Орфографиясы


сымақ, жай, хана, ақы, нама, хат, тас, бас



Pdf көрінісі
бет6/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

сымақ, жай, хана, ақы, нама, хат, тас, бас сыңарлы БС-дердің қатарын
жүйелеуі (25. 55). Ғалым аталған форманттар мағынасының жалпылану, өзгеру
процестерін көрсету арқылы толық мағыналы сөздің жартылай мағыналы сөзге
ауысуын дәлелдейді. Проф. Р.Сыздықованың ғылыми жетекшілігімен жарық
көрген ҚТОС-інің соңғы басылымында сөздердің бөлек, бірге жазылуы ғылыми
негізде жүйелілік пен бірізділікке құрылғанын көруге болады.
“Күрделі сөздің біртұтас мағынасының қалыптасуында оның
құрамындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анықтау мәселесі қазір өте
үлкен қиындық туғызып жүрген теориялық мәселеге жатады. Біріккен сөздер
емлесінің дұрыс шешілуімен байланысты басқа да бірсыпыра мәселелер өз
шешімін табатыны күмәнсіз” (26. 39). Бұл бағытта тілші-ғалым Н.Уәлиұлының
еңбектерінен сөздерді орфограммалаудың ғылыми негіздерін ұсынатын алғашқы
грамматологиялық ізденістерді көруге болады. Автор БС- дердің бір заттың
атауы болуы, бір мағынаны білдіруі сыңарларының бірігіп жазылуына таяныш
бола алмайтынын, мәселеге сондықтан жаңа қырынан, құрылымдық элемент-
тер деңгейінен келу керектігін айтады. БС сыңарларының мағыналық қатынасын
проф. М.М.Копыленконың фраза тіркес теориясымен анықтауды ұсынады. “Ол
теория бойынша, экстралингвистикалық мәнге сәйкес келетін атау сыңары Д,
(денотат1)-мен, экстралингвистикалық мәнмен тікелей емес, жанама байланысы


бар атау сыңарлар Д
2
(денотат 2)-мен, “соларға ұқсас” деген сыңарлар К,
(коннатат)-мен, ал синхрондық тұрғыдан мүлде белгісіз, уәждемесі жоқ деген
атау сыңарлар К,-мен белгіленеді. Мұндағы семалар экстралингвистикалық
мәннен (Д,) алшақтап (Д
2
К
2
) және одан қол үзген сайын (K
2
) екі құрамды
күрделі есім сөздерді бірге жазу үрдісі күшейе түседі” дейді автор. Сөйтіп, ақ аю
мен ақбөкен сияқты бір үлгідегі сөздердің әр түрлі жазылу себебін іздейді (5.
148).
Автор БС-дердің жеке белгілері ретінде сыңарларының мағына
көмескіленуін (сайгүлік, ашудас), екі сыңардың лексика-семантикалық
контаминацияға түсіп, біртұтас мағына беруін (өнеркәсіп, тауқұдірет),
сыңарлардың бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бүтінге айналуын
(қосаяқ, бөрігүл, бозтікен), бір сыңардың жалпы мағынаға көшуін (әулиеағаш,
ауданаралық), екінші сыңардың әр түрлі грамматикалық тұлғада келуін
(тамыратпалылар, батысгерманиялық, көріпкел, жатыпатар) көрсетеді (27.
67).
1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография
жарық көрді. БС проблемасына қатысты қордаланған жайттарды тезге салып,
зерттеу нысанасын жаңа қырынан ашатын өзіндік ерекшелігі бар бұл еңбек
Қ.Жұбанов, К.Аханов, М.Балақаев сынды ғалымдардың БС-ге берген
анықтамаларын қорытындылап, “БС дегеніміз – о бастағы кемінде толық
мағыналы екі сөздің тұтасып жымдасуы нәтижесінде, әдепкі лексика-грамма-
тикалық мағынасынан айырылып, жаңа лексикалық, соған лайық жаңа лексика-
грамматикалық мағына тудыратын сөздер бірлестігі” деп анықтама береді (28.
209).
БС- ге айналу процесін түсіндіруде зерттеушілердің мына схеманы
басшылыққа алғанын көруге болады (28. 213, 215): сөз – сөз тіркесі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет