Орфографиясы


әріп қиюлы (ССРО, МТС т.б.), буын қиюлы



Pdf көрінісі
бет4/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

әріп қиюлы (ССРО, МТС т.б.), буын қиюлы (ҚазТаг), аралас қиюлы
(КазПИ, КазГУ) деп бөледі.
Сонымен, проф. Қ.Жұбанов КС-дердің өзіндік өлшемдері деп мыналарды
көрсетті: 1. Сыңарлардың фонетикалық өзгеріске түсуі, алайда “кіріккен сөз
болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысьінда
өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз болуы шарты. 2. Бір мағынаны білдіруі,
дегенмен де, “жалғыз мағынаны өлшеу қылумен анықтық таныла қоймайды. 3.
Бір екпінге бағынуы.
Сөйтіп, БС-дердің өзіндік белгілері ғылыми негізде сараланады.
1938-1960 жылдары, яғни негізгі орфографиялық ереженің қалыптасу
жылдары аралығындағы кұрама сөздердің бірге- бөлек таңбалануына қатысты
жарияланымдарға зер сала қарасақ, мынадай екі үрдісті байқауға болады.
1. Бір деммен, бір үйлесіммен айтылатын еркін, тұрақты сөз тіркестерін,
күрделі атау, лексикаланған тіркестерді жаппай біріктіру (12). Бұған
Қ. Жұбановтың БС-ді өзіне ұқсас басқа тілдік бірліктерден ажырататын негізгі
белгісі деп екпінді атауы бірден-бір себеп болды. Ақ көңіл, mac бауыр, жат
бауыр, дем алу, қол қою, бас салу, бой ұру, am салысу, am қою, am үсті қарау


сияқты фразеологизмдер бір екпінге бағына айтылу себепті бірге тұлғалануы
ұсынылды (13).
2. Емледегі бір ізділік қағидасын арқау еткен форма қуу үрдісі. Мұнда ішкі
мағыналық сәйкестік, компоненттердің лексика-семантикалық арақатынасы,
үйлесім сияқты сөздің ішкі формасына, мағыналық жылжуға назар аударудан
гөрі, мысалы, мал шаруашылығы күрделі атауы бір екпінмен айтылмағандықтан
бірге жазылатын болса (малшаруашылығы), онда осыған ұқсас ауыл
шаруашылығы, халық шаруашылығы, егін шаруашылығы сияқты құрама
атауларды да қосып жазу; баспасөз тәрізді сөздің қатарына жарыс сөз, соңғы
сөз, жаңа сөз, ескі сөз, кіріспе сөз, жазба сөз сияқты лексикаланған тіркестерін
қою; ар, -ер жұрнағының БС жасамдық қабілетіне регламент қоймай, бір киер,
бір тартар, бір қырқар сияқты формасы бір сөздерді жаппай біріктіру; бір
заттың атауы болған лексикаланған атаулардың (іш киім, бас киім, аяқ киім,
аққұман, қара құман, іш қалта, жер үй, mac қалта, жер төсек) біреуі бірге
жазылуына орай қалғандарын да бірге тұлғалау ұсынылды (14).
Ә. Ермеков өзінің “Қазақ лексикасындағы біріккен сөздердің
семантикасы” атты кандидаттық диссертациясында құрамдары кірігіп кеткен,
қазақ тілінің төл сөздерінің этимологиясын ашады. Автордың пайымдауынша,
мына сөз сыңарлары сөйлемде қатар айтыла келе сөз тіркесіне, одан атаулық
тіркестерге өтіп, БС-ге айналған. Мысалы: қоян – “қой сияқты аң”, жылан
“жылжымайтын аң, жамбас – “жанына бас”, итмұрын – “иттің мұрны тәріздес
жеміс”, жануар – “жаны ару”, жантаю –“жанына таю", есіру –“есі іріп кету”
т.б. Ізденушінің пікірінше, БС- дердің компоненттері универбтенбей тұрғанда
көбінесе жалпы қолданыста жүреді де, процесс өткен соң, тіркес мағынасы бір
нүктеге шоғырланып, жалқыланады. Осы жалқылану біртұтас тұлғаланатын
сөздердің пайда болуына себепші болып отыр дейді ғалым. Және кейбір БС-
дердің мағынасын ашады: алтынкүрек –“көктемде оңтүстіктен соғатын жел”,
қанатжуар – “көктемнің алғашқы жылы жаңбыры”, көгентүп – “көгендегі
қозылардың ең кенжесі”, қымызмұрындық – “алғашқы қымыз сауымының
ішілуі”, желбұйда – “мұрындық пен бұйданың арасына желі болып тартылатын
жіп”, қырықжілік – “мал етінен сыбаға” т.б. (15. 2-6).
Сонымен қатар автор БС-дердің ұқсату арқылы (төстабан, қоян,
текесақал, итмұрын), және қызмет түрінің ұқсастығына қарай (қолжуғыш,
алжапқыш) пайда болатынын көрсетеді (15).
“Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі біріккен сөздер” тақырыбынан диссертация
қорғаған Г.Жәркешова тілімізде түбір деп танылып кеткен бірқатар сөздерді
Э.В.Севортянның "Соотношение грамматики и лексики в тюркских языках”
еңбегі негізінде құрамын қарап, жалпы мағынасын анықтайды. БС-дердің көбі
араб, парсы, алтай, қырғыз, монғол тілдеріндегі мағыналас сөздермен қосарлана


біріккенін көрсетіп, қазақ тілі сөзжасам процестерімен байланыстырады (16. 10-
11).
Автор БС-ге: “семантикалық бір ұғымды білдіретін, бір ғана сөйлем
мүшесі бола алатын, бір фоноциямен айтылатын, дыбыс үндесу зандарына әсер
ететін сөздер біріккен сөздер деп аталады” деп анықтама береді (17. 2).
Бұл зерттеулерді қазақ тіл біліміндегі құрама сөз зерттелуінің I кезеңі деп
тануға болады.
II кезең проф. А. Ысқақов зерттеулерімен жалғасады. Автор алғаш рет КС-
дердің фонетикалық, морфологиялық, лексика-семантикалық факторларына
бойлап, принципті мәселелерді алға тартады. “Күрделі сөз деп кемінде екі я одан
да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-
семантикалық жағынан бір тұтас, лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін
тұлға болып бірлескен құрама сөзді” танимыз дей отырып, олар “практикалық
тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін қызмет аатқарады, олардың
олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөздермен жарыса өмір
сүріп, сол дара сөздердің тууына негіз болып қызмет етеді” дейді (18. 120).
Ғалым БС-дер идиомалану, лексикалану (“сөздердің логика-семантикалық,
грамматикалық байланыстары көмескіленбей, жеке тұрып та мағына білдіруі”
(18. 122)), делексикалану (“күрделі сөз сыңарының дыбыстық өзгеріс
нәтижесінде, я жиі қолданылу себебінен бастапқы мағынасынан ада-күде
айырылу” (18. 122)) құбылыстары нәтижесінде жүзеге асатынын айтып,
сондықтан да БС- дің кездейсоқ шыға бермейтінін орынды ескертеді. БС- дерге
“компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге
ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына
білдіретін күрделі сөздер” (18.139) деп анықтама береді. Ал қара ала, он сегіз,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет