сөздердің тұтас тұлғалануын өзі атаған қосарлық белгісімен ауыстырса, ол қазақ
емлесін оңайлату мақсатынан шығады деп түсінуіміз керек. “Қазақ тілінде екі,
үш, бес сөз бірлесіп, бір ұғым, бір мағыналы болып келуі жиі ұшырайды.
Мәселен,
кете берер, кете берер ме, кете берер ме екен, кете бере алар ма екен,
кете бере алмай отырғанымды-ау. Осыларды бірге айтылғанына қарай, бір
мағына көрсетуіне қарай біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып
жазу емлені оңайлатпайды” дейді ғалым (6).
Қазақ тіл білімінің құрама сөздерді зерттеу
саласындағы бірден-бір
толыққанды, ғылыми еңбек профессор Қ.Жұбановтың қаламынан туған деп
айтуымызға бүгінде толық негіз бар. Ғалым БС-дерді кіріккен сөз терминімен
атап, оған
белбеу, бүгін, биыл, келсап, таңертең, үйт, бүйт, кішкене т.б. сөздерді
жатқызады. Зерттеуші “Кіріккен сөз болған жердің бәрінің бірдей дыбыстық
өзгеруі шарт емес, бірақ дыбысында өзгеріс бар сөз тіркестерінің кіріккен сөз
болуы шарт” (7. 155) деп және “олардың бір екпінге бағынуы” кіріккен сөзді
танудың ең сенімді жолы дейді (7. 223). Ғалым БС-ді қалыпқа түскен ортақ заңы
жоқ, заңсыз қосынды дей отырып, БС пайда болуының ұзақ сонарлы процесс
екенін, аралық жағдайда көбірек өмір сүріп, жалған көзқарас қалыптастыру
мүмкіндігін ескертеді.
“Қарға қара құс болғанмен де қара құс емес, ақ сары,
қарақұс, қара құс болмағанмен де,
қарақұс” (7. 224) деген зерттеушінің сөзі –
кіріккен сөз жасалуының семантикалық жолының тамаша мысалы. Деректі
мағынадан дерексіз мағынаға көшу кіріккен сөз жасаудың тәсілі екеніне
Қ.Жұбанов
қолғап сөзін мысалға келтіреді.
Мұндағы қап сыңары мешок
мағынасында емес, чехол мағынасында қолданылғандықтан, тіркескен сөз
бірігетінін айтады ғалым. Ал бөлек жазылатын сөздерді күрделі сөз терминімен
атайды да, ол бірліктердің жасалуының семантикалық жолын былай түсіндіреді.
Сары май, сары жапырақ тіркестеріндегі
сары сыңарының беретін мағынасы
әр сатыда.
“Сары майдың ақ көгілдір түрлері де кездеседі” (7. 225) дейді
зерттеуші. Бұл пікірдің мәнісі былай.
Сары май – әбден шайқалып, сүтінен
мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған,
басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май. Уақыт өте келе оның
түсінің
сап-сары, сары, ақшыл сары, ақ сары, көгілдір болуы емес, оның
құнарлылығы, сапасының жоғары болуы мәнге ие болады. Бұл жерде "сары"
сыңары
май сөзінің әуелдегі ерекше белгісін абстракциялап қана көрсетіп тұр
дейміз.
Сары май тіркесі – денотатив, мұндағы
сары – сигнификаттық
компонент. "Сигнификат – денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес. Денотаттан
айырмашылығы сол – ой субъективті қасиетке ие.
Екінші сөзбен айтқанда,
сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды
денотатқа сүйенеді” (8. 54). “Денотаттық мағына сөзді объектив дүниемен,
заттармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны ұғыммен, ой
элементтерімен байланыстырады” (9. 30). “Мағынада бұл компонент денотат-
тық компонентен қатар жүреді, тек оны ерекшелейтін нәрсе, бұл компонент
денотаттың ерекше белгілерін абстракциялап бейнелейді” (10. 13). Бұл
макрокомпонент мынадай жолдар арқылы
сөз мағынасының бір бөлігіне
айналады дейді М. Оразов, яғни идеалды немесе жалпы денотат арқылы, екінші
гаосеологиялық бейне арқылы, үшінші қайта атау, төртінші ғылыми абстракция
арқылы (10. 13). Сонымен, Қ. Жұбановтың айтуынша,
сары май тіркесі – бүгін
бір атау.
Ғалым мұрасында КС мына құрамнан тұрады (7. 227):
1) өзгерістерге түскен атау түбірлердің бірігуінен тұрған күрделі сөздер; 2)
табыс жалғаулы сөз бен сабақты етістік негізінде пайда болатын күрделі сөздер;
3) анықтаушы мен аныкталушылық қатынастағы күрделі сөз; 4) заттанған сын
есім мен зат есім тіркесінен туған күрделі сөз; 5) күрделі жалқы есімдер; 6)
қысқарған сөздер. Бір өкініштісі, ғалымның бұл айтқандарына келтірген
мысалдары табылмаған.
Біріккен жалқы есімдердегі атрибуттық сөз тіркестерінің кері орналасу
тәртібіне назар аударған Қ.Жұбанов оны сын есімнің заттану қасиетімен және
мұндай жағдайлар тек сын есімдердің кісі аттарымен
(Айжарық, Таңжарық,
Еділбай, Айсұлу, Күнсұлу) ғана тіркесіп,
оның белгісін, қасиетін, кәсібін,
қоғамдық орнын білдіріп, әрі анықталушы мүшелер қызметінде жұмсалу
қабілетімен байланыстырады (11. 20). Әрине, мұндағы
Айжарық, Күнсұлу
сөздерін оңай төркіндетуге болады: айдай жарық, күндей сұлу.
Қысқарған сөздерді де ғалым кіріккен сөздің бір түрі деп алып, оларды
Достарыңызбен бөлісу: