«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
частью  инновационной  работы  являются  одаренные  дети.  В  школе  работает  программа 
«Одаренные  дети»  включающая  подготовку  и  участие  детей  в  предметных  олимпиадах  и 
конкурсах 
научных 
проектов. 
Данные 
направления 
работы 
реализуются 
в 
экспериментальных  лабораториях,  лаборатория  «Исследователь»  направлена  на  подготовку 
учащихся  к  выполнению  научных  проектов.  Руководитель  лаборатории  объединяет  всех 
учителей-  руководителей  научных  проектов  и  учащихся.  В  данную  лабораторию  входят 
секции «Биология», «Охрана окружающей среды и здоровья человека», «Физика и техника», 
«Языкознание». В каждую секцию входит группа  учащихся их разных классов (5,6,7,8,9,10 
классы)  по  одному  или  два  ученика  из  класса  и  все  они  работают  над  одной  проблемой 
(готовят), у каждого есть свой индивидуальный план работы (приложение В). 
Руководят  данной  группой  учитель-руководитель  и  один  учащийся  старшеклассник 
(помощник  педагога).  Защищает  проект  один  учащийся,  это  старшеклассник,  а 
остальныепомогая  собирать  материал,  наблюдая  проводимый  эксперимент  получают  опыт 
работы над проектом и на следующий год получают самостоятельные темы проектов. Работу 
над  проектами  начинали  с  начальной  школы,  где  дети  готовили  проекты,  защищали  их,  а 
переходя  в  5  класс  их  в  проектную  деятельность  вовлекали  учителя  старшей  школы  и 
продолжали с ними работать. 
Лаборатория  «Олимпиец»  ориентирована  на  подготовку  олимпийских  юниоров.  Для 
этого  во  всех  начальных  классах  и  в  среднем  звене  преподается  спецкурс  «Логика», 
способствующего развитию логики (для решения олимпиадных заданий требуется логика). В 
школе  с  участием  ученых  вуза  проводится  юниорская  олимпиада  с  целью  подготовки 
олимпийского резерва. 
Несомненно,  работа  методической  службы  школы  будет  эффективной,  если  будут 
соблюдаться  личностно  –  ориентированный  подход  к  образованию,  созданы  условия  для 
постоянного  повышения  профессиональной  компетентности  педагогов.  Для  этого  мы 
создали в школе консалтинговый центр. Цель консалтингового центра- формирование новой, 
более  вариативной  и  гибкой  к  современным  условиям  образовательной  среды  для 
профессионального,  творческого  развития  педагогов  и  руководителей.  В  состав  данного 
центра входят директор школы, зам. директора по НМР, руководили эксперимента (ученые 
Вуза). В данное время консалтинговый центр работу ведет в 4-х направлениях (экспертный 
сервис,  библиотечно-методический  сервис,  информационный  сервис,  мониторинговый 
центр). 

 
 
242 
 
-Экспертный  сервис  -  обеспечение  экспертизы  инновационных  программ,  проектов, 
результатов  опытно-экспериментальной  работы,  помощь  в  диагностике  проблемы,  ее 
решение; 
-Библиотечно-методический сервис - оказание библиотечно-информационных услуг и 
методической помощи
-Информационный  сервис  -  создание  базы  данных  педагогических  кадров, 
актуального  педагогического  опыта,  инноваций,  информирование  педагогов  и 
общественности о процессах, происходящих в системе образования
 -мониторинговый сервис-контроль выполнения инновационных проектов 
Работа  нашей  методической  службы  направлена  на  увеличение  степени 
самостоятельности  педагога,  формирование  у  него  умения  осознавать  и  решать 
возникающие  в  профессиональной  деятельности  затруднения  и  препятствия.  Объектом 
управленческой  деятельности  должны  стать  сами  затруднения,  личностные  препятствия  в 
деятельности педагога.  
 
Список использованной литературы 
1.  Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на  2011-2020 
годы.  Утверждена  Указом  Президента  Республики  Казахстан  от  7  декабря  2010  года  №  1118.   
Астана, МОН РК, 2010. – 61 с. 
2. Баскаев Р. В режиме инновационного развития//Учитель. -2005. -№5. -с.25-31 
3. БессолицинаР.В.Инновационные  подходы  к  организации  научно-методической  работы 
//Методист. -2006. -№1. -с.25 
4.  Князева  М.М.  Эксперимент  в  школе:  взаимодействие  администрации  и  научного 
руководителя// Школьные технологии. -2001. -№1. -с.65 
5.  Куликова  М.В.,  Муштакова  Н.А.  Потенциальные  резервы  и  педагогические  условия, 
стимулирующие  инновационную  методическую  работу  в  гимназии//Управление  качеством 
образования. -2008. -№5. -с.38-45 
6. Куклев  В.А.  Мобильное  обучение  как  педагогическая  инновация//  Стандарты  и 
мониторинг. -2008. -№1. -с.60 
7.  Кулагина  Н.В.  Роль  методической  службы  гимназии  в  реализации  инновационной  и 
экспериментальной деятельности // Инновации в образовании. -2008. -№11. -с.105 
 
 
«Aғылшын тілін ерте жастан оқытатын жаңашыл-педагогтардың 
 іс-тәжірибесін тарату» тілдік зертханасы  
 
Медеубаева  Д.М. 
Турлыбекова З.А. 
Қарағанды қаласы 
Жалпы білім беретін№77 мектеп- 
балабақша кешені ағылшын тілі мұғалімдері 
 
  Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдаған  жолдауында  «Тәуелсіз  еліміздің 
болашағы-жарқын,  білімді,  парасатты,  өз  ана  тілімен  бірге  шетел  тілі  «ағылшын  тілінде» 
еркін  сөйлеп,  өз  елін,  халқын,  мәдениетін  шетелге  таныстыра  алатын  үш  тілде  еркін 
сөйлейтін  азамат  болып  шығуы  керек»-  деген  еді.  Яғни,  біздің  елімізде  қазіргі  заман 
талабына сай, ағылшын тілін білу қоғамдық сұранысқа ие болып отыр. 
Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ықпалдасу  проблемаларын  шешу  жөніндегі  ҚР 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  тапсырмасын  сапалы  орындау,  көптілділікті  қамтамасыз  ету 
барысында  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  04.03.04  №174  бұйрығы  бойынша 
Қарағанды  қаласының    жалпы  білім  беретін    №77  мектеп-балабақша  кешенінде  ағылшын 
тілін ерте жастан оқыту 2-сыныптан басталды.  

 
 
243 
 
Еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  1  сыныптан  бастап  ағылшын  тілін 
енгізуге  байланысты  2012-2013  оқу  жылында  республикалық  бағыттағы  «Ағылшын  тілін 
ерте  жастан  оқыту»  эксперименті  елбасының  17  сәуір  2011  жылғы  шешімі  бойынша 
аяқталды. 
Мектебімізде  бірнеше  жыл  жүргізілген  жоғарыда  айтылған  эксперимент    нәтижелі 
аяқталып,  ұстаздарымыз  көп  тәжірибе  жинақтады.Жүргізілген  эксперименттің  нәтижесі 
ретінде,қалалық  оқу  бөлімінің  тамыз  маслихатының  шешімі  бойынша  2013  жылдың    қазан 
айында  «Aғылшын  тілін  ерте  жастан  оқытатын  жаңашыл-педагогтардың  іс-тәжірибесін 
тарату»зертханасы  ашылды.  Тілдік  зертхана    ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы    ұсынған  «Мектептегі  оқу 
кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  нұсқаулық»  негізінде 
жабдықталды. 
Зертхана  қазіргі  заманға  сай  компьютерлер,  проектор,  аудио-бейне  дискілер, 
электронды  оқулықтар,  мұғалімдердің  өздері  құрастырған  әдістемеліктер,  үлестірмелі 
материалдармен  жинақталған интернет желісімен қамтамасыз етілген. 
Тілдік зертхана құрылымы бірнеше бөлімдерден тұрады: 
«Mass-Media» бөлімі: 
Қызметі:  ӘБ  мұғалімдерінің  әдістемелік  өнімдер  шығаруын  бақылау  және  оларды 
басылымдарға беру, жетістіктер бұрышын безендіру, жаңартып отыру; 
 «Educational» бөлімі 
Қызметі:ОЖСБ  және  ҰБТ  жөніндегі  көрсеткіштерді  және  сараптау,  үлгермеуші 
оқушылармен жұмысты басқару; 
«Outside communication» бөлімі: 
Қызметі: Тәжірибе бөлісу және үйрену үшін басқа білім мекемелерімен және жоғары 
оқу орындарымен байланыс жасау; 
«Methodical» бөлімі 
Қызметі: Зертхананың әдістемелік әдебиеттері мен ОӘК қарау және жүйелеу; 
«Innovations in ELT» бөлімі 
Қызметі:Әдістемелік бірлестік жұмыстарын виртуалдық зертханаға қою, 
«Дарынды балармен жұмыс»  бөлімі 
Қызметі:Оқушылардың  әр  түрлі  деңгейдегі  олимпиадаларға,  байқауларға, 
конференцияларға  қатысуын  бақылау,  қажетті  есептер  беру  және  осы  бөлімнің  бұрышын 
жасап отыру. 
  Зертхананың басты мақсаты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ерте жастан ағылшын 
тілін оқыту бойынша тәжірибесін көрсету және тарату. 
Міндеттері: 
әдістемелік және оқу  құралдарын тәжірибеден өткізу және құру; 
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жұмыстарының тәжірибелерін тарату; 
дөңгелек үстелдер, семинарлар арқылы тәжірибе алмасу және үйрену. 
Күтілетін нәтижелер: 

 
Әдістемелік және оқу  құралдарын тәжірибеден өткізу және құру.   

 
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жұмыстарының тәжірибелерін тарату. 

 
Дөңгелек үстелдер, семинарлар арқылы тәжірибе алмасу және үйрену. 
Бүгінгі  таңда бұл  зертханада облыстың және  қаланың барлық жаңашыл-педагогтары 
кез–келген уақытта өзінің іс –тәжрібесімен алмасуға мүмкіндігі бар. 
Негізгі бағыттары: 
-
 
озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, қорыту, хабарлау; 
-
 
қалалық,  облыстық  деңгейдегі  семинарлар,  практикум,  конференцияларды  өткізуге 
қамтамасыз ету; 
-
 
әдістемелік презентациялар өткізу; 

 
 
244 
 
-
 
ғылыми-әдістемелік  әдебиеттердә,  тақырыптық,  мерзімдік  баспаларды,  ең  жақсы 
әдістемелік зерттемелерді жинақтау және жүйелеу; 
-
 
оқу процесінде жұмысты ұйымдастыру; 
-
 
мұғалімдердің өз бетінше  білім алуына көмек көрсету; 
-
 
жаңа  технологиялар,  инновациялық  жұмыстар  орта    білім  берудің  даму  бағыттары 
мен мазмұны туралы ақпараттандыру. 
Осы бағыттарды  жүзеге асыру барысында мұғалімдер әдістемелік жұмыстар жүргізіп 
келеді.  
Бүгінгі  таңда бұл  зертханада облыстың және  қаланың барлық жаңашыл-педагогтары 
кез–келген уақытта өзінің іс –тәжірибесімен алмасуға мүмкіндігі бар. 
Мектебіміздің  мұғалімдері  өздерінің    бірнеше  жыл  бойы  жинаған  іс-тәжірибесімен 
басқа  да қала мектептерінің мұғалімдерімен де тәжірибе алмасып отырады. Мысалы:шет тілі 
пәні мұғалімдері қалалық семинарда зертхананың тұсаукесерін жасады. 
Мектебіміздіңмұғалімдері  зертхана  мүмкіндігін  қолдана  отырып,  мынандай  іс-
шаралар өткізіледі: 
 «Ағылшын тілін даралап, саралап оқыту» атты  қалалық семинарында  
1 - сынып бағдарламасы  бойынша «шебер сыныптар»; 
-  қала  мектептеріндегі  директордың  ғылыми  жұмысы  жөніндегі  орынбасарларының 
қалалық семинарында ашық сабақтар; 
-  1  сыныпта  ағылшын  тіліне  үйрету  әдістері”  тақырыбы  бойынша  өткен  облыстық 
семинарда 1 сыныптарда панорамалық сабақтар өткізіп, өздерінің іс- тәжірибесімен бөлісті.  
-  бастауыш сыныптарға арналған “Speaking Club”  үйірмесі  ұйымдастырылып, қазақ 
халқының  ертегілері  ағылшын  тіліне  аударылып,  осы  ертегілерден    қысқа  үзінділер, 
мьюзиклдар  әр  түрлі  деңгейдегі  іс-шараларға  қатыстырылып  келеді.  Бұл  үйірме  жұмысын 
мұғалімдер жоғары бағалауда; 
-  оқушылардың  жазғы  демалысын  сапалы    ұйымдастыру  мақсатында  жыл  сайын  
маусым  айында  «Friendship»  бейінділагері    жұмыс  істейді.  Лагердің  жұмысын  іске  асыру 
барысында  тілдік    зертхана  Қарағанды  қаласындағы  Гоголь  атындағы  Облыстық  
кітапханасындағы  Американдық  бұрышымен,  Назарбаев  Зияткерлік  мектебімен    тығыз 
байланыста.  Оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  үшін  осы  мекемелерден 
Америка Құрама Штаттарынан келген еріктілер шақырылып, мұғалімдермен бірге түрлі  іс-
шаралар ұйымдастырады. 
Кабинеттің  әдістемелік жұмысын  әрі  қарай дамыту үшін жалпы білім беретін №77 
мектеп- балабақша кешені  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 
шет тілдер факультетімен  өзара түсіністік меморандумына қол қойды.   
Меморандум бойынша екі оқу орны бірлесе отырып, 
-«Шет тілін ерте жастан оқытудың ғылыми-әдістемелік көмек көрсету» атты ғылыми 
жоба аясындағы зерттеулерді жүргізу; 
- бірлескен конференциялар, семинарлар және олимпиадалар өткізу; 
-ғылыми-әдістемелік жұмыстарды рецензиялауды жоспарлады. 
Осы меморандум жұмысын жүзеге асыру барысында дәстүрлі түрде  «Шет тілін ерте 
жастан  оқытудың  проблемалары  мен  перспективалары»  атты  ғылыми-практикалық 
конференция өткізіліп, материалдары жинақ болып басылып шығады. 
Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің ұсынысы бойынша құрастырылған оқу-
әдістемелік кешен негізгі оқулыққа  қосымша материал ретінде біздің мектептің 1-2 сынып 
оқушылары үшін еңгізіліп жатыр. 
Зертхананың  әдістемелік    жұмысын  дамыту  мақсатында  мектептің  ағылшын  тілі 
мұғалімдері«Ағылшын  тілі  сабағында  этнопедагогика  элементтерін  қолдану»      тақырыбын 
басшылыққа  ала  отырып,  3  жыл  бойы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  «English  in  proverbs» 
электрондық  жинағы  шығарылып,  қалалық  білім  бөлімінің  әдістемелік  кеңесінде  бекітіліп, 
қала мұғалімдеріне таратылды. 

 
 
245 
 
«AIESEC»  халықаралық  жастар  ұйымымен    бірлесіп  оқушылар  ,  екі  жыл  бойы  
ағылшын тілінде экология мәселелерін  шешу жолдары жөнінде ғылыми жобалар  қорғады.  
Осы жұмысты атқару барысында тілдік зертхана көп қызмет атқарды. 
2013  жылы  Қазақстан  мектептерінің  барлық    бірінші  сыныптарына  ағылшын  тілі 
енгізілген  кезде,  біздің  мектебімізге  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігінен  келген  комиссия  мүшелеріне  зертхана  жұмыс  жөнінде  презентация 
жасалынып,  таныстырылды.  Комиссия  мүшелері  зертхана  жұмысына  оң  баға  беріп,  бұл 
жұмысты республика көлеміне таратуды ұсынды. 
Жоғарыда  айтылған  жұмыстарға  шолу  жасай  отырып,  біз  тілдік  зертхананың  
мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, сонымен қатар сырттан келген қонақтарға да қызмет 
жасап отырғанын айта аламыз. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
 
«Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық» , ҚР Білім 
және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана,2015ж.; 
2.
 
ҚР «Тіл туралы» Заң; 
3.
 
ҚР «Білім туралы» Заң; 
4.
 
«Білім  беру  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»  санитариялық 
қағидаларын бекіту туралы; 
5.
 
Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы; 
6.
 
Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі» 
 
 
Абай  философиясына  негізделген  «Мәңгілік ел» идеясын  
іске асырудағы мектептің іс-тәжірибесі 
 
Айтқазина С.О. 
Павлодар қаласы, дарынды балаларға  
арналған Абай атындағы  
№10 лицей-мектебінің директоры 
Қазиева Б.Ә. 
Павлодар қаласы, дарынды балаларға 
 арналған Абай атындағы 
 №10 лицей-мектебінің директорының  
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
 
Кереку өңіріндегі білімнің қара шаңырағы саналатын дана Абай атындағы №10 қазақ 
мектебіне  -  79  жыл.    1940  жылы  «Қазақ  онжылдық»  мектебіне  ғұлама  ақын,  данышпан 
ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі беріледі.  Содан бастап өзге ұлт өкілдері көп қоныстанған 
өлкедегі ұлт  мектебінің негізі қаланып, бүгінде тамырын кеңге жайып отыр. Білім нәрімен 
сусындаған  талай  жас  өрен  бүгінде  халық  қалаулысы,  ел  өркенденуіне  үлес  қосқан  дара 
тұлғалар.  Мектептің  ерекшелігі  неде  десек,  ол  -  мектептің  аталымында,  себебі,  мазмұнмен 
үйлескен атауға сәйкес болуды ниет еткен ұжым жұмыс жүйесін -   мектептің басқару жүйесі 
мен  құрылымы,  яғни  оқу-тәрбие  жұмысын    Абай  философиясына  негізделген.  Мектеп 
құрылымы үш сатыдан құралған:   
І  саты  –  іріктілген  бастауыш  –  «Ата-анаға  көз  қуаныш,  алдына  алған  еркесі», 
бастауыш  сыныпқа  оқушыларды  іріктеліп,  тест  арқылы  алынады  да,  қосымша  «Зерек», 
«Математикалық  логика»,  «Математикалық  әлем»,  «Көркемдеп  оқу»,  «Қисынды  ойлау» 
қосымша  сабақтарын  бере  отырып,  оқушылардың  қарым-қабілеті  шыңдалады,  тәрбие 
бағытындағы іс-шаралар бүкіл мектеп үшін бірге өткізіледі [1] 
ІІ  саты  –  талдаушы  –  «Көкірегіне  көп  жұбаныш,  гүлденіп  ой  өлкесі»,  бастауыш 
мектеп  түлегін  орта  буынға  өткізуде  өзіндік  психологиялық  қолдау  жүйесімен,  оқушы 
таным-талғамына  қарай  дамыту,  дарындылықты  айқындау  әрекетімен  жүзеге  асады. 

 
 
246 
 
Оқушыларға  пәнді ерте оқыту, жеделдете оқыту, ағылшын тіліндегі арнаулы курстар, түрлі 
зияткерлік сайыстар арқылы ой-өрісін шыңдауға атсалысу.  
ІІІ  саты  –  жасаушы  -    «Сүйер  ұлың  болса,  сен  сүй,  сүйінерге  жарар  ол»,  оқушы 
бойына  дарытқан  білімнің  бәсекеге  шығар  тұсы,  психологиялық    тұрғыдан  оны  қолдау, 
мектепішілік тұрғыдан ынталандыру, қолдау жүйесі.  
Бұдан шығатын мектеп бітіруші түлек тұлғасы: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық 
қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»  -  бәсекеге  қабілетті  білім  және  қоғамдық-әлеуметтік 
көзқарасы  қалыптасқан  жоғары  мәдениет  иесі  –  бұл  нәтижеге  жетер  жол.  (слайд  1  мектеп 
құрылымы) 
Назар аударар болсақ, адам баласына өсе келе әсер етер жайттың бәрі ата-анасынан, 
айналасы  мен  үлгі-өнегеден,  жанындағылардың  болары  хақ.  Ендеше,  біз  негіз  етіп  алып 
отырған Абай ұлағатынан үш негізгі бағыт шығады: 
1.Бала және отбасы 
2.Бала мен мектеп 
3.Бала мен социум 
Білімділік  пен  талаптылықты  көкірегіндегі  көз  арқылы  дамыта  алған  бала  адамзат 
үшін  ең  қажетті  ұстаным  жылы  жүрек,  нұрлы  ақыл,ыстық  қайрат  иесі  болмақ,сондықтан 
өзіндік дәстүрге ұласқан жаңашылдықтың мектеп ұжымы үшін – оқушылар, мұғалімдер мен 
ата-аналар  жұртшылығы    арасында  сұранысы  мен  талабын  көтере  түседі.  Бұған  дәлел  – 
мектептің  «Евроталант  фиджи» Европалық мамандандырылған мектептер торабы мүшесіне 
қабылдануы    және    Білім  және  ғылым  Министірлігінің  «Ең  үздік  жаңашыл  мектеп» 
дипломымен марапатталуы (слайд 2  екі құжат). 
  Абай  ұлағаты  –  аксиома,  ендеше  сол  ұлағаттың    мәңгіліктілігі  бүгінде 
жалпыхалықтық    сипат  алған  «Мәңгілік  ел  »  идеясымен  үндес  келетін  түйінді  пайым. 
«Мәңгілік  Ел ұлттық  идеясы  дегеніміз  -    өткенімізден  сабақ  ала  отырып,  болашағымызды 
баянды  ету  жолындағы  хақ  мұраттарымыз!»  [2]  Бұл  бастаманың  негізі,  іргетасы  мектепте 
қалануы  керек.  Біздің  пайымдауымызша,  білім  берудің  ұлттық  моделінің  негізі 
полимәдениетті 
және 
этномәдениетті 
білім 
беру 
мен 
тәрбиелеудің 
өзара 
байланыстылығында,  егер  де  Абайдың  ұшқыр  ойларын  қазіргі  заманғы  талаптармен 
ұштастырғанда былай деуге болады: 
Мектеп тұжырымдамасы «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл 
іс көнсеңіз», яғни бес адами қасиеттің шәкірт бойында сіңірілуі.   
Мектеп миссиясы: жүрегі – айна, көңілі ояу, ұлттық зиялы қауым қалыптастыру (оқу 
мен тәрбиенің ұштасуы, бірге берілуі). 
 Іріктеу:  «Білімдіден  шыққан  сөз  талаптыға  болсын  кез»,  мектепішілік  балаларды  өз 
қарым-қабілетіне байланысты  ғылыми бірлестік – «Зерде» ғылыми парламентіне қабылдау, 
жан-жақты дарындылықты дамытуға күш салу. ( слайд Зерде парламенті) 
Дамыту: «Нұрын, сырын көруге, Көкірегіңде болсын көз» айдарымен алынған,(слайд 
3  миссия)    таңдалынған  және  іріктелген  балаға  ғылыми  түрде  қолдау  көрсету,  ерекше 
дарынды  балаларға  жекелеген  дамыту  сағаттарын  беру  тұрғысынан  жасалатын  игі  істер  де 
болашақта мектепішілік  үлкен атақ «Абай ізбасарының» таңдалуына жағдай туғызады. Бұл 
–әлем таныған абай ұрпақтарының танылуына кішкентай болса да, үлес қосуды межелейді. 
Себебі ұрпағы өнегелі елдің  ғана мерейі үстем болмақ. 
«Біз  өткенімізбен  де,  бүгінімізбен  де  мақтанатындай  ұлт  болуымыз  керек,  егер 
патриот  болсаң  ғана  Қазақстан  мемлекеті  «Мәңгілік  Елге»  айналады»  деген  елбасы 
Н.Назарбаев,  ендеше  Абай  салған  сара  жолдың  әрбір  толық  адамға  айналар  тұғаның 
жолбасшысы  болғаны  ешқашан  да  адастырмайды.  Себебі,  «Ұлы  Дала»  елінің  өмірлік 
философиясы даналар салған дара жолда жатқаны анық. Абай философиясынан қанаттанған  
мектеп  түлегінің  тұлғасы  оқушылар  арасындағы  «Абай  ізбасары»  моделіне  және  атағына 
жетуі нәтиженің қорытындысын көрсетеді. 

 
 
247 
 
  Мектеп ұстанған екінші ерекшелік - «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы 
ата,  жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген Абай ұстанымына бағытталған 
мектепішілік оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды қошемет, қолдау жүйесі.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  түп  қазығы  –  Қазақстандық  патриотизм.  [3]  Олай  болса, 
мектептен  басталатын  патриотизмнің  ерекшелігі  –  өз  мектебі  аясында  көшбасшы  болу, 
ерекше  жетістіктерді  мектептестерімен,  ұжымдастарымен  бөлісу  және  мемлекетке  өзінің 
шама-шарқынша қызмет ету үлкен жетістіктің баспалдағы болып саналады.  
Мұғалімдерді марапаттау: 
 1.  
«Ұлағатты ұстаз» 
бұл 
номинация 
оқушылары 
республикалық 
пән 
олимпиадаларының,  республикалық  ғылыми  жарыстардың,  халықаралық  жарыстардың, 
халықаралық  студенттік  конференциялардың,  облыстық  пән  олимпиадалары  мен  ғылыми 
жарыстардың  жеңімпаздары  атанған  мұғалімге  беріледі.  Мұғалімдерге  арналған  пәндік 
олимпиадаларға  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болған,  әртүрлі  облыстық  және 
республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға 
табыс етіледі. 
2.«Жаңашыл  ұстаз»  -  білім  берудің  жаңа  технологияларын  білетін  және  белсенді 
қолданатын  жаңашыл  ұстаздарға  ұсынылатын  номинация.  Оқушылардың  сапалы  білім 
алуына  ықпал  ететін  жаңа  әдістер  мен  тәсілдерді,  технологияларды  өз  тәжірибесіне 
қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді. 
3. «Тәжірибелі  ұстаз»  -  бұл  номинацияны  педагогикалық  еңбек  өтілі  20  жылдан 
жоғары,  әртүрлі  олимпиадаларда,  мұғалімдерге  арналған  сайыстарда  дипломмен 
марапатталған  және  оқушылары  арасынан  жеңімпаздар  дайындаған  (облыстық, 
республикалық  және  халықаралық  пәндік  олимпиадалар,  ғылыми  жарыстар)  мұғалімдер 
иеленеді. 
4.  «Ізденімпаз ұстаз» - бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және 
нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады. 
5. «Үздік  сынып  жетекші»-  жаңашыл,  қиялы  бай,  шығармашыл.  Кез  келген  сәтте 
көмек  көрсетуге  даяр.  Ұйымдастырушы,  психолог.  Жоғары  мәдениетті,  рухани  бай, 
эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Кәсіби сауатты, білікті. 
Оқушыларды марапаттау
1.«Талапты  ұл-қыз  –  тарихи  жұлдыз»  номинациясына   (1-7  сынып  оқушылары) 
республикалық  және  облыстық  «Зерде»  ғылыми  жобалар  жарыстарының  жеңімпаздары, 
республикалық  «Бастау»  пәндік  олимпиадасының  жеңімпаздары  мен  жүлдегерлері  ие 
болады.  
2.  «Талаптың  мініп  тұлпарын...»  номинациясы  (10-11  сынып  оқушылары) 
халықаралық  ғылыми  жарыстардың  жеңімпаздарына,  тест-рейтингтік  олимпиада 
жеңімпаздарына, халықаралық білім гранттарының иегерлеріне беріледі.  
3. «Талап-қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар» номинациясы (8-10 сынып 
оқушылары)  облыстық  ғылыми  жарыстардың,  облыстық  пән  олимпиадаларының, 
халықаралық,  республикалық  конференциялардың,  халықаралық  Сәтпаев  және  басқа 
оқулардың жеңімпаздарына беріледі.  
4. 
«Ақылмен  қанат  қаққандар»номинациясын  (8-11  сынып  оқушылары) 
республикалық  ғылыми  жарыстардың  жеңімпаздары,  республикалық  әртүрлі  пәндік 
олимпиадалардың (ағымдағы оқу жылының) жеңімпаздары иемденеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет