Заманауи білім беруде әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары
Нарикова Ж. М.
БҚО, Орал қаласының білім беру бөлімі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері
Заманауи білім беру - білім сапасын арттыру негіздерінің бірі және бірегей болып
табылады. Жаңаша көзқарас қажеттілігі - өмір талабы. Мектептерге жаңаша әдіс-тәсілдерді
енгізетін жаңа формация мұғалімдері қажет. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі -
мұғалім. Ғұлама бабаларымыз айтқандай, біз өткенге құрметпен бас иіп, жарқын болашаққа
ұмтылуымыз қажет. Бүгінгінің ұрпағы біздің болашағымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.
Қоғам дамыған сайын, барлық құрылым бірге дамиды. Сол негізгі құрылымның бірі
ретінде білімберу жүйесінің толассыз даму және тоқтаусыз өзгеріс үстінде болуы,
үдерістің бір белгісі екені анық. Оған дәлел, дүние жүзі елдері, соның ішінде, атап айтар
болсақ, барлық елдердің 80 пайызы 12 жылдық оқу жүйесімен жүреді.
Жаңа білімге жаңаша көзқарас, жаңаша құлшыныс қажет.ХХI ғасырда әлемдік
өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан - жақты дамуының бірден-бір жолы
ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына
«Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында:
«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Осыны жүзеге асыруда жаңа
формацияның педагогы қажет. Жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлау, үйрету, озық
тәжірибе алмасу, жетілдіру, кәсіби орта қалыптастыруда әдістемелік жұмыстың көмегі зор.
Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне
енгізетін, жаңалық жаршысы болатын, әрине, әдіскерлер. Себебі, әдіскер- ұстаз, үйретуші,
бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше
қызмет бар. Сол қызметтің барысында жаңа үрдіске заманауи технологияларды енгізуде
түрлі бағытта жұмыс жүргізіледі. Әдістемелік жұмыстың бағыттары:
-
Тұлғалық бағдарлану,
-
тиімділікке қол жеткізу,
-
деңгейлеп саралау,
-
нәтижеге бағдарлану;
Осы мақсатта мен өзімнің іскерлік жұмысымның мазмұнын төмендегіше жоспарлап
жүргізудемін.
219
Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев
бір сөзінде.
Сондықтан да мектепке жаңадан келген әрбір жас мұғалім ең алдымен өзіне
жүктелген жұмыстың сипатымен таныспай тұрып, мектеп ұжымымен, ондағы
қызметкерлердің жұмыс тәжірибелерімен және ең негізгісі мектеп қай бағытта жұмыс
жасайтындығын біліп алуы шарт. Және әрбір жас мұғалімге тәжірибелі ұстаздардан үлгі -
өнеге көрсетіп, оларға жеке – жеке кез келген жұмыста қол ұшын беретін ұстаздар бөлінуі
керек. Осы мақсатта әдіскер тарапынан жас мұғалімге үлкен көмек қажет. Жас
мұғалімдермен өткізіліп отырған ашық сабақтар, оқыту-семинарлары, коуч-сессиялары,
«Жас ұстаздар» байқаулары мен пән олимпиадаларының жоспарлы жүргізілуі олардың
шығармашылық тарапынан өсуі мен жетілуіне бағыттайды [Жас мұғалімдерге арналған
жадынама]. Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу - әдістемелік мазмұнының
өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін
шыңдауын қажет етеді. Оны шешудің факторлары оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін
құру болып табылады.
Әдіскер тарапынан мектеп мұғалімдеріне жүргізілетін жұмыс ауқымы кең. Олар
төмендегі кестеде:
Әдіскер мен
мектептің әдістемелік
бірлестік арасында
жүзеге асатын негізгі
жұмыс бөлімдері
Нормативтік –
құқықтық
құжаттармен
қамтамасыз ету
Диагностикалық
тұрғыдан талдау
жасау
Ғылыми –
теориялық
қамтамасыз ету
Сынақ- тәжірибе
жұмыстарын
жүргізу
Әлеуметтік -
психологиялық,
кәсіби қолдау
Оқу- әдістемелік
кешен
қалыптастыру
Ақпараттық-
әдістемелік
қамтамасыз ету
220
-
-
Аталған бағыттағы жұмыстар: ашық сабақтар, оқыту-семинары, әдістемелік- кеңес,
пікіралмасу, дөңгелек үстел, шеберлік-класс, әріптестік-диалог, дискуссия, коуч-семинар
түрінде жүзеге асырылып отырады. Әр жұмыстың мазмұны пән мұғалімдерінің әдістемелік
шеберлігін шыңдауға, кәсіби дамуына, өзіндік білімдерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен
қатар, пән мұғалімдерінің шығармашылық қабілетін жетілдіру, кәсіби әлеуетін арттыру
барысында «Үздік мұғалім», «Ақпаратты мұғалім», «Жас ұстаздар» олимпиадасы және
«Ақұштап оқулары», «Қадыр оқулары» сынды байқаулар өткізіліп отырады. Нәтижесінде:
білім беру бөлімінің Грамота, Алғыс хаттарымен марапатталады. Қалалық байқау-
сайыстардан жүлделі орын алған мұғалімдер облыстық байқауларға ұсынылып, облыс,
республика көлеміненде орындарға ие болуда:
Облыстан «Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» Ақұштап оқуларында Зинешов Бауыржан
Жасұланұлы - Бас жүлде, «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» шығармалар байқауы
Каресова Таслима Құсайынқызы Круглоозер ЖОББМ- Алғыс хатқа, «II Педагогикалық
оқуларында» №38 МЛ Ажкеева Г.А. Мұхтарова Г.С.- ІІІ орын. «Панорамалық сабақтар»
байқауында №26 ЖОББМ Қабдешева Ж.З. Диплом «Жаңашыл ұстаз», «Хамза оқулары»
Кабдешева Ж.З.- Алғыс хат, «Абай оқулары» байқауында Жилик И.А.- ІІ орын, №35 МЛ
Нұрмұқанова А.І. «Үздік аудармашы» байқауында- 2- орын, Пән мұғалімдерінің
олимпиадасында №№35 МЛ Нұрмуханова А.И. 2- орын , №47 ЖОББМ Тастемирова Г.А.-
Алғыс хат, , «Абайды оқы, таңырқа.. байқауында №19 ЖОББМ-де Нұрғали Г.Е.- Бас жүлде
иеленді.
Республикалық байқауларда: «Ұлағатты ұстаз» атты ІҮ Республикалық мұғалімдер
сайысында «Сабақ беру кезіндегі презентацияның қолданылуы» номинациясы бойынша №6
ЖОББМ Ракишева М.Е., Мукашева Т.Ж. – ІІІ орын, «Абай оқулары» байқауында №13
ЖОББМ мұғалімі Нұралиева С.Н.- Алғыс хат, Республикалық «Тіл мерейі» байқауы №35
мектеп-лицейінің мұғалімі Кереева Н.Ж. «Үздік сабақ» номинациясы, ІІІ Республикалық
«Менің үздік презентациялық сабағым» номинациясында №39 ЖОББМ мұғалімдері
Сузакаева С.Ж.- ІІІ орын, Сембаева Ж.Е.- І орынды алып келді.
Жұмыс
мазмұны
Серіктес
мектептер
жұмысы
Ассоцияция
жұмысы
Шығармашы
лық топ
жұмысы
Озат тәжірибе
мектебі
Жас
мұғалімдер
мектебі
«Болашақ»
«Ізгілік»
«Өркен»
Ағылшын
тілі
мұғалімдері
Орыс тілі
мұғалімдері
Қазақ тілі
мұғалімдері
Тарих пәні
мұғалімдері
Пән
мұғалімдері
221
Бұл тек өткен оқу жылындағы жетістіктеріміз. 2014 жылы республикалық «Үздік
педагог» байқауынан жүлделі орынды №38 мектеп- лицейінің мұғалімі Таскарина Г.Ү. алып
қайтты.
«Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген ұлағатты
сөздер текке айтылмасы анық. Шеберлігі шыңдалған, нағыз маман иелерінен үлгі алып, жан-
жақты біліммен қаруланған оқушылар да жеткілікті. Қалалық өткізілген «Мұқағали
оқулары», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «І.Жансүгіров оқулары», «Мағжан
оқулары» және «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында жүлделі орын алған
оқушыларымыз Республикалық кезеңнен де олжалы оралып отыр.
Республикалық пән олимпиадасынан
2013-2014 оқу жылы
2014- 2015 оқу жылы
2015- 2016 оқу жылы
№27 Ф-М орта мектеп
Зайнуллиева
Айда
11-сынып
оқушысы жолданып, ІІІ орын
алып қайтты.
№27 Ф-М МЛ Қадим Қымбат 10-
сынып
оқушысы-
ІІІ
орын,
Зайнуллиева
Айда
11-сынып
оқушысы , №35 МЛ Потап Дарья
10-сынып, Ширявскова Мария
11-сынып
оқушылары
-
Сертификат
№38 МЛ оқушылары Ерғалиқызы
Дана 10-кл. ІІ орын;
Меңдігереева Гүлзаман 11-кл. ІІ
орын
Ғиззат Анель 11- кл.
ІІІ орын
2016 жылдың 22-24 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында
өткен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің
иегері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Халықаралық олимпиадасында:
2013-2014 оқу жылы
2014- 2015 оқу жылы
2015- 2016 оқу жылы
№ 35 МЛ 9-сынып оқушысы
Пищулина Анастасия – ІІІ орын,
Таипова
Эллина
10-сынып
оқушысы – ІV орын, №38 МЛ 10-
сынып Жасқайратова Айгүл – ІІІ
орын, Қылышбай Гүлстан 10-
сынып- Алғыс хат
№27ЖОББМ 10-сынып оқушысы
Зайнуллиева Аида – ІІ орын, 9-
сынып оқушысы Қадем Қымбат-
Алғыс хат, №35МЛ 9-сынып
Муксенова Милана- ІІІ орын,
Доля
Анастасия
9-сынып
оқушысы- Алғыс хат
№38 МЛ Ғиззат Әнел Алғыс хат,
№34 МГ Лұқпанова Аружан 9 в –
ІІІ орын, №34 МГ Сапарғалиева
Әсем 11а «Үздік әдебиетші»
номинациясы (сертификат), №44
ЖОББМ
Сүлейменқызы
Дельфина Грамота;
Петропавл қаласында өткен Республика Мағжан оқулары Зағыпар Оралхан,
Тулегенов Елшат - III орын, Қазақ әдебиет пәнінен ғылыми жобадан Ерғалиқызы Дана ,
Тулегенов Елшат - III орын иеленді .
Сонымен қатар, Республикалық іс-тәжірибе таратуда пән мұғалімдерінің саны
жылдан- жылға артып келеді. Ашық сабақ, сыныптан тыс шаралары мен мақалалар
жарияланды.
2013- 2014 оқу жылында
2014- 2015 оқу жылында
2015- 2016 оқу жылында
47
63
68
Бүгінгі таңда, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің
гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады.
Олар мыналар:
- Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру;
- Білімнің деңгейін көтеру;
- Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.
Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне
бірден- бір ықпал етеді. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру
курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек
жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді
222
жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан «Мен өзімді жетілдіріп
болдым» деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деуі керек.
Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық
мектептер компьютерленген. Ендеше, сол компьютерлерде пән мұғалімдері тек сабақ
үрдісінде пайдаланып немесе жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап,
білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынып, мұғалімдердің пән бойынша
электрондық көмекші құралдар мен әдістемелік құралдары жарық көруде. Бұл уақыт талабы,
ғаламдану талабы. Компьютер қызметін жетік білетін ұстаз ғана оқушылардың ақпараттық
техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолдануына көмек көрсете алады. Осы тұста әдіскердің
тағы бір қызметі ақпараттық- коммуникативтік технологиялық курстардан білім алған,
сертификатталған ұстаздармен бірлесіп қалалық, облыстық деңгейде оқыту-семинарларын
ұйымдастырып жұмыс жасауына жағдай тудырады. Бұл бағыттағы жұмыстар:
- интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану ;
-
DVD –дискілер, бейнероликтер, аудиокассеталар жұмыс жүргізу дағдыларын
жетілдіру;
-
Ғаламтор мүмкіндіктерін қолдануға , Веб-сайттан кез келген ақпарат іздеуді үйрету ;
-
Түрлі бағдарламаларды, қосалқы ақпараттық желілерді пайдалануға көмек көрсету;
т.с.с.
Әрине, бұл жерден ұстаздар бірден біліп кетуі мүмкін емес, дегенмен сабақ үрдісінде
пайдалану арқылы үйрене бастайды. Ұстаздардың жан-жақты дамып, ғылыми жетілуіне,
шығармашыл өсуіне мұғалімнің өзінің қатысуы арқылы жүзеге асатын түрлі сайыстардың
берері мол. Әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтан құры қалмай, үйрене білуге,
үйрене жүріп үйрете білуге әрқайсымыз дайын болуымыз қажет. Сондықтан да ұстаз
алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті
танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең,
білімі жоғары, құқықтық, құжаттық мәдениетті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған
заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Жақсы мұғалім – маған әр уақытта қымбат, өйткені ол мектептің жүрегі» - деп
ағартушы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім. Кез
келген мұғалім өзін жақсы жағынан көрсету үшін жан – жақты, ұйымшыл, ізденімпаз және
сауатты болуы шарт. Себебі, адамның өзі білмегенін немесе толық түсінбегенін біреуге
айтып жеткізуі мүмкін емес нәрсе.
Сондықтан өз қарамағымдағы ұстаздарға: - әрбір берілген тапсырмаға
жауапкершілікпен қарауды үйреніңіздер; - қай нәрсеге де болмасын жан – жақтылық
көрсетуге талпыныңыздар дегенді айтқым келеді.
Әдіскер ретінде ағымдағы жаңалықтан, өзгеріс толқынымен бірге ағу - менің
ұстанымым. Сондықтан барлық уақытта ізденіс үстінде жүремін. Облыс көлемінде бірнеше
әдістемелік жинақ, мақала жарық көрсе, «Үздік әдіскер» байқауына қатысып , 2011 жылы 2-
орын, 2014 жылы «Зерттеуші әдіскер» номинациясын иелендім.
Қорытындылай келе, белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі
де жойылады» - деген екен. Олай болса, үйретуші, жаңалықты дәріптеуші әдіскер ретінде
жаңадан басталған желілік қоғамдастық жұмысын нәтижеге бағыттауды жоспарлап
отырмын.
223
Оқыту тәжірибесін қадағалау – білім сапасын арттыруға
бағытталған негізгі қадам
Мұңайтбас Ө. О.,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы,
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары.
Бүгінгі таңдағы мектеп – жаңалық шеңберіндегі қарбалас, пікірталас туындатқан және
сол арқылы жаңаша жол іздеген, үздіксіз зерттеу үстіндегі білім ошағы. Заманауи мұғалім –
шәкіртін шиырлатқан білім жолына бағыттай білетін, жаңадан жаңаны табуға қабілетті, әр
ісіне шығармашылық тұрғыдан келетін тұлға. Жаңа заман шәкірті – білімді ізденіс арқылы
табуға ниеттенген, коммуникативті білігін осы жолда шыңдай түскен саналы жастар.
Жоғарыдағыдай анықтама бере отырып, мен осындай жан-жақты дамыған оқушыға
білім беретін мұғалімнің іс-тәжірибесін қалай зерттеу керектігін, олардың құзыреттілігін
қалай анықтау керектігін үнемі назардан түсіргенім жоқ. Бұл тарапта маған Lesson Study
зерттеуі зор көмегін тигізетінін білдім. Сондықтан директордың орынбасары ретінде осы
жұмысқа ерекше ден қойдым.
Lesson Study зерттеуі бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, «Оқыту
дағдыларын дамыту», яғни, оқушының білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу ретінде
қарастырамыз. Екіншіден, «Бақылау дағдыларын дамыту» – мұғалімнің әдістемесін
жетілдіруді мақсат ете өткізілетін зерттеу. Үшіншіден, «Бірыңғай тақырыпқа байланысты»
мектептің түрлі зерттеулер арқылы анықтаған проблемасын шешуге бағытталады. Қай
жағдайда да, алдыңғы кезекте білім сапасы тұрады және барлығында да А, В, С деңгейіндегі
оқушылар зерттеу объектісі болады.
Осылайша, мен өзіміздің мектепте әр түрлі сыныптарда Lesson Study зерттеуін
ұйымдастырып жүрмін. Сөзім дәлелді әрі нақты болу үшін, 7-А сыныбындағы зерттеу
бойынша ойымды әрі қарай өрбітсем.
Алдымен, осы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерді жинап, Lesson Study зерттеуі
бойынша коучинг өткіздім. Әрине, коучингті қазіргі деңгейлік курстарды бітірген
мұғалімдердің өткізіп жүргеніндей шоу түрінде емес, нақты проблеманышешуге
бағыттадым: сыныптың білім деңгейін қай мұғалім қалай түсінеді, сыныптағы оқушылардың
білім алуына не кедергі келтіруі мүмкін, жалпы оқушылардағы ортақ проблема неде екенін
түсінуге тырыстым. Бекболат Тілеухановтың «Адамға баға беру» бейнебаянын көрсете
отырып, оқушыны қалай бағалау керектігімен (қатысушылардан сұрау арқылы)
байланыстырдым. Lesson Study-ді қалай өткізетініміз жөнінде мұғалімдермен ақылдасып,
проблеманы анықтап алдық, сабақ өткізетін мұғалімдер нақтыланды. Lesson Study зерттеуін
өткізу бойынша комиссия құрылды.
Алғашқы отырыс
224
Зерттеудің тақырыбы: «Серіктестікте жұмыс жасай отырып, оқушының сыни ойлауын
дамыту арқылы оқу сапасын арттыру» болып белгіленді.
р/с Мұғалімі
Пәні
Тақырыбы
1
Бексаинова А.Қ.
География
«Материктің географиялық орны. Ашылу,
зерттелу тарихы»
2
Ашимова Г.Е.
Орыс әдебиеті
«Жизнь и творчество В.В.Путилиной»
3
Сатыбалдиева Н.С.
Алгебра
«Рационал өрнекті түрлендіру»
Географиядан, орыс әдебиетінен және алгебрадан ашық сабақ берілетін болып
шешілді. Сабақ өткізетін пән мұғалімдеріне нұсқаулар берілді, сабақ жоспарларын алдын ала
әзірлеп, талқыланатыны жөнінде ескертілді. Оқушыны бақылау парағы жасалынды. Әр сабақ
сайын отырыстар жасалынып, хаттама жазылды. Жалпы ұйымдастыру жұмыстары талапқа
сай өткізілді.
Зерттеу бізге не берді, зерттеуден біз не алдық? Нені үйрендік? Проблема қалай
шешілді немесе шешілді ме? Енді осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап көрейік.
Сыныптағы бақылау бұл әр мұғалімнің білім беру жүйесінің маңызды аспектілердің
бірі болып табылады. Білім берудің тәсілдері зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Жүргізілген
зерттеуге
сәйкес
осындай
білім
беру
тәсілдерінің әр компоненті оқушының оқу
деңгейінің артуына әсер етеді. Мұғалімнің
жоғары деңгейдегі әрекеттері оқушылардың
білімдерінің жоғары көрсеткіштеріне жетуін
қамтамасыз етеді.
Алғашқы
өткізілген
география
сабағында мұғалім сабақ мақсатын дұрыс қоя
білді. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын аша
алды. Алайда оқуды бағалаудың және оқыту
үшін
бағалаудың
өз
деңгейінде
өткізілмегендігі, кері байланыстың әлсіздігі сабақ сапасына кері әсер еткені талқылау
барысында ескертілді. Келесі орыс әдебиеті сабағында осы мәселелерге көңіл бөлу жөнінде
пән мұғаліміне ұсыныс берілді.
Сыныптағы байқау барысында бақылаушылар
онда не естігенін және не көргенін назарға алуы тиіс.
Пікірлерге,
интерпретацияларға
немесе
ағат
пікірлілікке көңіл бөлмеу және нақты дәйектемелер
бойынша дәлелдемелерді жазу өте маңызды болып
табылады. Бұл жай ғана бір мәселе емес, бұл
мұғалімді оқу үрдісіне жанама шақыру болып
табылады. Сондықтан бақылаушыларға да, мұғалімге
де ерекше талап қойылды.
Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауын дамытатын тапсырмалар берілді.
Оқыту әдістері түрленіп өткізілді. Оқыту
үшін бағалау сабақтың әр кезеңдерінде
жүзеге асырылғандықтан, ол оқушыларды
ынталандырып, белсенділіктерін арттырып
отырды.
Дегенмен, бақылаушы мұғалімдердің
көбі сабақта не естігендері мен не
көргендерін тізіп жазады немесе оқушы мен
225
мұғалімнің қарым-қатынасына, оқушылардың сабаққа белсене араласқанына көңіл бөледі.
Бұның бәрі мұғалімнің құзыреттілігін, оның кәсіби шеберлігін толық көрсете алмайды.
Сондай-ақ оқушының да сабақ барысында білім-білігінің артқанын, өсу динамикасын
көрсетпейді. Сондықтан алгебра сабағында оқушылардың формулаларды дұрыс пайдаланып,
есептерді саналы шешкені емес, соған барар жолды қалай өткені маңызды деп ойлаймын. Ол
мұғалімнің кәсіптік деңгейінің жоғары екендігін растайды. Өйткені, ол осы формулаларды
дұрыс қолданып, оқушыларды оған сәйкес есеп шығаруға үйретті.
Осылайша, Lesson Study зерттеуі мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің артуына игі
ықпал етті деп тұжырым жасауға әбден болады. Себебі олар сабақты қалай бақылау
керектігін, бақылау барысында неге көңіл аударуы қажеттігін үйренді. Міне, әрбір істелген
жұмыстың нәтижесі бар екенін осыдан байқауға болады.
Оқушыларда да үлкен өзгеріс болғаны – мұғалімдердің көңіліне сенім ұялатты. А
деңгейіндегі оқушының көшбасшылық қабілеті ашылып, өзіне сенімділігі ұлғайды. В
деңгейіндегі оқушы А деңгейіне көтерілді. Ал С деңгейіндегі оқушы осы үш пәннен
қанағаттанарлық бағалар алып жүрген. Мұғалімдердің ерекше ықыласынан, көңіл бөле
қарағанынан ол тоқсан соңында екпінділер қатарына қосылды. Кейбір мұғалімдер ол
оқушының бойындағы қабілеттерді аңғармай жүргендігі анықталды. Бұдан шығатын
қорытынды: әр мұғалім алдында отырған оқушыға мұқият қарап, оның бойындағы ерекше
қасиеттер мен қабілеттерін ашуға, білім алуға деген ынтасының не себептен бәсеңдегенін
түсінуге тырысуы керек екендігіне пән мұғалімдерінің көзі жетті.
Әр сабақтан кейінгі кері байланыста да оқушылардың өздеріне деген сенімдерінің
артқанын, оқуға деген ынтасының ұлғайғанын аңғарып отырдық.
Білім берудегі бүгінгі таңдағы жаңашылдықтың әлі ашылмай жатқан, бірақ ашылуға
тиісті қыр-сырларын меңгеру үшін ерінбей, шығармашылықпен еңбек етуіміз керек. Сонда
ғана мұғалім деген мәртебелі мамандықтың абыройын арттырып, өскелең ұрпақтың сапалы
да терең білім алуына жол ашамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |