Орталық азия инновациялық


Лекцияға қажетті схемалар, суреттер, плакаттар, формулалар



бет16/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Лекцияға қажетті схемалар, суреттер, плакаттар, формулалар салыстырмалы зерттеулердін сызба –схемасы, презентация (слайд-шоу), әдістемелік нұсқаулар және журналдар.


Бақылау сұрақтары:


1.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы қайдан келді? 2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі неде?
3.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қандай кезеңдерден тұрады? 4.Әр кезеңнің стратегияларын атаңыз?

Лекция 7. Қашықтытан оқыту барлық классикалық білім беру нұсқаларында технологиялар көмегімен оқыту түрі

Жоспары:


    1. Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері.

    2. Деңгейлеп оқытуға қойылатын талаптар.

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой – тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын


қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізг і құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы.
Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін мең-гертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңа-дан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұй- ымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті ол оны қызықтырмаса да) ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай өздігінен іздене ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, өмірде іске асыра ма, міне негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: I деңгей (төмен) – эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; II деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; III - деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл – ойы дамиды, ойлауына жан – жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге және жүйелеугеберілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік,грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргі- зіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытынды- сында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігіартып шығармашылыққа ұмты-лады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлесуі, хабарды түсінуі, қабылда- уы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері індетті деңгейден әлдеқай-да жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлесу болып табылады.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен ло-гикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануы-мен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындай-ды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойын-ша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен ор- ындайды.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты бала- ларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушы- ның өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұ- мыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақ- параттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы бас-ты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқу- шыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет