Бүгінгі таңда, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында балаларға көптеген жағымсыз факторлар қарқынды әсер етуде. Осы факторлар адамның қабілеттерінің дамуын тежетпей ғана қоймай, сонымен бірге, даму процесін кері қайтару мүмкін. Соныдықтан да балалардың қорқыныш мәселесі ерекше орын алуда.
Балалық шақтағы қорқыныштар жастық және невротикалық болу мүмкін.
Жастық қорқыныш әдетте, барлық балаларға тән болып келеді. Әсіресе, ол эмоционалды сезімтал балаларда психикалық және тұлғалық ерекшелік ретінде жиі көрінеді.
Олардың пайда болу себептеріне келесілерді жатқызуға болады [1]:
-Туған адамдарында қорқыныштың болуы. Қорқыныштардың көбі ата- аналарынан саналы емес түрде беріледі, сонымен қатар, сендірілетін қорқыныш категориялары да бар (мәселен, Жалмауыз кемпір, өрмекші және т.б.). Бұл категорияға белгілі бір тәртіпке қол жеткізу мақсатында, ата-аналардың өз балаларын қорқытатын кейіпкерлер жатады;
-Балаға қатынас таныту барысында туындайтын үрейлік;
-Қауіптен қорғау барысындағы әсершілдік;
-Тыймдардың тым көп болуы;
-Отбасындағы ересек адамдардың жүзеге асырылмайтынттым көп қорқытулар;
-Шошу, шок тәрізді психологиялық жарақат;
-Отбасылық рольдерді ауыстыру нәтижесінен туындаған, анасының жүйке-психикалық тозуы;
-Отбасындағы қақтығыстық жағдайлар;
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында балалар қорқыныштарының көптеген түрлері бар екені анықталды. Қорқынышты психосоматикалық симтомдары арқылы анықтауға болады және де, егер бала өз қорқыныштарын балалық шақта жеңе білсе, онды бұл оның келешектегі үйлесімді дамуына әкеледі.
Ст.Холл кез-келген пән, қандай да бір құбылыс қорқыныш обьектісі ретінде бола алатының сенімді түрде көрсетеді. Бұл әсіресе, қаранғыдан, қатты дауыстардан, таныс емес адамдардан, жануарлардан, судан, оттан және т.б. қорқатын балаларда ерекше көрінеді. Өз тәжірбиесіне негізделген қорқыныштармен бірге, қоршаған орта сендірген қорқыныштар қосылады (баланы тыныштандыру үшін ата-аналар бала қорқынышын одан сайын үдетеді). Балаларға айтылатын ертегілер де жаңа қорқыныштарды тудырады. Осыған орай инстинктивті сақтық, жеке тәжірбие, әлеуметтік қоғамның әсері қорқыныштың көзі болып табылады [2].
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде қорқыныш дамуының әлеуметтік-мәдени және психологиялық алғы шарттары қарастырылады [3]. Адам психикасының дамуына қарай және оның өміріндегі формасы күрделенуіне байланысты қорқыныш әлеуметтік жанамалық сипатқа ие бола бастайды. Сонымен бірге, сезім мен уайымның рухани-этикалық кеменденуін көрсетті. Адамның өзінің ерте әлуметтік дамуы сияқты, бала өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап барлық жаңа және белгісіз заттар мен құбылыстардан қорқады, мәселен, ертегі кейіпкерлерін және түрлі заттарды тірілтеді, белгісіз жануарлардан сақтанады және өзі, ата-анасы мәңгі өмір сүретініне сенеді.
Л. А. Петровская, Т. М. Мишина, А. С. Спиваковская бала қорқыныштарының пайда болу себебтеріне отбасыдағы баланы дұрыс емес тәрбиелеу, қиын отбасылық жағдайды жатқызады [4]. Отбасыдағы жалғыз балалар көбірек қорқыныш сезіміне бейім, олар ата-ананың қамқорлығымен және аландаушылығының эпицентірі болып табылады. Жалғыз бала ата-аналармен тығыз эмоционалды байланыста болады және олардың алаңдауын қабылдайды. Ата-аналарды бала тәрбиесінде бір нәрсені үлгірмеу аландаушылығы билейді, сондықтан да, олар баладан үміт күте отырып, оның дамуын интеллектуалдандыруға ұмтылады. Нәтижесінде балаларда ата-ананың талаптарына сәйкес келмеу, үміттерін ақтай алмау қорқынышы пайда болады. «Ата-аналардың жасы балаларда аландаушылықтың пайда болуына айтарлықтай маңызды. Жас өмірге қуанышты ата-аналарда, балаларында аландаушылық пен мазасыздануға бейдемділігі аз. Ал «жасы үлкен» ата-аналардың (30-35 жас) балалары әдетте, мазасыз болып келеді. Балалар ата-аналарының алаңдаушылығын сезетіндіктен, олар алаңдаушылықтың белгілерін ерте таныта бастайды, ал бұл балалардың өз өзіне сенімділігін төмендетеді» [5].
Бала дамуының басты тенденциясы жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуымен байланысты. Л. С. Выготскийдің тарихи-мәдени теориясының негізінде онтогенездің негізгі бөлігі психикалық процестердің белгілік жанаманың дамуымен байланысты [6].
К. Э. Изард жастық және невротикалық қорқыныштарды бөліп көрсетеді [7]. Жастық қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда байқалады, яғни олардың психикалық пен тұлғалық даму ерекшеліктерінің негізінде көрінеді. Олар келесі факторлардың әсерілерінен пайда болады: ата-аналарда қорқыныштардың болуы, аса қатты қамқор таныту, баламен қатынастағы үрейдің болуы, құрдастарынан изоляциялау, сол жыныстағы ата-аналардың тыйм салуларының көп болуы немесе басқа жыныстағы ата-ананың баласына тым көп еркіндік беру, шошу сияқты психикалық жарақаттар және т.б.
Егер отбасыда басты тұлға әке, емес, ана болса, онда ер мен қыз балаларда қорқыныш басымрақ болады. Сонымен бірге, кіші оқушы жасында балалар ата-аналар арасындағы қақтығыстық қатынасқа өте сезімтал болады. Егер ата-аналар жиі ұрыссатын болса, онда олардың қорқыныштары көбее түседі. 6-7 жастағы қыз және ұл балалар ата-аналарының қақтығыс жағдайына қорқыны пен үрей сезімдерімен қарайды. Балалардың жасы есе келе, олардың эмоционалды сезімталдығы да өсе келеді. 7 жастағы қыз бен ұл балаларда толық емес отбасыдағы балалармен салыстырғанда қорқыныш сезімдері көбірек болады, яғни бұл ата-аналар арасындағы өзара қатынастарға сезімталдылығын көрсетеді.
Отбасыдағы жалғыз балалар қорқынышқа бейім болып келеді, себебі бұндай балалар ата-аналық қамқордың эпицентрінде болады. Әдетте жалғыз бала ата-аналарымен тығыз эмоционалды қатынаста болады, сондықтан да ата-аналарының үрейлері оған тез беріледі. Ата-аналарда балаларының бір нәрсе үлгіре алмайтындығына байланысты үрей сезімі туындайды, сондықтан да олар олардың үміттерін ақтайды деген ойларымен дамуын интелектандыруға тырысады. Нәтижеде балалар ата-аналарының талаптарына сәйкес бола алмаймыз ба, деген қорқыныш пайда болады. Сонымен қоса, балаларда қорқыныштың пайда болуына ата-аналардың жасы да әсер етеді. Жас ата-аналардың балаларында үрей мен қорқыныш сезімдері азырақтау болады. «Жасы ұлғайған» ата-аналарда балалар мазасыздау болып келеді [5, 72 б.].
Хухлаева О.В. «Основы психологического консультирования и психологической коррекции» атты еңбегінде биогенетикалық көзқарастың өкілі С. Холл биогенетикалық заңдылығын қорқыныш онтегенезімен байланыстырған [8]. С. Холл бойынша бала өзінің даму процесі барысында жануарларда және антропогенездің түрлі кезеңдерінде адамдар кездесетін қорқыныштарды сезінеді. Ол бала қорқыныштарында алғашқы психоплазманың іздері сақталады, одан адамдар көптеген сиқырлы тіршілік иелері жасайтын деп жазған.
С. Холлдың көзқарасы бойынша биогенетикалық детерминизмнің дәлелі ретінде рационалды түрде түсіндірілмейтін көптеген балалар қорқыныштарын алуға болады. Мысалы, басқа қорқыныштарға қарағанда жануарлардан қорқу алғашқы адамдардың психикалық қалыптарына және жойылып кеткен рефлекстеріне ұқсайды. Бүгінгі заман балаларында бұндай қорқыныштың болуын индивидуалды өмірінің фактілерімен, қазіргі өмір шарттарымен түсіндіруге мүмкін емес. Бұл қорқыныштардың формаларын автор индивидуалды тәжрибеге еш қатысы жоқ инстинктивті қорқыныш ретінде интерпритациялайды. Сонымен бірге, балалардың қорқыныштарының негізінде тұлғалық тәжрибесі мен әлеуметтік орта болып табылады. Қорқынышты жанның ажырамас реакциясы ретінде түсіне отырып С. Холл оны қалыпты шынайылықтың шектеріне жеткізу мүмкіндігі бар деп есептейді.
Қорқынышты нақтырақ зерттеу феноменін психоанализ бағытында жүргізген болатын.
З. Фрейд бойынша қорқыныш – субъективті қанағаттанбау жағдайында пайда болатын және қанағаттану принципі арқылы жеңуге болмайтын аффект [8, 79 б.]. Бұл жағдай жарақттық фактор болып табылады және қорқыныш оның тікелей салдары ретінде немесе қайталануының негізі бола алады.
Сәйкесінше кез келген қорқыныш жарақаттық факторы бар сыртқы қауіп жағдайының қорқынышы бола алады. Осыған негізделе отырып З. Фрейд қорқыныштың екі түрін бөліп көрсеткен: шынайы және невротикалық. Шынайы қорқыныш тікелей қауіп жағдайымен байланысты. Невротикалық қорқыныш – бұл «Меннің» әлсіздігінен шынайы қорқыныштын ығыстырлуы және невротикалық тізбектің басы болады. З. Фрейд бойынша невротикалық қорқыныштар даму процесі барысында жастық табиғи қауіп жағдайларында кездеседі. Нәрестелік кезеңге психикалық дәрменсіздік қаупі сәйкес келеді. Ерте балалық кезеңге махаббат объектісін жоғалту қорқынышы, ал фаликалық кезеңде – кастрация қаупі сәйкес келеді, латентті кезеңде – «Жоғары-Мен» алдындағы қорқыныш [31].
Жастық кезеңнен өткен сайын оған сәйкес келетін қорқыныш сезімі де өтеді, бұл «Мен» құрылымының күшеюімен байланысты. З.Фрейд бойынша 6-10 жасқа сәйкес табиғи невротикалық қорқыныш тән.
Психоаналитикалық бағыттағы қорқыныштарды зерттеу мәселесімен А. Фрейд айналысқан болатын [8; 89 б.]. Оның пікірінше 6-7 жаста қорқыныштар құрылымында негізгі өзгерістер пайда болады. Бұл жасқа дейінгі болған объективті үрейлер (қайнар көзі сыртқы орта болатын қорқыныш) бала психикасында өз мәндерін жоғалтады. Басты орында қайнар көзі санада болатын және кінә сезімі ретінде көрінетін Жоғары-Мен үрейі тұрады.
Неопсихоанализдің негізінде психоаналитикалық көзқарастар әлеуметтік-мәдени мазмұнға ие бола бастайды. Бұл бағыттағы баланың қорқыныш концепциясы Г. С. Салливанның жұмыстарымен байланысты [8, 102 б.]. Оның теориясының негізгі ерекшелігі бала қорқынышы мен үрей сезімін сезіну түрліше болады. Қорқыныш өмірді сақтауға қажетті физика-химикалық қажеттіліктерге қауіп сезімінен туындайды. Ал үрейдің болса осы қажеттіліктерге еш қатысы болмайды, ол интерперсоналды қатынастарынан туындайды.
Адамның дамуының басында, яғни нәрестелік кезеңде үрей ананың сезінетін үрейінен туындайды, яғни баланың тіршілігі тәуелді болатын ересек адамның сезінуіне байланысты. анада туындаған үрей, қысым сезімдері балаға эмпатия жолымен беріледі – бұл Г.С. Салливанның басты қағидасы. Мысалы, «қарын ашудың» нәтижесінде жылау, тамақтану реакциясына әкелмесе (физика-химиялық қажеттілікті қанағаттандырмау), нәрестеде қорқыныш сезімі пайда болады. Ал үрей тамақтану барысында (немесе кез келген қамқор) анада туындайтын үрей сезімінен пайда болады. Тіпті осыдан-ақ үрей мен қорқыныш арасында түрлі өзгешеліктер бар екенін көруге болады. Қажеттіліктерді диференциациялау өскен сайын балада ерекше қорқыныштар пайда болады: түрлі қажеттіліктерді қанағаттандырмаумен байланысты қорқыныштар пайда болады («қарын ашу қорқынышы», «тонып қалу қорқынышы» және т.б.). Нәресте үрейінің локализация себебіне байланысты еш ерекшеліктер болмайды. Үрейдің себебі ағзадан тыс жерде болады.
6-10 жасты Г.С. Салливан ювенильді деп атайды және оның өзінің ерекшеліктері болады деп есептейді. Бұл жаста Мен жүйесі бақылауды дамытуға ұмтылады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ететін көптеген операцияларды меңгеруге мүмкіндік береді, мәселен, күтілетін жазалау шараларын бағалау немесе тыйым салудың салдары арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ювенильді жаста үрейді жеңуге бағытталған баланың жүріс-тұрысының саналы реттеушілігі байқалады. Кіші оқушы жасында бала үрей арқылы әлеуметтік әлемді бағдарлайды.
Сонымен, шетелдік психологияда балалар қорқынышы мәселесінің басым бөлігі психоаналитикалық бағыттың негізінде қарастырылған. Бұл бағытта бала қорқыныштарының «психологиялық пайда» мәселесі, қорқыныштың психика үшін табиғилығы және бала қорқыныштарының қалыпты мен патологиялық жағдайлары қарастырылған.
Советтік психология барысында бала қорқыныштары невроз және тұлғаның невротикалық даму концепцияларының негізінде жүзеге асырылды.
Мәселен, Н. С. Жуковская қорқыныш неврозы жайында қорқыныш синдромы басым болатын реактивті қалыптар тобы ретінде жазады. В. А. Гурьева ауыр аффективті-шоктік реакция негізінде дамыған және жарақаттық жағдайлардың әсерінен жәй-жәйдан пайда болған қорқыныш неврозын бөліп көрсетеді. Біріншісі дүрбелең қорқынышпен сипатталса, екіншісі сандырақ сипатта болатын қорқыныштармен байланысты. Т. П. Симсон бала қорқыныштарының пайда болуының басты факторы ретінде кенеттен пайда болуы деп бөліп көрсетеді. Оның айтуынша кенеттен пайда болатын кез-келген құбылыс қорқыныштың себебі бола алады [9].
Жоғары айтылған және басқа да авторлар балалар қорқынышы жайында айта отырып, бірінші ретте «невроз қорқынышының» клиникалық бейнесін, оның классификациясын сипаттайды, ал жастық ерекшеліктеріне аса үлкен мән бермейді.
В. И. Гарбузов, балаларда невроз концепциясын дамытқан [8, 124 б.]. Балалар қорқыныштарының ерекшеліктерін талдай отырып, кез-келген қорқыныштың негізінде саналы немесе бейсаналы түрде өлім қорқынышы жатыр деп есептеген. Мектепке дейінгі кезеңнен кіші мектеп жасына өту жайында айта отырып, балалар бұл кезеңде қоршаған әлемнің күрделілігін және өзінің беспомощностьті екенін түсіне бастайды, сонымен бірге, осы жастан бастап өлім жайында ойлай бастайды. «Мен өлемін бе?» «Ал сен мама өөлесін бе?» деген сұрақтар өоя бастайды. Өлім қорқынышы барлық адамдар үшін тән. Бала Жалмауыз кемпірден, қасқырлардан, бөтен адамдардан, көптеген объектілерінен қорқу мүмкін, бірақ осы қорқыныштарының негізінде бір ғана қорқыныш болады ол – өлім қорқынышы.
А. И. Захаров [29] балалық шақтағы қорқынышын тұлғаның невротикалық дамуының қозғаушы күші ретінде қарастырған. Мектепке дейінгі жасқа инстинктивті қорқыныштар тән, осы қорқыныштар «қараңғы-жалғыздық-жабық кеңістік» триада түрінде болады.
5-7 жаста балалар өлімді өмірдің тоқталуы ретінде түсінеді. Ол көбінесе 5-6 жастағы барлық балаларда байқалады. Мұндай жағдайда егерде семьяда өмірге қуанышты эмоционалді атмосфера болса бала бұл жағдайды өзі шеше алады. Егер де бала бұрыннан тынымсыз болса, онда бұл алаңдаушылық өлім қаупін тез күшейтіп жіберуі, осыдан бұл қыздағы сияқты невротикалық қорқыныщ пайда болады. (лифтіден қорқу, оттан, аурудан, машинадан қорқу). Мұның бәрі бір нәрсеге - қорқынышпен; бір жағдай болатын сияқты сезімінен білінеді.
Бұған қоса анасынан қорқу, балаға үлкен әсер етеді. А. И. Захаровтың суреттеуі бойынша кіші мектеп жасында байқалады, бала қандай да бір іс - әрекет жасауға тырысады, ол өзіне қорғаныш элементі саналады. Бұл қорғаныш механизмі, тиктер, біркелкі қозғалыстар, немесе респираторлы көріністер (В. И. Горбузов пікірі бойынша). А. И. Захаров балалар неврозының себептерін, семья қатынасынан іздейді, яғни бұндай жағдайда мәселе жабулы шеңберге ұқсас: Ата - аналар өздерінің балалық шағынан қорқыныш мәселесін ала жүріп, оны өсіп келе жатқан баласының иығына артады. Осылай ұзақ жалғастыруға болады, бүл тізбекті ешкім үзіп немесе ойланбайынша ол жалғаса береді. Саналы ата - аналық міндетті орындау - сау балаларды өсіруге және өз жанұясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді [34].
7-11 жастағы балалар үшін эгоцентризмнің азаюы, тұлғаның әлеуметтік ортаға бағытталуы анық байқала бастайды. Сәйкесінше кіші оқушы жасында инстинктивті және әлеуметтік негізделген қорқыныштар аяқталады. Инстинктивті, яғни эмоционалды формадағы қорқыныштар аффективті түрде қабылданатын өмір қаупі, ал әлеуметтік қорқыныштар оның интеллектуалдық өңдеуден өткен түрі, яғни рационализацияланған қорқыныштар. Осы екі тенденция объект қорқыныштарында қосылып, қорқыныштың мифологиялық бейнелерін тудырады. Кіші оқушы жасында шанайы, бірақ объективті түрде «қорқынышты» емес қорқыныштардың (жалғыздық, қараңғылық және т.б.) азаюы әлеуметтік қорқыныштардың (мектеп, бағалар және т.б.) көбеюіне әкеледі. Сонымен бірге, кіші оқушы жасында фантастикалық қорқыныштардың пайда болуы байқалады (магиялық тіршілік иелері, айдахарлар, қараңғы күштері, роботтар және басқада фигуралар мен бейнелер) [5, 115 б.].
Қорыта келе көптеген авторлардың қорқыныш мәселесіне байланысты пікірлерін кесте түрінде сипаттайық.
1 кесте
7-10 жасындағы қорқыныш психологиясы түсінігіне түрлі көзқарастар
Алғашқы ішкі қорқыныш ретінде Жоғары-Мен қорқынышы
3.
Г. С. Салливан
Самость жүйесі бақылау мүмкіндігін тудырады
Тыйм салуға және одан кейінгі салдарға байланысты қорқыныштың жүріс-тұрыс әрекеттерін реттеуі
4.
В. И.Гарбузов
Өлімді саналы түрде сезіну
Өлім қорқынышы
5.
А. И. Захаров
Өлімді саналы түрде ұғыну, белсенді әлеуметтені, «сиқырлы» ойлау
Өлім қорқынышы, «сондай болмау» қорқынышы, страх мифологиялық тіршілік иелерінен қорқу
Сонымен түрлі авторлардың қорқыныш мәселесіне көзқарастарын талдай отырып, келесіні айтуға болады.
Психологиялық зерттеулерде балалардың қорқыныш мәселесіне көзқарастар кеңдігі байқалуда. Мәселен, психоаналитикалық бағыттағы қорқыныш мәселесіне ішкі психологиялық инстанциялардың дамуына көңіл бөлінеді. Міне осы жаста балада Жоғары-Мен құрылымы қалыптаса бастайды және балалардағы қорқыныш сезімі осы феноменмен байланысты болады.
Келесі көзқарасты әлеуметтік деп айтуға болады. Бұл бағыттағы отандық және шетел психологтары баланың әлеуметтік жағдайының өзгерісіне және қоршаған ортамен қатынасына көңіл бөледі. Олардың айтуларынша балалар қорқынышының мазмұны әлеуметтік өзара қатынастардың тұлға аралық белгілердің сипатымен байланысты болады.
Бала ерекшеліктерінің дамуына байланысты екі көзқарасты бөліп көрсетуге болады. Бұл жағдайда 5-8жастағы балаларда эксперементалды зерттеу жолымен анықталған өлім қорқынышын бөліп көрсетуге болады. Оның пайда болу себебі баланың әлем бейнесінің дамуында көрінеді, яғни бала өлімді өмір аяғы деп түсіне бастайды.
Балалардағы қорқыныштардың болуының сананың символдық құрылымдарымен, ойлау мифологиясымен – түрлі мифологиялық кейіпкерлерінің болуымен – байланыстырады. Осы бағыттағы көзқарас орын алмастыратын қорқыныштарға назар аудартқызады, бұндай қорқыныштар басқа қорқыныштардың пайда болуына әсер ете отырып, қоғамның мәдени-тарихи дамуымен байланысты.
Балалар қорқыныш мәселесі қазіргі таңда өте өзекті, бірақ бала бақша, мектеп тәжрибесінде бұл мәселеге аз көңіл бөлінеді. Сондықтан да, бұл мәселе тереңрек қарастыруды қажет етеді.