●ХV ғ.қазақ тілі өзіне тән ерекшелігі бар,дербес тілге айналды
● «Едіге», «Ер Сайын» жырларықазақ халқы арасына алшындар арқылы тараған
● «Ер Көкше», «Базар батыр» поэмалары керейлер тілінде тараған
● «Талас ескерткіштері» дулат-үйсін тілінде тарады
● «Кодекс куманикус» қыпшақ тілінде тарады
● «Наһжи әл Фарадис» кердері тілінде тарады
● ХV- ХVІІ ғ.Алтын Орда,Ақ Орда дәуірінде көне қыпшақ тілі ресми әдеби тіл ретінде қолданылды
● ХV- ХVІІ ғ. қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады,алғашқы кітап Қадырғали Қосымұлы Жалаиридің «Жами ат-тауарих» кітабы болды
|
● ХV- ХVІІ ғ.қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын,ауа райын зерттейтін білгір кісілер шықты
●Олар халық күнтізбесін жасаушылар болды
●Темірқазық –түндегі жүріс бағытын бағдарлайтын жұлдыз
●Жетіқарақшы –астрономиялық сағат ролін атқарды
●Меркурий – «таң жұлдызы» ,кейде «Кіші Шолпан» деп атады
●Юпитер – « есекеқырған»
●Марс – «қызыл жұлдыз»
|
●Қазақстар ХV- ХVІІ ғ ресми түрде ислам дінін ұстанды
●Ислам дінін қазақтар арасында таратушылар -Түркістан,Бұхара, Астрахань дінбасылары болды
●Отқа табыну үлкен роль атқарды
●Отпен тазарту –аластау рымын сақталды
|
●Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды:
1/ Киіз үй «жазда!
2/ жылы үй ( қыста)
●Жазғы үйдің екі түрі болды:
1/ кәдімгі киіз үй
2/ арба үстіне орнатылған жылжымалы үй -күйме
●Киіз үйді жауып тұратын киіздер – туырлық, үзік, түндік деп аталды
●Үйдің дәл ортасында от жағатын орын –ошақ болды
●Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім- мәсі деп аталды
●Қыздардың тұрмысқа шығу тойындағы бас киімі –сәукеле болды
●Жас келіндер алғашқы жылы сәукелесін киді
●30-40 жастағы әйелдер кимешек киді
●Орта жастағы әйелдер жаулық тартты
●Жасы келген әйелдер –күндік киді
|