кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру.Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу.
кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмысын жүргізу.
кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау.Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.
кезең.Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңестер береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыс- тарын орындайды.
кезең.Нәтижелерді шығару, нәтижежерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.
VІ-кезең.Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация).Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады.эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.
VІІ-кезең.Орындалған жұмысты талдау,бағалау (рефлексия).Мұғалім балалардың іс-әрекетін педогогикалық тұрғыда бағалайды,балалардың ынтасын ескереді. Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық болып табылады.Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады.
Лекция 15
Тақырыбы Дамыта оқыту ұғымдарын оқыту тхнологиясы,
Жоспары: Дамыта оқытудың тарихы Дамыта оқытудың мақсаттары мен міндеттері
«Еліміздіңертеңібүгінгіжасұрпақтың қолында,алжасұрпақтыңтағдырыұстаздардыңқолында» Н.Ә.НазарбаевҚазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идеяұлтт ық қағид аға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты
«интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылыжүзеге асырылады. Бүгінгі
мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім
оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды
оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:
Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.
Биологиялық электрондық оқулықтарда бар дәстүрлі суреттер, бейне және анимациялық фрагменттермен қатар ақпараттық модульде интерактивті объектілер бар (динамикалық схемалар, электронды муляждар т.б.). олар биологиялық процесстің дамуын схема түрде көрсетіп, жекелеген фрагменттердің бейнесін ұлғайтып, объектінің ішіне «үңілуге», «жұмыс істемей тұрған» детальдарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Материалдарды ұсынудың мұндай формасы негізінен биологиялық ұғымдарды жүйелеуге, сондай-ақ зерттеу объектісінің белгілері мен қасиеттерін жүйелеуге арналған. Суреттер мен әртүрлі схемалық бейнелерді үйлестіретін бейнелік блоктар әсіресе тиімді болып саналады.
Біздің елімізде алғашқы биология саласы бойынша электрондық оқулықтарды Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы шығарды: 1) 7 сыныпқа арналған электрондық оқулықтарда органикалық әлемні бейнелейтін бес патшалық- вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар атты бес модульден тұрады.Электрондық оқулықта тақырыптары суретті және дыбысталу түрінде түсіндіріледі, үй жұмыстары кезінде оқушылар керегіне қарай бірнеше рет қайталай алады. Сонымен қатар, электрондық оқулықта зертханалық және тәжірибелік жұмыстар бағдарламаланған, оқушылардың жұмысты өз бетінше орындау теориялық білімдерін тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын тудырады. Маңыздысы сол, электрондық оқулықтар оқушы білімінің нақты көрсеткіші болып табылады.Оқушылар нәтижесін бірден көре алатын интерактивті тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бар. 7 сыныптың авторлары: пән саласындағы маман: Нұрғалиев Н.У.-әл-Фараби атындағы Қаз.Ұ.У. биология факультетінің магистранты. Педагогикалық жобалау: Нұрғалиева Г.Қ.- педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Биология пәнінен 8 сыныпқа арналған электрондық оқулық ақпараттық-оқыту ортасының модульдік технология жобасы бойынша жасалған. Модульде оқу бағдарламасына сәйкес құрылымдық және ойлау жүйесі анатомиялық, физиологиялық, тазалық білімділігі келесі бөлімдерде берілген: «Адам ағзасының құрылымы мен қызметіне шолу», «Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметіне шолу»,»Тірек-қимыл аппаратының құрылымы мен қызметіне шолу», «Ағзаның ішкі ортасы», «Тыныс алу жүйесі», «Ас қорыту жүйесі»,
«Бөлініп шығатын ағзалар», «Эндокриндік аппарат».
Бақылаушы модуль өзіне оқушылардың меңгерген білімі мен қабілеттерін бағалаудың әртүрлі формаларын қосады. Осы мақсаттар үшін крассвордтар, әртүрлі күрделіліктегі тапсырмалар іріктеу, виртуалды дидактикалық карточкалар, виктариналар қызмет атқарады.
Сабақ биологияны үйретудің негізгі формасы ретінде электронды оқулық модульдерді пайдалану үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Дегенмен, мұғалімдерге аталған үш модульмен ақпараттық, бақылаушылық, практикалық модульдерімен бір мезгілде жұмыс жасау дұрыс еместігін
ескерте кеткен жөн. Тиімді нұсқасы – оқушылардың модульдермен сабақта ғана емес, үйде де өзін - өзі дайындау және өткен материалды қайталау ретінде жұмыс жасауы.
Ақпараттық және практикалық модульді сабақта жаңа материалды оқытуда да, және оны нығайтуда да қолдануға болады. Ал бақылау модульін жаңа материалды қайталау және нығайту кезінде және жалпылама сабақтарда білім мен қабілетті бақылау кезінде пайдаланған дұрыс .
Электронды оқулық модульдерімен жұмыс жасау жылдам темппен нәтижелі жұмыс жасай алатын оқушылардың арқасында жалпы биологияны оқыту процесін айтарлықтай дәрежеде дербестендіруге ықпал етеді. Электронды модульдердің көмегімен олар модульдердің «Факультатив»,
«Қызықты», «Деректер» атты тарауларын жемісті үйреніп, бақылау модільін меңгере алады. Осы кезде басқа оқушылар өздеріне ыңғайлы темпте ақпараттық модульдің негізгі блогымен танысады.
Білім беру процессінде ақпараттық технологияларды қолдану мұғалімнің үйретуші және бақылаушы қызметін өзгертуге алып келеді. Оқушылардың мультимедия оқулықпен өзара қарым – қатынасы процессін жалпы басаруды жүзеге асыра отырып, мұғалім қиындық туындаған жағдайларда оқушыларға ізденіс бағытын көрсетіп, абстракцияның жоғары деңгейіндегі ұғымдарды меңгеруіне көмектесіп, оқу мәселесін шешудің алгоритміне рефлексифті талдау жасау мүмкіндігін ұсыну керек.
«Экология» тарауын арналған модульдерді оқу жаратылыстық – ғылыми және гуманитарлық ұғымдарды тиімді ынтымақтастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы, оқушылардың табиғи ортаның ластануы, химиялық ластану, табиғи ортаны физикалық ластаудың түрлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, көбеюдің демографиялық көрсеткіштері, абиотикалық орта әлеуметтік орта сияқты ұғымдармен және де табиғаттық, этикалық, эстетикалық мағынасы туралы ұғымдармен танысуы осыған ықпал етеді.
Электронды оқулық модульдерін педагогикалық технологияның
«Жобалық оқыту» және «әріптестікте оқыту сияқты» элементтерімен пайдалану арқылы жалпы биология сабақтарын түрлендіруге болады. Әрекеттің мұндай түрі оқушылардың білімді өзіндік меңгеру қызығушылығының туындауына ықпал етіп, қарым – қатынасқа, мәселені ұжымдық шешу әріптестігіне көмектеседі.
Экологиялық бағыттағы электронды оқулық модульдері жалпы биология бойынша сыныптан тыс жұмыстрада да қолданылады. Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттық модульдер. Сондай-ақ Қызыл кітап, биотүр сияқты биосфераны сақтауда қолданылатын ұғымдар туралы модульдер үйірме сабақтарын немесе мектеп конференцияларын өткізуге толық негіз бола алады.
Бақылау және практикалық модульдер станция бойынша ойныдарды, интеллектуалды эстафеталарды, «Тірі табиғат білгірлері болуын» жылдам ұйымдастыруға, өткізуге мүмкіндік береді. Оқулық модульдерінің барлық түрлері элективті курстарды әдістемелік қолдау қызметін атқара алады.
нішке орай, ортақ білім беру ортасы жоқ болған жағдайында ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген бірқатар мәселелер болады. Осы мәселеге даярланатын оқулықтарға да қатысты. Оқу ақпаратының артық болуы да дербес жұмыс жасау қабілеті жоқ пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Оның үстіне қатаң бағдарламалар да балалардығ ой қызметінің артығымен алгоритмделуіне, шығармашылық әрекетімен белсенділігінің төмендеуіне алып келеді. Компьютерлік технологияның құралдары биологиялық объектілердің өзара айналуын, объектілердің бөлінуін, өлуін көрсетуге мүмкіндік береді. Соңғысы білім беру процессін ізгілендіруге қайшы келеді. Ойын балаларды виртуалды кеңістікке алып барады. Ол жерде мораль заңдары ұсталмайды, уақыттың сызықтылығы жоқ. Оқушылардың сөз мәдениетін дамыту мүмкінді шектеулі және жазбаша тілдің қабілеті белсенді дамымайды