«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет113/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153
Литература:

  1. Клочко В.Е. Становление многомерного мира человека как сущность онтогенеза // Сибирский психологический журнал (Томск), 1998, выпуск 8. - С. 8-10.

  2. Клочко В.Е., Галажинский Э.В. Самореализация личности: системный взгляд / Под редакцией Г.В. Залевского. - Томск: Издательство Томского университета, 1999. - 154 с.

  3. Белоусова А.К. Самоорганизация совместной мыслительной деятельности. – Ростов н/Д, 2002. – 360с.

  4. Турунен Н., Харченкова Л.И. Ассоциативный эксперимент как средство выявления картины мира у представителей различных культур // Русское и финское коммуникативное поведение. Воронеж: Изд-во ВГТУ, 2000. - С. 74-78.

  5. Фельдштейн Д.И. Психология взросления. – М., 1999. – 672с.

  6. Климов Е.А. Введение в психологию труда: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1998. - 350 с.

  7. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М.: Логос, 2004. - 384 с.

  8. Абульханова К. А. Сознание как жизненная способность личности // Психологический журнал. 2009. Т. 30. № 1. С. 32-41.


_______________________________________________________________________________


ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И ПРАКТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ СОЦИАЛЬНОЙ РАБОТЫ В СОВРЕМЕННЫХ УСЛОВИЯХ
_______________________________________________________________________________
Абдрашева Б.Ж., Ахметова И.А., Туткышева Г.Т., Нурланова С.С.


ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Кеңес Одағының ыдырауынан кейін, 1990 жылдардың басындағы елдің экономикалық дағдарысқа ұшырауы, материалдық тапшылық пен рухани азғындық халықты кедейлендіріп, қайыршылық пен жұмыссыздыққа, тіпті кейбіреулерін қылмыстық әрекеттерге әкеліп соқтырды, осыған орай жастар тәрбиесі, мамандандыру саясаты өзекті мәселеге айналды.
1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтында педагог мамандарды дайындауда жан-жақты біліммен қамсыздандыру мақсатында және жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасын көтеруде «Тәрбие жұмысының әдісі мен педагогикасы» кафедрасын құрып, оқытушы-профессорлық кадрлармен толықтырылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Т.Н.Олейникова тағайындалды. Ең алғашқыдағы кафедра құрамы: А.Н.Трушин, Г.Г.Черная, Н.Н.Любощинская, Б.Ж.Абдрашева, Ш.Ж.Колумбаева, Р.И.Бурганова, Т.Н.Рыбалко т.б. тұратын.
Сол кездегі институт ректоры, қоғам қайраткері, белгілі ғалым-педагог Сұлтан Капарұлы Досмағанбетов мұнымен ғана шектеліп қоймай, жаңа мамандар дайындауды көздеді.
Салиқалы саясаттылықпен, болашаққа көрегенділікпен қараған, қоғамдық мәселелерге пайымдылық танытқан - ел ағасы, қоғам қайраткері, ректор С.К.Досмаганбетов (бүгінгі күні құрметті зейнеткер) Қазақстанда тұңғыш рет 1993 жылы «әлеуметік қызметкер» мамандарын дайындауды қолға алды.
Қоғамдық тұрақсыздықпен, кедейшілікпен күресе алатын, тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, өз бетімен күн көрісі қиындаған адамдарға қол ұшын беретін, рухани азғындылықтан сақтайтын, қарттарға, жетім-жесірлерге, ауру-сырқауларға әлеуметтік көмек пен қайырымдық жасайтын, әлжуаз топтардың әлеуметтік мәселелерімен (жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, оралмандар т.б) айнылысатын «Әлеуметтік жұмыс» маманын Қазақстанда алғаш рет тариха енгізді.
Ректор С.К. Досмаганбетов кадр даярлауда дүние қат болып тұрған уақыттың өзінде, оқытушы-профессор құрамын қаржыландырып, қайта даярлау үшін Ресей университеттерінің ірі қаларына кәсіби біліктілігін жетілдіруге оқытушыларды жіберіп отырды.
1992 жылы «әлеуметтік жұмыс» және «әлеуметтік педагогика» кафедрасы болып, жеке өз алдына факультет түрінде бөлініп шықты. «Әлеуметтік жұмыс» факультетінің деканы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Құрал Несіпбекұлы Меңлібаев бақарды.
Факультет деканы бола жүріп, әр түрлі қоғамдық саяси жұмыстардың ісі қасында болып, жетекшілік ететіп, жастарға қол басшылық танытып, үйретуден, тәрбиелеуден жалықпаған, әр студентке әкелік қамқорлықпен қарап, әр кімге әртүрлі жағдай жасап, салмақты мінезімен, шынайы адалдығымен, бәріне де қамқор аға болған Құрал Несіпбековичтің ерен еңбегін айтып мақтанғымыз келеді.
1997 жылы әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы мен факультеті қайта қосылып, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі К.М.Туғанбекова тағайындалды.
Кафедра қауымы тәжірибесі мол, ғалым ретінде республика көлемінде танымал М.М.Иманбеков, А.Н.Агафонов сияқты мамандармен толықтырылды. Кафедра ұжымы заманауи талабына сай қоғамдық индустризализациялық дамуға өз үлесін қосып, үнемі инновациялық технологиялармен жетілдіріліп отырылды. Кафедра ақсақалдары жас оқытушыларға қамқорлық танытып, ғылыми жұмысына жетекшілік етіп, диссертация жұмысын қорғауға бағыт-бағдар беріп отырылды.
1996-2004 жылдан бастап он жылдан артық декан ретінде қызмет еткен Қ.Н.Меңлібаев факультеттің көш басшысы, жетекшілік ретінде, студенттер мен оқытушылардың құрметіне бөленген, ғалым-ұстаз, біреулерге аға, біреулерге әке кейпінде қамқорлық танытқан, нағыз әлеуметтік қызметкер маманның типтік үлгісі болған әріптесіміздің адамшылығы мен даралығын айтып кейінгі жастарға үлгі етеміз.
Сол сияқты кафедра ішінде тыңғылықты және ерен еңбегімен көзге түскен, ғылыми лауазы болмаса да, әлеуметтік жұмыс маманының кәсіби портреті мен теориялық кейпін сомдауда, Республикасы көлемінде әлеуметтік жұмыс мамандарының деңгейін көтеріп, алған белестер мен жетістерімізге Черная Галина Григорьевнаның қосқан еңбегі зор.
«Әлеуметтік жұмыс» жас мамандық, ғылыми сала ретінде даму үстінде болды. Мамандыққа сай Отандық оқулықтар жоқ болды. Алғашқы болып осы оқулықтарды, оқу құралдарын авторлық бірлескен топта шығара бастады. Атап айтсақ, «Социальная работа» (Каргин С.Т., Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г.), «Социальная работа с молодежью» (Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н.), «Занятость населения и ее регулирование» (А.Н. Агафонов., К.Н. Меңлібаев., Г.Г. Черная), «Основы общей и социальной педагогики» (А.Н. Агафонов., Р.И. Бурганова., В.А. Пришвина), «Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» (М.Т.Баймұқанова), Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттік саясат (Б.Ж. Абдрашева) т.б.
Жас оқытушылармен мамандарды жетілдіру мақсатында бұрынғы педагогика кафедрасының меңгерушісі Мейрамбек Иманбекович Иманбеков әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасына қабылданды. Белгілі ұстаз Қарағандылық жоғары оқу орындарында педагогика ғылымдарының іргесін қалаған, жастарға тәлімгерлік пен өнегерліктің сара жолын қалыптастырған, сонымен қатар іздену мен білімдендіруді үйрете білген, ғалым ағамыздан дәріс алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл күндері қатарымызда жоқ, марқұм болған Мейрамбек Иманбекұлының ақыл-кеңесі, іскерлігі мен кісілігі бәрімізге үлкен өмір мектеп кемесі, болашақтың жалғасы, педагогика ғылымдарының арнасы болған үлкен ұстазды ұмытпақ емеспіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарының Республика көлемінде жоғары оқу орындарының ішіндегі ең таңдаулысы ретінде жеңіп алса, сол тұғырды күні бүгінге дейін ұстанып, кафедра ұжымдарының иеленіп келе жатқанын мақтан етеміз.
Кейінгі жылдары Қарағанды педагогикалық институты Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрамына қосылып, мамандар даялау жұмысын жалғастырып, оның оқу-әдістемелік және жаңа инновациялық талапқа сай материалдық базасы кеңейтіліп отырылды. Университет құрамына кірген жаңа мамандарды даярлауда, оның түлектерін жұмысқа тартуда, университет ректоры Ж.С. Ақылбаевтың қамқорлығын айтып өткен жөн. Сол кездегі ректор әр кезде белсенді, ғылыми идеялары бар, талаптары зор адамдарды жоғары бағалап отырды. Жыл өткен сайын әлеуметтік қызметкерге талап күшейгенімен, оның Республика көлемінде беделі де күшейді.
2001 жылы кафедра ұжымы «Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс Қазбек би ауданыны тұрғындарының әлеуметтік портретін» жасауда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда жүйелі іс атқарып, тынғылықты жұмыс атқарғаны үшін, Қарағанды облысының әкімі тарапынан жоғары бағаланып, алғыс алды.
Жыл сайын әлеуметтік қызметкерлер мамандығының студенттері, жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға «Милосердие», «Забота» қайырымдылық акциялары ұйымдастырып отырды. Облыстық және қалалық білім беру әкімшілігі кафедра ұжымы мен студенттеріне материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, марапатап отырды.
Қарағанды қаласының Н.К. Крупская атындағы мекеп-интернаттағы жетім балаларға арнап, мерекелік күндер мен жаңа жылдық іс шаралары өткізіу жұмыс дәстүрге айналған.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітуімен 050906-«Мәдени-тынығу жұмыс» мамандығы ашылды. Кафедра ұжымы тағы бір сынға түсті. Мамандыққа қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамсыз етуде барлығы белсене араласты.
Кафедра меңгерушісі басқарушылық шеберлігін танытып жан –жақтан мәдени-тынығу жұмысына сай мамандарды жинай бастады. Т.Жүргенов атындағы академия түлектерімен білікті мамандармен толықтырды. Атап айтсақ, К.Б. Игенов., А. Баядилова және осы академияның түлегі, қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының қазіргі көркемдік жетекшісі, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Д.А. Еспаев т.б. толықтырылды.
Сонымен, біраз тәжірибе жинаған кафедраның аға оқытушылары Б.Ж.Абдрашева, Г.Ж.Джамалиевалар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Социология және әлеуметтік жұмыс» кафедрасында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, социология ғылымдарының кандидаты атағын иемденді.
2008 жылы әлеуметтік факультеті мен педагогика факультетінің қосылуына байланысты факультет деканы п.ғ.д., профессор Шкутина басшылыққа алды.
2009 жылы Республика көлемінде тұңғыш рет «әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша пәндік Республикалық олимпиада өткізіле бастады. Жыл сайын пәндік олимпиада өткізу дәстүрге айналған, олимпиада ережелері мен талаптары алдын алдын ала сайтқа енгізіліп, жоғары оқу орындарымен хабардар болып отырылады.
Бес жыл бойы тек қана - орынды иемденуіміздің негізгі объективтік себебі де бар, кафедра ұжымының кәсіби маман даярлаудағы типтік оқу бағдарламасының авторы бола тұра, ҚР ЖМБС жасаушылар, базалық мекемелермен тығыз тәжірибе алмасуымыз, шет елдік оқымыстыларды шақыртып дәріс алу, байланыс жасау арқылы теориялық білім мен практикалық дағдыларымызды жаттықтыру, кәсіптік білімізді жетілдіру барысында сертификаттарды иемдеу, іздену арқылы көздеген мақсатқа жетудің сыры осында.
Европалық ТЕМПУС ETF-JP-00471-2008 «Әлеуметтік жұмыс» бағытындағы «Әлеуметтік саладағы кәсіби білімдендіру» (LMTS) халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша бірлесіп 2009 жылдан 2011 жыл аралығында жұмыс жүргіздік. Кафедра меңгерушісі К.М.Туғанбекова Гемания, Италия, Болгария, Румыня т.б. елдерінде болып тәжірибе алмасты.
2010 жылы философия ғылымдарының кандидаты, доцент М.М. Иманбеков факультет деканы болып тағайындалды.
2011 жылдың сәуір айында кафедраға жаңа меңгеруші тағайындалды. Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.М. Мұхтарова болды.
2011 жыдан бастап, TEMPUS – IV (LMTS) (LMPSM N 516721-TEMPUS-1-2011-1-RO-TEMPUS-JPCR) жаңа әлеуметтік-психологиялық жоба «Әлеуметтік психология лицензиясын алуға дайындау» тақырыбына жұмыс жүргізу басталып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет