Литература:
Дебор Г. Общество спектакля. – М.: «Логос», 2000.
Иванов Д. В. Виртуализация общества. – СПб.: Петербургское востоковедение, 2000.
Конишевский Д.В. Манипулятивное воздействие на социокультурные процессы как средство тотальной деконструкции // Омский научный вестник. 2010. №6 (92)
Макаровский Д. А. Управление и манипуляция: границы тождества и различия //Теоретический журнал Сredo New. 2008. №3. URL: http://credonew.ru/content/view/701/33
Мертон Р. Социальная теория и социальная структура. – М.: ACT, 2006.
Фуко М. Надзирать и наказывать. Рождение тюрьмы. – М.: Ад Маргинем, 1999.
Шиллер Г. Манипуляторы сознанием – М.: Мысль, 1980.
Lаnier J. Yоu аrу nоt а gаdget. A mаnifesto. – New York: Аlfred A. Knоpf, a divisiоn of Randоm Hоuse, Inc. 2010.
Сисенгалиев К.М.
ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ӨМІРЛІК КҮЙЗЕЛІСТЕР
Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек [1;30].
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.
Әрбір адам күйзеліс күймен таныс, өйткені, уақыт сайын біз оны басымыздан өткіземіз. Жұмыстағы проблемалар, қызметтік міндеттермен шамадан тыс жүктілік, жақын адамның сырқаттануы, күрделі келіссөздер және басқа да өмірдегі оқиғалар, оның себебі бола алады. Күйзелісті басынан өткізген адам сырттай ашушаң, нашар күйде болып, жиі ауырады. Бұл жайлы «барлық аурулар күйзелістен» деген мәтел бар. Бұл шынында да солай ма және келеңсіз жағдаймен қалай күресу керек?
Біріншіден, «күйзеліс» деген не екенін, талқылайық. Канадалық физиолог - Ганс Сельенің анықтауына сәйкес, күйзеліс – бұл организмнің тез қартаюына, немесе ауруларды туғызатынның барлығы. Күйзеліс-кез–келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония, сексуалдық бұзылу және басқа да аурулардың себебі, күйзеліс болуы мүмкін. Күйзелісті басынан өткізген адамда, нәтижесінде асқазан-ішек аурулары пайда болуы мүмкін: шаншу, гастрит, жара, ішектің тітіркену синдромы және т.б.
Әйел адамда гормоналдық дисбаланс, етеккір циклінің және ұрықтану қабілеттігінің бұзылуы мүмкін. Одан басқа, күйзеліс кезінде иммунитет әлсіреп, соның салдарынан адам суық тию және инфекциялық ауруларға шалдығады. Психологтардың айтуы бойынша, барлық аурулардың 70% эмоционалдық күйзеліспен байланысты. Адаммен негативті қабылданатын күйзеліс организмге жағымсыз әсер етеді. Жағымды оқиға кезіндегі пайда болған күйзеліс: жаңа жұмысқа орналасу, ақша ұту, баланың тууы және басқа да оқиғалар адамның организіміне жағымды әсер етуі мүмкін. Мысалы, адамды тіршілік энергиясымен толтырып, күштің тасуын шақыру. Жалпы, мұндай күйзеліс - адамның алдында жаңа мүмкіндіктер ашатын, ресурстық күй болып табылады.
Күйзеліске, әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ, бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес, күйзеліске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар.
Сондықтан, жұмысқа алар алдында жұмыс берушілер күйзеліске тұрақтылық тестін өткізеді. Бірақ, олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ, мұндай критерийлерге сәйкес болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге, оның тоқтап және демалуға уақыты жоқ. Күйзеліс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға үзіліске уақыт келгенін байқатады.
Қуаныштың және жан мазасының қайтуы, ақырғы уақытта мамандар физикалық және психикалық денсаулықтан басқа, «эмоционалдық денсаулық» бар екенін жиі айтуда. Яғни, адамды тек ештеңесі ауырмаған және ешқандай бұзушылық жоқ кезінде ғана емес, сонымен қатар, ол көңіл күйі жақсы, қуаныш сезімін сезінетін және өмір рақатын алатын адамды сау деп санауға болады. Күйзеліс, біріншіден, адамның эмоционалдық, содан соң физикалық денсаулығына әсер етеді. Шайқасты жеңу үшін психологтармен келесі ұсыныстар жасалған. Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Осылайша адамзат жаңа заман өміріне, ғылыми техниканың информациялық жасанды табиғатқа бейімделу үстінде. Ал, адам өмірге бейімді болғысы келсе, ол өзінің дене құрылымын, сана-сезімін, ақыл ойын соған жаттықтыра, шынықтыра түсуі қажет [2; 112]. Бұлардың бәрі адамның сезім дүниесімен, санасымен, ақыл-ойымен атқарылады. Осы аты аталған адам адам психикасының, яғни адам жанының әр түрлі қасиеттері, ауыртпашылықтар мен қиыншылықтар үстінде сан қилы қозғалыстарға түседі. Оны жан дүниесіндегі қозғалыстыңсыр-сипаты мен мәнін, олардың әр адамның жеке басына түсетін ауыртпашылықтарды жеңу үстіндегі күрес кезіндегі жағдайларын және осы күрес үстінде ауыртпашылықтарды пәрменді жеңу үшін жан дүниесін қалай шынықтырудың тәсілдерін баяндау осы жұмыстың негізгі мазмұны болмақшы.
Күйзеліс және жарақаттанғаннан кейінгі күйзеліс арасын теориялық қосуға қарамастан, бұл екі түсініктің ортақтығы аз. 1936 ж. Ганс Селье стресс концепциясын ұсынды, оның ойынша стресс ағзаның өзін-өзі сақтайтын және стрессорға реакция үшін ресурстарды мобилизациялайтын гомеостатикалық модель болып табылады. Ағзаға әсер ететін барлық агенттерді екіге бөлді, олспецификалық (тұмау вирусы тұмауды тудырады) және жалпы адаптациялық синдром түрінде көрінетін спецификалық емес стереотиптік эффектілер. Бұл синдром өзінің дамуында үш сатыдан өтеді: 1) мазасыздану реакциясы; 2) ресистанция сатысы және 3) қажу сатысы. Селье ағзаның гомеостатикалық механизмдерінің адаптациялық құрылуы негізінде мобилизацияланатынадаптациялық энергия түсінігін енгізді. Қажу Селье бойынша ол қайтарылмайтын және ағзаның қартаюына, жойылуына алып келеді. Жалпы адаптациялық синдромның психикалық көрінуіне эмоционалды стресс деген атау берілген – яғни стрессті бастан өткізетін аффективті бастан кешу және адам ағзасын қолайсыз өзгерістерге алып келеді. Экстремалды және бұзушы факторлардың әсерінен стресстік реакциялық эмоционалды аппарат бірінші қосылады, ал бұл кез келген мақсатқабағытталған мінез-құлықтық актімен байланысты. Осынын салдарынан мінез-құлықтық реакцияны реттейтін вегетативті функционалды жүйелер және олардың спецификалық эндокриндік қамтамасыз етілу белсендендіріледі. Стресстік ситуацияны жеңе алмаған жағдайда шиеленістік күй пайда болады да ағзаның алғашқы гормоналдық өзгерісне алып келеді, бұл ағзадағы гомеосазды бұзады. Кейбір жағдайларда қиындықты жеңуге ағзаның мобилизациялануының орнына, стресс қауіпті бұзылыстардың себебі болуы мүмкін. Бірнеше рет қайталануынан немесе өмірлік қиындықтармен ьайланысты аффективті реакциялардың жалғасуынан эмоционалды қозу тұрып қалған станционарлы форманы қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда ситуация қалыпқа келсе де тұрып қалған эмоционалды қозу әлсіремейді. Ол вегеративті жүйке жүйсін белсендендіріп, сол арқылы ішкі органдарды және жүйенің жұмысының бұзылуына алып келеді. Егер ағзада әлсіз буындар болса, олар аурудың қалыптасуының негізі бола алады. Эмоционалды стресстен пайда болған мидың нейрофизиологиялық реттелуінің түрлы құрылымындағы алғашқы бұзылыстар, жүрек тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жұмысының қалыпты жұмыс істеуін өзгертеді, қан жұйесінің өзгеруіне, иммундық жүйенің бұзылуына әкеледі. Эмоционалды стресстер өзінің пайдаболуына әлеуметтік болып табылады, және оған деген қарсы тұра алу адамдар да әр түрлі болып келеді. Қазіргі көз қарастар бойынша, стрессордың нәтижесінен физикалық бұзылыспен бірге психикалық сферада бұзыысқа ұшыраса стресс травмалық болып табылады. Мұндай жағдайда концепциялар бойынша, өзіндік (самость) құрылымы, әлемнің когнитивтік модельі, аффективті сфера, неврологиялық механизмдер, ес жүйесі, үйренудің эмоционалды жолы бұзылады. Мұндай жағдайларда травмалық оқиғаға жататындар – күшті негативті салдарға ие экстремалды дағдарыстық ситуациялар, өзіне және жақындарына өмірлік қауіп төндіретін жағдайлар болып табылады.
Әр адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарды кездестіруі мүмкін. Олармен күресіп, соларды жеңумен өмір жолын кешеді. Өмір деген, қиыншылықтармен күрес, деп Маркс тегін айтпаған ғой. Өмірдің сыры мен сипаты осы күрес жолында анық мақсатына жету үстінде қиыншылықтармен күресе отырып, шыңдалады, жетіледі, рухани қанағаттанады. «Күрес деген өмір шарты: күрес тоқтаса, ол өмірдің өшкені», деген В. Г. Белинский: Алайда өмірде кездесетін қиыншылықтардың түрі де мол. Енді осы өмірде кездесетін қиыншылықтардың қайсыбірін жеке-жеке қарастырайық. Солардың бірі адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне байланысы жоқ тысқары дүниенің себебінен пайда болатын сәтсіздіктер, апаттар, бақытсыз жағдайлар. Одан адамның басына ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының басына ойламаған жағдайда кенеттен тап болады. Мұндай жағдайдың салдарынан оған тап болған адам әр түрлі күйге түседі. Өзінің жеке басының ерекшелігіне байланысты әр адамның жан дүниесінде әрқилы психологиялық сипат туады. Біреулер кенеттен туған бақытсыз жағдайда тілден айырылғандай мелшиетін болса, екінші біреулер дауыс көтерін жылайды. Үшіншісінің көз жасы көл болып еңіресе, төртіншісі ұстамдылық етіп, өзін-өзі ұстай біледі, бойын билеген дегбірсіздіктен тез құтылады. Әрине, кенеттен болсын, біртіндеп болсын адам басына тап болған ауыртпашылық оның жан дүниесіне дақ салмай әр адам әр түрлі жолмен арылады. Адам жанына түсетін мұндай жарақаттар психикалық жарақаттар, деп аталады. Психикалық жарақаттың ерекше бір қасиеті оның сырттан онша білінбей жан-дүниесінің терең түбінде жатуында.
Адамның көңіл-күйіне түсетін ауыртпашылықтардың түріне кісі- аралық қым-қыйғаш қарым-қатынастарда жатады. Күнделікті өмірде адамдар өзара қарым-қатынастарда іс-әрекет жасайды, еңбектенеді, көңіл көтереді, т.б.сол сияқты тіршілік өмір жүріп жатпақшы [3;18].
Жоғарыда айтылған жанға түсетін ауыртпашылықтар әр адамның жанына әр түрлі әсер жасап қана қоймай, оған әр түрлі із де қалдыратынында. Қиыншылыққа ұшыраған біреулер оны қайсарлықпен жеңуге тырысса, екінші біреулер сағы сынып, сарыуайымға беріледі. Қайсы біреулер қиындықты елең етпей есінен шығаруға тырысады. Енді біреулер не болса соған күйіп-піседі. Біреулер ауыртпашылықтарды тез ұмытса, қайсыбіреулердің көңілінде ол жоғалмайтындай із қалдырады.
Мұның бәрі әр адамның жеке мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты. Дегенмен де, ауыртпашылықтар қай адамның болса да көңіл-күйіне салмақ түсірмей, із салмай қоймайды, тек оның әсері әркімге әр түрлі.
Мысалы, адамаралық қайшылықтарға біреу жауап беріп, ашу шақыра айқаса түссе, екінші біреу сыр білдірмей ашуын ішінен тындырады.
Жанға да, тәнге де түсетін ауыртпашылықтардың бәрін бірдей (түрлі ауру-сырқаулар, көңілге түсетін салмақтар) жер жүзіне әйгілі Канада ғалымы Ганс Селье стресс деп атаған. Жанға түсетін ауыртпашылықтар, яғни психикалық стресстер тек қана невроздар емес, одан басқа да ұзақ дамитын псхосоматикалық аурулардың тууына жол ашады [4; 34]. Адам өз өмірінде әр түрлі ауыртпашылықтармен, яғни стресстермен кездеспей қоймайды. Жүре келк оған төзеді, көнеді. Олармен күрес үстінде адам шыңдалады, жетіледі, сөйте тұра ауыртпашылықтар адамның көңіл-күйіне қаяу салмай қоймайды. Бірақ адамның ардагерлік қасиеті оның ауыртпашылықтар мен қайшылықтарға мойын ұсынбай, оған қарсы тұрып қайрат көрсетуінде. Әр адам мұндай ардагерлікке өз білгенінше жол табады. Жас кезінде оны үлкендер үйретіп, тәрбиелесе, есейе келе ол өз тәжірибесін дамытады. Сөйтсе де, көп жағдайларда адам ауыртпашылықтарға қарсы тұрудан қашып, қысқа мерзім болса да өз қалпынан тайқып, өз билігінен айрылғандай жағдайға түседі. Бұл, әрине, невроздық жағдайдың белгісі.
Жан күйзелісі түрлі қарым-қатынас жағдайында пайда болып отыратын барлығымызға мәлім. Күйзеліс - (латын тілінен conflictus - күйзеліс ) қарама - қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының, бағыттарының қарама-қайшылықтары.
Күйзеліс жағдайы - ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі.
Достарыңызбен бөлісу: |