаматтық, қосөкіметтілік,
құдайжасампаздық, құдайіздемпаздық, малшаруашшық, мектепшілік,
онжылдық, онкүндік, ортағасырлық, түраралық, түрішілік,
халықшаруашылық), кейін
жанкүйерлік, жанқиярлық, жантүршігерлік,
жаншошырлық, жатбауырлық, жүрекжұтқандық, кеңпейілдік,
көзбайлаушылық, көзбояушылық, көңілжықпастық, көпсөзділік, көрсоқырлық,
көреалмаушылық, кісіқызығарлық, кішіпейілділік,құлиеленушілік, тұқымқуа-
лаушылық;
шалаөткізгіштік, шаласауаттылық т.б. сияқты фразеологиялық
тіркестер негізінде пайда болған дерексіз атауларды жасауда активтенді дейміз.
50-70-жылдарда функционалдық стильдердің барлығында
-лық
жұрнағының сөзжасамдық қызметі мейлінше артқаны белгілі (39. 80; 94. 49; 98.
9). Жұрнақ сөз таптарының барлық түріне жалғана беретін болды. Олар “тек
лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз туғызып қоймай, олардың бәріне де бірдей
жалпы абстрактілі қасиеттерін анықтайтынын байқатты” (38. 220). Бұл үрдістің
негізсіз емесін ғалымдар
-лық формасының түркі тілдерінің барлығына ортақ
аса көне жұрнақ болғанымен, әсіресе КС
тіркестерінің құрамында жиі
қолданылғанымен көрсетеді (39. 83). Осы негізде
-лық жұрнағының
номинациялық тұтастықты берік қалыптастыратын қасиеті – кұрама сөз
сыңарларын ұластыратын қызметі – оның полисемантикалық қасиетіне
байланысты ма дейміз, яғни
-лық жұрнағында меншіктілік, арнау, өлшем,
жинақылық, бір заттың бойында екінші заттың болуы (39. 80) және бес нақты
заттық ұғым білдіретін, әрі төрт сын есім тудыратын формасы бар (95. 260).
Сөздердің бірігуі әуелі олардың номинативті
тұлғада көрінуіне
байланысты емес. Сонда субстантивтенуі аяқталмаған, сөйлемде анықтауыш
қызметінде жұмсалатын сөздердің бірігуіне не себеп болады? Бұл арада тағы да
қазақ тілі біріккен құрама атауларының табиғи (спецификалық) ерекшелігі
көрініс береді, яғни компоненттер өзара мағыналық контаминацияға түсуі керек,
мағыналық бірлік шеңберіне топтастырылуы керек екен. Жоғарыдағы тіркес-
терде осы процесс қалай жүзеге асады?
КС-дің екі сыңары да кең мағыналы жалпы есімдер,
әрі олар бір
макросемантикалық өріс лексемалары:
дүние, әлем, бүкіл, қос, жүз, екі, жыл,
өкімет, құдай, халық, еуропа т.б. Кең мағыналы екі жалпы есім сөйлеу үрдісінде
жиі қайталана, өзара мағыналық толықтырулар жасайды. Келе-келе екінші
сыңарынсыз өзінің жалпы мағынасын беруден қалады. Мысалы:
дүние жүзі,
жүз жыл, бүкіл әлем, жалпы халық. Осы кезде -лық формасының меншіктік
мағынасы сөз ұластырушылық (27. 65) қызметте көрініп, екі сыңардың бірігуіне
әкеледі. Сөйтіп, көп мағыналы қосымшалардың қосалқы қызметтері пайда бола
бастайды, яғни мұнда -лық жұрнағының бұрын ескерілмейтін сөз ұластырушы-
лық қызметі айқындалады. Біріктіру абстрактілік тұтастықпен астаса
номинациялық тұтастықтан шығады.
Дүниежандылық, екітілділік, көптілділік,
қосазаматтылық, қосөкіметтілік сөздерінің заттық ұғым білдіруі – лық
жұрнағының -ды сын есім тудыратын қосымшадан кейін келуінен. Егер үстіне
тағы бір -лық формасын үстесек, посесивтік мағынасы пайда болады:
көптілділіктік
қөбімізге тән, яғни бұл жерде “-лық”-тың жасырын қалған
посесивтік формасы сөздердің бірігуіне мүмкіндік берген.
Сонымен, -лық тұлғалы қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық
терминдердің бірігуіне тағы да мағыналық тұтастық негіз болған.
Достарыңызбен бөлісу: