Орталық азия инновациялық



бет18/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

Бақылау сұрақтары:


  1. Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесінің негізгі идеясы?

  2. Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері?

  3. Деңгейлеп оқытуға қойылатын шектеулер?

  4. Деңгейдегі тапсырмалар қалай құрастырылады?

  5. Қазіргі заманға лайық тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігі.

  6. Жаңа технологияға негізделіп жасалған кіріктірілген сабақ жоспары.

  7. Этнопедагогика элементтерін сыныптан тыс шараларда қолдану.



Лекция 8. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пәнінің жоғарғы оқу орнында басқа пәндермен байланысы


Жоспары:

    1. Интерактивті әдістердің маңызы

    2. Интерактивті әдістердің түрлері

Оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді интерактивті тәсілдер деп атайды. Осы тәсілдерді қолдану жеңіл болып көрінуі мүмкін. Шын мәінде мұның оңай емес екендігін мұалімдердің тәжірибесінен көруге болады.


Интерактивті әдістемені таңдау кездейсоқтық емес. Мұнда қазіргі демократиялық қоғамға қажетті белсенді араласу дағдыларының үлгілері мен дамуы талап етіледі. Әрі қарай «Интерактивті оқыту» түсінігін ашу, оқытудың осы түрін қай кезде және қашан пайдалану керектігін, сонымен қатар, аталмыш әдістемені сабақа үздіксіз қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Берілген әдіс кез келген пәнде, кез келген деңгейде пайдалануға келетіндігін айтып кеткен жөн.
Сабақ кезінде окушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасында қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың және білім берудің интерактивті әдісі деп атаймыз. Мұндай арақатынас әдетте қандайда бір проблемаларды шешу жолдары мен ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды екендігін талқыға салу арқылы жүреді.
Бұл жерде проблеманы шешу үрдісінің маңыздылығы оны шешкеннен артықтау. Себебі, интерактивті әдістің мақсаты жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті әдістеме кең ауқымды мақсаттар мен арақатынас түрлерін қамтиды. Алайда қандай әдістеме қолдансаңыз да, негізгі білімнің көзі оқушылардың өмірлік тәжірибесінде. Білім беру үрдісіне оқушылар мынадай адамдармен өзара қатынаста болады:

  1. мұғаліммен (оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);

  2. шақырылған адамдармен (ата-аналар, басқа ұйым өкілдері немесе сыныптың өзі қандай да бір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);

  3. басқа оқушылармен (жұппен жұмыс істеу);

  4. шағын топпен (3-5 оқушы);

  5. үлкен топпен (көбінесе әр түрлі рөлдік ойындар пікірсайыстар, сыныптағы пікірталас т.б.);

  6. оқушылар тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сұраулар алады);

  7. кейбір техника түрлерімен (мысалы, компьютермен).

Топтың сандық құрамы өзара қатынастың немесе оқудың сапасын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің негізгі ерекшелігі - АШЫЛУ (өзін-өзі ашу) ҮРДІСІМЕН байланысты, оның негізгі мәні оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет