Сондай-ақ автор
аюдәрі, еркек, зәйтүн, мыңбас, сарбас, майқара
атауларының
аюдың ақ дәрісі, еркек шөп, зәйтүн шиты, мыңбас шырмауық,
сарбас қурай, майқара жусан сияқты көп құрамды атаудан ықшамдалғанын
көрсетеді. Б.Қалиевтің өсімдік атауларының лексикалық және тер- минологиялық
мағынасы туралы айтқан дәлелді көзқарастары өз кезегінде басшылыққа алатын
кұнды пікірлер дейміз. Мысалы,
ақбас жусан, көкбек жусандар жусан түрлері
емес, біреуі
алабота туысына, біреуі шөптесін өсімдіктер туысына жататын
өсімдіктер, сондықтан олар біріктіріліп реестрге шығарылуы керек дейді (30.
108) автор.
Сөйтіп, сөздерді бірге, бөлек тұлғалаудың уәждемесін іздеген қазақ тіл
біліміндегі зерттеулерге азды-көпті шолу жасап, авторлардың кейбір
тұжырымдарын таратып, саралауға тырыстық. Осы мақсатта бірқатар
мәселелердің басы ашылғаны айқындалды. Олар – сөздер бірігуінің фонетика-
лық (Қ. Жұбанов), семантикалық факторы (Ә. Ермеков, М. Балақаев); сөздер
бірігуінің арнайы форманттар арқылы және сөз тудырушы қосымшалар арқылы
жүруі (Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Б. Қалиев); бөлек, бірге тұлғалауды коннотат-де-
нотат теорияларын қолдану арқылы анықтау (Н.Уәлиев).
Достарыңызбен бөлісу: