Орфографиясы


 КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9241
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ
3.1. Күрделі зат есімдер
Біз құрама сөздерді тұрпат межесі тұрғысынан босаралықсыз, босарлықпен
және қосаралықпен тұлғаланатындар деп үшке бөлеміз. Мұндағы босаралықпен
тұлғаланатын кұрама сөздердің әдебиеттерде әр түрлі терминге ие болып, кейде
тіпті  сөз  тіркесі  аясыңда  қаралуы бұл  топтың  номинативтік  бірлік  ретіндегі
мәртебесін   анықтауда  басы  ашылмай   жатқан   мәселелердің   бар   екендігін
аңғартады.   Сондықтан   біз   грамматикалық   бірліктердің   (“Грамматикалық
құрылыстың   өзінше   дербестігі,   ерекшеліктері   бар   топтарын   грамматикалық
единицалар  –тұтастықтар дейміз” (148. 31) бөлек тұлғалануын сөздің дербес
тілдік бірлік екенін көрсететінін синтаксистік құрылымның ерекшелігі (42. 52.)
деп алып, бөлек тұлғаланудың бес сатысын көрсетеміз. Олар:
1) сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы;
2) синтаксистік  сөз   тіркесі   деңгейіндегілердің   бөлек  тұлғалануы  (алтын
сағат, күміс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгірімі);
3) түйдекті тіркестерінің бөлек тұлғалануы  (келе жатыр, сабақтан кейін,
үйдің алды, егер де);
4) фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы (ит әуре, мысық тілеу)’,
5) лексикалық синтагмалардың, яғни КС-дердің бөлек тұлғалануы (тандыр
нан, am кора) болатын.
Мұндағы сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы фонологиялық жазудың
басты   қағидасына   айналғаны   белгілі;   фразеологиялық   тіркестердің   бөлек
тұлғалануы тіпті олардың мазмұн межесінің ерекшелігіне  баланды;  түйдекті
тіркес деп топтап отырған – негізгі сөз бен көмекші етістік тіркесі (келе жатыр,
бара жатыр, айтып отыр, көріп отыр) және толық мағыналы сөз бен шылау
сөздің тіркесі (анам үшін, жыл сайын, келген сайын, сен арқылы, малшылар ту-
ралы,  бала  сияқты, сен тәрізді, үйге дейін, біраздан кейін, бұдан бұрын, үш
күннен бері) және негізгі сөз бен көмекші есім тіркесі (арбаның қасы, қала үсті,
жердің асты, ауыл маңы).  Бұлардың босаралықпен таңбалану нормасы коди-
фикацияланды.
Сол сияқты синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегілердің де, оның ішінде КС-
ге ұқсас қабыса байланысқан зат есім  –  зат есім тіркесі (алтын сағат, ағаш
күрек,   темір   күрек,  mac  үй,  mac  еден,  күміс   сағат,  инженер  қыз,   бас
қызметкер), сын есім – зат есім (ақ қар, боз am, қызыл гүл, map жол, қысқа жіп,
кең  сарай,  жалпақ тақтай, терең көл, қалың орман, салқын су, жақсы кісі,

әдемі қыз, сараң әйел, ащы сорпа, жуас адам, тәтті ірімшік, жеңіл сөмке, ауыр
жүк),  есімше  –  зат есім (орылған егін, көгерген шөп, айтар сөз, барар жер,
сауылатын сиыр), есімдік  –  зат есім  (осы өзен, бұл сөз, барлық әлем, барлық
жұрт, әр адам, күллі халық, бүкіл дүние) тіркестерінің бөлек жазылуы қағидаға
айналды.
Ал   КС-дердің,   әсіресе   күрделі   зат   есімдердің   орфограммасына   келгенде
әңгіменің басқа сипатта өрбігенін көреміз. Бұған – КС қатарындағы номинативті
бірліктердің бір кезде БС тобынан орын алып отыратыны куә. Мысалы, аяқбау,
тізе   бау,  уық   бау,  шаңырақ   бау,  қол  бау,  құлақ   бау  құрама   сөздері   бөлек
таңбаланса,   дәл   осы   үлгідегі  шашбау,   белбеу,   қазықбау  лексемалары   бірге
таңбаланады.   Бұндай   құбылыс   ортақ   қомпонентті   КС-дердің   біреуінің   БС
қатарына   өтуі  (қолғап),  сол   үлгідегі   өзге   тіркестердің   де   орфограммасына
ауытқушылық әкеледі  (уыққап, шашқап, кесеқап).  “Сондықтан кейбір біріккен
түбір сөздер мен тіркесті түбір сөздердің аражігін айырудың билігі қазақ тілі
орфографиялық сөздігіне беріліп отыр” (149. 37).
Сонымен,   бөлек   тұлғаланатындардың   бесінші   деңгейіндегі   бұл   топ
орфограммасының негіздерін көрсетпес бұрын, алдымен лексикалық  синтагма
деп, яғни дәстүрлі таптастыру бойынша  күрделі сөз деп нені айтамыз  деген
мәселенің басын ашып алу керек сияқты.
Оқулықтарда “қалайда күрделі сөздерді.... лексикалық және басқа да түйдекті
тіркестерден   шатастырмау   керек”   (148.   32)   деген   принципі   мәселелер
көтерілгенмен, қабыса байланысатын сөз тіркесі қатарында am қора, мал қора,
шай кесе, кір сабын, қазан пышақ, өкше біз, may теке, көл бақа, желке тамыр,
төс қалта, қалта сағат, кол сағат, жел диірмен, мал дәрігер, көз әйнек, ауыз
үй, тамақ бау, қыз  бала, ұл  бала,  алма ағаш  сияқты бір лексикалық бірлікте
айтылатын тіркестер (148. 52) қаралып жүрді. Жалпы, түркі тілдеріндегі КС бен
сөз тіркесі арасындағы ұқсастық тілдің жалғамалық сипатынан шыға ма дейміз.
Белгілі ғалым Ы.Маманов КС-ді “Қазақ тілінде тіркесті түбір сөздер де  –
біріккен   түбір   сөздер   сияқты   тұрақты   тіркестің   құрамындағы   екі   сөздің
мағыналық жағынан өзара тұтасып, бір лексикалық бүтінге айналған түрі” (149.
36) деп анықтайды.
Ал   сөз   тіркесі   деген   ұғымды   проф.   М.Балақаев   былай   деп   саралайды:
“...лексика-грамматикалық   мағыналары   айқын   сөздердің   біріне-бірі   сабақтаса
бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі....
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады; ол сөздердің
бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады.
Олар салаласа байланыспайды,  тек  сабақтаса байланысады; тіркескен сөздер
анықтауыштық,   толықтауыштық,   пысықтауыштық   қатынаста   жұмсалады.
Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы
бағыныңқылы   сөз   тіркесі   жасалғанда,   ол   сөздердің   бұрышы   мағыналары
өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым-қатынасты

білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық, пысықтауыштық немесе
шақтық, мекендік, меншіктілік) мағына пайда болады” (148. 34-35).
Сөйтіп,  КС бен  сөз  тіркесін ажырататын өлшемнің бірі - сөз  тіркесінің
құрамын   өзгертіп   айтуға   болатындығы.   Бұл   -   проф.   Р.Сыздықова   көрсеткен
лексикаланған   тіркестің   мына   өлшемімен   астасып   жатыр.   Лексикаланған
тіркестің алғашқы сыңары заттың тұрақты айырылмайтын белгісін білдіреді де,
ал синтаксистік тіркестің анықтауыш сыңары зат пен құбылыстың кұбылмалы,
уақытша   шартты   белгісін   көрсетеді   (34.42).   Бұған  бет   орамал  сөзінің
лексикаланған тіркестің бұлжымаған мысалына айналу себебін келтіруге болады.
Мұнда  орыс  тілінің  носовой   платок  тіркесі   дәл  аударылмай,  қазақ   тілі   сөз
тіркесімділігі табиғатына лайық атау шыққан. Егер  мұрын орамал  десе, “бет
орамалдағыдай”   бір   лексикалық   бірлікте   ұдайы   қайталана   алмас   еді.   Сонда
сөздердің  барлығы  да  вариантты,   барлығы  да  талғап  тіркеседі.   Осы   талғам
жоғарылаған   сайын,   сөздер   тіркесімділігі   даралана   түседі.   Сөйтіп,   олар   бір
лексикалық   нүктеге   шоғырлана   бастайды.   Ары   қарай   сөзжасамның   келесі
процесіне түседі, яғни бұл белгілерден КС-дің коммуникативтік бірлік емес,
номинативтік бірлік екені анықталады.
Үшінші,   синтаксистік   сөз   тіркесіне   қарағанда  КС  атаулық   мәнде   жиі
қолданылады.   Бұл   атаудың   экстралингвистикалық   мәнділікке   байланысынан
туындап жатады.
Ал тіркес  құрамындағы негізгі ұғымға ие сөзбен қатар құрайтындардың
саны арта берсе, ол топтан КС бірліктері бөліне бастайды (150. 30-31).
Ал қандай синтаксистік құрылымдар қолданыс жиілігіне түседі? Бұл сұрақ
атау, номинация мәселесіне, валенттілік теориясына апарады.
“Номинация
 логика-гносеологиялық,   психологиялық,   биологиялық,
әлеуметтік, физиологиялық және  таза  тілдік негіздері бар ойлау мен сөйлеудің
кешенді бірлігінен тұрады” (117. 6). Ал заттар мен құбылыстарды танудың өзі екі
фазадан   тұрады.   Бірінші  фаза  зат-әрекет-сөз,   екінші  фаза  сөз-әрекет-зат
процестерінен құрылған. “Первая фаза соответствует акту снятия предметного,
чувственного   образования   понятий,   формирующих   прямое   номинативное
значение лексической единицы. II фаза – соответствует в языковой деятельности
акту   конкретизации   обобщенного   значения   слова,   его   семантическому
развертыванию в синтагматическом ряду” (151. 8).
Сондықтан кез келген толық мағыналы сөз белгілі бір затты атамайды, сол
заттардың үлкен бір тобы туралы ұғымды береді (151. 26). “Сөздің өзі жалпы,
абстракциялық   ұғымды   атайды  да,  синтаксистік   сөз   тіркесі,   күрделі   сөздер
дәлдік, нақтылықты, айқындалған ұғымды көрсетеді (152. 29).
Оның   себебі  –  сөздер   заттар   мен   құбылыстардың   өзіне   тән   ерекше
белгілерінің абстрактіленуі негізінде пайда болады (153. 24, 30).
Сөйтіп, алғашында атау предикаттық қатынас, еркін сөз тіркесі, тіпті сөйлем,
сөйлемдер – жайылма ұғым – негізінде көрінеді. Сондықтан да тарихи тұрғыда

атау процесі  –  сөйлем  пайда  болу процесімен тікелей байланысты (154. 200).
Сондықтан атау берілген ұғымды жан- жақты көрсететін синтаксис те атаудың
жалпы теориясына енеді (155. 18,209).
Хабарлау таңбасынан (от знак сообщений) атау таңбасына көшу – атау беру
процесінің  басы  ғана  (118. 86).  Себебі  –  атау  алғашында тілдік құбылысқа
негізделмейді, керісінше сол нысанның қасиеттері мен өзіне тән белгілерінен
бастау алады (29. 52). Бірнеше белгінің ішінен (немесе бірнеше семалардың
ішінен) атауға уәж болатын бір белгіге лексема таңдау – номинация процесінің
аяқталғаны.   Атауға   уәж   болатын   белгінің   мәнді-мәнсіздігі   адам   санасының
дамуына байланысты өзгеріп отырады (153. 17). Қоғам тұтынуынан сырт қалған
зат атауының мағынасы оның ұғымынан әлдеқайда артта қалады, мағына қашан
да ұғым деңгейіне жетуге ұмтылумен болады, алайда кейде ұғым сипатының өзі
өзгеріп   кетеді   (112.   12)   Мысалы,  сағат  деген   қазіргі   денотативтік-
сигнификативтік атау бір кездері аспан денелерінің қозғалысына орай сәт, уақыт
деген   сигнификативтік   атау   қызметінде   жұмсалған.   Келе-   келе   түркі
халықтарында уақытты белгілейтін зат, референттер шыға бастады. Мысалы,
құмсағат. Кейін бұлар қоғамдық қажеттіліктерді өтей алмай, қазіргі секунд, ми-
нут,  сағатқа   бөлінген,   үш   тілі   бар   механикалық,   кварцтық,   көрсеткіші   бар
электронды сағаттардың пайда болуына әкелді. Сағат сигнификативтік немесе
денотативтік- сигнификативтік атаудан гөрі, енді таза денотативтік атауға көшті.
Сөйтіп, сағаттың түрлі қызметтерінің ішінен оның қолға тағатын, қалтаға салып
жүретін,   үйде,   кеңседе   қабырғаға   іліп   қоятын   түрі   бөлініп   шығып,   тұрақты
формаға,   атауға   ие   болды  (қол   сағат,   қабырға   сағат).  Адам   өміріне   мәнді
нысаналар ғана атауға ие болады (118. 36). Ал ол белгіні таңдау, бір жағынан,
адамның   қызметіне,   тұтыну   қажеттілігіне,   сөйтіп   барып,   танымына   тікелей
байланысты   болады.   Таңдалған   белгі   негізінде   тұрақталатын   сөз   тіркесі
(қабырғаға ілініп қоятын сағат)  қолданылу жиілігіне ұшыраған сайын, атаудың
абстрактану   сипаты   күшейе   түседі.   Бұл  –  тіркескен   сөздерде   синтаксистік
қатынастың ыдырауы, қала берді сыңарлар мағынасының ауысуы, жалпылануы,
көмескіленуі сипатында көрінеді.
Сөйтіп, тіл-тілдің қайсысында болмасын зат есім-зат есім тіркесінен тұратын
атаулардың номинациялануы күшті қарқынға ие болып отыр. Оның себебі – зат
есім өз бойына сандықта, сындықта, тіпті қимылдықта қасиеттерді жалпылай
тоғыстырып тұруынан болады (156. 84).
Былайша   айтқанда,   зат   есімдердің   дені,   негізінен,   референтті   денотатив
атаулар   болғандықтан,   олардың   бойында   өзіне   тән   архисема   мен
дифференциалаушы   семалар   тұрақты   түрде   өмір   сүреді.   Мысалы,  жылқы
денотативін “мінетін, сүтін сауатын, етін азық қылатын, тақ тұяқты, денесі ірі,
күйіс қайтармайтын төрт түліктің бірі” десек, мұндағы “төрт түліктің бірі”  –

ұғымның архисемасы болса, “тақ тұяқты” – дифференциалды семасы болады
да,  өзге   семалары   интегралды   семаларды   кұрайды.   Сонда  денотатив  өзінің
бойына   сандық  та  (“тақ   тұяқты”),   сындық  та  (“денесі   ірі”),   қимылдық  та
(“мінетін,   сауатын,   күйіс   қайтармайтын”)   белгілерді  жалпылай  тоғыстырып
тұрады.   Сондықтан   екі  зат  есімнің  тіркесімі  қашан  да  уәжді  болмақ.  Бұны
Э.В.Севортян “Сөзжасамның грамматикалық емес формасы негізінде жасалған”
сөздер дейді (157. 113).
Сөйтіп, бұл процестің негізінде сөздің валенттілік қасиеті жатқанын көреміз.
“Валентность слова есть такое свойство его содержательной стороны, которое
позволяет ему иметь при себе определенный набор синтаксических позиций.
Синтаксическая позиция при данном слове – это закрепленная правилами языка
возможность употребления данного слова с рядом одноэтапно связанных с ним
по   функциям   образования,   которая   определяет,   дополняет,   уточняет,
конкретизирует значение данного слова” (158. 31).
Проф.   Т.Сайрамбаев   атап  көрсеткендей,   “мағыналық   жағынан   өзара
үйлесімді   ғана   зат  есімдер   бір-бірімен   тіркесе   алады”   (152.   87).   М.   Оразов
валенттілікті логикалық, семантикалық, синтаксистік деп үшке бөледі (159. 99).
Сөйтіп,   сөздердің   өзара   тіркесімділігінің   күштілігі   оларды   қолданыс
жиілігіне түсіріп, соңында атауыш сөздер қатарын молайтуға әкеледі екен. Ал
сөздер тіркесімділігінің қалай жүзеге асатынын көру мақсатында мына мысалдар
ды қарастырайық.
Алдымен, біз  КС  бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықты көрсету
үшін  ас қасық,  (КС),  күміс  қасық  (cөз  тіркесі) сөздеріне  компоненттік талдау
жасаймыз.
Ас қасық  –  “ас ішуге, жеуге, салуға арналған  сабы, басы бар,  ағаштан,
металдан, пластмассадан жасалған шай қасықтан үлкендеу қасық”. Мұндағы ас
компоненті  –  “адамның   қоректік   заты”,   “ішім-жемі”,   “тамағы”   семаларынан
тұрады, ал қасық  – “тамақ ішуге”, “жеуге” арналған “сабы бар, көлбеу келген,
шұңғыл  басы   бар”,  “ағаштан,   металдан,   пласмассадан   жасалған   бұйым”
семаларынан   кұралады.   Байқап   қарасақ,   бірінші   компоненттің   архисемасы
(“тамақ”)   екінші  компоненттің   дифференциалды   семасы   (“тамақ”)   болып
тікелей жалғасады.
Ал күміс қасық деген сөз тіркесінде алғашқы сыңардың архисемасы соңғы
сыңардың  дифференциалды   семасына  айнала   алмайды.   Бұл   тіркестің
валенттілігі  –  бірінші   компоненттің  архисемасы   (“металл”)   мен  екінші
компоненттің интегралды семасының (“металдан жасалған") ортақтығынан ғана
туындайды. Ал интегралды сема - семаға іштей толықтыру жасайтын сема екені
белгілі, яғни оның ұғымды беруге қатысуы, қатыспауы екіталай.
Сондықтан  күміс   қасық  тіркесінің  ас   қасық  тіркесіне   қарағанда
тұрақтылығы төмен, дистант түрінде байланыса береді: күміс ас қасық.
Ал   компоненттерінің   байланысуы   берік  ас   қасық  КС-інің   босаралықпен
жазылуы  –  олардың денотатив семаларының (Д
1

1
) ортақтығынан  туындап
отыр (4-кесте)

4- кесте
Ac қасық ,  күміс қасық
лексемаларына семдік талдау
І лексема
денотатив
семема Д
1
денотатив
семема Д
1
ІІ лексема
ас
[адам] ның
[қорек] тік
[зат]ы
[тағам]ы
 [іш]іп- [же]мі
[тамағ]ы
[тамақ]
[іш]уге
[же]уге
арналған 
[саб]ы
бар
[көлбеу]
келген
[шұңғыл]
[бас]ы
[бар]
[ағаш]тан
[метал]дан
[пластмасса]дан
[жаса]лған
[бұйым]
қасық
күміс 
[жоғары]
[сапа]лы
[ақ]
[түс]ті
[металл];
[химия]лық
[элемент]
[тамақ]
[іш]уге
арналған
[саб]ы
[көлбеу]
келген
[шұңғыл]
[бас]ы
[бар]
[ағаш]тан
[метал]дан
[пластмасса]дан
[жаса]лған
[бұйым]
қасық

Сол сияқты түйе жүн, am қора, тоң май  тіркестерінің КС  екенін және
олардың босаралықпен таңбаланатынын мына кесте арқылы дәлелдеуге болады
(5-кесте).
Am қоpa, тоң май, түйе жүн 
лексемаларына семдік талдау
I лексема
денотатив семема
денотатив семема
II лекссмн
am
[дене]сі
[ірі]
[күйіс]
[қайтармайтын]
[тақ]
[тұяқ]ты
[үй]
[жануар]ы
[үй]
[жануар]лары
[тұр]атын,
[ірге]сі
[қорша]лған,
[төбе]сі
[жаб]ылған
жабылмаған
[орын]
қора
тоң
[жер] 
[қыртыс]ының
[суық]тан 
[сірес]іп 
[қат]ып, [қал]ған 
[еріме]йтін 
[қабат]ы
[жан]
[жануар]лардың
[дене]сіне
[жиналған]
[су]ға
[еріме]йтін
[органика]лық
[зат]
май
түйе
[бір]
[екі] 
[өркеш]ті
 [аша] 
[тұяқ]ты
 [күйіс] 
[қайтаратын] 
[үй] ([төрт]) 
[жануар
 ([түлік])
[жануар]лар
[тері]сінің
[сырты]н
[жау]ып
[тұр]атын
[түк]
[қылшық]
жүн
КС-дерді   сөз   тіркесінен   ажыратудың   енді   бір  белгісі  ретінде  КС
сыңарлары арасына өзге сөз ене алмайтын идиомалық сипатын алуға болады.
“Тіркесті   түбірдің   құрамындағы   сөздердің   өзара   байланысы   өте   күшті,
мызғымайтын   берік   болады”   (149.   40).   Мысалы,  қамыс   қора,   күміс   қасық

қабыса байланысқан сөз тіркестерін қамыс am қора, күміс шай қасық деп тірек
компонент пен алдыңғы сыңарды жанама байланыстырып жіберуге болады. Ал
am  қора,  шай  касық  КС-дерінің   номинативтік   тұтастығы   берік,   екі   сыңар
арасына сөз енгізуге келмейді.
Тағы бір мысал келтірейік. Тіліміздің жаңа қолданысында  экологиялық,
тазартылған,   газдалған,   асханалық,  минерал  су(ы)  деген   тіркесімділік   бар.
Мұнда тірек  компонентен  жанаса байланысып тұрған сыңарлар сөз тіркесін
құрайды  да,  минерал  су(ы)  КС  болып   табылады.   КС-дің   бұл   сипаты
фразеологиялық   тіркестердің   табиғатына   жақындайды.   Бұл   орайда   қазақ   тіл
білімінде тіркес атаулыны еркін және тұрақты тіркес деп бөліп, тұрақты тіркесті
фразеологизмдер мен атаулық тіркестерге ажырататын негізді таптастыру бар
екенін айта кеткен орынды. Ал фразеологизмдер мен КС-дер сыңарларының
тіркесімділігінің   тұрақтылығы   оларды   номинативтік   бірлік   ретінде   қарауға
мүмкіндік берген еді. “Біздіңше, фразеологизмдерді фразеологиялық талғамдар
және фразеологиялық сөздер деп екі топқа бөліп қарап, соңғыларын тіркесті
түбір сөздер қатарында таныған жөн болар еді” (149. 41) деген Ы.Маманов,
“жақсы атты, жаман атты тіркестерін лексикалық бүтін болып қалыптасқан
тіркесті   түбір   сөздер”   (149.   40)   қатарына   жатқызған.   Ал   ҚТОС-інің   соңғы
басылымы бұл тұрақты тіркестерді біріктіріп, реестр сөз қатарына шығарды.
Проф.   М.Балақаев   “арнау   мағынасындағы   анықтауыштық   тіркес
құрамында   жұмсалатын   сөздердің   өзара   бірлігі   күшті.   Әдетте   олар   бөлек
жазылғанмен, мағыналық, ритмикалық бірлігі жағынан біріккен сөздер тәрізді.
Сондықтан олар сөйлемнің бір мүшесі ретінде жұмсалады” (148. 52) дейді.
Екі-үш   сөзден   құралған   фразеологизмдердің   бір   ғана   сөйлем   мүшесі
болуы оның бір ұғымды білдіруінен туса, екінші жағынан, сыңарлар орнының
тұрақтығынан  да болады. Сол  сияқты КС-дердің де сөйлемде бір ғана мүше
кызметін атқаруы оларды сөз тіркесінен  ажырататын  белгісі етеді. Мысалы,
“Ауыз үйден ыдыс-аяқтың сылдыры естілгендей болды” деген сөйлемді алайық.
“Ненің сылдыры естілгендей болды?” деген сұраққа - “ыдыс-аяқтың сылдыры
естілгендей болды”, деп қос сөз (“ыдыс-аяқтың”) бір сөйлем мүшесінің сұрағына
жауап береді. Сол сияқты “қайдан естілгендей  болды?”  деген сұрауға “ауыз
үйден естілгендей болды” делініп,  КС  (ауыз  үйден) бір сұраққа жауап беріп,
сөйлемнің бір мүшесі болады .
Ал   осы  КС-дердің   қолдану   жиілігінің,   формасының   тұрақтылығы,
сөйлемнің бір мүшесі болу сипаты, бір сөзбен айтқанда, номинативтік бірлік
ретінде қалыптасуы  –  бұл топтың экстралингвистикалық мәнділікпен тікелей
байланыстылығында.   Мысалы,   болмыста   заттың  неге  арналып   жасалғаны
олардың   неден   жасалғанына   қарағанда   мәнді.   Сондықтан  ас   қасық  КС-інің
номинативтік тұтастығы күміс қасық тіркесінің тұтастығынан берік.
Сонымен,   біз   КС-ді  сөз   тіркесінен   ажыратудың   басты   белгісі   деп  КС
сыңарларының   байланысу   тұрақтылығын   көрсеттік,   яғни   екі   сыңар   арасына
басқа сөз ену мүмкіндігінің жоқтығы. Алайда бұл өлшем БС-дерге тән. Бірақ БС

бірігіп жазылады да, бір заттың атауы болып, бір мағына беретін құрама сөздің
бұл типі  (КС)  жазу тәжірибесінде бөлек тұлғаланады. Неліктен номинативтік
бірліктердің бірігуі жоқ?
Оның негізін КС сыңарларының экстралингвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
1
қатынаста тұру себебінен іздеуге болады.
Осы   орайда   қазақ   тіліндегі  КС  компоненттерінің  боса
 
 ралықпен
танбалануының екі жағдайын көрсетуге болады.
Бірінші жағдай.  КС  сыңарларының Д
1

1  
қатынаста  тұрғанын оларға
“жаймалау” (трансформация) тәсілін қолдану арқылы көз жеткіземіз, яғни атауды
сөйлемге   “жаймалағанда”   екі   сыңардың   немесе   соңғы   сыңардың   ұғым-   ды
беруде қайталануы екі комноненттің де тура мағынасында екендігінен хабардар
етеді. Мысалы, тоң май  “ерітіп, қатырылған іш май”; іш май – “малдың ішек-
қарнынан сылынып алынатын май”. Ал бұл – бөлек тұлғалаудың бір шарты.
Сөйтіп, бұл жағдайда босаралықпен жазылатын КС-дерді мынадай лексика-
семантикалық топтарға бөлуге болады.
1)
Ас-су,   тағам   атаулары:  тоңмай,   іш  май,  құйрықмай,   ақмай,
шарбымай, сұйықмай, бүйрек  май;  қара шай, қызыл шай, көк шай,
жайдақ шай, бойдақ шай; құнан қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз,
кұда қымыз; қой ет(і), жылқы ет(і), сиыр ет(і), шошқа ет (і), түйе
ет(і) т.б.
2)
Дене мүшелері атаулары: бас сүйек, өкше сүйек, төс сүйек, жамбас
сүйек, шеміршек сүйек, жақ сүйек, бет сүйек; тоқпан жіілік, асық
жілік, қары жілік, құм жілік, ортан жілік; сан ет, бұлшық  ет, қол
ет, мойын ет, өлі ет, қара ет, құс ет, қызыл ет; ортан қол, сұқ
саусақ,   бас   бармақ,   ортан   терек,   шылдыр   шүмек,   балан   үйрек,
кішкене бөбек; ұры тіс, сүт тіс, азу тіс, күрек тіс, ит тіс, қой тіс,
қабан   тіс,   қасқа   тіс,   сары   тіс,   ақыл   тіс;   ауыз   омыртқа,   азат
омыртқа, қалбағай омыртқа; ит жауырын, қозы жауырын, тобан
аяқ, маймақ аяк, шу аяқ, малма аяқ, жалаң аяқ, жалаң бас, қауға бас,
дода бас, қазан бас, қасқа бас, қалтақ  бас;  тоқ, ішек, ащы ішек,
көтен ішек, жылан көз, қыли көз, қара көз, қой көз, көк көз;
3)
Күнделікті тұтыну заттары:  ақ құман,  кара  құман,  mac  құман, жез
құман, шойын құман; аяқкиім, бас киім, іш киім, сырт киім, тыс
киім, тіз киім, жаздық киім, қыстық киім, өң киім; аяқ бау, қол бау,
бәтеңке бау, уық бау; күрек can, үршық сап, қамшы сап,қалам can;
ибей ағаш, күрсі ағаш; сырт қалта, іш қалта, жан қалта, төс
қалта, кағаз қалта, сағат қалта, қойын қалта, кісе қалта; бас жіп,
кендір жіп, ұрғашы жіп, мойын жіп, өрмек жіп, күзеу жіп, тоқыма
жіп, еркек жіп, өре жіп, машина жіп, ноқта жіп; am арба, жайдақ
арба,  өгіз  арба, қол арба;  mac  көпір, ағаш көпір, темір көпір;  бет
орамал, қол орамал, бас орамал, мойын орамал, дәс орамал; мақта
мата, жүн мата, жібек  мата,  тоқыма мата,  шыт  мата;  жаяу
шам, жайдақ шам, ондық шиам, пілте шам, бестік шам; шап айыл,

тәс айыл, құр айыл, кер айыл, ызба айыл; ит шана, жайдақ шана, am
шана, өгіз шана, қол шана, жайма шана; тірі жүн, өлі жүн, күзем
жүн, жабағы жүн, жақ жүн, түйе жүн, пұшпақ жүн, қой жүн,
қылшық   жүн,   мойын   жүн,   бауыр   жүн;  mac  ошақ,   мор   ошақ;
саптама   етік,   бастама   етік,   ұлтарма   етік,   былғары   етік,
жайтабан етік, жайдақ етік, мықшима етік; үйрекбас ер, құранды
ер, құрама ер, жапсырма ер, құнан ер, кырғыз ер, қазақы ер, қайың
ер, қаптал ер; түс қағаз, жапсырма  қағаз, көшірме қағаз, ватман
қағаз, қатырғы қағаз;
4)
Мекен атаулары: қараша үй, үлкен үй (этн.), қоржын үй, дабыл үй,
жоламай үй, ағаш үй, тұрғын үй, киіз үй, қара үй, жер үй, қазақ үй,
там үй, отау үй; mac жол, машина жол, жалғыз аяқ жол; көк базар,
жайма базар, am базар, жаяу базар; am қора, қой қора, шалы қора,
сиыр қора, тауық қора, шошқа қора; шыға беріс, кіре беріс, тастай
беріс, жата беріс, қаға беріс.
Байқағанымыздай, бұл қатар  –  алғашқы компоненттері, А.Байтұрсынұлы
терминімен айтқанда,  тек сын,  яғни түрлерін айыратын сапалық  не  қатыстық
сын есімдер немесе бұл заттардың неге арналғанын білдіретін сөздер де, соңғы
сыңарлары ортақ болып келетін тіркестер. Тірек компоненттің бір емес бірнеше
тіркесімділікте қайталануы және сол тіркесімділіктің қолдану жиілігі қабыса
байланысқан сөз тіркестерін күрделі номинативтік бірлік дәрежесіне жеткізеді.
Сондықтан бұл жағдайда КС-дің бөлек жазылуы атаулардың түрлерін айырып
көрсету   мақсатынан
 да
 шығады.   Бұл
 – 
КС
 компоненттерінің
экстралингвистикалық фактормен Д
1

1
, немесе  Д
2
Д
1
  қатынаста  тұрғанының
дәлелі.  Мысалы,  жоғарыдағы  жілік,  сүйек  сыңарларымен  келетін  КС-дердің
бөлек жазылуы жілік компонентінің “жан-жануарлардың қол-аяғында болатын
негізгі  он  екі   мүшесі”,  сүйек  сыңарының   “адам   мен   хайуанаттар   денесінің
қаңқасы”  деген   тура  мағынасында   жұмсалуына   негізделеді.   Ал   қолдану
жиілігіне түскен соңғы қомпоненттердің кейбіреулері мағыналық жалпылану,
кеңею,   грамматикалану   құбылысына   ұшырап,"   аффиксоид   қатарына   өтіп
жатады. “Синтаксистік тәсілмен сөздердің бірігу, тіркесу және қосарлану арқылы
жасалған лексикалық бүтіндер тілдің құрамына эволюциялық жолмен біртіндеп
қана енеді” (149. 40). Мысалы, бау, қағаз, май, сап, киім, үй компонента КС-дер
қатарынан  шашбау,  белбеу,  қарақағаз,   сарымай,   қаламсап,   баскиім,   ішкиім,
аяққиім,   қонакүй  атаулары   БС-ге   айналып   отыр.   Мұндағы  шашбау,   белбеу
атаулары баудың бір түрі мағынасынан гөрі, әдеміліктің, сәннің бір элементіне
айналып бара  жатқандай, яғни “өрілген шаштың ұшын бекітетін алтын, күміс
тиындар қадалған лента тәріздес ызған мата” (ҚТТС, 10- т., 174-6.). Бұл атау енді
шашраула болып, туынды етістік жасауға қатысады. Ол – шаштың ұшын ғана

бекітіп қоймай, әдемілік үшін  шашбау  салып, шаштың түбінен бастап өруді
білдіреді.  Атау тура  мағынасымен қатар  шашбауын көтеру  сияқты тұрақты
тіркес және қошеметтеу, көтермелеу мағынасын беретін  шашбаулау  ауыспалы
мағынасында   жұмсалады.  Мысалы:  “Әй,   пәленбайдың   баласы,   кәне,   айтып
жіберші,   деп,  шашбаулағанда  ағылта   жөнелетін   болдық,”   (Ғ.   Қабышев.
Күлелең.).  Белбеу  кіріккен   сөз   қатарына   өтуімен   бірге,   бүгінде   сөзжасам
процестерінде актив қолданылады, “болбыр” мағынасында бос белбеу  тұрақты
тіркесін жасайды. Ал қаламсап біріккен тұлғасында доминант мағына алғашқы
сыңар үлесінде. Соңғы сыңардың эллипсиске ұшырау “қаупі” бар. Ішінде сиясы
жоқ ағаш, не пластмасса сап гиперонимі бүтіннің (ішінде сиясы бар, сыртында
ұстайтын сабы бар кеңсе құралы) мәніне айнала, соңында сол бүтіннің атауына
көшкен. “Қаламсабыңды берші” дегенде, біз сиясы жоқ құр сапты сұрамаймыз,
бүтін затты сұраймыз. Біздіңше,  күрексап, ұршыққап, қамшысап  сияқты бөлек
тұлғаланып жүрген КС-дерде – бірігу процесіне түсіп, бір форманы қажет еткен
құрама   сөздер.   Осы   тұста   проф.   Н.   Оралбаеваның   мына   пікірі   ойымызға
оралады:   “Күрделі   сөздің   біртұтас   мағынасының   қалыптасуында   оның
құрамындағы сыңарлардың атқаратын қызметін анықтау мәселесі қазір өте үлкен
қиындық туғызып жүрген теориялық мәселеге жатады. Біріккен сөздер емлесінің
дұрыс   шешілуімен   байланысты   басқа  да  бірсыпыра   мәселелер   өз   шешімін
табатыны күмәнсіз. Біріккен сөз ғана реестр сөз бола алады. Бұл тіліміздегі сөз
санын белгілеуде кемшілік туғызады, осы жағдай басқа тілдерде күрделі сөз
атаулыны бір сөз деп тануға себеп болған ба деген ойға келтіреді. Жазу мәдениеті
–  күрделі мәселе. Оны шешуді ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды”
(26.39).
Ал  тобылғы  can,  мүйіз  can  тіркестері   өз   кезектерінде   саптың   неден
жасалғанын   көрсетіп,   соңғысы   алдыңғысын   анықтап   тұруы   себепті   қабыса
байланысқан сөз тіркесі болып табылады. Сөйтіп, бір сөздің қолданыс жиілігі –
оның   бойындағы   кейбір   дифференциалды,   интенсионалды   семалардың
көмескіленуіне, архисемасының жалпыланып, кеңеюіне, абстрактіленуге, кейін
грамматикалануына әкеледі екен. Неміс тілінде бұл құбылыстың “синтаксистік
жылжу” мәнін беретін  Zusammenruchkung  немесе  Juxtoposition  деген  арнайы
термині бар. Сонымен, біріккен атауға қарай қадам басқан КС-дің универбтенуі
мынадай  процесс  арқылы   жүзеге   асады.   КС-дерде   алғашқы  компонент
доминанталық сипат алады, яғни КС-дерде лексикалық мағынаны бірінші сыңар
көтеруге бейім. Мысалы: ас қасық, ас бөлме, am қора, жан қалта, бал қасық,
қызыл ала, он бір, алып кел. Ал егер соңғы компонент бірнеше тіркес құрамында
ұзақ, ұдайы қайталана берсе, мағынасы жалпыланып, абстрактіленіп, тіпті кейде
морфемдік деңгейге өтуі ықтимал. Мұндағы абстрактілену дегеніміз – заттар мен
құбылыстарды   оның   нақты   белгілері   мен   байланысынан   ойша   қол   үзіп,

елестететін тану формасы. Мысалы, сандық, қап, аяқ қап, кесе қап, уық қап, тізе
қап, желін қап, қазан қап – бір кездері (ҚТОС, 1963) сөзсіз бөлек жазылатын еді,
бүгінде БС деп танылады.
Сонда,   біздің   пайымдауымызша,   КС-де   алғашқы   сыңар   доминанталық
сипатта  болады.  Тірек  компонент  бірнеше денотатив құрамында қайталанып,
мағына беру дәрежесі дерексіздене берсе, БС пайда болады. Мысалы, тоң май,
сұйық май, іш май, шарбы май, бүйрек май сияқты ортақ компонент құрама сөз
қатарынан  сарымай  сөзі   БС   сатысына   өтеді.   Бұл  –  бірнеше   тіркесімділікте
қайталанатын,   ортақ   сыңардың   дербес   мағынасынан   айырылуына   бастайды.
Проф. М.Балақаев тірек компоненті бар құрама сөздердің құрылымын басыңқы-
бағыныңқы сыңарлар деп анықтайды  да  (20. 74), бұл терминге  валентность  –
актанта сәйкес келетінін айтады.
Алғашқы   сыңардың   мағына   үстемділігіне   ие   болатынын   ритмикалық
екпіннің   түсуіне   байланысты  да  аңғаруға  болады.   Проф.  Ә.Жүнісбектің
көрсетуінше,  мал  қора  тіркесінде алғашқы сыңардағы [а] дауыстысына түскен
екпін, екінші сыңардағы [а] дауыстысына түскен екпінге қарағанда 40% көп екен
(65. 67).
Бұл процесті қарапайым химиялық реакция негізінде де түсіндіруге болады.
Судың   химиялық   формуласы   Н
2
О   десек,   ол   оттегі   мен   сутегінің   сәйкес
валенттіліктерінен құралатыны белгілі: Н
4
 + 0
2
 = Н
2
0. Жеке тұрғанда лексикалық
дербестігі бар екі сөзді мұндағы сутегі мен оттегінің төрт және екі валентгілігіне
тең   деп   алып,   олардың   лексика-семантикалық   контаминацияға   ұшырап,   БС
кұрауын ортақ валенттік алған су формуласына теңестіруге болады: Н
2
0.
Ал   КС  компоненттерінің   бөлек   жазылуының   екінші   жағдайы   бұдан
өзгешелеу. Мұнда КС-дің соңғы, ортақ компонентінің эллипсистену мүмкіндігі
негізге алынады. Мысалы: пәтір нан  пәтір, жаппа нан – жаппа, тандыр нан
– тандыр, төңкерме нан – төңкермекүлше нан  күлше, көмеш нан – көмеш,
шелпек нан – шелпек, бөлке нан  бөлке, қатырма нан  қатырма; рұқсат қағаз
рұқсат, куәлік қағаз  –  куәлік, жолдама қағаз    жолдама, қатынас қағаз  –
қатынас, мақтау қағаз    мақтау, шақыру қағаз  –  шақыру; даңғыл жол  
даңғыл, тастақ жол  –  тастақ, соқпақ жол  соқпақ; шабақ балық  шабақ,
қайыс бау  –  қайыс; құм сылақ  сылақ, mac қайрақ  қайрақ, қара балшық  –
балшық, қайыр құм  қайыр; өре ағаш  өре, жақтау ағаш  –  жақтау, жәке
ағаш  –  жәке, қада ағаш    қада,  сандал  ағаш    сандал,  әрмек ағаш  –  әрмек,
өткел ағаш — өткел, бастырық ағаш  бастырық, дар ағаш дар, саба ағаш –
саба, білік ағаш – білік, метке ағаш метке, тірек ағаш – тірек, қада ағаш –
қада, жіпсе ағаш – жіпсе, маржан mac – маржан, лағыл mac  лағыл, меруерт
mac  –  меруерт,   гауһар  mac  –  гауһар  болып   қолданылып,   мағына
доминанттылығын гипероним сыңары ала алуы себепті бұл құрама сөздер бөлек

таңбалану сипатына ие болған. Соңғы сыңардың жасырын қалуы  КС  беретін
нақты   мағынаға   нұқсан   келтірмейді.   Қайта   эллипсистену   нәтижесі   “сәтті”
аяқталады. Мысалы: “Қаптан қос уыстап бидай алып, қол диірменге зулатып
тартады  да,  бірде  қатырма, бірде  бәтір,  кейде  жаппа  мен  тандыр  жабады”.
Соңдықтан соңғы  компонент бөлек  жазылады немесе түсіп, жасырын қалады.
Бұл   жерде   бір   жағынан   ағаштың  “древесина”  мағынасында,   қағаздың
“жазылған” дүние (25.55) мағынасында, яғни сыңардың экстралингвистикалық
мәнділікпен Д
2
 қатынаста жұмсалуы негіз болып отыр.
Сол   сияқты  қалың   мал  этнографиялық   атауының   бөлек   жазылып   келуі
қалың сөзінің екінші сыңарынсыз-ақ “айттырылған қалыңдыққа төленетін мал-
мүлік” ұғымын бере алу себебінен туындайды. Және аяқ киім, бас киім, іш киім
сөздерінің   ҚТОС-інде   әр   түрлі   таңбалануын   осы   үрдіс   негізінде   түсіндіруге
болады.  Аяқ киім, бас киім, іш киім   КС-дері осы мағынасында  аяғы жаман
төрді былғар, аяғыңды су қылма, бастарыңды шешіңдер, ішің жұқа емес пе,
ішіңде  не   бар  деп,   тірек   компонентсіз   де   қолданыла   береді.   Сөйтіп,   ортақ
сыңардың   эллипсистену   мүмкіндігі   құрама   атаулардың   бөлек   таңбаланып
жүргеніне себеп болған.
Ал,   екінші   жағынан,   аталған   лексемалардың   бірге   таңбалану   үрдісіне
ұшырауы   (аякқиім,   баскиім,   ішкиім)   –  соңғы   компоненттің   мағына
жалпылануынан, аффиксоидтық сипатқа  көшуі себебінен.  Біздіңше,  аяқкиім,
баскиім,   ішкиім  атаулары   бірге   жазылуы   тиіс.   Осы   реттегі   пікірімізді
Н.Оралбаеваның мына тұжырымы арқылы бергенді жөн көреміз: “Жазудың үш
рет өзгеруі күрделі сөздердің жазылуын бір ретке келтіруге мүмкіндік бермеді.
Бұл   жағдай   орфографияның   үстемдік   алуына   кедергі   болуы  да  мүмкін.
Сондықтан күрделі сөздердің басым тобы сөз тіркесі кезіндегі қалпынша бөлек
жазылуы сақталып қалды....біріккен сөз бен күрделі сөздің айырмасы  тек  ем-
леге катысты” (26).
Сонымен   қатар   бау   сыңарлы   КС-дердің   ішінде  қарғы   бау  сөзі   соңғы
сыңарынсыз  да  “иттің   мойнына   тағатын   қайыс   бау”   мағынасын   бере   алуы
себепті   бөлек   жазылып   жүр   деп   түсіндіруге   болады.   Мысалы:   “Күшіктің
мойнына ою-өрнекті әдемі  қарғы(бау)  жасатып тақты  да,  содан ұстап жүретін
болды” (Мағауин М. Ақша қар.). Синтаксистік негізде шыққан КС доминанттық
мағынаны бірінші сыңарға көшіреді де, соңы сыңар эллипсиске ұшыраса  да,
формант дәрежесінде (морфемдік жұрнақ) қалса да, атаулық сипаты өзгермейді.
Аса таяқ сөзінің де бөлек таңбаланып жүруін осы ыңғайда түсіндіруге болады.
Сонымен, күрделі сөз дегеніміз  не?  Күрделі сөз    кеміңде екі негізден

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет