Орфографиясы


-қыш қосымшасы негізінде біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет22/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

-қыш қосымшасы негізінде біріккен сөздер. Бір кездері неологизмдердің
қатарын молайтып, бүгінде сөздік қорымыздан еркін орын тепкен техника,
кұрал, аспап атаулары тіліміздің бұрыннан бар сөзжасам үлгісіне (алжапқыш,


атжапқыш) түсіріліп, біріккен – құрама сөздердің бір қатарын құрайды. Олар,
атап айтқанда, мыналар: сабынсалғыш, өнертапқыш, пішенжинағыш, сиясорғыш,
суөлшегіш, сусептегіш, сусепкіш, сутартқыш, сыдыражыртқыш, macжарғыш,
тасұсатқыш, тасүккіш, төсекжапқыш, тісжуғыш, шаңсорғыш, шаңтұтқыш,
шаңсүрткіш, шыбынқуғыш, алжапқыш, астықтиегіш, атжапқыш, ауруқоздырғыш,
әуебүріккіш, әуетозаңдатқыш, бензинқұйғыш, бензотасығыш, газөлшеуіш,
газтазалағыш, гүлсалғыш, дәнжарғыш, дәнсепкіш, дәнтазалағыш, дәнұсатқыш,
дәнкептіргіш, дыбысалғыш, еттарқыш, жайтартқыш, жүксалғыш, жүктиегіш,
картопеккіш, картопсорттағыш, картопүккіш, кеспекескіш, күлсалғыш, күшөлшеуіш,
күнтартқыш, кіржуғыш, қағазтескіш, қамырилеуіш, қаржыртқыш, қарөлшеуіш,
қартазартқыш, қашықтықөлшеуіш, қолжуғыш, құмбүркеуіш, құмшайғыш,
құмшашқыш, қызылшақопарғыш, қылжуғыш т.б.
Әдетте -ғыш, -гіш жұрнағы етістікке жалғанып, белгілі бір істі үнемі
жүзеге асыруға қабілеті барлықты бағдарлататын адамға қатысты атауларды
(күлгіш, білгіш, сенгіш, жазғыш) құраса, сүзгіш, сыпырғыш, салқындатқыш,
түкіргіш, сорғыш дегендерде белгілі бір амалдарды жүзеге асыруға керекті құрал-
сайманды білдіретін зат есімдер жасайды (18. 44). Сонда лексикалық қордың
үштен екісін құрайтын термин сөздер (98. 168) осы үлгімен жасалады екен.
Мұнда предикаттық қатынастағы тіркеске (суды өлшеу, қарды тазарту, сабынды
салу) зат есім тудыратын -ғыш, - гіш жұрнағы жалғануы табыс септігін
жасырын қалдырып, күрделі ұғымды даралауға, сөйтіп, тіркестің бірігуіне жағ-
дай жасаған. Екі сөзді “қолтықтастырған” -ғыш жұрнағының мұндағы қызметі
орыс тіліндегі “о” – дауысты ұластырғышына сәйкес деуге болады.
Терминдердің жай сөзден бір айырмашылығы сөйлемнен тыс тұрып та өзінің
дербес мағынасын беруі (99. 51) десек, жоғарыдағы сөздер бұл талапқа сай
келеді. Ал сөздердің термиңденуі – олардың бірге таңбалануының бір шарты.
Негізінен, аспап, құрал, техника түрлері бір ғана қызметке арналып жасалады.
Еттартқыш машинасының атауына біз пиязтартқыш, майтартқыш деген
вариант ұсына алмаймыз. Әрине, егер реалийде ондай денотаттар бар болса, атау
да болады. Біріккен денотативтердің бір мағыналы бір денотаттың атауы бо-
натыны сондықтан. Бұл тұрғыда БС-дердің экстралингвистикалық “әлемнен”
тікелей бастау алатынын жоққа шығаруға болмайды. “Как бы ни старались
некоторые исследователи провести водораздел между лингвистическим и
экстралингвистическим, “мир слов” неотделим от мира вещей” (100. 26).
Сонымен, бұл қатардағы бірігіп жазылуға тиісті КС-дердің дені арнайы
қызметі бар, құрал-техника атауларын қамтиды. Тілімізде осы тәсілмен келетін
адамға қатысты “бейімділік” семантикасын білдіретін сөздер бар. Мысалы:
мақала жазғыш, сөз сөйлегіш, өсек тасығыш, сурет салғыш, кітап оқығыш т.б. Қоғам


өндіргіш күшінің жанды бөлігі жан-жақты болуымен ерекшеленеді. Адам
өндірісте кірпіш қалағыш болғанмен, бұл – оның бір ғана қыры. Және мұндағы
“сөз ұластырғыш қабілеті бар” дейтін -ғыш жұрнағы -қор, -қой, -құмар
жұрнақтарымен синонимдес болып, адамның бейімділігін көрсететін сияқты.
Егер бұған -ақ демеулігін тіркесек, пікіріміз дәлелді бола ма дейміз. Мысалы:
“Өзі сабақ оқығыш-ақ”. Және бұл синтагмалық құрылымдардың бөлек
таңбаланатын негізгі себебі аталған тіркестер бірінші сыңарынсыз да қолданыла
береді: жазғыш, оқығыш, сөйлегіш т.б. Сонымен, мұнда -ғыш жұрнағының
деректі есім тудыру қабілеті тіркесті субстантивтендіріп тұр. Әрине, бұл БС-
дердің өз пайда болу жолы бар. Алдымен олар тіркес түрінде бір ұғымды беріп
(етті mapтатын құрал, қар тазартатын машина), дүркін-дүркін қайталана, кейін
лексикаланған атауға ұласады (ет тартқыш), соңында екі сыңар біріккенде ғана
бір мағыналы нақты денотатты меңзейтін терминдік атаулар қалыптасады.
Тілімізде терминдік мәнде жұмсала отырып, бөлек таңбаланатын -ғыш формалы
атаулар кездесетіні де сондықтан. Өндіріске, тұтынуға жаңа еніп келе жатқан
құрал-сайман атауларын бөлек жазу дағдысы бар сияқты. Мысалы: су
тазартқыш, су өлшегіш, су жылытқыш атаулары бүгінгі күні бөлек тұлғаланып
жүр. Бұл олардың қызметін анықтап, нақтылап көрсетуге тырысудан шыққан.
Уақыт өте келе, атаудың қолданыс өрісі кеңігенде сыңарлар мағынасы
контаминацияға ұшырайтыны айқын.
-ты қосымшалы біріккен сөздер. Соңғы уақытта қазақ тіліндегі
предикаттық қатынастағы тіркестердің бірігуі ты- қосымшасы негізінде іске
асырылып жүр. Оның ішіндегі баспасөз, көркем әдебиет беттерінен шаруабасты,
балабасты, етекбасты, жұмысбасты тұрақты тіркестерінің бірігіп тұлғаланғанын
қөреміз. Мысалы: Ауғанбайдың әйелі бала- бастылау, салақ адам (Соқпақбаев Б.
Бастан кешкендер.). Тасқорғаннан келісімен өзі де жұмысбастылыққа салынып,
мұның хал-күйін назарынан тыс қалдырғанына өкінішті болатын (Байтанаев А.
Қайнар.). Мынау балаңыз жұмыс істеймін дейді, әлден шаруабасты болса, қарайып
қалады ғой (" Лениншіл жас”). Өз ортасынан Абай үнемі етекбастыны, қара
күшті, қарсылықты көп көрумен күң кешеді (Әуезов М. Абай).
Бұларды ҚТОС-інің соңғы басылымы тұрақты тіркестердің тұрпат
межесіне сай бөлек тұлғалайды. Мұнда - ды формалы бас етістігінің: “бір
нәрсенің көбейіп, молайып, қашпауы, үсті-үстіне қарқындана үдей түсуі, жеңіп
бағындыру” (ҚТТС, II т.122-6.) мағынасы бар. Ал -ды жалғауының ашық рай
нольдік формасын, осы шақ қосымшасын, әрі мезгіл білдіретін сөз қатысуымен
келер шақ мағынасын беруі сөйлемнің баядауышы қызметіндегі негізгі етістікке
және етіс формаларына жалғанып, субъект іс- әрекеттің сөйлеу ситуациясына
жақын мезгілде ғана болып өткендігін сөйлеуші жақ тарапынан шындыққа сай
келу- келмеу ыңғайыңда баяндап білдіруі (101. 63), яғни жедел өткен шақ


мағынасын беруі, этимологиялық жағынан есім-етістік негізінде жатқандығы
(102. 42) осы қосымшаны субстантивтенудің бір тәсілі етеді (103. 64).
Жедел өткен шақтың зат есім орнына жұмсалып, сөйлемде анықтауыш,
толықтауыш қызметінде қолданылуы жиі құбылыс. Мысалы: Кеше келдіге салып,
бүгін күтпеді. Болболдың астына алып, шайымды да ішкізбеді. Ол ауырып қалдыдан
басқа ештеме айтпады. Әрине, -ды формасы жалғанған тіркестің бәрі
субстантивтеніп, предикаттық қатынас универб формасына ене бермейді. Ол
үшін екі сыңардың өзара тіркесуі тұрақты қайталануы керек. Және дерексіз зат
есім жасайтын –лық жұрнағын кедергісіз қабылдау тіркестің универбтенуін
тездетеді. Мысалы:
балабастылық, 
етекбастылық, жұмысбастылық,
шаруабастылық, қағазбастылық, кісібастылық, қонақбастылық. ҚТОС-інің
соңғы басылымы -ты – қосымшалы тіркестерді біріктіру процесін бастап
бергенін көруге болады. Атап айтқанда, мына құрама сөздер бірігіп жазылу
тұрпат межесіне ие болды: немкетті, немқұрайлы, сүйкейсалды, әлімжетті,
жүребітті, көкейтесті, көкейкесті, т.б. Осы бағытта, біздің ойымызша, иықбасты
болу, бөксебасты болу, күйекасты болу, күнқақты болу, құлақкесті құл, өзекжарды
уайым, пышақкесті тыйылу, сусоқты болу, атсоқты болу, желқақты болу
фразеологиялық тіркестерінің алғашқы екі сыңары біріктірілуі қажет.
Грамматикалық формалармен (-лық, -лы) оңай түрленген бұл предикаттық
қатынастағы тіркестерде белгілі бір қалыпты білдіретін номинациялық атау мәні
актуалданады. ҚТОС-і қағазбастылық пен шаруабастылық сөздерін бірге
тұлғалайды. Олай болса, бұл сөздердің қатары балабастылық, етекбастылық,
кісібастылық, қонақбастылық атауларымен толыға алады. Оларды бауыр басты
(“жақын тартты, үйреніп кетті”); бетіне басты (“өрескел қылықты салық етті,
ұялтты”); еңсені басты (“көңілді көтертпей қамықтырды”); жаза басты (жа-
ңылысты); желін басты (“мінезін жөнге келтірді”); қара басты (“жолы
болмады”) сияқты фразеологиялық оралымдардың тұрпат межесімен таңбалау
дұрыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет