деп, сыңарларына талдау жасауды ұсынады. “Қазіргі
білдіретін мағыналары
ауыс, мүлде басқа ұғымға ие болып” (20. 204) кеткен
ақсақал, алаяқ, жанталас,
нақсүйер, маубас, әңгіртаяқ, кәріқыз (өс.), соқыртеке (ойын), қубас, құралақан
сөздерін бірге таңбалайды. “Толық мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасу
нәтижесінде әдепкі лексика-грамматикалық мағынасынан айырылып (не
күңгірттеніп), жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-грамматикалық
мағына тудыратын сөздер бірлестігінің.... сөз тіркесінің бір сыңары болуы олар-
дың негізгі белгісі” (21. 50) дейді автор.
Ғалымның көзқарасы, бойынша БС-дер табиғи эволюциялық диалектика
негізінде пайда болуы керек, яғни БС жасалу үшін “оның
компоненттері
алғашында белгілі мағыналық, синтаксистік байланыста жұмсалуы тиіс”
(20.204) . “Қабысқан сөз тіркестері түйдекті топқа, одан біріккен сөзге айналу
процесінде, бір сөзге айналғанда олардың біртіңдеп синтаксистік байланысы
ыдырап кетеді. Сол процестің ұзактығынан, бірігу дәрежелерінің әр түрлі
болатындығынан біріккен сөзді айырып тану қиын” (20. 205) дей отырып, ғалым
БС-дің валенттік номинация болатынын айтады.
Қорыта айтқанда, проф. М.Балақаевтың БС-дің өзіндік белгілері, емлесі
жайлы зерттеулері қазақ тіл білімінде өзіндік үлес салмағы бар қомақты
зерттеулер болып табылады. Ғалымның: “Біріктіру – жинақылықтың белгісі.
Жинақылық – мәдениетіліктің нышаны. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз
тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға
тиіс. Адамның жазу әрекеті мен көру әрекеті үйлесіп, қалыптасқан сайын тілдік
сана-сезім күшейе түседі” (20. 207) деуі – жазудың психологиямен,
физиологиямен тікелей байланыстылығын көрсетуі.
Проф. К.Аханов КС-дерді күрделі-біріккен сөз, күрделі- қос сөз, күрделі-
қысқарған сөз, күрделі-құрама
сөз деп таптастырып, КС-ді сөйлеу кезінде
жасалмайтын, дайын тұрған тілдік тұлға деп таниды. Сөйтіп, автор КС бен
синтаксистік сөз тіркестерді ажырататын өлшемдерді алға тартады.
Бозторғай,
кәрі жілік сөздерінде алдыңғы сыңар соңғы сыңардың сынын да, сапасын да,
белгісін де білдірмейді дейді (22. 76). БС-ге “компоненттері мағына жағынан да,
форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған
біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздер” деген
анықтама береді (22. 83).
Торы ала, қызыл ала, сары ала сияқты тіркестерді
ортақ компонентті
КС-дер деп атайды (22. 86).
Проф. Р.Сыздықова қазақ тілі орфографиясының негізгі мәселелері емле,
тыныс белгілері
проблемаларымен ұзақ жылдар ден қоя айналысып, осы саладан
бірнеше ғылыми мақалалар мен анықтағыштар жариялады. Ғалымның, әcipece,
бірге, бөлек жазылатын құрама атаулардың емлесіне қатысты ұстанған қағида,
көзқарастары, білдірген пікірлері жылдар бойы басшылыққа алынып, құнын
арттырған ұстанымдар. 50-жылдардың аяғына дейін орфографияда орын алған
бір зат не құбылысты білдіретін күрделі атауларды жаппай біріктіріп жазуға
алғашқылардың бірі болып, негізді қарсылығын білдірген автор 1957 ж.
фразалық «таулар мен лексикаланған атаулардың типін анықтап,
бұларды
біріккен заттық атаулармен қатар қоюға болмайтынын айтады (23). Автордың
осы уәжді пікірінен кейін күрделі атаулардың жазылуы біршама бір ізге түсе
бастағанын көреміз. 1960 жылы баспа бетін көрген “Қазақ тілі орфографиясы
мен пунктуациясы жайында анықтағышында” ғалым екі сыңары бірігіп, басқа
зат, аң, құс, өсімдік, ағаш, құбылыс атаулары болып кеткен
кәріқыз, ақиық,
бұзаубас, танатағар, алақоржын, өнеркәсіп, көзқарас, арасалмақ, көкжиек,
кемпірқосақ, ешбір, бірнеше сияқты күрделі атаулардың бірге жазылуын
жүйелейді (24. 31). Аталған анықтағыш өңделіп, толықтырылып, 1974, 1996
жылдары тағы екі рет басылғаны белгілі. Соңғысында автордың БС қатарын
молайту бағытында екенін көруге болады. Әсіресе, терминдік мәнге ие болған
сөз тіркестерінің бірігуі баса көрсетілді. Фразеологиялық тіркестердің әр
сыңарын қашан да бірге таңбалауды ұсынатын автор, енді саяси- қоғамдық
терминге
айналған алауыздықтар, көзбояушылық, сөзбұйда, шығарыпсалма,
алыпсатар, мұзойнақ, қағазбастылық, жұмысбастылық, сияқты тіркестерді
біріктіруді қостайды (25. 46).
Анықтағыштың үшінші басылымының тағы бір өзгешелігі – бірінші
сыңары мал, аң, құс жалпы атаулары
(қой, сиыр, аю, қоян), болмаса
may, шөл,
құм, дала сияқты сөздер, екінші сыңары нақты өсімдік, аң-құс аты болса бірге
жазылатынын көрсетуі:
құмбетеге, сиыржоңышқа, қойқарақат, итошаған,
итбүлдірген (25. 50). Бұл атаудың лексикалық және терминологиялық мағынасы
дегенге сая- ды. Анықтағыштың тағы бір қол жеткен нәтижесі –
аралық, тану,
Достарыңызбен бөлісу: