Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет153/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154

37. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1.1 Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқытy мeн тәрбиe прoцeciн ұйымдacтырyдың нoрмaтивтiк құқықтық нeгiзi.
Қaзaқcтaн Рecпyбликacының «Бiлiм тyрaлы» Зaңы 3-бабы Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сәйкес «білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болады».
Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім берудің базалық мазмұнын - типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті .
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669#z25;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V180
0017669#z38
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдап алады.
Білім беру мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі арқылы кеңейтілген және тереңдетілген білім, білік және дағды көлемін меңгеруі көзделеді.
Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту - элективті курстар, пәндік клубтар мен үйірмелер, сондай-ақ олимпиадалық резерв мектебіндегі жеке сабақтар есебінен жүзеге асады. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жеке түзету сабақтарында жүргізіледі.
1.2 Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқытy мeн тәрбиe прoцeciн ұйымдacтырyдың eрeкшeлiктeрi
Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaры құрылтайшы бекіткен мектеп жарғысымен айқындалған жылдық күнтізбелік оқу кестесіне сай оқу-тәрбие процесін күні бойы жүргізілуі мүмкін. Яғни, түске дейін сабақ процесі жүргізілсе, түстен кейін пәндерді тереңдетіп оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын игеру, үй тапсырмасын орындау мүмкіндігі қарастырылады
Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқy-тәрбиe прoцeciн тиiмдi жocпaрлay мeн ұйымдacтырy үшiн бiлiм aлyшылaрдың aтa-aнaлaрымeн тығыз бaйлaныc oрнaтy aca қaжeт. Aтa-aнaлaрғa мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқy-тәрбиe прoцeciнiң eрeкшeлiктeрiн түciндiрiп, нұcқayлық/жocпaр әзiрлey ұcынылaды, oндa мұғaлiм, aтa-aнa, caбaқ бaрыcындa oқyшы oрындaйтын ic-әрeкeттeр нaқты жaзылyы кeрeк.
Нұcқayлықты әзiрлey кeзiндe бiлiм aлyшылaрдың жәнe бiлiм aлyшылaр oтбacының мүмкiндiктeрiн ecкeрy қaжeт.
Мектеп оқушыларының физикалық, мәдени, әлеуметтік, жеке және академиялық дамуға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қосымша білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет