Орфографиясы


Құрама сөздердің таптастырылуы



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

1.2.
Құрама сөздердің таптастырылуы
Әдетте сөз өзінің құрамына карай жалаң және кұрама болып екіге бөлінеді.
Жалаң сөз бір негізгі немесе бір туынды түбірден тұрады. Ал құрама сөз –
кемінде екі түбірден құралып, бір ғана зат пен кұбылыстың атауы болатын,
номинативтік бірлік ретінде қаралатын сөз. Номинативтік бірлік сөздердің сөйлеу
кезінде емес, дайын, тұрақты тілдік таңба ретінде жұмсала алуымен
түсіндіріледі. Аталған топ А.Байтұрсынұлында қос сөз деп аталса (4. 183),
Қ. Жұбановтың күрделі сөз деп алуы морфология оқулықтарында бұл терминнің
қолданылу тұрақтылығын күшейтті (7., 18. 139, 22. 76). Алайда “кемінде екі я
одан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-
семантикалық жағынан бір тұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін
тұлға болып бірлескен құрама сөздер” (18. 120) өз ішінде біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз және күрделі сөз деп (18. 130), төртінші типінде терминнің қай-
талануы біраз шатасулар әкелді. Осыны шешу мақсатында К. Аханов тіркескен
сөздерге құрама сөз терминін еншілеп береді (22. 86) де, оларды сөз таптары
аясында сипаттағанда қайтадан күрделі сан есім, күрделі сын есім атауларын
пайдаланады. Сөйтіп, әдебиеттерде күрделі сөз термині тұрақталды деуге
болады. Ал Н.Уәлиұлы К. Ахановтың құрама сөз терминін біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз, күрделі сөз басын құрап тұрған топтың ортақ атауы етеді (27. 56)


Сөйтіп, біз де бір ғана зат пен кұбылыстың атау бірлігі болып, екі сөзден
құралған өнеркәсіп, асқабақ, кемпір-шал, сары ала, алып кел сияқты сөздерді
құрама сөз терминімен атаймыз.
80-жылдарға дейінгі қазақ грамматикаларында (31. 53) проф. А.Ысқақовтың
“Қазіргі қазақ тілі
(морфология)”
оқулығын қоспағанда, БС-дер
компоненттерінің бірігіп жазылуына орай дара сөз қатарында қарастырылған. Ал
профессорлар А.Ысқақов пен К. Аханов қазақ тіліне қатысты өздерінің айтулы
еңбектерінде құрама сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз және
сыңарлары бөлек жазылатын күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді
қарастырады (18.,22). Тек А. ЬІсқақовтың ұсынған классификациясында құрама
сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады (18). Сонымен,
А.Ысқақовтың “Қазақ тілі морфологиясы” мен К.Ахановтың “Тіл білімі
негіздері” және “Грамматика теориясы негіздері” атты тілшілер қауымына әбден
таныс еңбектерінен кейін, құрама сөздер жасалу тәсіліне, мағынасы мен құрамы-
на, компоненттерінің арақатынасына және орфографиялануына қарай 1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет